Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Блокчейн технологиясы жəне бухгалтерлік есеп

Деректер қауіпсіздігі мен шынайылығы желіде ақпарат алмасу процесінде кездесетін негізгі мəселелер болып табылады. Деректердің сенімділігін қамтамасыз ететін түрлі технологиялар бар. Болашағы зор технологиялардың бірі — блокчейн. Оны пайда болуы сертификатталған бухгалтер мамандығына алаңдаушылық тудырды, ол, əрине, түсінікті. Технологиялық жетістіктер адамдардың кез келген кəсíпге жүмысиеп қамтылуына қауіп төндіруі мүмкін. Дегенмен, блокчейн бухгалтер мамандығы үшін салдары бар. Ең алдымен. технология жүмысының қағидаларын терең түсіну кəсǐпке қойылатын талаптардың бірі болып лабылады. Одан әрі оның таралуына жəне кәсіпті пайдалану жағдайларының саныпың артуына қарай кәсіптің өкілдерінің осы технологиямен бухгалтерлік есеп ережелері қалай байланысты екенін нақты түсінуі қажет. Технология экономикалық транзакциялардың электрондық үлестірілген тізіліміне негізделеді жəне бухгалтерлер мен аудиторлар үшін өте маңызды мəнге ие, себебі айтарлықтай ашықтықты қамтамасыз етеді. Мақалада бухгалтерлік есеп саласында үлестірілген тізілімнің (блокчейн) технологияларын пайдалануды дамытуын талдауы берілген. Бар деректерді жинақтауға жəне жүйелеуге баса назар аударылды, блокчейн технологиялар дамуының негізгі кезеңдерінің жіктелуі келтірілген, үйымдардың бухгалтерлік есебінде блокчейн технологияларын қолдану болжамдары берілген. Бүл технология бухгалтерлік есеп пен аудитке əсер етеді деп күтілуде. Бірақ сол уақытта бухгалтер мамандығы блокчейн технологиясын пайдалану арқылы дами береді деп айтуға негіз бар.

Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазан «Қазақстандықтардың əл- ауқатының өсуі: табыс пен түрмыс сапасын арттыру» Жолдауында: «Соңғы кездері әлемдік саяси жəне экономикалық трансформация үдерістері күшейе түсті. Əлем қарқынды түрде өзгеріп келеді... Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына жəне адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіруде... Ең алдымен, «болашақтың экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар Интернеті, жасанды интеллект, блокчейн жəне басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болады», деген болатын.

Мəлíметтердí сақтау технологиясы блокчейн соңғы уақыттың феномені болды. Сақталған деректердің шынайылығы мен қорғалу қажеттілігі артып келе жатқан әлемдегі оның өзеклілігіп жоққа шығаруға болмайды. Көптеген сарапшылар оны барлық жерде қолдануға болатынына сенімді. Бүл мемлекеттік басқару, қаржы қызметтері мен өнеркәсіп жүйесіндегі революция. Перспективалар өте үлкен, бірақ басты мəселе, оларды қалай жүзеге асыру керек?

Блокчейн — бүл орталықсыздандырылған транзакцияларды жазу журналы, ол сондай-ақ сақтау, коммуникация, файлдарға қызмет көрсету жəне мүрағаттау қызметтерін қамтуы тиіс кеңірек есептеу инфрақүрылымының бір бөлігі болып табылады. Блокчейн туралы айтқанда, біз ақпаратты бөліп сақтауға мүмкіндік беретін деректер блоктарының лізбегіп түсінеміз. Блоктардың әрқайсысы алдыңғы байланысқан жəне сандық қолтаңбамен жабдықталған, дəл осы жүйеге қосылғаннан кейін деректердің қандай да бір бөлігін ауыстыру немесе жою мүмкіндігін болдырмайды. Осыдан өзгертуге болмайтын реестр — көптеген салалар үшін жəне соңғы кезекте қаржы үшін өте пайдалы технология деген қорытынды жасауға болады.

Блокчейннің базалық теориясы барынша қарапайым — бүл барлығы қолданатын ең ауқымды деректер базасы, орлалықлапдырылғап басшылықсыз жүмыс істейді, яғни онда бүкіл əлем бойынша жүйенің қатысушыларымен тексерілетш кестелер түріндегі транзакциялар туралы деректер сақталады. Тізілімнен деректерді алу немесе ауыстыру мүмкін емес, бүл блокчейнның негізгі қүндылығы болып табылады. Осыдан бүл технология делдалдарды болдырмауға жəне операцияларды жүргізудің қолданыстағы үлгілерін бүзуға қабілетті деген жалпы пікір туындайды.

«Ғаламтор» термині 1995 ж. пайда болды, бүл жаңалыктың аркасында əлемнщ калай өзгеретінін ешкім елестете алмаған. Дəл сондай-ак бүгінгі күні блокчейн де өзімен кандай дүлей өзгерістерді əкелетíнíн ешкім болжай алмас. Ешкім 20 жыл бұрын Google пайда болады деп күткен жок, ал Ғаламтор сонша мүмкіндік беретінін, мысалы, банктегі өз шотыңызды өз телефоныңыз аркылы баскара алатыныңызды елестете алмас едік. Блокчейн — бүл карапайым акша алмасуды бакылау ғана емес. Бүл жүйе күндылыкка ие барлык нəрселердí, оның ішінде активтердің əртурлí түрлерін, мысалы, акциялар мен баска да бағалы кағаздардың түрлерін бакылауға мүмкіндік береді. Ол кеңеюде, ал ол аркылы жүзеге асырылатын транзакциялар саны үлғаюда [1].

Блокчейн акпаратты форматтау, беру жəне сактау технологиясы болып табылады, онда акпараттык пакеттер келесі кағида бойынша тізбекке косылады: əрбíр блок алдыңғы туралы акпаратты камтиды жəне бүл акпарат тексерілуі мүмкін. Яғни тізбектің ортасына баска катысы жок блокты өз бетінше коюға болмайды — жаңа блок туралы акпарат оның орнында болған блокта болмайды.

Тізбектің ортасына жаңа блок косуға, содан кейін барлык келесі блоктарды кайта күруға жəне осылайша жаңа тізбекті жасауға болатын сиякты, бірак блокчейнның бір маңызды ерекшелігі блоктардың тізбектерінің көшірмелері ішінде тізбек бар акпараттык желінің барлык пайдаланушыларында сакталады. Яғни тізбекті барлык пайдаланушыларда бірден кайта күру керек, ал бүл мүмкін емес: байкап кояды. Әрине, əрбíр блокта алдыңғы блоктарға сілтеме (кызметтік акпарат) ғана емес, сондай-ак накты тізбектің барлык пайдаланушылары генерациялайтын əртÝрлǐ деректер (пайдалы акпарат) сакталады.

Әрбір жаңа блокка енгізілетін өзгерістер барлык пайдаланушыларға көрінеді жəне олардың барлығымен расталуы тиіс. Расталған — демек, барлык пайдаланушылар осы өзгерістермен келісті жəне барлык пайдаланушылардың тізбектері бірдей түрде өзгерді. Осының барлығының мағынасы: пайдалы акпарат ретінде кез келген нəрсенí сактауға болады, жəне бүл акпарат тізбектің барлык пайдаланушылары арасында бөлінеді жəне бəрíне көрінеді. Акпаратты əдейí бүрмалау мүмкін емес, барлығы көреді жəне барлығы біледі. Процесті бакылайтын жəне баскаратын бірыңғай орталык жок. Жакын жəне түсінікті үксастык ретінде бухгалтерияны мысалға келтіруге болады. Бір кəсíпорынньщ бухгалтериясы шеңберінде екі жакты жазу колданылады. Бірак екі шаруашылык жүргізуші субъектілер арасында блокчейнге үксас — каржы күжаттарымен (блоктарымен) алмасу, кезеңдік салыстыру актілері (алдыңғы блокка сілтемелер) жəне тағы баскалар жүргізіледі.

Зерттеушілердің пікірінше, блокчейнге күрылған жүйеде деректерді үлестірудің базалык моделі íс-əрекеттердщ белгілі бір реттілігін білдіреді:

  1. жаңа транзакция желінің барлык тораптарына жіберіледі, желі пирингтік желі кағидасы бойынша күрылған, транзакция осы тораптарда өңделмеген деректер пулына түседі;
  2. майнерлер (ағылш. mining — пайдалы казбаларды өндіру) деп аталатын арнайы маманданған машиналар (бүрынырак майнинг операциясы əдеттегí ДК-де жүргізіле алатын), блоктағы өңделмеген деректер пулында орналаскан транзакцияларды косады;
  3. əрбíр майнер əзíрлеушíлер үсынған шарттарды канағаттандыратын блоктың хэшін таңдауға тырысады (Bitcoin блокчейнінде хэш блогының басында нөлдердің белгілі бір санының болуы шарт болды), бүл операция жүмысты растау деп аталады (proof-ofwork). Сонымен катар казіргі уакытта блокты енгізу бойынша операцияларды жүзеге асыру күкығын растаудың баска тəсíлí — үлесті растау əдíсí (proof-of-stake) пайда болды;
  4. майнер блоктың шартын канағаттандыратын хэшті алғаннан кейін, деректер блогы желінің барлык катысушыларына жіберіледі, ал майнердің өзі блокты косканы үшін сыйакы алады. Егер блок кандай да бір торапты алмауы маңызды емес, алайда блоктардың бірін жіберіп алған торап одан кейінгісін алса, ол анык жіберіп алынған орынды толтыруға жетіспейтін акпаратты сүратады;
  5. бүл блокты алған тораптар транзакциялардың дүрыстығын жəне екі есе шығынның болмауын тексереді. Егер блок тексеруден өтпесе, ол жойылады;
  6. егер блоктың дүрыстылығы бойынша келісімге колжеткізілсе, майнерлер тек жаңадан косылған блоктың ғана хэшіне негізделген жаңа деректер блогымен жүмыс істей бастайды.

Барлык транзакциялар криптографиялык растаумен жүзеге асырылатынын нактылау кажет. Желінің əрбíр катысушысы желіде тіркелген жəне жүмыс станциясына кажетті бағдарламалык камтамасыз етуді орнаткан кезде екі криптографиялык кілтті: жабык — транзакцияны шифрлау үшін, жəне ашык — транзакцияны верификациялау үшін алады. Әрбір кезекті катысушы келесіге транзакцияны жібере отырып, алдыңғы транзакцияның хэшіне жəне келесі жария кілтке кол коядыжəне бұл ақпаратты транзакцияның соңына қосады. Осылайша алушы транзакциялардың алдыңғы қатысушыларының барлық қолдарын тексеріп, транзакциялардың барлық тізбегін тексере алады.

Орталықтандырудың болмауы — технологияның маңызды элементі. Барлық мəлíметтер бір нəрсенí көретін пайдаланушылардың компьютерлерінде сақталады. Сондықтан блокчейнді бұзу немесе «өшіріп тастау» мүмкін емес: желіге қосылған кем дегенде бір компьютер болса, технология жұмыс істейді. Сонымен қатар жүйе əрбíр қатысушы оған келіп түскен мəлíметтердí үнемі тексеретіндей ұйымдастырылған. Нəтижесíнде кез келген операция кезінде желіде сақталатын материалдардың тұтастығы мен шынайылығы расталады. Жаңа ақпарат тізбектің соңында тексерілгеннің үстінен жазылады жəне жартылай соған негізделеді. Егер материалдардың қандай да бір бөлігін өзретсе, мысалы, бұзу арқылы өзгертетін болса, онда бұл келесі ақпарат тізбегінің өзгеруіне əкелуí тиіс, əйтпесе бұл қате барлық қатысушыларға көрінетін болады. Ал деректерді бірден, мысалы, он мың компьютерде өзгерту өте қиын əрí қымбат. Осымен мəлíметтердщ сақталуы жəне нақтылығы кепілдендіріледі.

Осылайша, блокчейн технологиясы танысу үшін толық ашықтық пен жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қаржылық операциялар, құқықтық міндеттемелері, меншік құқықтары туралы деректерді сақтауды мүмкіндік етеді, сонымен қатар кез келген орын ауыстырудан, бұзудан жəне басқаларынан сенімді қорғалады. Бұдан да қарапайым нұсқада блокчейн технологиясы — бұл тұрақты қосылып тұрған бақылау камерасы бар шыны текше — оған жаңа нəрсе (арнайы қадағалап отырып) салуға болады, бірақ ішіндегісін өзгерту немесе ауыстыруға қадам жасасаң, бұл сол сəтте кез келген бақылаушыға көрінеді.

Блокчейн деген не екенін жақсырақ түсіну үшін болашақта осы технологияға жарқын перспективаны қамтамасыз ететін негізгі қағидаларға тоқталайық:

  • блокчейн — бұл үлестірілген деректер базасы. Бұл операцияға қатысушылардың ешқайсысында толық бақылау құқығы жоқ дегенді білдіреді, олардың əрқайсысы толық деректер базасына, сондай-ақ оның тарихына қолжеткізе алады. Сондықтан барлық қатысушылар өзінің кез келген контрагенттерінің барлық жазбаларын растай алады. Мəмíле тазалығына кепілдік беретін делдалдарға деген қажеттілік болмайды;
  • блокчейнды қолданғанда тараптар біржақты беру мүмкіндіктерін пайдаланады, себебі олар өзара байланысты тікелей орнатады, олармен пайдаланылатын байланыс тораптары ақпаратты сақтау мен беру қабілетіне ие;
  • блокчейн ашықтықты қамтамасыз етеді, өйткені барлық тораптар (пайдаланушылар) өздеріне берілген отыздан кем емес сəйкес белгілерден тұратын жеке мекенжайлардың тасушысы болып табылады, ал мəмíлелер мен олардың құны туралы ақпарат жүйеге рұқсаты бар жəне өз қалауы бойынша анонимділікті сақтау мүмкіндігі бар барлық тұлғаларға көрінеді;
  • транзакция жасалғаннан кейін барлық жаңартылған есептік жазбаларды өзгерту мүмкін емес, барлық жазбаларды хронологиялық ретпен кез келген қатысушы көре алады;
  • кез келген пайдаланушыда автоматты түрде пайдаланушылар арасындағы транзакцияларды іске асыратын ережелерді орнатуға мүмкіндігі болады.

Сондықтан блокчейнды енгізуді, басқа да инновацияларды енгізу сияқты, төрт сатылы алгоритм шеңберінде сипаттауға болады.

Бірінші фаза. Бұл жеке пайдалану. Бұл деңгейде жаңалықтың салыстырмалы төмен деңгейі бар нұсқаларды іске қосуға болады. Мұнда шығынсыз жергілікті міндеттерді шешу үшін жобаларды іске асыруға болады (дəстýрлí коммуникативтік жүйелерді ауыстыру үшін құрылған электрондық поштаға ұқсас).

Екінші фаза. Бұл локализация. Блокчейн-инновациялар бірнеше компанияны өзара байланыстыра алатын жергілікті ауқымдағы жеке желілерді құру үшін негіз болады. Мұндай желілер үлестірілген тізілімнің көмегімен қаржылық қызмет көрсету саласында жұмыс істеуі тиіс болады. Қатысушылар санының аздығына байланысты үйлестірумен күрделі проблемалар туындамауы керек. Бүгіннің өзінде қаржы сипатындағы мəмíлелердí жасау фактілерін өңдеуге жəне растауға мүмкіндік беретін технологиялар жасалуда. «Қағаз» құралдарын ауыстыра алатын блокчейнды қолдану саласы валюталық операцияларды, бағалы қағаздар айналымына байланысты есептеулерді, сондай-ақ халықаралық есептеулерді қамтиды. Мұндай міндеттерді тиімді шеше алатын жеке жүйелер жеткілікті тез дамитын болады.

Үшінші фаза. Бұл орнын ауыстыру. Мұндай тəсíл жаңалығымен ерекшеленбейтін инновациялық шешімдерді қолдануға тəн. Сонымен қатар мұнда инновацияларды қолдану шектерін кеңейтугемүмкіндік беретін үйлестіру деңгейі қажет. Мүндай жаңалықтардың қолда бар шешімдерді ығыстыруға мүмкіндігі болуы үшін бəсекеге қабілеттіліктің жоғары дəрежесíне ие болуы тиіс. Ал олар үлкен бизнес жүргізіліп жатқан алаңды жеңіп алу керек.

Соңғы фаза. Бүл трансформация (өзгеріс). Ол ең жоғары деңгейде келісілген күш жүмсауды талап етеді. Заңнамалық қабықшаны алу қажет болатын, саяси жəне əлеуметтíк сипаттағы шешімдер қабылдануы тиіс. Өйткені маңызды қоғамдық қатынастарды мəндí өзгеру туралы сөз қозғалып отыр. Блокчейн үшін бүл тараптармен алдын ала келісілген шарттарда ақылды деп аталатын келісім- шарттар, автоматтандырылатын төлемдер, сондай-ақ валюта аударымдары.

Жүмыстың типтік мысалы келесідей: жеткізушіге төлем алушыға жүк жеткізілгеннен кейін жіберіледі, бүл ретте аударымды іске қосу маршруттың соңғы нүктесінде жүктің орналасқан жері тіркелгеннен кейін GPS-навигатормен ақпарат беру арқылы жүзеге асырыла алады.

Блокчейнды қолданудың тағы бір перспективті тәсілі: сатып алушы тауарлардың шығу тарихын, тіпті əрбíр үсақ бөлшекті дайындауға дейін тексере алатындай, тауарларды өндіру туралы ақпаратты сақтау [2]. Алайда егер киберқауіпсіздік мəселелерíн алып тастаса жəне блокчейнның мәнін түсінсе, онда ол бүрыннан белгілі бухгалтерлік технологияға негізделгені түсінікті болады. Транзакция екі рет жазылады: мəмíле тараптарының əрқайcыcында бірдей сомада. Ештеңені еске түсірмейді ме? Классикалық бухгалтерлік есептің негізі — екіжақты жазу.

Шаруашылық өмір фактісі бір шоттың дебеті жəне басқа шоттың кредиті бойынша бірдей бағалауда көрсетіледі. Бүл болашақ бухгалтерлер 500 жылдан астам уақыт оқып келе жатқан алғашқы ақиқаттардың бірі.

Блокчейн бухгалтерлік жүмыс үшін маңызды қасиетке ие. Егер тіпті контрагентке сенім болмаса да, блокчейнде жасалған ақпаратқа сенуге болады. Транзакция тек екі тарап мақүлдаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кейіннен бүл ақпарат өзгерістерден қорғалған.

Іс жүзінде, блокчейн бүл есепке негізделген технология деп айтуға болады. Ол негізінен адамдарға биткоин жəне басқа криптовалюталар сүйенетін база ретінде белгілі болса да, технология оларды есептік жазбаларды келістіру арқылы қолдайды. Ақпаратты сақтау мен таратудың жаңа тәсілін үсынатын сенімді жəне сыбайлас жемқорлықтан айырылған бухгалтерия сияқты, блокчейн де толығымен интероперабелді болып табылады. Инновация бухгалтерлер деректерді толық шоғырландыру жəне тексеру мүмкіндігінсіз бөлек жерлерде сақтағанда, проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бүл жылжымайтын мүлік немесе бөлшек сауда сияқты басқа салаларға қатысты болған кезде, технология активтерге меншік қүқығын, сондай-ақ оларды сатып алу жəне сату қүнын қадағалау үшін қолданылады.

Міне, сондықтан блокчейн бухгалтерлік есеп облысында үлкен əлеуетке ие. Ол мүлікті мониторингтеу жəне бағалау үшін әлдеқайда ашық жəне берік негізді қамтамасыз ете алады. Бүл нақты уақыт тәртібінде активтердің қолжетімділігін, сондай-ақ олардың қүнын жəне болашақта ақша ағынына əсер етуі мүмкін кез келген басқа ақпаратты анықтауды айтарлықтай жеңілдетуге қабілетті [3].

Бухгалтерлер үшін блокчейнді пайдалану активтерді иеленуге жəне міндеттемелердің болуына қатысты анықтықты қамтамасыз етеді жəне тиімділікті айтарлықтай арттыра алады.

Ал бизнес өкілдеріне бухгалтерлік есепте блокчейнды қолданудың мүмкін бағыттары қызықты болуы мүмкін, бүл бағыттар оны жүргізу шығындарын азайтуға жəне бухгалтерлік ақпараттың қүндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Олардың ішіндегі ең айқындары:

  1. сыртқы контрагенттермен есеп айырысу. Блокчейнды енгізу кезінде есеп айырысуларды тексеру қажеттілігі жойылады. Мəмíле тараптарының дебиторлық жəне кредиторлық берешектерін қалыптастыру жəне есептен шығару транзакция кезінде бір мезгілде бірдей бағалауда жүргізілетін болады. Транзакция фактісін жəне оның бағасын растаудың қажеті болмайды. Бухгалтерге сатып алынған/берілген активті жəне тиісті кірісті/шығыстарды дүрыс жіктеу ғана қалады;
  2. кәсіпорын ішіндегі активтердің қозғалысы. Егер кəсíпорын ішіндегі шаруашылық өмірдің кез келген фактісін транзакция ретінде елестетсек, онда нақты уақыт режимінде кез келген активтердің қозғалысы туралы ақпаратты алып түруға болады. Бухгалтердің жүмысы келіп түскен қүндылықтарды дүрыс жіктеуге жəне есепке алу нысандары қүнын қалыптастыруға негізделеді. Бір кәсіпорынның немесе компаниялар тобының ішінде жергілікті блокчейнді үйымдастыруға болады: кез келген активтерді сақтау орындарынан босату алушымен акцептіленеді, содан кейін актив тиісті шоттарға автоматты түрде есептен шығарылады;
  3. нақты уақыт режиміндегі жедел есеп. Блокчейннің арқасында бастапқы қүжаттардың бухгалтермен өңделуін күтпесе де болады. Бастапқы қүжат, негізінен, қағазда да, электронды түрде де қажет болмай қалады. Оның орнына — транзакцияны блокчейнде тіркеу [4].

Блокчейннің бухгалтерлік кітаптарды жүргізу мен келістіру шығындарын азайту жəне активтер тарихы мен меншік иелігіне абсолютті сенімділікті қамтамасыз ету есебінен бухгалтерлік кəсíптí жоғарылатуға əлеуетí бар. Блокчейн бухгалтерлерге өз үйымдарының қолжетімді ресурстары мен міндеттемелеріне қатысты айқындықты алуға, сондай-ақ есеп жүргізуге емес, жоспарлау мен бағалауға көңіл аудару үшін ресурстарды босатуға көмектесе алады.

Машиналық оқыту сияқты автоматтандырудың басқа да үрдістерімен қатар, блокчейн транзакциялық деңгейдегі есептің көбеюіне əкеледí, бірақ бухгалтерлермен емес. Оның орнына жазбаны экономикалық шындық пен бағалауға үйлестіре отырып, блокчейн жазбаларының нақты экономикалық түжырымдамасын бағалауымен жүмыс істейтіндер табысты бухгалтерлер болады. Мысалы, блокчейн борышкердің болуын анық ете алады, бірақ оның өтелетін қүны мен экономикалық қүндылығы əлí де талқылануда. Ал активті иелену блокчейн жазбаларымен тексеріле алады, бірақ оның жағдайы, орналасқан жері жəне шынайы қүны əлí де сенімді болуы керек.

Қайта тексерулерді жоя отырып жəне транзакция тарихына сенімділікті қамтамасыз ету арқылы, блокчейн сондай-ақ қазіргі уақытта өлшеу үшін, мысалы, компания үстап түрған деректер қүны, тым күрделі немесе сенімсіз деп саналатын облыстарды ескере отырып, есеп көлемін үлғайтуға мүмкіндік бере алады. Блокчейн — бүл бухгалтерлік жəне бітімгерлік жүмысты ауыстыру. Бүл осы облыстарда бухгалтерлердің жүмысына қауіп төндіре отырып, басқа облыстарда қүндылықты қамтамасыз етуге бағытталғандарында нығайта алады.

Маңызды блокчейн-элементі бар қаржы жүйесіне көшу бухгалтер мамандығы үшін көптеген мүмкіндіктерді ашады. Бухгалтерлер есеп, күрделі бизнес-логика ережелері мен стандарттарын қолдану саласындағы сарапшылар ретінде көрінеді. Олардың блокчейннің енгізілуі мен болашақта қолданылуына ықпал етуге, сондай-ақ блокчейнге негізделген шешімдер мен сервистерді əзíрлеуге мүмкіндіктері бар.

Қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі болу үшін блокчейн əзíрленуí, стандартталуы жəне оңтайландырылуы тиіс. Бухгалтерлер қазірден бастап зерттеулерге қатысады, бірақ мамандық үшін əлí де көп жүмыс бар. Блокчейнді қамту үшін ережелер мен стандарттарды əзíрлеу күрделі міндет болады жəне жетекші бухгалтерлік фирмалар мен органдар осы жүмысқа өз тәжірибесін қоса алады.

Бухгалтерлер сондай-ақ жаңа жүйенің шығындары мен артықшылықтарын өлшеу бойынша кеңес бере отырып, блокчейнге қосылу мүмкіндігін қарастыратын компанияларда кеңесші болып жүмыс істей алады. Бухгалтерлер мен қаржыгерлер бизнесінің үйлесімі оларды мүмкіндіктерді іздеуде осы жаңа технологияларға жақындайтын компаниялар үшін негізгі кеңесшілер ретінде көрсететін болады.

Бухгалтерлік бөлімнің көптеген ағымдағы процестері блокчейн мен деректерді талдау немесе машиналық оқыту сияқты блоктық басқа да заманауи технологиялардың көмегімен оңтайландырылуы мүмкін; бүл есептік қызметтің тиімділігі мен қүндылығын арттырады.

Жоғарыда баяндалғанның нəтижесíнде бухгалтерлік есепте үсынылған дағдылар ауқымы өзгереді. Тексеру жəне шыққан жерін бақылау сияқты кейбір жүмыстар қысқартылады немесе жойылады, ал технология сияқты басқа салаларда кеңес беру жəне басқа да қосымша əрекет түрлері кеңейтіледі. Блокчейн транзакцияларының дəлдíгíн немесе бар болуын сыртқы көздермен растаудың қажеті жоқ, бірақ əлí де осы транзакциялар қаржылық есептілікте қалай тіркелетініне жəне мойындалатынына жəне бағалау сияқты субъективті элементтер қалай шешілетініне көңіл аудару үшін көп уақыт керек. Ұзақмерзімді перспективада көптеген жазбалар блоктарға ауыса алады жəне рүқсаты бар аудиторлар мен реттеуші органдар транзакцияларды нақты уақыт тəртíбíне жəне осы транзакциялардың шығу тегіне сенімділікпен тексере алады.

Бухгалтерлерге блокчейннің қалай жүмыс істейтінін толық білетін инженер болудың қажеті жоқ. Бірақ оларға блокчейнді қабылдау бойынша қалай кеңес беру керектігін білу жəне блокчейннің бизнесі мен клиенттеріне əсер етуін ескеру қажет. Олар сондай-ақ технологиялармен, бизнестің мүдделі тараптарымен ақпараттандырылған сүхбаттары бола отырып, көпір ретінде шығуға мүмкіндігі болуы тиіс. Бухгалтерлердің дағдылары блокчейннің негізгі ерекшеліктері мен қызметтерін түсіну үшін кеңейтілуі тиіс, мысалы, блокчейн ACA ICAEW біліктілік бағдарламасында пайда бола бастады [5].

Экономикалык катынастарды келісімшарттык реттеу саласы соншалыкты кең, оны блокчейн аркылы автоматтандыру шын мәнінде феноменалды шекараларды ашады. Бүгінде сіздің канша кызметкерлеріңіздің келісімшарттарды сүйемелдеумен айналысатынын елестетіңіз. Блокчейн революция аякталғаннан кейін олардың кызметтері калай өзгереді? Дегенмен, бүл өте тез болмайды, өйткені әртүрлі институттардың, соның ішінде бизнесті жүргізу каушщздтн камтамасыз ету саласында да жүмыс істеуін мыкты үйлестіру кажет болады.

Блокчейн негізіндегі бухгалтерлік жүйені бірінші болып кызметінің ашыктығын арттырғысы келетін жəне аудиторларға колжеткізуді жеңілдеткізгісі келетін компаниялар енгізетін болады. Мүндай өзгерістер субъектілердің көпшілігі үшін пайдалы, бірак экономиканың көлеңкелі секторында жүмыс істейтіндер немесе өз табысының бір бөлігін жасыратындар теріс кабылдауы мүмкін. Алайда инновациялык бағытты бірінші болып игеретіндер косымша артыкшылыкка жəне нарыкта көшбасшы орынға ие бола алады.

Бухгалтерлердің өздері, əдетте, есеп саласындағы сарапшылар болып табылады. Инновациялык технология жазбаларды аудиторлар мен бөгде үйымдарға кауіпсіз колжеткізу мүмкіндігін беретін жалпы колжетімді жүйеде сактау үшін орналастыруға мүмкіндік береді. Сондыктан казір, өтпелі кезеңде, мамандар технологиялардың енгізілуін бакылап, олармен бірге жетілуді кажет етеді.

Нәтижесінде, жұмыспен камтылғысы келетін бухгалтерлер блок-тізбектер мен баска да технологиялардың калай жүмыс істейтінін түсіну үшін кажетті акпараттык технологиялар дағдыларын дамытуы тиіс.

Брикер Нью-Йоркте өткен Financial Executives халыкаралык конференциясында сөйлеген сөзінде: «Бухгалтерлік кызметпен айналысатын адамдар технологиялар мен сауда саласындағы жаңа үрдістер мен әзірлемелерді түсіну үшін жəне олардың инвесторлар үшін каржылык есептілікке әлеуетті әсерін аныктау үшін уакыт табуы маңызды», — екенін атап өтті.

Осылайша, блокчейн мен бухгалтерлік есеп катар келеді. Олар ашыктык деңгейін камтамасыз етеді жəне тек бизнес үшін ғана емес, кýкык корғау іс-әрекеттері мен кýкыктык салдарға əкеп соғатын бүзушылыктардың алдын алу үшін де пайдалы. Дегенмен, бухгалтерлік есеп процесін үтымды ету корпоративтік салалар үшін пайдалы болуы мүмкін, себебі тиісті салык саясаты туралы түсінік алу жеңілірек болады. Бір бизнес түрғысында блокчейн үйымға кауіпсіз, өзгермейтін балама үсына отырып, кол еңбегінің уакытын үнемдеуге жəне фактілерді тексеруге көмектесе алады.

Қорытындылай келе, технологиялардың дамуының әрбір кезеңінде бухгалтердің рөлі жай ғана эволюциядан өтеді деуге болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Арефьева А.С. Перспективы внедрения технологии блокчейн [Электронный ресурс] / А.С., Арефьева, Г.Г. Гогохия // Молодой ученый. — 2017. — № 15. — С. 326-330. — Режим доступа: https://moluch.ru/archive/149/42071/.
  2. Сивков Е. Что нужно знать о блокчейне директору и бухгалтеру [Электронный ресурс] / Е. Сивков. — Режим доступа: https://expes.ru/nalogi/chto-nuzhno-znat-o-blokcheyne-direktoru
  3. Маличенко И. Заменит ли бухгалтеров блокчейн [Электронный ресурс] / И. Маличенко. — Режим доступа: https://bitcryptonews.ru/blogs/blokchejn/zamenit-li-buxgalterov-blokchejn
  4. Иванов А. Как блокчейн изменит бухгалтерию [Электронный ресурс] / А. Иванов. — Режим доступа: https://www.klerk.ru/buh/articles/472371/
  5. Blockchain and the future of accountancy [Electronic resource]. — Access mode: https://www.icaew.com/technical/technology/blockchain/blockchain-articles/blockchain-and-the-accounting-perspective.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.