Мақалада тұлғаның шығармашылық қырларын тиімді қалыптастыру мəселелері қарастырылды. Түрлі ғалымдар мен мамандардың аталған мəселе бойынша жүргізген нəтижелері көрсетілген, сонымен қатар еңбекке баулу саласында техникалық шығармашылық сабақтары мен еңбекке дайындық үдерісінде студенттерге политехникалық білім қалыптастыру мəселелері де зерттелген. Техникалық қабілеттіліктерін дамытуға байланысты бірқатар психологиялық зерттеулер келтірілген. Бұйымдарды құрастыру (модельдеу), манипуляциялық құрастыру, қысқартылған мəліметтері бар техникалық құжаттама қолдану, шығармашылық тапсырмалар шешу, шығармашылық міндеттер орындау, бұрын жасалған бұйымдарды өзгерте отырып, жұмысты қайта орындау, ойша эксперименттеу, техникалық құралдарды, соның ішінде тренажерларды қолдана отырып, ақаулықтарды іздеу жəне жою секілді үдерістер жататын бірқатар тиімді əдістер анықталған. Техникалық шығармашылық оқушылардың техникалық ойлауын дамытуға оң жағдай туғызады деген қорытынды жасалады. Нəтижесінде оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытудың əдіснамалық қағидалары анықталды.
Білім беру үдерісін жүзеге асырудың заманауи амалы орта мектептің қазіргі кезеңдегі дамуы үшін оның жұмысын ұйымдастырудың əдіснамалық қағидасы, оқушылар тұлғасын жан-жақты дамытудың маңызды шарты болып табылады.
Жалпы білім беретін мекемелер мектеп оқушысының дамуына маңызды үлес қосады, себебі оқушы оқу орнында білім мен біліктіліктер, дағдылар ала отырып, жеке қасиеттер мен қабілеттер қалыптастыра отырып, өз уақытының біраз уақытын өткізеді. Сондықтан осы жалпы білім беретін мекемелерде мектеп оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау қажет. Кез келген істерге қалыпсыз кірісе алатын шығармашылық адамдар барлық дəуірлерде бағаланып келді, сондықтан мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту өзекті болып келді, өзекті бола бермектігін айта кету қажет.
Бұл – тұлғаны жан-жақты дамыту қырларының еңбекке баулу мен тəрбиелеу секілді маңызды бөлшектерін үнемі қалыптастырып отырудың маңыздылығы мен қажеттілігін анықтайтын қазіргі уақыттың практикалық міндеті. Мектеп оқушыларын еңбекке баулу мен тəрбиелеуді жүзеге асыру кезінде техникалық шығармашылықпен айналасу олардың рухани дамуында өте маңызды орын алады. Модельдер мен бұйымдар дайындау жұмысында кездесетін қиындықтарды жеңу оқушылар бойына еңбекқорлық, қойылған мақсатқа жетудегі табандылық секілді қасиеттер мінез қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазіргі жағдайда оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту қажеттілігі, бірінші кезекте, педагогикалық жоғары оқу орындарында оқушылар бойына шығармашылық элементтерін себе алатын білікті кадрлар даярлау міндетін қояды.
Мұғалім қызметіндегі шығармашылық тəсілдемелер мəселелері В.И. Андреева, А.С. Гаязов, В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, А.В. Кирьякова, В.В. Краевский, А.З. Рахимов жұмыстарында зерттелген. Мұндай тəсілдемені жүзеге асыру психология-педагогика ғылымдарының жетістіктерін қолдану, мектепке оқыту мен тəрбиелеудің шығармашылық əдістерін енгізу, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын құралдар қолдану кезінде ойдағыдай іске асырылмақ.
«Белсенділік» үғымы философия, психология, педагогика жəне басқа да ғылым саларында түрлі мағыналарда түсіндіріледі. Философияда субъектінің белсенділігі адамның объектпен өзара қатынасының қарқынды процесі ретінде қарастырылады. В. А. Петровский [1] белсенділікті қызметтің қалыптасуын, жүзере асырылуын, дамуы мен өзгерісін қамтамасыз ететін қозғалыспен тең деп есептейді. Өз кезегінде, қызмет дегеніміз — əлемге қатынасының жүйесін іске асыратын жəне дамытатын адамның мақсатқа бағытталған, мақсат көздейтін белсенділігінің тұтастығы.К.А. Абульханова-Славская белсенділікті өмір мəні мен концепциясын, өмір бағдарын, өмірлік ұстанымын қалыптастыруда көрініс табатын өмір жолымен, оның тұтас жəне құндылықты уақытының ұйымдастырылуымен байланысты арнайы жоғарғы тұлғалық құрылым деп атайды.
Бұл жағдайда К.А.Абульханова-Славскаяның пайымдауындағы белсенділік тұлғаның барлық психологиялық құрылымын шоғырландыратын жəне оған тіршілік əрекетін өз бетінше құрылымдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық функционалды-динамикалық қасиет ретінде көрініс береді [2]. М.И.Лисина [3] белсенділік ұғымын əрекетпен байланыстырып, белсенділікті үш қырда қарастырады: əрекет түрі ретінде; пассивтілікке қарама-қарсы күй ретінде; ынталылық ретінде. Қазіргі сөздіктерде «белсенділік» ұғымы «белсенді» сөзінен туған, яғни əрекетті жігерлі, отты дегенді білдіреді делінеді. «Белсенділік» ұғымы қарқынды əрекет етуші, дамушы ретінде де түсініледі [4]. «Белсенділік» ұғымына даму процесі енгізілген, яғни егер, субъект белсенді əрекет ететін болса, ол дамиды. Белсенділік – адамзаттың тарихи тəжірибесін игеру негізінде материалды жəне рухани ортаның қоғамдық маңызы бар түрленулерді өндіру қабілеті, тұлғаның əлемге деген əрекеттік қатынасы [5]. Белсенділік əлдебір жүйенің өз бетінше дамуға, өз бетінше əрекет етуге, өз бетінше реттеуге, өзін-өзі танытуға деген қабілеті ретінде анықталады.
Педагогикада, Г.И.Щукинаның пікірінше, белсенділік тұлғаның өз қажеттілігіне, көзқарастарына, мақсаттарына сəйкес қоршаған ортаны тасымалдау қабілеттілігімен түсіндірілетін жəне еңбектегі, білімдегі, шығармашылықтағы жəне т.б. қарқынды əрекетімен көрініс беретін жəне белсенділік пен əрекетті синонимдей отырып, белсенділік əрекеттің деңгейі мен сипатын білдіреді деген тұжырым ретінде көретін тұлғаның негізгі қасиеті ретінде қарастырылады [6]. А.И.Савенков кез келген əрекет шығармашылық емес, бірақ кез келген шығармашылық əрекет деп көрсетеді. Шығармашылық үнемі дербес жəне өзгеше, ол «əрекет» ұғымынан кең. Шығармашылық əрекет арқылы жүзеге асады, əрекет кезінде іске асады, ал əрекеттің өзі шығармашылық процестің компоненті болып табылады [7]. И.С.Якиманская баланың белсенділігін, бір жақтан, нормативтік жағдаяттар, екінші жақтан, креативтілік тапсыратын ересектердің талаптарына бейімделу ретінде қарастырады.
Ол балаға бар жағдаяттан шығу жолдарын іздеп табуға, оны еңсеруге, өзінде бар білімді, əрекет ету тəсілдеріне негізделген жаңалық жасауға мүмкіндік береді [8]. А.Г.Асмоловтың пікірінше, тұлға қасиеті ретіндегі белсенділік əлеуметтік жағдайлардың əсерінен қалыптасады жəне адам тəжірибесінен тыс жерде көріне алмайды. Тұлға белсенділігі оның алғышарттарына, бағдарлануына, моральдік қасиеттеріне байланысты болып келеді [9]. Тұлғаның қасиеті ретіндегі белсенділік оқушылардың балалар қоғамдық ұйымдарында əрекет субъектісі болуын жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды, қоғам талаптарын есепке ала отырып өздерінің жеке дамуын көздейді, сондықтан тұлғалық білім ретіндегі белсенділік оқушылардың күйін жəне оның əрекетке деген қатынасын көрсетеді, жəне де бұл күй жинақталып жұмыс жасау, назар салу, іске асырылатын əрекеті жəне жеке бастамашылығы түрлерінен білінеді.
К.Д.Ушинский тəрбиеші туралы мынадай пікір келтіреді: «Должен зорко отличать упрямство, каприз и потребность свободной деятельности, и бояться более всего, чтобы, подавляя первые, не подавить последней... Он должен воспитать сильное стремление к свободе и не дать развиться склонности к своеволию и произволу» [10]. Г.И.Щукинаның ойынша [11], оқушылардың белсенділігі тұлға қалыптасу процесін сүйемелдей отырып, шығармашылық əрекетінен көрініс тауып, төменде келтірілген түрлі деңгейлер бойынша жүре отырып дамиды:
- Репродуктивті — еліктеу белсенділігі, бұның көмегімен əрекет тəжірибесі басқа адам тəжірибесі арқылы жинақталады. Дамудың кез келген күрделі формасын игеру оқушы тарапынан алдымен əріптестікпен іске асырылады, содан кейін барып дербес орындалады. Əріптестік барысында пəндік əрекеттердің идеалды үлгілері мен сөйлеу формаларын, басқа адамдар тəжірибесін игеру жүреді.
- Іздестіру — орындау белсенділігі жоғарылау деңгей болып табылады, себебі мұнда дербестіліктің үлкен дəрежесі бар. Бұл деңгейде оқушыға қойылған міндетті қабылдау жəне оны орындауға қажет құралдарды іздеп табу қажет.
- Шығармашылық белсенділік ең жоғарғы деңгей болып табылады, егер оқушылар тапсырмалар қоятын болса, онда оларды шешуде де жаңа, бірқилы жолдар таңдалатын болады. Д.Б.Богоявленская, О.К.Тихонова, Я.А.Пономарева, Дж. Гилфорд, Л.Б.Ермолаева-Томина жəне тағы басқалар өз зерттеулерінде төмендегі пікірге келеді: шығармашылыққа деген табиғи қабілеттілік əрбір адамда болады жəне оның қайсібір жағдайларда білінуі тұлғаның дербестілігінің ашылу жағдайында,тұлғаның соған сəйкес мотивтерінің, қабілеттіліктерінің, білімі мен біліктіліктерінің болу жағдайында ашылады. Мəселен, Л.Б.Ермолаева-Томина былай дейді: «Əр адамның түрлі деңгейдегі бейсанасында болатын шығармашылық əлеуетті өз дербестілігіне сүйене отырып ашуға болады» [12]. Шығармашылық – бұл сапалы жаңалық тудыратын қызмет жəне ол қайталанбастығымен, сонылығымен жəне қоғамдық-саяси бірегейлігімен ерекшеленеді. Шығармашылық адамға тəн, себебі субъектіні үнемі шығармашылық əрекет пен белгілі бір құндылықты бағдарларға жетелейді [13].
Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: шығармашылық үшін адамның ішкі күштерін оятуға жəне шығармашылық жəне рухани қасиеттерін ашуға себептесетін энергия қажет. А.Д.Александровтың пікіріне сəйкес, шығармашылық дегеніміз — адамның өзіндік түр ерекшелігі, ол адамды табиғаттан бөліп шығарады, оны табиғатқа қарсы қойып, еңбектің, сананың, мəдениеттің көзі болып табылады. В.В.Шаронов басқа пікір ұсынады, оған сəйкес шығармашылық өз құрылымы бойынша ойынмен тығыз байланыста [14]. Шығармашылық — адамға тəн мақсатқа бағытталған жұмыс, ол практикалық жəне ой жұмысының түпкі өнімінің жаңа едəуір сапасын алуға, сонымен қатар барлық интеллектуалдық, эмоционалдық жəне мəнді əрекеттің білінуімен болатын өз мүмкіндіктерін ұғынуға бағытталған бірегейлігімен, ойлау бейстандарттылығымен ерекшеленеді [15].
Сөйтіп, философиялық, психологиялық жəне педагогикалық əдебиеттерді саралай отырып, төмендегі тұжырымды анықтаймыз: шығармашылық тұлға белсенділігінің жоғарғы белсенділік формасын, тұлғаның маңызды қасиетін ашады, ол мойындалған жалпыадамзаттық құндылықтармен өзара байланыс процесінде туындайды жəне ол біржағынан тұлғалық даму мен тұлғааралық өзара əріптестіктегі мəдени жəне рухани бағдарлануымен сипатталып, екінші жағынан, адамға тəн жеке əрекеттің орталық өзегі болып көрініс береді.
Оқыту үдерісіндегі шығармашылық белсенділік оқушылар бойына, ақыр аяғында, болашақ жұмысшы, инженер, ғалым, педагог тұлғасының мінезінде көрініс табатын бірқатар қасиеттер қалыптастырады.
Біз үшін оқу жəне кластан тыс қызметінде техникалық шығармашылық дамыту саласындағы зерттеулер, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердегі үйірмелік жұмыстар ерекше қызығушылықтар тудырады. Еңбекке баулу саласында техникалық шығармашылық сабақтары мен еңбекке дайындық үдерісінде студенттерге политехникалық білім қалыптастыру мəселелері қарастырылатын П.Р. Атутовтың, К.Ш. Ахияровтың, С.Я. Батышевтің зерттеулері көңіл аудартады.
Ю.К. Васильев пен Э.Д. Новожиловтың, С.В. Сальцеваның, В.А. Поляков пен С.Д. Чуркиннің жəне тағы басқалардың зерттеулері болашақ «Технология» пəнінің мұғалімдерін кəсіби қызметтің түрлі бағыттарына дайындаудың теориялық жəне практикалық мəселелерін шешуге арналған.
Тұлғаға шығармашылық белгілерін қалыптастыру тиімділігі көп жағдайда педагогтың оқушылар шығармашылық қызметін ұйымдастыра білуіне байланысты. Педагогикалық қызметте жетекшілік ету үдерісі В.С. Безрукова, М.М. Поташник, В.П. Стрезикозин, М.Н. Терехин зерттеулерінде қарастырылады. Олар педагогтың кəсіби қызметін ұйымдастыру-басқарушылық үдерісі ретінде қарастырады.
Болашақ педагогтардың оқушылар техникалық шығармашылығына жетекшілік етуіне дайындығын қалыптастыру мəселесі Н.В. Быстрова, В.Г. Козлов, С.М. Саламатованың еңбектерінде қарастырылды, олардың көзқарастары бойынша, техникалық шығармашылық — бұл тəрбиелеудің тиімді құралы, пайдалылық пен жаңашылдық белгілері бар материалдық нысандар жасау нəтижесінде оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытудың мақсатқа бағытталған үдерісі.
Оқушыларға бірлесіп, ұжымдық жұмыс жасауға талпыну тəн. Мектепке дейінгі мекемелерде қалыптастырылатын мұндай талпыныс оқу шығармашылық қызметте айқын көрініс табады. Ұжым жəне оның бала тұлғасына əсер ету мəселелеріне жүргізілген зерттеулер тəрбиеленушіні балалар мен үлкендердің бірлескен қызметі үдерісінде туындайтын ұжымдық қатынастар жүйесіне енгізудің маңыздылығына назар аудартады. Ұжымға енгізу маңызды тұлғалық өзгерістерге əкеледі (мотивтерді түзету, əлеуметтік-құндылықты бағдар жəне т.б.).
Мектептер мен жоғары оқу орындарында конструкторлық-технологиялық білім беру мəселелері Л.А. Болотина, В.И. Качнев, Т.В. Кудрявцев, Н.Ф. Хорошко тарапынан қарастырылды. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметін басқару үдерісінде олар шығармашылық қабілеттерді диагностикалау əдістерін қосады, ол əдістер оқушылардың қай қызмет түрінде жəне қандай жағдайларда өздерін өнімді көрсете алатындығын түсінуге көмектеседі. А.М. Василевская, А.П. Зверик, Э.Ф. Зеер жəне А.Н. Лук жалпы шығармашылық ойлауды дамытудың түрлі қырларын жəне соның ішінде техникалық шығармашылық ойлауды да, сонымен қатар шығармашылыққабілеттілігін диагностикалауды, психологиялық құрылымын, шығармашылық қызметтің даму динамикасын қарастырды. Д.Б. Богоявленская пен Г.М. Лисовская шығармашылық қызметті оқыту мен дамыту барысындағы ұтымды жəне интуитивті ойлау ара қатынасын зерттеді. Ал, В.И. Андреев, пен Э. де Боно шығармашылыққа оқытудың принципиалдық мүмкіндіктерін саралап, соған сəйкес тест жүйесін əзірледі.
Г.С. Альтшуллер, Г.А. Балл, А.В. Брушлинский, М.И. Денисов, Дж. Пойа, И.М. Низамов, А.Ф. Эсаулов жұмыстарында техникалық жəне конструкторлық мазмұнды міндеттерді шешу əдіснамасы бойынша зерттеулер жүргізіліп, жеке шығармашылық мүмкіндіктерді жəне оқушылардың техникалық тапсырмаларды шешудің қалыпсыз əдістерін дамытуға ықпал жасайтын жағдайлар жүйесі ұсынылды. Олар, өз кезегінде, əрбір жасөспірімде жасырылып жатқан шығармашылық қабілеттерін ашуға, оқушылардың қиялын бұғаудан босатуға, оларды заманауи технологиялар мен өндірістік үдерістерді сыни түрде зерделеуге үйретуге, тапқырлық пен өнертапқыштық қызметке, техникалық шығармашылыққа деген талпынысын тəрбиелеуге көмектеседі.
Психологиялық тұрғысынан шығармашылық үдеріс индивидтің субъективті актісі ретінде шығармашылық актісінің өтуінің психологиялық «механизм» ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда шығармашылық, бір жағынан, жаңаны тудырудың психологиялық үдерісі ретінде, ал, басқаша жағынан, тұлғаның сол үдеріске тартылуын қамтамасыз ететін тұлғаның қаситеттері жиынтығы ретінде түсініледі [16]. Техникалық шығармашылықтың өзгешелігі, оның өнертапқыш еңбегіне қатысты басқа шығармашылық, интеллектуалды қызметтен айырмашылығы С.Л. Рубинштейн тарапынан анықталған болатын. «Техникалық шығармашылық білгілі бір проблеманы шешетін бұйым, шынайы зат, механизм немесе тəсіл тудыруы тиіс ... өнертапқыш шынайлықтың контекстіне, белгілі бір əрекеттің шынайы өтуіне бірдеңе енгізуі тиіс» [17].
Педагогикалық энциклопедияда техникалық шығармашылыққа мынадай анықтама беріледі: нəтижесінде пайдалылық жəне субъективті (оқушының өзі үшін) жаңашылдық белгісі бар техникалық нысан пайда болатын оқушының қызметі түрі. Техникалық шығармашылық техника мен табиғат құбылыстарына қызығушылық дамытады, оқу жəне мамандық таңдау мотивтерін қалыптастыруға, практикалық біліктіктер алуғы, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Оқушылардың техникалық шығармашылық жөніндегі қызметінің анықтамасын М.Г. Давлетшин жасады. Оның пікірінше, техникалық қызметте мыналарды айыру қажет:
а) техникалық түсіну, яғни техникалық құрылғының жұмысы мен құрамын жылдам жəне дұрыс игере білу;
б) техникалық орындау қызметі, ол құралдар мен машиналарды қолдана білу, дайын сызбалар мен технологиялық карталар бойынша техникалық бұйымдар жасау құралдарымен жəне машиналарымен дəл, əрі жылдам опрециялар орындауды талап етеді;
в) конструктивті-техникалық қызмет, яғни қолда бар конструкцияларды жетілдіру жəне жаңа техникалық бұйымдар жасау.
Біз оқушылардың техникалық қабілеттіліктерін дамытуға байланысты бөлек мəселелер қаралатын бірқатар психологиялық зерттеулерді қарастырдық, олар: шығармашылық ойлауды қалыптастыру, техникалық қабілеттіктерді дамыту, жалпыеңбектік политехникалық біліктіліктерді қалыптастыру заңдылықтарын, ақыл-ой қызметі тəсілдеріне үйрету (Е.Н. Кабанова-Меллер, Н.А. Менчинская, В.В. Чебышева, Т.В. Кудрявцев, П.М. Якобсон, Е.А. Милерян, Г.В. Кирия, Я.А. Пономарев, М.Г. Давлетшин жəне т.б.).
Осы жұмыстардың бірсыпырасы бірізді кезеңдер қатарын құрайтын техникалық шығармашылық үдерісінің құрылымын ашады: бастапқы фактілерді саралау жəне мəселелер қозғау, болжамды интуициялық құру, идеяның логикалық дамуы жəне жобаны бөлшектеу, жобаның суретте, сызбада, модельде бейнеленуі жəне де оларды материалдық іске асыру.
Басқалары — балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметінің жас ерекшеліктерін зерттейді, олардың бірқатары оқушылардың техникалық шығармашылығын ұйымдастыруға жəне оның мазмұнына, оған деген қабілеттіліктерді дамытуға арналған.
П.К. Энгельмейер [18] техникалық үдерісті үш негізгі кезеңге бөледі:
- идеялардың пайда болуы жəне жасаушының оны одан əрі тануы;
- болашақ өнертабыс жоспарын əзірлеу;
- орындау кезеңі.
Шығармашылық үдерістің шығармашылық идеяның туындауынан бастап, іс жүзінде жүзеге асыруымен аяқталатын негізгі кезеңдері Г.С. Альтшуллердің бірқатар жұмыстарында ашылған.Ол өнертапқыштар мен ізденімпаз адамдар қызметін зерттеу барысында шығармашылық үдерістің құрылымы мен əдістемесін зерттеген. Г.С. Альтшуллер шығармашылық үдерістің орталық буыны тапсырма орындау деп есептеп, оған баса көңіл аударады. Аталған автордың зерттеулері зерттеу міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін тиімді əдістерді іздеуге бағытталған, сондықтан солардың бірнешеуі педагогикалық практикада қолданылуы мүмкін [19]. Құрылымдау үдерісіндегі техникалық шығармашылықтың педагогикалық қырын айқындау үшін Т.В. Кудрявцев объективті де, субъективті де болуы мүмкін жаңашылдық ұғымын нақтылайды. Оқу қызметіндегі шығармашылық нəтиже оқушының өзіне жаңа болуы өте маңызды. Тіпті субъективті жаңашылдығы бар еңбек өнімін алған оқушы техника саласындағы шығармашылық қызметке деген қабілеттерін дамытып отырады [20].
«Субъективті жаңашылдық» ұғымын енгізу шығармашылық қызметтің аясын кеңейте түседі. Бұл жағдайда оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының жетекшісі, алдымен, шығармашылық өнімдегі субъективті жаңашылдыққа бағдарлануы қажет. Мұнда есте ұстайтын жайт — объективті жаңа өнертабыстарға баратын жол субъективті жаңашылдық арқылы өтеді.
Шығармашылық қызмет өзінің аяқталғандығымен сипатталады. Бұл оқушылардың осындай, яғни өнертабысты дайындау, онымен жұмыс жасау, ойдың материалдық іске асуы секілді шығармашылық үдерістің барлық кезеңдерін жүзеге асыратын ғылыми-шығармашылық ұйымының қажет екендігін көрсетеді.
Жаңашылдықты осылайша түсінген кезде техникалық шығармашылықты қалыптастыру біраз кеңейеді. Қызмет мынадай жағдайда, яғни өнім қабылдайтын тұлғадан басқа бəріне белгілі болған жағдайда шығармашылықты болады. Осылайша өнімді алу тəсілі туралы да айтуға болады. Тіпті субъективті жаңашылдық белгісі бар өнім ала отырып, оқушы өзінің техника саласындағы шығармашылық қызметке қажет жеке қасиеттері мен қабілеттіліктерін дамытады.
Қарастырылған қағидат ересектер мен оқушылар техникалық шығармашылығының қалыптастырылатын мүмкіндіктерінің тек ұқсастығын ғана емес, белгілі бір жағдайда олардың барабарлығын да көрсетеді. Бұған дəлел ретінде психологтар мен педагогтардың қатып қалған ұстанымдарын келтіруге болады, ұстаным бойынша олар бір психология-педагогикалық негізге ие, белсенділік, ынта қою кезеңдері біркелкі. Осылардың барлығы ересектердің техникалық қызметін саралау негізінде оқушылар бойына жас ерекшелігіне қарай шығармашылық қызметтің белгілі бір компоненттерін тəрбиелеу мен дамытуға қажет əдістемелік тəсілдер əзірлеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, ғылыми əдебиетте техникалық шығармашылық анықтамасына берілген көптеген анықтамалар ішінен, біздің ойымызша, ең педагогикалық қолайлысы мынау: оқушылардың техникалық шығармашылығы — бұл нəтижесінде пайдасы бар жəне объективті немесе субъективті жаңашылдығы бар өнім алынатын шығармашылық қызмет. Сонымен бірге техникалық қызмет деп табылған міндеттерді шешу əдісін, өндірістік үдерісті жетілдіруге қатысты ұсыныстарды, жасалған құрылғыны, модельді, аспапты жəне т.б. санауға болады.
Техникалық шығармашылықты тəрбиелеудің тиімді құралы, техникалық шығармашылықты оқытудағы мақсатты үдеріс жəне пайдалылық пен жаңашылдық белгілелері бар материалды нысандар құру нəтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылар шығармашылығында жаңашылдық субъективті сипатқа ие. Оқушылардың шығармашылық қызметінің нəтижесі – шығармашылық тұлғаның қасиеттер кешені: ақыл-ой белсенділігі, практикалық жұмысты орындауға арналған білімді іздестіруге, дағды қалыптастыруға талпыныс, қойылған міндеттерді шешуде дербестік, еңбекқорлық, тапқырлық жəне т.б.
Психология-педагогикалық зерттеулер мен жұмыс тəжірибесінің негізінде келесіні атап өту қажет: техникалық шығармашылық, алдымен, оқушылардың техникалық ойлауын дамытуға жағдай туғызады. Ол əдеттегі ойлаумен күрделі қатынаста тұрады. Біріншіден, ол əдеттегі ойлау негізінде дамиды, яғни, əдеттегі ойлаудың барлық құрамдас компоненттері — салыстыру, қарсы қойып салыстыру, жіктеу, саралау, синтез жəне т.б. техникалық ойлауға да тəн. Тек бір ерекшелігі, техникалық қызметте жоғарыда аталған ойлау операциялары техникалық материалда дамиды. Екіншіден, əдеттегі ойлау техникалық ойлауды дамытудың психофизиологиялық алғышарттарын тудырады. Əдеттегі ойлау нəтижесінде баланың миы, ассоциативтік саласы, жады дамиды, ойлау икемділігі дағдыланады. Бірақ əдеттегі ойлаудың ұғымдық-образдық аппаратында техникалық ойлауға қажет ұғымдар мен образдар болмайды. Сонымен қатар ұғымдардың өздері де əдеттегі ойлау мен техникалық ойлауда сипаты бойынша бір бірінен ерекшеленеді. Олар механикалық когломерат мəліметтері емес, түрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырылатын технологиялық үдерістердің немесе құбылыстардың маңызды белгілерінің бірлігі болып табылады.
Бұл жағдайда оқушылардың техникалық шығармашылығы, əсіресе оның уақыт шығыны бойынша ең көлемді болып келетін соңғы кезеңі оқу пəні ретінде оқушыларға оң жағдай туғызатындығын айта кетуіміз қажет. «Технология» пəнінің мұғаліміне мектептегі балалар техникалық шығармашылығын ұйымдастыруда жетекші роль жүктеледі, ал оның психология- педагогикалық, əдістемелік жəне арнайы дайындығы көп жағдайда оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтайды. Техникалық шығармашылыққа тиімді жетекшілік ету үшін «Технология» пəнінің мұғалімі оқушылардың танымдық белсенділігін, техникалық жадын, тапқырлық пен аңғарымпаздығын дамытудың əдістері мен тəсілдерін білуі жəне нақты жағдайда оқушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастыру формалары мен əдістерін таңдай алуы, қызықтыра білуі, шығармашылық ізденіске деген сүйіспеншілік дарыта алуы қажет.
Практик-мұғалімдердің психология-педагогикалық зерттеулер жəне біршама əдістемелік жұмыстарының нəтижесінде бірқатар тиімді əдістер анықталды, оларға жататындар: бұйымдарды құрастыру (модельдеу), манипуляциялық құрастыру, қысқартылған мəліметтері бар техникалық құжаттама қолдану, шығармашылық тапсырмалар шешу, шығармашылық міндеттер орындау, бұрын жасалған бұйымдарды өзгерте отырып, жұмысты қайта орындау, ойша эксперименттеу, техникалық құралдарды, соның ішінде тренажерларды қолдана отырып, ақаулықтарды іздеу жəне жою. Бұл əдістерді белгілі бір жүйеде қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың техникалық шығармашылық үдерісін мұқият саралау, оны оқушылардың техникалық білім, техникалық қызмет тəжірибесін алу жəне техникалық ойлауын дамыту мақсатында арнайы таңдалған оқу, өндірістік жəне техникалық тапсырмалар жүйесін шешу ретінде көрсетуге болатындығын көрсетеді.
Қорыта келгенде айтарымыз, психология-педагогикалық саралау, техникалық шығармашылық оқушылардың техникалық ойлауын дамытуға оң жағдай туғызады деп айтуға мүмкіндік береді.
Əдебиеттер тізімі
- Петровский В. А. Личность в психологии: парадигма субъектности: учеб. пособие для студ. вузов / В. А. Петровский. — Ростов н / Д .: Феникс, 1996. — 509 с .
- Абульханова-Славская К. А. Личностная регуляция времени / К.А. Абульханова-Славская. — СПб.: Питер, 2001. — С. 279–297.
- Лисина М .И. Проблемы онтогенеза общения / М.И. Лисина. — М.: Педагогика, 1986. — 230 с.
- Ожегов С. И. Словарь русского языка / С.И. Ожегов. — М.: Азбуковник, 2007. — С. 28.
- Коджаспирова Г.М . Словарь по педагогике / Г.М. Коджаспирова, А.Ю. Коджаспиров. — Ростов н/Д.: Издат. центр «МарТ», 2005. — 448 с.
- Щукина Г. И. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся / Г.И. Щукина. — М.: Педагогика, 1988. — 208 с.
- Савенков А.И. Программа «Одаренный ребёнок в массовой школе» / А. И. Савенков // Первое сентября. — 2003. — № 29. — C. 15–17.
- Якиманская И. С. Разборка технологии личностно-ориентированного обучения [Электронный ресурс] / И.С. Якиманская. — Режим доступа: http://www.voppsy.ru/issues/1995/952/952031.htm (дата обращения 12.01.2018).
- Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования / А.Г. Асмолов. — М.: Педагогика, 1984. — 104 с.
- Ушинский К.Д. О нравственном элементе в русском воспитании / К.Д. Ушинский // Избр. пед. соч.: в 2 т. — М.: Педагогика, 1974. — Т. 2. — С. 304–326.
- Щукина Г.И. Развитие познавательной активности школьников / Г.И. Щукина. — М.: Просвещение, 1989. — 142 с.
- Ермолаева-Томина Л.Б. Психология художественного творчества: учеб. пособие для вузов / Л.Б. Ермолаева-Томина. — М.: Академический проект, 2003. — 304 с.
- Прохоров А.М. Советский энциклопедический словарь / А.М. Прохоров. — М.: Просвещение, 1987. — С. 13, 14.
- Шаронов В.В. Основы социальной антропологии / В.В. Шаронов. — М.: Наука, 1997. — 195 с.
- Амонашвили Ш.А. Как живете, дети? / Ш.А. Амонашвили. — М.: Просвещение, 1991. — 175 с.
- Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. Психологический очерк. — 2-е изд. — М.: Просвещение, 1967. — 78 с.
- Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии / С.Л. Рубинштейн. — М.: Педагогика, 1973. — 416 с.
- Энгельмейер П.К. Изобретательство и привилегия / П.К. Энгельмейер. — СПб.: Питер, 1997. — 126 с.
- Альтшуллер Г.С. Творчество как точная наука / Г.С. Альтшуллер. — М.: Сов. радио, 1976. — 195 с.
- Кудрявцев Т. В. Психология технического мышления / Т.В. Кудрявцев. — М.: Педагогика, 1975. — 304 с.