Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру мəселелері

Мақалада латын графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіруге байланысты түркі тілдес халықтар тəжірибесіне қатысты пікірлерге талдау жасалып, латын графикасына негізделген жаңа əліпби жобалары қарастырылды. Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ əліпбиінің ғалымдар, тілтанушылар, журналистер жəне жалпы қоғам мүшелерінің талқылауға ұсынылған жобалары беріліп, əліпби нұсқаларындағы кейбір таңбалардың қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Жаңа əліпбиге көшу барысында болатын қазақ фонетикасының өзіне тəн заңдылықтарындағы ұтымды тұстары ғалымдар пікірлері арқылы дəлелденген. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне байланысты емледе қиындық туғызатын мəселелерге қатысты ұсыныстар жасалды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Латын əліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мəселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын əліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын əліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мəселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын əліпбиімен байланысты. Ал, біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», – деп бастама көтерсе, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне, латын əліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – деп атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 12 сəуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» жəне «Таяу жылдардағы міндеттер» арқылы болашаққа қадам басудағы бірнеше сатыларды қамтитын рухани құндылықтарымызға байланысты мəселелер Елбасының көзқарасы ретінде сараланған. Соның бірі – латын əліпбиіне көшу.

«Қазақ тілін біртіндеп латын əліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мəселеге неғұрлым дəйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз жəне оған кірісуге Тəуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Қазақ тілінің əліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер», – дей келіп, қазақ жазуының тарихына байланысты біраз мəселелерге тоқталған Елбасы жақын арада қолға алынатын іс-шараларды көрсетіп берді.

Жиырмасыншы жылдары араб жазуын жетілдіру не өзге графикаға алмасуы мəселесі тек жалғыз Қазақстанда емес, бүкіл түркі тілдес республикалар көлемінде қозғалды [1].

Жазу тарихы бірнеше кезеңдерді бастан өткерген түркі халықтарының ішінде, ілкі кездерден латын графикасын пайдаланатын Түркия мемлекетін қоспағанда, Түрікменстан, Əзербайжан, Өзбекстан Республикалары кириллицадан латын əліпбиіне көшкеніне біраз уақыттың жүзі болды.

Бізден бұрын латын графикасын қабылдаған түркі тілдес халықтардың тəжірибесі де көп сараланды [2, 3].

Түркияның министрлер кеңесі 1928 жылдың 28 маусымында «Алфавит жөніндегі комиссия» құрып, ол 8 жəне12 шілдедегі отырысында латын графикасына негізделген жаңа түрік əліпбиін қабылдайды.

1991 жылы Əзербайжанда түрік тілінің нұсқасындағы əліпби қабылданды. Процестің аяқталғанының белгісі ретінде Республика Президентінің 2001 жылдың 9 тамызындағы «Əзербайжан тілі мен əзербайжан əліпбиінің күнін өткізу туралы» Жарлық қабылдады.

1993 жылы 2 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы «Латын графикасы негізіндегі өзбек əліпбиін енгізу туралы» Заң қабылдады. Өзбекстан Республикасы мəжілісінің 1995 жылы 21 желтоқсанда қабылдаған «Мемлекеттік тіл туралы Өзбекстан Республикасының Заңын жүзеге асыру тəртібіне қатысты» Жарлығы бойынша Өзбекстан Республикасының латын жазуына көшуінің соңғы кезеңі болып 2005 жылдың 1 қыркүйегі қабылданып, сонан соң 2010 жылға дейін созуды бекітті [2].

Латын əліпбиіне көшу жайлы алғашқы ресми пікір академик Əбдуали Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанындағы «Ана тілі» газетінде жарияланған «Латын əліпбиінің болашағы зор» атты мақаласында бастау алған болатын. Осы кезеңдер ішінде еліміздің барлық аймақтарында қазақ жазуын латын əліпбиіне ауыстыруа байланысты əртүрлі дəрежедегі конференциялар, дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді, латын əліпбиіне көшудің тиімді жақтары айтылып, əліпби нұсқасы жасалды. Əліпбидің бірнеше нұсқасы дайындалды, талқыға ұсынылды, тіпті ғаламтор арқылы да əліпби нұсқаларымен көпшілік қауым таныс болып отыр.

Латын графикасы негізіндегі əліпбиге көшудің ғылыми-лингвистикалық негіздері сараланып, əліпби жобаларының артықшылықтары мен кемшіліктері жан-жақты таныстырылды [4, 5].

Аталған нұсқалардың ішінде латын əліпбиін негізге алғанымен, қазақтың төл дыбыстарының сипатын беруде диакритикалық белгілер, апостроф таңбасы немесе диграф арқылы таңбалаулар ұсынылды.

2017 жылдың 11 қыркүйегінде Парламент мəжілісінде тыңдауға ұсынылған латын жазуы негізіндегі қазақ əліпбиінің нұсқасында 25 əріп ұсынылып, ə, ө, ү, ғ, ч, ж, ш, ң əріптері диаграф арқылы, яғни əріп тіркестері арқылы, берілді.

Бұл əліпби нұсқасындағы көпшіліктің қабылдай алмаған мəселелерінің бірі де осыған байланысты болды, себебі бұл диграфтар арнайы таңбаны қажет етпегенімен, бір əріптің орнына екі əріп жазу арқылы мəтін көлемі ұлғаяды, əріптерді қабылдау қиындыққа соғып, сауатсыздық пайда болады деген пікірлер болды.

Ж, ш əріптерінің қос əріппен белгіленуі (zh, sh) бұрыннан өзімізге таныс болғанымен, Диаграфпен берілген ə, ө, ү, дыбыстарының таңбалары ae, oe, ue болып, негізгі əріпке қосымша дыбыстың мəні бар е əрпімен қатар тұрғаннан кейін қолдануда қиындық туғызатыны сөзсіз еді. Орыс графикасына негізделген құмық, қарашай-балқар, ноғай сияқты тілдердің əліпбилерінде төл дыбысты таңбалайтын əріптер ъ немесе ь белгісі арқылы берілгенімен (къ – қ, нь – ң, оъ – ө т.б.), жуандық, жіңішкелік белгілерінің дыбыстық сипаты жоқ.

Əліпбидің басқа нұсқаларында төл дыбыстарымызды диакритика, апостроф арқылы белгілеу туралы да ұсыныстар болған. Ондай таңбалар компьютер пернетақтасында жоқ əріпті керек етеді, бірақ дыбыстық ерекшеліктерді нақты көрсетуге, сол əріптерді адамның тез қабылдауына мүмкіндігі мол. Ноқаттың көптігі көруге кері əсер етеді дейтіндей, төл дыбыстарды таңбалайтын əріптеріміз кез келген сөзде бастан-аяқ кездесіп жатпағаны белгілі.

Латын жазуы негізіндегі қазақ əліпбиінің нұсқасы Парламент мəжілісінде талқылауға ұсынылғаннан кейін жалпы халық өз пікірін білдірді, көпшілік қауым қоғамдағы болып жатқан бұл өзгерісті бей-жай қалдырмады. Бұл – құптарлық іс.

Бір ай уақыттан кейін 2017 жылдың 9 қазанында Елбасыға латын əліпбиінің өзгертілген жаңа жобасы таныстырылды жəне төмендегідей өзгерістер енді.

Біріншіден, алдыңғы жобадағы 8 диграф апострофпен өзгертіліп, апострофпен берілген əріптердің саны 9-ға жеткен жəне «бір дыбыс – бір əріп» принципі сақталған.

Екіншіден, ц аффрикаты əліпбиден алынып тасталған.

Үшіншіден, Уу əрпі Ww-мен таңбаланса, енді Y'y' түрінде апостроф арқылы берілген.

Төртіншіден, Іі мен Йй таңбалары Ii сипатында белгіленсе, қазіргі жобада қазақтық төл дыбысы жеке Іі арқылы, ал Ии мен Йй бір ғана І'і' арқылы апострофпен таңбаланған.

Бесіншіден, алдыңғы нұсқадағы Йй əрпі Jj арқылы болса, қазір ол əріппен Жж белгіленді.

Осыларды саралай келе, бұл əліпби нұсқасындағы диграфтың апострофпен өзгертілгені, Цц-ның алынып тасталғаны, қазақ тілінде Ии дауыстысы жоқ екендігі ескеріліп, Ии мен Йй-ді бір таңба арқылы беруі, жалпы алғанда, «бір дыбыс – бір əріп» принципі сақталғандығы көңіл құптарлық іс болып отыр.

Дегенмен, Уу-ды Ww түрінде таңбаласақ, Жж, Шш əріптерінің Zhzh, Shsh түрінде диграфпен белгіленуі бұрыннан өзімізге таныс болғандықтан, сол сипатында қалдырып, апострофты азайтуға мүмкіндік жасауға болар еді немесе ЖжJj нұсқасын өзгертпей, Шш-ны Cc-мен де таңбалауға болады, себебі бұл əріп қолданылмай тұр. Уу-ды Ww түрінде таңбалауды жөн көріп отырғанымыздың тағы бір себебі Уу-ды да, Ыы-ны да Yy, Y'y' деп таңбалауға қатысты. Ыы мен Уу əріптері жуан- жіңішке жұпты құрайтын дыбыстардың таңбасы болмағандықтан, екеуі бірдей таңбаланып, тек апостроф арқылы ажыратылып тұрғандығы қиындық туғызатын сияқты. Ал Аа-Əə (Aa-A'a'), Оо-Өө (Oo-O'o') дыбыстарының жуан-жіңішке сыңарлары ретінде апострофтың қойылуы түсінікті. Сондай- ақ Ыы дыбысының жіңішке сыңарын І'і' арқылы, ал Ии мен Йй-ді Іі арқылы белгілесе, жалпы алғанда, игерілмей тұрған үш əріпті (Хх, Сс, Ww) ұтымды пайдалана білсек, дұрыс болар еді.

2017 жылдың 26 қазаны күні қазақ əліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты талқы бітіп, Президент жарлық шығарды. Əліпбиді кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақ жазуының жаңа белесі басталды.

Əліпби бекітілгеннен кейін ендігі мəселе – алда істейтін істер, тындыратын іс-шаралар болмақ. Соның ең бастысы – емле ережелері. Осы уақытқа дейін қолданылып жүрген орыс графикасы негізіндегі қазақ əліпбиімен салыстырғанда емле ережелерінің өзгеретіні, азаятыны белгілі, себебі басы артық əріптер алынып тасталды. Осыған орай алдыңғы əліпбимен салыстырғанда əріп санының 42-ден 32-ге кеміп, 10 əріпке қысқарғандығынан емле ережелеріне қатысты сұрақ көп туындап жатқаны көпшілікке аян.

Бұған қатысты айтарымыз, я, ю, ё əріптерін бұдан былай і'a, і'y', і'о дыбыс тіркестерімен, щ əрпін қос ш-мен s's', ц-ны ts' арқылы жазамыз. Қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне сай екі й-дің орнына бір ғана дауыссыз й жазылатын болды. Себебі қазақ тілінде и деген дауысты дыбыс жоқ. Х мен һ-ның бір таңбамен берілуі де басы артық əріптерден арылуға жол ашты. Емле ережесіндегі 2000 жылдан бері қарай болып жатқан өзгерістердің бірі де осы дыбыстарға қатысты болатын. бұрынғы нұсқадағы х-мен жазып жүрген кей сөздердің енді қ-мен жазуымыз да соның дəлелі. Бұндай сөздердің қатарына рақмет, рақат, дастарқан сияқтыларды айтуға болады.

Латын əліпбиіне көшу кезең-кезеңмен атқарылатыны белгілі. Емле ережесі бекітіліп, орфографиялық сөздік шыққан соң оқу-əдістемелік құралдар, оқулықтар дайындалады, жаңа əліпбиді, емле ережелерін үйрететін маман даярлау жүзеге асырылады. Балабақшадан бастап, кез келген білім саласына қатысты мекемелерде оқыту жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Бұдан тыс ересектерге немесе күнделікті жазу-сызумен айналыспайтын кез келген қоғам мүшесіне арналған үйрету жұмыстары жүру керек. Ол не қосымша үйірме, не кешкілік мектеп түрінде болуы мүмкін. Ең бастысы, халықтың əліпбиді жəне емле ережелерін меңгеруі болмақ.

Қазіргі қолданылып жүрген жазуымымыздың емле ережелерінде қиындық туғызып жүрген мəселелер кездесіп жатады. Сондай тығырықтан шығу үшін бүгінгі күні ғалымдардың талқылауында болып, түзіліп жатқан емле ережелеріне қатысты азын-аулақ ұсыныс білдіруді жөн көрдік:

Кез келген тілдің орфографиясы сол тілдің өзіндік ерекшелігіне сай белгілі бір принципке негізделеді. Академик Р.Сыздық қазақ орфографиясы сүйенетін принциптерді көрсетіп, қолданылатын орындарына мысал келтіреді [6].

Біздің тілімізде фонематикалық, фонетикалық принциптердің басымдылықпен қолданылатыны белгілі. 2000 жылы емле ережесіне енген өзгерістердің қатарында шекара, қыркүйек, көкөніс түрінде жазып келген сөздеріміз орфоэпиялық заңдылық бойынша таңбаланып, шегара, қыргүйек, көгөніс болса, соңғы шыққан орфографиялық сөздікте [7] ауызекі тіл арқылы игерілген кірме сөздердің қатары көбейе түскендігіне мəшине, мəйкі, бəнкі сияқты мысалдар келтірілген.

Бұндай сөздерді естілуінше жазсақ, айтылуындағыдай «ағиық, Ағнұр» деп емес, құлаққа түрпідей тигізіп «ақиық, Ақнұр» деп жазылуы бойынша оқитындар азайып, үндестік заңына сəйкес сөйлеуді үйренетін шығармыз. Сондай-ақ кезінде норма ретінде қалыптасқан «Амангелді, Ботагөз»немесе «көгал, таңғалу, көгорай» сөздері де айтылуынша жазылып тұрғаны баршаға мəлім. Оның үстіне қазір əртүрлі мерекелік кештер мен шоу бағдарламаларды жүргізушілер қолдарындағы қағазда жазылғандай айна-қатесіз оқуды сауаттылық деп есептеп, орфоэпиялық заңдылықтың сақталуына назар аудармай жататындары көптеп саналады.

  1. Емледе қиындық туғызатын мəселелердің бірі ретінде ə дыбысын естілуінше ə əрпімен немесе ə дыбысының орнына а əрпінің жазылуын айтуға болады. Іңкəр, күмəн, шүбə сияқты сөздермен бірдей сипатта айтылатын ділда, рəсуа сөздерінде де ə дыбысының естілу, айтылу дəрежесі бірдей болғандықтан, ділдə, рəсуə түрінде таңбаланса.
  2. Емле ережесінде қиындық туығызып келе жатқан мəселелердің бірі и мен у-ға қатысты болып отыр.

Профессор Ə.Жүнісбек оқулықтарда дауыстылардың қатарында жүрген и, у таңбаларына тоқталып, орфографиялық талданым жасай келе, морфем талданым, тасымал талданым арқылы қазақ жазуындағы өзекті мəселелерді көрсетеді [8].

Жаңа əліпбиге көшкеннен кейін осы уақытқа дейін жазуда қиындық туғызып жүрген и, у əріптеріне қатысты мəселенің беті ашылып, бұрынғы ережемізде «и əрпі қазақ тілінде қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде қолданылады (иіс, иін, имек, ине); у əрпі ұу, үу дыбыс тіркесінің таңбасы ретінде қолданылады (су, гуіл)» [6; 26, 27], – деп арнайы ережеге арқау етсек, енді басқаша көрініс табатын болды.

Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовтің 14.09.2017 күнгі «Əдебиет порталына» берген сұқбатында əліпбидің артықшылықтарының бірі ретінде аталып өтіпті:

«Жаңа əліпбиде фонетикалық та, морфологиялық та принциптер басшылыққа алынды. Алайда фонетикалық принципке басымдылық берілгенін айта кеткен жөн. Себебі біздің мақсатымыз қазақтың төл дыбыстарын айтылуына қарай барынша дəл беру болып табылады. Мысалы, қазір біз су деген сөзді айтылуында 3 дыбыс естілетініне қарамастан, оны 2 əріппен таңбалап жүрміз, ал латын əліпбиінде бұл сөз фонетикалық принципке сай 3 таңбаға ие болады: су~suw», – дей келе, и-ге қатысты төмендегідей толықтырады:

«Қазіргі кезде дау тудырып жүрген дыбыстардың бірі – и дыбысы. Бұл дифтонг дыбыс. Яғни ол - ый жəне -ій деген екі дыбыстың тіркесінен жасалған кірме дыбысИ дыбысын негізінен тек кірме сөздерге жазған дұрыс. Мəселен, инстаграм, индрайвер, институт т.б. сөздерді латынның І дыбысымен бергенді жөн көріп отырмыз. Сөздің түбірі сақталып тұр. Ал қазіргі кездегі жазуда «и» дыбысына аяқталатын «ми» деген сияқты сөзге тəуелдік жалғаудың үшінші жағы жалғанған да «ми+ы» болады. Бұл жағдай қазақ тілінің заңдылықтарына сай келмейді. Ми деген сөз былай қарағанда екі түрлі мағына беретін секілді. Бір қарағанда ол – адамның миы, ал екінші жағынан ол – нотаның атауы. Бірдей аталғанымен, ол екі сөз бір-біріне омоним бола алмайды. Өйткені ми деген сөздің дұрыс жазылу варианты «мый». Сондықтан да осы сияқты сөздерді бір-бірінен ажырату мақсатында, əрі заңдылықтарды сақтау негізінде екі дыбысқа екі түрлі таңба беріп отырмыз» [9].

Яғни бұл ереже осы уақытқа дейінгі жаңсақ пікірге тосқауыл қойып, қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс барлығын нақтылайтын болды.

  1. Сонымен қатар орыс тілінен енген кейбір сөздерге қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда дəнекер дыбыс қосылатын сөздер де бар. Бұл туралы: «нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і дəнекер дыбыстары (əріптері) арқылы жалғанады» [6; 34] жəне «нд, мп, кт, нк, мб, ск, фт сияқты дыбыстар тіркесіне бітетін сөздерге қосымшалар -ы, -і дəнекері арқылы жалғанады» [7; 716], – деген ережелер бар болғанымен, дəнекер дыбысты қажет ететін дыбыстар тізбегінде дж дыбыс тіркесіне аяқталған сөздерге қатысты мəселе айтылмағанымен, орфографиялық сөздіктерде дəнекер дыбыс арқылы қосымша жалғанған колледж-колледжіге, картридж-кардриджісі, коттедж-коттеджіде, имидж- имиджісі сияқты сөздерді кездестіреміз. Лифт, бланк, Минск сияқты сөздерге қосымшаны дəнекер дыбыссыз жалғап, лифтімен көтерілдім демей, лифтпен көтерілдім десек, Минскіге кетті демей, Минскке кетті десек, сөздің айтылуына қиындық туғызатыны көрінеді, ал жоғарыда айтқан дж дыбыс тіркесіне аяқталған сөздерге дəнекер дыбыссыз қосымша жалғау қиындық туғыза қоймайды. Мысалы, колледжіде оқимын, коттеджіге кірдім, картриджіні жөндеттім дегеннің орнына колледжде оқимын, коттеджге кірдім, картриджді жөндеттім деген əлдеқайда жеңіл сияқты. Бұл да бір ізге түсіруге қажет ережелердің бірі екендігі белгілі.
  2. Орфографиядағы қиындық туғызатын мəселенің тағы бірі -ог, -уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымшаның жіңішке жалғануы. Сөйлеу тілінде де, баспасөзде де осы қосымшаға орайқатенің көп кетуі филолог, технолог, морфолог, психолог сияқты сөздерге қатысты кездеседі. Бұл жерде қиындық аралас буынды сөздерге қатысты болса керек. Сол себептен бұл тұрғыда да қосымшаны соңғы буынға байланысты жалғаған дұрыс болар деген ойдамыз. Себебі «орыс тілінен енген -к, -г дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігіне қарай, яғни сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың əуеніне қарай, жалғанады» [6; 32] ғой. -ог, -уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша осы тəртіппен жалғанса, «Филологтер ме, филологтар ма? Невропатологке ме, невропатологқа ма? Психологтің бе, психологтың ба?» деп күмəнданбайтын едік.
  3. Жазылуында біркелкілік болмай, қиындық туғызып жүрген сөздердің бірі – екі дауысты қатар келген біріккен сөздер.

2001 жылғы сөздіктегі «Қазақ тілінің негізгі емле ережелерінде»: «Алдыңғы сыңары дауысты дыбысқа аяқталып, екіншісі дауыстыдан басталатын кейбір жалқы есімдердегі қатар келетін екі дауыстының бірі (алғашқысы) түсіріліп жазылады: Сарөзек, Сарарқа, Сарағаш», – деп берілсе [9; 13], 2005 жылғы сөзікте: «Кірігіп біріккен сөздердің бір тобы алдыңғы компоненттің соңғы дауыстысы болып, екіншісі дауысты дыбыстан басталса, қатар келген екі дауыстының алғашқысы айтылмай кететін сөздер бұрынғы сөздіктерде де бар болатын. Олардың қатарына «босағаттар, саптаяқ, алауыздық» сөздері қосылды», – деп түсіндірілген [10; 5].

2013 жылы жарық көрген сөздікте [7] осындай сөздердің бірқатарында екі дауыстының біреуі түсірілсе (саптаяқ, босағаттар, сарауру, алтатар, Хауана), бірқатарында екі дауысты да сақталған (шыныаяқ, алмаағаш, алааяқ адам, алаауыз болу, қараөрік, қараағаш, қараалма, сарыала қаз, сарыауыз балапан, салпыетек əйел, салпыауыз).

Осы сияқты сөздердің қатарын «бақаоты, қараот, жіңішкеауру, кіреақы, əулиеағаш, қарағаш, сарағаш, қараөрік, қараот, қараөлең» [11] тəрізді мысалдармен толықтыруға да болады.

Ал «Қазақ əдеби тілінің сөздігінде» осы құралпас сөздер «Сарыағаш, Сарыарқа, сарыөрік, сарыүйек, сарыүрпек, сарыезу, сарыөрік» түрінде берілген [12; 711, 712, 724, 728].

Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай, осы сияқты сөздердегі екі ашық дауыстының біреуінің түсіріліп жазылуына сəйкес келгенімен, бірізділік жоқ. Мысалы, «босағаттар, алааяқ», «саптаяқ, шыныаяқ» немесе «сарауру, сарыауыз» сөздерінде ашық-қысаң немесе екі ашық дауыстының түсіріліп те, түсірілмей қолданылғаны кездесетіндіктен, əсіресе емле ережелерін оқытуда қиындық туғызатын мəселелердің бірі болып саналады.

Осындай жиі кездесетін қателіктер – соңғы буынында ю, ё, э келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы. Ереже бойынша жіңішке жалғануы тиіс болғанымен, актёрға, актёрлар, режиссёрға, режиссёрлық, шахтёрға, шахтёры ретінде қате қолданыс жиі орын алады, себебі соңғы буыны жуан болған соң емле ережесіне сай актёрге, актёрлер, режиссёрге, режиссёрлік, шахтёрге, шахтёрі ретінде емес, жуан түрінде айтамыз.

Бүгінгі күні əліпби бекітілгенімен, қыруар шаруа алда тұр. Соның бірі – емле ережесі. Осы уақытқа дейін қолданып келген қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде басы артық əріптің көптігінен ереже де көп болып келгені баршаға аян. Сол олқылықтың орнын толтырудың орайы келіп тұр. Төл жазуымыз оқуға да, жазуға да, игеруге де, қабылдауға да жеңіл болғаны абзал. Еліміздің түкпір-түкпірінде əртүрлі іс-шаралар жолға қойылып, үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқандығы жəне оның əрі де жалғасын табатыны сөзсіз.

Латын əліпбиіне көшу мəселесі Тəуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр жəне, Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын əріптерін меңгерген. Жаңа əліпбиді, емле ережелерін үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда əдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Яғни жаңа əліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, жаңа əліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, қазір қолданылып жүрген басы артық əріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек. Бізден бұрын латын жазуына көшкен түркі халықтарының қателігі бізге сабақ болып, сол қателіктерді қайталамау үшін жаңа қабылдайтын əліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударған жөн.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ахметтану бастамалары. — Қарағанды, 2005. — 204 б.
  2. Фазылжанова А. Түркия, Əзербайжан, Өзбекстан Республикалары ұлттық тілдерінің латын графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшу тəжірибесі бойынша лингвистикалық талдау / А.Фазылжанова // Латын графикасы негізіндегі қазақ əліпбиі: тарихы, тағылымы жəне болашағы. — Алматы: Арыс, 2007. — 136–146-б.
  3. Ыбыраев Ш. Түркі мемлекеттерінің латын графикасына көшу тəжірибелерінен / Ш. Ыбыраев // Қазақ əліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мəселелері. — Астана: Сарыарқа, 2013. — 16–22-б.
  4. Күдеринова Қ. Латын графикасына негізделген қазақ жаңа əліпби жобалары жəне олардың лингвистикалық сипаты / Қ. Күдеринова, А. Фазылжанова // Латын графикасы негізіндегі қазақ əліпбиі: тарихы, тағылымы жəне болашағы. — Алматы: Арыс, 2007. — 233–237-б.
  5. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы / Қ. Күдеринова. — Алматы: Елтаным, 2013. — 344 б.
  6. Сыздық Р . Қазақ тілінің анықтағышы / Р. Сыздық. — Астана: Елорда, 2000. — 532 б.
  7. Орфографиялық сөздік. — Алматы: Дəуір, 2013. — 720 б.
  8. Жүнісбек Ə. Жазу реформасы / Ə. Жүнісбек // Қазақ əліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мəселелері. — Астана: Сарыарқа, 2013. — 36–47-б.
  9. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. — Алматы: Арыс, 2005. — 616 б.
  10. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. — Алматы: Дайк-Пресс, 2001. — 464 б.
  11. Күдеринова Қ. Бірге жəне бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы / Қ. Күдеринова. — Алматы, 2005. — 144 б.
  12. Қазақ əдеби тілінің сөздігі. — 12-т. — Алматы, 2011. — 752 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.