Ауылшаруашылық кооперативтері — сала дамуының стратегиялық жолы

Мақалада еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ауылшаруашылық кооперациясының рөлі мен маңызы қарастырылған. Мақаланың авторы ауылшаруашылық кооперациясын дамытуға кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтаған: көлеңкелі экономиканың сақталуы, тауарлық-логистикалық инфрақұрылымның дамымауы, ұсақ ауылшаруашылық өндірушілерінің болуы. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сатуда ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастырудың, материалдық-техникалық ресурстармен жəне басқа да қызметтермен қамтамасыз етудегі халықаралық тәжірибе қарастырылған. Автор Қазақстан Республикасында қабылданған ауыл шаруашылығы саласындағы кооперативтер туралы қабылданған заңдардың негізгі ережелерін талдаған. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына басты назар аударған. Сонымен қатар ұсақ шаруашылықтар мен қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге тарту, бəсекеге қабілетті ауылшаруашылық тауар өндірісін құру, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне агроөнеркәсіп кешеніне ақпараттық-кеңестік қолдау көрсетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын зерттеген. Мақалада Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі кооперативтердің ағымдағы қызметі талданған. Республикада кооперативтік қозғалыстың дамуы туралы негізгі шектеулерді анықталған. Ұсақ шаруа қожалықтарын ірі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау жəне маркетингке біріктіру бойынша ұсынымдар берілген.

Ауыл шаруашылығы - азық-түлік жəне экономикалық қауіпсіздікті, сондай-ақ әсіресе ауылдық жерлерде мемлекеттің еңбек әлеуетін қамтамасыз ететін Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі. Қазіргі таңда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің басты мәселелерінің бірі кішігірім өндіріс болып табылады, бұл жалпы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі басқарудың кішігірім шаруашылықтарының жоғары үлесімен расталады.

Осы орайда Елбасы Н.Ə. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек деп айтты. Бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтарымен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту қажеттігін ұсынды. Ауылшаруашылығын əртараптандыру арқылы 2021 жылға дейін азық-түлік экспортын 40 пайызға көбейтуді тапсырды [1].

Ауыл шаруашылығы кооперациясын құру көлеңкелі экономиканы қысқартуға бағытталған. Көлеңкелі сектордың көп үлесі жеке қосалқы шаруашылықтарда анықталып отыр. Агроөнеркәсіп кешенінде көлеңкелі экономиканың сақталуы, салық заңнамасының жетілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлығы, тауарлы-логистика инфрақұрылымының дамымағандығы, бұл, өз кезегінде, нарықта ұсақ ойыншылар санының өсуіне жəне өнімнің негізсіз қымбаттауына алып келуде. Кооперацияның даму үрдісін тежейтін негізгі себептер: коммерциялық емес формада құрылған ауыл шаруашылығы кооперацияларда пайданы үйлестіру мүмкін еместігі; ауылшаруашылық серіктестіктерімен суды пайдаланушы ауылдық тұтыну кооперативтері үшін жеңілдетілген несиелендірумен арнайы салық режимі түрінде мемлекеттік қолдаудың жоқтығы. Бұған қоса, кооперациялардың қызметі ашық емес, ал ішкі рәсімдемелер дұрыс реттелмеген.

Əлемдегí ауылшаруашылық кооперативтері - ауыл шаруашылығы өнімін шығару, қайта өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдары мен жəне материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, несиелеуге көмектеседі, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсетуде олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандырып, экономикадағы өз орындарын тапқан бірлестіктер сапында іс атқарады.

Халықаралық тәжірибеге сай ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономиканың мәселелерін шешу ауылшаруашылығы кооперациясын дамыту болып табылады. Бұл жеке қосалқы, шаруа жəне фермерлік шаруашылықтарды жəне заңды тұлғаларды аграрлық кооперативке біріктіріп,кооперативтер арқылы сауда жүйелерін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ынтамақтастығын қүруға негіз болмақ [2].

Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кооперативтерін қүру үшін бірнеше заңдар қабылданды жəне олардың тізімі төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте Ауылшаруашылық кооперативтері бойынша қабылданған заңдардың қысқаша мазмұны

Р/с №

Заң атауы

Қолданылу мерзімі

Енгізу ерекшелігі

Қолданылатын басты үғымдар

1

2

3 ¯

4

5

1

Қазақстан Республика- сындағы се- лолық түтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республи- касының 1999 жылғы 21 шілдедегі № 450 Заңы.

Қазақстан Республи- касының 2015 жылғы 29 қазандағы № 372V Заңымен күші жойылды

Мүнда пайшылар мен селолық түтыну коопе- ративтері жəне олардың қауымдастықтары (одақтарын) арасындағы қүқықтық жағдай ай- қындалады жəне қоғам- дық қатынастар реттеле- ді

Селолық түтыну коопера- тиві — азаматтардың жəне (немесе) заңды түлғалар- дың өз мүшелерінің мүлік- тік (пайлық) жарналарын біріктіру арқылы материал- дық жəне өзге де қажетте- рін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылатын мүше- лік негіздегі ерікті бірлестігі

2

Ауылшаруа- шылық серік- тестіктері жə- не олардың қауымдастық- тары (одақта- ры) туралы

Қазақстан Республи- касының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 133-II Заңы.

Қазақстан Республи- касының 2015 жылғы 29 қазандағы № 372V Заңымен күші жойылды

Заңда ауылшаруашылық серіктестіктерінің қү- қықтық жағдайы айқын- далады, серíктестíк пен оның мүшелері арасын- дағы қатынастар ретте- ледí

Ауылшаруашылық серік- тестіктерінің қауымдасты- ғы (одағы) — ауыл шаруа- шылық серіктестіктері

жалпы жиналысының ше- шімдері негізінде қүрыла- тын, сондай-ақ серіктестік мүшелеріне қүқықтық, ақ- параттық жəне өзге де қыз- меттер көрсету үшін ауыл шаруашылық серіктестікте- рінің ерікті түрде бірігуі

3

Түтыну коо- перативі ту- ралы

Қазақстан Республи- касының 2001 жылғы 8 мамыр, № 197 Заңы

Мүнда түтыну коопера- тивтерíнщ қүқықтық жағдайы, олардың қүры- луы, қызметінің, оларды қайта үйымдастыру мен таратудың үйымдық, экономикалық жəне

əлеуметтíк жағдайла- рын, мүшелерінің қү- қықтары мен міндетте- рíн, басқару жəне бақы- лау органдарының өкі- леттíгí мен жауапкерші- лíгíн белгíлейдí

Түтыну кооперативі — қа- тысушылардың материал- дық жəне өзге де қажетте- рін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пай- лық) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырыла- тын мүшелік негіздегі ерік- ті бірлестігі

4

Су пайдала- нушылардың селолық тү- тыну коопе- ративí туралы

Қазақстан Республи- касының 2003 жылғы 8 сəуíрдегí № 404 За- ңы.

Қазақстан Республи- касының 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-

Мүнда суды беру мен пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесíнде жеке жəне (немесе) заңды түлға- лардың — кооператив- тің қүқықтық жағдайын айқындайды, суару көз-

Су пайдаланушылар — гидротехникалық қүрылыс- тарды, қүрылғыларды жəне жабдықтарды пайдалана- тын жеке жəне (немесе) заңды түлғалар

1

2

3

4

5

   

V Заңымен күші жойылды

дерíн басқару, оларға билíк ету үшін барлық су пайдаланушылардың мүдделеріне сай келетін қажетті жағдайларды қамтамасыз етіледі

 

5

Ауыл шаруа- шылығы коо- перативтері туралы

Қазақстан Республи- касының Заңы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚР Заңы

Осы Заң ауыл шаруа- шылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін, сон- дай-ақ ауыл шаруашы- лығы кооперативтері

мен олардың қауымдас- тықтарының (одақтары- ның) құқықтық жағ- дайын, олардың құры- луы, қызметі, қайта ұйымдастырылуы жəне таратылуы тəртíбíн ай- қындайды

Ауыл шаруашылығы коо- перативтерінің қауымдас- тығы (одағы) — өз мүше- лерінің қызметін үйлесті- руді жəне олардың ортақ мүліктік жəне өзге де мүд- делерін қорғауды қамтама- сыз ету үшін құрылатын ауыл шаруашылығы коопе- ративтерінің ерікті түрде бірігуі

Ескерту. Автормен [3—7] негізінде əзíрленген.

Қазіргі таңда аграрлық кооперациясын реттеген Қазақстан Республикасындағы «Селолық тұтыну кооперациясы» туралы, «Ауылшаруашылық серіктестіктері жəне олардың қауымдастықтары (одақтары)» жəне «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативí» туралы Заңдар күшін жойды. Оның орнына ауылшаруашылық ынтымақтастығын дамыту мақсатында 2015 жылдың қазанында аграрлық бизнес тиімділігін арттыру құралы болуға тиіс болатын Қазақстан Республикасының (ҚР) «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» Заң қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Қабылданған заң ауылшаруашылық субъектілері мен агроөнeркəсіптік өндірушілер үшін кішігірім басқару нысандарын ірілендіру, біріктіру жəне жер ресурстарын тиімді пайдалану, өндірілген өнімнің тұрақты сатылымын ұйымдастыру, сақтау, өңдеу жəне басқа да қызметтерді көрсету барысында кооперативтік принциптердің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын іске асыру мақсатында ауылшаруашылығы саласындағы кооперацияның маңыздылығын арттыруға бағытталған.

«Ауылшаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңының күшіне енгеніне қарамастан, шаруалар кооперативтердің экономикалық жағынан қаншалықты тиімді екендігін толық сезіне қойған жоқ. Мұндағы артықшылықтардың мəнí мынада, ең алдымен, еңбек өнімділігі артып, өткізетін тауар мол болғаннан кейін өнімге сұраныс тұрақталады, өндіріс қуаты тиімді пайдаланылып, шығын азаяды, маркетингтік ақпаратқа қолжеткізіледі. Ең бастысы, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Сондықтан əркíм өз бетімен, жеке-жеке өмір сүрудің тиімсіз екендігін түсінетін уақыт жетті. Одан да бірлесіп ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағыт ұстап, сүт өнімдерін қабылдайтын орталық құрылса, немесе отбасылық бордақылау жəне мал сою алаңдары ашылып, орталықтандырылса, ауыл тұрғындарының ұтатыны анық.

Ауыл шаруашылығы ұйымы ішінде ауылшаруашылық тауарын өндірушілер гербицидтерді, ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін алып, машина-трактор паркінің қызметтерін пайдаланып, өзіндік құн бойынша кооперативте өз өнімін қайта өңдеу мүмкіншілікке ие болады. Сонымен қатар бірігу есебінен кооператив мүшелері өз табыстарын тауарлардың ірі топтамасымен ұзақмерзімді жеткізулерге қатысу арқылы ұлғайта алады. Ревизиялық одақтар (қауымдастықтар) кооперативтерге жыл сайынғы міндетті тексерістер жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің мəлíметíне сүйенсек, ұсақ шаруа жəне жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге тарту бойынша мынадай жұмыстар жүргізілген:

  1. барлық 160 ауылдық ауданда семинарлар өткізілді жəне 2 248 ауылдық округ əкíмí мен аудан әкімінің орынбасары оқытылды;
  2. ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін кепілсіз жəне алғашқы жарнасыз модульді сүт қабылдау жəне сою пункттерін сатып алу схемасы енгізілді, сондай-ақ кооператив мүшелері үшін кредиттерге кепілдік беру тетігі көзделді.

Сонымен бірге тіркелген кооперативтердің барлығы дерлік ұсынылатын талаптарға сəйкес келе бермейді, ал жекелеген өңірлер бойынша жұмысты тұтастай күшейту қажет. Мұндай кооперативтерді талаптарға сəйкес келтіру жөніндегі шаралар əкíмдíктер назарына жеткізілді жəне олар бойынша нақты жоспар жасалды. Сондай-ақ тиімсіз субсидиялар қысқартылып, салық салу жүйесі жетілдірілетін болады, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, саланы техникалық қайта жарақтандыру жүргізіледі [8].

Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы кооперациясы картасы қабылданды, Карталарды іске асыру агроөнеркəсіптік кешенді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға, бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын нығайтуға жəне саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2017 ж. басынан бері 1 қазандағы жағдай бойынша 745 ауылшаруашылығы кооперативі құрылған (жылдық жоспарда – 326). 102 587 ірі қара малға арналған 6 159 отбасылық бордақылау алаңы ашылды. Қабылданған шаралар 7,6 мың жеке кəсíпкерлердí тартып, 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ ауылшаруашылығы кооперациясына шамамен 56 мың жеке қосалқы жəне ұсақ шаруашылықтарды тартуға мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,3 %-ға ұлғайтылды. Биыл жүргізілген егісті əртараптандыру жұмыстары майлы жəне бұршақты дақылдар өндірісінің көлемін 376 мың т-ға, немесе өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 18 %-ға, ұлғайтуға жол ашты. 2017 ж. 18 қазандағы жағдай бойынша, 15,2 млн га, немесе 99,7 %, дəндí жəне дəнді-бұршақты дақылдар алқаптары жиналды. 14,3 ц/га егін өнімділігі кезінде 21,8 млн т астық бастырылды, сонымен қатар 1,7 млн га, немесе 68 %, майлы дақылдар алаңы жиналды. 2017 ж. 3,3 млн т картоп жиналды, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 709 мың т-ға жоғары. Есептік кезеңде 3,2 млн т көкөніс (654 мың т-ға жоғары), сондай-ақ, 2,2 млн т бақша дақылдары (126 мың т-ға жоғары) жиналды. 2017 ж. тоғыз айында ет өңдеу үлесі – 33 %, сүт өңдеу – 24 %-ды құраған [9].

Ал енді еліміздің өңірлері бойынша экономикалық талдау жасайтын болсақ, мысалы, Ақмола облысында 46 кооператив (11 ет, 35 сүт бағыты) құрылған. Оның нəтижесíнде 157 жаңа жұмыс орны ашылып, несиелік қаражат есебінен 23 модульді сүт қабылдау пункті, 1 сою станциясы, 10 сүт таситын көлік сатып алынған. Меншікті өңдеу бір кооперативте ғана жұмыс істейді, бұл белгіленген Ауылшаруашылық кооперативінің (АШК) жалпы санының 3 % құрайды. Сондай-ақ облыста бос тұрмыстық техника сатып алынды. Аймақтағы шығынды кооперативтердің үлесі 56,5 %-ды құрайды.

Өңірде малдың санының өсуін орта жəне ірі кəсíпорындар құрайды. Агроөнеркəсіптік кəсíпорындардьщ деректерін өңдеудің жалпы өсуі меншікті қуаттар есебінен қамтамасыз етілді жəне өткен жылда 9,5 % құрады [10].

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Акционерлік қоғамы Қостанай облысы филиалының директоры Марат Салықбаевтың мəлíметíнше, 2018 ж. Қостанай облысында

17 ауылшаруашылық кооперативін құру жоспарланған. Бұл мақсатқа 1 млрд 827 млн тг бағытталады. 2016 ж. 6 пилоттық ауылшаруашылық кооперативі құрылып, іске кірісті. Құрылған кооперативтердің 3-і – сүтті бағытта (Федоров, Мендіқара, Қостанай аудандары), 3-і – етті бағытта (Амангелді, Денисов, Сарыкөл аудандары) жұмыс істейді. Филиал тарапынан 181 кооператив мүшесі қаржыландырылды. Қаржы сүт өндіру үшін аналық мал басын сатып алуға, малды бордақылау мен ауылшаруашылық өнімін алу үшін мал басын сатып алуға бағытталды. Сатып алынған малдың жалпы саны – 2000-ға жуық. Қаржыландыру сомасы – 357 млн тг. Одан бөлек, Қор кооперативтерге құрал-жабдықтар мен техника алуға 40,3 млн тг көлемінде несие берген.

Кооперацияны дамыту мақсатында Қостанай облысында «Успеновка-Сүт» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 2016 ж. желтоқсан айында құрылып, 960 мал басы бар 320 жеке шаруашылықты біріктірді. «Успеновка-Сүт» АШК басшысы Иван Червонюктің мəлíметíнше, «Ырыс» бағдарламасы бойынша Қор жалпы сомасы 72,5 млн тг 34 кооператив мүшесін қаржыландырды. Жеке қосалқы шаруашылықтар несиелік қаржыға 273 ірі қара мал басын сатыпалды жəне кооператив сүт таситын көлік пен модульдік сүт қабылдау бекетін алды. Тəулíгíне өндіруші кəсíпорьюта 9 т сүт жеткізіледі [11].

Ал Ақтөбе облысында 2017 ж. 188 шаруа қожалығы ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерімен айналысады. Олар, негізінен, ешкі сүті мен бал өндіріп, балық өсіреді, құлпынай жəне таңқурай егеді. Сонымен қатар 198 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Алдағы мақсат ірі ауылшаруашылық кəсшорындарында шағын жəне орта шаруашылықтар мен кооперативтерді дамытудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Өңірдегі осындай ынтымақтастықтың жақсы үлгісі ретінде бүгінгі күні жанында 357 шаруашылық жұмыс істейтін «Актеп» жауапкершілігі шектелген серіктестікті атауға болады [12].

Батыс Қазақстан облысында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» қатысуымен 25 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, оның ішінде 22 ет бағытында жəне 3 сүт бағытындағы. Олар 1093 шағын шаруашылықты біріктіріп отыр. Бүгінгі таңда 6 батыс қазақстандық кооператив 90,5 млн тг көлемінде, кооперативке кірген 660 шаруашылық 1 млрд 980 млн тг көлемінде несиелер алды. Қор қаражатының көмегімен модульдік сою жəне сүт қабылдау бекеттері, 2,6 мыңнан астам мал басы сатып алынды [13].

Қарағанды облысында 2016 ж. 17 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. 2017 ж. – 56. Алайда бүгінгі таңда бес аудандағы 73 кооперативтің тек 15-і ғана өнімдерін шығара бастады – барлығы 631 т сүт жəне 77 т ет. Абай ауданындағы шаруашылықта 375 тонна сүт өндірілген, ол жалпы көлемнің шамамен 50 % құрайды. Бұқаржырау ауданында 4 кооператив шамамен 100 т сүт, ал Қарқаралы ауданындағы 4 кооператив – 100 т сүт өндірді. Қалған 55 т Нұра ауданына тиесілі. Жаңаарқа ауданының ауылшаруашылық кооперативтері 6 т ет сатқан. Қалған аудандарда өнім өндіру əлí басталған жоқ.

Қарағанды облысының Шет ауданындағы «Алға» кооперативі алғашында құрамында 20 қатысушысы болған бірлестіктің бүгінде 40-тан астам қатысушысы бар. Кооперативке кірген шаруашылықтар қандай табысқа жетуіне мынадай жағдайлар себепкер болды: Біріншіден, жеңілдетілген несиелеуге қолжеткізді. Шағын несие ретінде берілген 82,3 млн тг 630 ірі қара мал басын сатып алуға жұмсалды. Екіншіден, кооператив ауылда мал соятын бекетті орнатты. Модульдік жабдықтың жарты сомасы мемлекеттік субсидия есебінен төленіп, қалған жартысын кооператив 7 жыл ішінде қайтарады. Үшіншіден, өндірушілер өнімді тауарлық заттармен сапалы түрде алатын болды [14].

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданының «Красный яр» кооперативі өз ауылында құс фермасын ашты. Жеңілдікпен несиелеу асыл тұқымды қаздарды жəне өнеркəсіптік инкубаторды сатып алуға мүмкіндік берді. Ендігі жерде мал соятын жəне мамықты қайта өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр. Жалпы, Қордың қолдауымен 160 сүт қабылдау бекеті, 70 мал сою бекеті қаржыландырылып, бордақылау үшін 100 мың ірі қара мал жəне 28 мыңнан аса сүтті ірі қара мал сатып алынды, 51 сүт тасымалдау көлігі мен 42 рефрижератор сатып алынды. Құрылған кооперативтер толық жұмыс істегенде жыл сайын 67,5 мың тонна сүт, 24 мың т ет, 10 мың т алма, 15 мың т басқа ауылшаруашылық өнімін дайындайтын болады. 2018 ж. да ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру жалғастырылады. Бұл орайда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жалпы сомасы 45 млрд т-ден астам несиелеуді жоспарлап отыр [15].

2017 ж. қорытындысы бойынша республиканың ауыл шаруашылығының барлық салаларында 1180 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелді. Тəжíрибе көрсеткендей, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындауды тек 528 ауыл шаруашылығы кооперативі ғана жүзеге асырып отыр. Кооперативтердің қалған бөлігі өз қызметін жаңа форматта жүзеге асырмайды немесе келешегі жоқ.

2017 ж. ауыл шаруашылығын қолдауға 25 млрд тг бөлінді. Жабдықтарды сатып алу үшін жалпы саннан 329 ғана АШК несиемен қаржыландырылды. Несие желісі бойынша жабдықты алған кейбір АШК оны толық көлемде пайдаланбаған, алынған жабдық ешқашан пайдаланылмаған жағдайлар да болған [8].

Тəжíрибе көрсеткендей, бұл жағдай Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне тəн. Кооперацияның дамуына теріс əсерíн тигізіп отырған мынадай негізгі мəселелердí көрсетуге болады:

  • АШК қызметін жүзеге асырмайтын кооперативтердің айтарлықтай көп болуы;
  • кооператив мүшелерімен өзара əрекеттесу кезінде пайдаға салық салу мəселелерí, алғашқы қосымша құн салығының болмауы;
  • құрылған АШК-нің нашар жабдықталуы;
  • қажетті жобалық қуаттылық үшін белгіленген АШК өндірісінің болмауы;
  • өндірілетін өнімдерді сатумен байланысты проблемалардың болуы, өнімнің технологиясы мен қауіпсіздігі саласындағы нақты білімнің жоқтығы, сондай-ақ негізгі жəне айналымдағы қаржының жоқтығы;
  • өнімге (ет, сүт жəне жеміс) арналған қайта өңдеу кəсíпорындарыньщ бəсекеге қабілетті бағасы нарықтық бағалармен салыстырғанда бəсекеге қабілетті еместігі.

Сонымен, шағын шаруа қожалықтарды ірі өндірушімен немесе қайта өңдеушімен серіктестік қалыптастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру – аталған саланың дамуына əсерíн тигізеді, атап айтқанда:

  • кооперативке біріккен барлық қатысушылардың технологиялары толығымен сақталады;
  • фермерлерге жəне асыл тұқымды күшейткіштерге кепілдік беру сатылымы, бордақылау алаңдары, фермерлердің табыстылығын арттырады;
  • сапалы жəне қымбат асыл тұқымды бұқаларды пайдалану (жалға алу есебінен) жүзеге асырылады;
  • бордақылау алаңдары мен ет өңдеу зауыттарының жүктемесін көтеру, мəдени азық-түлік өнімдерін өндіруді ынталандырады;
  • тұрақты сапалы ет өнімдері ветеринарлық қауіпсіздікті арттырады;
  • малдарды өнеркəсіптік сою экспорттауға жарамды кепілдік беруді қамтамасыз етеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017 ж. [Электрондық ресурс] / Н. Назарбаев. — Қолжетімділік тәртібі: http://www.akorda.kz/kz/addresses /addresses_of_president/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2017-zhylgy-31-kantar.
  2. Өксікбаев М. Ауыл шаруашылығы кооперативтері дамуы: əлемдíк тәжірибе [Электрондық ресурс] / М. Өксікбаев. — Қолжетімділік тәртібі: http://farmers.kz/kz/news/cooperation/auyl-sharuashylygy-kooperativteri-damuy-elemdik-tezhiribe.
  3. Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 21 шілдедегі № 450 Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000450_.
  4. Ауылшаруашылық серіктестіктері жəне олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II Заңы [ Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000133_.
  5. Тұтыну кооперативі туралы. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 мамырдағы № 197 Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000197_.
  6. Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 сəуíрдегí № 404 Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000404_.
  7. Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000372.
  8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметовтың 2017 жылғы 2 маусымдағы халық алдында есеп беруі [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://mgov.kz/aza-stan-respublikasy-auyl-sharuashyly-y- ministri-a-i-myrzahmetovti-2017-zhyl-y-2-mausymda-y-haly-aldynda-esep-berui/.
  9. Әбдірейқызы Б. Бағдарламалар басым міндеттерді шешеді [Электрондық ресурс] /Б.Әбдірейқызы. — Қолжетімділік тәртібі: http://economics.kazgazeta.kz/?p=22448.
  10. Әліпбай С. Ауылды кооперативтендіруде асығыстыққа жол берілмесе игі [Электрондық ресурс] / С. Әліпбай. — Қолжетімділік тәртібі: https://www.egemen.kz/article/167233-auyldy-kooperativtendirude-asyghystyqqa-zhol-berilmese-igi.
  11. Қалдан Е. Биыл 17 Ауылшаруашылық кооперативі құрылады / Е. Қалдан // «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газеті. — 2017. — 10 мамыр. — 3-б.
  12. Ақтөбе облысының əкíмí Б.М. Сапарбаевтың «2017 жылдың əлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жəне 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебіне тезистері [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://www.aktobegazeti.kz/?p=63075.
  13. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://www.kazagro.kz.
  14. Кооператив жұмысын ширату қажет // Орталық Қазақстан. — 2017. — 9 қараша. — 3-б.
  15. Жағыпарұлы Ж. 2018 жылы да ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру жалғасады / Ж. Жағыпарұлы // Егемен Қазақстан. — 2017. — 27 желт. — 5-б.
Жыл: 2018
Категория: Экономика