Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адамды саудаға салумен күрестің халықаралық-құқықтық аспектілері

Мақалада адамды саудаға салумен күрестің өзекті мəселелерінің бірі — адамды саудаға салудың шетелдік заңнамаларда реттелу ерекшеліктеріне назар аударылды. Мақалада халықаралық құқықтық аренадағы адам саудасына қатысты, адам саудасына қарсы тұру мен қазіргі заманғы құлдық түріне ұшырағандарға көмек көрсетуге бағытталған бірқатар шет мемлекеттердің заңнамалық-құқықтық базасы зерттелді. Бұл орайда негізгі ерекшелігі, адам саудасына қатысты көптеген елдердегі қылмыстық-құқықтық нормалар «əр елдің салты басқа» болуына байланысты өзге елдің құқықтық жүйесіне өзгеріссіз тікелей енгізуге болмайды. Адам саудасына қатысты Конвенциялар мен арнайы органның (Халықаралық миграция ұйымының – Трафикке қарсы бөлімінің) болуына, мемлекеттердің қылмыстық кодекстерінде арнайы норманың болуына қарамастан, аталған феномен бүкіл əлемге тарап, əлемдік қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырды. Мақалада адам саудасы қылмыстық құқық бұзуларының алдын алу практикалық жағына, адам саудасы мен оның құрбандарына, қылмыскерлерге қатысты, оның масштабына қатысты мəліметтердің жүйеленуіне, жаза жəне жаза жүйесін қайта қарау бағытында жұмыстар жүргізілуі қажеттілігін тұжырымдадық. Авторлар адам саудасына қатысты деректер тек қана статистикалық мақсаттарда жинақталып, сыртқы мүдделі тараптар үшін қатаң шектеу қойылуын дұрыс деп қорытындылайды. Жəне адам саудасымен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық əрі қарай да нығайтуды қажет етеді. Ол, өз кезегінде, мəселенің мəні мен осы бағыттағы нормалардың əрекет ету механизмдерін түсінуге, мықты заңнамалық база қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кіріспе

Жыл сайын, халықаралық ұйымдардың мəліметтері бойынша, шамамен 40 миллион адам құлдықтың заманауи нысандарының құрбандары болып табылады, олар – мəжбүрлі некелесулер, көшіп-қонған əйелдерді пайдалану, заңсыз мигранттар, арзан еңбек күшін жеткізу жəне т.б. [1; 78].

Сөзіміздің дəлелі ретінде 50-ден астам мемлекетте Халықаралық Еңбек Ұйымының «Еркін серуен» қорының Халықаралық Миграция Ұйымымен бірлесіп жүргізген зерттеулері бойынша, 2017 ж. 40 млн адам заманауи құлдықтың, оның ішінде 25 млн адам мəжбүрлі еңбектің, 15 млн адам мəжбүрлі некелесудің құрбаны болған жəне бұл мəліметтер адам саудасының масштабы мен деңгейінің қаншалықты жоғары екендігін көрсетеді [2].

Соңғы онжылдықта жаһандану себебінен адам саудасымен байланысты қылмыстардың санының өсуі байқалады. Бұл процесс адам саудасына бір елдің шегінде де, халықаралық шеңберде де жол ашады.

Адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сыртқа шығару жəне транзит сияқты қылмыстық құқықбұзудың түрлерімен күрес халықаралық деңгейде ынтымақтаспай жүзеге асырылуы мүмкін емес, сондықтан бұл мəселелердің нормативтік реттелуін жəне елдердің адамдар трафигін жою жөніндегі өзара іс-қимылын қарау маңызды. Халықаралық қауымдастық құлдық пен құл саудасын заманауи түрдегі халықаралық қылмыс деп мойындады [3; 216].

Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарында қылмыс пен қылмыстылық жайлы жарияланатын мəліметтердің де адам саудасына тигізетін ықпалын айта кетсе болады. БАҚ арқылы қандай да бір елде жоғары жалақы үшін еңбек түрін ұсыну халықтың əлжуаз топтарын ғана шетелдегі «керемет өмір мен жоғары жалақы туралы» ойын қалыптастырып, адамның шетелге асу мақсатын көздеуге, осы жолда əртүрлі көлеңкелі туристік жəне делдалдық қызмет көрсететін тұлғалардың қызметіне жүгінуіне итермелейтінін ескереді.

Қазіргі уақытта БАҚ криминалды ақпараттарды құнды жаңалықтарға айналдырып, өздерінің негізгі өнімі етіп отыр. БАҚ құрылымдары елді елең еткізу мақсатында жаңалықтарда қылмыстар туралы елдегі қылмыстылықтың шынайы жағдайымен сай келе бермейтін түсінік қалыптастырады. Яғни, БАҚ өзінің ақпараттарды беру тəсілін өзгертуіне қарай, қылмыстар туралы ақпараттарды əртүрлі етіп жеткізеді. Оны қазіргі қазақстандық БАҚ-тардан да көріп жүрміз, яғни кейбір БАҚ фактіні қылмыс деп көрсетсе, екіншісі оны кездейсоқ табиғи жағдай деп көрсетеді [4; 103, 104].

Əдістер мен материалдар

Мақаланы жазу барысында танымның жалпы ғылыми жəне жеке ғылыми əдістері қолданылған. Оның ішінде жалпы диалектикалық, жүйелік-құрылымдық əдістер пайдаланылды. Жеке ғылыми əдістер қатарында салыстырмалы құқықтық, формалды-логикалық əдістер қолданылды.

Нəтижелер

Ең алғаш рет африкалық негрлер саудасына халықаралық деңгейде тойтарыс беруге 1815 жылғы Вена Конгресінің арнайы Декларациясы жол ашты. Бұл бағыттағы келесі қадам негрлермен саудаға тек тыйым ғана салмай, қылмыс деп жариялаған Аахен Конгресі болды. Алайда осы екі оқиға да қандай да бір практикалық шаралармен бекітілмеген декларативтік шешім болып қалды. Құлдық пен құл саудасы жалғаса берді.

Олармен күрес жөніндегі алғашқы іс жүзіндегі шаралар Англия, Франция, Ресей, Австрия жəне Пруссия елдерінің арасында жасалған 1841 жылғы Лондон шартымен қабылданды. Осыған сəйкес құл саудасы сол кездегі қарақшылық жазасымен теңестірілді, ал келісуші мемлекеттердің əскери кемелеріне құл саудасымен айналысу жөнінде күдік келтірген «күдікті белдеу» шегінде (Атлант мұхиты мен Үнді мұхитының батыс бөлігі) кемелерді тексеру құқығы берілді. 1862 жылғы АҚШ пен Англияның арасында жасалған күдікті кемелерді өзара тексеру туралы келісімді еске сала кетуге болады.

1885 жылғы Берлин конференциясының құл саудасына халықаралық құқықпен тыйым салынғанын баяндайтын Бас актіге 16 мемлекет қол қойды. Бұдан басқа, онда Конго өзені алабының аумағын (нақ осы аумақта құл саудасының армансыз өркендегені байқалды) қаранəсілді құлдар базары ретінде, сондай-ақ оларды тасымалдау транзиттік жолы ретінде пайдалануға тыйым салынды.

Құлдық пен құл саудасына қарсы күреске бағытталған келесі халықаралық-құқықтық акт бұл бағытта нақты іс-шаралардың қабылдануын қарастырған 1890 жылғы Брюссель конференциясының Негізгі актісі болып табылады. Барынша маңыздысы келіскен мемлекеттердің құлдарды күшпен əкеткені үшін қылмыстық жаза белгілеуші заңдар қабылдау міндеттемесін мойындаған жөн (яғни олардың ішкі заңнамасы бойынша бұл əрекетті қылмыс ретінде мойындауы).

Шартқа қатысушы-елдер сонымен қатар құл саудасының алдын алуға бағытталған арнайы шаралардың бірқатарын (құл саудасымен айналысуға мүмкіндік беретін жолдарды жабу үшін арнайы əскери күзет мемкемелерін құру, аймақтарда тиісті тəртіп орнату т.б.) жүзеге асыруды міндеттеріне алды; нақтыланған аумақтық «күдік белдеуі» белгіленді (оған құл саудасын жүзеге асыруға қатысы бар Үнді мұхитының батыс бөлігі, Қызыл теңіз бен Персид шығанағы енгізілді жəне келіскен елдердің əскери кемелері күдікті кемелерді тоқтатып тексеруге құқылы болды).

Бас актіде сонымен қатар құл саудасымен күрес жөніндегі арнайы органдардың құрылуын қарастырды, олар: құл саудасының мəселелері бойынша мəліметтер мен құжаттар жинау жөніндегі халықаралық теңіз бюросы (Занзибарда) мен осы салада заңдармен жəне статистикалық мəліметтермен алмасу жөніндегі делдал қызметі жүктелген арнайы бюро Брюссельде орналасқан.

Аталған халықаралық-құқықтық актілер құлдықты жоюға емес, құл саудасының жолын кесуге бағытталды. Тек 1890 жылғы Брюссельдік Негізгі актінің қаулысын алып тастаған 1919 жылғы Сен- Жермен шарты ғана келісуші тараптардың құлдық пен құл саудасын толық құрту үшін барлық күш- жігерін салуға тиіс екендігін қарастырды. Халықаралық қоғамдастықтың осы халықаралық қылмыспен одан кейінгі күресі Ұлттар Лигасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде жалғасты. Ең алғашқылардың бірі болып құлдыққа қатысты, құлдықтың жəне құлдарды сатудың негізгі ұғымын анықтаған 1926 жылғы Конвенция болды. Бұл Конвенциялардың ең алғашқысы еді, онда құлдықты қарастырғанымен, құлдыққа ұқсас қарыздық кіріптарлық жəне басыбайлы жағдай сияқты институттарды қарастырған жоқ. Одан кейін 1930 ж. мəжбүрлі еңбек туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының Конвенциясы қабылданып, онда «мəжбүрлі еңбек» ұғымына түсінік берілді, одан соң адам құқығының Жалпы Декларациясы қабылданды, онда «Ешкім құлдықта жəне құлдық жағдайда болуға тиіс емес жəне құл сатудың барлық түріне тыйым салынады» деп айтылған [5; 311].

1949 ж. адамдар саудасына жəне үшінші тұлғалар арқылы жезөкшеклікке пайдалануға қарсы күрес туралы Конвенция қабылданды. Қазір Қазақстан аталған Конвенцияға қосылу үшін шаралар қабылдауда, бірақ бұл Конвенцияда мемлекеттердің негізгі əрекеттері адамдар саудасымен күрескебағытталған. Мемлекет жеке тұлғаның əлеуметтік жағдайын анықтау, сондай-ақ оларды өз мемлекетін тастауға итермелеген тұлғаларды анықтау мақсатында жезөкшелікпен айналысатын барлық шетелдіктер туралы мəліметтер жинауға тиіс. Бұл мəліметтер (анықталған тұлғалардың тегі бойынша) мемлекет билігіне хабарланады жəне репатриациялау жүргізіледі. Конвенцияның тағы бір сəті жезөкшелікпен айналысатын шетелдіктерді жинау жəне кейіннен оларды репатриациялау болған жəне болып қалып отыр.

Мұнан кейін құлдықты, құлдар саудасын жəне құлдыққа ұқсас институттарды жою туралы қосымша Конвенция қабылданды. Аталған Конвенция, 1926 жылғы Конвенция тəрізді, «құлдық» жəне «құл саудасы» ұғымын бекітті. Бірақ аталған Конвенция (жаңа деп танылған) қарыз кіріптарлығы, басыбайлы жағдай, некенің еріксіз нысандары, балалар мен жасөспірімдерді пайдалану сияқты «құлдыққа ұқсас институттар мен дəстүрлер» ұғымын енгізді. 1966 ж. екі Пакт қабылданды, олар азаматтық жəне саяси құқықтар туралы Пакт жəне экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы Пакт. Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы адамдар саудасымен күрес қағидасын айғақтайды: ешкім құлдықта ұсталуға тиіс емес. Құлдық пен құл саудасының барлық түрлеріне тыйым салынады, ешкім еріксіз құлдық жағдайында ұсталуға жəне ешкім мəжбүрлі жəне міндетті еңбекке тартылуға тиіс емес. Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы Пакт адам саудасы туралы айтпайды, бірақ мұнда адамның өзінің еркін таңдауы бойынша еңбек ету мүмкіндігін алуға құқылы екенін бекітеді жəне еңбектің əділетті, қолайлы жағдайларына құқылы екендігі көрсетіледі. Адамдар саудаға түскен кезде құқықтардың бірі – еркін еңбек құқығы бұзылады. Сондықтан тек қана репатриация емес, адам құқығының қорғалуы, бірінші кезекте жүзеге асырылуға тиіс [6].

1979 жылы əйелдерге қатысты дикриминациялаудың барлық нысандарын жою туралы Конвенция қабылданды. Аталған Конвенцияға Қазақстан да қосылды. Онда «əйелдер дикриминациясы ұғымы анықталды, онда барлық қатысушы-мемлекеттер əйелдер саудасы мен жезөкшелікті пайдаланудың барлық түрлерінің жолын кесу үшін заңнамалық құқықтарды қоса алғандағы, барлық шараларды қабылдайды деп жариялады. 1989 жылғы бала құқықтары туралы Конвенцияға да Қазақстан қосылды, онда барлық қатысушы-мемлекеттердің баланы нəпсіқұмарлық пайдаланудың барлық нысандарынан қорғау туралы міндеттеме алатыны айтылды.

Кеңестер Одағының құлауына орай БҰҰ, ОБСЕ жəне басқа да халықаралық ұйымдар адамдар саудасымен күрес жөніндегі құжаттарды көптеп қабылдай бастады. Бұл құжаттардың ішінде – Мəскеу құжаты, Гаага Министрлік Декларациясы пайдалану мақсатындағы əйелдер саудасының алдын алу жөніндегі күрес құралдарына қатысты жетекші қағидалардан тұрды. Декларация нəпсіқұмарлық пайдалану мақсатындағы əйелдер саудасының құрбандарын қорғау жөніндегі шаралардың толық жиынтығын қарастырады. Бұлар тіпті бұрын қарастырылмаған: атын ауыстыру құқығы, қылмыскердің қамаудан босағаны туралы ақпараттандыру сияқты басқа да проблемаларды көтерді. Бірақ бұл Декларация əйелдерді нəпсіқұмарлық мақсаттағы саудасына қарсы күреске жəне оларды қорғауға көбірек бағытталған. ТМД елдерінің арасында да шарт жасалды. ТМД елдерінің 1995 жылғы бұл Конвенциясы — адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы. Аталған Конвенцияға сəйкес ешкім құлдықта немесе құлдық жағдайында ұсталуға жəне ешкім мəжбүрлі, міндетті еңбекке тартылуға тиіс емес.

Барлық халықаралық құжаттар нақтылай құлдықтан қорғауға шақырғанмен, адамдар саудасына қарсы соғыс жариялағанмен, алайда ешбір құжатта адам саудасының толық жəне анық анықтамасы жоқ. Бұл көп аспектілермен, соның ішінде жезөкшелікке қарсы күрес тəсілдеріне байланысты. Қолданыста үш əдіс бар, олар: тыйым салушы, аболициониялық жəне реттеуші. Тыйым салушы əдіс жезөкшеліктің түбегейлі жойылуын талап етеді. Аболициониялық əдіс пайдалануға тəн болғандықтан, жезөкшелік жойылуға тиіс деп бекітеді. Секс-қызметкерлер құрбандық ретінде қарастырылмайды, сондықтан оларға тек айыппұлдар ғана салады, ал жеңгетай-иелері қатаң жазалануға жатады. Реттеуші əдіс салық жəне төлемақылар салынатын лицензияланған көпшілік үйлерін құруды қарастырады. Ондағы жезөкшелер кезеңдік қарауларға тартылады, олар еңбек етуге құқылы емес. Аталған əдіске қарай күрес нысаны да анықталады. Қазіргі уақытта аболициялық (негізгі) əдіс қолданылады, яғни жезөкшелікпен күресуді жүргізу.

Талқылаулар

Бұрынғы посткеңестік елдердің адам саудасына қатысты заңнамаларына шолу жасасақ: РФ ҚК- де бұл қылмысқа қатысты 152-бабында кəмелетке толмағандарды саудалау туралы айтылады. Ал, ҚРҚК 128-бабында көрсетілген адамды ұрлау, аталған проблеманың тек бір жағын ғана шешеді, яғни бұл жерден көретініміз, адам саудасымен айналысатындарға қатысты жаза əлі де жеткіліксіз, бар жоғы 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Украинаның ҚК-нің 124-бабы нақты осы қылмыстық əрекеттің алдын алуға, қудалауға бағытталған. Жəне айта кетер жағдай, бұл елдің заңнамасы бойынша аталған қылмыстың құрамы анық жəне толық көрсетілген. Норма қолданысқа енгізілгеннен бастап (2,5 жыл) 37 қылмыстық іс қозғалып, оның небары 2-і ғана 1 сатыдан өткен, ал 1-і аяқталған.

Беларусьтық ҚК-де адам саудасын (181-б.), пайдалану үшін азғырып-көндіруден (187-б.) бөлек қарастырады.

Қытай ҚК-нің 241-б. əйелдерді жəне балаларды сату мақсатында ұрлауға қатысты жауапкершілікті көздейді. Дегенмен аталған елдердің қылмыстық заңнамалары нақты адам саудасына қатысты əлсіз номалармен көзге түседі. Ресей заңында реттейтін мүлдем норма жоқ деуге болады, ал Қытай заңы тек адамдарды ұрлауға қатысты жаза нысанын көздейді.

Енді, құқықтық базалары жақсы жетілген жəне осы қылмыспен күресуге жəне оның алдын алуға бағытталған мемлекеттердің заңдарына тоқталайық.

Бірқатар мемлекеттерде адам саудасымен күрес қылмыстық заңнаманың негізінде жүргізіледі. Мəселен, Данияның Қылмыстық кодексінің (27 қыркүйек 2005 жылғы № 909 Заңдар жинағы) [7; 185], 206-б. айтылғандай, бір адам басқа адамды күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып немесе мүлікке айтарлықтай зиян келтіріп немесе жалған айып тағу арқылы оның еркінен тыс, істегісі келмейтін əрекеттерді жасауға заңсыз мəжбүрлейтін болса, айыппұл түрінде не екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жауаптылыққа тартылады. Сонымен қатар басқа адамды бас бостандығынан айырған кез келген тұлға төрт жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сонымен қатар Дания ҚК-де, атап айтқанда, адам саудасының құрбандары, тасымалдаушылары жəне адам саудасының тапсырыс берушілерін құрбандарының тұтынушыларының мəселесі де ерекше қарастырылады. Коммерциялық жыныстық қатынасқа, мəжбүрлі еңбекке, құлдыққа немесе дене мүшелерін беру мақсатында адамдарды күш қолданамын немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы мəжбүрлі түрде тасымалдаған, жіберген адам сегіз жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осыған ұқсас норма Италия заңнамасында қабылданды, 11 тамыз 2001 жылғы № 228 «Адам саудасы туралы» Заңында бекітілді [8]. Ол заң осы саланы реттейтін жəне оған қарсы күрес жүргізу жолдарын ведомствалық деңгейде ұйымдастырады. Aталған нормативтік акт Италия ҚК 600-б. өзгерістер енгізіп, мəжбүрлі еңбекке тартқан кінəлі тұлғаны 8 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге басбостандығына айыруға жазаланады деп бекітті.

Мұндай жағдайдың пайда болу қауіпі, алдау немесе билікті асыра пайдаланған кезде немесе адам физикалық немесе психикалық тəуелді адамдардың жағдайын пайдаланған кезде, кедейлік жағдайларын заңсыз пайда табу үшін өз мүдделеріне сəйкестендіргенде туындайтынына күмəн жоқ, Бұл жаза он сегіз жасқа толмаған кəмелетке толмағандарға қарсы жасалса немесе жыныстық қанаушылық, жезөкшелік немесе органдарды алып тастау мақсатында жасалса, жаза қатаңдатылып, 50 %-ға дейін артады. Итальяндық Қылмыстық кодекстің 601-б. қылмыс жасағаны үшін адамдарды сатумен айналысатын адамдарға немесе адам саудасы процесіне алдау арқылы немесе адамға зорлық- зомбылық, қорқыту немесе билікті асыра пайдалану арқылы міндеттеме беру арқылы немесе жеке немесе психикалық тəуелділік пен кедейліктен немесе ұлттық территорияға, тұрғылықты жеріне, тұрғылықты жеріне немесе осы аумақта жүріп-тұруға көшу процесінде адамға жауапты адамдарға ақша уəде беру жоларымен жасалса, сегіз жылдан жиырма жылға дейін жазаға тартылады. Осы бапта көрсетілген қылмыстар он сегіз жасқа толмаған кəмелетке толмағандарға немесе жыныстық қанаушылыққа, жезөкшелікке немесе органдарды алып тастауға қатысты жасалса, бұл жаза үштен бірінен 50 %-ға дейін артады. Осылайша, шет елдерде адам саудасын жою үшін құқықтық негіз қалыптастыруда негізгі жаза мерзімін арттыру арқылы көрінетін қызықты нормалар бар екенін айтуға болады.

Нидерланды мемлекетінің ҚК-нің 250-б. нақты адам саудасына қатысты қылмыстық жаза тағайындайды.

Германияның ҚК бірқатар баптардан тұратын нормаларды құрайды (180 а, 180 б, 181-б.). Бұл баптардың мазмұны өзгешелеу, яғни оның қандай да бір қызмет етуге икемді екенін көріп тұрып, өзінің мүліктік пайдасы үшін басқа тұлғаға əсер ету.

Дүниежүзі бойынша адамдарды құлдыққа салушыларға қарсы заңнамалар қатаңдатылып, түрлі конвенциялар күшіне енді. Бірақ адам еңбегін қанау тыйылмақ түгілі, жыл санап өсіп отыр. Айталық, халықаралық ұйымдардың мəліметінше, табыстылық жағынан алып қарағанда адам саудасы əлемде қару мен есірткі саудасынан кейін үшінші орында тұр. Адам саудасынан түскен табыс 150 млн АҚШ долл. астам қаржыны құраған. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, жыл сайын 800 мыңнан аса адам саудаланады екен.

Дүниежүзін жайлап кеткен құлдық пен адам саудасына қарсы күресті əлем елдері өткен ғасырда бастаған. 1926 ж. Женевада «Құлдық туралы конвенцияға» қол қойылса, 1953 ж. Нью-Йорк қаласында бұл құжаттың бірқатар бөлімдері қатаңдатылып, аздаған өзгерістер енгізілді. Ал үш жылдан кейін Женевада «Құлдықты, құл саудасын жəне құлдыққа ұқсас институттар мен əдет- ғұрыптарды жою туралы» қосымша конвенцияға қол қойылды.

Біздің еліміз де бұл конвенцияларды ратификациялаған. Адам еңбегін қанау мен бала еңбегін пайдалануға қатаң тыйым салынып, адам саудасы өте ауыр қылмыстың қатарына жатқызылды. Осылайша заң жүзінде алғанда Орталық Азия елдерінде ауыр қылмыстың бұл түріне барлық шектеулер жасалды. БҰҰ бастамасымен «Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні» деп жарияланып, жаһан жұртшылығының назарын осы мəселеге аударды [9]. Тіпті, жыл сайын осы тақырыпта түрлі дөңгелек үстелдер мен халықаралық конференциялар өтіп тамырын тереңге жайған қылмыстың бұл түрін болдырмауда баяндамалар жасалады.

Қорытындылар

Адам саудасы Қазақстанды айналып өтпейді. Құзырлы орындар елімізде адам саудасы жаппай сипатта емес, алайда жыл сайын бұл бағыттағы қылмыстар саны артуда екенін айтады. Бас прокуратураның мəліметінше, осыдан екі жыл бұрын адам саудасына қатысты 267 қылмыс ашылса, былтыр – 350, ал ағымдағы жылдың 9 айының өзінде 262 қылмыс тіркеліпті. Адам саудасына қатысты қылмыстарды жасағаны үшін сотталған азаматтар саны артқан. 2012 ж. – 116, 2013 ж. – 166, 2014 ж. 184 адам, 2015 ж. заңсыз əрекеті үшін темір торға тоғытылыпты. Халықаралық миграция ұйымының статистикасы бойынша, 2004–2014 жж. арасында осы ұйымнан көмек алған адамдардың 50 % қазақстандықтар екен. Екінші орында Ресей, Молдова, Филиппин жəне Қытай елі тұр. Ұйымның дерегіне қарағанда, адам саудасы бойынша жəбір көретін əрбір жетінші адам кəмелеттік жасқа толмаған жəне олар Қазақстан азаматтары болған [10].

Өзіміз көріп отырғанымыздай, бір ғана елдің аталған қылмыстылыққа қарсы тұруға қауқары жетпейді. Сондықтан адам саудасымен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайта түсу бағытында жұмыстарды əрі қарай да жүзеге асыра беру қажет.

Адам саудасы қылмыстылығының трансұлттылығы мен ұйымдасқан сипатта болуы шетелдік заңнамаларды зерттеу мен аталған қылмыстық құқықбұзудың профилактикасы мен алдын алуда практикалық тəжірибені зерттеудің қажеттілігін шарттастырады. Аталған талдаулар Қазақстандағы адам саудасы қылмыстық құқықбұзуларының профилактикасы субъектілерінің барлығының іс- қимылын жетілдіру бойынша тиісті шараларды əзірлеу үшін өте маңызды.

  1. Бүгінгі күні адам саудасына қатысты мемлекеттердің заңнамасында нормалар бекітілгеніне қарамастан, адам саудасына қарсы тұру туралы арнайы заңдар қабылдау қажеттілігі бұл құбылыстың себептерін жою керектігімен, оларға назар аудармаудың дүниежүзінің əлеуметтік, экономикалық теңгерімсіздігіне, тұрақсыздығына əкелуімен түсіндіріледі.
  2. Адам саудасы мен оның құрбандары, қылмыскерлерге қатысты, оның масштабына қатысты мəліметтер адам саудасымен күрес саясатын негіздеу үшін қажет.
  3. Шет елдерде адам саудасын жою үшін құқықтық негіз қалыптастыруда негізгі жаза мерзімін арттыру арқылы (50 % дейін) көрінетін қызықты нормалар бар екенін айтуға болады (Италия ҚК 600–601-б.).
  4. Адам саудасына қатысты мəліметтердің ашық жариялануы да, БАҚ-та таратылатын ақпараттарда қылмыстардың жасалу тəсілі, құрылып берілген жоспардай уақыты, жері, күдіктілердің түр-сипаты, жəбірленушілер туралы ақпараттар қорғау органдарының əлеуеті туралы мəліметтер толып жүр. Оларды саралап, дұрысы мен бұрысын қадағалап отырған мемлекеттік орган жоқ. Дүниежүзілік ақпараттар ағымының дұрыстығы мен нақтылығы əртүрлі зерттеулер негізінде Халықаралық Миграция Ұйымымен жүргізілетіндіктен, осы ұйымның адам саудасына қатысты деректері мен бұл құбылыстың алдын алуға қатысты мəліметтерін мемлекеттер басшылыққа алып, мүшелігіне өтуі тиіс.
  5. Адам саудасының құрбандары жəне олармен байланысты құбылыстар сияқты мəжбүрлі еңбек жəне мəжбүрлеп неке қию сияқты ғаламдық деректер көздері құнды бастапқы деректер болып табылады жəне əдіснама мен қолжетімділік тұрғысынан үздіксіз жақсартылуда. Дегенмен, осы күрделі жұмыстарға шектеулер бар, оның ішінде сыртқы мүдделі тараптар үшін деректерге қолжеткізу жəне оларды əртүрлі бастамаларда пайдалану салыстырмалы түрде шектелген. Деректерге қолжеткізудің шектелгендігінің себебі БҰҰ статистикалық деректеріне (БҰҰ, 2013) сəйкес, бұл деректер қатаң құпия болып табылады жəне тек статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы тиіс.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кобец П. Н. Законодательные основы противодействия преступлениям, связанным с торговлей людьми (иммигрантами и незаконными мигрантами), в западноевропейских странах и США / П.Н. Кобец // Миграционное право. — 2008. — № 4. — C. 78–82.
  2. Халықаралық көші- қон ұйымының ресми парағынан алынған материалдар пайдаланылған [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://migrationdataportal.org/themes/human-trafficking.
  3. Уголовное право Казахстана. (Особенная часть): учеб. / Ред. И.И.Рогов, С.М. Рахметов. — Алматы: Жеті жарғы, 2015. — 612 с.
  4. Төлеген М.Ə. Бұқаралық ақпарат құралдарында қылмыстар туралы ақпараттарды жариялау мəселелері / М.Ə. Төлеген, А.Ж. Əбдіжəми // Қарағанды ун-нің хабаршысы. Құқық сер. — 2016. — № 1(81). — 101–104-б.
  5. Уголовное право России. Общая часть. — Т. 1 / Ред. А. Н. Игнатов жəне Ю. А. Красиков. — М.: НОРМА- ИНФРА,1999. — 639 с.
  6. Женщины, закон и миграция: материалы конф. по проблемам трафика (23–24 ноября 2001 г.). — Алматы: Кризисный центр для женщин и детей, 2001.
  7. Морозов П.Е. Формирование правовых основ устранения торговли людьми в зарубежных странах / П.Е. Морозов // Вестн. Пермского ун-та. Сер. Юридические науки. — 2011. — Вып. 3 (13). — С. 181–187.
  8. Legge 11 agosto 2003, n. 228 Misure contro la tratta di persone» // Pubblicata nella Gazzetta Ufficiale n. 195 del 23 agosto 2003.
  9. Шеденова Н. Проблемы торговли женщинами в Казахстане: риски и хищники / Н. Шеденова // Женщины, закон и миграция: материалы респ. конф. — Алматы, 2012. — 261 с.
  10. Мүсілім Ж. Адам саудасы ауыздықталмай тұр [Электронды ресурс] / Ж. Мүсілім. — Қолжетімділік тəртібі: http://mediaovd.kz/kz/? p=8476.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.