Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастыруда қолданылатын əдістер мен құралдар

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастыруда қолданылатын тиімді əдістер мен құралдар жайында ақпараттар қарастырылған. Бұл үздіксіз жүріп отыратын оқыту жəне тəрбиелеу үрдісінде жүзеге асу керек. Сондықтан мақала мазмұнында берілген əдістер мен құралдарды əрбір ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда, əрбір тəрбиелік іс- шараларды өткізуде басшылыққа алуға болатыны кеңінен мəлімденген. Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік мəдениет белгілері ретінде: қарапайымдылық, үнемшілдік, ұстамдылық, қанағатшылдық, орынды пайдалану алынған. Авторлар мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тəрбиелеудің міндеттерін айқындаған. Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік мəдениетін қалыптастыру құралдарының түрлері ретінде көркем құралдар тобын, табиғаттағы серуенді атап өтеді. Аталған құралдар мен əдістер ұйымдастырылған оқу қызметі барысында жəне күнделікті өмірде бала тəрбиесінде қолданса, ата-аналар жəне мектепке дейінгі ұйымның педагогтары рухани жаңғырған мемлекеттің тұлғасын қалыптастырады.

Егеменді ел жастарының санасына рухани жаңғыру жағдайында адамгершілік мəдениеттің белгілерін сіңіре білу үрдісінің маңызы зор. Бұл үздіксіз жүріп отыратын оқыту жəне тəрбиелеу үрдісінде жүзеге асады. Оқыту — тəрбиеден бір елі бөлінбейтін біртұтас үрдіс. Сондықтан мақала мазмұнында берілген əдістер мен құралдарды əрбір ұйымдастырылған оқу қызметін, əрбір тəрбиелік іс-шараларды өткізуде басшылыққа алуға болады.

Қарапайымдылық, үнемшілдік, ұстамдылық, қанағатшылдық, орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді, жəне олар — шынайы адамгершілік мəдениеттің белгілері. Олар ересектердің жəне балалардың жанын қозғайды. Біз үлкендер өмірдің қалай өзгеріп жатқанын көріп жүрміз. Əлемдегі адамгершілік жағдайдың шиеленісуі əлеуметтік-адамгершілік құндылықтар дағдарысы бұл көбінесе адамзаттың дүниетанымы мен санасының дағдарысы екенін түсінуге əкеледі. Адамгершілік жағдайға жалпы алаңдаушылық: ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол берілгендік. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тұтас қоғамның жəне əрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өткенін білеміз, сол бағыттардың бірі – прагматизм. Оның мазмұнында жоғарыда аталған мəдениеттің белгілері жан- жақты қарастырылған [1].

Осыған орай, бүгінгі күнгі ұрпақ тəрбиесіне жауапты субъектілердің басты мақсаты – өзіндік адамгершілік мəдениеттің белгілерін бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі адамгершілігі мен мəдениеттілігін жарыққа шығару, əрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін олардың бойындағы бар құндылықтарды дамыту.

Жас ұрпақтың бойынан тауып, дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамгершілік мəдениеттің белгілерін алдымен тəрбиеші өз бойынан тауып алмай, оны жарыққа шығаруға əрекет етпей, оларды баламен қарым-қатынаста шынайы түрде іске асырмай, ата-ана, қоғам, тіпті болашақ алдындағы жауапты ісін өз деңгейінде атқара алуы мүмкін емес [2].

Сондықтан тəрбиеші өзінің негізгі мақсатына жетудегі іс-əрекетін өзін танудан бастағаны жөн. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», — дегеніндей, əр тəрбиеші өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзінің педагог болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Баламен кездескен сəттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде онымен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сəтестен шығармағаны абзал. Сонда ғана ол білімді де білікті, салиқалы да парасатты, мəдениетті, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру ісінде едəуір табыстарға қолжеткізе алады.

Бүгінде əлем төртінші өнеркəсіптік революция дəуіріне, технологиялық, экономикалық жəне əлеуметтік салалардағы терең жəне қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басқан үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны да, толғандыратыны анық. Шынында да, құнды қасиеттерге ие адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталса жəне əрі қарай балалардың жас ерекшеліктеріне сай дамытылса.

Біз мектепке дейінгі жастағы балаларда адамгершілік мəдениеттің белгілерін қалыптастыруды алып отырмыз, себебі мектеп дейінгі жас — адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастырудың қолайлы кезеңі. Бұл жаста баланың интеллектуалды, адамгершілік-еріктік, эмоционалды ортасының дамуы қарқынды жүреді. Тұлғаның дамуы жəне іс-əрекеті жаңа қажеттіліктер мен сапалардың, яғни, балалалардың тікелей ешқашан бақыламаған заттар мен құбылыстар жайында білімдерінің кеңеюімен сипатталады. Балаларды осы заттар мен құбылыстар арасында пайда болған байланыстар қызықтырады, ал балалардың мұндай байланыстарға енуі көп жағдайда оның дамуымен айқындалады.

2017–2018 оқу жылы Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы əдістемелік нұсқау хатында мынадай міндеттерді көрсеткен:

  • балалардың денсаулығы мен психикасын нығайту;
  • балаларды ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;
  • рухани жəне адамгершілік негіздерін қалыптастыру;
  • балалардың жеке қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту;
  • əрбір баланың жағымды көңіл-күйін қамтамасыз ету, жағымды өзін-өзі сезінуін дамыту;
  • баланы мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау [3].

Осы міндеттерге байланысты жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тəрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде, адамның адам болып қалыптасуында отбасының, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тəрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған əдіс, қалыптағыдай қатып қалған, ескірген тəсіл қолданылмауы тиіс.

Адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастыру ісі білім берумен ғана шектелмейді, ол баланың сезіміне əсер ету арқылы ішкі жан дүниесін оятудың нəтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. М.А. Волкованың пайымдауынша, адамгершілік мəдениет – бұл этикет пен мəдениеттіліктің маңызды категориясы, ол тұлғаның адамгершілік мəдениетінің құрылымы:

  • этикалық ойлау мəдениеті (жақсылық пен жамандықты ажырата білуі, пайда болған жағдаяттарда адамгершілік нормаларды қолдану жəне т.б.);
  • сезім мəдениеті ( даму, адами сезімдер, адамның эмоционалды руханияты, қайырымдылық);
  • мінез-құлық мəдениеті (бұл адамның күнделікті мінез-құлқынан көрінетін моральдік жəне эстетикалық нормаларының жиынтығы);
  • этикет (адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттейтін формаларға, тəсілдерге, ережелерге адалдығы, дұрыс қабылдауы) [4].

Тұлғаның адамгершілік мəдениеті — бұл тұлғаның адамгершілік дамуының сипаттамасы, бұл қоғамның моральдік тəжірибесін меңгеру дəрежесі, мінез-құлықта жəне басқа адамдармен қарым- қатынаста құндылықтарды, нормалар мен қағидаларды, өзін-өзі бірізді жетілдіруді жүзеге асыру қабілеті.

Жоғарыда аталған адамзаттық мəдениеттіліктер бала бойында арнайы əдістер мен құралдарды қолдануда жүзеге асады [2]. Кейбіреулеріне тоқталсақ:

Көркем құралдар тобы: қойылымдар, көркем əдебиет, бейнелеу өнері, əуен, көрмелерге саяхат, ертегілер мен мақал-мəтелдер жəне т.б. Көркем құралдарды эмоционалды-мазмұндық таңдау мектепке дейінгі баланың жас жəне психологиялық ерекшеліктерін, олардың эмоционалдық, психологиялық қабылдауын ескерумен байланысты. Олар балаларда адамгершілік мəдениет белгілерін, адамгершілік көзқарастар мен сезімдерін қалыптастыру міндеттерін шешу үшін маңызды жəне тиімді құралдар. Адамгершілік мəдениетін қалыптастыруда көркем əдеби шығармаларды пайдалану балалардың өзгелермен бірге қуану, қайғыру, олардың көңіл-күйіне ортақтасу қабілеттерін қалыптастыруына жəрдемдеседі, олардың оң адамгершілік эмоцияларын реттейді.

Мақал-мəтелдер — халықтық педагогикасының ең бір ашық інжу-маржаны. Бұлардың адамгершілік тəрбиесіне ықпалы зор, себебі мақал-мəтелдер жан-жақты мазмұны арқылы ең шынайы адамгершілік қасиеттерді білдіреді, баланың жаңа ұғымдарды біліп, ойының дамуына, санасының қалыптасуына ықпал жасайды. Отанына, халқына, табиғатына, сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тəрбиелеуде мақал-мəтелдердің алатын орны орасан. Баланың өмір тəжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат əрі əсерлі, əрі ойда қалатындай мəнді болу керек.

Əрине, кез келген қазақ бала тəрбиесінде, күнделікті тұрмыс-тіршілікте сөз арасында жиі қолданатын мақал-мəтелдердің өмірдегі алатын орны ерекше. Əсіресе бала-бақшада, мектепте бала санасының қалыптасуында, олардың оқу, білімге деген құштарлықтарын оятуда, үлкенге құрмет көрсетіп, өз қатарластарына ізетпен қарауларына үйретеді [5].

Адамгершілік мəдениетті қалыптастыруда ертегінің рөлін атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта əр адам өзінің рухани дамуына қажетті нəрсенің бəрін де ертегіден алады», — деп атап айтқан болатын. Кез келген халықта, ең алдымен, балаға тəрбие, білімді ертегі арқылы беруі – атам заманнан келе жатқан үрдіс. Ертегінің алғашқы мақсаты – рухани адамгершілік тəрбие беру, одан соң ол арқылы білім беру. Ертегіні сүйіп тыңдап, жаттап, өзгеге мағынасын бұзбай айтып бере алатын бала сол ертегінің нəрін бойына сіңіріп, ойы, ақылы кемелденіп, мінезі түзеледі, тілі байып, жан дүниесі өркендейді.

Жас баланың ертегіге мас бола елітіп, көзін жұмып, аузын аша рахаттана тыңдайтыны, ертегі əлеміне өзі қоса еріп кетіп, сол батыр немесе сұлу да ақылды қыз өзім болсам деп, тəтті қиялдарға беріледі, ертегі тыңдауға жаны құмартып, іздеп, тыным таппайды.

Ертегілер баланың көкейінде «Неге?» деген сұрақты тудырып, қиялын жетелеп, ілім-білімге деген талпынысын оятады. Ертегілер баланың бойындағы ұлы сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін жоғалтпауға, барлық тіршілік иелеріне қамқорлық қасиеттерін, қанағатшыл мен қарапайымдылық сияқты адамгершілік мəдениет белгілерін одан əрі ұштауға тəрбиелейді.

Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік мəдениетін қалыптастыру құралы ретінде табиғаттағы серуенді атауға болады. Табиғи құралдар – айнала қоршаған табиғаттың мектепке дейінгі балалардың адамгершілік негіздерін қалыптастыруда ерекше жəне балаларда жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасауға деген жағымды сезімдерін дамытады. Табиғаттың бала тұлғасының адамгершілік аясына əсері көпқырлы жəне қажетті педагогикалық ұйымдастыру барысында баланың сезімдері мен мінез-құлқын тəрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастырудың тағы бір құралы — бұл балалардың негізгі əрекеттері: ойын, еңбек, оқу жəне шығармашылық.

Адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастырудың құралы бала өмір сүріп жүрген мейірімділікке, сүйіспеншілікке, адамгершілікке немесе, керісінше, қатыгездікке, мейірімсіздікке толы атмосферасы бола алады. Баланың қоршаған əлемі, отбасы, педагогтар, тəрбиешілер мен құрдастары адамгершілік тұрақтылығын қалыптастыруға мыңызды əсер етеді. Адамгершілік тəрбиенің барлық механизмін жандандырады жəне адамгершілік мəдениеттің белгілерін қалыптастырады. Мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлері өз тəрбиеленушілері үшін мейірімділік, рухани жылулық, түсінушілік, адамгершілік атмосферасын құра білсе, тек осындай жағдайларда ғана баланың туғаннан толыққанды тұлға болып өсуіне, баланың барлық қабілеттері мен дарындылығын ашуға мүмкіндік беруге болады. Бұл тек бала үшін ғана емес, қоғам үшін маңызды. Өйткені қоғамның əрбір мүшесі адамгершілік жағынан кемелденіп, мейірімді болса, сол қоғамда өмір сүретін біз бен біздің балаларымыздың өмір сүруі де толыққанды болады [3].

Қалыптастыру құралдарын таңдау қойылған міндетке, тəрбиеленушілердің жасына, олардың жалпы жəне интеллектуалдық даму деңгейіне, адамгершілік қасиеттерін дамыту кезеңдеріне (адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастыру, бекіту, қайта тəрбиелеу) байланысты.

Адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастыру жəне тəрбиелеу əдістері – бұл берілген тəрбие мақсатына жету жолдары, бала тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыру арқылы педагогикалық ықпал ету тəсілдері, мұғалімнің, тəрбиешінің қолындағы ерекше құрал. Олар адамгершілік даму үрдісін ұйымдастыру жəне тұлғаны жетілдіру мен осы үрдісті басқару қызметтерін орындайды, балаларға тікелей ықпал етіп, адамгершілік тəжірибелерін байытады.

Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік мəдениетін қалыптастыру əдістері оқшауланып қолданылмайды, кешенді жəне өзара байланыста қолданылады. Кешенді қолдануға болатын жəне мақсатқа сай əдістерді таңдауға жетекші тəрбие міндеттері мен балалардың жасы негіз болады [6].

Адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастыру алуантүрлі əдістердің жиынтығын талап етеді. Оларды былайша жіктеуге болады:

Мінез-құлық дағдылары мен əдеттерін қалыптастыру əдістері. Əдістердің бұл тобы балаларда жалпы мінез-құлықтың практикалық тəжірибесін жинақтауды қамтамасыз етеді.

Бұған баланы жалпы мінез-құлықтың жағымды түрлеріне үйрету əдісі жатады (амандасу мен қоштасу, қызметіне алғыс білдіру, сұрақтарға сыпайы жауап беру, заттарға ұқыпты қарау жəне т.б.). Балаларды əртүрлі практикалық қызметке, құрдастарымен жəне ересектермен қарым- қатынас жасауға (жасанды жəне арнайы құрылған жағдаяттар) араластыруда болжайтын жаттығулар көмегімен қатысады.

Тапсырма əдісі, егер ол ересек немесе басқа балалардың үлгісімен үйлессе, үлкен əсер береді. Бұл ретте балада ұқсас болуға, еліктеуге тілек болуы керек. Егер үлгі баланың əрекетінде көрініс тапқан болса, оның мəні мен бала тұлғасына белсенді əсер еткендігі туралы айтуға болады.

Педагог ұйымдастырған мақсатты бақылау əдісі үлкен мəнге ие (мысалы, кіші балалар мектепке дейінгі ересек балалардың тату ойындарын бақылап отырады). Бұл жай ғана пассивті əдіс емес, ол балалардың тəжірибесін нəрлейді, құбылысқа деген көзқарасты қалыптастырады жəне мінез-құлыққа оң əсер етеді. Бұл əдіс балалардың мəдени мінез-құлық дағдыларын тəрбиелеуде тиімді [3].

Тəрбиешінің қоғамдық пайдалы сипатқа ие қызметті ұйымдастыру əдісі өте маңызды (мысалы, учаскені тазалау, бұталар, гүлдер отырғызу бойынша ұжымдық еңбек жəне т.б.). Маңызды əдіс ретінде балалар ойынын айтуға болады, əсіресе сюжеттік-рөлдік. Ол балаға басқа балалармен қарым- қатынасты еркін жəне өз бетінше орнатуға, тақырыптарды, ойын мақсаттарын таңдауға жəне шындық құбылыстар туралы түсініктерді, мінез-құлық нормалары мен ережелерін білуде əрекет етуге мүмкіндік береді. Ойын ересектерге баланың адамгершілік даму деңгейіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін анық көруге, оны тəрбиелеудің міндеттерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Адамгершілік мəдениеттілікті, түсініктерді, пайымдауларды, бағалауды қалыптастыру əдістері:

  •  əңгімелесу;
  •  көркем əдебиеттерді оқу;
  •  этикалық тақырыптарға арналған əңгімелер;
  •  суреттер, иллюстрациялар, диафильмдер;
  •  сендіру əдісі.

Бұл əдістер ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың күнделікті өмірінде де кеңінен қолданылады. Бұл ретте тəрбиеші балалардың білімін меңгеруден, олардың жағымды эмоционалдық жай-күйін реттеуге өтуі тиіс. Балалардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасын дұрыс бағалауды қалыптастыру моральдік түсініктерді мінез-құлық себептеріне айналдыруға ықпал етеді [7].

Көп жағдайда этикалық тақырыптарға арналған əңгімелер жиі қолданылады. Бұл адамгершілік мазмұны бар, нақты фактілер мен жағдайларды эмоционалды білдіру. Сезімге əсер ете отырып, əңгіме тəрбиеленушілерге адамгершілік бағалау мен адамгершілік мəдениет белгілерін, қасиеттерін, мінез-құлық нормаларын игеруге көмектеседі.

Этикалық тақырыптағы əңгіменің бірнеше қызметтері бар:

  •  білім көзі ретінде қызмет ету;
  •  басқа адамдардың тəжірибесімен тұлғаның адамгершілік тəжірибесін байыту;
  •  тəрбиелеуде жағымды үлгіні қолдану тəсілі ретінде қызмет ету.

Этикалық əңгіменің тиімді шарттары ретінде төмендегілерді алуға болады: əңгіме балалардың əлеуметтік тəжірибесіне, эмоционалды, балалардың уайымына сəйкес, түсінікті болу керек. Əңгіме көркем суреттер, халық шеберлерінің бұйымдары бола алатын иллюстрациялармен сүйемелденеді. Əңгімені қабылдау күшейту жақсы таңдалған музыканың сүйемелдеуімен жүргізіледі. Кеңістік этикалық əңгімелерді қабылдау үшін үлкен маңызға ие. Əңгіме кəсіби орындалған кезде ғана дұрыс əсер етеді.

Мінез-құлықты түзету əдістері.

Егер алдыңғы əдістер тобы адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастырудың негізгі əдістеріне жатқызылса, бұл əдістер тобы көмекші болып табылады. Олар мадақтау жəне жазалау əдістері. Жазалау мен мадақтауда көбіне баланың адамгершілік мəдениеттілігінің нəтижесі байқалады.

Мадақтау (тəрбиеші тарапынан) түрлі формада байқалады: мақұлдау, күлімсіреу, басты изеу, сыйлық, баланың отбасы ортасындағы немесе құрдастарының алдындағы жағымды əрекеттері туралы əңгімелесу, балалар мен ересектердің бірлескен еңбегі, жауапты істі тапсыру, киноға, саябаққа бару жəне т. б.

Мадақтай отырып, төмендегі педагогикалық талаптарды ескеру керек:

  1. Уақытында мадақтау керек.
  2. Мадақтау нақты анықтамаларды көздейді, мысалы: «мейірімді», «сыпайы», «əділ» жəне т.б. Бұл сөздермен мінез-құлықтардың адамгершілік мағынасы көрсетіледі.
  3. Мадақтау лайықты болуы керек. Яғни, физикалық, ақыл-ой, адамгершілік күш-жігерді талап ететін əрекеттерді мадақтау керек.
  4. Кез келген мадақтаудың шегі болу керек, бір баланы ғана мадақтай беруге болмайды.
  5. Жеке жəне жас ерекшеліктерді ескеру керек.

Жазалауды міндетті əдіс ретінде қарастырмау керек. Ол төмендегідей формаларда жүзеге асырылуы мүмкін: ескерту, мейірімнен айыру, баламен əңгімелесу жəне сөйлесуден уақытша бастарту, сүйікті іспен айналысуға тыйым салу, құрдастарымен қарым-қатынас жасаудан жəне қылығын отбасының барлық мүшелерімен, құрдастар ұжымымен талқылау.

Жазалау барысында есте ұстайтын талаптар:

  1. Жазаламас бұрын, тыңдамаудың себебін анықтау керек. Теріс қылықтары үшін жаза əділ бо- луы керек.
  2. Жазалау тəрбиенің міндетті əдісі болып табылмайды.
  3. Жазалау үлкен тактіні, шыдамдылықты, сақтықты талап етеді.
  4. Жазаны талаппен үйлестіру керек.
  5. Тəрбиеші балалардың жазаға деген реакциясын қарастырып, олардың əдепсіз əрекеттерін сезінуге көмектесу керек.
  6. Жаза бала тұлғасын құрметтеуге негізделеді.
  7. Ересектер жазалаудың шегін есте сақтау керек. Жиі жазалаудың зияндары: бала жазадан сақтану үшін алдайды, өтірік айтады [4].

Біздің ойымызша, мектепке дейінгі балалардың адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастыруда жоғарыда қарастырған əдістермен қатар, И.Г.Щукинаның да өңдеген əдістер тобын бірізді қолдануға болады:

  • сананы қалыптастыру əдістері (əңгіме, түсіндіру, этикалық əңгіме, сендіру, үлгі ету);
  • мінез-құлықты қалыптастыру жəне əрекетті ұйымдастыру əдістері (жаттығу, тапсырма, тəрбиелеуші өмірлік жағдаяттар);
  • ынталандыру əдістері (жарыс, мадақтау, жазалау) [7].

Бүгінгі күні қоғамның жаңғыру қарқыны жеделдетілген, құндылықтар əлеміндегі өзгерістер ақпараттарды иеленуде саяси, экономикалық, адамгершілік қатынастардың сипатын өзгертетін «жаңа меншік» мəніне ие. Осыған орай адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастыруда балалар киноларының, мультфильмдер мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше. Заманауи ақпараттық технологиялардың дамуы кезеңінде медиаəлем, медиакеңістік қазіргі балалар өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Балалар мультфильмдерінің, киноларының сюжеттері, кейіпкерлердің бейнелері адамгершілік мəдениет белгілерінің үлгілері болуы мүмкін. Кейбір кинолардың мазмұны адамгершілік мəнге ие, терең қобалжуды талап ететін қатаң мəселелерге балалардың назарын аударады. Мультфильмдердің барлық адамгершілік-дамытушылық əлеуеті мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тəрбиесі жүйесінде қолданылуы мүмкін, себебі қарастырылып отырған жас кезеңі адамгершілік ұстанымдары мен сезімдерінің қарқынды қалыптасуымен сипатталады.

Бұқаралық ақпарат құралдары балалардың адамгершілік санасына жəне мінез-құлқына, олардың өзара қарым-қатынасына бірдей əсер етеді. Балалардың даму үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының əсері кейіпкерлерге белсенді еліктеуге ұмтылуында. Қиялының баюында жəне байқалатын оқиғаларды қабылдау сезімінде көрініс табады. Балалардың қиялға бейімділігі, нақты өмірді өзі ойлайтын оқиғаларға ауыстыруы, сондай-ақ əлеуметтендіруде жиі пайда болатын мəселелердің факторына айналады.

Сонымен, мектепке дейінгі жас бала тұлғасында адамгершілік мəдениет белгілерін қалыптастыру үшін өте маңызды болып табылады. Адамгершілік мəдениеттің белгілерін қалыптастыру əдістері мен құралдарын кешенді пайдалану тəрбиешіге балалардың бойындақарапайымдылық, қанағатшылдық, ұстамдылық, үнемшілдік сияқты белгілерді қалыптастыруға жəне баланың даму міндеттерін табысты шешуге көмектеседі.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. Ə. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Н.Ə. Назарбаев // Егемен Қазақстан. — 2017. — 12 сəуір.
  2. Игенбаева А. Адамгершілік сабақтары / А. Игенбаева. — Алматы: Дəуір, 2001. — 174 б.
  3. 2017–2018 оқу жылы Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы əдістемелік нұсқау хаты. — Астана, 2017. — 17 б.
  4. Козлова С.А. Дошкольная педагогика: учебник для студ. сред. профобие учеб. зав. / С. А. Козлова. — 6-е изд., испр. — М .: Академия, 2006. — 416 с.
  5. Садырбаев С. Қазақ халық əдебиеті / С. Садырбаев. — Алматы: Рауан, 1990. — 240 б.
  6. Буре Р . С. Воспитание нравственных чувств у старших дошкольников: пос. для воспитателя детсада / Р . С. Буре. — М.: Просвещение, 1980. — 233 с.
  7. Комарова И.А. Дом наших улыбок: Социально-нравственное воспитание детей дошкольного возраста: пособие для пед. учрежд., обеспечивающих получение дошкольного образования / И.А. Комарова. — Мозырь: ИД «Белый ветер», 2008. — 78 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.