Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақжан Машановтың ғылыми жəне рухани мұрасы

Мақала авторлары Ақжан Машановтың тоталитарлық режим жағдайындағы қоғамдық-ғылыми қызметіне объективті баға беруге тырысты. Қиын уақытқа қарамастан, туған халқының болашағы үшін күрескен, көрнекті қазақ ғалымының қызметіне тарихи баға берді. Ақжан Машанов кеңестік Қазақстанда өмір сүріп, тоталитарлық қоғамның күші шырқау шегіне жетіп тұрған уақыттың өзінде де еліміздің маңызды қоғамдық-саяси мəселелерíне келгенде болып жатқан оқиғаларға сергек қарап, өзінің көзқарасын батыл қорғай білген. Қарастырылып отырған дəуíрде қазақ халқының тарихы мен мəдениегí жаттанды идеологиялық құрсауда болды. Ақжан Машанов өз басын қатерге тігіп, əл Фарабидің шыққан тегін зерттеп, туып өскен жері бүгінгі қазақ жері екенін дəлелдеп, оның мұраларын түгендеп жүрген уақытта, ұлттық құндылықтан гөрі кеңестік идеология көбірек насихатталған. Ақжан Машанов əл Фарабиді кіндік қаны тамған топырағына жеткізді. Ол өзінің қазақ халқын ерекше сүйді, өз халқына еңбек сіңіру оның ең басты ұстанымы болды. Əл Фарабиді ашудың қиындығына қарамай, бел бууы, ұрпағымен табыстыруы — осының дəлелí. Мақала авторлары Ақжан Машановтың өз заманының қатал 'гәртібіне, тоталитарлық режимнің зобалаң сипатына қарамастан, туындалған қиыншылықтардан қорықпай, өз халқының болашағы үшін өз өмірін тағдыр тəлкегíне салып, аянбай тер төккенін жан-жақты зерттеді. Сондықтан ғалымның қоғамдық қызметіне объективті түрде баға беру бүгінгі күндегі тарих ғылымының алдындағы өз орны бар маңызды міндеттерінің бірі деп қорытындылайды.

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері отандық тарихты зерттеу жолында көптеген игі істер жасалып жатыр. Соның бірі кеңестік саясат пен коммунистік идеология шеңберінде бұрмаланып жазылып келген төл тарихымыздың «ақтаңдақ» мəселелерíн шындық негізінде қайта жазуға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда бұрын зерттеуге тыйым салынған ұлттық тарихтың құндылықтары терең талдау арқылы ой елегінен өткізіліп, өзінің лайықты бағасын алуда. Əкімшіл-əміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көп жағдайда ақиқатты бұрмалап, біржақты етіп көрсетіп, соның салдарынан ұшқары пікірлеуге құрылған теориялық қорытындылырдың өмірге келуіне себепші болды. Бүгінгі күнде мəселенщ жаңаша қойылуы тарихи шындықты дұрыс танып білуге апаратын жолды іздеуді жəне саналуан тың деректерді кең көлемде тауып, ғылыми айналымға енгізуді қажет етеді.

Соның өзінде де отандық тарихтың əлí де ашылмаған, ақиқаты айтылмаған тұстары көп. Қазақ халқының болашағы жолында күреске толы осындай күрделі кезеңінің бірі ХХ ғасырдың 50-80 жж. болып табылады. 1937-1938 жж. сталиндік жаппай қуғын-сүргінінен кейін қатары қатты сиреп қалған қазақ-ұлттық интеллигенциясы 1950-70 жж. қайтадан қалыптаса бастап, өздерінің тарих алдындағы басты қызметі болып саналатын ұлт мүддесі үшін идеологиялық майданға араласа бастады. Шын мəнíнде, қазақ халқы үшін тарих тереңінен бастау алатын, ұлттық болмысын айқындайтын рухани қазынасынан қымбат құндылық жоқ. Болмайды да. Себебі не бір қасаң замандарда «мың өліп, мың тірілгендей» ғұмыр кеше жүріп, халқымыздың өзіндік болмыс-бітімін даралайтын ұлттық рухани құндылықтары қалыптасты. Бұл халық ұғымында ұрпақтан ұрпаққа жететін тарих аманаты болып қала бермекші. Бүгінде өркениеттің ұлы көшіне ерген тəуелсíз Қазақстанның болашағы үшін жанын пида етуден тайынбай «тар жол, тайғақ кешуден» өткен ұлт тұлғаларының есімі — ұрпақ тәрбиесінің басты құралы.

ХХ ғасырдағы коммунистік биліктің өмірге əкелген әміршіл-әкімшілік жүйесі қазақ халқының салт-санасын сан соқпаққа бұрып, жан дүниесін лайлап, білген əрекетíн істеп баққанын жақсы білеміз. Кеңестік билік адамның еркін ойлауына, жаттанды қасаң идеологиядан тыс əрекет етуіне қатаң тыйым салды. Ол кезде «бұрын Қазақстанда қала, отырықшылық, мəдениет, мектеп, сауаттылық болмаған барлық жақсылық кеңестік құрылыстың жемісі» деген жаттанды тезиске адамдардың барлығы дерлік сеніп келген еді. Кеңес үкіметі жылдарында үстем еткен тоталитарлық жүйе мен коммунистік идеология еліміздің тарихын саналы түрде бұрмалап, оның мағынасын«ақтаңдақтарға» толы етіп, халқымыздың көптеген көрнекті тұлғаларының қоғамдағы орнын тарих бетінен өшіру саясатын жүргізіп келді. Сол кезде тоталитарлық биліктің ырқына көнбей, ғылымға бар ғұмырын арнап, «1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқының тек 2 пайызы ғана сауатты болған» деген жалған кеңестік ғылыми тұжырымға батыл қарсы шығып, қазақ халқының тарихын еуропацентристік көзқарас тұрғысынан зерттелуіне қарсы пікір білдірген Қазақ Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, əрí тұңғыш құрылтайшысы болған ғұлама ғалым, Қазақ КСР- нің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері [1] атағының иегері, профессор [2] Ақжан Машанов еді.

Ақжан Машанов өзінің жазған өмірбаянында туып-өскен ортасы жөнінде былай деп баяндайды: «Қарқаралы — менің туған жерім. Ол Қарағанды облысындағы ертедегі мəдени жəне қоғамдық-саяси орталық болған жер. Сол ауданның қазіргі Нұркен атындағы совхоз жерінде ертедегі аты бойынша Жамантайдың Қарақуысы атты мекенде 1906 жылы күзде дүниеге келсем керек. Əкем Жақсыбек Машанұлы мұсылманша сауатты, жайдары, домбырашы, орта шаруа адам еді. Ол кісі — Машанның ең кенже ұлы [3; 3].

Әкесі Машан болса, жоғарыда айтылған Жамантай (Тұрсын) төренің сенімді серігі жəне биі болған. Жамантай 1824 ж. Қарқаралы округі құрылғанда дуанбасы, аға сұлтан болып сайланады. Бөкей ханнан нəсíлíнен шыққан екі төре Жамантай мен Құсбек билікке таласа берген соң бір сайлауда Құнанбайды аға сұлтан сайлаған. Ол кезде Қарқаралы дуанына қараған 22 болыстың жиырмасы қаракесек руы болған. Олардың ел ағасы Қаздауысты Қазыбек би, нəсíлí Алшынбай болған. Алшынбай би тобықты руының басшысы Құнанбайға құда болып, Абайға қызын берген. Жамантай мен Құнанбай арасына жүріп, екеуін татуластырған Машан би болса керек. Машан тобықтыдан қыз алған Құнанбаймен құрдас болған. Кенесары ханға ерген атақты шұбыртпалы Ағыбай батыр мен Машан би дос, пікірлес адамдар екен. Кене ханның туы жығылған соң Ағыбай батыр мен Жамантай ханның арасын жарастырған тағы да сол Машан болған [3; 5].

Осы тұлғалардың бірсыпырасының есімдері тарихта, көркем əдебиетте бар. Белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романында деректер мұрағат мəлíметтерíнен алынған, тарихи шындыққа сүйенген. Ілияс Есенберлин өзінің көркем шығармасы «Қаһарда» Машан биді «Масан» деп көрсетіп, ел қамын жеген, халқының болашағын ойлаған білікті ел басы етіп суреттеп, шығармасына арқау еткен. Қарқаралы дуанының игі жақсылары аға сұлтандар Құспек пен Жамантайға дейін беделді би Машанды ілтипатпен Машекем деп ұрпағына үлгі-өнеге етіп қадір тұтқан. Машан би дүние салғанын естігенде сол төрелердің: «Машан, Машандай ұл туғанша қашан», — деп күңіренгені де, үзеңгілесін еске алған кездерде де осы сөзін əркез жиі қайталағандығынан болар, бүгінде ол ел аузындағы қанатты нақылға айналып кеткен [4; 214].

Ақжанның əкесí Жақсыбек те заманында көзі ашық, көкірегі ояу азамат болған. 60-қа тарта күй шертетін домбырашы адам болған. Күйлерді бір кісідей шебер орындайтын əке өнері, егер қуса, ұлына да қонар ма еді. Кейін «Əл Фараби жəне музыка» кітабында сол домбыраның қоңыр үні баба қағидасын тереңдеп түйіндеуге жол сілтегендей еді. Ақжан Машанов шығармаларындағы жиі ұшырасатын қазақтың қара өлеңі жолдарындағы образдық құдірет таңдандырмай қалмайтын. Бұл əкесíнщ ағасы ақынжанды Нөгербектің ықпалы болатын. Нөгербек тəлíмíнщ Ақжанның фарабитанушы болып қалыптасуына ықпалы тиген. Құнанбай мен Машан би жарастығы Шəкəрİм- Нөгербек сыйластығымен жалғасқан-ды. Олар ең кем дегенде жылына бір рет Қоянды жəрменкес¡нде кездесетін [5; 116].

Нөгербек Қарқаралы қаласына жақын жерде салынған (кейін Ахмет Байтұрсынов ұстаздығын бастаған) Ақтерек мектеп-интернатында Əлихан Бөкейхановпен бірге оқыған. Кейін Əлихандай білім қуып кете алмаса да көкірегі ояу, зерделі адам Нөгербектің Шəкəрİммен досжарандығы, Ақжан өскен ауылда Абай өлеңдерімен қатар, Шəкəрİм өлеңдерінің де тез тарауына себепкер болды. Абай өлеңдерінің əрбíр жолындағы адамдық қағидалар Ақжан бойындағы азаматтық істі өркендетер өзекке айналып, сол кезден бастау алса керек. Ауыл мектебінің молдаларынан оқыған Ақжан 1924 ж. бір кезде Əлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев білім алған, Ахмет Байтұрсынов ұстаздық еткен бұрынғы қазақ-орыс мектебі, қазіргі педагогикалық техникумға оқуға түседі. Бұл педагогикалық техникумның негізін қазақ демократиялық ұлттық интеллигенциясы өкілдерінің бірі Әлімхан Ермеков қалаған. Осындай ұлы ұстаздардың жүріп өткен жері Ақжан Машановтың дүниетанымына, болашақ азамат ретінде қалыптасуына үлкен əсер етті. Ең соңында өзі де Алаш ардагерлерінің жолын жалғастыратын ізбасар болып қалыптасты [6; 4].

Ақжан Машановтың өмір сүрген уақыты мен ғылымға арнаған ғұмыры Кеңес өкіметінің салтанат құрып тұрған кезеңімен сəйкес келді. Кеңес елінде 20-жж. ортасында əбден күшіне мінгенқалал әміршіл-әкімшілік жүйе 30-50-жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына желлі. Адамның бас бостандығын түншықтыру, оның қүқығын есепке алмау, адамдарды өндіріс қүралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты теріс қүбылыстар оған толық дəрежеде тəн еді. Даңғаза саяси айдар тағуды пайдаланған әрлүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жаллы. Қалыптасқан дәслүр бойынша партия органдарының басшылық рөлі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза əмíршíл- əкíмшíлíк араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мəселелердí шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылығының əлеумелτік-мəдени мінделтерін орындауға мемлекеттік жəне қоғамдық үйымдарды барынша тартқанымен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды.

Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық сталиндік социализмнің үлесіне үйлесіп жатты. Бірақ қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыпласуына байланысты белгілі дəрежедегí құндылықтар қайта бағаланды. Адамдардың санасында əлеумелτік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеллігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партия-мемлекеллік басшылықтың әкімшіл-әміршілік бұйрық беру ләсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылықтары байқала бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық дəрежесíндегí əлеумелτік жəне рухани жаңғырудың кешенді бағдарламаларына көшуге сірескен тоталитарлық қоғамдық-саяси қүрылым кедергі жасады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев 1999 ж. жарыққа шыққан «Тарих толқынында» еңбегіндегі тоталитарлық тəртíп пен ұлллық ұғымдар мəселесíне байланысты тарауда тоталитарлық қоғамға байланысты өз ойын былайша түжырымдаған: «Үлттық сипаттың барлық көріністері үшін тоталитаризм апатты болды. Жүздеген жəне мыңдаған жылдар бойындағы үлттық тарих өрескел озбырлыққа душар болды. Небір кемеңгер билікшілері мен небір ғажайып өнерпаздары бар қазақ даласының нақты тарихы бүкіл дүниені түп-түгел қайта қүрудың жаңа доктринасы шеңберінде түк қүқы жоқ қайдағы бір «жабайы, тағылық» ретінде қайта жазылды. Ұлллық сананы қорлап, жер қылған осы содырлы нүсқадан біз əлí арыла алмай келеміз. Тоталитаризм ұлллық тарихтың қалың-қалың қабалларына керемелтей бір зұлымдық әдіслі қарсы қойды - ұллтың өткен тарихының біртүтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мүқыл үғыммен мылжалап тастады» [7; 227].

1940-1950-жж. басында социализм идеологиясы өзінің шырқау шыңына жетті. Міне, осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылымдар партия комителтерінің қатаң бақылауымен дамыды. Әсіресе қоғамдық ғылымдардың мүнан арғы жағдайында БКП (б) Орталық Комитетінің «Звезда» жəне «Ленинград» журналдары туралы (1946 ж. 14 тамыз) Қаулысы теріс əсер етті, ол басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де өздерінің жүмысының негізін осы орталықтан алған Қаулының бағытымен жүргізді. 1947 ж. наурыздағы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті пленумының Қаулысында төменгі партия комитеттеріне: «Тарих жазудағы, əдебиет пен өнердегі саяси қателіктер мен үлтшылдық бүрмалауларға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БКП (б) Орталық Комитетінің идеологиялық мəселелер жөніндегі Қаулыларын сөзсіз орындау» жөнінде тапсырма тікелей жүктелді [8; 356].

Ленинград пен Мəскеуде «Ленинградтық іс, «Дəрíгерлердщ ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмаханов ісі» үйымдастырылып жатты. 1950 ж. 26 желтоқсанда «Правда» газетіне Шойынбаев, Айдарова жəне Якуниннің «Қазақстан тарихы мəселелерíн маркстік-лениндік лұрғыдан баяндайық» деген қатал сын мақаласы жарияланды. Нəтижесíнде Е.Бекмаханов 1951 ж. 15 мамырда «ірі саяси қателіктері үшін» ҚазМУ-ден КСРО тарихы кафедрасының профессорлығынан жəне партия қатарынан да шығарылды. 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Соты Е.Бекмахановқа «1942-1951 жылдар аралығында үлтшылдық идеяларды уағыздап жəне антисоветтік үгіт жүргізгені үшін» деген жалған айып тағып, 25 жылға соттап, ГУЛАГ лагеріне айдады.

Бекмаханов тағлымы жеке басқа табыну дəуíрíндегí ғылымда ойлау-зерллеу бостандығы болмағанын, тарих ғылымы түмшаланып, өресіз бюрократтардың, күншіл ғалымсымақтардың саяси қолшоқпарына айналып, өз пікірін айтқан авторлар үшін қандай зауал тудырғанын айқын дəлелдейдí. 1940-50-жж. тарих майданы, əдебиет майданы да тура саяси майданға айналып, талай дарынды ғалымдардың тағдырын трагедияға үшыратты, еліміздің объективті тарихын жазуға түсау болып, қажетсіз сыңаржақ «еңбектерге» жол ашты. Қазақ халқының үлттық санасын түмандандырды. Осылайша тарих ғылымы «халықтар достастығын» көлгерси дəрíптеушí тоталитарлық қоғамның идеологиялық құралына айналып, өзінің ғылыми объективтік мəнíнен айрылды. Ал осыидеологиялық шеңберден шыққандар өз ішімізде ешбір ғылыми дəлелдеустз-ак партия-кеңес билеушілерінің қаулысымен немесе кеңес сотының бір жақты шешімі арқылы буржуазияшыл ұлтшыл ретінде қудаланып, жазаланып отырды.

1953 ж. «Правда» газетінде Қазақ Ғылым академиясының Президенті академик Қаныш Сэтпаевқа да қарсы пікірдегі мақала жарияланды. Онда «Қазақстан Ғылым академиясында Қ. Сəтпаев қолдайтын А.Машанов деген геолог өз ісімен айналысудың орнына қайдағы бір ескі кен орындарын зерделеумен əуре болып жүр», — деп сынайды. Кеңес өкіметінің басты газеті болып саналатын «Правданың» пікірі бұлтартпайтын айғақ болып саналатын еді. Қаныш Сəтпаевты алдымен Ғылым академиясының президенттігінен босатып, Геология ғылыми-зерттеу институтына жіберді. Енді келесі кезек оны «халық жауы» ету екендігіне ешкімде кумəнданбайтын еді. Əрине, қарап отырған адамды «халық жауы» ету үшін, алдымен, оның басына саяси кíнə тағу науқанын бастау қажет еді. Оған Ақжан Машанов есімін сылтау етті. Сонымен қоса, ұлт мəселесíн көтергендерді «ұлтшылдық пиғылда» деп, қара тізімге жазуға даяр тұрған тоталитарлық қоғамда Ақжан Машановта нысанаға алынған болатын. Бірақ артынша елдегі саяси жағдай күрт өзгеріп, Қаныш Сəтпаев Ғылым академиясы президенттігіне қайта барып, Ақжан Машанов мəселесí де ұмытылғандай болды. Əйтпесе «Правда» газеті сынынан кейін Ақжан Машанов мəселесíнщ немен бітерін ешкім де болжап біле алмас еді. Соғыстан кейінгі жылдары пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген түсінікті әкімшілік жүйе идеологиялық жəне қудалау сипаттағы бырсыпыра шаралардың көмегімен шебер тұншықтырып тастады. Бірақ 40-жж. ортасындағы — 50-жж. басындағы рухани көңіл-күй зорлықпенен тұншықтырылғанымен, ол жойылмаған еді. Сондықтан халқымыздың біртуар ғұлама білімдары болған Ақжан Машанов тоталитарлық тəртíппен бетпе-бет келіп, ешбір сескенбестен қоғамдық ғылым саласындағы жұмысын зор кедергілерге қарамастан, табысты түрде жүргізе берді.

Қарастырылып отырған дəуíрде қазақ халқының тарихы мен мəдениетí жаттанды идеологиялық құрсауда болды. Ұлттық проблемалардың бəрíн тек интернационалдық тəрбиенí жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдады. Бұл бағыттағы тəрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді. Мəдениеттí дамытудағы табыстарға қарамай, рухани қайта түлету проблемасы көлеңкеде қалып қойды. Түрі ұлттық мəдениет, оқу мен тəрбие іс жүзінде аударма болды. Ақжан Машанов өз басын қатерге тігіп, əл Фарабидің шыққан тегін зерттеп, туып өскен жері бүгінгі қазақ жері екенін дəлелдеп, оның мұраларын түгендеп жүрген уақытта, ұлттық салт-санадан гөрі, кеңестік салт-сана көбірек дəрíптелдí. Ұлт тарихын жазуда, қоғамдық-саяси өмірде еуропацентризм басым болды. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мздениетінің рөлін асыра бағалау үрдісі жүрді. Біздің тарихымыздың бөліп алуға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілер өркениеті мен шығыс мздениетінің бүкіл қабатын жауып тастап, адамдардың тарихи санасын жою үрдісі жүрді. Сондай-ақ еуропацентристердің жəне олардың сойылын соққан кеңестік насихат пен ғылымның көшпелілер тарихын саналы түрде кемсітіп, көшпелілерді бейғам, жалқау, ынта-жігерсіз, жартылай жабайы тірлік құрушы халық етіп көрсетуі қазақтың ұлттық сана-сезімін күйретіп-құртатын сипатта болды. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгінің бəрíн ұмытуға табандылықпен мəжбүрлeнді. Бұған, керісінше, кеңес дəуíрíнщ тарихы барынша əспеттелíп баяндалды. Ресми ұйымдар мен насихат қазақ халқының нағыз тарихы тек 1917 жылдан басталды деп жұрттың бəрíне тықпалап, солай ойлауға көндірді. Кеңес өкіметі ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тыйым салып отырды. Партиялық-мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты жоғары оқу орындарындағы білім беру үрдісіне орасан зор зиянын тигізді. Ғалымдарды, қоғамдық ғылымдар қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 1920-шы жж. басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді. Мұнан кейін де жоғарғы оқу орындарының өмірі партиялық жəне таптық қағидалар негізінде құрылды. Сондықтан университеттердің, институттардың сыртқы халықаралық ғылыми байланыстары символикалық сипатта ғана болды. Көптеген оқу бағдарламаларының, көмекші құралдар мен оқулықтардың мазмұны өзіндік шығармашылықпен ойлауды қалыптастыруға, ғылымның техника мен технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмаған еді. Мəселен, Ақжан Машановтың техника саласындағы негізгі мамандығы – геолог. Әрі ол геомеханика ғылымының негізін салушы болып есептеледі. Ал Ақжан Машановтың бұл саладағы еңбегі дүниежүзіне кеңінен танылса да, мəскеулíк ғалымдар бұл жаңалықты қабылдамады. Бұл жөнінде 1960-жж. кезінде мəскеу ғалымдары шу да көтерді. Тіпті Социалистік Еңбек Ері, академик Петров «Правда» газетіне арнайы мақала жазып, Ақжан Машановтың ашқан ғылыми жаңалығын теріске шығаруға тырысты. Кезінде оны қазақстан ғылымдары да құптаған еді. Ал қазір Ақжан Машановтың Пуассон коэффициентінің тау қысымын зерттеудегі қолданысы туралы мұндай теориясының дұрыстығын өмірдің өзі дəлелдепотыр. Бүгінгі күнде Ақжан Машанов негізін қалаған «Геомеханика» ғылымын барлық ғылым əлемí мойындады. Сонымен қоса 1973 ж. жалпы көлемі 15 табақтай «Аль-Фараби и современная наука» деген автордың еңбегі əл Фарабидің 1100 жылдығы қарсаңында баспаға дайындалып қойса да, шығарылмай тасталды. Тоталитарлық қоғамның адамның еркін ойлауына, ұлттық тарихын зерттеуге қаншалықты тосқауылы болса да, Ақжан Машанов əл Фараби мұрасын зерттеп қазақтың тарихы мен мəдениетíн мың жылға алға жылжытты [4; 228].

Ақжан Машанов қазақ жерінің көне металлургиясын өте жақсы білген. Кеңес дəуíрíнде тарихшылар тау-кен саласындағы қазақтардың білімі туралы жақ ашқан емес. Қазақ жерін зерттеушілердің еңбектерінде «Ертеде кен қазып, металл қорытқан қазақтар емес, басқа бір келімсек, мəдениеттí адамдар болуы керек» деген жалған ғылыми түсінік болған. Ал, шындығында, қазақтар кен қазып, металл балқытқан, минерал қасиетін таныған еді. Жер бетін өлшеп, кен қазып, металл қорыту — осылардың барлығына негіз салған əл Хорезми, əл Фараби, əл Бируни сияқты ғалымдардың еңбегін Ақжан Машанов зерттеп, бүгінгі күнде бізге жеткізді.

1958 ж. əл Фараби жайлы мағлұматтар жинау үшін Түркістан қаласына келген Ақжан Машанов сол кездегі көзбен көрген адам сенгісіз көрінісін былайша бейнелейді: «Түркістан қаласына келіп, сол жерді жақсы білетін Хамит деген бір ақсақалды ертіп алып, осы мекендерді араладым. Дүние жүзіне аты шыққан Қожа Ахмет мавзолейі жан ашырлық қалыпта екен: іші де, сырты да бұрқырап жатқан топырақ, ішіндегі заттардың көбісі бұрыш-бұрышқа үйіліп қойылған. Әсіресе қазақ халқының ардақты адамдарының басына қойылған сым тастар қалай болса солай, диірмен тасы сияқты аяқ астында домалап жатыр. Оған мəн берген, оны танитын ешбір жан жоқ. Атақты тайқазанды Ленинград Эрмитажына алып кеткен. Отырарға келіп, үйінді төбелерді аралап, Арыстанбаб мавзолейін суретке түсіріп алғашқы рет жариялағанымда Хамит ақсақал көзіне жас алып, былай деді: «Керемет ескерткіш, халқымыздың көне көзі ғой... Иесіз аяқ асты болып барады. Отырарға əлí талай ораларсыңдар. Бұл киелі жер. Мұның астында ғажайып сырлар жатыр», — деді [9; 15, 16].

Қазақстан жерінен əл Фарабидің ешбір ізін таба алмаған Ақжан Машанов ұлы ғұламаның мұраларын іздеп, Ташкент, Мəскеу, Ленинград, Уфаның көне еңбектер сақтайтын мұрағаттарын аралап, ғалымның екінші Отаны болған Таяу Шығысқа барып ғұлама ғалымның Сириядағы қабіріне зиярат етуге, көзімен көруге бел буады.

1968 жылдың 19 қыркүйегінде КСРО туристерінің құрамында Ақжан Машанов Сирия жеріне аяқ басады. Сириядағы Кеңес елшілігінің көмегімен Шығыстың белгілі адамдарына арналған, яғни тек патшалар, пайғамбар нəсíлдерí, халифа ұрпақтары, əмíрлер немесе солардың ұстаздары ғана жататын Баб ас-сағир зиратынан Ақжан Машанов Əбу Насыр əл Фарабидің қабірін тауып басына зиярат етіп, құран бағыштайды. Қабіріне бас иіп тұрып, «О, Ұлы бабам, араға ғасырлар өтіп, тағы бір ұрпағың келіп тұр, қабыл ал дұғамды деп күбірледім», — дейді [9; 40].

Ақжан Машанов əл Фарабидің қабірін суретке түсіріп алады. Бұл 1968 жылдың 23 қыркүйегі күні болған айтулы оқиғаның Ақжан Машанов үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін тарихи маңызы бар еді.

Соған қарамастан, əл Фарабиді қазаққа таныта бастаған 1960-жж. өзінде зиялы дейтін қазақ қауымының «Ақжан мына сəлде оранған молла қазақ деймісің, егер қазақ болса, руы кім», — деп үрке қараушылар көп болатын. Біздегі ұлттық патриоттық сезімдер көбінесе жаттанды болып келеді. Міне, осы жасандылықты шебер меңгергендер шынайы ел, жер, ұлт, қамын ойлаушы патриот адамдардан əлдеқайда көп, осы көптігімен өзге пікір айтушыларды тұқыртып отырады. Мұндай топқа жататындар кезегі келгенде кезінде халыққа қарсы жасаған зиянды əрекеттерíн заманға жауып, өздерін ақтап алып отырды. Ендеше, сол зиялыларымызға мұндай зерттеудің коммунизмнің жарқын болашағына сенген қоғамға зиянды екенін дəлелдеу қиынға соқпайтын. Бұл Ақжан Машановқа ғана жасалған қысым емес еді. Ол əл Фарабиге де қарсы бағытталды. Себебі мерейтой өтісімен фарабитану ісінің салмағы Ташкентке бағытталып, қазақ жерінде басталған жұмыстың дамытылмауы осыған дəлел болса керек. Сол халықаралық конференция қабылдаған шешімдердің бірде бірінің орындалмауы, оны орындатудың ойластырылмауы коммунистік биліктің қазақ жерінен фарабитануды біржолата аластату саясатының түбегейлі мақсаты еді. «Бөліп ал да, билей бер» қағидасын берік ұстанған Кеңестік билік əл Фарабидің қазақ халқына тиісті екенін мойындай тұрып, бірақ оның мұраларын зерттеу салмағын Ташкентке қарай аударуы, сол туысқан түркі халықтарының арасын ушықтырып отыру тəрíздí жымысқы саясатының тəсíлí болатын. 1975 ж. Қазақ политехникалық институтының профессоры Республика Ғылым академиясының корреспондент- мүшесі, маркшейдер кафедрасының меңгерушісі Ақжан Машановтың үстінен ҚазақстанКомпартиясының Орталык Комитетінің Үгіт жəне насихат бөліміне арыз түсті. Онда: «Акжан Машанов өзі коммунист, əрí үлкен ғалым, лауазым иесі бола түра, соған карамай, жүма сайын мешітке барады екен, үйінде айт кезінде ауызашар береді», — деп көрсетілді. Акжан Машановтың тағдыры тағы да кыл үстіне келген болатын. Сол кездегі Қазакстанды баскарып түрған Д.А. Қонаевтың тікелей араласуымен Акжан Машановтың соңынан шырак алып түскендердің жолы кесілді.

Акжан Машанов кеңестік Қазакстанда өмір сүріп, тоталитарлык коғамның күші шыркау шегіне жетіп түрған уакыттың өзінде де еліміздің маңызды коғамдык-саяси мəселелерíне келгенде болып жаткан окиғаларға сергек карап, шығыс елдерімен араласуды батыл түрде, жасканбай көтеріп, коғамдык пікір туғызып жүрді. Акжан Машановтың əл Фараби мүраларын зерттей жүріп, мүсылман елдерімен мəдени-рухани байланыс орнатуға деген үмтылысы зор болды. Əл Фарабидің шығармаларын түпнүскадан окып біліп, жалпы халыкка насихаттау үшін жасы елуден асып кетсе де, араб тілін меңгеруге шындап ден койды. Оның мүсылман елдеріндегі болып жаткан окиғаларды калт жібермей бакылап отырғанын біз 1983 ж. Кувейттен келген журналистпен арнайы жолыканынан көзжеткіземіз.

1983 ж. Кувейт мемлекетінің «Аль-Ғараби» ғылыми журналының тілшісі Мүстафа Набил Алматы каласына туристік сапармен келеді. Осыны естіген Акжан Машанов шетелдік журналист Мүстафа Набилді тауып, кездеседі. Ол кездесу 1983 жылдың кыркүйек айында болады. Бүл уакыт əлемнщ милитаристік державасы ретінде танылған Кеңес Одағының мәңгілік деп саналған заманы болатын. Шетелдік конактарды, туристерді МҚК (КГБ) кызметкерлері катаң бакылауға алып, олардың жүріс-түрыстарын, жергілікті кеңес адамдарымен кездесуін жіті кадағалап отыратын уакыт еді. Қарапайым кеңес адамдарының барлығына да түсінікті осындай шектеулердің Акжан Машановтың білмей калуы мүмкін емес еді. Бірак өз ісіне шын берілген фанатик, патриот-ғалым тəуекелге барып, Кувейттен жарык көретін «Аль-Ғараби» ғылыми журналының тілшісі Мүстафа Набилмен кездеседі. Ондағы максаты əл-Фарабидщ есімін иеленіп түрған мерзімдік баспасөз аркылы əлемге Қазак деген елдің барлығын жəне осы ол елдің əл-Фарабидщ отаны екенін дүние жүзіне паш ету болатын.

Бүл күтпеген кездесуге басында сенімсіз күдікпен караған шетелдік журналист таң калысын жасырып кала алмады. Журнал тілшісі осы күтпеген окиғаны əл Фарабимен кездесумен тең санайды. «Ол кездесу Кеңестер Одағындағы мүсылман əлемíндегí ең əсерлí, ғүмырымда үмытпайтын кездесуім болды», — деп жазыпты журналдағы макалада Мүстафа Набил. Еліне барған соң уəдесíнде түрып, казак ғалымы Акжан Машановпен əсерлí кездесуі жайында «Аль-Ғараби» журналында арнайы макала жариялады. Мүның өзі сол уакытта коммунистік билік кезеңде кандай кауіпті екенін пайымдау киын емес еді [10; 2].

Академик Салык Зиманов 1996 ж. Акжан Машановтың 90 жылдык мерейтойында ғүламаның кайраткерлігі мен түлғалык касиеті жөнінде: «Мен 1948 жылдан Республика Ғылым академиясында табан аудармай кызмет істеп келе жаткан екі ғалым болса, соның бірімін, ал жалкы болса соның өзімін. Сондыктан Академияда əл Фараби мүрасы жайлы Қазакстан ғалымдары ішінен алғаш мəселе көтерген Акжан Жаксыбекүлы екендігіне толык кепілдік бере аламын жəне баба мүрасын игеруге жарты ғасырдан астам ғүмырын бағыштап, өнебойы табандылык көрсетті. 60-жж. аяғына таман əл Фарабиге арналған академиялык ғылыми кеңесте əл Фараби бабамыздың кайтып оралуы — үлы жаңалык. Бүл біз үшін ядролык физика ғылымдағы жаңалығындай», — деп едім деп естелік мағлүмат берген еді [5; 315].

Бүгінгі күнде Қазакстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігіне карайтын Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Əбсаттар кажы Дербíсəлí Акжан əл Машанидің коғамдык-саяси жəне ғылыми кызметіне былайша баға береді: «Акжан əл Машани ғүлама ғалым ғана емес, ол белгілі коғам кайраткері болды. 1980 жж. аяғында «Қазакстанда шығыстану мамандары керек пе, əлде жок па?» деген пікірталастардың кызып түрған кезінде, ол бүл мəселенщ болашағы зор екенін жəне оның мəн- маңызы какында радио, теледидардан батыл үн косып, коғамдык пікір калыптастыруда өлшеусіз үлкен үлес коса білді. 1989 ж. Əл-Фараби атындағы ҚазМУ-де шығыстану факультетін ашуға сол кездегі университет басшылары карсылык білдіргенде Акжан əл Машани осы оку ордасының ғылыми мəжілісінe арнайы келіп, мəселенщ оң шешілуіне игі ыкпалын жасады. Араб, парсы тілін білген зиялыларымыз 30-жж. сталиндік жаппай куғын-сүргіннің күрбаны болып кеткеннен кейін əдебиет пен мəдениеттщ кайнар бастауының бір саласы мүсылман шығыс елдерімен де тығызбайланыста болу жөнінде де батыл үн көтерген абзал азамат Ақжан əл Машани еді. Ұлтының болашағы үшін кездескен, кедергілерге қарамай, фанатикалық іс-әрекетінің нәтижесінде Шығыс Аристотелі атанған əл Фараби бабамыздың өшпес мұрасы араб мәдениетінің тарихына еніп кеткеніне қарамастан, оның қазақ даласының ұланы екенін дəлелдеп, əл Фараби туралы тарихи танымы зор еңбектер жазып, қалғып кеткен рухымызды дүр сілкіндіріп оятып жіберді» — деп әділ бағасын берді [11; 13].

Қазақ халқының партизан жазушысы Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов Ақжан Машанов жөнінде мынадай пікір айтқан: «Меніңше, Ақжан ағамыз — заманымыздың нағыз батыры. Бес қаруын асынып, елін, жерін жаудан қорғап қалған ерді батыр дейміз. Ал рухани дағдарысқа қарсы, мәмлесіз идеология майданында досыңды да жау еткен «қасірет империясы» кезінде көшпенді елде мəдениет те жоқ, ғылым да жоқ деген идеологияның шаңырағын шайқалтқан Ақжан Машанов болды. Дүниежүзілік екінші ұстаз əл Фарабиді Тұран тумасы, Отырарда кіндік қаны тамған, Қыпшақ ұланы деп қазақтың ұлы бабасы екендігін дәлелдеуі - ұлты үшін идеология майданында өзін-өзі оққа ашық байлаған батырлығы», — деген болатын [12; 5].

Теолог-ғалым Халифа Алтай Ақжан Машановқа қатысты өз ойын былайша тұжырымдаған: «Мен Ақжан ағамен сонау 80-жылдардан таныспын. Елге келген соң көрші тұрдық. Ол кісінің ғылыми ислами негізіне жүйрік болуы əл Фараби мұрасын игеруден ғой деп ойлаймын. Құран Кәрімнің ғылымилығын, бүгінгі ғылым жетістіктерімен ұштастыра отырып, түркі дүниесімен, қазақ дүниетанымымен сабақтастыра ой толғауы мен үшін Қасиетті кітаптың көптеген жаңа ғылыми мұрасын ұғынуға түрткі болды. Ақжан Машанов тек қазақ ұлты үшін емес, бүкіл түркі жұрты, мұсылман дініндегі елдерде де өзіндік орын алатындай тұлға, ғұлама деп білемін», — деген еді [13; 3].

1986 жылғы қазақ жастарының тәуелсіздік идеясымен алаңға шыққан Желтоқсан көтерілісінің куәгері болған Ақжан Машанов жоғары билік тарапынан жасалған қиянатқа қатты күйзелді. Автор Т.Жұрын Алматыда өткен «Шығыс ғұламаларының ғылыми-техникалық, руханияттық құндылықтары жəне А.Машани» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан кезінде бұл жөнінде өзіндік пікірін білдіріп, ғалымның қоғамдық қызметінің жаңа қырын көрсетеді. А.Машановтың Қазақстанды басқарып тұрған Г.Колбин туралы мынадай пікір айтқанын көрсетеді: «Зымиян халықты алдап, мойындағы қанды жумақ. Жазықсыз жастар қыршыннан қиылды, қан төгіс қырғын болды. Марксизм-ленинизм шайтанның жолы, солардың идеясын ұстанғандар, халықты арандатты. Ұрпағына Гитлердің қиянатын қайталаған қандай мемлекет. Жастардың еркіндікті аңсап, сөз бостандығын көксеп, бейбітшілік жолмен шеруге шығулары — алдағы күнге сенгендігі. Алаш азаматтары Əлихан, Ахмет, Шәкәрімдердің бостандықты аңсаған күшінің қуаты. Жастарды нақақтан нақақ хайуандықпен қорлады. Соның бәрін көз көрді. Ақыры оңбас. Алланың қаһарына ұшырары хақ», — деп тарих алдында өз үкімін айтып кетті [14; 243].

Бірақ жалтақтыққа тəрбиеленген ел ағалары, зиялы қауым кезінде Желтоқсан көтерілісінің шындығын айтуға да дәрменсіздік танытып, оны ыңғайға қарай бұрмалап, биліктің қас қабағына қарап жазды.

Соған қарамай, Ақжан Машанов тоталитарлық жүйенің коммунистік идеологияның қыспағына қарамай, өз ұстанымын берік сақтады. Ғылым мен діннің дүниетанымдығы тұтастығын көре білді. Діні жоқ елдің ертеңі болмайтынын, дінсіз қоғам, мемлекет болмайтынын үнемі насихаттаумен болды. Ұлы ұстаздың көрегендігі сондай ол күндердің күнінде әлемнің алтыдан бір бөлігіне үстемдік жүргізіп билеп төстеп отырған «Қасірет империясы» атанған Кеңес Одағының ыдырап құлайтынын сезе білген. Оған дəлел өзінің шәкірті бүгінгі күнде Д.А. Қонаев атындағы университеттің профессоры Ə.Д. Бектібаевтың Ақжан Машановқа мынадай сұрақ қойғаны дəлел бола алады. Ə.Д. Бектібаев өзінің ұстазы А.Ж. Машановқа: «Сіз өз мамандығыңыздан басқа, «Орысша-қазақша терминологиялық сөздік жаздыңыз, өткен жолы, араб елдерінен бірсыпыра сөздік әкелдіңіз. Ал заман ағысы болса қазақ тілінің қолданыс аясы күн санап тарылып, орыс тіліне ауысу үрдісін аңғартады. Сонда осы жұмысқа кететін уақытқа қынжылмайсыз ба?», — деп қойған сұрағына Ақжан Машанов былай деп жауап берген: «Жоқ, қынжылмаймын. Тарихта керемет оқиғалар бола береді. Сондықтан бұл үрдістің де кері серпілісінің болуы ғажап емес» [14; 145], — деген. Ал бүгінгі таңда бізді ұстаздың болашаққа сенімділігі қайран қалдырады. Айтқаны келді. Ғасырлардың тоғысында еліміз тәуелсіздік алып, қазақ халқы әлемдік қауымдастықтың белді ойыншысы болып отыр.

Партиялық-мемлекеттік құрылымының практикалық қызметінің негізгі жүргізген идеологиялық бағыты 1970-80 жж. да бұрынғысынша ұлтшылдыққа, жершілдік көріністеріне жəне патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы қүрес болды. Басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланды. Жүйеніңидеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын əдебиет пен өнер шығармаларына бейнелеген қазақ интеллигенттерінің танымал өкілдерін қудалау жалғастырылды. Мысалы, ақын Олжас Сүлейменовтың <<Aβ и Я» атты еңбегі де кеңестік жүйенің жөнсіз қатал сынына ұшырады. Олжас Сүлейменовтың қарсыластары «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» жəне басқада журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына сенімсіздік білдірді. Бірсыпыра жариялымдарда ол ұлтшылдық, пантюркистік жəне орысқа қарсы бағытталған деп тікелей жазылды.

Соған қарамастан, Aқжан Машановтың түркі дүниесімен қазақтың дүниетанымдығын сабақтастыра ой толғауы оның аса зор білімге ие екендігін көрсетеді. Ғылымға арнаған бүкіл өміріндегі көзқарасы мен зерттеулері ислам дінімен тығыз байланыста болды. Қызыл империяның зұлмат идеологиясы елдің бəрíн діннен бездіріп, атеистік рух асқақтап тұрған кезде мешітке келіп намаз оқып, басқа да мұсылмандық парызын бұлжытпай орындағаны сол уақыт үшін аса қауіпті болатын.

Қорыта келгенде, Aқжан Машановтың əл-Фарабидí кіндік қаны тамған топырағына жеткізуі ол кісінің ұлтшылдығының бір ғана көрінісі екендігіне көзжеткіземіз. Ол өзінің қазақ халқын ерекше сүйді, өз халқына еңбек сіңіру оның ең басты ұстанымы болды. Әл-Фарабиді ашудың қиындығына қарамай, бел бууы, ұрпағымен табыстыруы — осының дəлелí. Сонымен қатар ғылым тарихындағы, тіл, мəдениет жөнінде теріс ұғым қалыптастыруға үзілді-кесілді қарсы шыққан хас батыр деуге де болады. «Ислам» деген ұғымды үш тарауға бөліп қараған, олар: ислам мəдениетí, ислам ғылымы, ислам діні. Осылардың ішінде түркі ғалымдарының ғылымға қосқан үлесі ең үлкен екенін үнемі насихаттаумен болды. Ислам ғылымын дамытушылардың ішінде əл-Фарабидщ еңбегі ең үздігі екенін есте сақтау керектігін уағыздады. Aқжан Машанов əл-Фараби мұраларына ғылыми көзқарас тұрғысынан қарап, астрономия, табиғат, музыка саласындағы ғылымдар əл-Фарабидщ еңбектерінен бастау алады деген пікір айтады. Қарап отырсақ, автор өз заманының қатал тəртíбíне, тоталитарлық режимнің зобалаң сипатына қарамастан, туындалған қиыншылықтардан қорықпай, өз халқының болашағы үшін өз өмірін тағдыр тəлкегíне салып, аянбай тер төккенін көреміз. Соның салдарынан 1946 ж. өзі тұңғыш құрылтайшыларының бірі болып құрған қазақ Ғылым академиясынан өзіне тиеселі орынды ала алмай, өмірінің соңына дейін корреспондент мүшесі ретінде ғана қалып қоюы — осының бір көрінісі де деп ойлаймыз. Сондықтан өз халқымыздың Aқжан Машанов секілді ұлағатты ойшылын дəрíптеп, оның қоғамдық қызметіне объективті түрде баға беру бүгінгі күндегі тарих ғылымының алдындағы өз орны бар маңызды міндеттерінің бірі деп есептейміз.

Үлы ғұлама тірі кезінде-ақ өзінің замандастары тарапынан бүгінгі күннің Фарабиі деп аталынды. Ол атауға əбден лайық екенін өмірінің соңына дейін қолынан қаламы түспей халқына рухани тұрғыдан қызмет жасағаны дəлел болса керек. Геолог, философ, маркшейдерлік, жазушылық, діни қайраткерлік, тарихшылық - мұның бəрí осындай ұлы адамдарға ғана тəн қасиет болса керек.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. ҚРОММ. — 2285-қ. — 1-тіз. — 118-іс.
  2. ҚРОММ. — 2285-қ. — 1-тіз. — 115-іс.
  3. ҚРОММ. — 2285-қ. — 1-тіз. — 76-іс.
  4. Әбдіраман Ш. Aқжаи əл-Матани / Ш. Әбдіраман. — Aлматы: Қазақстан, 2007. — 397 б.
  5. Әбдіраман Ш. Фараби — ғибратты ғалым / Ш. Әбдіраман. — Aлматы, 2006. — 392 б.
  6. Әбдіраман Ш. Дегдар / Ш. Әбдіраман // Егемен Қазақстан. — 2005. — 2 қар.
  7. Назарбаев Н.Ә. Тарих толк^шьтда / Н.Ә. Назарбаев. — Aлматы: A'1'амұра, 1999. — 293 б.
  8. Қазақстан тарихы. Очерктер. — Aa^TH: Дəуíр, 1994. — 446 б.
  9. Машанов A. Әл-Фараби жəне Aбай / A. Машанов. — AgggTbi: Қазақстан, 1994. — 192 б.
  10. ҚРОММ. — 2285-қ. — 1-тіз. — 238-іс.
  11. Дербíсəлиев Ә. Өиегелі ғұмыр / Ә. Дербíсəлиев // Қазақ əдебиетí. — 1996. — 17 қырк. — № 38.
  12. Ғұлама ғалым Aқжаи Машанидщ 100 жылдығьш қалай атап өтеміз? Дөңгелек стол материалдары // Қазақ əдебиетí. — 2003. — № 14.
  13. Төлеубаев Е. Aқ;жаи Машани жəне қазақ дүииơɪаиымы / Е. Төлеубаев // Орталық Қазақстан. — 2006. — 15 маус.
  14. Aқжаи əл-Машани. Көптомдық шығармалар жинағы. — 7-т. Aқжаи Машани ғибраты. — AgggTbi: {Алатау» баспасы, 2007. — 266 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.