Аңдатпа
Осы мақалада терроризм мен эсктремизмге қарсы күрестің жолдары қарастырылған.
Бүкіл әлемнің саяси, мәдени, рухани, әлеуметтік және экономикалық жағдайына ықпал етіп отырған экстремизм мен терроризм XXI ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін қайшылықтар уақыт өткен сайын өсе түсуде және де бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси- экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда.
Экстремизм мен терроризмкеше мен бүгінғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Терроризм және экстремизм өздерінің қылмыстық мақсаттарын орындау үшін барлық объектілерді пайдаланады, соның ішінде әлемде ең қымбат - адам өмірін, оның денсаулығын жәнеқоғамдағы күнделікті іс-қимылды жою болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»[1].
Қазақстан Республикасының Президент! - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында басым міндеттердің бірі ретінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды айқындап, мәселенің өткірлігіне назар аударылған: «Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш- жігеріне қолдау жасаймыз. Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз. Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс. Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар.
Бұл - біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл - біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі. Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек. Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек.
Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп, Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырамын. Сөйте тұрып, мен ұлтты да сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс»[2].
Бірқатар жағдайларда әдебиеттерде «экстремизм» және «терроризм» ұғымдарының араласуына жол беріледі. Бұл әлі күнге дейін әлемдік тәжірибеде «терроризм» және «экстремизм» ұғымдарына бірыңғай түсіндірмесі жоқтығын айғақтайды, ол осы екі диалектикалы өзара байланысты, қауіптілігі бірдей, бірақ даму құрылымы және салдары бойынша айырмашылықтары бар, әлеуметтік құбылысқа қарсы тұру мәселесін шешуге қандай да бір жалпы тәсілдерді әзірлеуді аса қиындатады.
БҰҮ-ның сарапшылары әдетте террористік актілер алдында қарсылық пен қақтығыстың кіші күш көрсету формалары көрініс табатындығы жөнінде ойға келеді. Алайда, осы уақытқа дейін оны ертерек алдын-алу жүйесі жоқ. Бұның басты себебі «экстремизм» және «терроризм» ұғымдарының халықаралық және ұлттық дәрежеде де бір-бірінен айырмашылығының айқындалмауы болып табылады.
Сонымен қатар, тәжірибеде экстремистердің басқаша ойлаушыларға қатысты зорлық әрекеттерін едәуір жиі көп жағдайларда саяси экстремизмнің шарасыз серігі ретінде шығатын терроризм деп атайды. «Терроризм» ұғымына тоқталып өту қажет. Өйткені бұл термин «экстремизм» ұғымына қарағанда, бірқатар құқықтық, оның ішінде халықаралық құжаттарда көрініс тапқан[3].
Қазіргі таңда дүниежүзілік қоғамдастық терроризмнің қаншалықты қатерлі екендігіне, оның зұлымдық істерінде шек болмайтындығына көз жеткізді. Терроризм адамға деген аяушылық сезімнен жұрдай, ол қоғамда қалыптасқан заң нормаларын, халықаралық құқықты мойындамайды, мемлекеттік шекаралар оны тоқтата алмайды. Терроризм айдаһары қашан да болған және өз қарсыластарына ұдайы арамзалықпен соққы беріп отырған. Алайда дәл қазіргі кездегідей ашық та ауқымды болып көрген емес.
Адамдар тарихында терроризм жүздеген, мыңдаған жылдар бойы орын алып келеді. Өздерінің саяси мақсатына жетудің ең жаңа түрлері мен қаруланып жасақталған қазіргі терроризмді негізгі үш топқа белуге болады.
Біріншісі - халықаралық терроризм. Оның мемлекеттік немесе географиялық шекарасы жоқ. Бұндай топтар әлемнің кез келген нүктесінде қызмет ете алады. Өздерінің өкілдерін, жақтастарын қажет деп тапқан мемлекетке орналастырып терроршылар кадрларын мұқият тексеруден өткізеді, психологиялық дайындықтар өткізуде террористік актілерді ұйымдастырудың бай әдіс-тәсілдерін үйретеді.
Екіншісі - ішкі саяси терроризм. Ішкі саяси терроризм ең алдымен басқарушы элитаның жүргізіп отырған ресми мемлекеттік саясатына келіспеушіліктен, соған қарсылық ретінде туады. Ішкі терроризм басқарушы биліктің әділетсіз әлеуметтік экономикалық саясатына жауап ретінде жүзеге асырылады. Оның мақсаты - өз тобының саяси, әлеуметтік, экономикалық мүдделерін іске асыру.
Үшіншісі - қылмыстық терроризм. Террористер өздерінің жеке бастарының қамы үшін немесе азғана тұйық топтың талабы үшін террористік әрекеттерге барады.
Терроризм және сепаратизм дегеніміз бар болғаны адамзаттың жасырын дертінің сыртқы көрінісі ғана екенін барынша айқын сезінуге тиіспіз. Сондай-ақ бұл дерт жеке-жеке емдеуге көнбейді, ол барша елдер мен қауымдастықтардың ұжымдық жұмылуын қажет етеді. Ол аз болса, бұл дерт біреулерден белгілі дәрежеде құрбандықты, келесілерден ерікті ынтымақтастық пен татуластықты талап етеді. Терроризмнің қоғамға қауіпті басқа кеселдерден ерекшелігі - оның кесірінен етеңеден бейхабар бейбіт халықтың зардап шегуі, сондай-ақ бұл лаңды алдын ала болжау мүмкіндігінің өте аздығы.
Сондай-ақ терроризм мәселесіндегі, оның белгілері мен онымен күресу жолдарын айқындаудағы әлем мемлекеттерінің арасындағы бірауыздылықтың болмауы, біреудің «терроршы» дегендерін біреулер «қаһарман, еркіндік күрескері» ретінде қабылдауы «терроризм» деген жалғыз сөздің астарына талай мәселені бұғып жатқандығынан хабардар етсе керек. Терроризм бүгінгі таңда адамзат қоғамы үшін экологиялық қауіпсіздік, адамзат қауіпсіздігі сияқты ғаламдық мәселелердің біріне айналды. Сондықтан да терроризм мәселесін шешу адамзат қауіпсіздігі үшін қажетті шара. Терроризмнің ұғымын беру, онымен күресудің халықаралық-құқықтық негізін орнату, терроризмнің алдын алуға байланысты сақтандырушылық, жедел іздестіру және басқа да сұрақтарды шешу бүгінгі күнгі өзекті мәселе болып саналуы тиіс[4].
Мемлекеттердің терроризмнің жолдары мен мүмкіндіктерін жоюға қарсы әрекет ету мәселесі қандай көп жақты болса, терроризм құбылысының өзі де сондай көп жақты. Бұл мәселенің ең қиын жері, терроризмнің қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде саяси сипат алуы. Міне сол сиппат терроризммен күресті жүзеге асыруда қиындық туғызады. Сондықтан да, террористік актілерге жауап ретінде әр түрлі мемлекеттердің іс-әрекеттерінің бағасына бірыңғай белгілердің жоқ екені кездейсоқ емес.
Террористік әрекеттің негізгі міндеттерінің бірі-халықтың арасында наразылық тудыру. Бір жағынан террористердің әрекеттері биліктің заңдылығына тікелей қыр көрсетеді. Сондықтан оларға қарсы дер кезінде қарсы әрекет жасалынбаса, онда тек террористер ғана емес, саяси оппонеттер мен тіпті халықтың өзі мемлекет биллігінің тиімсіздігі мен дәрменсіздігіне көз жетеді. Осындай жағдай болмас үшін террористермен күресудің әдістерін қолдана білу керек және күресу әдісінің табиғатына талдау жасай білу керек. Терроризммен күрес тек арнайы қызметтің немесе құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол мемлекеттің, қоғамның міндеті, яғни оны жеңу үшін бүкіл қоғам ат салысу тиіс. Терроризм мәселесінде жай және тез арада жеңетін оңай шешімдер жоқ. Терроризмге қарсы шаралар жүйесі, кешенді және орынды қолдану тиіс.
Терроризмге қарсы күрестегі әдістерді 5 негізгі топқа бөлеміз:
- Құқықтық әдіс - мемлекет терроризммен тиімді күресу үшін, оның алдын- алу үшін заң күшін пайдаланады. Әрине, құқықтық шаралар терроризмнің тамырын жоя алмайды, бірақ онымен күресуде көмекші құрал болып табылады. Терроризммен тиімді күресу мемлекеттің бұл саладағы құқықтық базасына байланысты. 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін дүниежүзінде терроризмге қарсы күресте заң шығару жандана түсті. Терроризмге қарсы күресте құқықтық әдістің функциясы қылмыскерді жазалау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің мүддесі мен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында қызмет етіп, әрқайсысының жауапкершілік деңгейін анықтау.
- Функционалды әдістер - бұл терроризмге қарсы күресте мемлекеттің қарулы күштерін пайдалануы. Террористерге қарсы әскери күштерді қолдану әрдайым тиімді бола бермейді. Өйткені, қазіргі әскери қару-жарақтың қиратқыш күшінің көп болуына байланысты, оны халық көп шоғырланған жерде қолдану мүмкін емес. Сонымен қатар әскери бөлімдер партизандық әдіске бейімделмегендіктен, эскер арасында адам шығыны көп болуы мүмкін.
- Саяси әлеуметтік әдістер. Терроризммен күресуде саяси шараларға мыналар жатады:
- шиеліністі жағдайды келіссөздер арқылы шешу,
- жағдайға байланысты тактикалық саяси жұмсақтыққа бару,
- террористерге толық немесе ішінара амнистия жариялау,
- терроризмді қолдайтын мемлекеттерге дипломатиялық қысым жасау.
Ал әлеуметтік әдістерге мыналарды жатқызуға болады.
- кедейшілікті азайтатын шаралар.
- халықты жұмыспен қамту.
- Экономикалық әдістер - терроризммен күресте оның қаржылай-ақшалық аспектісіне көңіл белу керрек. Терроризммен күресте мынадай экономикалық сипаттағы шаралар қолданылуы тиіс.
- Террористік ұйымдардың ақша жинауға және мемлекеттің немесе жеке тұлғалардың террористік ұйымдарға ақша аударуына тыйым салу,
- Террористерді қолдайтын мемлекеттерге санкция салу немесе бойкот жариялау,
- Террорист! к қорларды бақылау,
- Террористерді қамауға алатын мәліметтер үшін ақшалай сыйақы тағайындау және т.б.
- Превентивті әдіс - Криминологиялық тұрғыдан алғанда қылмыстың алдын-алу үшін, оның ішінде терроризмді, оны тудыратын себептерді жою керек.
Терроризмді алдын-алу үшін мемлекет барлық шаралар қолдануы тиіс. Олар айқын және қатаң контртеррористік заңдарды қабылдау, мемлекет тарапынан террористік әрекетке жауап қайтару, әлеуметтік шиеленістің ссебептерін жоятын шараларды қолдану, яғни оның салдарымен емес, себебін жою, террористік насихатқа-қарсы насихат жасау, барлау қызметінің тиімділігі және т.б.
Жоғарыда көрсетілген шаралар потенциалды террористердің террористік әрекетке баруына бөгет бола алады. Превентивті әдістерді функциясына қарап мынадай түрлерге белуге болады. 1)Террористік актіні болжау, 2)Террористік әрекеттен қорғау, 3)Террористікәрекетті болдырмау, 4) Терроризмді тамырымен жою, 5)Террористерді іздеу және табу, 6)-Оларды тәрбиелеу[5].
Қоғамдық өміріміздің барлық салаларына ене отырып, экстремизм қазіргі уақытта кеңінен қанат жайып, Қазақстанның егемендігіне, мемлекет тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігіне, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруде. Экстремистер дінді мемлекеттік жағдайды тұрақсыздандыру, конституциялық құрылымды құлату мақсаттарында қолданбақ болу жағдайлары да кездеседі.
Экстремизмнің кеңінен таралуы салдарынан қоғамның имандылық қағидаттарына, мәдени, діни, ұлттық құндылықтарына нұқсан келуде. Мемлекет, қоғам мен жеке тұлғалар үшін аса үлкен қауіп туғызып отырған бұл феномен заң ғылымдарының, оның ішінде криминология мен қылмыстық құқықтың зерттеу объектісіне айналуы орынды. Сондықтан экстремизмге әлеуметтік-құқықтық баға беріп, мазмұны мен көрініс табу нысандарын белгілеп, оның идеологиялық қайнар көзін, Қазақстан Республикасы аумағында пайда болуы мен белсенді түрде әрекет етуіне ықпал етуші факторларды зерделеу қажет.
Қазіргі уақытта экстремистік қылмыстардың ең маңызды және ерекше белгісі экстремистік қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтау деңгейінің, әсіресе, ұйымдасқан қылмыстық және экстремистік құрылымдар қызметін қаржылық негізде қосу есебінде, сонымен қатар халықаралық террористік және экстремистік ұйымдардың қаржылық көмек көрсетулері негізінде артуы болып табылады. Ал экстремистік әрекеттердің қарқындылығы оны қаржыландыру және материалдық- техникалық жабдықталу жағдайымен тікелей байланысты екендігін ұмытпаған жөн.
Экстремизммен күресу мемлекет деңгейінде, қоғамның әрбір мүшесінің қатысуымен, үлес қосуымен жүргізілетін кешенді шара. Экстермизм көріністерінің алдын алуға бұқаралық-ақпарат құралдарының алар орны ерекше. Олардың мазмұндылығы, сапалығы ешкімнің көңілінде талас тудырмайды.
Кез келген әлеуметтік құбылыс ретінде жалпы қылмыстылықтың оның ішінде экстремизге байланысты қылмыстардың дамуына ықпал етуші ішкі және сыртқы себептер бар. Сыртқы себептерге жаһандану, геосаяси факторлар, заңсыз көші- қонды жатқызамыз. Ішкі себептер ретінде елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік немесе ұлттық идеологияның жоқтығы, қоғамдағы отбасы институты рөлінің төмендеуі, білім беру жүйесіндегі кемшіліктер, рухани негіздердің өзгеруі, азаматтардың билік беделіне, заңға және қауіпсіздіктеріне деген сенімдерінің аздығы, азаматтардың діни сауаттылығының төмендігі мен адамдардың психологиялық денсаулық жағдайлары [6].
Жалпы экстремизм мәселесі әлемдегі көптеген мемлекеттері үшін ең өзекті болып табылады және бұл мемлекеттердің саяси және экономикалық даму деңгейіне қатысы жоқ. Әлемдік тәжірибеде экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, экологиялық және басқа да мақсаттарды шешу тәсілі ретінде әрбір қоғамда, мемлекетте жандана алады, соның ішінде экономикалық дамыған және саяси тұрақты елдер де бар. Экстремизмнің жандану себептері әр қоғамға және мемлекетке ерекше тұрғыдан әртүрлі болуы мүмкін. Жандану себептері субъективті және объективті жағдайларға тәуелді болады. Әлбетте экстремизмнің жандануы мен таралуының базистік шарттары бар және олар іс жүзінде барлық қоғамдар мен мемлекеттерге тиесілі.
Терроризм мен экстремизм әртүрлі көріністе көптеген елдер мен олардың азаматтарының қауіпсіздігіне барған сайын қауіп төңдіруде. Ол саяси, экономикалық, моралдык шығындар әкеледі, қалың көпшілікке күшті психологиялық қысым жасайды, жазықсыз адамдардың өмірін әкетеді.
Дегенмен, ешқандай керемет дамыған экономикалық және әскери қуат, ешқандай жоғары ақы алатын және жаңа заман технологиясымен жабдықталған арнайы қызмет органдары террорға қарсы тұра алмайды, егер де өздерінің туыстары мен жақындары, отбасы ошағының тыныштығын сақтауға мүдделі, өз Отанының патриоты болып табылатын жеке адамдардың көмегі болмаса. Біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігін қорғау - әрбір азаматтың конституциялық борышы. Бұл мәселені шешуге, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар көмектесуге міндетті. Сонымен қатар руханият, шығармашылық және ғылыми интеллигенция, Бұқаралық ақпараттар құралдарының позициясы да өте маңызды. Бейбітшілік және қауіпсіздік жағдайында демократиялық Қазақстанның әрі қарай өркендеудегі қажетті шарты ретінде экстремизм және терроризммен күресуі ғана емес, оған қоса, оны алдын алуға қатысты азаматтық позициясы болып табылады.
Терроризм мен экстремизмнің бар болуы және жандануының себептері әртүрлі болуы мүмкін. Біріншіден, халықтың басым бөлігінің кедейлігі мен пана таба алмауы. Екіншіден, терроризм және экстремизм құбылыс ретінде жандануы мен көрініс табуы мемлекеттің саяси жүйесінде орын алып отырған қарама- қайшылықтарды басқа тәсілдермен шешуге жол берілмегенде пайда болады. Ал террордың нысаны мен әдісі бұл жағдайда қамтылған билік саясатына қарсы әрекет ету құралы ретінде шығады. Одан басқа терроризм және экстремизм жандану себептерінің бірі, адамдардың әлеуметтік психологиясының қиындықтарында жасырынып отыр. Олардың көргенсіз санасында көп ғасыр бойы түрлі тарихи факторлармен түсіндірілетін, мысалы, ұлттық-этникалық немесе діни қудалау салдарынан әлемде теңдікті және әділеттілікті орнату мақсатында өзінің мықты қарсыласын қандай да бір дипломатиялық тұрғыда жеңе алмайтынын біліп, терроризмді бұл мақсатқа жету жолында күресу құралы ретінде таңдайды.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды http:// adilet.zan. kz/ kaz/ docs/ K950001000
- «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президент! - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1200002050
- Н.Еламанов «Экстремизм» жэне «терроризм» ұғымдарының арақатынасы. ҚР Заң шығару институтының Жаршысы. №1-2 (29-30), 2013. - 288, 289 б.
- Мұрат Л. Терроризммен күрестегі халықаралық ынтымақтастық маңызы, іске асыру тетіктері. Мемлекеттік басқару қызметі. Ғылыми талдау журналы. 3/2011. - 148-1506.
- ДүйсенбаеваГ.Ж., Сартаева LU.LU Халықаралық терроризм тенденциясы және онымен күресу әдістері. Қазақстанның ғылыми әлемі №3-6 (49-52), 2013. - 287-2886.
- Райбаев Д.К. Діни экстремизмге байланысты қылмыстарды ескертудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемалары. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Қарағанды, 2016. - 1636.