Мақалада əйел жəне ер адамның табиғаты мен болмысының бастамасын адамзат болмысындағы басты тұрақты шама ретінде қарайтын авторлық көзқарас ұсынылған. Екі, дəлıрек айтқанда, аналық жəне ақсақалдық, мəдени-тарихи дəуíрлерге ірі көлемде компаративті талдау жүргізілді. Қағида аналық дəуíрдщ тағдыршешті балалығынап өтіп, ақсақалдық дəуíрдíц тамаша жастығы арқылы адамзат өткен мəдени-тарихи дəуíрлердíц рухани тәжірибесін жинақтаған жаңа ақсақалдық дəуíрден кейінгі, немесе неоаналық, деңгейге көшкендігіне негізделеді. Сонымен қатар мақалада неоматриархат ретінде белгіленген болашаққа бастар жолды анықтау міндеті қалыптастырылып, аталған дəуíрлерге өту үрдісі адамның жер бетіндегі өмір жолын зерделеу мен қазіргі заманғы шындықты іздеуге бара-бар өз болмысын іздеу арқылы көрініс табады. Сондай-ақ бүгінгі бифуркациялық (тұрақсыздық) жағдайға жеткен қазіргі заманның қиындықтары мен бір мағынасыздықтығы көрсетіліп түсіндірілген.
Кіріспе
Адамзат тұтастық ретінде үйлесімділік ғарыштың бөлшегі, күрделі ғарыштық үдерістің қажетті жəне заңды жасаушысы болып табылады. Қазіргі кезеңде ол матриархат дəуíрíнен бастап, патриархаттан да өте келе, өзіндік эволюциялық кемелденген кезеңіне шықты. Дəл қазір адамзат өткенге қорытынды жасап, болашақ көрінісінің мəнíн ой елегінен өткізіп түсінетін кезеңге жеткендей. Сондықтан қазіргі дəуíр болмыстың ақиқаттылығын қажет етеді: адам жер бетіндегі тарихи жолын игере жəне ұғына отыра, өзінің өмірінің мəнíн, тұлғалық болмысын (экзистенциясын) іздейді. Яғни, қазіргі таңда заманауи болмыстың күрделілігі мен мағыналы еместігі белгісіздік туындыратынына (бифуркация нүктесіне) жетті деуге болады.
Жұмыстың тақырыптың өзектілігі қазіргі заман қоғамының басты мəселелерíмен байланысты жəне олардың бірі - сол қоғамның дамуындағы ерлер мен əйелдердщ өз-ара қатынасын, болмысын зерттеу жəне оларды тұтас тарихи-мəдени процестердің даму жолдары контектстінде қарастыру жəне зерделеу. Бұл мəселенщ пайда болуына бірқатар мəн-жайлар да себеп: біріншіден, осы күрделі мəселе тақырыптық тұрғыда ғылыми-философиялық көзқарастан пайымдалған емес. Әсіресе ерліктің белгілері патриархат дəуíрíне тиісінші шын мəнíнде анықталмағандығы жəне зерттелмегендігі. Екіншіден, теориялық тұрғыдан болсын, күнделікті тəжíрибеден болсын, қоғамның (алдыңғы уақыттағы жəне бүгінгі күнгі десек те болады) əйел болмысын анықтауға көп зейін қойылмағандығы жəне, үшіншіден, аталған адамзат константаларының жалпы философия жəне əлеуметтíк- гуманитарлық таным жанынан мəселе ретінде көп қарастырылмай жүргені.
Ғылыми жұмыстың негізгі міндеттері мен идеясы бір-бірімен байланысты жəне осылайша тұжырымдалады: жалпы матриархат жəне əйелдíк бастамасының (женское начало) жəне болмысының табиғатын түсінудегі тəсíлдердщ негізін сараптау; матриархат жəне əйелдíк бастамасының антропогенді өркениеттің мəдени-генетикалыщ негіздері ретінде философиялық- мəдениеттанулық көзқарас аясында талдау.
ӘДіснамалық тәсілДері
Ғылыми жұмыс барысында мəдени-тарихи, əлеуметтíк-саяси көзқарастарды пайдалана отыра, кешенді түрде талдау əдіснамалық зерттеу əдíстерíн қолданғандығын айта кету жөн. Атап айтқанда, философиялыц-мəдениеттанулыц талдау əдíстемесí өркениеттік жəне өңірлік қырынан - қазақ философиясы, тілі жəне этникалық ділдік мəнмəтíнде қолданылды жəне адамзат болмысына тұтас қарау көзқарас зерттеу тəсíлдерíнщ орын алғанын да айтып кету жөн.
Сонымен қатар адам мен қоғам үйлесімінің әрдүрлі əдíстерíн зерттейтін гносеологиялық қағидасына негізделген тəсíл арқасында адам болмысының жəне оның эволюциялық даму жолдарын анықтайтын компаративистік зерттеу тəсíлí де қолданылды.
Қолданылған əдебиеттер жөнінде
Ғылыми жүмыста адамзат, қоғам даму жолдарын зерттеген неміс ғалымы Гегельден [1] бастап, швейцариялық ғалым И. Бахофеннің [2] адамзат тарихының, оның қоғамдық эволюциясының теориялық негіздемісін анықтайтын ғылыми еңбектеріне сүйене отыра, адамзат болмысындағы басты тұрақты шама ретінде қарайтын авторлық көзқарас жазылды. Сонымен қатар əлемдíк елдердің аңыздары [3], отандық жəне шетелдік ғалымдарының аталмыш тақырыпты ширатудағы, яғни, жанүя, аналық, туыстық жəне басқа да адамзат өткен мəдени-тарихи дəуíрлердщ рухани тəжíрибесíн анықтауға ықпал берген ғылыми жүмыстарда [4–9] кеңінен қолданылды.
Негізгі бөлім
Дəуíрлердщ болмысының өзгеруі көптеген құбылысқа толы болады жəне ол адам тұлғалық болмысына да байланысты. Сонымен қатар əлем кезеңдер алмасуы қарсаңында екенінен сансыз көп факторлар дабыл беруде. Тіпті ауаның өзі көрінбейтін, бірақ анық сезілетін қандай да бір вибрациялардан (дірілдерден) тұратын тəрíздí. Тағы да бір айтарлықтай ерекшелік - ол осы вибрациялық тоқтардың адамзат болмысының негіздеріне тие отыра, адамзат тарихының өзара имманентті-мазмүндық байланысындағы ең жоғарғы ой бірлігін көрсететін жинақы ортақ кеңістікті (континуум) қүруы десек те болады. Осы мағынада əйелдíк пен еркектік адамзат болмысының ілкі константасы ретінде жалпыға бірдей, ортақ болып табылатын мəн мен тіршілігінің əмбебап бірлігі. Гегельдің сөзімен айтқанда, «тіршілік мәнінің айырмашылықтары дербес нысанын қабылдайды» (Энциклопедия философских наук. 1974. Т. 1) [1].
Адамзат тарихының басталуы мен дамуы жөнінде. Жалпы адамзат өркениеті тарихында бүл тағдыршешті бастамалары - «патриархат» («еркектік») жəне «матриархат» («əйелдíк») анықтамасында (үғымдарына) тіркелген. Адамзат тарихының матриархат кезеңінен, мəдение'ɪ■тщ матрилокальды түрінен басталуы мəселесíн швейцар (неміс) ғалымы И. Бахофен зерттегендт мəлíм: «Адамзат болмысының дамуының ең алғашқы сатысынан бастап өмірдің жалғыз жарқын сəтí, бақытсыздықтың тұңғиық тереңінен суырып алатын бірден бір сəт - ол əйелдщ жаратылу табиғатына, денесіне сай өзінің үрпағына деген аналық махаббаты <…> адамзаттың қаншалықты зорлық-зомбылыққа толған өмірдің ортасында болсада жақсылыққа дамуының алғашқы қадамына, адам өмірінің жарқын күндерінің қалыптасуына, жалпы өркениетке жетуіне, ол, əрине, сүйіспеншілікке, бірлік пен бейбітшілік қағидаларына толы ананың адамзат тегін жалғастыратын аналық қабілетіне байланысты. Өйткені өз қүрсағынан шыққан үрығын, өз баласын мəпелеп өсіргенде, əйел еркектен бүрын өзінің махаббаты мен қамқоршылығы жеке өзінің «Мен» дегізерлігінің шегінен шыға алатынын жəне өзге жаратылысқа таралып, өз рухының қай шамаға дейін қабілеті келетін шығармашылығы осы жаратылыстың болмысын сақтауға жəне əдемí етуге бағыттала алатынын сезінген» (Материнское право классики мирового религиоведения. 1861) [2].
Сөйтіп, адамзат тарихының бүл кезеңіндегі əйелдíк бастаудың мəнí макрокосмостың көрінбейтін о дүниеден көрінетін бү дүниеге өтуін (əкелуíн) жүзеге асыра отырып, Ананың өмірдің бастауында түра алатындығымен анықталады. Бүл ерекше оқиға, яғни адамзаттың мəдени тарихының бастауы матриархат кезеңінен басталатыны туралы деректер көптеген артефактілерден көрініс тапқан. Бүл жерде, ең алдымен, «өзінің жылуымен əлемдíк жүмыртқаны жылытқан» Қүс Ана туралы тотемдік түсінікті келтіруге əбден болады (Мифы народов мира. 1992) [3].
Матриархат адамзат рухани эволюциясының бірінші саты ретінде. Қасиетті Қүс бейнесімен қатар əйел-ана культі палеолит «Венераларынан» мүсіндерінде де қалыптасқан. «Венералар» - палеолит кезеңіндегі əйелдщ бала тууға қабiледτiлiгiн көрсету арқылы Ана культінің асқанының белгісі ретіндегі скульптуралық мүсіндер еді. Біздің ойымызша, бұл сəтсíз қойылған атау, өйткені əйел денесінің сұлулық культі ретіндегі «Венералар» - басқа, дəлíрек айтқанда, антика заманындағы тарихи-мəдени жағдайдағы қүбылыс.
Адамзат тарихындағы Ана бастауы (негізі) жер бетіндегі барлық халықтардың алғашқы музыкалық жанры - бесік жырларынан да көрініс табады. Бесік жырын əлемдíк модение^^'Щ əмбебап жанры ретінде сипаттауға болады. Өйткені ана бесік жырын қай тілде айтса да, ол, басқа жанрларға қарағанда түсінікті, əрí оны тану қиындық тудырмайды. Бұл бесік жырының əуендíк (музыкалық)тілінің – махаббатқа, еркелетуге, сезім мен қамқорлыққа толы дауыс ырғағының ерекшелігімен сезініледі. Сондықтан да бесік жыры – адамзат тарихындағы махаббат сезіміне арналған алғашқы лирикалық əнуран. Атап айтсақ, ананың балаға деген махаббат сезімін жырлаған саз сыры. Осы себептен де болар, əлемдíк мəдениетте музыканың тілі ешқандай аударуды (тəржíмалауды) қажет етпейді жəне ол барлық адамдарға түсінікті (Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством. 1993) [4].
Сондықтан болар, əйел адамның мəртебесí, оның салдары ретінде матриархат ұғымының тарихи мəнí асқақ. Өйткені бұл – жалпыадамзаттық өркениеттің қалыптасуының бастауы.
Біздің ата-бабаларымыз өте қиын əрí мекені табиғи орта болып табылатын бірегей жағдайда ғұмыр кешкені барымызға мəлíм. Ежелгі адам табиғаттың көптеген қатаңдығынан өтті, жабайы жануарлар мен түсініксіз өсімдіктер əлемí арасында өмір сүрді. Дегенмен, осындай тəлкек пен айырылуларды бастан өткере отырып, адам бəрíне шыдай алды.
Мұндай қиын жағдайда тек қана тірі қалып қоймай, ежелгі адам өзінің саналы ғұмырының алғашқы қадамынан бастап табиғат пен ру-тайпасымен жəне өз-өзімен үйлесімді өмір сүруге тырысты. Бұл кезеңнен бастап рухани-тəжíрибелíк болмыстың аясында қалыптасатын жалпыадамзаттық константалар – тіл мен этикалық ұстаным, аңыз бен дін, өнер мен философия, ғылым жəне т.б. қалыптасады (Аязбекова С. 1999) [5]. Басқаша айтқада, адамзаттың келешекте ойдағыдай дамуы үшін негіз бастамалары пайда болған. Ал еңді адамзат даму жолын матриархат саласынан қарастырсақ, бұл феномен осы кезеңнің маңызды да, мағыналы ерекшелігі. Оның мəнí – осы кезде болмыстың жəне оған тиісті мойындаудың дискурсының басты сұрақтарына жол ашу. Бұл контекстте антропо-социо-культурогенезі рухани эволюцияның тағдыршешті кезеңі деуге болады, яғни, адамзат əрí қарай тарихи-мəдени дамуына ие болып табылады.
Патриархат адамзат рухани эволюциясының бірінші саты ретінде. Келесі кезеңнің, дəлíрек айтқанда, патриархат кезеңінің типологиялық ерекшелігі мен өзгешелігі шынайы онтологиялық тұрғыдан қарағанда «өзіндік алқымды даму туғызатын тұрақты қайшылық арқылы анықталатын дəуíр», — деп келтіреді қазақстандық философ А. Хамидов «Категории и культура» атты кітабында (1992) [6]. Бұл кезеңнің қалыптасуы мен дамуының басты ерекшелігінің негіздемесі ол – əлемнщ (Бұл жерде: адамзаттың. – Авт.) бұған дейін болмаған жаңа жағдайларға жетуі болып табылады. Ол материалдық өркениет жолында жетістіктерге жетуі. Мұндай дүниеге көзқарастың мақсатында қала, экономикалық фактор, экономиканың дамуы алады. Сондықтан жетістіктердің нəтижесí қалалардың пайда болуы мен дамуы, яғни адами қоғамының қалалануы (урбанизация) берекелі-материалдықпен негізделуі кездейсоқ емес. Олай болса, осы дəуíрдщ заңдылықтарының объективтік бейнелеуі марксизмнің тарихи материализмнің казуалдық экономикасы арқылы экспликациясы тəн деп табылды. Сондықтан да болар, тарихи материализм қоғамдық ойда əмбебап əдíснама ретінде қабылданды. Ал құлиеленушілік формацияны қарастырсақ, алғашқы тұрмыстық қоғаммен салыстырғанда дамудың жоғарғы сатысы ретінде барлық адамзат мəдениетí тарихына кеңінен таралды. Осыдан келе, қазіргі күнге дейін қолданылып келе жатқан парадоксалдық түсінік: мəдени- рухани құбылыстың, рухани дамудың құлшылықпен байланыстырылуы ...
Енді талдауды əрí қарай жалғастырсақ, кейінгі кезең бойында ерлердің қолтаңбасы айқын сезіледі жəне де, мамандардың түсіндіруінде, ол – қарсы тұру, жауласқан екі жақтың қарсыласуы, соғыс тарихы, жеңіс пен жеңіліс, халықтар мен мемлекеттер арасындағы тайталас ретінде көрініс тапты. Тіпті бұл əлí де толық айтылмады-ау: тек ұлы еркектік бастау ғана адамды жоғары тұғырға көтеріп, оны жаратылыстың ең жоғары дəрежесí деп жариялауға қауқарлығы. Содан-соң, күшке толы ерлер культы, олардың логикалық ақыл-ой-қисын бастауы əлемдíк мəдениетте, тарихта көптеген (əр- түрлі) рухани-діни жүйелер, ағымдар аланында қанды идеологиялық қақтығыстармен де көрініс алуы. Мұнда да күрес, жеңіс жəне мəдени прогресс деп талқыланатын «əлемдíк» экспансия, əрине, кезекті рухани кезең, жетістіктер... Ақын сөзімен айтқанда, «мәңгілік күрес» рухы ғылымның болмысын да жаулады: көп жағдайда ғылыми жаңалықтар оның авторына өмір бойы қайғы əкеледí жəне ол əлеумет тарапынан психологиялық қысымды бастан кешіреді. Тек автор өмірден өткеннен кейін ғана оған құрмет көрсетіледі. Сондықтан да болар, бұл жағдай үлкен қайғы мен «жоғары» трагедияға толы өнер мен философия тарихында жиі кездесіп жатады.
Аталмыш кезеңнің барлық əлеуметтíк мəдени өрісі – адамзат баласының өмір мектебінен, матриархат кезеңіне қарағанда, қатаңдық танытып, барлық күш-жігер күрес пен екі жақтың қарсыласуынан тұратын еркектік бастауға тиеселі. Бұл ағым жаңа еуропалық философияда, яғни сыни рефлексияда, дəлíрек айтқанда, Гегель терістеу қағидасы деп аталған философиядан логикалықжалғасын табады. Жəне де бұл сыни рефлексия (кумəн, күдік) еркектік бастауының көрінісі ретінде терістеу ишараты сиякты бүлдіргіш күш (деструктивтік) мағынасында емес, керісінше, П.П. Гайденконың көзқарасымен келісе отыра, əлемдíк тарихтың заңды кезеңі жəне оңтайлы əдíснамасы ретінде қарау керектігін арнайы атап өткеніміз қажет. Яғни, бұл көзқарас арқылы адамзаттың козғалыс бағытындағы (жолындағы), казакша айтканда, аталмыш кезеңнің «жол торабының» шынайы да айкын «киылысын» аныктай отыра, өзінің орнын алатын жəне бұрын сынға ұшыраған барлык кұбылыстарға жауап табатын «іргетасын» аныктау жəне осы «кері жолда» заманауи коғам акикаттығын мойындай бастаған «ескіліктің калдыктары» актала түседі (Прорыв к трансцендентному: Новая онтология ХХ века. 1997) [7]. Сондыктан бұл жерде дəл осы шынайылык болашакты кұруға көмек болатын адамзаттың дəл іздегені десек те болады.
Біздің пайымдауымызша, патриархат дəуíрíнщ тағы да бір ерекшелігі — дүниеге көзкарастыктың бағдарларына, атап айтканда, антропоорталыктыкка байланыстығы. Мұндай дүниеге көзкарастың терең мағынасын казакстандык философтар «Трансформация системы образования: взгляд философов» атты кітапта (Абишев К.А., Дунаев В.Ю., Закаева З.А. т.б. 2000), [8] «карапайым дене күші мен ептіліктен бастап түрлі артыкшылыктарға ие касиеттер мен кұралдар сиякты түрлі нұскадағы күш категориясы аркылы жеткізеді. Егер жеке адам логикалык пайымдауды дамыту, кабілет пен білім, байлык, атак, билік жəне тағы баска болса, ол осы күштің кейбір түрлері ғана. Ал бұған қарама-қарсы, əрине, әлсіздіктің түрлі нұсқалары мен түрлері болып табылады. Екінші кезекте, тіпті кейде осындай кұндылыктар жүйесінде жеке адам үшін жағымды каситеттер – мейірімділік, əдептíлíк, мейірбандылық жəне тағы басқа дамиды. Олар əлсíздíк категориясына жатады», — дейді.
Патрилокальдық дəуíрíнщ тағы да бір ерекшелігі — ол дене кемеліне жету сатысынан, дене (тəн) культінен басталады. Пластика жағынан əсем, мүсіні келісті дене-болмыстың мəнíн ұғуда үлгі жəне оның өлшемі болды.
Қоршаған əлемдí тану жəне қабылдау құралы ретінде физикалық денені жетілдіру қағидасы ежелгі гректер жəне олардың мираскорлары римдіктер тарапынан толык орындалды. Келесі – бесінші — сатысында еуропалықтар ақыл-ой қағидасын жоғары дамытты (Жиħан Желтоқсан. 2014) [9]. Осы уакытта Акыл — Логика сатысы өзіндік даму жолының биік шыңына жетті деуге болады: біріншіден, адам акыл-ойдың мүмкіндігі шектеулі екенін түсінді; екіншіден, болмыстың жанды сұрағына жауап іздеуде енді жүрекке жүгінетінін анғарды; үшіншіден – енді тек парасатты мағынаға ғана жүгінбей, акыл-ой мен жүректің бірлесуін (одактасуын) абзал (дұрыс деп) екендігін түсінді.
Түйін
Сонымен, патрилокальдык кезеңнің ең жоғарғы жетістігі – философиялык рефлекстеу аркылы адамзат жаңа мəдени-тарихи сатыны қалыптастырды. Рухани-тәжірибелік тұрғыда осы миссияны тікелей жүзеге асыратын болмыстың континуумдығын камтамасыз ететін жалғастырушылык, динамикалык тұтастык болашактың ажырамас бөлігін матрилокальды саты кұрайтындығынан көрінеді. Сəйкесíнше, матриархат пен патриархаттың рухани тәжірибесінің бірлігі (синтез) ғана келесі жоғары саты – постпатриархатты, баскаша айтканда, неоматриархаттың калыптасуының жəне дамуының алғышарты бола алады деуге негізі бар.
Əдебиеттер тізімі
- Гегель Г.Ф. Энциклопедия философских наук / Г.Ф. Гегель. — Т. 1. Наука логики. — М.: Мысль, 1974. — 452 с.
- Бахофен И. Материнское право. Классики мирового религиоведения / Пер. Е. Рязановой по изданию: Bachofen I. Das Mutterrecht. Stuttgart, 1861. — [Электронный ресурс] / И. Бахофен. — Режим доступа: http://www.gumer.info/bogoslov_Buks/Relig/klass/04.php (дата обращения 10.06.2017).
- Мифы народов мира: энциклопедия. — М.: Сов. энцикл., 1992. — 719 с.
- Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством. — Алматы: Ғылым, 1993. — 264 с.
- Аязбекова С.Ш. Картина мира этноса: Коркут-ата и философия музыки казахов / С.Ш. Аязбекова. — Алматы: Институт философии и политологии МОН РК, 1999. — 285 с.
- Хамидов А.А. Категории и культура / А.А. Хамидов. — Алма-Ата: Ғылым, 1992. — 240 с.
- Гайденко П.П. Прорыв к трансцендентному: новая онтология ХХ века / П.П. Гайденко. — М.: Республика, 1997. — 495 с.
- Абишев К.А. Трансформация системы образования: взгляд философов / К.А. Абишев, В.Ю. Дунаев, З.А. Закаева, А.З. Камалиденова, В.Д. Курганская, У.Д. Муналбаева, Г.Г. Соловьева, А.А. Хамидов. — Алматы: Арыс, 2000. — 250 с.
- Жиħан Желтоқсан. Ақ Сарбаз. — Алматы, 2014. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://xn-- 80aaa1brkt0a3m.xn--80ao21a/catalog/140616/htm (дата обращения 15.10.2017).