Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Діннің заманауи интеграциясы

Мақала заманауи интеграциялық процестегі діннің әлеуметтік-философиялық функциясына арналған. Жаһандық интеграция, заманауи технологиялардың дамуы, адамзаттың дүниетанымдық ұстанымдарының өзгеруі діннің қоғамда алатын орнын тұрақсыз етті. Дін ұзақ уақыт бойы танымдық қызметті атқарып келді. Сондықтан адамзат үшін ерекше мəнге ие болған. Бірақ болмыстың аксиологилық мәні күйзелістік жағдайда болғандықтан, дінге деген сенім күрт төмендеп кетті. Рухани құндылықтардың құлдырауы адамзаттың ішкі рухани дүниесінің құнсыздануына алып келді. Қоғамда секуляризациялық процесс басталды. Секуляризация діни-экстремистік ағымдардың қайнар көзі деген пікір айтыла бастады. Мақала авторы тек бір ғана фактор екенін баса айта отырып, басқа да себептерін жан-жақты қарастырды. Террористік ұйымдар көздеген мақсаттарына жету жолында экстремистік көзқарастардың кеңінен таралуына барлық жағдай жасайды. Рухани күйзеліске тап болған қоғамда бұл процесс тез орынын табады. Сол себепті осы феноменмен күресу жолдары да талқыланады. Əлемде болып жатқан интеграциялық процестер еліміздің барлық салаларын қамтып отыр. Соның ішінде дінге де қатысты интеграциялық процестер бар. Қоғамда дінге деген жаңа көзқарас жаңа құндылықтарды тудырады. Діни нормаларды сакралдандыру тұлғаға да əсер етеді. Мақалада заманауи қоғамның рухани өмірінің айырықша ерекшелігі дүниеге деген көзқарастық плюрализм туралы айтылды. Діни плюрализм интеграция процесінде жиі кездесетін құбылыс. Осыған орай, монистік немесе дуалистік көзқарасқа қарағанда, плюралистік көзқарас ақиқатқа жақын.

Көптеген зерттеулер діннің әлеуметтік функциялары мәселесіне арналған. Дәстүрлі қоғамда дін әлеуметтік интеграция жəне тұрақтылық, рухани құндылықтарды жоғарлату, болжам жасаумен сәйкестендіру функциясын атқарады. Интегративтік функция діннің қандай да бір адамдар тобын, идеялар кешенінің айналасын біріктіру қабілетінде көрінеді. П.Бермердің пікірінше, «діни институттар — осы қоғамның барлық мүшелерін «жалпы бір мағынаға» біріктірген əлем» деп айта кеткен [1; 139]. Діни жүйе қоғам мүшелеріне немесе топқа осы қоршаған əлемде өз орнын, атқаратын рөлі мен мәнін табуға мүмкіндік береді. Алайда белгілі бір жалпылықты біріктіре жəне топтастыра отырып, дін, бір жағынан, оны басқа діни ағымдарға қарсы қояды (православияны — иудейлерге, мұсылмандарға, буддисттерге жəне т.б.). Осылайша, дін кейде бөліп тастау факторы ретінде көрінеді, дінаралық тұрақсыздық осыдан келіп туындайды. Осылайша тұрақсыздық факторы, әлеуметтік жəне саяси дағдарыс жағдайларына алып келеді. Көпұлтты мемлекеттерде интеграция мен дамуға нақты осы жоғарыда келтірілген аспекті кедергі жасайды.

Діни интеграцияның өз функциясын іске асыру мүмкіндіктері заманауи секуляризацияланған қоғамда, діни функциялардың əрекет ету ортасы қатты шектелгендігіне байланысты. Мысалға, барлық әлеуметтік институттар зайырлы болып табылатын Қазақстанда діни құндылықтар негізінде шынайы интеграция тек кіші топтар деңгейінде болмақ, мысалы, отбасы немесе топтардың белгілі бір кешенінде ғана мүмкін болады. Қазақстан көпұлтты жəне көпконфессиялы мемлекет екенін ескерсек, қандай да бір діннің негізінде қоғамның интеграциясының белсенділігі төмен болыптабылатындығын байкауға болады. Əрине, ол мемлекеттің беделіне нүскан келтірмейді, бірак діни интеграция төңірегінде кері əсерíн тигізуі мүмкін.

«Дін дегеніміз – күдайға сенетін адамдарды моральдік кауымдастыкка біріктіретін, тылсым да касиетті дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжіріибе жүйесі» (Durkheim [1915], 1961:62 [2; 347]. Сондыктан түрактылык пен интеграция функциясының баска кыры реттеуші функциясы болып табылады. Дін бүйрык немесе нүскама, нормалар жəне талаптар аркылы мінез-күлыктың түрін аныктайды, адамгершілік күндылыктарының бірыңғай жүйесін белгілейді. Алайда егер өткен, дəСТÝрлí коғамда күкыктык, экономикалык жəне білім беру институттары мешіттер мен шіркеулердің катты əсерíнде болса, ал дін əр адамның жеке ісі болып табылған заманауи əлемде оның реттеуші аспекті жалпы коғам емес, тек индивидтің жəне кішігірім əлеуметтíк топтардың деңгейінде жүзеге асырылады. Бүл діни институттың коғамдык катынастарды реттеуші ретінде тиімділігі мен мəнíн төмендетеді деген пікір бар.

Қоғамның нормалары мен күндылыктарын сакралдандыру, яғни касиетілік сипат беру жолымен дін өзінің түрактануына да ыкпал етеді. Дәстүрлі коғамда «дәстүрлі коғам» деп діни институт үжымдык жəне жеке өмірдің нормалары мен күндылыктарын аныктау, кадағалау жəне шешім кабылдау бойынша монополист болатын коғамды айтады. Алайда саяси, күкыктык, экономикалык, əлеуметтíк институттар зайырлы болғаннан бастап, коғамда діннің эдет-ғүрыптык күндылығы бəсендеді. Бірак, жалпы күндылығын жоғалткан жок. Дін таным ретінде мəнíн жойды (ғылыми түрғыдан), ал кіші топтар арасында əлеуметтíк рөлін сактап калды. Заманауи коғамда жоғарыда аталған функцияны, діни экстремистік үйымдар жеке түлға жəне кіші əлеуметтíк топ деңгейінде іске асыра бастайтындай жағдай туындайды.

Сонымен, дін əлеуметтíк институт ретінде социумда діни нормалар мен күндылыктарды түрактандыру, интеграциялау жəне салттандыру кызметін аткаруы мүмкін. Қоғамның баска əлеуметтíк институттарға сенімі төмендеген жағдайда, бүл функция өзекті бола бастайды. Алайда коғам каншалык заманауи сипатка ие болса, ол соншалыкты діннің əсерíнен еркін жəне де дін өзінің функциясын үлкен əлеуметтíк топтар мен коғамда тиімді орындайды.

Діни түрғыдан сакралдандыру деген — коғамның нормалары мен күндылыктарына касиетті сипат беру процесі, мысалы, олардың шығу көзіне күдайылык, сол аркылы касиеттілік мəнíн беру аркылы оның күндылығын жоғарлатуға тырысады. Заманауи коғамда бүл процесс баска көрініс тапты. Осы мəселенí дүрыс түсіну үшін секуляризация процесіне тереңірек токталып кету кажет.

«Секуляризация» термині екіжакты карастырылады: біріншіден, бүл өмірдің əртÝрлí салаларының шіркеу мен діннің əсерíнен азат болуы, ал, екіншіден, ол о, дүние бар дегенге сенімнің бүзылуы. Бірінші мəнí əлеуметтíк деңгейде болып жаткан процестерге катысты. Осы жағдайда секуляризация процесінің нəтижесí діннің əсер ету аясының тарылуына байланысты, əлеуметтíк топтар, коғамдык үйымдар, жеке адамдардың көпшілігінің осындай көзкарастардан бастартуы. Екіншіден, сана деңгейінде дінде болып жаткан процестерді түсіндіреді. Бүл жағдайда секуляризацияның нəтижесí дінге, нактырак айтканда, əлемнщ дәстүрлі діни суреттемесінің шынайылығына деген сенімнің дағдарысына алып келеді. Секуляризацияның əсерíне (осы терминнің екінші мағынасында), ең алдымен, дәстүрлі конфессиялар үсынған тылсым (латентті) концепциясы үшырайды. Заманауи ғылыми жаңалыктар православиелік, католиктік, ислам, иудаистік, буддистік діндер ғасырлар бойы жасалып, колдаған əлем суретінің сипаттамаларын бүзады. Дәстүрлі конфессиялар үсынатын көзкарастар, түжырымдамалар заманауи адамдарға түсініксіз əрí дəлелсíз, шынайы дүниеден алшак болып көрінеді. Секуляризация дәстүрлі діни институттарға сенімді бүзды, бірак ол адам мен коғамның өзін-өзі тануға, түрактылыкка, күндылыктарды бағалайтын интеграцияға кажеттілігінен айырылған жок. Бүл түрғыдан дін, əлí де болса, өзінің функционалдык өзектілігін жойған жок.

Секуляризация процесі өздігінен әртүрлі экстремистік діни үйымдардың, соның ішінде лаңкестік үйымдардың пайда болуы мен таралуына алғышарт жəне дәстүрлі конфессиялар үсынып отырған түжырымдамаларында сенімнің жойылуы, болып жаткан процестерге деген канағаттандырылмағандык жаңа экстремистік бірлестіктердің пайда болуына алып келеді.

Осылайша, коғамның секуляризациясы, заманауи коғам үшін дәстүрлі болған конфессиялар үсынған діни доктриналарға сенімнің дағдарысы, мемлекет аумағында көптеген жаңа діни үйымдардың, соның ішінде экстремистік бағыттағы үйымдардың туынадауы мен таралуына алғышарт болуы мүмкін деген түжырым жасауға болады. Алайда экстремистік ағымдардың пайда болуының бір ғана себебі екенін ескерген жөн. Секуляризация коғамға тек кана жат (кері)процестерді алып келеді деген ой туындамауы керек. Бұл процесс қоғамға оң (тиімді) жағдайларды алып келетіні сөзсіз. Осы жерде біз дінге қатысты процестерді алып отырмыз.

Қоғамның секуляризациясы жəне дүниеге деген көзқарастардың белсенді түрде өзгеруі дәстүрлі конфессиялар үшін күрт өзгерістер алып келді. Олар таңдау үстінде қалды: біріншіден, бар жағдайға бейімделу қажеттілігі, екіншіден, қатысушылардың сенімін жоғалтуға тəуекел ете отырып, қызмет етудің ескі үлгілерін ұстану. Əрине, бірінші де жəне екінші де жағдай оларды қанағаттандырмады жəне әлі күнге дейін шешімін таба алмай жүрген мəселе.

Қатынастың əлеуметтíк алғышарттары ретінде (діни тұрғыдан алғанда), дәстүрлі діни институттарға сенімнің төмендеуі, əлемнщ болмысы туралы айқын емес жəне жалпылама түсінігі, тұжырымдамаларының заманауи сұраныстарға сай келмейтін ұстанымдарының болуы. Сондықтан қандай да бір шешімнің тиімді тəсíлдерíн ұсынатын жəне əлемнщ болмысы туралы сұрақтарға нақты əрí анық жауап беруге тырысатын діни секталарға жоғары қызығушылықтың пайда болуына алып келеді. Осылайша, діни экстремизмнің келесі арнайы рухани факторларын бөліп қарастыруға болады:

  • жалпы дінге деген қызығушылықтың артуы;
  • діннің əлеуметтíк интеграциясы жəне тұрақтылық функциялары;
  • рухани құндылықтарды сакралдандыру;
  • дәстүрлі діни институттарға жəне олардың ұсынатын концепциясына деген сенімнің төмендеуі;
  • дәстүрлі діни институттардың енжарлығы немесе белсенділігінің жоқтығы;
  • қоғамдық өмірді жандандыру жəне дінге қатысты заңнаманы жетілдіру.

Осылай «қоғам діннің көмегімен өзін материалдық емес, əлеуметтíк фактінің формасында көрсетеді» [3; 23].

«Хизбут-Тахрир аль-Ислами» (Ислам азаттық партиясы) террористік ұйымының өкілдері Құранның мәтінін талғамалы талдай отырып, көптеген мемлекеттер аумағында, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында, мемлекеттік құрылымды ауыстыру жəне бірыңғай Халифатты қалпына келтіру, басқа да мұсылмандық емес көзқарастарды түптамырымен жою қажеттілігі туралы идеяларды насихаттайды, адасушылармен физикалық күреске шақырады, жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін «халктар» деп аталатын жасырын ұяшықтар ұйымдастырады, сондай-ақ жақтастар жинайды.

Кейбір ұйымдар қайырымдылық əрекетíн жамыла отырып, республиканың оңтүстік аймақтарында ислам мемлекеттерінің бірқатарында тыйым салынған ислам қағидаларын басқаша талқылаумен таратып жатқаны белгілі. Ондай ұйымдар жастарды өз қатарына тартуға тырысады. Жастар психологиялық жағынан ортаға тез арада ыңғайланады. Ашушаң болып келеді. Əрине, осындай ерекшеліктерді пайдалану экстремистік ұйымдар үшін қолайлы. Жоғарыда аталған əрекеттердí болдырмау үшін, психологияда «катарсис» деген технологияны қолданады. Зерттеуші Энн Ландерстің пікірінше, «жастарға бойдағы ашу-ызаны шығаруды үйрету керек» (Landers, 1969). «Адам кектеніп, ызаланады делік. Ендеше, біз оған мұндай жағдайдан шығудың жолдарын көрсетуіміз керек. Сондай мінез-құлық танытқан адамдарға ашуы басылғанша мүмкіндік беруі керек», — дейді психиатр Фринц Перлз (1973)» [4; 356].

Соңғы онжылдықта діни-саяси экстремизм жай ғана діни экстремизм емес, жаңа бірыңғай Халифатты құру мақсатымен конституция құрылымы, мемлекеттік құрылым негіздерін, құқықтық жүйені күштеп өзгерту мүмкіндігіне негізделетін, сонымен қатар діни идеологияны жүзеге асыру бойынша саяси экстремизм кеңінен таратуға тырысады.

Экстремистік ұйымдардың қызметінің негізгі бағыттарының бірі өзінің идеяларын дəрíптеу, тарату жəне насихаттау, оларды қоғамдық қолдауды қалыптастыру, жанашырлар тобын құру болып табылады. Осыған байланысты экстремистік материалдарды таратумен күрес ерекше өзектілікке ие.

Шамамен 5 миллиард адам тұрақты қолданушысы болып табылатын Интернетте экстремизм туралы ақпараттар жаңа жаһандық мəселелер тудыратын жағдайға жетті. Экстремистік ұйымдар өз идеяларын насихаттау жəне жаңа серіктестерді тарту үшін мінбе ретінде компьютерлік желілерді пайдаланады. Мысал ретінде «Таблиғи Жамаат» сайтын айтуға болады, онда мемлекеттердің конституциялық құрылымын өзгерту жəне бүтіндігін бұзуға шақыратын ақпараттардан тұратын топттардың бағдарламалық құжаттары енгізілген. Сондықтан жастар мен Интернет желілерін тұрақты пайдаланушыларды қорғайтын механизмдерді қарастыру қажеттілігі пайда болды.

Салыстырмалы заңнама институтының (Швейцария) мамандары көрсеткендей, Интернет кез келген идеологияны бүкіл əлемге «оңай, қауіпсіз, арзан жəне сынақ-пікірсіз» таратуға мүмкіндік береді, бұл өзінің мүшелерін зорлық-зомбылық актілерін жасауға жігерлендіретін бірыңғай экстремистік көзқарастағы қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Бейнематериалдарды компьютерлік желіде көрсету жəне электронды басылымдар құру мүмкіндігінде экстремистік топтар өзінің əрекетíн танытуда кеңінен пайдаланады. 2005 жылы күзде Аль-Каида Интернет желісі арқылы жаңалық бағдарламасын тарата бастады, онда жаппай «жиһад» жасау жоспары жəне «адасқандармен» күресте қолжеткізген жетістіктер туралы айтылады. Экстремистік топтар Интернетті өз əрекетíн қаржыландыру үшін пайдаланады.

Сондықтан компьютерлік желілер ақырындап «соғыс алаңына» айналып бара жатыр. 2003 жылдан бастап киберкеңістікте «Интифада» жүріп жатыр. Ал жуырда «Хамас» ислам əскери тобы еврейлерге тəн немесе Израильдің саясатын қолдаушы сайттарға «сандық жиһадты» жариялады жəне Ғаламторда «электронды бүлік» шығаруға шақырды. Мамандар кибертерроризм туралы сөз айта бастады. Жаңа қатердің кеңінен етек алып бара жатқандығын бағалау жəне осы мəселе шектен тыс ауытқып бара жатқандығын, оның шынайылығын көптеген сарапшылар мойындайды. Бүкілəлeмдік компьютерлік желімен ұсынылатын шынайы уақыт тəртíбíнде көрсетілетін хабарламалар мен ақпараттарды алмасу үшін бар мүмкіндіктерді экстремистік топтар өз əрекеттерíн ұйымдастыру үшін белсенді қолданады.

Экстремистік əрекетке, оның ішінде материалдық-техникалық база жəне байланыстың басқа да түрлерін жеткізу жолымен көмектесу экстремизм формасының бірі болып табылады. Сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын кез келген ұйым сот шешімі бойынша шектелуі керек.

Көптеген жағдайларда экстремистік əрекеттщ ұйымдастырылған формалары үшін жауапкершілікті қарастыратын нормаларды діни ұйымдарға қатысты қолдану мүмкін емес. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы ұлттық деңгейде жəне мемлекетаралық деңгейде экстремизмнің әртүрлі формалары жəне түрлерімен күресу стратегиясын қалыптастыруда мүмкін болмақ.

Қоғамға жаппай қауіптің төнуі мен діни экстремизмнің таралуы — ХХ ғасырдың соңында көптеген мемлекеттердің аумағында пайда болған тенденция. Сондықтан осы проблеманы шешу төңірегінде, біріншіден, қандай да болмасын жағдайларға байланысты адамды кемсітуге жол бермеу (нәсілдік тиістілік, жыныс, ұлт, діни сенім жəне т.б.), екіншіден, қызметтің әртүрлі салаларында азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру (еңбек, білім, əлеуметтíк қамтамасыздандыру, еңбек ақы, демалыс жəне т.б.), үшіншіден, экстремизмнен келіп шығатын құбылыстарға жол бермеу үлгілерін қалыптастыру (терроризм, геноцид, апартеид жəне т.б.).

Заманауи қоғамның рухани өмірінің айырықша ерекшелігі дүниеге деген көзқарастық плюрализм болып табылады, ол мемлекет аумағындағы ешбір дәстүрлі кофессияның тұжырымдамасына сəйкес келмейді. Әлемнің бейнесін түсіндіру, рухани құндылықтарға қасиетті көрініс беру жəне т.б. мəселелер төңірегінде біржақтылық жоқ екендігін байқауға болады. Қандай да діни бірлестіктің қызметінде болу оған белсенді түрде қатысу адамның тууа біткен міндеті емес, əр кəмелет жасқа толған жеке тұлғаның өз шешімінің нəтижесí болып табылады.

Дəстʌрл¡ діннің заманауи сұраныстар жағдайларында нəтижелí қызмет көрсету үшін, қоршаған ортамен өзара əрекет етудің механизмін қайта қарау керек. П.Бергердің пікірі бойынша, діни плюрализм жағдайында дәстүрлі дінді өзгеріссіз түрде сақтап қалу үшін, ең алдымен, қоршаған орта, əлемнщ бейнесі мен оның мəселелерíн заманауи адам үшін бұлыңғыр жəне түсініксіз түсіндіру дұрыс емес. Осыдан қасиетті кітаптарды талқылау, олардың мазмұнын түсіндіру, сенімнің негізгі парыздарын талқылау жəне аллегориялық, адами ұғымдарды жалпылу арқылы «аудару», доктриналарды аңыздандыруға, оны шынайы өмірге жақындату, ескірген ұғымдар, нормалардан бастартуға қажеттілік туындайды. Діни тұжырымдамалардың əрцилыль₣ына қарамастан адамдар өздерінің қасиеттендірілген санасына, яғни дүниетанымдық ұстанымына, байланысты жəне қажеттіліктерін қанағаттандыратын көзқарастарды таңдауы мүмкін.

«1950 жылдары Альфред Айер (1910-1991) сияқты логик-позитивистер «Құдайға сенудің мəнí бар ма, жоқ па?» деген сұрақ қойды. Жаратылыстану ғылымдары - білімнің жалғыз сенімді көзі, өйткені оның нəтижелерí тəжíрибе жүзінде тексеруге болады. Айер Құдайдың бар не, жоқ екеніне емес, Құдай идеясының мəнí бар жоқтығын сұрады» [5; 368]. Айер қазіргі қоғамда, яғни технологиялары дамыған жəне де дəлелдеудí талап ететін қоғамда, Құдай идеясы туралы сөз қозғау орынды ма, əлде орынсыз ба дегені. Жай қарапайым адамды діни догматтармен таң қалдыра алмайсың. Сондықтан дінге деген қатынасты өзгерту қажеттігіне сілтеме жасады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Berger P. The social reality of religion / P. Berger. — Harmondsworth, 1967. — 233 р.
  2. Бринкерхоф Д. Əлеуметтану негіздері / Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега. — 9-бас. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. — 464 б.
  3. Рицер Д. Əлеуметтану теориясы / Д. Рицер, Д. Степницки. — 10-бас. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. — 856 б.
  4. Майерс Д. Әлеуметтік психология / Д. Майерс, Ж. Туенж. — 12-бас. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. — 648 б.
  5. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. — 432 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.