Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шетел тілді ерте жастан оқытудың шетелдік тəжірибесі

Мақалада Ресей, АҚШ, Англия, Франция, Швейцария жəне тағы басқа мемлекеттерде шетел тілін ерте жастан оқыту саласында жүргізілген бірқатар тəжірибелік зерттеулер нəтижелері қарастырылған. Осы саладағы ақпараттарды талдау негізінде шетел тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы, тиімділігі жəне қажеттілігі дəлелденді. Шетелдік тəжірибелік зертеулердің басым көпшілігінің нəтижесі бойынша қостілді тұлғада танымдық қабілеттер жиынтығы, біртілді тұлғаға қарағанда, жақсырақ дамитыны да тілге тиек етілген. Мақалада шетел тəжірибесін сараптаумен қатар, Қазақстанда тілдік білім беруді ерте жастан іске асырудың қазіргі жағдайы сипатталған.

Шеттілдік білім беруді ұйымдастырудың теориялық жəне əдістемелік негізін S. Phillips, G.Girard, Komorowska, R. Wenzel, L. Holmstrand, C. Read, C. Bruni, D. Webster, I. Landsiedler, E. Janstcher, B. Kettemann, M. Kerschbaumer жəне тағы басқа батыстың жетекші ғалымдарының еңбектері қалайды. Шетел тілін ерте жастан оқыту мəселесін С.С. Кұнанбаева, Б.А. Жетпісбаева, А.К. Китибаева жəне тағы басқа қазақстандық зерттеушілер мен əдіскерлердің ғылыми еңбектерінде де кездестіруге болады.

Шетел тіліне оқыту əдістемесінде бастапқы сатыда ойындарды қолдана отырып, оқыту мəселесімен Г.В. Рогова жəне И.Н. Верещагина, Е.И. Пассов, Д.Б. Эльконин, Е.И. Негневицкая жəне тағы басқа айналысты. Шетел тілін ерте жастан оқыту саласында ғылыми-əдістемелік ойдың даму проблемалары көптеген ресейлік ғалымдардың диссертациялық зерттеулеріне арқау болды. Мəселен, оқытудың мазмұнына байланысты мəселелерді қарастыру (Н.Н. Ачкасова, О.А. Осиянова, Н.А. Малкина, С.А. Натальина, О.А. Денисенко, Н.Н. Трубанева, Л.Б. Чепцова т.б.); оқыту əдіс- тəсілдері (Н.Н. Ачкасова, Е.В. Жирнова, Н. А.Яценко, С.В. Снегова т.б.); шетел тіліндегі қатысымды модельдеуді (А.П. Пониматко, В.Н. Симкин, С.С. Часнок жəне т.б.) атап өтуге болады.

Шетел тілінде ерте жастан оқыту саласында жүргізілген бірқатар ғылыми зерттеулер мен оқыту тəжірибесі шетел тілін мектепке дейін жəне бастауыш сыныптан енгізу қажеттігін растап отыр.

Сонымен, 6000 баланы қамтыған Англия жəне Уэльс мектептерінде жүргізілген эксперименттің нəтижесі шетел тілін меңгеру ана тілін тереңірек білуге оң ықпал ететінін, қуаныш педагогикасы аясында оқытса, қабілеті нашар балалар шетел тілінде қатысымға түсуде жоғары жетістіктерге жеткендігін көрсетіп берді.

АҚШ жəне Канаданың жетекші университеттерінің ғалымдары орта білім беру мекемелерінде жүргізген зерттеулері бойынша, қостілді тұлғада танымдық қабілеттер біртілді тұлғаға қарағанда жақсырақ дамитыны анықталған.

Лондон университетіне тиесілі колледж ғалымдары 105 адамның ойлау қабілетін зерттеп, оның ішінде 80 адам қостілді тұлға екенін расталды. Зерттеу барысында шетел тілін меңгеру мидағы «сұр затты» өзгертеді деген тұжырымға келді; атап айтқанда, ол мидағы ақпаратты өңдеу қызметінің аймағына əсер етеді, оның қызметін жеделдетеді. Бұл физикалық жаттығулар жасау арқылы бұлшық еттерді дамытып, қатайтаюына ұқсас құбылыс. Ми «созылмалдылық» деп аталатын қозу əсері негізінде өзінің құрылымын өзгертетін қабілеті бар екені барлық ғалымдарға белгілі. Жаңа зерттеулер көрсеткендей, тілдерді меңгеру бұл үдерісті ынталандырады, яғни бала кезінде, тілді меңгерген тұлғаның тілді біршама кешірек меңгерген адамға қарағанда, ойлау қабілеті икемді, оңтайлы болып табылады. Бір топ шетелдік ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстары барысында ағылшын тілінен басқа тіл білмейтін 25 британдықтардың жəне 5 жасқа дейін Еуропаның екінші бір тілін меңгерген 25 британдықтың, сондай-ақ екінші тілді 10–15 жасында үйренген 33 адамның ми құрылымын зерттеді. Миды сканерлеу нəтижесінде екі тілді меңгерген тұлғаның миының сол жақ қыртысындағы «сұр заттың» тығыздығы, ана тілін ғана білетін біртілді тұлғаның ми қыртысындағы«сұр заттың» тығыздығына қарағанда көбірек екені айқындалып, ойлау қабілетінің ерекше дамитыны анықталды. Бұл құбылыс əсіресе екінші тілді ерте жастан оқыған тұлғаларда жиі байқалды. Ана тілінде тілдесуді дамытуға оң əсер ететінін Л.С. Выготский дəлелдеген, сонымен қатар Л.В. Щерба жəне көптеген ресейлік ғалымдар бұл мəселені зерттеуге қызығушылық танытқаны ғылыми еңбектерден белгілі.

РФ ПҒА-ның жалпы жəне орта білім беру ҒЗИ-дің шетел тілін оқыту зертханасының ұжымы көпжыл бойы жүргізген зерттеулерінің нəтижесі шетел тілін пəн ретінде эксперименттік негізде оқыту оқушыларға жағымды əсер ететінін дəлелдеді. Атап айтқанда, шетел тілі баланың жалпы психологиялық қабілеттердің дамуына (жады, зейін, қиял, ойлау), əртүрлі өмірлік жағдаяттардарға сай əрекет етуіне, ең маңыздысы, ана тілін меңгеруіне, жалпы сөйлеу əрекетін жетілдіруге айтарлықтай ықпал ететіні белгілі болды [1].

Сонымен қатар пəнді оқытуда оның тəрбиелік жəне дамытушылық аспектілерін ескеру қажет. Шетел тілі жас ұрпақты бөгде мəдениетке баулиды; тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым үдерісінде қарапайым коммуникативті-танымдық міндеттерді өз бетінше шешу үшін біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталады; бастамашылдық, ұжымда жұмыс істей алу, өз пікірін қорғай білу қасиеттерінен басқа пəнге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастырады.

1994 жылдан бастап Еуропа Кеңесі шеңберінде бұл мəселенің аспектілеріне байланысты 10 халықаралық семинарлар өткізілген болатын. ЮНЕСКО-ХОТƏОА (Мəскеу, 1985) халықаралық сарапшылар жиынында тілді меңгеру баланың тілдік, танымдық жəне коммуникативтік қабілеттеріне оң əсер ететіні, сонымен қатар оның ой-өрісін кеңейтетіні, тіл арқылы елді, оның халқын жəне тарихын, мəдениетін тануға жол ашатыны атап айтылды.

Осылайша, шетел тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы мен пайдалылығы баланың жеке бас ерекшеліктеріне де қатысты екені тəжірибелік жұмыстар негізінде дəлелденді. Аталмыш жиын нəтижесі бойынша шетел тілін ерте жастан оқытуға қойылатын бірыңғай талаптар түзілді:

  • - бала тілді саналы түрде меңгеруі тиіс, сондықтан оны имитативті үдеріске айналдырудың қажеті шамалы;
  • - бала тілді қатысымның құралы ретінде меңгеруі қажет, оқытудың құрамбөліктері (тілдік материалды таңдау жəне ұсыну, əрекеттің жүзеге асуына байланысты мазмұны) коммуникативтік мақсатпен айқындалуы қажет;
  • - шетел тілі дамыту қасиеті болуы қажет, себебі ол баланың тілдік, танымдық жəне коммуникативтік қабілетіне оң əсер етеді, сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай, оның ой-өрісін кеңейтіп, тіл арқылы бөгде елді, оның халқын жəне мəдениетін танып білгені абзал [2].

Мəселені зерттеу көрсеткендей, бөгде тілге ерте жастан бастап баулу Ресей Федерациясынның білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі болып саналады. Ғалымдар Н.Д. Гальскова, Н. Никитенко Ресейдің жалпы білім беретін мектепке дейінгі жəне бастауыш сыныптарында шетел тілін ерте жастан оқытудың үш негізгі кезеңін қарастырады:

  • - ХХ ғасырдың 60 жж. басы мен 80 жж. ортасы;
  • - ХХ ғысырдың 80 жж. ортасы мен 90 жж. ортасы;
  • - ХХ ғасырдың 90 жж. ортасы мен қазіргі заманға дейін [3].

Бірінші кезеңде шетел тілін жаппай оқытуда балалардың жас ерекшелігінің қысқару мəселесі ерекше өзекті болды. Дəл осы шақта шетел тіліне ерте жастан оқытудың түрлі аспектілеріне байланысты үлкен көлемдегі ғылыми жұмыстар дүниеге келген болатын. Олардың ішінде И.Л. Бим, Е.И. Негневицкая, Е.А. Ленская жəне тағы басқалардың еңбектері жарық көрді, сондай-ақ алғаш рет мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне арналған оқулықтар мен оқу-əдістемелік құралдар пайда болды.

1987 ж. Ресей Федерациясы Ағарту министрлігінің шешімімен мектепке дейінгі мекемелерде жəне жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында ерте жастан шетел тілін оқытуға байланысты ресейлік кең ауқымды эксперимент жүргізіле бастады. Аталмыш эксперимент бұл министрлікке қарасты ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен жүргізілді. Экспериментке Ресейдің 22 өңірінде, Мəскеуді қосқанда тек əдістемелік əдіс-тəсілдер ғана жаңарып қойған жоқ, сонымен қатар балабақшаларға баратын 4 жастан 6 жасқа дейін балалар қамтылып, жаппай шетел тіліне оқыту жоспары іске асырылды. Сонымен қатар Ресей ғалымдары мақсатты тілде шынайы жағдаяттар аясында негізінде пікір алмасатын, тіпті тіл иесімен қатысым жасау тұрғысынан шетел тілін оқытудың мақсатын тұжырымдайтын жəне мазмұнын анықтайтын бастауыш сыныпқа арналған(1–4 сыныптар) шетел тілін оқытудың бағдарламасын түзді. Берілген құжатта көрсетілген осы тұжырым аясындағы деңгейлік оқыту əдісі бастауыш сыныптың жалпыпедагогикалық мақсатымен үйлесім тапты. Аталмыш бағдарламада алғаш рет қатысымның саласы, коммуникативтік міндеттер, жағдаяттар мен тақырыптар, елтану, лингвоелтану жəне тілдік материалдарды (фонетикалық, грамматикалық, лексикалық) сөз əрекетіне үйретудің төрт түрімен (тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым) тығыз байланыста оқыту айқын көрініс тапты.

Бүгінгі таңда Ресейде тілдік білім беру үрдістер келесі тұрғыдан қарастырылады:

  • - шетел тілін оқытуда вариативтілікті арттыру. Вариативтілік педагогикалық плюрализмды қамтамасыз етеді, яғни оқушыларға əртүрлі типтегі жалпы білім беретін мекемелерде оқуға жəне шетел тілін оқытуда əр түрлі траекторияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді;
  • - тілдік тұлғаның үздіксіз дамуына ықпал ететін көпмəдениеттілік пен тілдік плюрализм аясын арттыру;
  • - шетел тілін оқытуда дараландыру мүмкіндіктерін кеңейту. Дараландыру қатысушылардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеретін түрлі технологиялар пайдалануды талап етеді. Оларға когнитивтік (жобалау қызметі, конференциялар, дөңгелек стөлдер, пікірталастар, логикалық карталар, жекелей жағдаяттар мен жағдайларды талқылау жəне түсіндіру, проблемаларды шешу т.б.), əрекеттестік (драматизация, рөлдік ойындар, граффити, интерактивтік əңгімелесу, əңгімені біріге отырып құрау, шағын-сага жəне т.б.), бақылау (тестілеу, күнделіктер, тілдік портфельдер, тілдік курстар, олимпиадалар т.б.), мультимедиалық (аудио, видео, компьютерлік бағдарламалар, интернет-ресурстар т.б.), денсаулық сақтау технологиялар жатады;
  • - ашықтық, білім алуға қолжетімділік жəне оқыту əдістері мен бақылау үдерісінің айқындығы;
  • - білім берудің тұлғалық-əрекеттілік парадигмасын дамуы. Оқытудан үйрету форматына ауысу. Шетел тілін үйренумен байланысты əртүрлі стратегияларды пайдалана отыра, өз бетінше жұмыс істей ала білу білім алушыларға проблемалардың оңтайлы шешімін таба білуге жəне оқу бағдарламаларын игере мүмкіндік береді;
  • - білім алудағы интернационализацияны кеңейту. Ол білім алушыларды оңтайлы икемділікке ыңғайлайды, яғни тек өз елінде ғана емес, сонымен қатар басқа елде білім алуға бейімдейді. Біздің қазіргі шынайы өмірлік жағдаяттарға негізделген отандық жəне шетелдік оқулықтар, оқу құралдары қолданылады. Кейінгі жылдары Қазақстан оқушыларына арналған шетелдік оқулықтар қолданысқа енгізілуде. Интернационализация шетел тілін құрал ретінде пайдалана отырып, оқушылардың тəлім- тəрбиесіне өз үлесін қосады. Шетел тілін оқыту арқылы оқушылардың бойында азаматтық, патриотизм, төзімділік, жанашырлық жəне тағы басқа қасиеттерді қалыптастыруға болады;
  • - ынтымақтастық пен жан-жақтылықты дамыту. Ол оқытудың көпфункционалдылық пен пəнаралық сапасын қамтамасыз етеді. Оқытудың бағдары пəндердің ықпалдасуы мен оқытудың əдіс- тəсілдерін түзуге мүмкіндік береді [4].

Зерттеулер аясында Ресейде шетел тілін ерте жастан оқыту саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар сараланды. Ізденіс көрсеткендей, Ресейдің мектепке дейінгі мекемелері білім беруді басқаратын органдардың ұсынған кешенді вариативтік білім беру бағдарламалары мен технологиялардың ішінен өз еркімен таңдау жасауға, сондай-ақ оған өзгерістер енгізіп, өз бағдарламаларын ұсынуға (авторлық) құқықтары бар [5]. Мектепке дейінгі тілдік білім берудің жалпы мақсаты — баланың жалпы мəдени, тұлғалық жəне танымдық тұрғыда дамуы. Ол бастауыш сыныпта қарапайым коммуникативтік құзыретті қалыптастырудың алғышарттарын жасаумен байланысты. Сондықтан Ресейдің стандарттарына сəйкес, шетел тілін оқыту келесі мəселелерді шешуге бағытталған:

  • - шетел тілі сөйлеудің құралы екендігі жайлы түсінік қалыптастыру;
  • - лингвистикалық ой-өрісті кеңейту;
  • - коммуникативтік-педагогикалық бейімделуді қамтамасыз ету;
  • - тұлғалық қасиеттерді дамыту;
  • - эмоционалдық ауаны дамыту;
  • - жаңа əлеуметтік тəжірибеге баулу;
  • - рухани-адамгершілік тəрбие беру;
  • - танымдық қабілеттерді дамыту [6].

Осылайша, Ресейдің мектепке дейінгі лингвистикалық білім ресейлік білім берудің жаңа буынында қалыптасатын тұлғаның дамуына, азаматтық ұстанымды дамытумен байланыстықұндылықтарды айқындайтын жүйелі қызмет-əрекетінде жатыр. Ресейдің шетел тілін ерте жастан оқытудың теориясы мен практикасының нəтижесін бағалайтын болсақ, бұл салада 30 жылдың ішінде біраз ақпарат жинақталған, сондықтан ресейлік ғалымдар жəне əдіскерлермен тəжірибе алмасу кезінде осы елде орын алған ұйымдастырушылық жəне əдістемелік сəйкессіздіктердің орын алуының алдын алады.

Бөгде тілді ерте жастан оқытудың алыс шетелдегі үдерісіне тоқталсақ, Еуропа Кеңесі азаматтар үшін шетел тілін оқыту саласының негізгі нысаны ретінде көптілділікті дамытуды ұсынып отыр: Еуропаның əрбір азаматы кем дегенде екі тілді білуі, бұған қоса олардың біреуін еркін меңгеруі қажет деп табылады. Мұны Германияда жүргізілген зерттеулер де растайды. Мысалы, еуропалық елдердің 80 % -да жұмыс істеу үшін кем дегенде екі шетел тілін меңгеру, ең алдымен ағылшын жəне француз тілдерін білу, ал 45 %-да кем дегенде үш тілді (испан, итальян, орыс тілдері) меңгеру қажеттілік деп саналады.

Шетел тілін бастауыш сыныптарға міндетті оқуды құрушы білім беру реформаларын өткізгеннен кейін (1980–90 жж.), Еуропа одағының көптеген елдері шетел тіліне ерте жастан оқыту бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл бағытта алғашқылардың легінде болған Австрия, Нидерланды, Португалия, Испания, Греция, Италия, Лихтенштейн елдерін атауға болады.

Қазіргі кезде Еуропа елдерінің барлығында шетел тілін ерте жастан оқыту жүзеге асырылуда. Бұл бір тілді меңгеру мерзімін созу мақсатында емес, екінші жəне үшінші шетел тілін меңгеруге мүмкіндік алу [7].

2006–2007 жылдары Ирландия жəне Ұлыбританияны (Шотландия) қоспағанда, Еуропалық одақтың барлық елдерінде бастауыш сыныпта бір шетел тілін міндетті түрде меңгеру қажеттілігі туралы шешім қабылданды. 2016 ж., ЮНЕСКО-ның білім беру жүйесінің мəліметтері бойынша, Еуропа елдерінде білім алушылардың 85 % -ы оқудың алғашқы сатысында шетел тілдерін меңгереді.

Ағылшын тілі бірінші шетел тілі болып есептелді, оқушылардың 10 %-ы екінші шетел тілі ретінде негізінен француз жəне неміс тілін меңгерген. Бастауыш сыныпта шетел тілін жаппай оқытатын мемлекеттердің алдыңғы қатарында Люксембург жəне Швеция (100 %), Италия (99 %) жəне Испания (98 %) болса, Венгрияда (33 %), Нидерландыда (32 %) жəне төменгі көрсеткіш Ирландияда (3 %). Бастауыш сыныпта екінші шетел тілінен білім алған оқушылардың ең көп бөлігі Люксембургте (83 %) жəне Грецияда (24 %). Францияның Білім министрлігінің ұстанымы бойынша шетел тілін ерте жастан оқыту нарықтық экономикаға толық кірігудің алғышарттарының бірі болып табылады.

Францияда шетел тілін меңгерудің бастапқы сатысы 5 жасқа дейін төмендетілді. Негізгі мақсат ауызекі тілге үйрету ғана емес, оны ерте жастан бөгде мəдениетке баулу да қажет деп саналады [8].

Швейцарияның білім беру жүйесі мектеп бағдарламаларының əралуандылығымен сипатталады, ал бұл бағдарламалар мектептің қай кантонға жататынына байланысты таңдалады. Бағдарламада 4 шетел тіліне дейін меңгеру қарастырылған [9]. Швейцарияда ерте жастан бірінші шетел тілін оқыту бастауыш мектептің 3-ші сыныбынан басталып, 4–6 жылға дейін созылады. Соңғы жылдары ағылшын тілі экономикалық жəне ғылыми ортада халықаралық қарым-қатынас тілі болғандықтан, өз қанатын кеңінен жаюда. Сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізу мақсатында ағылшын тіліне сұраныс артуда жəне түрлі тіл өкілдері арасында «lingua franca» тілі ретінде қызмет атқарады. Осыған байланысты көптеген кантондарда мектеп бағдарламасына ағылшын тілін бірінші шетел тілі ретінде енгізіліп отыр [10].

Аустрияның білім беру жүйесінің дамуындағы маңызды қадам 1983 ж. 3-сыныптан (сегіз жас) бастап шетел тілдері міндетті пəн ретінде оқытыла бастады. 90 жж. шетел тілін 6–7 жастан бастап одан да ерте жаста оқыту енгізіле бастады. 1998 ж. бастап барлық бастауыш мектептерде шетел тілін 1-сыныптан бастап міндетті түрде оқыту қарастырылды, ал 2003–2004 оқу жылынан бастап аустриялық балалар шетел тілін 6 жастан бастап оқи бастады (білім беру жəне өнер Федералдық министрлігі заңы, 1998) [11].

Қазіргі таңда Ұлыбританиядағы мектептерде шетел тілі 5 жастан, жеке меншік мектептерде 4 жастан бастап оқытылады. Канадада қостілді тілді білім беру мақсатында «Еarly total immersion» үлгісінде бастауыш сыныпта екі тілде қатар білім беріледі. Аталмыш үлгі екі нұсқада қолданылуда. Біріншісінде (молайту нұсқасы) ағылшын тіл иесі француз тілін үйренгенде қолданылады. Француз тілін оқыту тілі ретінде қолданған жағдайда оқыту үдерісі қарқынды жүреді. Екіншісі бойынша (ауысу нұсқасы) аз ұлт өкілдерінің балалары бірте-бірте ағылшын жəне француз тіліне үйренебастайды. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларының біраз бөлігі ресми тілде, ал қалғандары аз ұлт өкілдерінің тілдерінде іске асырылады.

АҚШ-дағы бастауыш сыныпта шетел тілін ерте жастан оқыту мəселесіне арналған зерттеулер бойынша шетел тілін оқытудың бастапқы сатысы балабақшаның даярлық тобын жəне 1–2 сыныпты қамтиды; бастауыш мектептердің құрылымдарында айырмашылықтар анықталды: кейбір штаттарда шетел тіліне оқыту балабақшадан (5 жас) басталады жəне 1–6 сыныптарда (6–11 жас аралығында) жалғасады, ал кейбір штаттарда 8-сыныпқа дейінгі мерзімді қамтиды. Америка Құрама Штаттарындағы білім беруді басқарудың орталықсыздандырылуы бастауыш мектептерде негізгі оқу жоспарының болмауына себеп болды. Зерттеулер көрсеткендей, білім берудің алғашқы сатысында шетел тілін оқыту елдің бастапқы білім беретін мекемелердің 25 %-да ғана кездеседі. 50 штаттың ішінде тек 7 штат қана 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды қамтитын оқу жоспарына шетел тілін міндетті пəн ретінде енгізген болатын. Бастауыш мектептерде тілдік білімді қосымша қолдау мақсатында АҚШ-ның үкіметі «No Child Left Behind» атты арнайы заңдастырылған акт əзірленген болатын. Осылайша, шетел тілін оқыту кейбір елдерде бірінші сыныпта басталса, ал басқа елдерде балабақшадан басталады. Тұтастай алғанда, шетел тілін оқыту көптеген мемлекеттерде 7 жастан басталады, ал кейбір елдерде одан да ерте жаста оқытылуы мүмкін.

Қазіргі таңда шетел тілін ерте жастан оқытудың əлемдік тəжірибесінде шетел тілдерін меңгерудің екі үлгісі белгілі: шетел тілін рецептивті меңгеру жəне иммерсиондық оқыту. Шетел тілін рецептивті түрде меңгеру үлгісінде əрбір білім алушы ана тілінде сөйлейді, бірақ əрқайсысы өз серігін түсінуге талпынады. Берілген үлгіде шетел тілін меңгеру, белсенді түрде меңгеруге қарағанда, көп уақытты қажет етпейді. Осындай қатысым формасы Скандинавия елдерінде, Словакия, Польша жəне тағы басқа Еуропаның көптеген аймақтарында қолданыс табуда.

Ерте жастан шетел тілін қысқа мерзімде меңгеру тəжірибесі екінші жəне үшінші шетел тілін меңгеру үшін мүмкіндік туғызу мақсатында қолданылуы қажет. Психологтардың пікірінше, шетел тілін 4 жыл үйренуден кейін шаршау синдромы болып жəне қызығушылық төмендей бастауы мүмкін, демек, шетел тілін 1-ші сыныптан бастап оқитын болса, онда екінші шетел тілі 5-сыныптан бастап оқытылмақ.

Иммерсиондық оқыту үлгісінде (билингвалды мектептердің үлгісі) кейбір пəндер (негізінен гуманитарлық) екінші шетел тілінде (оқу жəне қатысым жасау тілі) жүргізіледі. Қазіргі таңда мұндай бағыттағы екітілді мектептер Швейцария, Бельгия, Франция, Германия, Канада, АҚШ жəне тағы басқа елдерде бар.

Əр елдегі шетел тілін ерте жастан оқыту тəжірибелерін талдай келе, көптеген мемлекеттер көптілділікті дамыту мақсатында қазіргі заманғы тіл ахуалын ескеріп жəне тілдік білім беру парадигмасын қалыптастыруда деген тұжырым жасауға болады.

Жалпы, дидактикалық тұрғының түзілуі, қажетті тілді меңгеруге ықпал жасайтын ерте жастағы балаларға қажетті коммуникативтік құзырет деңгейлерінің талаптарын əзірлеу, мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларға арналған оқулықтар үлкен көлемде жасалуы, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын мазмұнын байыту сияқты бүгінгі күннің үрдістерін байқауға болады.

Көптеген мемлекеттерде ана тілі немесе шетел тілдері баланың тұлғалық қасиетін дамытатын жəне оның шынайы өмірлік жағдаяттарға бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтетін, сонымен қатар əлемдегі көптілді жəне көпмəдениетті қоғамдағы қатысым жасаудың құралы ретінде қызмет ету қажеттілігі мойындалып отыр.

Қазақстанда шетел тілін ерте жастан оқытудың қазіргі жағдайы жобасы аясында шетел тілін ерте жастан оқытудың шетелдік тəжірибесін сараптау келесі мəселелерді анықтауға мүмкіндік берді.

  1. «Шетел тілін ерте жастан оқыту» ұғымының мəніне байланысты ортақ түсініктің болмауы. Біреулер ерте жастан шетел тілін оқыту мəселесін мектепке дейінгі жастағы балаларды шетел тіліне баулу, яғни балаға туғаннан бастап мектепке жасына дейінгі кезеңде интуитивтік-тəжірибелік негізде үйрету деп ұғынып жүрсе, ал кейбіреулері төменгі сынып оқуышыларын шетел тіліне оқыту деп түсінеді. Біз мектепалды жəне ерте мектеп жасында шетел тілін меңгеру кезеңдерін ажырататын Н.Д. Гальскова мен З.Н. Никитенко сияқты ғалымдардың пікіріне қосыламыз. Осы ұстаным бойынша, шетел тілін оқыту 4–5 жаста мектепалды мекемелерінде орын алса, мектепте ерте жастан оқыту-төменгі сынып оқушыларына қатысты іске асырылады (1 ̶ 4 сынып аралығында) [12].
  2. Жаппай шетел тілін оқудың жас шегі. Біздің ойымызша, шетел тілін оқытудың оңтайлы кезеңі 4–5 жас, яғни баланың балабақшадағы кезі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, шетел тіліана тілінің жүйесі жақсы меңгеріліп, жаңа тілді бала саналы меңгере алатындай уақыт аралығында (6–8 жас) үйретілуі қажет. Ресей елінің психологтары (Л.С. Выготский, С.Н. Рубинштейн) жəне шетелдік психологтардың (Б.Уайт, Дж. Брунер, Р.Робертс) пікірінше, ересек адамдарға қарағанда, балалар шетел тілін оңай меңгереді деген пікір қалыптасқан, себебі осы жастағы балалардың еліктеу қабілеті жоғары дамыған. Мысалы, ересек адамдар бөгде тілдерді оқығанда əсіресе дыбыстау жүйесін меңгеруде қиналыс табады.
  3. Ерте жастан шетел тілін оқытудың сатылары арасында бірегей сабақтастық жүйенің болмауы (мектепалды мекеме — мектеп). Мектепке дейінгі мекемелерде шетел тілін оқытудан бастауыш сыныптағы шетел тіліне оқытуға жеңіл ауысу мүмкіндігін туғызу қажет. Шетел тілін ерте жастан оқыту кезінде сабақтастықтың бұзылуы фонематикалық есту, тыңдау-сөйлеу жадының көлеміне, еліктеу мүмкіндіктеріне, дыбыстау жылдамдығы мен баланың тілдік тапқырлығының дамуына кері əсер етеді.
  4. Шетел тілін білетін тəрбиешілердің кəсіби білігі/қайта даярлау проблемасы, мектепалды жəне бастауыш сынып жасындағы балаларды шетел тіліне оқыту үшін педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі (мысалы, шетел тілін меңгерген бастауыш сынып мұғалімі). Бұл мəселе тез арада шешімін табуды қажет етеді жəне Қазақстанның жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің алдына қойылатын міндеттердің бірі болып отыр.
  5. Шетел тілдеріне ерте жастан оқыту əдістемесінің сапасы қажетті деңгейде болмауы. Зерттеулер көрсеткендей, мектепке дейінгі жəне мектепте шетел тілін оқыту əдістемелерінің арасындағы айтарлықтай айырмашылықтың болмауы. Мектепке дейінгі жəне мектептің төменгі сынып оқушыларын шетел тілін оқытуда еліктеу тəсілдерді тəрбиешілер мен педагогтар көп қолданады. Шетел тілін ерте жастан оқытудың ең тиімді əдісі ана тілін есепке ала отырып немесе ана тіліндегі тіректерді қолдану арқылы саналы жəне интуитивтік тетіктерді пайдалана отыра үйрету болып табылады.
  6. Қазақстандық ұлттық мазмұнды қамтитын оқу-əдістемелік кешенінің тапшылығы. Соңғы жылдары шетел тілін оқу үшін шетелдік басылымдардың оқу курстары мен оқу құралдары сатылымда жүр. Өкінішке орай, олар қажетті деңгейде оқу мен үйренудің мəдени-лингвистикалық жəне этнолингвистикалық аспектілерімен толық үйлестірілмеген, өңдеуді қажет етеді.

Қазақстандағы жаңа экономикалық жəне əлеуметтік-саяси жағдайда ағылшын тілін меңгеру ұлттың шынайы бəсекеге қабілеттілігінің қажетті шарты болып табылады. Ағылшын тілі бөгде тілдер арасында басымдыққа ие болғандықтан, ол жоо-ң жəне орта білім беру мекемелерінің оқу бағдарламаларында міндетті пəнге айналуда. Қазақстандық көптіліділік ахуалды ескере отырып ағылшын тілін ерте жастан оқытуды енгізу теориялық негіздеуді, яғни көптілді білім беру кеңістігінде қызмет ететін бірнеше тілді қатар меңгеру əдістемесін түзуді қажет етеді.

Көптілді, көпмəдениетті тұлғаны қалыптастыру — оқушыларды əртүрлі деңгейде (мектеп, гимназия, жоо) қазақ, орыс жəне ағылшын сияқты үш тілді оқыту тəжірибесі аясында жүзеге асырылатын мемлекеттік тіл саясатының негізі. Үштілді білім беру еліміздің 33 тəжірибелік мектептерінде, сонымен қатар жоғары білімді кадрларды кəсіби даярлау, оқытудың тиімді технологияларын пайдалану жəне оқушыларды ынталандыру негізінде көптілді білім беру саясаты Назарбаев Интеллектуалдық мектептерінде сəтті жүзеге асып жатыр. Көптілді білім беруді енгізу Қазақстан мектептерінде 2012 жылдан бастап жүзеге асып жатқан ағылшын тілін бастауыш сыныптарда оқытуды міндеттеді. Қазіргі кезде еліміздің мектептері шетел тілін ерте жастан оқытуды қамтамасыз ету үшін нормативтік, ғылыми-əдістемелік, кадрлық, ресурсқа қатысты мəселенің жүйелі шешімін табу үстінде. Жалпы білім беретін мектептердің тəжірибелік қызметінде туындайтын негізігі мəселе, біріншіден, білікті, тəжірибелі ұстаздардың жетіспеушілігі болып табылады. Екіншіден, үштілді білім беру моделі аясында ағылшын тілін оқытуда оқу-əдістемелік, дидактикалық материалдардың тапшылығы байқалады. Осының барлығы 1-сыныптан бастап ағылшын тілін оқытуды нормативтік жəне оқу-əдістемелік əзірлемелер негізінде қамтамасыз етуді қажет етеді.

Қазақстандық көптілдік білім беру мазмұнын ескере отырып, ерте жастан шетел тілін оқыту əдістемесін меңгерген білікті ұстаздардың тəжірибесін насихаттау ісі маңызды. Осы бағытта жас мұғалімдердің деңгейлік курстардан өтіп, олардың біліктілігі арнайы сертификаттармен расталуы қажет.

Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда, оқытудың жаңа жүйесіне көшу əлемдік білім беру кеңістігіне кірігуді көздейтін заман талабынан туындаған мəселе. 12 жылдық білім беру көшудің қажеттілігі бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу,жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттыру кейінірек оқушылардың бір мезгілде үш тілді (қазақ, орыс жəне ағылшын) меңгеруде алғашқы баспалдақ болып табылады. Жалпы, кез келген қазақстандық азамат кем дегенде үш тілді толық меңгеруі, өз мəдениетін, тарихын білуі қажет.

Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай əрі еркін меңгереді. Осы ретте Білім жəне ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы ̶ құба- құп. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік əрі мықты болмақ. Ал осы жастағы баланың санасына оны құйып, жадына ұялататын, əрине, мұғалім. Ағылшын тілі пəні мұғалімдері оқу мазмұнын жаңарту саясаты аясында оны оқыту сапасын жақсарту мақсатында əлемдік озық тəжірибелерді, жаңа технологиялар мен əдістерді барынша қолдануда.

Көптілдік білім беру негізінде шетел тіліне ерте жастан оқыту болашақта бірнеше шетел тілдерін меңгеруге ықпал етеді. Ол білім алуды шетелде жалғастыруға, яғни əлемдік білім беру кеңістігінде еркін таңдау жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының білім беру стандарттарына сəйкес, оқытудың бастапы сатысында оқушылардың коммуникативті-танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қалыптастыруға қажетті жағдайлар құрылуы тиіс. Тіл мен мəдениетке ерте жастан баулу баланың болашақта кемел тұлға ретінде қалыптасуына зор мүмкіндік береді.

Əлеуметтік жаңғырту аясында 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 12 жылдық білім беруге көшу мақсатында бастауыш мектептің 1-сынып оқушыларына арналған 24 оқу бағдарламалары əзірленді, 22 əдістемелік оқу құралдары жəне жалпы білім беретін мектептердің ұстаздарына арналған 33 ұсыныстар даярланған. Мектепке дейінгі оқыту бағдарламасы мазмұны жаңартылған 1-сыныптың білім беру бағдарламасымен сəйкестендірілді. Мектепке дейінгі дайындық біртіндеп бастауыш білім беру деңгейіне қосылады, сонда «1+11» құрылымы толық 12 жылдық мектепке ауысады. Бұл қазіргі кезде қоғамда орын алған адамдардың «артық жылды жоғалту» сияқты қорқынышпен байланысты психологиялық кедергіні жеңуге мүмкіндік береді. Осы мақсатты жүзеге асыруда еліміздің барлық мектептерінде ағылшын тілін ерте жастан оқыту үдерісі жүріп жатыр. Мектеп оқушылары жыл сайын мектепіші, аудандық, қалалық, облыстық жəне республикалық олимпиадалар мен сайыстарға қатысады. Мектеп аясында ұстаздар тілдер апталығын, ашық сабақтарды, тақырыптық калейдоскоптарды, білім сайыстарын, зияткерлік ойындарды, сабақтан тыс іс-шараларды өткізеді. Ақылмен, сауаттылықпен жəне байыпты дайындықпен үштілді білім беру мектеп түлектеріне өзгермелі өмірде кез келген ортада бейімделуіне мүмкіндік береді. Бірақ берілген мақсат пен міндеттерді орындауда қиындықтар болып тұрады.

Төменгі сынып оқушыларына абстрактілі ойлау қабілеті тəн, оларға үнемі көрнекілік қажет. Компьютер көмекші құрал ретінде пайдаланылады, себебі үдеріске нақты визуалды элементтерді енгізу сабақтағы қиындықтарды жеңілдетуге көмектеседі. Балалар компьютер экранында жарқын суреттер, сызбалар, анимациялық бейнелерді көргенде, олар жаңа жəне қиын материалды оңай меңгереді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеру сыныптың білім шекарасын кеңейтеді, шеттілдік орта ахуалын тудырады, бөгде мəдениетпен танысуға мүмкіндік береді. Бұл технологиялар байыпты тəжірибемен дəлелденген. Сонымен қатар бұл бағытта ғаламтор көзін пайдаланудың да өзіндік ерекшеліктер бар. Бұл орайда мектептің міндеті — бастауыш сыныптан бастап оқушыларды əлеуметтік-желілік ресурстарды шетел тілін меңгеруде тиімді пайдалануға баулу қажет.

Қазіргі заманғы мұғалім инновациялық-педагогикалық қызмет, біліктілігін үздіксіз жетілдіру жəне арттырудың арқасында жеке жəне кəсіби құзыреттіліктердің иесі болуы қажет. Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту тұжырымдамасы жалпыəлемдік білім беру стандартына сай білікті кадрларды даярлаудың формалары мен əдістерінің сапалы жаңаруына бағытталған. Əлемнің өзара байланысты жəне өзара тəуелді өзгеріп отыратын өмір құбылыстары жағдайында жас ұрпақты даярлаудың құралы ретінде көптілді білім беруге баса назар аударылады.

Еліміздің мектептеріндегі бастауыш сыныпта шетел тілін оқыту міндетті пəнге айналуына байланысты жəне оңтайландыру жолдарын қарастыру, оқу материалдарын дамыту жəне оңтайландыру жолдарын іздеу, оқудың мазмұны мен құралдарын жаңарту, ынталандыруды арттыру жəне оқу мерзімі бойынша баланың сабаққа деген қызығушылығын қолдау қажет етіледі.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күні Қазақстан қостілде білім беруден үштілділікке (қазақ, орыс жəне ағылшын) ауысуға нақты қадамдар жасауда. Орыс жəне ағылшын тілдері қатысымға түсудің құралы ғана емес, сонымен қатар əлемдік тəжірибені меңгеруге негізгі оңтайлы жол болып табылады. Біздің мемлекетіміз табысты түрде дамып, еліміздің азаматтарын сапалы жəне қазіргі заманға сай білімменқамтамасыз етуге қажетті жағдай жасалған, яғни білім беру мазмұны мен сапасы жағынан Қазақстанның жетекші елдер қатарынан орын алуға толық мүмкіндігі бар.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жетписбаева Б. А. Методика раннего обучения иностранным языкам / Б. А. Жетписбаева и др. — Караганда: Изд- во КарГУ, 2017. — С. 37.
  2. Дианина Н.Н. Инновационные способы формирования языковой компетенции на начальном этапе обучения / Н.Н. Дианина и др. // Иностранные языки в школе. — 2018. — № 5. — С. 67.
  3. Сергеева Н.Н. Классификация мотивов к изучению иностранного языка / Н.Н. Сергеева и др. // Педагогическое образование в России. — 2012. — № 3. — С. 114.
  4. Dakowska M. Teaching English as a Foreign Language/ M.Dakowska. — Warszawa: Wydawnictwo Naukowe PWN SA, 2005. — P. 56, 57.
  5. Бердичевский А.Л. Языковая политика и методика преподавания иностранных языков в странах Европы / А. Л . Бердичевский // Иностранные языки в школе. — 2002. — № 5. — C. 22.
  6. Kunanbayeva S.S. The modernization of foreign language education: The linguocultural-communicative approach / S.S. Kunanbayeva. — United Kingdom: Hertfordshire Press, 2013. — P. 112, 113.
  7. Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностранным языкам / Б.В. Беляев. — М.: Просвещение, 1965. — С. 229.
  8. Zhetpisbayeva B.A. Problems of content and language integrated learning in educational institutions / B.A. Zhetpisbayeva, A.K. Kitibayeva, T.D. Assylbek // Bulletin of Karaganda University. Series of Pedagogy. — 2018. — No.1(89). — P.12.
  9. Kitibayeva A.K. Peculiarities of non- traditional lesson in the process of teaching English language to the primary school students / A.K. Kitibayeva, G.Ryskalikyzy, G.K. Tleuzhanova // EDUCATION and SCIENCE without borders. — 2017. — No. 16(2). — P. 60.
  10. Шумакова Н.Б. Индивидуальные отличия в мышлении младших школьников / Н.Б. Шумакова // Вопросы психологии. — 2010. — № 9. — C.33.
  11. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе / И.А. Зимняя. — М.: Просвещение, 1991. — С. 222.
  12. Гальскова Н.Д. Теория и практика обучения иностранным языкам / Н.Д. Гальскова, З.Н. Никитенко. — М.: Айрис- пресс, 2004. — С. 112, 113.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.