Сарапшыдардың басым бөлігінің пікірлері бойыпша. республиканың табиғи əлеуетİ мен туристік инфрақұрылымының даму деңгейі қазіргі таңда Қазақстан Республикасының дамуы үшін туризмнің болашағы бар түрі ретінде экологиялық туризмді анықтады. Жұмыс мақсаты — турөнімді құрастыруға қажетті экотуристердің жалпы тұтынушылық қалауын туристік саласы дамыған Еуропа мен Америка елдерін мысал ретінде алып, анықтау. Жұмыс теориялық-эмпирикалық зерттеу болып табылады. Мақалада «экологиялық туризм» түсінігі нақтыланған, оның ерекшеліктері зерттелген. Авторлар экотуризмнің пайда болу тарихына шолу жасаған. Экологиялық туризмге деген сұраныстың артуы себептеріне түсініктеме берген. Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуының өзектілігін негіздеп, маңыздылығын анықтаған. Қазақстандағы экологиялық туризм дамуын ынталандыратын іс- шаралар мысалға келтірілгеш. Жұмыстың пэтижесі ретінде ортүрлі елдердің экотуристер қалауларына салыстырмалы талдау жасап, туристік қызметтерге деген сұраныстың жалпы сипаттамасын анықтаған. Мақалада тұтынушылардың экологиялық туризмге деген сұранысын талдау бойынша шетелдік тəжíрибе қарастырылған. Халықаралық туризм тарихынан алыпғаіі экологиялық туризм дамуына кедергі келтіретін мəселелер белгіленген. Авторлар елдегі экотуризмнің дамуын белсендіру бойышпа іс-шараларды белгілешгеш. Зерттеу нəтижелерíн қолдану саласы болыɪɪ туристік индустрия субъектерінің қызметі табылады.
Туристік қызметтен табыс көзін барлық мүдделі тараптар үшін — мемлекетке, кəсíпкерлерге, жұмысшыларға, тұрақты жəне қуатты түрде өсіруге жəрдемдесе отырып, Қазақстанның туристік саласының дамуы, экономиканы диверсификациялау, республика халқының өмір сүру сапасын жақсартумен жəне əл ауқатын көтерумен байланысты.
Қазақстанда туристік қызметті дамытудың бірден бір перспективалық бағыты экотуризм болып келе жатыр, туризмнің бұл түрі соңғы он жыл ішінде танымалдылыққа ие болып, кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының бір құралы болып табылады. Қазіргі таңда оның жедел дамуын қамтамасыз еткен экологиялық туризмнің негізгі артықшылықтары - экотуризм саласына тартылған аймақтардың тұрақты дамуы, экотуристік бағдарламалар мен технологиялардың табиғатты қорғау сипаты, халықтың экологиялық дүниетанымын қалыптастырудың нарықтық механизмдерін қолдану.
Әлемдік туризм мониторингінің халықаралық консалтингтік тобы (International Tourism Consulting Group, World Travel Monitor Company, IPK Group), Қазақстанға келудің негізгі себебі ретінде табиғи ландшафттардың əртÝрлíлíгí (кең далалардан қар басқан таулы шыңдарға дейін) жəне байырғы халқы екенін анықтады.
Қазақстанда туристер үшін келесілер тартымды болып табылады:
- ерікті/жабайы табиғат;
- тұщы жəне ащы көлдері бар кең дала;
- шексіз жазық пен ландшафттар;
- көшпенділер мəдениетí;
- таулар;
- табиғат тазалығы [1, 2].
Экотуризм əлеуметтíк құбылыс ретінде туризмді дұрыс ұйымдастыру арқылы адамның тіршілік əрекетíнщ экологиялық, əлеуметтíк жəне экономикалық аспектілерінің арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру мақсатында пайда болды. Экотуризмнің дамуы жаппай туризмнің баламасы ретінде 80-жылдары басталды. 1980 жылы неміс футурологы Роберт Юнк «жұмсақ туризм» терминін енгізіп, оның қарама-қарсы өндірістік, «қатаң туризм» өзгешелік қасиетін қалыптастырды. Айналымға «экотуризм» терминін бірінші болып мексикалық экономист-эколог Гектор Цебаллос-Ласкурейн 1983 жылы енгізді. Осы жылдардан бастап, экологиялық туризм бағытындағы қозғалыс дүниежүзілік мағынаға ие бола бастады [3].
Содан соң 1990 жылдары экотуризм туралы сұрақтармен ресми жəне нақты түрде айналысатын халықаралық экотуристік қоғам қалыптасты (The International ecotourism society). Бүгінгі күні экотуризм тез дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып табылады. Оның мағынасы мен тәжірибесі негізінде туристік индустрияда экологиялық технологиялар кең тарала бастады.
Мысалы, осындай технологияларды қолданатын қонақ үйлер бірлестіктері пайда болды. Көптеген ірі əмбебап туроператорлар өздерінің тұтынушыларына қосымша экотуристік бағдарламалар ұсына бастады жəне өздерінің қызметтерін экологияландыра бастады. Туристтік журнал Conde Nast Traveler-мен (Conde Nast Publications халықаралық корпорациясымен шығарылатын саяхаттаушыларға арналған американдық журнал) жүргізілген сауалнамада 96 % оқырман қонақ үйлер мен курорттар олардың тұтынушыларының әсеріне ұшырайтын қоршаған ортаны қорғау туралы жауапкершілікті өздеріне алу керек деп жауап берді, ал қонақ үйді таңдауда неге жүгінесіз деген сұраққа 75 % экологиялық саясат деп жауап берді. Экотуризмнің ғаламдық маңыздылығы артуының тағы бір дәлелі болып, экотуризм кедейлікпен күресудің, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты даму қағидалары жүзеге асырудың маңызды элементі ретінде мойындайтын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған резолюциясы (21 желтоқсан 2012 ж.) табылады [1, 4].
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) мамандары экологиялық туризмді негізгі ынталандырушысы табиғатты түсіну мен бақылау, сонымен қатар табиғатқа жəне әлеуметтік-мәдени ортаға аз ғана кері эсер ететін табиғи аумақта бар дәстүрлі мəдениет болып табылатын туризм түрі ретінде қарастырады. Табиғи туризм белгілі бір қызмет түрін өткізуге арналған соның ішінде негізгі мақсаты болып демалыс, экстрим немесе тұтыну (мысалы, жағажайда демалу, желкенді спорты, альпинизм, аңшылық пен балық аулау) болып табылатын табиғи жағдайларды қолданатын кең ауқымды шаралар кешенін қамтиды.
ДТҰ қарамағындағы экотуризм қоғамы экологиялық туризмді экожүйенің тұтастығын бұзбайтын жəне жергілікті тұрғындар үшін тиімді табиғи ресурстарды қорғауды жүзеге асыратын жергілікті мəдениет пен табиғи ортаны терең түсіну мақсатында табиғи аумаққа бағытталу ретінде белгілейді. (Экотуризм қоғамдастығы. — 1994) [5].
Гектор Цебаллос-Ласкурейн бойынша, экотуризм - бұл салыстырмалы түрде бүлінбеген табиғи территориялар бойынша табиғатты жəне мəдени көрікті жерлерді зерттеп көріп, сүйсіну мақсатында қоршаған орта алдында жауапкершілікпен саяхаттау, бұл табиғатты қорғауға көмектеседі, қоршаған ортаға жайлы эсер етеді, жергілікті халықтың белсенді элеуметтік, экономикалық қатысуын жəне сол қызметтен артықшылықтарын иемденуді қамтамасыз етеді [3].
Бұл анықтамалардың негізгі ерекшелігі — экотуристік лектен түсетін пайданы жергілікті халыққа беру. Бұл анықтамалар тобын классикалық деп айтуға болады, себебі олар алғашқылардың бірі болып табылады. Мұндай акцент анықтамалар мен басқа тілдерде де бар, мысалы, неміс жəне орыс. Кейбір атақты анықтамаларды келтірейік.
Экологиялық туризм (нем. «okotourismus») минималды жағымсыз өзгеріс түрінде қоршаған ортаға жəне элеуметтік-мэдени факторларға эсер ету, ерекше қорғалатын табиғи аймақты қаржыландыру жəне жергілікті халықтың табыс көзін қалыптастыру формасына жатады [4].
А.В.Дроздов бойынша, экологиялық туризм бес критерийге сай келу керек:
- табиғи ресурстарды қолдану арқылы табиғатқа бет бұру;
- қоршаған ортаға тиетін эсердің болмауы жəне минималдығы, яғни экологиялық тұрақтылық;
- табиғатпен тең серіктестік қатынас құруға жəне экологиялық білімге бағытталу;
- жергілікті элеуметтік-мэдени қоғамды сақтауда қамқорлық көрсету;
- оның жүзеге асырылатын аумақтардың дамуын қамтамасыз ететін экономикалық тиімділік [6].
Сонымен, экологиялық туризмді, өзіне салыстырмалы түрде қол тимеген табиғи орындарға саяхат жасауды біріктіретін, берілген аймақтың табиғи жəне мəдени этнографиялық ерекшеліктері жайлы пікір алу мақсатында жəне экожүйенің тұтастығын бұзбай, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстар жергілікті тұрғындар үшін тиімді болатындай экономикалық жағдайлар туғызатын туризм түрі ретінде анықтауға болады.
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту қажеттілігі тек қана экономикалық факторлармен ғана емес, жаңа жұмыс орындарын ашумен, алыс аймақтарда жергілікті бірлестіктерді дамытумен, сонымен қатар элеуметтік тапсырыс бойынша, яғни жергілікті халықтың денсаулық сақтау мэселелеріне жəне бос уақытты пайдалануға толық, жүйелі ықпал етуді қамтамасыз етумен байланысты. Үлкен туристік элеует үшін, Қазақстан элемдік туризмдегі жаңа бағыт ретіндеқарастырылады. Оның негізін бірегей табиɪи жаɪдайлар мен Еуразия орталыɪындаɪы ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткіштер, тарихтың әртүрлі кезеңдерінде Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың мəдени жəне этникалық мүрасы қүрайды.
Қазақстан аумағында экотуризм дамуына бағдарланған, туристік мақсатта қолдануды реттеу мүмкін болатын 118 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, соның ішінде 11 мемлекеттік үлттық парктер [7]. Соның нысандары болып табиғи, мəдени ескерткіштер, дәстүрлі мəдениет қоршаған табиғи ортамен біртүтас элементті қүрайтын табиғи антропогендік ландшафтар болатынын ескерсек, экологиялық туризмнің дамуы табиғи аумақтарға тек қана қаржылық қолдау көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оларды сақтап қалуға мүмкіндік беріп, қызығушылық туғызады.
Әдеттегідей, экотуризм негізгі факторлар болып флора, фауна жəне мəдени мүра табылатын аймақтарға сапар шегуді біріктіреді. Ол табиғи мекен ету орындарын тереңірек түсінуге ықпал ете отырып, білім беру арқылы қоршаған ортаны сақтауды қолдайды. Жергілікті қоғамдастықтың туристерді түрғылықты табиғи аумақтарға тартуда қызығушылығы болуы мүмкін, себебі жергілікті халықтың əл-ауĸатын жақсартуға септігін тигізеді. Бүдан бөлек, экотуризм тікелей қаржылық салымдар есебінен қоршаған ортаны қорғауға əсер етуі мүмкін.
Экологиялық туризм саласына қатысты аймақтардың түрақты дамуы туристік инфрақүрылымды қүру, жаңа жүмыс орындарын үйымдастыру, жергілікті халықтың қызмет көрсету саласына қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі, осының салдарынан жергілікті халықтың өмір сүру деңгейі артады жəне байырғы аумақта түрақтануы жүзеге асады.
Тур бағдарламасының мазмүнын жəне оны үйымдастыру түрін анықтайтын негізгі нысан бойынша, экотурлар ботаникалық, зоологиялық, геологиялық, экологиялық этнографиялық, археологиялық, экологиялық мəдени, спелеологиялық, су-тау агротурлар немесе ауылдық турлар жəне т.б болып бөлінеді. Сонымен қатар экотуризмді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегінде жəне сыртында ажыратуға болады.
KINF-2015 («Туризм жəне саяхаттар» көрмесінің қатысушыларынан алынған сауалнамаға сəйкес) зерттеулерінің қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанда экологиялық туризмді дамытуы үшін үлкен мүмкіндіктері бар [8].
Бірақ экологиялық туризм туризмнің басқа да түрлерінен қоршаған ортаға аз əсер етуімен ерекшеленеді жəне аса дамыған инфрақүрылымды талап етпейді, рекреациялық туристік инфрақүрылымның көп бөлігі орнығу кезеңінде болғанына байланысты осы бағыттағы қызмет айтарлықтай қиындықтарға тап болады.
Қазақстан экотуризмнің экономикалық əлеуетí шексіз деуге негіз бар, алайда оның орнығып дамуы үшін үлкен капитал салымдары мен шығындар қажет. Экологиялық туризм үшін қажетті инфрақүрылымды қүру туристерге табиғаттың бірегей аймақтарына қолжетімді болуды қамтамасыз етеді. Салымдарды жəне жеке капиталды тартуға, экологиялық туризм нысандары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау керек.
Экотуризмнің ойдағыдай дамуы тек қоршаған орта жағдайына оң əсер етіп қана қоймай, сонымен қатар аймақтарда шағын кəсíпкерлíктщ дамуына əсер етеді жəне сол аймақтың мəдениетí мен табиғат əсемдíгí жайлы ақпарат тарату көзі болып табылады, сондай-ақ жалпы Қазақстан туризмінің дамуы əлеуетí болып табылады.
Шет елдер тəжíрибесí көрсеткендей, экотуризмнің дамуына келесі факторлар кедергі болуы мүмкін:
- Жетілмеген заңнама, ең алдымен, салық саясаты, визалық жүйелер, жер қолдану ережелері экотуризм дамуына қолайлы жағдай туғызбайды. Салықтық саясатты жəне жерді қолдану бойынша заңнаманы жетілдіру — шетелдік капиталды тартуға негізгі шарт.
- Өңделмеген экотуризмді дамыту механизмдері. Бүл салаға кешенді ыңғай туғызу жəне оның республика мен аймақтар деңгейіндегі координациясы мемлекеттік басқару жүйесінің жетілмегендігімен қиындайды.
- Экологиялық туризмнің ауыл шаруашылығы, орман өнеркəсiбi, тау-кен индустриясы, көлік, спорт, курорттық қонақ үй индустриясы, денсаулық сақтау жəне тағы басқаларымен қосылып аймақтық əлеуметтíк экономикалық даму жоспарына біріктіруді қарастыратын бірегей стратегиялық түжырымдаманың болмауы.
Аталмыш шаралар Қазақстанның табиғи əлеуетíн ескеретін, ғаламдық туристік нарықта бəсекелесе алатын толыққанды экотуристік өнімді қүрастыруға мүмкіндік береді.
Бірнеше жыл бүрын Қазақстандағы экотуризм мəселелерíмен айналысатын отандық сарапшылар туристік өнімнің осы түріне деген қызығушылық жалпы əлеуеттщ 60 % қүрайтынын айтқан, бүл абсолютті түрде 9 млн адамды қүрайды. Қазіргі таңдағы көрсеткіштер белгісіз, атап айтсақ, əлем бойынша экотуризм қызметтері нарығының көлемі жыл сайын 20-30 %-ға артады [1].
Дүниежүзілік туристік үйым зерттеулерінің қорытындылары бойынша, экотурлардың басты себептері болып қоршаған табиғаттан лəззат алу, жаңа əсер алу жəне сол орынға қайта бару, сондай- ақ жету орнының «жаңашылығы». Барлық танымал бағыттар паркте жүмыс істеу (жабайы табиғатты тамашалау, жорық, бір күндік сапарлар мен судағы шаралар) тәжірибесін алумен байланысты.
Жаяу жүру туризмі Канаданың барлық экотуристері үшін негізгі саяхат болып табылады, содан кейін олардың жартысынан астамы үшін әртүрлі су шаралары (каноэ, каякинг, рафтинг жəне парус спорты) жəне велосипедпен жүру. Сонымен қатар кейінгі сауалнама жабайы табиғаттағы жорықтар мен альпинизм - соңғы 2 жылда саяхат жасаған (29 %) экотуристерді ең қызықтыратын таза ауадағы басты шара болып табылатынын көрсетеді жəне алдағы 2 жылда 27 %-ға өсуі ықтимал [9].
Мысалы, Канадада, парктерге барып, қайтып келе жатқан халықаралық туристер арасында өткізілген сауалнама экотуристердің жартысынан астамы (56 %) отель / мотельдерде түрақтағанын көрсетті. Сəйкесíнше канадалық экотуристер, өздерінің өткен жəне алдағы сапарлары үшін отель / мотельдерді таңдайды. Дәстүрлі орналастыруға деген салыстырмалы жоғары сүраныстың болуы бірнеше факторлармен байланысты екенін атап өткен жөн, олар: респондентте балама «оқиғаның» болмауы; жету орнында қолжетімді орналастыру диапазоны; «қауіпсіз» орындарда қалуды қалау [10].
Канадалық экотуристердің шамамен жартысы кəдíмгí қонақ үйде орналасуды қалайды, бірақ айтарлықтай көлемі (шамамен жартысы) табиғатпен байланысты (мысалы, шатырлар, каюта) түрғын жайды қалайды. Бүдан басқа көптеген жауаптар жалпылама сипатта болды, бүл экотуристер таңдауының икемділігінің белгісі. Орналастыру бойынша фокус топтағы экотуристердің талаптары келесідей:
- жоғары сапа болуы керек;
- таза, түруға жайлы шағын үй;
- бөлек жатын бөлмелермен;
- бөлек санитарлық бөлмелермен;
- түскі ас жəне бар сервисімен.
Экотуристер фокус топ қатысушылары өздері үшін маңызды саяхат белгілеріне баға берді.
Тəуелсíз саяхаттаушылар үшін екі ең маңызды артықшылық болып түсіндіру тәжірибесі, жабайы табиғатта жəне алыс аймақтарда өмір сүру жəне үйрету болып табылады. Солардан кейін жергілікті мəдениет пен өнімдерді тану болды. Сараланған басқа міндеттеріне келесілер енеді:
- жабайы / алыс аймақтарды бақылау;
- түсіндірмелі / оқу тәжірибесі;
- жергілікті мəдениетпен жəне азық түлікпен таныстыру;
- табиғатта демалу;
- жабайы табиғатты бақылау;
- байырғы халықтар мəдениетíмен өзара қатынасу;
- жергілікті парктер / қорғалатын аймақтар;
- таза ауадағы іс-шаралар;
- сақтауға жəрдемдесу;
- жергілікті қоғамдастықтың дамуына жəрдемдесу;
- таңсық дүниелермен танысу;
- қызықты түлғалармен қарым-қатынас қүру;
- тәжірибелі операторлар;
- салтанатты түрғын жайлар [11].
Экотуристердің қалаулары өздерінің түрғылықты жерлерімен ғана шектелмейді. Мысалы, Қытай экотуристерінің басты бағыты болып Африка елдері табылады.
Соңғы жылдары қытайлық шығу туризмі нарығындағы шығу туризмі өнімінің қүрылымы біршама өзгеріске үшырады. Қытай саяхатшылары жоғары сапалы турларды қалайды, жəне бір немесе екі ел аумағындағы тереңдетілген турларға сүранысы артуда. Тереңдетілген турлармен салыстырғанда, бірнеше елді қамтитын, көрікті жерлерді тамашалау түрақты маршруттарына деген сүраныс азайып бара жатыр [12].
Қытай – кең аймақты жəне экономикалық дамуы əркелкí ел. Бейжің, Шанхай, Гуандун жəне айналасындағы дамыған аудандар нарық көздерінің бірінші деңгейіне жататын шет елге саяхаттаушы туристердің негізгі көзі болып табылады; Ханчжоу, Нанкин, Харбин, Шэньян, Далань, Чэнду, Ухань сияқты аудандар жəне көбірек дамыған провинция қалалары нарық көздерінің екінші деңгейіне жатқызылады; дамушы аудандардың басқа да қалалары нарық көздерінің үшінші деңгейіне жатады. Африка елдері үшін олардың маркетингі мен жылыжытуы қазіргі таңда нарықтың бірінші деңгейінде шоғырланып, біртіндеп нарықтың екінші деңгейіне таралуы тиіс [13].
Қытай үкіметінің статистикалық мəлíметтерíне сəйкес, Қытайдан Африка елдеріне алғашқы келу орны ретіндегі сапарлар жыл сайын 4,5 есеге өсуде. Африка елдеріне баратын кейбір Қытай туристері статистикаға енгізілмеген басқа да мақсаттармен баратынын атап өткен жөн. Осылайша, Қытайдан Африка елдеріне шығудың жалпы саны жоғарыда атап өтілген саннан əлдеĸ;айда артық деуге болады [14].
Африка елдеріне келетін Қытай туристерінің көбісі Мысыр, Оңтүстік Африка жəне Кения секілді бағыттарға қызығады. Жалпы Қытай туристік агенттері ұйымдастырған Африка елдерінің алғашқы ондығына Мысыр, Оңтүстік Африка, Кения, Марокко, Намибия, Маврикий, Зимбабве, Сейшел аралдары, Танзания жəне Эфиопия кіреді. Осының ішінде басқа да Африка елдерімен салыстырғанда Қытай саяхатшылары Мысыр мен Оңтүстік Африкада басым. Қытай азаматтары Африка жайлы көбірек хабардар бола бастағаннан, Қытай мен Африка арасындағы ұшу бағыттары кең өріс ала бастағандықтан, Африкадағы қытай туристерінің саны артты, əсíресе 2006 жылы өткен «Бейжіңдегі əрíптестíк бойынша Қытай Африкалық форумынан» кейін Қытай азаматтары Африка елдері төңірегінде көптеп саяхаттай бастады. Бос уақыт нарығының өсуі өте маңызды [15].
Африка елдеріне баратын қытай саяхатшыларының екі негізгі категориялары болып келесілер табылады:
- Саяхаттауда үлкен тəжíрибеге ие туристері, Еуропа мен Австралияға саяхаттаудан соң Африка елдерін таңдаған немесе əркилы Африка тарихы, мəдениетí мен дəстүрлеріне қатысты ерекше қызығушылық танытатын туристер.
- Сонымен қатар Африка елдеріне баратын ресми / іскерлік саяхатшылар туристік ағымдардың маңызды тобын құрайды.
Қытай саяхатшыларын қызықтыратын Африка елдерінің негізгі көрікті жерлері болып əсем табиғи ландшафттар, көне тарихи жəне мəдени ескерткіштер, сонымен қатар таңғажайып жабайы табиғаты, дəстүрлері мен мəдениетí табылады [16].
Қытайлықтардың басым бөлігі Африка жайлы мағлұматы аз; олар Африканы біртұтас бағыт ретінде қарастырып, түрлі Африка елдерінің арасындағы айырмашылықты байқамайды. Кейбір саяхатшыларда әртүрлі елдерге қатысты қилы ойлар қалыптасқан, мысалы, Мысыр – көне өркениетті ел, Оңтүстік Африка – жоғары модернизацияланған аса дамыған ел, ал Кения – қарапайым жəне жабайы [17].
Қытай саяхатшыларының Африка елдеріне сапар шегуі кезіндегі талаптары мен күтетін əсерлерí келесідей: Африка елдері жайлы көбірек мағлұмат алу (əсíресе қытай тілінде); қытай мен африка елдері арасындағы тікелей рейстердің ашылуы мен артуы; Африкаға сапар шегу кезіндегі қытай саяхатшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қытай саяхатшыларына сəйкес келетін туристік қызметтерді ұсыну, мысалы, қытай тіліндегі кəсíби гидтер; таза əрí жайлы номерлерде орналасу; қытайлықтардың талғамдарына сай азық түлікпен қамтамасыз ету жəне т.б.
Сонымен қатар қытай экотуристерін Африкаға саяхаттауын тежейтін бірнеше факторлар бар:
- Африка нарығы жайлы жеткілікті мағлұматтың болмауы;
- арақашықтықтың алыстығы, ұшу уақытының ұзақтығы, шектеулі рейстер мен тікелей рейстердің аздығы;
- жағымсыз жарнаманың көптігі жəне қауіпсіздік пен денсаулық мəселелерí;
- көліктің қолжетімсіздігі жəне Африканың көптеген елдерінде туристерді қабылдау мүмкіндігінің біркелкі болмауы.
- Африка туристік өнімінің бағасы Еуропа, Австралия жəне Америка секілді басқа да алыс маршруттармен салыстырғанда артықшылықтың болмауы;
- Қытай нарығындағы тауарлардың Африка елдері нарығындағы тауарлармен сəйкес келмеуі, нəтижесíнде көптеген тауарлар жаппай нарыққа бағдарланып, Қытай тұтынушылары талаптарының түрлі деңгейін қанағаттандыра алмайды. Африка елдерінің жергілікті өнімдері қытай талғамдарына сəйкес келмейді [18].
Түрлі елдер экотуристерінің ерекшеліктері мен талғамдарына салыстырмалы талдау жасауға болады (кестені қара). Берілген кестеде Германия, АҚШ, Канада, Қытай елдер экотуристерініңерекшеліктері мен талғамдарына салыстырмалы талдау жасалған. Олардың өлшем шарттары болып саяхат себебі, ұзақтығы, мақсатты топтары, талап етілетін тұрғын-жайлары, жастық тобы, элеуметтік жағдайы болды.
Кесте
Мемлекеттерді өлшемшарттары бойынша салыстыру
Мемлекеттер |
Өлшемшарттары |
|||||
Саяхат себебі |
Ұзақтығы |
Мақсатты топтар |
Талап етілетін тұрғын-жайлар |
Жастық топ |
Өлеуметтік жағдайы |
|
Германия |
Табиғатты сақтау, жергілікті тұрғындардың өмір салты жəне салт-дэстүрімен танысу; табиғатты бақылау |
Ел ішінде — 1 аптадан аз; Еуропа елдері ішінде — 2 апта шамасында; дүние жүзі бойынша — 3 апта жəне одан да көп |
Төменгі табыс деңгейлі жастар (26 %); 60 жастан асқан зейнеткерлер (29 %); орта жастағы жоғары білімді азаматтар (14,7 %); орта жастағы жəне (30-59) жас шамасындағы орта немесе жоғары білімді азаматтар (30 %) |
50 % жергілікті тұрғындар- дың үй-жайы; 30 % арнайы қонақ үйлер; 20 % табиғат аясында түнеу |
14-19 жəне 30-59 жас аралығын- дағы азаматтар |
Жоғарғы білімді жəне жоғары табысты азаматтар; көбінесе мұғалімдер |
АҚШ |
Жабайы табиғатты тамашалау, аң аулау, археологиялық ескерткіштерді аралау, жергілікті халықтың тұрмыс-салтымен танысу, құстарды бақылау |
Ел ішінде — 12 күн шамасында, шетелдерге — 17 күн |
54 % ер адам- дар; көбінесе жоғарғы білімді жəне жоғары табысты азаматтар |
50 %-дан көбі арнайы қонақ үйлерді таңдайды |
35-54 жас аралығы — 42 %; 18-34 жас аралығы — 34 %; 18 жасқа дейін — 14 %; 55 жастан жоғары — 10 %. |
Көбінесе 42,4 % инженерлер, 19,8 % менеджерлер |
Канада |
Су іс-шаралары (каноэ, каякинг, рафтинг) табиғатта велосипед тебу, туристік жорықтар, ашық табиғаттағы альпинизм |
Ел ішінде — 2 аптаға жуық, шетелдерге — 2 аптадан көп |
50 % жоғары білімді азаматтар |
56 % қонақ үйлерді таңдайды, 44 % басқа түнеу орындары |
25-54 жас, 45-74 жас аралығын- дағы азаматтар |
Үйленген азаматтар — 44 %; балалы отбасылар — 38 % |
Қытай |
Жабайы табиғатты бақылау, жергілікті халықтың тұрмыс-салты мен дэстүрімен танысу |
Ел ішінде — 10 күн, шет елдерге — 2 аптаға жуық |
58 % жоғары білімді азаматтар |
60 %-дан көбі арнайы қонақ үйлерді талап етеді |
20-35 жас аралығы 62 %, 36-54 жас аралығы — 38 % |
Жоғарғы білімді, жоғары табысты азаматтар |
Ескерту. Авторлармен [1, 8, 9, 12] эдебиеттері негізінде құрастырылған.
Өрбір елдің экотуристерінің саяхат себебі эртүрлі. Мысалы, Германияда — табиғатты сақтау, жергілікті тұрғындардың өмір салты жэне салт-дэстүрімен танысу; табиғатты бақылау болса, АҚШелінде жабайы табиғатты тамашалау, аң аулау, археологиялык ескерткіштерді аралау, жергілікті халыктың түрмыс-салтымен танысу, күстарды бакылау. Сонымен, Канада елінде экотуристер аса зор мəндí су іс-шаралары мен велосипед тебуге, туристік жорықтар жасау мен ашық табиғаттағы альпинизмге берсе, Қытай елінде жабайы табиғатты бакылау мен жергілікті халыктың түрмыс-салты мен дəстүрімен танысуға көңіл бөледі. Жалпы алғанда, экотуризмнің негізгі себебі — табиғат. Алайда жаңа тəжíрибе жинау, яғни жаңа мемлекеттің түрмыс-салтымен танысу да экотуристер үшін өте маңызды екенін байқауға болады. Экотуристердің табиғаттағы белсенді íс-əрекетí туристік жорыктар, альпинизм, аң аулау, су-спорт түрлерімен айналысу жəне тағы баскалары болып табылады. Үсынылатын түрғын-жайлардан көбінесе арнайы конак үйлер, содан соң экотуризмге тиесілі арнайы шатырлар, шағын үйлер сүраныска ие. Экотуризм баска туризм түрлері сиякты, комакты каржыны талап етпесе де, жоғарғы білімді, жоғары табысты жəне орта жастағы адамдар арасында көп колданылады.
Экотуристердің бүл туризм түріне жүмсауға дайын уақыты əр елде әртүрлі. Мысалы, Германияда ел ішінде туристер 1 аптадан аз уакыт жүмсауға дайын болса, Еуропа елдері ішінде 2 апта шамасында жəне дүние жүзі бойынша 3 апта жəне одан да көп уакыт жүмсауға дайын, АҚШ- та ел ішінде 12 күн шамасында, шетелде 17 күн жеткілікті деп санайды, Канадада ел ішінде 2 аптаға жуык, шетелде 2 аптадан көп деп ойласа, Қытай ел ішінде 10 күн, шетелде 2 апта жеткілікті деп санайды. Бүл туризм үшін əр елдің азаматтары 7–14 күн шамасында уакыт жүмсауға дайын. Экотуризмге жылдан жылға әртүрлі жастағы азаматтардың қызығушылығы артуда [18].
Экотуризмнің максатты топтарына токталсак, Германия елінде экотуризмге көбіне зейнеткерлер (29 %) жəне орта жастағы жəне (30–59) жас шамасындағы орта немесе жоғары білімді азаматтар (30 %) кызығатын болса, АҚШ-та 54 % ер адамдар; көбінесе жоғары білімді жəне жоғары табысты азаматтар болып табылады. Ал Канада елінде 50 % жоғары білімді азаматтар жəне егде жас адамдары көбірек, яғни сүраныс егде жас адамдары арасында басымырак. АҚШ экотуризмге көп уакыт бөлуші елдер катарына жаткызылады. АҚШ азаматтары бүл саяхат түріне 17 күнге дейін уакыт бөлуге дайын екенін көрсетті ∣3; 9].
Экотуристердің түрғын-жай өлшем шарттары бойынша жауаптары келесідей: Германия 50 % жергілікті түрғындардың үй-жайы; 30 % арнайы конак үйлер; 20 % табиғат аясында түнеу; АҚШ 50 %-дан көбі арнайы конак үйлерді таңдайды; Канада 56 % конак үйлерді таңдайды, 44 % баска түнеу орындары; Қытай 60 % дан көбі арнайы конак үйлерді талап етеді. Жалпы алғанда экотуристер көбіне конак үйлерде түнеуді калайды, тек Германия экотуристері, нактырак 20 %-ы, табиғат аясында түнеуді калайды.
Қорыта келсек, экотуризм — бүл табиғаттың адам аяғы баспаған, табиғаты өзгеріске үшырамаған табиғат аймактарына серуендеу болып табылады. Бүл экотуристердің негізгі максаты — коршаған ортаны сактау, жергілікті халыктың кал-жағдайын жаксартуға бағытталған туризм түрі. Бүл саяхат түрінің мақсаттары өте көп, яғни əр жас ерекшеліктері, əлеуметтíк жағдайы əртурлí саяхат себептерін таңдауға себепші болады. Экотуризм терминін алғаш рет АҚШ, Калифорния штатының Беркли жоғарғы оку орынының академигі Клаус-Дитер (Nick) Хетцер 1965 жылы енгізіп, алғашкы экосаяхатты 1970 жылдардың басында Юкатан түбегіне жүргізген болатын. Сол кезден бастап əлемде осы туризм түрі колданылып, дамып келе жатыр ∣3].
Қазіргі таңда еліміздің азаматтары арасында да бүл туризм түрі танылып, жылдан жылға сүраныс артуда. Сондай-ак Қазакстанда экологиялык туризмді дамыту саласында турбизнес өкілдерін жəне экотуризм дамуында кызығушылык таныткан өкілдерді біріктіретін 20-дан астам үкіметтік емес үйымдар мен туристік үйымдар кызмет аткарады. Жəне үлкен артыкшылык болып табылатын 2023 жылға дейінгі туризмнің даму түжырымдамасы күрастырылған, онда табиғи ерекше корғалатын аумактарда экологиялык туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама карастырылған.
Біздің ойымызша, Қазакстанда экологиялык туризмнің дамуын ынталандыру үшін келесідей іс- шараларды жүзеге асыру кажет:
- – ерекше корғалатын табиғи аумактарда экологиялык инфракүрылымын күру максатында инфракүрылымды дамытудың негізгі жоспарларын күрастыру бөлімінде мемлекеттік үлттык табиғи парктер мен мемлекеттік табиғи резерваттардың техникалык, экономикалык негіздемесіне түзетулер енгізу;
- - ақпарат тарату жəне экологиялық туризмді дəрíптеу;
- – конак үйлерді күру кезіндегі энергияның баламалы көздерін жəне экотурларды үйымдастыру кезінде көліктің экологиялык таза түрлерін колдануына ыкпал ету;
- – экологиялық туризмнің дамуы мəселелерí бойынша халықаралық үйымдармен бірлесе қызмет атқару;
- – экотуристік қызметтің қоршаған ортаға нақты əсер етуіне бақылау жүргізу;
- – жергілікті халық үсынатын материалдарды, өнімдер мен қызметтерді қолдануын арттыру;
- – жергілікті қоғамдастыққа негізделген экотуризмді дамыту;
- – қоршаған ортаны қорғау саласында үкіметтік жəне үкіметтік емес үйымдармен бірлесе қызмет атқаруды жүзеге асыру.
Əдебиеттер тізімі
- Тлеубердинова А. Т. Жители Германии как целевой сегмент экологического и природного туризма Казахстана / А.Т. Тлеубердинова // Туризм: право и экономика. — 2017. — № 2. — С. 18–22.
- World Travel Monitor® Data // International consulting group on tourism research, 2010 [Electronic resource]. — Access mode: http://www.ipkinternational.com/.
- Тлеубердинова А. Т. Учет потребностей экологического туриста США при использовании природно-рекреационных ресурсов Казахстана / А.Т. Тлеубердинова, Д.М. Салауатова // Туризм: право и экономика. — 2014. — № 2. — С. 25–30.
- The German Ecotourism Market. Special Report, Number 10. Capitan Haya 42, 28020 Madrid [Electronic resource]. — Access mode: www.world-tourism.org.
- Federal Ministry for Economic Co-Operation and Development (ed.): Ecotourism as an Instrument on Nature Protection. — Bonn, 1995 [Electronic resource]. — Access mode: http://www.bmz.de/en/publications/index.html.
- Эйтингтон А.В. Структура экологического и медико-санитарного описания территории, вовлекаемой в туристское освоение / А.В. Эйтингтон, А.В. Дроздов // Актуальные проблемы туризма-'99. Перспективы развития туризма в Южном Подмосковье: сб. докл. и тез. сообщ. науч.-практ. конф. — 1999 г., апрель. — С. 25–27.
- [Электронный ресурс]. — Режим доступа: www.stat.kz.
- [Электронный ресурс]. — Режим доступа: ikaz.info/turizm-industriyasyny-damuyna-ser-etushi-faktorlar.
- The Canadian Ecotourism Market. 2002 World Tourism Organization [Electronic resource]. — Access mode: www.unwto, e-library.
- Eagles P.F.J. Understanding the market for sustainable tourism. In: McCool, Stephen F.; Watson Alan E. (comps) Linking tourism, the environment and sustainability. [Volume of compiled papers from a special session of the annual meeting of the National Parks and recreation Association]. Available on the international Ecotourism Society website [Electronic resource]. — 1994. — Access mode: www.ecotourism.org.
- Hall, C. Michael and Alan Lew (Eds.). Sustainable Tourism: A Geographical Perspective (Addison Wesley Longman Ltd.). [Electronic resource]. — 1998. — Access mode: http://www.academia.edu/17326482/.
- China Association of Travel Services The Current Status and Development Strategies of Chinese Travel Services [Electronic resource]. — 2006. — Access mode: http://www.wta-web.org/eng/hymd_4014/yz/zglxsxh/.
- China National Tourism Administration China Tourism Statistics (Online), available: [Electronic resource]. — 2009. — Access mode: http://www.cnta.gov.cn/.
- Ivy Alliance Tourism Consulting Co., Ltd., Analysis Report of China Outbound Travel Market [Electronic resource]. — 2007. — Access mode: http://www.ivyalliance.cn/?lang=en.
- Noel N. de Villiers. Open Africa Inbound Tourism Model (Online), available [Electronic resource]. — 2006. — Access mode: http://www.africandream.org/.
- RNCOS E-Services Private Limited, South African Tourism Sector Analysis [Electronic resource]. — 2007. — Access mode: http://www.rncos.com/Report/IM537.htm.
- Decree of the State Council of the People's Republic of China (Feb. 2009), № 550. Regulations on Travel Agencies [Electronic resource]. — Access mode: http://www.fdi.gov.cn/1800000121_39_4577_0_7.html.
- World Tourism Organization, Tourism Market Trends, 2007 Edition, UNWTO, Madrid [Electronic resource]. — 2008. — Access mode: http://mkt.unwto.org/publications.