Мақала Таяу Шыгыстагы араб елдеріндегі әлеуметтік-саяси үдерістерде исламның рөлін зерттеуге арналған. Сондай-ақ Таяу Шығыс аймағын қамтыған араб төңкерістерінің тарихи себептері мен әлеуметгік-саяси алғышарттары зерттелді. Автор тарихи тұрғыдан араб елдерінің әлеуметтік-саяси жəне идеологиялық дамуына талдау жасады. Сонымен қатар көптеген араб мемлекеттерінің авторитарлық басқару үлгісінен либералды үлгіге өту барысындағы негізгі бағыттары мен үрдістерін зерттеді. Сондай-ақ соңғы жылдарда орын алған маңызды саяси оқиғалар исламның араб елдеріндегі саяси үдерісте алатын ерекше орнын айқындайды деген қорытындыға келді. Бүгінгі таңда ислам әлемдік қоғамдастықтың геосаяси үдерістеріндегі ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ислам факторы көптеген қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси жəне экономикалық мәселелерді реттеу мен шешу жолында ғана емес, сондай-ақ мемлекетаралық қарым-қатынастарға да зор ықпалын тигізіп отыр.
Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар аймақтағы саяси үдерістерде исламның өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді. Араб елдерінде ислам жəне діни қайраткерлер дәстүрлі түрде мемлекеттің өзіндік ерекшелігін, билік сипатын, діни заңдардың секулярлық әділеттілікке, ортақ үйлесімділігіне, адам құқықтарын қорғауға, әйелдердің қоғамдағы жəне елдің ішкі жəне сыртқы саясатының көптеген аспектілеріне қатысты рөлін анықтауға үлкен ықпал етеді.
Сонымен бірге аймақтағы дәстүрлі қоғам әрқашан этникалық жəне діни әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұндай мемлекеттерде əлеуметтíк қатынастар, əдетте, діни, этникалық, жəне тайпалық қауымдастығына негізделген. Дағдарыс жағдайында бұл этникалық жəне діни негіздегі қақтығыстарды тудыруы мүмкін. Бүгінгі таңда Таяу Шығысқа этникалық жəне конфессиялық белгілері бойынша ыдырау қауіпі төніп тұр. Билік пен территория үшін күреске негізделген алдыңғы қақтығыстар өзінің қырып-жою əлеуетíн көрсетті. Бірақ этникалық немесе діни негіздегі қақтығыстардың зардаптары олардан əлдеĶайда тереңірек болуы мүмкін. Конфессионализм мен ұлтшылдық этникалық сепаратизм мен діни қақтығыстарға алып келеді жəне Таяу Шығыс елдерінің мемлекеттік тұтастығын сақтауға елеулі қатер төндіреді.
ХХ–ХХÌ ғасырлардағы Таяу Шығыстағы араб елдерінде орын алған маңызды саяси оқиғалар арабтардың экономикалық, саяси жəне рухани өмірінің түрлі салаларына ықпалын тигізді. Бұл адамдардың санасында елеулі өзгерістерге əкелíп, қоғамдық-саяси сананың жаңа элементтерін қалыптастыруда материалдық алғышарттардың пайда болуына септігін тигізді. Мұның бəрí Араб Шығысындағы заманауи əлеуметтíк жəне саяси ойдың эволюция үдерісі мен араб халықтарының мінез-құлықтарына белгілі бір із қалдырғаны анық.
Араб əлемí — Таяу Шығыстың этникалық негізін құрайды. 2016 жылғы мəлíмет бойынша, Араб əлемí — бұл шамамен 350 миллион адам, жалпы ішкі өнім бес триллион АҚШ долларына тең жəне Жердің көмірсутегі байлығының шамамен 70 пайызы [1]. Араб елдерінің саяси жүйелері қазіргі уақытта мемлекеттік құрылымдардың, саяси партиялардың, ұйымдардың жəне əлеуметтíк-саяси сипаттағы бейресми ағымдардың шиеленісуін білдіреді, бұларды тұтастай алғанда Араб Шығыстағы мемлекеттердің саяси өмірінің қазіргі заманғы нысандары деп санауға болады [2]. Араб елдері халық cанының үлкен өзгерістерін бастан кешті [3]. Халықтың шамамен 30 пайызы — 20-35 жас аралығындағы жастар, бұл көрсеткіш жастардың саны жоғары екендігін көрсетеді [4].
ХХ–ХХÌ ғасырдың тоғысында Таяу Шығыстағы араб елдеріндегі əлеуметтíк-саяси сананың дамуы бірнеше өзара əсер ететін факторлармен анықталады. Бір жағынан, арабтар мен исламдық ынтымақтастық идеясы мен христиан əлемíне мыңжылдық қарсыласу тəжíрибесí, сондай-ақ крестшілерге қатысты жеңістердің тарихи есімі жəне еуропалық отаршылдық экспанисиясына төтеп бере алмау — жаппай араб санасында терең тамыр жайған. Екінші жағынан, XIX ғасырда басталған «батыстандыру» мен жаңғырту үдерістері әртүрлі əлеуметтíк топтар мен араб қоғамына елеулі əсеретті. Əрбíр араб мемлекеті өзінің тарихымен, халықтың этникалық жəне конфессиялық құрамымен, оның ұлттық əдетщурпымен жəне салт-дəстүрімен ерекшеленеді. Сонымен қатар араб халықтарының дүниетанымдық мінез-құлқында сенімнің негізгі элементтері, ортақ тілі, аумағы, шығу тегі мен тарихи тағдырымен байланысты белгілі бір жалпы қағидалар қалыптастырылған. Осылайша, араб халықтарының басым бөлігі Батыстың мəжбүрлеп енгізген жаһандану үдерістері мен саяси жаңғыртуды мақұлдамады. Олардың көзқарасы бойынша, бұл үдерістер байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты тереңдетумен қатар, қоғамның түрлі топтарына зақымын келтіреді. Араб көтерілістері қарсаңындағы əлеуметтíк жағдайдың шиеленісуі Таяу Шығыстағы барлық араб елдері үшін, тіпті Парсы шығанағындағы мұнай өндіретін монархиялар үшін де тəн құбылыс болды.
Бұл құбылыс ішкі жəне сыртқы факторларға байланысты болды. Айта кететін болсақ, дербес билік, конфессиялық, таптық жəне қауымдық қауымдастық қағидаларына негізделген тұрақты авторитарлық билік жүргізу жағдайында демографиялық өсу мен урбанизация үдерістерінің қарқынды дамуы нəтижесíнде араб елдерінің қалалық тұрғындарының маңызды бөлігінің маргинализациялануы еді. Араб елдеріндегі жұмысшы топтардың көп бөлігінің кедейлігі елдегі негізгі қаржылық ағымдарды бақылайтын жоғарғы билік тұлғаларының баюымен сипатталды. Осылайша, 2003 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде Таяу Шығыстағы бай адамдардың жеке байлығының жалпы көлемі өсті жəне 1-1,3 триллион АҚШ долларын құрады. Дегенмен, бұл көрсеткіш əлемнщ кез келген аймағынан гөрі əлдеқайда жылдам өсім көрсетті. Таяу Шығыстағы бай адамдар санының жыл сайынғы өсу қарқыны алдағы бірнеше жылда 9,1 пайызға жетуі мүмкін [5]. Осымен қатар, араб халқының сауаттылығы өсті, ерлер мен əйелдердщ мəдени деңгейлері бірте-бірте жақындап келді, сонымен бірге халықтың қоғамдық санасы өзгерді. Мұндай динамика негізінен жаңғырту үдерістерінің дамуымен байланысты болғанымен, араб елдерінің даму жағдайында бұл Батыстың демократия мен реформалар идеяларына қарсы шығуы мүмкін.
Өткен ғасырдың соңғы ширегінде демократиялық ағымдар дамушы жəне бұрынғы коммунисгік əлемнщ көп бөлігін қамтиды. Дегенмен осы уақытқа дейін араб əлемí осы революциядан зардап шеккен жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы басып шығарған, араб зиялыларының көрнекті тобы дайындаған Адам дамуы туралы бірінші араб есебіне сүйенсек, араб елдерінде саяси жүйе «барлық азаматтарға ашық болған жоқ» жəне «бас бостандығының тапшылығы» сипатталған, бұл шын мəнíнде өкініш білдірумен қатар, араб əлемíндегí саясатқа қатысу өзге дамушы аймақтарға қарағанда бəсеңдеу дамығанын көрсетеді [6]. Кейінгі есептерде бұл бағалау расталды. Томас Карозерс пен Марина Оттевей халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының мүшелері, демократия бағытында араб елдерінің көбісінде демократия бағытында жетістіктер аз екенін жазды [7].
Екінші жағынан, АҚШ-тың терроризмге қарсы соғысы, Иракта АҚШ əскерлерíнщ болуы, Палестина-Израиль қақтығысы — Араб Шығыс елдерінде əлеуметтíк шиеленістің өсуіне себеп болды [8]. Қауіпсіздік күштері осы үдерістерді бақылауға тырысты. Дегенмен, араб басшылары мұндай демонстрациялар саяси жүйеден тыс жəне саяси режимді тұрақсыздандыруы мүмкін деп қауіптенді. Арнайы қызметтер жəне осы елдердің тұрақты қызметтері қиын жағдайға тап болды. Шын мəнíнде, оларға өз халқының көпшілігінің пікіріне қарсы тұруға тура келді. Бұл жағдай жаппай халықтық көтеріліс жағдайында араб елдеріндегі ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін. Іс жүзінде, бұл араб елдеріндегі исламшылдық сезімдердің өсуі мен радикалды ислам қозғалыстарының белсенділігінің артуымен жəне олардың өкілдері демократия туы мен реформалар аясында мемлекеттік билік орындарында өзін-өзі құруға ұмтылуымен сипатталады. «Шынайы немесе түпнұсқа» исламға оралу идеологиясы араб қоғамына батыс мəдениетí мен оның күнделікті тұрмыс- тіршілікке ықпалымен жəне оның дәстүрлі қоғам құндылықтарына нұқсан келтірумен қатар жүрді.
Айтып кеткен мəселелер көптеген араб елдерінің қазіргі саяси қалыптасуының негізі болып табылатын ұлтшылдық қағидасымен қиындады. Осман империясы ыдырағаннан кейін тəуелсíз мемлекеттер осы қағида негізінде қалыптасты, қоғамдардың көпконфессиялық жəне көпұлтты сипаты көбінесе отаршылдық кезеңде ұлттық шекараны ерікті түрде қалыптастырумен байланысты болды. Нəтижесíнде тəуелсíз араб мемлекеттерінің мемлекеттің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығы үшін əлеуеттí қауіп пайда болды. Бір жағынан, олардың пайда болуы отаршылдыққа қарсы соғысқан туы астында ұлтшылдық қағидасына негізделген. Бұл тұрғыдан алғанда, олардың саяси ұйымы, əрине, ұлт-мемлекетті бейнеледі. Екінші жағынан, көпконфессиялы жəне көпұлтты қоғамдағы ұлтшылдық мемлекеттің орталықсыздандырудың жасырын қауіпін төндіреді, себебі көптеген ішкі жəне сыртқы факторлардың ықпалымен ол этникалық жəне діни қауымдастықтардың тəуелсíздíк үшін күрестепайдалануы мүмкін. Осындай жағдайда ыдырау үрдістерін еңсерудің жалғыз жолы биліктің авторитаризмі болды, оның сөзсіздігі мен беделі жаңа басшылыққа деген адалдық күші мен қағидасына негізделген болатын [9]. Алайда үзақмерзімді перспективада бүл əдíстер мен қүралдардың тиімді болуы шамалы, ал революциялық көтеріліс жағдайында олар жеке мемлекеттердің аумақтық түтастығына тікелей қатер төндіреді.
Ұлттық мемлекеттің заңдылығы, басқа да саяси үйымдар сияқты, ең алдымен, оның азаматтарының өмірі жəне олардың өркениеттік қүндылықтарын қорғауға қабілеттілігімен сипатталады. Алайда араб елдері жаһандану үдерісіне тартылғандықтан, бүл қабілет біртіндеп эрозияға үшырады. Аймақтың көптеген елдерінің экономикасы индустрияландырылған жағдайда, байланыс, көлік жəне коммуникация, заманауи технологиялар, өнеркəсiптiк қару өндірісі үлт- мемлекеттің бүл қорғаныс функциясын марети. Сонымен қатар Араб Шығысындағы жаңадан қалыптасқан мемлекеттердің айтарлықтай саны саяси жəне əскери жағынан əлсíз, экономикалық түрғыдан қабілетсіз болып шықты. Олар тиімді басқаруды қамтамасыз ете алмады, өз халқын өз бетінше тамақтандырып, өздерін қорғай алмады. Сондықтан аймақтағы елдердің көбі күштің белгілі бір тепе-теңдігін сақтау үшін күшті мемлекеттерден көмек іздеуге мәж6үр болды.
1990-2000 жылдардың басындағы геосаяси жағдайдың өзгеруі Таяу Шығыста қалыптасқан күштер тепе-теңдігін жойды. АҚШ пен кейбір Батыс елдерінің «исламдық» терроризмге қарсы күрестің аясындағы аймақ мемлекеттерін мəжбүрлеп демократияландыруға бағытталған қысым саясаты Таяу Шығыстағы «авторитарлық кеңістіктің» қалыптасуына алып келді, ол саяси ислам мен этноконфессиялық сепаратизм қозғалыстарына толы болды.
Стратегиялық жəне халықаралық зерттеулер орталығын басқаратын танымал американдық сарапшы Кордесманның айтуынша, басты мəселе Батыс пен Ислам əлемíнщ өркениеттерінің қақтығыстарында емес, араб-ислам əлемíндегí ішкі қарама-қайшылықтарда жатыр. Бүл жерде араб əлемí саяси, экономикалық, мəдени жəне демографиялық мəселелерíн реформа мен өзгерістер жолымен шеше алатындығы туралы немесе ол көптеген зорлық-зомбылық пен революцияларға тап болады деген сүрақ туындайды [10].
Мүндай жағдайларда мемлекеттік тəртíптщ негізі болып табылатын үлтшылдық енді қоғамды саяси үйымдастыру, оны жүзеге асыру жəне түрақтылықты сақтап қалудың тиімді қүралы бола алмайды, бірақ анархияға бейімділік үрдісіне итермеледі. Таяу Шығыс елдерінің үкіметтеріне ішкі түрақтылықты қамтамасыз ету жəне олардың қуатты көршілерімен теңдестірілген қарым-қатынас жасау қиынға соқты. Ішкі тəртíптщ болмауы жəне саясатта анархисттік үрдістердің күшеюі Таяу Шығыстың геосаяси, энергетикалық, көлік жəне байланыс маңыздылығын ескере отырып, Таяу Шығыс аймағына ғана емес, бүкіл əлемге қауіп төндіреді.
Тарихи түрғыдан алғанда араб үлтшылдығының дамуы зайырлы жəне діни бағыттардың өзара қатынас үдерісі негізінде жүзеге асырылды. Біреуінің екіншісінен басымдығы, ең алдымен, араб елдерінің дамуының нақты тарихи жағдайларына жəне аймақта қалыптасқан саяси конъюнктураға байланысты болды. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы араб үлтшылығы ХІХ ғасырдың соңындағы саяси қозғалыстардың идеология өзгерісі болып табылады. XIX ғасырдың соңында арабтардың мəдени жəне білім беру қозғалысы элементтерінің бірі ретінде пайда болған араб үлтшылығы бірден саяси қозғалыстарының идеялық ағыны болып табылатын арабтардың қоғамдық-саяси санасында жетекші үрдіс болмады. Ұзақ уақыт бойы пан-исламизм жəне османизмнің идеялары пан-арабизмнің дамуына кедергі болды. ХІХ-ХХ ғғ. көптеген араб саясаткерлері араб үлтшылдық идеяларына өте кумəнмен қарады жəне христиан Батысының экспансиялық үмтылыстарына төтеп бере алатын жалғыз қуатты ислам мемлекетінің — Осман империясының күшін жояды деп сенді. Сондықтан сол кезеңдегі араб үлтшылдық идеялары негізінен пан-исламизм мен османизмнің аясында дамыды. 1916 жылғы Ұлы араб көтерілісі араб бірлігі идеясының эволюциясында елеулі оқиға болды, бүл көтеріліс кезінде арабтар қолдарына қару үстап, дербес араб империясын қүру үшін Осман билігіне қарсы ашық түрде шыққан еді.
Алайда ХХ ғасырдың 1930-1940-жылдарында Араб Шығысында исламның алатын орны айтарлықтай күшейе түсті. Исламизм араб-мүсылман əлеvмедτiк ойының қүбылысы ретінде ислам дінін, мəдениетíн жəне тарихи дəстурлерш сақтауды қоғамның əрí қарай дамуының маңызды шарты ретінде қарастыратын кейбір мүсылмандардың көңіл-күйін көрсетеді. 2000 жылдың басында араб елдерінде, əсíресе, жастар ортасында мүсылмандарды сəйкестендíру мен исламның саясаттануына көбірек көңіл бөлінуде. Бүған қоса, бүл үдеріс тек діни ғана емес, сонымен бірге мəдени жəне əлеvмедтiк-саяси сипатқа ие екенін атап өткен жөн [11].
Қазіргі уақытта араб елдерінің зайырлы саясаткерлері азаматтық қоғам құрудың тарихи қажеттілігін түсініп отыр. Сонымен бірге Шығыс елдерінде қажетті экономикалық институттардың болмауы мен олардың тарихи даму ерекшеліктері Батыс үлгісіне сəйкес қоғамды құру мүмкін емес екендігін көрсетеді. Саясаткерлердің ойынша, Таяу жəне Орта Шығыстың кейбір мұсылман елдерінде Батыстағыдай азаматтық қоғам құрудың жалғыз қолжетімді жолы — ислам фундаментализмі болып табылады [12]. Ал басқа пікірге жүгінетін болсақ, қазіргі кезеңде авторитаризмнің негізгі қызметі өз мәресіне жетті. Өнеркәсіптік дәуірдің шынайылығы жаңа саяси тәртіпті қажет етеді. Бұл үдерістің жеделдетуіне жаһанданудың ықпалы бар. Нәтижесінде авторитарлық мемлекеттердің көпшілігі, ең алдымен, саяси белсенді бөлігі демократия бағытындағы өзгерістерді талап етеді. Сарапшының пікірінше, Латын Америкасы, Оңтүстік Корея, Тайвань, Филиппин, Индонезия жəне басқа да Азия мен Мұхиттың басқа да көптеген елдері авторитаризм үшін осы сын кезеңінен өтті жəне ендігі кезек — араб әлемінде [13].
Парсы шығанағы аймағында геосаяси үдерістерді дамытудың маңызды факторына саяси исламды жатқызуға болады. Саяси ислам тек діннің өзін ғана емес, сонымен қатар араб әлемінің әлеуметтік-саяси құрылымының саяси, идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық негіздерін де қамтиды. Қазіргі уақытта Парсы шығанағының елдері исламды саяси салаға белсенді түрде бейімдеуде, оны билік үшін күресуде пайдаланады. Саяси исламның күшеюі Парсы шығанағы елдерінің дәстүрлі қоғамы ұлттық бірегейлікті қорғай отырып, ислам радикализмін белсенді түрде қолдайды. Исламдық ынтымақтастықтың қайнар көзі дәстүрлі араб қоғамының құндылықтары болып табылады. Алайда өздерін режимнің негізгі қарсыластары деп санайтын исламшылар кең ауқымды әлеуметтік қорға ие болуымен қатар, бүгінгі тұрақсыздықты өз пайдасына пайдалануы əбден мүмкін [14].
Діни көңіл-күйдің өсуі, қоғамның исламдануының тереңдеуі аймақтағы демократиялық үдерістерге кері ықпал етеді. Сонымен қатар егер XX ғасырдың екінші жартысына дейін ислам әлемі ғаламдық шешімдерді қабылдау орталығынан бөлектенсе, қазіргі кезде ислам әлемдік қоғамдастықтың геосаяси үдерістеріндегі ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ислам факторы көптеген қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси жəне экономикалық мәселелерді реттеу мен шешу жолында ғана емес, сондай-ақ мұсылман жəне мұсылман емес елдердің мемлекетаралық қарым-қатынастарына зор ықпалын тигізіп отыр. Соңғы онжылдыққа тəн ерекшеліктің бірі — ислам факторының геосаяси үдерістерде ықпалының күшеюі. Егер бұрын саяси ислам идеологиясы ұлттық сипатқа ие болып, сол мемлекеттердің тоталитарлық режимдеріне қарсы бағытталған болса, қазір бұл саяси қозғалыс өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда саяси ислам идеологиясы аймақтық шеңберден ауытқып, трансұлттық саяси сипатқа ие болды. Ислам факторының ықпалы биліктің теократиялық негіздемесінде, мемлекет пен саяси үдерістерде көрініс табады. Бәрі де Құдайдың заңына, дін қағидаларына жəне оның ережелеріне қызмет ету керек. Исламдану желісі биліктің заңдылығын біріктіреді, бұл Құранның ережелеріне сəйкес үкімет тарапынан шариғат заңдарына жəне әділеттілікке құрметпен қарауды талап етеді.
Араб елдерінде ислам діннің алатын орны ерекше, оның саясаттануы, кейде экстремизмге жетуі соңғы онжылдықта саяси өмірдің маңызды факторына айналып отыр. Исламның алатын орны мен рөлі оның жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің барлық аспектілерін, соның ішінде сыртқы саясатты реттей бастағанынан байқауға болады. Сондай-ақ мұсылмандар әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқандықтарына, тарихына, әртүрлі этносқа жататынына қарамастан, өздерін бірыңғай діни қауымдастыққа жатқызу сенімімен ерекшеленеді, яғни ислам біріктіруші функциясын атқарады. Нәтижесінде, исламдық ынтымақтастық факторы қоғамда да, араб мемлекеттерінің саяси элиталарында да белгілі бір рөл атқарады. Ислам иудаизм мен христиандықтың бұрмалануларынан босатылған ең «таза» жəне «әділ» дін ретінде түсініледі.
Əдебиеттер тізімі
- Жумалы Р. Б. Арабский пасьянс. Хроники столетия / Р. Б. Жумалы. — Астана: КИСИ, 2016. — 7 с.
- Сапронова М.А. Политические системы арабских стран: учеб. пособие / М.А. Сапронова. — Казань: Изд-во Казан. ун-та, 2015. — 11 с.
- Sadiki L. Popular Uprisings and Arab Democratization / L. Sadiki // International Journal of Middle East Studies. — 2000. — 32. — Р. 71–79.
- Totten M.J. Arab Spring or Islamist Winter? /M.J. Totten // World Affairs Journal. — 2012. — 174(5). — 23 р.
- Подгорнова Н.П. Страны Магриба в поисках оптимального пути развития / Н.П. Подгорнова. — М., 2016. —36 с.
- Arab Human Development Report [Electronic resource]. — 2002. — Access mode: http://hdr.undp.org/sites/default/files /rbas_ahdr2002_en.pdf
- Carothers T. Think again: Middle East democracy / T.Carothers // Foreign policy. — 2009. — Vol. 5. — 26.
- Политическая культура и деловая этика стран Востока. — M.: Ключ-С, 2006. — 300 с.
- Anderson L. Searching Where the Light Shines: Studying Democratization in the Middle East / L. Anderson // Annual Review of Political Science. — 2006. — Vol. 9. — Р. 189-214.
- Kordesman E. Clash for civilization [Electronic resource] / E. Kordesman. — 2015. — February 18. — Access mode: https://www.csis.org/analysis/clash-civilization.
- Долгов Б.В. Арабский мир в начале XXI в.: между демократией и исламизмом / Б.В. Долгов // Восток-Oriens. — 2009. — № 5. — C. 89-100.
- Касаев Э.О. Тенденции внутренней и региональной политики арабских стран / Э.О. Касаев // Восток-Oriens. — 2010. — № 2. — C. 143-148.
- Труевцев К.М. Арабская весна — ход, акторы и промежуточные итоги / К.М. Труевцев // Политика. — 2012. — № 1(64). — 32 с.
- Лаумулин М.Т. Арабская весна 2011 года: социально-политические изменения на Арабском Востоке и их международные последствия / М.Т. Лаумулин. — Алматы: КИСИ, 2011. — 168 с.