Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фольклорлық ілкі мəтіндердің қазіргі көркем шығармаларда берілу тəсілдері

Көркем шығарманы дұрыс түсініп, қабылдау көп жағдайда оқырманның аялық білімімен тығыз байланысты. Бұл мəселе көркем шығарманы басқа тілге аударған кезде ғана туындамайды, көркем шығарма мəтінін түсіну үшін де маңызды. Мақалада XXI ғасыр көркем шығармаларында кездесетін фольклорлық прецедент мəтіндердің орны мен оның оқырман тарапынан қабылдануы қарастырылды. Фольклорлық прецедентті мəтіндердің қазіргі көркем əдебиетте екі көрінісі бар. Олар – прецедентті есімдер мен айтылымдар. Бұлардың кейінгі көркем мəтіндерге кірігуінің өзіндік жолдары бар. Көркем шығарма авторлары фольклорлық элементтерді қолдануда əртүрлі тəсілдерді пайдаланады. Мақалада оның мынадай тəсілдері көрсетіліп, тілдік фактілер арқылы дəлелденді: 1) фольклорлық прецедентті трансформациялап енгізу; 2) фольклорлық прецедентті тақырыпат түрінде жұмсау; 3) фольклорлық прецедентті көптік мағынада жұмсап жағымсыз эмоция тудыру; 4) жалқыдан жалпыға өткен фольклорлық ілкі антропонимдер; 5) сұраулы сөйлем арқылы түзілген прецедентті мəтіндер; 6) теңеу арқылы берілген прецедентті есімдер; 7) экспрессивті-бағалауыштық метафора арқылы берілген прецедентті есімдер; 8) контекстуалдық антонимдерді пайдалану тəсілі. «Прецедентті» деген сөзді қазақ тілінде «ілкі» деп алдық.

Кіріспе

Фольклорлық ілкі мəтіндер бойында ұлтымыздың мəдени кеңістігіндегі белгілі бір рухани құндылықтарды ғасырлар бойы сақтай алатындығымен ерекшеленеді. Ұлттың рухани құндылықтарын сақтауда, келер ұрпаққа жеткізуде, сондай-ақ ұлттық тегіңді түйсінуде фольклор негізгі энергия көзі болып табылады, ол тілді, халықтың рухын сақтайды, сондай-ақ ұлттық мəдениет салаларының, оның ішінде көркем əдебиеттің динамикалық дамуындағы негізгі өнім деуге болады. Фольклорлық ілкі мəтін ұлттық мазмұндық сипатымен ерекшеленетін санат, ілкі мəтін ретінде қарастырылатын ілкі тілдік бірліктердің, яғни ілкі атаулар, ілкі есімдер, ілкі жағдаяттардың мəдени- танымдық, мəдени-ақпараттық мəні зор. Фольклорлық шығармалардағы басты мотив, идея – ерлік, батырлық, жомарттық, адамгершілік кодекстерінен тұратын эстетикалық, қоғамдық ірі құрылымдарды сипаттау, дəріптеу, насихаттау, ғибрат беру, аңызға айналдыру.

Мақсаты

Халық шығармашылығын зерттеу ұлттың танымдық, əлеуметтік-саяси, адамгершілік, тəрбие жəне дүниеге көзқарас ерекшеліктерін, моральдік құндылықтарын білуге көмектеседі. Ол бізге өз тарихымызда сақталған рухани артықшылықтарымызды жаңғырту үшін де қажет. Қазақ халқының философиялық мұрасы мифологиядан, фольклордан, поэззиядан, шешендік сөздерден, мақал- мəтелдерден, қанатты сөздерден табылады. Осыдан тіл арқылы көрінетін мəдени құндылықтардың қолданыс жүйесін зерттеу, тіл мен мəдениеттің элементтерін өз бойына шоғырландырған фольклорлық ілкі мəтіндердің лингвомəдени сипатын анықтау мақсаты туындайды.

Нəтижелері мен талқылау

Қандай да бір көркем мəтіннің жазылуының өзіндік себебі болады, ал мəтіндегі тілдік құралдар автор мақсатын, ниетін жүзеге асыруға қызмет етеді. Н. Уəли: «Көркем мəтін – айрықша тілдік код, сондықтан оқырман санасында мəтіндегі тілдік кодты аша алатындай тілдік білімнің болуы шарт, өйткені автор айтпақ ой-сезімін тілдік бірліктер арқылы кодқа салады. Ал тілдік білім дегеніміз сөзді, оның мағыналарын, сөйлем, оның мағыналары мен құрылымдарын білу дегенге саяды», — деп, тілдік тұлғаның аялық білімі болуының көркем мəтіннің мазмұнын түсінуде өте маңызды екендігін айтады. Ғалым тілдік таңбаны стимул деп анықтап, оқырман санасындағы білімнің мəн алуын (актуалдануын) реакция деп таниды: «Бұл жайт мəтін арқылы «оқырман тілдік тұлға» мен «суреткер тілдік тұлға»арасында диалогтің басталғанын байқатады. Екі бірдей код – тілдік код пен когнитивтік код — ашылғанда ғана, сөз субъектілерінің (адресант пен адресат) арасында диалог болады», — деп пікір айтады [1; 34]. Ілкі мəтіндерде мəдени кодтан тұратын тілдік таңба, автордың танымымен, өзіндік талғамымен үйлестірілген, тілдік амалдардың бірі. Автордың ілкі мəтіндерді қолдануында өзі көтеріп отырған мəселеге қатысты өзіндік субъективті оң не теріс көзқарасы жатыр, ілкі мəтін арқылы автор бағасы ашық не астарлы түрде білдіріледі. Автор қолданысындағы тілдік таңбаны талдаудан автор ниеті көрініс береді, яғни «авторлық модальділік» ұғымы көрініс табады. Ғалым Б.Шалабай мəтіннің тілдік ұйымдасуын зерттеуде «авторлық модальділік» ұғымына назар аудару керектігін айтады, себебі мəтінтүзу мен мəтінқабылдауда оның рөлі ерекше деп бағалайды: «Ол мəтіннің барлық бірліктерін мағыналық, құрылымдық біртұтастықта біріктіріп тұрады. Мəтін деңгейіндегі модальділікті сөз еткенде, автор мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты, яғни қарым-қатынас актісі мəселесін қозғау керек болады. Автор тұлғасын оның мəтіндегі көріну формалары арқылы қабылдау – екіжақты үдеріс, ол автор мен оқырман қарым-қатынасына негізделеді. Мəтін модальдігі автордың мəтіндегі хабарланған жайға қатынасы, көзқарасы, ұстанымы, оқырманға жеткізуге бағытталған өзіндік құндылықтары ретінде анықталады» [2; 187–190]. Ғалым жекелеген бірліктердің сапасын емес, олардың тұтас шығармадағы, яғни тұтастық құрамындағы, қызметін анықтау керектігін айта келе: «Мəтін тілдік бірліктердің жай ғана бірігуінен тұрмайды, сонымен қатар ол автордың мақсат, ниетіне орай, қарым-қатынас жағдайы мен автордың жеке ғылыми, интеллектуалдық, қоғамдық, адамгершілік, эстетикалық т.б. бағыттарына сəйкес келетін мазмұндық жəне формалдық элементтердің бірлігінен тұрады», — деген қорытындыға келеді [2; 175, 176]. Көркем мəтін автор суреттеген шынайы ақиқатты бейнелейтін объективті мəні мен автордың осы шынайы ақиқатпен байланысты өзіндік ұстанымы, көзқарасы мен қарым-қатынасын бейнелейтін субъективті маңызынан тұрады. Қазіргі көркем шығармаларда ілкі мəтіндер арқылы автордың субъективті ой-толғамының оқырманға жеткізілуіндегі автор ұстанған тəсілдердің кейбір түрлеріне тоқталсақ.

Трансформацияға ұшыраған ілкі есімдер мен ілкі айтылымдар

Ілкі есімдер ең жиі қолданылатын ілкі бірлік болып табылады. Ілкі есімдер бүтін бір ойды білдіреді, белгілі бір ішкі мағынасы, астары бар, осы себепті ондай есімдер, бір жағынан, автор шығармасын əрлендіріп, көркемдік құрал ретінде қолданылса, екінші жағынан, оқырманға жағымды/жағымсыз əсер етуді күшейту құралы ретінде қолданылады деуге болады. Трансформацияға ұшыраған ілкі есімдер мен ілкі айтылымдар күнделікті қолданыста түрлі мағыналық өзгерістерге түсіп, оған бағалауыштық, эмоционалдық коннотациялар үстемеленеді.

«Шығайбай» ілкі есімінің трансформациялануы.

«Шығай» сөзі көне түркі тілінде, орхон-енисей жазба ескерткіштерінде «кедей» деген мағынаны білдірген. Сол көне дəуір ескерткіштерінің бірі – Күлтегін жазуында: «Жалаңаш елді тонды қылдым, шығай ерді бай қылдым. Аз елді көп қылдым» деген жолдар бар. Осы мəтіндегі «шығай» сөзі «кедей» деген мағынада қолданылып тұрғанын аңғару қиын емес. Қызғаншақ, ешкімге жақсылық жасамайтын, қолы қатты байға халық «шық бермес Шығайбай» деп тапқырлықпен өте ұтымды ат қойған. Қазіргі тілімізде «шығай» сөзінің бастапқы мағынасы ұмыт болған [3].

«Чығай – кедей, жарлы деген мағынада көне түркі тілдерінде қолданылған. Сол кезде бұл тұлғалы сөз «сығырдаң», «сараң» деген мағынада ұшырасқан екен» [4; 124]. Ə. Қайдар «шық бермес Шығайбай» тұрақты тіркесінен «шық» сөзін бөліп алып қарастырады: «Тек қана қазақ тілінің өзінде ғана сақталған шық – «салқын түнде шөп басына тұрып қалатын дымқыл су тамшысы», — дей келе, сонда «шық» сөзі Шығайдың шықты да бермес сараң екендігін анықтаушы құрал екендігін айтады [5; 196].

Д.Досжан қолданысында «Шығайбай» образының ядросын құрайтын сараңдықтың жағымсыз мəндегі сипаты жағымды мəнге ие болған. Жазушы қолданысында «Шығайбай» ілкі есімнің семантикалық өзегі «сараң» сөзінен «үнемдеу, бейберекет шашпау» деген мағыналық өзгеріске түскен.

– Əр пікірім бес мың доллардың о жақ, бұ жағы екенін есіңе ұстарсың, сэр Саматбек!

Саматбек аң-таң. Алдына ас та төк асымызды тартып, мəртебелі мейманға арнаған сый- сияпатымызды алдына үйіп-төгіп, алақанға салып, түп нағашымыз келгендей, сүрініп-жығылып өліп-өшіп қызмет жасап жүргеніміз мынау! Келешек құрылысыңа жер керек пе – ал! ... я шалжайыпдемалып, я тікесінен тік тұрып сызба сызатын шеберхана керек пе – кіріңіз!... Үлде мен бүлдеге оранып алшаң басып аралайсыз ба – қызметіңіздеміз!... көңіл көтерер, тоқтық басар бикешпен тілдесесіз бе – ең көріктісі сіздікі!... деп жүрегімізді қолға алып жүргенде «пікірімнің» өзі сатулы дегені – мылтықпен атқандай əсер етті. ...

Осыдан шығатын ой не? Ел боламыз десек – ертерек ашық-шашық жататын етегімізді қымталық! Мына өзіміз де нарық дəуірінің тиын санап, сөз сауған, қу бастан ет қырнаған шық бермес Шығайбайына айналайық!... Кешікпей. Бүгіннен бастап. (Досжан Д. «Жан құмары»)

Осы мағынадағы қолданыс жазушының «Құланшыда қалған із» атты əңгімесінде де бар. Осы мысалдардан байқағанымыз, Д. Досжан қолданысында сараңдық қасиеттің екінші тұсы сөз болған. Жазушы оны қажеттілік ретінде сипаттайды. Біздің ұғымымызда орнығып қалған «Шығайбайдың» сараңдық қасиетінің қайта бағалануы, яғни оң бағалануы оқырманға əсер ету, ой салу қуаттылығын арттырады. Сонымен, жазушы өз шығармаларында ел, қоғам байлығына «Шығайбайдай» қарауға үндейді. Жазушы қолданысында «Шығайбай» сараңдықтан гөрі ұқыптылықты, жауапкершілікті, жанашырлық сияқты қасиеттерді репрезентациялайды.

«Алдар көсе» ілкі есімінің трансформациялануы.

Қазақ фольклорында Алдар көсе бейнесі əлсіздерді жақтаушы, əлеуметтік теңсіздікпен күресуші ретінде суреттеледі. Төмендегі мысалдан болмысы фольклорлық образ Алдар көсеге мүлдем кереғар бейне көреміз.

Шұбырған шөбере мен топты жиен

Шетінен Алдар болып кетті білем. Тауқымет шегерсіңдер ертең бəрің Кішкентай Алдарлардың көптігінен. Атақсыз Алдарлары бүгінгінің Сорлата бастады ғой өзімді алдап.

(Қастек Баянбай. «Алдаркөсемен кездесу»).

«Қожанасыр» ілкі есімінің трансформациялануы.

«Қожанасыр» ілкі есімі — өткір əзілдерімен танымал кейіпкер, Қожанасырдың тілі өткір, тілдік санада əділетсіздік орын алған жерде шындықты əзілмен батырып жеткізе білген, тауып айта білген тапқырлық қасиеттерімен орныққан. Қазіргі көркем шығармада Қожанасыр образының трансформацияға түскені байқалады. Оған төмендегі мысалдар арқылы көзжеткізе аламыз:

Шығармашылық еңбектің бар мехнатын өзі арқалап, соның бар құрметін қожайынға сыйлай салған қожанасырлығына тұңғыш рет зығырданы қайнады (Ахметжан Т. «Сұлу мен суретші»).

Шығармада күнін көру үшін біреуге жалданып жүрген дарынды суретшінің тағдыры суреттеледі, салған суреттерін қожайыны өз атынан шығарады. Ақысына суретші оның үйінде тегін тұрып, тегін тамақтанады, яғни суретші өз еңбегін, дарынын, өнерін қожайынына сатуға мəжбүр. Бұл жерде жазушы қолданысындағы «қожанасырлық» сөзі зат есімнен анықтауыштық қызметке өтіп, «ақымақтық» сөзінің синонимі ретінде қолданыс тапқан, мазмұнында мысқыл, кекесін бар. Осы мағынадағы қолданыс Б.Сарыбайдың «Өліара» атты əңгімесінде де кездеседі:

Мен 117 бал жинамаппын. Бар болғаны 117-нөмірлі талапкер екенмін. Бал деп қуанып жүргенім рет саны екен. Яғни рет саны бойынша 117 тұрған Асқарұлы Алмат бар болғаны 22 бал жинапты. Көзімнің алды тұманданып кетті. Өлім болды. Сонымен, ауыл, елді шулатып, сенсация жасаған менің ауылға қайтуыма тура келді. Ауылға келсем, менің Қожанасыр атағым дүрілдеп тұр екен». (Сарыбай Б. «Рауғаш ерте гүлдейді»).

Қайда барсаң да — Қорқыттың көрі» ілкі айтылымының квантитативті трансформациялану тəсілі.

Баяғыда «Қайда барсаң — Қорқыттың көрі» деген мақал бар еді. Ендігінің мақалы бөлек: «Қайда барсаң – Қытайдың тауары» (Қайнар Олжай. «Атамыз Аласанбай»).

Г.К. Ихсанғалиева ілкі мəтіндердің трансформациялану тəсілдерін квантитативтік жəне квалитативтік жəне аралас түрлерге бөледі. Бірінші түрінде мəтін құрамындағы бір сөйлем басқа сөздермен алмастырылады немесе оған басқа сөз енгізіледі. Екінші тəсіл бойынша, ілкі мəтіндегі тұтас сөз емес, оның бір бөлшегі, яғни форма немесе бірлі-жарым əріп өзгеріледі, аралас тəсілде осы аталмыш тəсілдер алма-кезек қолданылады [6; 26].

  1. Тақырыпат түрінде жұмсалған ілкі есімдер

Тақырыпаттың ақпараттық сипаты ерекше, оқырман назарын бірден аударушы тілдік құрал. Қ. Түменбаевтың «Депутат Аязби» атты əңгімесі, М. Ершуованың «Аяз биге» атты өлең жолдары мен Ə.Таразидің «Қарабай» əңгімелерінде ілкі есімдер тақырыпат ретінде қолданылып, реминисценция түрінде берілген. Қ. Түменбаевтың əңгімесінде ел мəселесін шешуде əділ болуға шамасы жетпейтінін мойындап, жұмыс орнын өз еркімен босатып, өзінше бір əділдік танытқан кейіпкер өмірі баяндалады, жазушының өз кейіпкері «Аязбиді» осындай шешім қабылдатуының астарында «Аязбидей əліңді біл» деген таным жатыр. Жазушы рухани құндылықтардың бағалануы қатты өзгеріске түскен қазіргі заманда өз оқырмандарына «Аязбиді» үлгі етіп отыр.

М. Ершуованың «Аяз биге» атты өлең жолдарында қазіргі таңда халықпен санаса бермейтін, қолында билігі бар адамдардың бойындағы жағымсыз қасиеттерін сынау үшін қолданылған Аяз би образы тура жолдан таймаудың бейнесі екенін еске салады, бейсанадағы ақпаратты жаңғыртады: Жағымпаздар жатқан соң бетке күліп, Болмасын деп күпірлік еткен ұмыт.

Алтынды босағадан аттарында, Маңдайшаға қойыпты шекпен іліп. Хан тұлпарын, қаңтарып бəрін мініп, Ханшалар салса да əнін күліп.

Жолын тауып құмырсқа жорғалаған. Өмір сүрген Аяз би əлін біліп. ...Ертегі еліндегі Аяз би шал, Бүгінгі қоғамға да керек еді.

Ақын өлең тақырыбын «Аяз биге» деп атап, арнау ретінде ұсынуы оқырмандарын өлеңнің мазмұнынан хабардар етіп, шығарманың толық мəтінін оқуға деген қызығушылығын тудырған стилистикалық тəсіл. Тақырыпат арқылы ғана біз өлеңде əділдік туралы сөз етіліп тұрғанын анықтай аламыз. Тақырыпат мəтіннің бүкіл мазмұнын өз бойына жинақтап тұр. «Аяз би» ілкі мəтін атрибуты қызметін атқарып тұрған «шекпен» сөзі тақырыпатты толықтырып тұр, тақырыпат пен «шекпен» бағалауыштық сөзінің арасында мағыналық байланыс бар, өлеңде «Аяз бидің» нақты қандай қасиеті жырланып тұрғанын анықтауға қызмет етіп тұр. Осы мысалдан ілкі мəтін тақырыпат ретіндегі прагматикалық функциясын, оқырманға бірден əсер ете алатын прагматикалық əлеуетін байқай аламыз.

Əкім Таразидің «Қарабай» ілкі есімімен берілген əңгімесінің тақырыпатынан-ақ шығарманың əлеуметтік тартысқа құрылатынын бірден аңғаруға болады. «Қарабай» ілкі есімі жазушы қолданысында екі тəсілмен берілген. Бірінші тəсіл – тақырыпатпен берілуі, екінші тəсіл – «Қарабай» ілкі есімінің лексикалық қайталама тəсілімен берілуі. «Шығарма тілін көріктеуде қайталама құбылысы өте ұтымды тəсіл қатарынан табылады. Ол стильдік категорияға жатады», — дейді Р. Сыздық [7; 87]. Жалпы лексикалық қайталамалар адресатқа адресанттың интенциясын білдіру қызметімен ерекшеленеді: «Қарабай» деген ат жабысқан, «Қарабай» деген атақ, неге Қарабай дейді, Қарабайға ұқсастық болса екен-ау.

Əңгіме реминисценция тəсілімен құрылған. (Əкім Тарази. «Ауыл шетіндегі үй»). Дайын сюжетке құрылған əңгіме бүгінгі заманның «Қарабайының» болмысын ашады. Кешегі «Қарабай» мал соңындағы адам, жырдың Жанақ нұсқасында «Тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, үйінде сілкіп киер шапаны жоқ» деп суреттелген екен [8; 96], «бүгінгі Қарабай» оқыған, көзі ашық, студент оқытып, қоғам тəрбиесімен, қоғам ісімен араласып жүрген жаңа заман адамы. Сыртқы бейнелерінде айырма болғанымен, өз көздегендеріне жетудегі амал-тірліктерінде ұқсастық бар, тек «бүгінгі Қарабайдың» амалы жаңаша көрініс тапқан. Қызының алдында да, қызы ұнатқан жігіттің алдында да абыройын жоғалтпайды. Қызына деген қарым-қатынаста əке бейнесіне де, қыздың ұнатқан жігітіне қарым-қатынастағы адами қатынасына да нұқсан келмейді. Екі «Баянның» да махаббатқа, сезімге деген адалдығы екі бөлек: тұрақты жəне тұрақсыз. Жазушының «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының сюжетін негіз етіп жазған туындысы осындай кереғар дүниелерден тұрады.

  1. Көптік мағынада жұмсалған жағымсыз эмоция тудыратын ілкі есімдер (Алпамыстар, Шығайбайлар, Кейқуаттар, Ұлтандар, Бекежандар т.с.с.).

Бұл тəсіл, біріншіден, бейнеленіп отырған образдардың көбеюін көрсетеді, екіншіден, жалпылама мағына үстеу арқылы белгілі бір кейіпкердің жиынтық қасиетін ғана көрсетіп қоймайды, қоғамда белең алып отырған өзгерістерден де ақпарат береді.

  1. Жалқыдан жалпыға өткен ілкі антропонимдер

Кейбір ілкі есімдер сөз тудырушы жұрнақтар əсерінен жекеден жалпыға өткен, мысалы, Кейқуат – кейқуатшылдылық; Бекежан – бекежандық, Қожанасыр – қожанасырлық, Шығайбай – шығайбайлық.

  1. Сұраулы сөйлем арқылы түзілген ілкі мəтіндер

Сұраулы сөйлемдердің риторикалық қызметі тыңдаушыға əсер етеді. «Риторикалық сұрау жауапты, хабар алуды көздемейді. Бұндай сөйлемдер қарсылық білдіру, кекету сияқты мақсаттың прагматикалық мақсатын арттырады. Сөйлеушінің қарсылық білдіруден гөрі дəлел, негіздемені келтіре отырып, сұраулы сөйлем түрінде мақсатын жеткізуді сөйлеу актісінің ықпал ету күшін арттырады» [9; 153].

Кеткен бе деймін ұлы елім азып,

Қозы мен Баян ұрпағы қайда? (Қазыбек Иса. «Аякөз айшықтары»).

Қане, сондағы Қодарсыз, Бекежансыз бостандықта табысқан сүйіспеншіліктер? Əдіре қалған жоқ па, əлдеқашан. (Шойбекова Г. «Ай сəулесі мен көлеңкесі»).

«Сонда деймін, осының бəрін білетін, түсінетін жер бетіндегі барлық адамдар техникалық құралдарды араластырмай таза қол еңбегімен жұмыс істесе, қандай нəтиже шығар еді? Онда жеміс- жидектердің өнімі де ерекше мол болып, табиғаттың ластануы деген мүлде болмас еді. Адамдардың барлығы жұмыссыз болмай, əркім өзінше еңбек етіп, ұрпақ өсіретін еді. Онда жер бетінде Асанқайғы іздеген Жерұйық орнайтын шығар?! Мүмкін, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болар. (Алжанбай М. «Күпірлік»).

  1. Теңеу арқылы берілген ілкі есімдер

Көркем шығармаларда теңеу арқылы берілген ілкі есімдер басымдылыққа ие. Теңеуді кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-əрекеттерін сипаттауда үстеме мағына беретіндіктен, ұтымды көріктеу тəсіл ретінде мейлінше мол қолданылған.

Адам қанша мейманасы тасыса да обал-сауап дегенді ұмытпауы керек. Адамның қасіреті мен құдіреті де осында. Жетім-жетімнің мұңы мен сырын бесенеден білуі тиіс. Бұл өмір деген Аяз бидің жыртық тұмағы секілді (Оспанов С. «Екі дүниенің абыройы»).

Тасындай диірменнің шыр айналған Соғады қайда апарып мынау жалған? Белгісіз ата-тегі бала байлар Сараңдау болып шықты Шығайбайдан.

(Қастек Баянбай. «Ақшам»).

  1. Экспрессивті- бағалауыштық метафора арқылы берілген ПЕ

Метафора – дүниені, болмысты танудың көзі. Ол ұқсату заңдылығына негізделеді. Метафора арқылы бейнелі образ жасалынады, бір заттың атауы жалпы сыртқы ұқсастық, сəйкестікке қарай екінші бір заттың, құбылыстың атауына қатысады, түзілген мəтінге орай жағымды/жағымсыз реңкті мағына үстемелейді.

«Жалғыз көз Дəуде» қорқытты мені,

Қасымда сол күн Қорқыт түнеді.

Перілер билеп суға сүйреді,

Періште жолда жолықты, тегі. (Бекетова Б. «Жұлдыз боп кеткен жырларым»).

Күн сəулесін көрмей қалар көктегі,

Күнді ойласам, Қорқыт естен кетпеді... (Қазыбек Иса. «Азанама»).

Ұстасаң да сығымдап зор тұтқаны,

Ұмытпассың кеудеңде Қорқыт барын. (Қайырбеков Ə. «Сұлутал»).

Осы өлең жолдарындағы ұқсату философиялық тұрғыдан алып қарағанда тура мағынадағы «өлім» сөзі мен «Қорқыт атаның» мағыналық құрылымындағы «өлім» сөзінің, яғни осы екі құбылыстың өзара ұқсастығына негізделіп, алынған. Екі құбылыстың арасындағы ұқсастық нəтижесінде «өлім» сөзі ақындар қолданысында «Қорқыт» сөзімен таңбаланып тұр. Бұл жерде «Қорқыт» сөзінің дифференциалды семасы доминанттық сипат алып, архисемасы көмескіленген.

  1. Контекстуалдық антонимдерді пайдалану тəсілі

Өмірдегі қарама-қайшылықтарды айқын көрсету көркем мəтіннің прагматикалық əсерін күшейте түседі. Контекстуалдық антоним қазіргі таңда тың тілдік тəсіл болып табылады. Бұл тəсіл адресаттың эмоциясына тосын əсер етеді, сол себепті əсер ету əлеуеті жоғары.

Ер Қодарға қыз Баян болды ғашық... Ғашығына еркімен келді қашып. Теңдік алған махаббат серттен тайды, Əр адымын есеппен енді басып.

Қылыш емес, қолына дойырды алып, Қарабайдың Қозы жүр қойын бағып. Үш ұлысқа Қарекең той жасады, Жомарттығы əлемге мойындалып...

Сақал қойған бетіне, салауатты ел, Мен жүремін, ат дайын, саламат бол. Баян сүйсе Қодарды – бақ тілейік, Қозыңа да бір ару саралап көр!

(Жандыбаев Ғ. «Жаңаша махаббат»).

Қорытынды

Келтірілген мысалдардан анық көрінгендей, ілкі мəтіндер ішінде ілкі есімдер түрлі тілдік амалдар арқылы жасалады. Жалқыдан жалпыға өткен жағымсыз мəндегі ілкі есімдер мен көптік мағынаға ие болған ілкі есімдердің өріс ала бастауы қоғам құндылықтарындағы өзгерістердің əлеуметтік ортаға тигізген əсерін көрсетеді. Ілкі есімдердің денотатына қарағанда, ілкі есімдерге жүктелген коннотациялық мағыналар басымдылыққа ие екендігін көреміз. Ілкі есімдер теңеу түрінде ауыспалы мағынада жиі жұмсалынады, бұл ретте ілкі есімдер бағалауыштық сипатқа ие болып, автордың субъективті пайымын жеткізеді. Шығу көзі фольклорлық шығармалар болып табылатын ілкі есімдердің жеке тұрғанда да, мəтін құрамында да танымдық əлеуеті, лингвомəдени əлеуеті жоғары. Фольклорлық ілкі есімдердің этнонимдік семантикасы да ерекше. Сол себепті ілкі мəтіндерде сақталған вербалды код шешілмеген жағдайда лингвомəдени код игерілмейді, соның салдарынан адресат пен адресант арасындағы тілдік қарым-қатынастан еш нəтиже болмайды. Ілкі феномендерді көркем шығармаға енгізудегі автордың мақсаты – адресатты иландыру, ілкі феноменнің қайнаркөзі болып табылатын көркем шығарма автор мақсатының жүзеге асуына ықпал етеді. Сол арқылы қандай да бір ақпаратқа мəн бергізуге тырысу, оқырмандарының назарын нақты бір идея, сюжет, кейіпкердің мінез-құлқына, оның сыртқы келбетіне аударту мақсаты көзделеді. Соның көмегімен ілкі кейіпкердің жан-дүниесін, моральді құндылықтарын репрезентациялайды. Демек, ілкі мəтіндердің мазмұнындағы мəдени коннотацияның мəнін түсіну оқырманның ұлттық білімінің болуын қажет етеді. Осы себепті ақын, жазушылардың көркем шығармаларының көркемдеуіш, бейнелеу құралы, болмаса түсіндіру тəсілінің құралы ретінде қолданылып жүрген ілкі мəтіндерден туындайтын ассоциациялар ұлттық білімі бар оқырманға ғана түсінікті болып қала береді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. д-ры ... дис. / Н. Уəли. — Алматы, 2007. — 357 б.
  2. Шалабай Б. Көркем мəтіндегі автор бейнесі / Б. Шалабай // Мəлік Ғабдуллин феноменін зерттеу жəне зерделеу мəселелері: Халықарал. ғыл.-тəжір. конф. материалдары (25 қараша, 2015). — Көкшетау, 2015. — 187–190 б.
  3. Жүнісов Д. Көне этнонимдер жəне тілдің тарихи белгілері / Д. Жүнісов // Ана тілі. — 2014. — 1 мамыр.
  4. Нұрмағамбетов Ə. Сөз сырына саяхат / Ə. Нұрмағамбетов. — Алматы: Жалын, 1990. — 128 б.
  5. Краткий этимологический словарь казахского языка / под ред. А. Искакова. — Алма- Ата: Ғылым, 1966. — 240 б.
  6. Ихсангалиева Г.К. Функционально- прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет и телепрограмм): дис. ... канд. филол. наук / Г.К. Ихсангалиева. — Алматы, 2000. — 135 с.
  7. Сыздық Р . Сөз құдіреті / Р. Сыздық. — Алматы: Санат, 1997. — 224 б.
  8. Ғабдуллин М . Халық ауыз əдебиеті / М. Ғабдуллин, Б. Ысқақов. — Алматы: Мектеп, 1974. — 220 б.
  9. Ерназарова З. Ш . Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі / З. Ш . Ерназарова. — Алматы, 2001. — 215 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.