Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Тұтынушы» ұғымы жəне тұтынушының Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша құқықтық жағдайы

Зерттеу жұмысының мақсаты — теориялық ережелер мен қолданыстағы заңдарды талдау негізінде азаматтық заңдар бойынша тұтынушының құқықтық мəртебесін айқындау, «тұтынушы» ұғымын жəне тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетігін анықтау. Авторлар қойылған мақсаттарға қолжеткізу үшін келесідей міндеттерді белгіледі: осы саладағы заңдарды жетілдіру, оны жүйелендіру бойынша, сондай-ақ оны қолдану тəжірибесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар əзірлеу. Авторлар «тұтынушы» ұғымының теориялық мəнін қарастырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тұтынушының құқықтық жағдайына талдау жүргізді. Мақалада тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған ұлттық заңнаманың құқықтық нормаларына ерекше көңіл бөлінеді, нормативтік-құқықтық актілер топтарға бөлініп қарастырылды, соның негізінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қатынастарды құқықтық реттеудегі ақаулықтар мен қарама- қайшылықтар анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқығын қорғаудың теориялық жəне тəжірибелік мəселелеріне кешенді азаматтық-құқықтық тұрғыда талдау жүргізу, тұтынушылар құқығын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірлеу болып табылады. Зерттеу нəтижесінің қорытындылары мен ұсыныстарын тұтынушылар құқығын қорғаумен байланысты қатынастарды құқықтық реттейтін ұлттық заңнамалардың тиімділігін арттыру мəселелерін одан əрі зерттеуде, сонымен қатар заңшығарушылық пен құқыққолдану тəжірибесін жетілдіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

Тұтынушылардың құқықтары адам құқығының ажырамас бөлігі болып табылады. Өмір сүруге құқық, адамгершілігінің қорғалуына құқық, жеке өміріне қолсұқпаушылық, пікірін білдіру бостандығы, жеке өмірінің қорғалуына деген құқықтар сияқты тұтынушылар құқығы өркениетті қоғамда адамның жеке өмірінің негізгі шарты болып есептеледі жəне олар мемлекетпен танылуы жəне қорғалуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-б. бойынша: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Мемлекеттің саяси жүйесінің қарқынды дамуы үшін адам құқықтарына басты көңіл бөлу қажет, сонымен қатар тек қана жалпы мүдделерді қорғап қана қоймай, жеке азаматтың жетістіктерін де қамтуы тиіс.

Тұтынушылар құқығын назардан тыс қалдырмай үнемі жетілдіріп отыру үрдісі тəуелсіз Қазақстанда Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларындағы халық сұранысын қанағаттандыру, əлеуметтік саланы жетілдіруге арналған көреген саясатынан да көрініс тауып келеді.

Қазақстанда тұтыну қатынастары саласындағы негізгі сұрақтарды реттейтін Заңдар қабылданды. Тұтынушының құқықтарын қорғау келесі мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады: жалпы құзыретті органдар (полиция, прокуратура, сот), арнайы құзыретті органдар (Мемлекеттік монополияға қарсы комитет, Мемсанэпидқадағалау), жергілікті органдар (əкімшіліктегі арнайы бөлімдер). Мемлекеттік органдардан басқа тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын тəуелсіз мемлекеттік емес ұйымдар құруға рұқсат етіледі. Олар заң бойынша сот шығындарын төлеуден босатылады, ал соттағы талабы қанағаттандырылған жағдайда құқықбұзушыға салынған айыппұлдың 30 пайызы мөлшері тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдардың пайдасына түседі. Қазіргі кезде тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын ұйымдар өзінің қызметін ақпараттық жəне құқық қорғаушылық бағытта жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан–2050» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан–2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде: «Заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс жəне қызмет сапасын бақылау мəселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін əзірлеп шығу керек», — деп атап көрсеткен болатын [2].Бұл міндетті мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен бизнесмендердің тығыз бірігіп қызмет етуі нəтижесінде шешу қажет.

Қазіргі уақытта нарықтық қатынастарға көп көңіл бөлініп, шарт бостандығы қалыптасқан кезде, сонымен бірге тауар жəне қызмет көрсетушілер, сатушылар, өндірушілер қатардағы тұтынушылардың мүдделерін елемейді, сондықтан тұтынушылардың құқықтарын қорғау ерекше маңызды мəселеге ие болады. Дегенмен, қазақстандық тұтынушылар нарығының қалыптасуы дағдарыстық құбылыстармен, оны монополиялаудың теріс салдарларымен бірге жүзеге асырылды. Осындай жағдайларда əсіресе тұтынушы-азаматтардың негізгі құқықтары – білім алу, ақпаратқа қолжетімділік, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына, соттық қорғануға, келтірілген шығынды өндіріп алуға, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдар арқылы өз мүдделерін білдіру құқықтарын жүзеге асыруда тұтынушы құқықтарын қорғаушы заңнаманың рөлі арта түседі.

Тұтынушылардың құқықтары адам құқығының ажырамас бөлігі болып табылады. Өмір сүруге құқық, адамгершілігінің қорғалуына құқық, жеке өміріне қолсұқпаушылық, пікірін білдіру бостандығы, саяси процестерге қатысу, жеке өмірге деген құқықтар сияқты тұтынушылар құқығы өркениетті қоғамда адамның жеке өмірінің негізгі шарты болып есептеледі жəне олар мемлекетпен танылуы жəне қорғалуы тиіс.

Тұтынушылар құқықтарының мазмұны жəне оның қоғамда таралуы — тарихи құбылыс. Халықаралық-құқықтық құжаттарында бекітілген тұтынушы құқықтарының қазіргі кездегі тізімі — жетілген қоғамның нормасы болып табылатын эталондар мен стандарттардың тарихи құрылуының нəтижесі. Тұтынушылардың құқықтарының дамуының шешуші кезеңі ретінде 1962 ж. 15 наурызда АҚШ Президенті Джон Кеннеди қабылдаған Тұтынушылардың құқықтары туралы декларациясы болып табылады. Онда төрт негізгі құқық көрсетілген:

  1. Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі.
  2. Тауар туралы сенімді жəне толық ақпарат.
  3. Тауар мен қызметті таңдау бостандығы.
  4. Тыңдалу құқығы.

Халықаралық қоғамдастық оған тағы төрт құқықты қосты:

  1. Негізгі тұтынуды қанағаттандыру.
  2. Келтірілген шығынды өтеу.
  3. Тұтынушылық ағартушылық.
  4. Қолайлы қоршаған орта жағдайы [3; 6].

Осы құқықтардың барлығы тұтынушылар құқықтарының негізін құрайды жəне ол Тұтынушылар одағының халықаралық ұйымының жұмысына негізделген «Біріккен Ұлттар Ұйымының 8 парызы» деген атпен танымал. Бұл ұйым 1960 ж. құрылған, осы ұйымға 64 əлем елдерінің 181 тұтынушылар бірлестігі кіреді. Кез келген мемлекет өзі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдылықты қалыптастыруда осы Тұтынушылар одағының халықаралық ұйымы қойған талаптарды ескере оты- рып, əрекет етеді. 1985 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы тұтынушылардың мүдделерін қорғайтын басты қағидаларды қабылдады [4; 113].

Қазіргі кезде «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында осы сегіз негізгі қағидалар басшылыққа алынған, оларды өмірде жүзеге асырудың механизмін қамтамасыз етеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қоғамдық қозғалысы Америкада жəне Шығыс Еуропада 1960–1970 жж. жалпылама танылды. Осы елдердің тəжірибесі көрсеткендей, тұтынушылар құқығын қорғаудың тиімді жұмыс жасаушы механизмі өзін-өзі реттеу немесе нарықты мемлекеттік реттеу механизмі бола алады. Тұтынушылар армиясы арқылы коррупция мен жасырын экономиканың негізін құраушы теріс пиғылды бəсекелестік, баға туралы келісімді, заңсыз алынған табысты жағдайларын бақылап отыруға болар еді.

«Тұтынушы» дегеніміз жеке өзі тұтыну немесе жеке меншік шаруашылықта пайдалану мақсатында тауар сатып алатын жəне жұмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат; сатушы тау- арларды сатып алу-сату шарты бойынша өткізетін кəсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат; дайын- даушы өнімді өткізу үшін өндіретін кəсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат; орындаушы жұмыс атқаратын немесе қызмет көрсететін кəсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.

ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» 2010 ж. 4 мамырдағы № 274-IV Заңында «тұтынушы» ұғымына келесідей анықтама берілген: «Тұтынушы — өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе иелену ниеті бар не тапсырыс беретін, оларды иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жеке тұлға» [5].

Бұл қызметті жүзеге асырудың басты негізі — мемлекеттегі табиғи монополияның жүзеге асырылу тəртібі. Жалпыға бірдей қызмет көрсету — табиғи монополиялар субъектілері қызметін жүзеге асыратын жəне көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағында табиғи монополиялар субъектілерінің барлық тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңға сəйкес тұтынушылар тауарларды (орындалатын жұмысты жəне көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қолжеткізуге, тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға, қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына, тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына жəне (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге, сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға, ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінə қоюға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға, моральдік зиянды өтетуге, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. Тұтынушының тауарларды (орындалатын жұмыстарды жəне көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасуға құқығы бар. Тұтынушыны тауарларды (орындалатын жұмыстарды жəне көрсетілетін қызметтерді) иеленуге шарт жасасуға мəжбүрлеуге жол берілмейді.

Тұтынушы азаматтық айналымның негізгі қатысушысы тұтынушының құқықтарының сұрақтары жан-жақты, кешенді зерттеуді қажет ететін тақырып. Бұл тек теория емес тəжірибелік маңызы жоғары өзекті тақырыптардың бірі. Тұтынушылар қатысқан қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері, осы құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау тəртібі, сондай-ақ сатушылардың, дайындаушылардың, жұмыстар мен қызметтерді орындаушылардың құқықтары мен міндеттері «Тұтынушылар құқын қорғау туралы» ҚР Заңнан басқа жəне оған қайшы келмейтін заңдық жəне нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ заңда көзделген немесе оған қайшы келмейтін шарттар мен басқа да мəмілелермен реттеледі.

«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында» «азаматтардың мемлекеттік емес ұйымдарға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде қарау мерзімін сақтау, ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының өз қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қараудағы жауапкершілігін белгілеу мəселелері бойынша өтініштерімен байланысты қатынастарды реттеу қажет», — деп атап көрсетілген [6].

Сонымен қатар «қазіргі заманның болмысы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін енгізуді, меншік құқықтары мен шарттық міндеттемелердің қорғалуын күшейтуді талап етеді, сондай-ақ олар сот ісін жүргізудің жекелеген элементтерін түзету мен жеделдетілген талап- арыз арқылы іс жүргізуді енгізуді көздейді», делінген.

Тұтынушылардың құқықтарын азаматтық-құқықтық қорғаудың түсінігіне жалпы сипаттама мен талдау жүргізбес бұрын, біз тұтынушы кім деген сұраққа анық жауап іздеуіміз керек.

Біздің елімізде қолданыстағы заңнамада «тұтынушы» термині жиі кездеседі. Оның анықтамасы түрлі нормативтік құқықтық актілерде əртүрлі мағынада түсіндіріледі. Өндірістік-техникалық мақсаттағы жəне халық тұтынатын тауарлардың жеткізілімі туралы заңдарда тұтынушы ретінде өндірістік қайта өңдеу, өндірістік тұтыну мақсатында немесе нарықта өткізу үшін тауарларды алушы, пайдаланушы, əртүрлі сауда кəсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру кəсіпорыны бола алады. Бұл жерде «тұтынушы» түсінігі қысқа мағынада беріліп, тек қана өндірістік тұтынушыға қатысты айтылады [7; 24]. Аталмыш түсінікті пайдалану қарастырылып отырған жағдайда сəйкес келмейді, өйткені тауар жеткізілімі туралы заң тауар жеткізілімі туралы шарт бойынша алынған өнімді немесе тауарды тұтынудың шарттары немесе тəртібі туралы ережелерді бекітпейді.

Қолданыстағы заңнама бойынша тұтынушы түсінігі кең мазмұндалған, тұтынушы ретінде тек ұйым ғана емес, сонымен қатар азаматтар да танылады. Азаматтық кодекстің 11-б. 3-т. байланысты кəсіпкерлік қызмет жүргізетін адамның жəне тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған теріс-пиғылды əрекеттер жасауына жол берілмейді. Осы айтылған ережелерді талдаутұтынушы ретінде өнімді тұтыну мақсатында иеленетін кез келген тұлға деген қорытындыға келуге мүмкіндік береді. Бұл жерде өндірістік жəне жеке тұтынушы туралы айтылды. Осыған ұқсас жағдайлар 2015 ж. 29 қазандағы ҚР Кəсіпкерлік туралы кодексінде да орын алған. Осы заңның 3-б. бойынша, кəсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттарының бірі – «тұтынушылар, кəсіпкерлік субъектілері жəне мемлекет мүдделерінің теңгерімі» болып табылады. Осы заңның 8-б.: «Бəсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, жосықсыз бəсекелестікке тыйым салынады», — деп атап көрсетілген.

Кəсіпкерлік туралы заңдылықта да «тұтынушы» термині белсенді қолданылады. ҚР Кəсіпкерлік туралы кодексінде: «Бəсекелестік: жарыспалылық, адалдық, заңдылық, тұтынушылар құқықтарының сақталу бастауларына негізделеді», — деп жазылған (162-б. 2-б.) [8]. Бірақ кəсіпкерлік туралы заңнамада «тұтынушы» ұғымына анықтама берілмейді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде «тұтынушы» термині құқықтық категория ретінде «коммерсант» категориясымен жұптасқанда құндылыққа ие болады. Ендеше, сөз тауарды экономика саласынан алып жеке тұтыну саласына өткізетін жеке тұтынушы жайында болуы тиіс [9; 26].

Дамығaн нарықтық экономикасы бар елдерде «тұтынушы «термині» заңдарда «коммерсант» категориясына қарсы тұратын категория ретінде пайдаланылады. Швед құқығында «тұтынушы» термині тауарды ең бастысы тұтыну үшін, атап айтқанда, сату немесе коммерциялық қызмет үшін емес, алушы жеке тұлға ретінде анықталады. Франция, Бельгия, Дания жəне Ұлыбритания елдерінің заңдылықтарында да «тұтынушы» термині кездеседі, ал кейбір елдерде тұтынушы термині соттық тəжірибе мен доктрина айналымына енгізілген [10; 6]. Жалпы, «тұтынушы» термині тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында тауарды жеке тұтыну мақсатында алушы. Тауар мен қызмет нарығында тұтынушыға кəсіби маман қарсы тұрады. Коммерсант кəсібі — «тұтынушыны» арнайы кəсіби білімі жоқ жəне қызмет пен тауарды қолдану үшін иеленетін, үнемі тұрақты коммерциялық қызметпен айналыспайтын тұлға ретінде анықтайтын қосымша критерий.

Осы айтылғанды негізге ала отырып, сондай-ақ арнайы нормалардың күші қолданылатын субъектінің нақты анықтамасын беру қажет. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 1-б. 15-б. тұтынушының анықтамасы берілген. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға сəйкес, «тұтынушы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе иелену ниеті бар не тапсырыс беретін, оларды иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жеке тұлға болып табылады».

Аталмыш анықтамадан көріп отырғанымыздай, тұтынушыға үш талап қойылады. Оның біріншісі жеке өзі тұтыну жəне пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни, тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы азаматтар арасындағы жеке тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтар болсақ, азаматтардың тауарды, жұмыс пен қызметті кəсіпкерлік қызмет үшін, яғни, пайда табу мақсатында жəне негізгі қызмет қажеттіліктерін не өз жұмысшыларының əлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін қатынастар қатарына жатпайды.

Тұтынушыға қойылатын екінші талап — ол міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс. Ал заңнамаға сəйкес, жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар жатады, əрі Азаматтық кодекстің 3-б. 7-т. сəйкес, шетелдiк жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға құқылы жəне сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi [11]. Ал заңды тұлғалардың тауар алу кезіндегі бұзылған құқықтары жалпы заңнама нормалары арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды тұлғалардың мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер жəне тағы басқалармен) қорғалатындығымен, ал тұтынушыға ешкім мұндай көмек көрсетпейтіндігімен түсіндіруге болады.

Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы өнімді пайдаланатын адам да, сонымен бірге тауарды алуға ниет білдірген адам да тұтынушы болып есептеледі. Яғни, тұтынушы сатушыдан тауарды көрсетуді жəне ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен бастап тұтынушы болып есептеледі.

Қазіргі кезде көп кəсіпорындар, ұйымдар мен жеке адамдар тұрғындарға əртүрлі қызметтер көрсетумен айналысады. Сондықтан тұтынушы, егер де осы қызметтерді пайдаланатын болса, өзіне не ұсынылып жатқанын, бағасын, жұмыстың орындалу мерзімін біліп алғаны жөн. Яғни,тұтынушының басты мақсаты — орындаушымен жазбаша түрде келісімшарт жасасу. Ол келісімшарт тұтынушыға қажетті барлық шарттарды айқындайды: баға, мерзімдер, өзара құқықтар мен міндеттер, жетіспеушіліктерді жою мерзімі, міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапкершілік.

«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы, егерде орындаушы (өндіруші) келісім- шартты уақытында орындамаса, тұтынушыға кез келген уақытта жұмыс істеу туралы немесе қызмет көрсету туралы келісімшартты біржақты бұзуға, шығындарды өтеттіру туралы талап қоюға құқық береді.

Кепілдік жөндеуді жүргізу сияқты қызмет саласында тұтынушыға үлкен құқықтар берілген. Заңға сəйкес тұтынушыға отандық тауарларға берілетін сатудан кейінгі қызмет көрсету кепілдігі, сондай-ақ шетелдік тауарларға да қатысты кепілдік берілуі тиіс. Осы құқықты қамтамасыз етпегені үшін, тұтынушының алдында сол тауарды сатушы кəсіпорын немесе азамат жауапты. Тауарларды сатқаннан кейін көрсетілетін қызмет туралы қажетті ақпаратты тауарды сатушы немесе сондай қызметті көрсетуші беруі керек.

Тауарды өндіруші өнімнің, сонымен қоса қосалқы бөлшектердің қалыпты жұмыс істеуін (қолданылуын) кепілдік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңдылығына сай немесе басқа да нормативті-техникалық құжаттамаға сай қамтамасыз етуі керек [12; 7].

Кепілдік жөндеудің мерзімі сатып алушының алғашқы жолдану күнінен бастап, он күннен аспауы керектігі заңмен белгіленген. Сонымен бірге кепілдік мерзімі, заттың жөндеуде жатқан уақытына созылады.

Азаматтардың өз мүдделерін қоғамда еркін білдіру негізінде қоғамдық бірлестіктер құру құқығы Қазақстан Республикасының Ата Заңымен бекітілген. Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы қоғамдық бірлестіктер солардың бір түрі болып табылады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы қоғам мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғыларға сай əрекет етеді жəне заңды тұлға боп табылады.

Қоғам тұтынушының құқығын қорғау саласында едəуір кең құқықтарға ие, атап айтқанда, олар тауарлардың, қызметтердің бағалардың тəуелсіз сараптамасын өткізе алады. Сонымен қоса құқық қорғаушы жəне бақылаушы органдарға сапасыз, негізсіз қымбат тауарлар шығаратын, халыққа сауда- саттық жүргізу жəне қызмет көрсету ережелерін бұзатын кінəлі адамдарды жауапқа тарту туралы құқыққорғаушы органдарға материалдарды жібере алады. Сонымен қоса орталықтан белгіленетін бағаларды белгілеуге мемлекеттік органдармен тең дəрежеде қатыса алуы жəне тұтынушының мүддесі тұрғысынан сот органдарына шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі шарттық-мүліктік құқық қатынастарының əртүрлі саласындағы қатынастарды басым реттейді жəне оның нормаларын, бəрінен бұрын, келісім жасарда коммерциялық пайда алуды көздейтін кəсіпкерлер — негізгі қатысушылар болып табылатын келісімшарттарды реттеуге бағытталған. Дамыған нарықтық экономиканың басты қатысушысы болып табылатын тұтынушы сияқты əлсіз тараптың мүдделерін қорғауда пайдалана алатын нормалар мүлдем жоқ деуге болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде «тұтынушы» түсінігінің оны міндеттемелік қатынастарға өзге де қатысушылардан даралайтын нақты анықтамасының жоқтығын атап өтуге болады.

Жоғарыда аталған тұтынушының құқығын қорғау бойынша қатынастарды реттеудегі қайшылықтарды жою үшін, біздің пікірімізше, келісімшарттық қатынастарда əлсіз тарапты білдіретін Азаматтық кодексті «тұтынушы» түсінігімен толықтыру қажет. Осыған орай «тұтынушы дегеніміз пайда табуды көздемейтін, тек қана өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін тауарды иелену немесе жұмысқа, көрсетілетін қызметке тапсырыс беретін жеке тұлға» деген анықтама беруді жөн санаймыз.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар құқықтың əртүрлі салаларын қамтиды. Бұл нормативтік құқықтық актілер Конституциядан бастау алады. Өйткені Конституцияның өзінде біздің еліміздің ең қымбат қазынасы — адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады деп көрсетілген (ҚР Конституциясының 1-б.). Сонымен бірге Конституцияда əркімнің тынығу, денсаулығын, тұрғын үйін заңсыз қолсұғушылықтан қорғау, білім алу жəне өзге де құқықтары бекітілген (ІІ-б. «Адам жəне азамат»). Аталған құқықтарға кепілдік берілген, өйткені қолданыстағы заңнамада тұтынушының өмірінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қойылатын талаптар жүйесі, мемлекетік білім беру жəне денсаулық сақтау жүйесі, сонымен бірге тауарларды, жұмыс пен қызметтерді бақылау жəне қадағалау бекітілген. Негізгі заңымыз Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші баржəне ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылуға жатады. Ал тұтынушылардың құқықтарының бұзылуынан əкімшілік жəне қылмыстық құқықтық нормалар қорғайды.

Тұтынушыға қатысты қатынастарды реттеуде азаматтық заң шығармашылығы, атап айтқанда, Азаматтық кодекс нормалары басты роль атқарады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде азаматтардың жəне ұйымдардың азаматтық айналымға қатысуының құқықтық негіздері, азаматтық- құқықтық шарттарды жасаудың негізгі талаптары анықталады.

Негізінен, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың құрамына, Азаматтық кодекстен басқа, əртүрлі дəрежедегі нормативтік құқықтық актілер енеді. Оларға 2010 жылғы 4 мамырда қабылданған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы, Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы жəне Ерекше бөлімдері), Бəсекелестік туралы ҚР Заңы жəне өзге де заң актілері мен заңға тəуелді актілер жатады. Алайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық нормативтік базаның көлемі ауқымды болғанымен, олар əлі толығымен қалыптасып біткен жоқ, əрі қоғамдық қатынастар бір жерде тоқтап тұрмай өмір талабына сай үнемі дамып жəне өзгеріп отыратындықтан, нормативтік базаны да үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Заң шығармашылығында тұтынушылық қатынастарды реттейтін нормативтік актілердің екі тобын бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа тұтынушы тікелей қатысушы болып табылатын актілерді жатқызуға болады. Бұл топқа тұтынушының тауардың (жұмыс, қызмет) тиісті сапасына құқығын, олардың өмірге жəне денсаулыққа қауіпсіздігін орнататын актілер, сатып алу-сату, мердігерлік, тасымалдау жəне өзге де шарттарда қөрініс алатын қатынастарды реттейтін, шарттарды орындамау немесе тиісті дəрежеде орындамау салдарын, тауарды дайындаушының не сатушының жауапкершілігін айқындайтын актілер жатады. Екінші топқа өз қызметі шегінде тауарларға (жұмыстар, қызметтер) қатысты талаптарды анықтайтын жəне осы талаптардың сақталуын қадағалайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін актілер жатады. Оларға «Сақтандыру қызметі туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар туралы» жəне өзге де көптеген заңдар жатады, əрі олар тұтынушы үшін маңызды ережелерді орнатады.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңы қабылданғалы бері төрт жыл өтті. Осы уақыт аралығында аталмыш заңдық акт өзінің өмірге қалыптасқанын көрсете білді, құқық шығармашылық саласында да, құқық қолдану тəжірибесінде де оңды бетбұрыстар жасады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында орын алып отырған мəселелерді заңнамаларды жетілдірмей, қолданыстағы заңнамаларды тиісінше іске асыру мүмкін емес.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормалардың ішінде маңызды роль атқаратын «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңында тұтынушылардың құқықтары мен оларды жүзеге асыру механизмі осы Заңмен жəне Қазақстан Республикасының осы заңға сəйкес шығарылған басқа да заң актілерімен реттеледі деп көрсетілген [5].

Сонымен бірге Азаматтық кодексте азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілерінде қамтылған нормалары осы Кодекстің ережелеріне қайшы келген жағдайда осы кодекстің ережелері қолданылады деп көрсетілген [11].

Аталған нормалардан көріп отырғанымыздай, əр актіде əртүрлі айтылған. Бұл коллизияның шешімін «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңынан табамыз. Өйткені осы Заңның 6-б. сəйкес, əртүрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

Заңдар нормаларының кодекстердің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады. Осы нормадан азаматтың негізгі құқықтары Конституцияда бекітіледі, ал тұтынушы Азаматтық кодексте бекітілген құқықтарды пайдаланады, яғни тұтынушы құқығын қорғауға бағытталған өзге заң актілері, соның ішінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы да Конституция мен Азаматтық кодекске қайшы келмеуі тиіс деген қорытынды шығады [13; 51].

Ал халықаралық шарттарға келетін болсақ, онда Жоғарғы Соттың 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тəжірибесі туралы» нормативтік Қаулысында Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-б. 3-т. сəйкес,республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басым болатындығын соттар ескеруі тиіс деп атап көрсетілген. Тиісінше, егер республикамыз бекіткен халықаралық шартта тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы республикамыздың заңдарында көзделген құқықтардан өзге құқықтар көрсетілсе, онда халықаралық шарт ережелері қолданылады деп көрсетілген [14].

Енді келесі маңызды мəселе, осы заңнаманы дұрыс түсіну, əрі қолдану үшін біз тұтынушы деген кім екенін жəне оның басқа субъектілермен қатынасқа түсу жағдайын анықтап алуымыз керек. Заңға сəйкес, «тұтынушы — өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе иелену ниеті бар не тапсырыс беретін, оларды иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жеке тұлға» (1-б. 15-т.).

Аталмыш анықтамадан көріп отырғанымыздай, тұтынушыға үш талап қойылады. Оның біріншісі жеке өзі тұтыну жəне пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы азаматтар арасындағы жеке тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтар болсақ, азаматтардың тауарды, жұмыс пен қызметті кəсіпкерлік қызмет үшін, яғни пайда табу мақсатында жəне негізгі қызмет қажеттіліктерін не өз жұмысшыларының əлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, алуы осы Заңмен реттелетін қатынастар қатарына жатпайды.

Тұтынушыға қойылатын екінші талап — ол міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс. Ал заңнамаға сəйкес, жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар жатады, əрі Азаматтық кодекстің 3-б. 7-т. сəйкес, шетелдiк жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға құқылы жəне сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi [11]. Ал заңды тұлғалардың тауар алу кезіндегі бұзылған құқықтары жалпы заңнама нормалары арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды тұлғалардың мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер жəне тағы басқалармен) қорғалатындығымен, ал тұтынушыға ешкім мұндай көмек көрсетпейтіндігімен түсіндіруге болады.

Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы өнімді пайдаланатын адам да, сонымен бірге тауарды алуға ниет білдірген адам да тұтынушы болып есептеледі. Яғни, адам сатушыдан тауарды көрсетуді жəне ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен бастап тұтынушы болып есептеледі.

  1. Қазіргі уақытта ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының негізгі бөлігінде тұтынушылар мен сатушылардың құқықтары мен міндеттері реттелген. Ал тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің нақты тетігі қарастырылмаған. Осыған байланысты жетекші əлем елдерінің тəжірибесін ескеретін Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тұжырымдамасын құру қажет деп санаймыз. Онда тауарларды іске асыру, қызмет көрсету жəне жұмыс жасау барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тəртібін орнату қажет. Атап айтқанда, тауарды қайтару, ауыстыру, кемшілктерін жою тəртібін реттеу, сатушы мен орындаушылардың жауапкершіліктерін анықтау, оны қанағаттандыру мерзімін, салдарларын айқындау ұсынылады.
  2. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңда маңызды халықаралық-танымал тұтынушылар құқықтары бекітілуі жəне заңда келесідей қосымша кепілдіктер орнатылуы тиіс: сауда жəне басқа да қызмет көрсету саласында жеңілдіктерге ие болу құқығы; тиісті сапалы тауарға ауыстыру құқығы; тұтынушылардың құқықтарын бұзатын шарттың жағдайларын жарамсыз деп тану.
  3. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі шарттық-мүліктік құқық қатынастарының əртүрлі саласындағы қатынастарды басым реттейді жəне оның нормаларын, бəрінен бұрын, келісім жасарда коммерциялық пайда алуды көздейтін кəсіпкерлер — негізгі қатысушылар болып табылатын келісімшарттарды реттеуге бағытталған. Дамыған нарықтық экономиканың басты қатысушысы болып табылатын тұтынушы сияқты əлсіз тараптың мүдделерін қорғауда пайдалана алатын нормалар мүлдем жоқ деуге болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде «тұтынушы» түсінігінің оны міндеттемелік қатынастарға өзге де қатысушылардан даралайтын нақты анықтамасының жоқтығын атап өтуге болады.

Жоғарыда аталған тұтынушының құқығын қорғау бойынша қатынастарды реттеудегі қайшылықтарды жою үшін, біздің пікірімізше, келісімшарттық қатынастарда əлсіз тарапты білдіретін Азаматтық кодексті «тұтынушы» түсінігімен толықтыру қажет. Осыған орай «тұтынушы дегеніміз— пайда табуды көздемейтін, тек қана өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін тауарды иелену немесе жұмысқа, көрсетілетін қызметке тапсырыс беретін жеке тұлға» деген анықтама беруді жөн санаймыз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Конституция Республики Казахстан. Принята на Республиканском референдуме 30 августа 1995 года [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K950001000_.
  2. Стратегия «Казахстан–2050»: новый политический курс состоявшегося государства. Послание Президента Республики Казахстан — Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана, г. Астана, 14 декабря 2012 года [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1200002050.
  3. Джумабаев С. А. Рыночная атрибутика пищевых продуктов / С. А. Джумабаев, Д. Б. Джумабаева. — Караганда: Полиграфия, 1999. — 48 с.
  4. Резолюция Генеральной Ассамблеи ООН 39/248 // Коммерческий вестник. — 1989. — № 7. — С. 112–114.
  5. О защите прав потребителей. Закон Республики Казахстан от 4 мая 2010 года № 274-IV [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_.
  6. О Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года. Указ Президента Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 858 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/U090000858_.
  7. Хасенова М. Tұтынушы жəне оның құқы / М. Хасенова // Заң. — 1999. — № 10. — С. 22–26.
  8. Предпринимательский кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 29 октября 2015 года № 375V ЗРК [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000375.
  9. Шерстобитов А.Е. Гражданско-правовые вопросы охраны прав потребителей / А.Е. Шерстобитов. — М.: Изд-во МГУ, 1993. — 144 с.
  10. Законодательство зарубежных государств: Законодательство Европейского экономического сообщества о защите прав потребителей. Обзорная информация. Вып. 1 / Сост. О. Н. Зименкова. — М.: Изд-во ВНИИСЗ, 1994. — 48 c.
  11. Гражданский кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года № 268-XIII [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K940001000_.
  12. Шевченко Я.О. Потребителю о его правах: Вопросы и ответы / Я.О. Шевченко. — Алматы: Жетi жарғы, 1995. — 112 с.
  13. Басин Г.Ю. Комментарий Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть) / Г.Ю. Басин, М.К. Сулейменов. — Алматы: Жеті жарғы, 2005. — 178 с.
  14. О практике применения судами законодательства о защите прав потребителей. Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июля 1996 г. Nо. 7 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P96000007S_.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.