Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биологияны оқытуда оқушылардың жеке-топтық оқу-танымдық іс-əрекеттерін ұйымдастыру

Мақалада биология сабағында оқушылардың жеке-топтық оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық əдістемесін мектеп тəжірибесінде қолданып, тиімділігін анықтау мəселелері қарастырылған. Ол үшін зерттеу нысаны ретінде орта сыныптардағы оқу-тəрбие үдерісі алынды. 6-сыныптағы биология курсы мазмұнының «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тарауын оқытуда жеке- топтық оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктері зерттелді. Сондай-ақ орта сыныптарда биологияны оқытуда оқушылардың жеке-топтық оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық əдістемесі жасалды жəне тəжірибе жүзінде оның тиімділігі анықталды. Алынған зерттеу нəтижелері көрсеткендей, «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тарауын жеке-топтық əдістеме бойынша оқып-үйренген тəжірибелік топ оқушылары дəстүрлі əдістеме бойынша оқыған оқушылардан тұратын бақылау тобы көрсеткіштерімен салыстырғанда жоғары нəтиже көрсетті. Əсіресе тəжірибелік топ оқушылары оқу материалын меңгерудің екінші жəне үшінші деңгейін талап ететін тапсырмаларды ойдағыдай орындады. Мұны оқушылардың өзіндік жұмыс орындау барысында оқылған материалды тиімді пайдалану мүмкіндігімен түсіндіруге болады.

Қазіргі заманғы қоғамның дамуы мектеп алдына оқу-тəрбие үдерісін модернизациялау жəне жетілдіру бойынша көптеген жаңа талаптар қоюда. ХХІ ғасырда мектепте жұмыс істейтін мұғалім оқу үдерісін қалай нəтижелірек етуге, өз пəніне деген оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тудыру үшін не істеу керек деп үнемі ойлануы керек. Педагог алдында оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру бойынша жаңа міндеттер пайда болды. Ол міндеттер тек білімді меңгеруге, шеберліктер мен дағдыларды игеруге ғана емес, сонымен бірге өз əлеуетті мүмкіндігін жүзеге асыруға, əрбір оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға да бағытталуы тиіс.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың бұл жүйесін жеке-топтық ретінде қарастырады, себебі негізгі білім үдерісі, оқу материалын меңгеру, оны бақылау жəне түзету топтық жұмыс барысында жүргізіледі, ал білімді бағалау тақырыпты оқытудың соңғы кезеңінде əр оқушы үшін жеке жүргізіледі [1].

Əдістемелік əдебиетті талдау жасау, биологияны оқытуда қазіргі кезде оқушылардың жеке- топтық оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру проблемасы толығымен шешілмегендігін дəлелдейді. Биологиялық білім беру практикасындағы осы проблеманы бағалау мақсатында біз тəжірибе жүргіздік. Тəжірибеде өз зерттеулерімізді Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылындағы № 12 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 6-сыныптарының 42 оқушысында жүргіздік.

Тəжірибелерге 6-сынып бойынша екі сынып оқушылары қатысты. 6А сыныбы (тəжірибелік топ) оқу материалын оқу-танымдық іс-əрекетті ұйымдастыруды жеке-топтық əдістеме бойынша, ал екінші 6Ə сыныбы (бақылау тобы) дəстүрлі əдістеме бойынша оқыды.

Бақылау тобындағы оқушылар оқу материалын дəстүрлі əдістеме бойынша, сабақтың мына кезеңдері бойынша меңгерді:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Өтілген материалды қайталау.
  3. Мұғалімнің эвристикалық əңгіме элементтері бойынша жаңа сабақты түсіндіруі.
  4. Өтілген материалды бекіту.
  5. Үй тапсырмасы.
  6. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыруды жеке-топтық əдістеме бойынша «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбы бойынша сабақ өту ерекшеліктерін қарастырайық.

Жеке-топтық əдістеме бойынша өтілетін сабақтарға арнап, тақырып материалын өз бетінше меңгеруге арналған төмендегідей нұсқаулық карточкасын дайындадық.

«Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбына нұсқаулық карточкасы

Тақырыпты өз бетінше меңгеру бойынша оқушылар білуі тиіс: Бактериялар мен саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері, бактериялар мен саңырауқұлақтардың табиғаттағы жəне адам өміріндегі маңызы.

Оқушылар істей алуы тиіс: ағзалардың осы топтарының өкілдерін тануы тиіс, жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтарды улыларынан айыра білуі тиіс.

Материалды меңгеру жоспары:

І. Прокариоттар дүниесі. Бактериялар құрылысы мен тіршілік əрекеттерімен танысыңдар.

  1. Оқулықтың мəтінін («Бактериялардың ашылу тарихы») оқыңдар жəне сұрақтарға жауап беріңдер: Тірі ағзалар қалай жіктеледі? Жарғақшамен оқшауланған ядролыларға қандай ағзалар жатады? Бактериялар тірі ағзалардың қай тобына жатқызылады? Бактерияны алғаш ашқан кім?
  2. Оқулықтың мəтінін («Бактериялар» бөлімі) мұқият оқыңдар, сұрақтарға ауызша жауап беріңдер: Бактериялар қандай жерлерде кездеседі? Л.Пастер кім, ол қандай жаңалықтар ашқан? Бактерия жасушасының өсімдік жасушасынан қандай айырмашылығы бар? Спора қандай қызмет атқарады?
  3. Оқулықтың мəтінін («Бактерия қоректенуі») оқуды жалғастырыңдар. Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер: Бактериялар қалай қоректенеді? Бактерияларды неше топқа бөлуге болады? Сапрофитті бактериялар деп қандай бактерияларды айтамыз? Паразит бактериялар қандай бактериялар?
  4. Оқулықтың мəтінін («Бактериялар көбеюін, тыныс алуын») оқыңдар жəне сұрақтарға ауызша жауап беріңдер: Бактериялар қалай көбейеді? Бактериялар қалай тыныс алады?
  5. Оқулықтың 180-бетіндегі «Сүт қышқыл бактериясын жəне пішен таяқшасын микроскоппен қарау» деген № 30 зертханалық жұмысқа нұсқаулық карточкасын мұқият оқып, орындалатын тапсырмалармен танысыңдар.
  6. Нұсқаулық карточка бойынша «Сүт қышқыл бактериясын жəне пішен таяқшасын микроскоппен қарау» атты зертханалық жұмысты орындап, нəтижелерін жұмыс дəптеріне жазыңдар.

ІІ. Ауру туғызатын бактериялар жəне олармен күресу шараларымен танысыңдар.

  1. Оқулықтың мəтінін («Ауру туғызатын бактериялар») оқыңдар. «Бактериялар қандай зиян келтіреді?» деген сұраққа ауызша жауап бере біліңдер.
  2. Оқулықтың мəтінін («Жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары») оқуды жалғастырыңдар. Мына сұрақтарға ауызша жауап беріңдер: Зиянды бактериялардан қалай сақтануға болады? Жұқпалы ауруларды болдырмаудың қандай шаралары бар?
  3. Оқулықтың мəтінін («Бактериялар туғызатын ауру түрлері») мұқият оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер: Бактериялар қандай ауру туғызады? Ауру туғызатын бактериялармен күресу шаралары қандай?
  4. Оқулықтың мəтінін («Бактериялардың өсімдіктерде туғызатын аурулары») оқыңдар жəне сұрақтарға ауызша жауап беріңдер: Бактериялар өсімдіктерге қандай зиян келтіреді?
  5. Оқулықтағы қызықты материалды жұмыс дəптеріне жазыңдар.

ІІІ. Бактериялардың табиғаттағы жəне шаруашылықтағы маңызымен танысыңдар.

  1. Оқулықтың мəтінін («Шіріту бактериялары») оқыңдар. Бактериялардың табиғаттағы маңызы қандай?, Бактериялар азоттың табиғи тұздарын қалай түзеді? деген сұрақтарға ауызша жауап бере біліңдер.
  2. Оқулықтың мəтінін («Түйнек бактериялары») оқыңдар. Бактериялардың шаруашылықтағы маңызы қандай?, Пішен таяқшасы қалай дайындалады?, Тұнба қалай жасалады? деген сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
  3. Оқулықтың мəтінін («Цианобактериялары») оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер: Цианобактериялардың қандай топтарын білесіңдер?, Цианобактериялардың бір түрі неліктен осциллятория деп аталады?
  4. Оқулықтың 185-бетіндегі «Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырындағы түйнекшелермен танысу» деген № 31 зертханалық жұмысқа нұсқаулық карточкасын мұқият оқып, орындалатын тапсырмалармен танысыңдар.
  5. Нұсқаулық карточка бойынша «Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырындағы түйнекшелермен танысу» атты зертханалық жұмыстағы тапсырмаларды орындап, нəтижелерін жұмыс дəптеріне жазыңдар.

ІV. Саңырауқұлақтар дүниесі. Саңырауқұлақтар. Біржасушалы саңырауқұлақтармен танысыңдар.

  1. Оқулықтың мəтінін («Саңырауқұлақтардың ағзасының ерекшеліктері») мұқият оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер: Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым қалай аталады?, Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге тəн қандай белгілері бар?, Саңырауқұлақтарда жануарларға тəн қандай белгілері болады?
  2. Оқулықтың мəтінін («Саңырауқұлақ жасушасының құрылысы») оқыңдар жəне сұраққа жауап беріңдер: Сапролегния жəне ашытқы саңырауқұлақтарының жасушасының құрылысы қандай?
  3. Оқулықтың мəтінін («Саңырауқұлақтар көбеюі») оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер: Саңырауқұлақтар қалай көбейеді?, Ашытқы саңырауқұлағы қалай көбейеді?, Конидиясидам деген не?, Спорангий мен конидиясидамның айырмашылығы неде?
  4. Оқулықтың мəтінін (Біржасушалы саңырауқұлақтар) оқыңдар. Ашытқы саңырауқұлақтарының жасушасының құрылысы қандай?, Қамырды қалай ашытады?, Ашытқы саңырауқұлақтары қалай көбейеді?
  5. Оқулықтағы 189-беттегі қызықты материалды жұмыс дəптеріне жазыңдар.
  6. Зең саңырауқұлақтарының құрылыс ерекшеліктерімен, тіршілік əрекеті үрдістерімен танысыңдар, олардың табиғаттағы жəне халық шаруашылығындағы маңызымен танысыңдар.
  7. Оқулықтың мəтінін («Мукор саңырауқұлағы») мұқият оқып біліңдер. Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер: Зең саңырауқұлақтарының қандай түрлері бар?, Тағамдарды бүлдіретін қандай зең саңырауқұлақтары бар?, Мукордың құрылысы қандай?, Ол қалай көбейеді?
  8. Оқулықтың мəтінін («Пеницилл мен аспергилл саңырауқұлақтары») оқып-үйренуді жалғастырыңдар. Соған сəйкес «Зең саңырауқұлақтары» кинофильмінің үзіндісін қараңдар. Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер: Пеницилл саңырауқұлағының құрылысы қандай?, Ол қалай қоректенеді?, Ол қалай көбейеді?, Пенициллин дəрісін неден алады?, Пеницилдің мукордан айырмашылығы қандай?, Зең саңырауқұлақтарының табиғатта жəне шаруашылықта қандай маңызы бар?
  9. Зең саңырауқұлақтарының тұрмыста пайда болуына мысалдар келтіріңдер. Оқулықтағы қызықты материалдарды жұмыс дəптеріне жазыңдар.
  10. Оқулықтың 192-бетіндегі «Ашытқы жəне зең саңырауқұлақтарының тіршілігін бақылау» деген зертханалық жұмыстың нұсқаулық карточкасын оқыңдар.
  11. Нұсқаулық карточка бойынша «Ашытқы жəне зең саңырауқұлақтарының тіршілігін бақылау» атты № 32 зертханалық жұмыстағы тапсырмаларды орындап, нəтижелерін жұмыс дəптеріне жазыңдар.
  12. Оқулықтағы қызықты материалды жұмыс дəптеріне жазыңдар.
  13. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылыс ерекшеліктерімен жəне тіршілік əрекеттерімен, улы жəне жеуге жарамды саңырауқұлақтармен, саңырауқұлақтарды жинау ережелерімен, оларды өсіру технологиясымен танысыңдар.
  14. «Саңырауқұлақтар» фильмінен үзінді көріңдер.
  15. Оқулықтың мəтінін (Қалпақшалы саңырауқұлақтар) оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер: Көпжасушалы саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері неде?, Қандай саңырауқұлақтар қалпақшалы деп аталады?, Саңырауқұлақтың жемісті денесі деген не?, Қалпақшалы саңырауқұлақтардың қандай топтары бар?, Ол неге негізделген?, Қалпақшалы саңырауқұлақтар қалай көбейеді?
  16. Оқулықтың мəтінін («Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен селбесуі») оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер: Микориза деген не? Мысал келтіріп түсіндіріңдер.
  17. Оқулықтың мəтінін (Жеуге жарамды жəне улы саңырауқұлақтар) оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер: Өздерің тұрған жерде жеуге жарамды саңырауқұлақтардың қандай түрі бар?, Саңырауқұлақтарды неге тағамға пайдаланамыз?, Қандай улы саңырауқұлақтарды білесіңдер?, Улы саңырауқұлақтарды қалай ажыратуға болады?, Саңырауқұлақпен уланып қалмау үшін не істеу керек?
  18. Оқулықтың 197-бетіндегі «Қатпарлы жəне түтікшелі, қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылысымен танысу» деген зертханалық жұмысқа нұсқаулық карточкасын мұқият оқыңдар.
  19. Нұсқаулық карточка бойынша «Қатпарлы жəне түтікшелі, қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылысымен танысу» атты № 33 зертханалық жұмысты орындаңдар.
  20. 143-суреттегі саңырауқұлақтың көбею сызбанұсқасын талдап, жұмыс дəптеріне жазыңдар.
  21. Қалпақшалы саңырауқұлақтан түсінгендеріңді 197-беттегі кестеге толтырыңдар.

VІI. Паразит саңырауқұлақтар.Саңырауқұлақтардың маңызымен танысыңдар.

1. Оқулықтың мəтінін («Паразит саңырауқұлақтар») оқып-үйреніңдер. «Паразит саңырауқұлақтар» кинофильмінің үзіндісін қараңдар. Келесі сұрақтарға ауызша жауап беріңдер: Саңырауқұлақтарды неге «паразит» деп атайды?, Ақұнтақ пен қастауыш саңырауқұлағының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?, Қаракүйе саңырауқұлағы туралы не айтуға болады?, Қаракүйе астық дақылдарының қай түрлерін зақымдайды?, Тат саңырауқұлағы деп неге аталады?, Діңқұлақ саңырауқұлағы деп неге аталған?, Оның қандай зияны бар?, Паразит саңырауқұлақтармен күресу шараларын қалай жүзеге асырады?

  1. Оқулықтың мəтінін («Саңырауқұлақтардың табиғаттағы жəне адам өміріндегі маңызы») оқып-үйренуді жалғастырыңдар. Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер: Саңырауқұлақтардың табиғаттағы жəне адам өміріндегі маңызы қандай?
  2. Оқулықтағы қызықты материалдарды жұмыс дəптеріне жазыңдар.
  3. Өздерің тұрған жердегі паразит саңырауқұлақтардың түрін анықтаңдар. Паразит саңырауқұлақтар туралы хабарлама жасаңдар.
  4. Бактериялар мен саңырауқұлақтардың ерекшеліктерін кесте бойынша салыстырып, алған білімдеріңді пысықтаңдар.
  5. Оқулықтағы қызықты материалды жұмыс дəптеріне жазыңдар.

Оқушылардың жеке-топтық əдістеме бойынша жұмыстарын ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде нұсқаулық карточка толық сипатты болуы керек екендігін атап өту қажет. Онда оқушылар оқып-үйренуі тиіс бет, иллюстрация, тапсырма, зертханалық жұмыс нөмірлерін көрсеткен жөн, бұл оқушыларда кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Ал ол өз бетінше білім алуда өте маңызды. Тақырыптарды одан əрі жеке-топтық əдістеме бойынша оқып-үйренгенде нұсқаулықтарда тек жұмыстың жалпы жоспары беріледі. Сондай-ақ тақырыпты өз бетінше оқып-үйрену үдерісінде оқушылар жауап беруге тиіс күрделі сұрақтар да беріледі. Оқушылар оқулықтан басқа қосымша əдебиеттерді пайдалана алады. Дəл қайсысы екенін жəне қандай көлемде екенін олар өздері шешуге құқылы [2].

Сонымен, «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбын зерттеуде жеке-топтық əдістеме бойынша жұмыс жасаған тəжірибелік топтағы оқушылардың танымдық іс-əрекет ерекшеліктерін қарастырайық.

Бірінші сабақ қысқаша кіріспе дəріспен басталады. Оқушылар топ болып отырып, нұсқаулықпен танысады. Мұғалім олардың назарын маңызды сұрақтарға аударады, жоспармен қарастырылған түрлі жұмыстарды орындау бойынша ұсынымдар береді. Қысқаша əңгімеден кейін оқушылар өзіндік жұмыстарды орындауға кіріседі. Оқулық жəне тағы басқа мəтінін оқып-үйренген соң оқушылар сұрақтарға жауап табады жəне нұсқаулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Егер оларда қандай да бір қиындықтар туындаса, онда олар мұғалімнен кеңес ала алады [3].

Тапсырманы орындауға барлық оқушылар қатынасуы тиіс. Сондай-ақ олар үшін тек алдыңғысын орындағаннан кейін ғана, келесі сұраққа немесе тапсырмаға кірісу керек деген ереже болуының маңызы зор.

Оқушылардың жеке-топтық іс-əрекеті негізінде оқу материалын оқып-үйренуде арнайы үй тапсырмасы қарастырылмайды. Бүкіл материал сабақта орындалуы тиіс. Бірақ егер топ сабақ үстінде жеткіліксіз қарқынды жұмыс істесе, онда сабақтың жалпы ритмін бұзбау үшін оқушыларға үйде еңбектенуге тура келеді.

Екінші сабақ əр топта бірінші сабақта оқып-білген материалдарын қайталаудан басталады. Ол үшін 5–7 мин беріледі. Оқушылардың біреуі сұрақ қояды, ал қалғандары жауап береді. Бұл кезде мұғалім оқушылардың біреуін сұхбатқа шақыруы немесе топтың біреуінің білімін бақылауы мүмкін. Сосын оқушылар тақырып материалын өз бетінше оқып-үйренуді жалғастырады.

Үшінші жəне төртінші сабақтар да осы екінші сабақ жоспары бойынша жүргізіледі. Алдымен, топ ішіндегі оқушылар алдыңғы сабақтағы оқып-білген материалды қайталайды, сосын өз бетінше жұмысқа кіріседі.

Бесінші сабақта оқушылар «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбын өз бетінше оқып- үйренуді аяқтайды, сосын 10 мин көлемінде зерттеген тақырып сұрақтарын қарап шығады, ал қалған уақытта мұғалім оқушылар білімін түзетеді жəне жүйелейді. Əңгіме немесе фронталды сұрау барысында мұғалім тақырыптың маңызды жəне күрделі сұрақтары қалай меңгерілгендігінанықтайды. Қажет болған жағдайда ол оқушылардың жауаптарын нақтылайды жəне түзетеді, қосымша мəліметтерді баяндайды, түрлі танымдық есептерді ұсынады. Осы сабақтағы ең белсенді оқушыларға жұмыстары үшін баға қойылады.

Сондай-ақ оқушылардың дəптердегі өзіндік жұмыстарын бағалауға да болады. Əсіресе мұны оқушылар зертханалық жұмыстарды орындағанда жүргізген дұрыс. Тексеруге бүклі сынып дəптерін ала ма, əртүрлі топтан жеке оқышылардыкін бе əлде бір ғана топтың оқушыларыныкін бе немесе бірнеше топ оқушыларыныкін бе, оны мұғалім өзі шешеді.

Білімді түзету жəне жүйелеу сабағында əңгіменің орнына əр топқа белгілі бір сұрақ бойынша хабарлама дайындау ұсынылады. Əр топ мұғалімнен сұрақ алады, олар оған 5–7 минутта жауап берулері тиіс. Топтың барлық қатысушылары сұраққа жауап бергендері маңызды жəне олар кесте мен көрнекілік құралдарын пайдалануы керек.

«Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбы бойынша соңғы сабақ бақылау-қорытындылау сабағы түрінде өтілді. Ондай сабаққа дайындық кезінде мұғалім барлық тақырып бойынша 15–20 сұрақ дайындауы қажет. Сұрақтар əр топ ішінде пікірталас жүргізу мүмкіндігіне сəйкес болуы керек жəне оқушылардан пікір білдіру, салыстыру, қорытындылау талап етіледі. Сұрақтардың пікірталас түрінде шешілуі топтың əр мүшесінің оқуға деген шығармашылығын белсендендіреді, сондай-ақ бүкіл сабақ барысында жұмысқа деген қызығушылығын сақтайды. Мұндай жағдай репродуктивті сипаттағы бақылау-қорытынды сабақтарда байқалмайды, ондай сабақтар тек оқулық материалының жаңғыртылуын ғана талап етеді. Шығармашылық іс-əрекет болмағандықтан, ұжымдық ізденуде жауап болмайды. Мұғалім сыныпқа алдамен репродуктивті, сосын шығармашылық сипаттағы сұрақтар қояды. Өнімді сипатты тапсырмаларды бергенде мұғалім сұрақ қояды жəне 1–2 минут талқылауға береді. Егер топ жауап беруге дайын болса, онда оқушылардың біреуі қолын көтереді. Бұл топтың кез келген мүшесі жауапқа дайын деген сөз. Мұғалім жауапты тыңдайды, егер ол толық болмаса, онда сол топтағы жолдастарының толықтыруын ұсынады, содан кейін ғана басқа топ оқушыларына толықтыруға рұқсат етеді [4].

«Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбы бойынша бақылау-қорытынды сабағына сұрақтар дайындалды. Сабақ соңында мұғалім жəне оқушылар жұмыстарды сипаттайды жəне топ бойынша жəне жеке оқушыларды бағалайды. Оқушылар бұл сабақта екі баға алады: біріншісін топтағы ұжымдық жұмысы үшін, екіншісін — жеке жұмысы үшін. Егер оқушы өзінің жеке жұмысы үшін алған бағасына қанағаттанбаса, онда ол мұғалімге сабақ соңынан сынақ тапсырып, бағасын жөндей алады.

Бақылау жəне тəжірибелік сыныптарда оқу материалының меңгеру сапасын анықтау үшін екі жазбаша бақылау жұмысы алынды. Біріншісін біз тақырыпты оқып болған соң, ал екіншісін қайтадан — бір айдан кейін алдық. Оны алу үшін біз үш тапсырма дайындадық. Бірінші тапсырма нақты білімді меңгеру тиімділігін анықтауға бағытталған (меңгерудің І-деңгейі).

Екінші тапсырма сұрақтарын тиімді шешу үшін оқушыларға өзіндік жаңғырту үдерісіндегі бұрынғы меңгерілген іс-əрекетті жəне алынған білімді қолдану талап етілді (меңгерудің ІІ-деңгейі).

Үшінші тапсырма шығармашылықты болды жəне өзіндік ізденіс іс-əрекеті үдерісіндегі жауапты, талдауды, салыстыруды, қорытындылау, өз бетінше тұжырым жасауды талап етті (меңгерудің ІІІ- деңгейі).

«Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбын оқып-үйрененнен кейін бірден алынған бақылау жұмысы нəтижелері 1-кестеде берілген. Бақылау жұмысы нəтижелерін талдайтын болсақ, білім сапасының жоғары пайызы (70,6 %) жеке топтық əдістеме бойынша жұмыс істеген сыныптарда байқалады. Дəстүрлі əдістеме бойынша білім алған сыныптардың білім сапасының пайыздық көрсеткіштері төмен, яғни 48,9 %-ды құрады. Бақылау кесіндісін мұқият қарайтын болсақ, жеке- топтық əдістеме бойынша өз бетінше оқыған оқушылардың дұрыс жəне толық жауап бергендері 27 % жəне дұрыс, бірақ толық емес жауап бергендері 44,6 %-ды құрады. Осы мəліметтер бойынша бақылау сыныптарында сəйкесінше, 1,8 % жəне 36,3 %, яғни төмен нəтиже байқалды. Бақылау сыныптарында үлгермеуші оқушылардың саны (17,5 %) тəжірибелік сыныптармен (7,6 %) салыстырғанда екі есе көп.

1-кесте «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбын оқып меңгергеннен

кейінгі бақылау кесіндісінің нəтижелері

Жауаптар мен білімді меңгеру сипаттамасы

Тəжірибелік тобы

Бақылау тобы

абс.

%

абс.

%

Дұрыс жəне толық жауаптар

45

27

22

13,8

Дұрыс, бірақ толық емес жауаптар

75

44,6

59

36,3

Жауаптарда қателік кеткен

42

25

60

36,8

Тапсырманы орындай алмады

12

7,6

28

17,5

Білім сапасы, %

70,6

48,9

Зерттеу нəтижелері материалдың тиімдірек меңгерілуі оқушылардың жеке-топтық танымдық іс- əрекеттерін ұйымдастыру кезінде қанағаттанарлық бағаның елеулі кемігендігін жəне бестік баға санының артқандығын көрсетті. Дəстүрлі əдістемемен биологиядан білімдері «күшті» сыныптар оқыды. Сол кезде жеке-топтық əдістемемен негізінен білім деңгейлері орташа оқушылар оқыды. Алайда бестіктер мен төрттіктердің жалпы жиынтығы бойынша олардың білім сапасы əлдеқайда жоғары. Мұны жеке-топтық əдістеме бойынша оқыған оқушылар ісжүзінде барлық материалды нақты айқын нұсқаулық бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, білімді жүйелеу жəне түзету кезеңлерінде, бақылау-қорытынды сабақта өз беттерінше оқып білді, осы факт репродуктивті жəне шығармашылық танымдық іс-əрекетті табиғи үйлестіруге қалай жағдай жасағандығын білдіреді. Оқушылар топта жұмыс істеді, ал бұл олардың жүйке жүйесіне күш түсірмеді, олардың өз күштеріне деген сенімін арттырды, ал бұндай жағдай дəстүрлі əдістеме бойынша жұмыс жасаған сыныптарда байқалмады.

Оқушылардың жұмысын егжей-тегжейлі зерттеп, біз бақылау жұмысының əр тапсырмасын орындау нəтижелерін алдық. Зерттеу нəтижелері 2 жəне 3-кестелерде, сондай-ақ суретте берілген.

2-кесте «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбын жеке-топтық əдістеме бойынша оқып меңгерген сыныптардың бақылау кесіндісінің нəтижелері, %

Оқушы жауаптарының сипаттамасы

Бірінші тапсырма

Екінші тапсырма

Үшінші тапсырма

Дұрыс жауаптар берді

13,5

40,6

27,2

Дұрыс, бірақ толық емес жауаптар берді

35,6

47,5

50,7

Жауаптарда қателік кеткен

43,4

15,2

16,7

Тапсырманы орындай алмады

11,9

0

9,8

Білім сапасы

47,9

86,9

76,8

3-кесте «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбын дəстүрлі əдістеме бойынша оқып-меңгерген сыныптардың бақылау кесіндісінің нəтижелері, %

Оқушы жауаптарының сипаттамасы

Бірінші тапсырма

Екінші тапсырма

Үшінші тапсырма

Дұрыс жауаптар берді

15

16

10,2

Дұрыс, бірақ толық емес жауаптар берді

39,4

42,9

26,5

Жауаптарда қателік кеткен

33,8

29

47,5

Тапсырманы орындай алмады

16

16,2

20,2

Білім сапасы

53,4

57,9

35,6

Алынған мəліметтерді талдау нəтижелері репродуктивті сипаттағы сұрақтарды шешуде бақылау жəне тəжірибелік топтарда жұмыс істеген оқушылардың жауаптары салыстырмалы түрде бірдей екендігін көрсетті. Бірінші тапсырма бойынша білім сапасы бақылау тобында (53,4 %) тəжірибелік топқа (47,9 %) қарағанда сəл жоғары. Бұл факт оқу материалын дəстүрлі əдіспен оқу нақты тапсырмаларды меңгеру тиімділігіне ықпал ететіндігін дəлелдейді. Бақылау жұмысының екінші тапсырмасы бойынша біз келесі нəтижелерді алдық: тəжірибелік топтың білім сапасы 86,9 %, ал бақылау тобында — 57,9 %. Үшінші шығармашылық тапсырмаларда тəжірибелік топта — 76,8 %-ды құрап, осы топ оқушыларымен ойдағыдай шешілді. Ал бақылау тобында бұл көрсеткіш 35,6 % болды. Екінші жəне үшінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау кезіндегі жеке-топтық əдістеме бойынша жұмыс істеген оқушылардың оқу материалын табысты меңгеруін былайша түсіндіруге болады: олар өз бетінше меңгерген оқу материалын түрлі өзіндік жұмыстарды орындау кезінде үнемі пайдаланады.

Қорыта айтқанда, «Бактериялар. Саңырауқұлақтар» тақырыбын жеке-топтық əдістеме бойынша өз бетінше оқып білген оқушыларда өте берік білім қалыптасатындығы туралы қорытынды жасауға болады. Бұл фактіні оқушылардың өз бетінше меңгерген оқу материалдарын олар əртүрлі жағдайларда (ең алдымен, шығармашылық сипаттағы сұрақтарды шешу үдерісінде) қолданғандығымен түсіндіруге болады. Ал ол білімнің берік игерілуіне əсерін тигізеді. Мұндай жағдай дəл сол оқу материалын дəстүрлі əдістеме бойынша оқыған бақылау топтарында байқалмады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. 1 Пасечник В.В. Организация индивидуально-групповой познавательной деятельности учащихся на уроках. / В. В. Пасечник //Биология в школе. — № 6. — М., 1999. — С. 23–27.
  2. 2 Кывырялг А. А. Методы исследования в профессиональной педагогике / А. А. Кывырялг. — Таллин: Валгус, 1998. — 334 с.
  3. 3 Пасечник В.В. Теория и практика организации учебно-познавательной деятельности учащихся в процессе обучения биологии. — М., 2004. — 269 с.
  4. 4 Трайтак Д. И. Сборник задач и упражнений по биологии растений, бактерий, грибов и лишайников: пос. для учащихся / Д.И. Трайтак, Н.Д. Трайтак. — М.: Мнемозина, 2007. — 159 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.