Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аймақтық қауіпсіздік кешені теориясының рөлі мен маңыздылығы

Жаңа əлемдік тəртіптің қалыптасуы жағдайында аймақтық қауіпсіздік мəселесінің ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеу маңызды болып саналады. Əдістемелік тəсілдер халықаралық қатынастардың жүйесіне, қауіпсіздік жүйесін құрылымдауға жəне олардың көпжақты элементтерін айқындауға қатысты жаңа анықтамалар мен бағыттарды ескеруді талап етеді. Мақала тақырыбының өзектілігі аймақтық қауіпсіздік кешені теориясының негізгі ережелерін салыстыра қарастырумен анықталған. Мақала авторлары əртүрлі мектептер мен бағыттардың шеңберіндегі парадигмаларды ескере отырып, тарихи ракурста аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тəсілдерінің арақатынасы мəселелерін қарастырған. Авторлар қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясы аймақтық қауіпсіздік мəселелерін зерттеу барысында маңызды болып саналады деген қорытынды шығарады.

Кіріспе

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің өзгеруі ХХ ғ. аяғы — ХХІ ғ. басында кең тараған аймақтандыру үрдісімен тығыз байланысты. Аталған үрдістердің шеңберінде қазіргі əлемдік саясаттың объекті жəне субъекті рөлін атқара бастаған жəне халықаралық қатынастар жүйесінде халықаралық жүйенің жаһандық деңгейі мен ұлттық мемлекет деңгейі арасындағы «орта» деңгейді иеленген жаңа акторлар — аймақтар халықаралық аренадағы маңызды орынға ие.

Сондықтан, халықаралық қатынастарды зерттеудің ерекше объектісі ретінде қауіпсіздіктің аймақтық құрылымына деген қызығушылық алдымен «қырғи–қабақ» соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесінің аймақтандыру сипатына ие болуымен анықталды. Аймақтық деңгейдегі негізгі шешімдерді қабылдаудағы аймақ дербестігінің қалыптасуы жəне жаһандық деңгейдегі шиеленсуші- ліктің төмендеуі ұлттық/аймақтық деңгейлердегі аймақтық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу мəселелерін өзекті етті.

Кез келген мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің табыстары өзінің ұлттық мүдделерін қалып- тастырудың нақтылығы мен анықтығына, сондай-ақ мемлекеттің осы мүдделерді іске асырудың жолдары мен құралдарын айқын түсінуіне де байланысты. Сыртқы саясатты қалыптастырудың ең негізгі факторларының бірі ұлттық қауіпсіздіктің барлық нысандары мен шарттарын қамтамасыз ету болып табылады.

Ең кең мағынада қауіпсіздік — бұл негізгі құндылықтарға төнетін қауіп–қатерден қауіпсіз болу жағдайы.

Əлемнің өзара тəуелділігінің өсуіне байланысты бұл проблема аймақтық жəне халықаралық қауіпсіздік шеңберінде одан əрі дамып келеді. Бұндай жағдайдағы алғышарт ретінде ұлттық мүдделерді іске асыру жəне халықаралық жағдайға əсер ету үшін мемлекеттің қуаты əскери күштен басқа экономикалық жəне ішінара экологиялық құрамдастарды қамтуы тиіс деген қағида орын алады. Қауіпсіздік мəселелерін қайта пайымдауға əсер еткен басқа факторлар да баршылық. Солардың бірі — жаңа технологиялар саласындағы революция. Нəтижесінде «егемендіктен тыс акторлар» деп аталатын, яғни халықаралық қатынастардың мемлекеттік емес қатысушылары бұрын қуаттары жетпеген қауіпсіздік саласында үлкен рөл атқаруға қабілетті болды. Бұл жағдай қауіп тек басқа мемлекеттен немесе олардың тобынан шыға алады деген қағиданы негізге ала отырып қауіпсіздік тұжырымдамасын құру — саясатты қалыптастыруда жеткіліксіз екендігін түсінуге алып келді. Ресейде, Израильде, АҚШ-та жəне басқа да елдерде террористік актілер мұны айқын көрсетті.

«Қауіпсіздік» ұғымын пайдаланғанда оған байланысты сұрақтарды нақтырақ қарастыру мақсатында қауіпсіздік құрамына кіретін түсініктерді ажырата білген жөн. Жалпы оларды екі негізгі

Корреспондент автор. E-mail: serstam@mail.ru (С.Б. Стамбулов) топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қызметіне байланысты қауіптердің функционалды түрлері жəне олардан қорғану құралдары жатады. Бұндағы қауіпсіздіктің түрлері: этномəдени, əлеуметтік-экономикалық, саяси, техногенді, ақпараттық, əскери, медициналық- биологиялық. Екінші топтағы түсініктер қарастырылатын объектіге байланысты: тұлғаның қауіпсіздігі, əлеуметтік топтың (діни, ұлттық) қауіпсіздігі, қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік, аймақтық қауіпсіздік жəне халықаралық (жаһанды) қауіпсіздік.

Осылардың ішіндегі «аймақтық қауіпсіздік» өзінің экономикалық, саяси жəне мəдени дамуының нысандары мен жолдарын егеменді түрде айқындау; əскери агрессияға, экономикалық жəне саяси диверсияларға қауіп–қатерлерге тойтарыс беру; сондай-ақ өздерінің ішкі істеріне араластырмау мақсатында əлемнің белгілі бір өңірлерінің елдері арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.

Зерттеу əдістері

Мақалада көтерілген мəселелерді зерттеу барысында теориялық таным əдістерінің ішінен эмпирикалық таным, жүйелеу, сонымен бірге салыстырмалы талдау əдістері қолданылды. Бұл əдістер аймақтық саяси үрдістердің қарама-қайшылығын, аймақтық жəне ұлттық саяси өмір компоненттерінің өзара байланысын ескере отырып, қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясының құбылыстарын қарастыруға мүмкіндік береді. Эмпирикалық таным əдісі нақты аймақтық саяси құбылыстар мен үрдістер немесе нақты бір мемлекеттің саяси үрдістері мен құбылыстары жөніндегі жаңа білім алудың құралы болды.

Сонымен қатар, қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясының даму тенденцияларын, əртүрлі субъективті жəне объективті факторлардың рөлін жан–жақты зерттеуге мүмкіндік берген жүйелеу əдісі қолданылды. Салыстырмалы талдау əдісінің негізінде аймақтық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясының негізгі ережелері мен тұжырымдарына талдау жасалды.

Мəселені талқылау

«Халықаралық (жаһандық) қауіпсіздік» ұғымы бейбітшілікті қолдау, əскери қақтығыстарды болдырмау жəне жою, мемлекеттерді, халықтарды олардың өмір сүру құқықтары мен егемендіктеріне қол сұғушылықтан қорғау мақсатында олардың ынтымақтастығымен айқындалатын мемлекеттер арасындағы қатынастардың жай-күйін білдіреді. «Халықаралық қауіпсіздік» бірыңғай жаһандық саяси кеңістік пайда болған кезде мүмкін болады. Қазіргі таңда құрылып отырған халықаралық қауіпсіздік жүйесі жалпы ғаламшарлық сипатқа ие жəне ұлттық, аймақтық пен жаһандық деңгейлерде жүзеге асырылады.

Халықаралық саясаттың жаһандық жəне аймақтық деңгейлерінің ұштасуы əрдайым халықара- лық қатынастар теориясындағы қиындықтардың бірі болды. Ғалымдардың көпшілігі өңірлік ерекше- ліктерді елемей жаһандық əлемдік саяси процестерге жұмылады немесе жалпы əлемдік жүйелік кон- тексті жете бағаламауға əкеп соқтыратын жеке бір өңірге ерекше көңіл бөледі. Жаһанды да, аймақтық та ерекшеліктерді дұрыс ескеретін толыққанды жүйені құра алған зерттеушілер саны аз [1, 13].

Бүгінгі таңда халықаралық саясаттың аймақтық өлшемін талдаудың неғұрлым тиімді əзірленген əдістемесі аймақтық қауіпсіздік кешендерінің теориясы (АҚКТ) болып табылады. Оның авторлары — Копенгаген халықаралық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдері болып табылатын британдық Барри Бузан (Barry Buzan) жəне даниялық Оле Вивер (Ole Weaver).

Олар «Аймақтар мен державалар: халықаралық қауіпсіздік құрылымы» атты кітабында АҚКТ туралы толық жəне түпкілікті түрде баяндаған. Теория ең алдымен қауіпсіздік мəселелеріне арналған болса да, оны тұтастай алғанда халықаралық саясатты талдау құралы ретінде де қарастыруға болады, себебі қауіпсіздік проблемалары халықаралық саясаттың өзегі болып табылады.

Бузан-Вивер теориясындағы ең басты орынды «секьюритизация» категориясы алады. Бұл — «нəтижесінде саяси қоғамдастықта қандай да бір процесті немесе субъектіні жоғары мəнді референттік объектіге экзистенциалды қатер ретінде интсубъективті қабылдауы құрастырылатын жəне осы қауіпті көрсету үшін кезек күттірмейтін жəне айрықша шаралардың қажеттілігі танылатын дискурсивті процесс». Қазіргі əлемде қорғауға жататын секьюритизацияның референттік объектілері ретінде көп жағдайда ұлт жəне мемлекет болып табылады. Алайда басқа да объектілер (адам құқықтары, қоршаған орта, дін жəне т.б.) референттік ретінде əрекет ете алады.

Осылайша қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер априори жəне объективті болмаса да, «өздігінен өздері» беріле салған жоқ. Əлеуметтік субъектілер оларды секьюритизацияның саяси процесі барысында құрастырады. Бірақ секьюритизацияны мүлдем негізсіз жəне кездейсоқ процесс ретінде де түсінуге болмайды. Оған бірқатар объективті жəне материалдық жағдайлар əсер етеді. Көршілес елді секьюритизацияға ұшырату қабілеті (яғни қауіп түрінде ұсыну) екі мемлекет арасындағы тарихи өшпенділіктің ұзақтығы мен қарқындылығына, олардың арасындағы күштердің арақатынасына жəне т.б. байланысты.

Секьюритизация процестерінің қарқындылық индикаторлары қарулы қақтығыстар, қару-жарақ жарысы, этникалық тазалау жəне басқа да төтенше шаралар болуы мүмкін. Əлемнің барлық өңірлерін екі негізгі топқа — қауіпсіздіктің əскери-саяси проблемалары басым (Шығыс жəне Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, едəуір дəрежеде посткеңестік кеңістік) жəне қауіпсіздіктің басқа секторлары басым (Солтүстік жəне Оңтүстік Америка, Еуропа) деп бөлуге болады [2, 8].

Қауіпсіздік саласындағы мемлекетаралық қатынастарды зерттеуде географиялық жəне саяси кеңістіктің орналасу мəселесі өте маңызды. Көп жағдайда халықаралық саясат субъектілердің географиясын түсінуінің нəтижесі болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттің шекара бойынша кіммен жəне қалай шектесетіні оның қауіпсіздік жағдайын бағалау үшін негізгі параметр ретінде дəстүрлі түрде əрекет етеді. Қуатын көрсетуде ерекше қабілеттері бар күштер үшін аймақтық сəйкестілік одан да маңызды болып көрінеді. Олар тек қана көрші мемлекеттерден туындайтын қатерлерді ғана емес, сонымен қатар белгілі бір кеңістіктегі арнайы бір мүдделерді, мəртебелер мен саяси ықпал дəстүрлерін секьюритизациямен сипаттайды.

Аймақ дегеніміз — екі немесе одан да көп мемлекеті бар жəне олар өзара арақатынасқа түсіп, бір-біріне мейірімділік немесе дұшпандық арқылы əсер ету үрдісімен анықталған өңір. Аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бұл екі əдісі де өңірдегі мемлекеттерді алаңдатады. АҚКТ-нің негізгі идеясы — географиялық нысандарда қауіпсіздіктің элементтерін топтастыру жолдары. Аймақтағы əр актордің қауіпсіздігі басқа акторлердің қауіпсіздігімен өзара байланысты. Деколонизациядан бері аймақтық қауіпсіздік үлгісі жаһандық саясатта маңызды бола бастағандығы расталды. Қазір аймақтар мен олардың қауіпсіздігі неғұрлым өздігінен басқарылатын, дербес жəне ықпалды болуымен сипатталады. Қақтығысушы аймақта жатқан елдер қақтығыстарға немесе соғысқа тікелей қатыспауы мүмкін, бірақ сонымен бірге олар халықаралық қатынастардың анархиялық табиғаты мен географияның арақатынасына байланысты қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін деп саналады. Енді жергілікті күштердің əрекет жасауға көбірек кеңістігі бар [3, 185].

АҚКТ басты тұжырымдамасы бойынша жаһандануға қарамастан, халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік мəселелерінің көпшілігі бұрынғысынша аумақтық сипатқа ие жəне олардың дəрежесі географиялық қашықтыққа тікелей байланысты болып келеді. Бузан мен Вивер «АҚКТ-бұл географиялық факторлар ең елеулі орталық орын алатын қауіпсіздік теориясы» екенін атап өтті. Көптеген мемлекеттер негізінен өз көршілерінің əлеуеті мен ниеттеріне байланысты алаңдаушылықты бастан кешіреді. Осыған байланысты қауіпсіздік саласындағы өзара тəуелділік қатынастары əдетте өңірлік кластерлер — «қауіпсіздік кешендерінде» шоғырланады. Бузан мен Вивер қауіпсіздіктің аймақтық кешенін (АҚК) «секьюритизация процестері жəне десекьюритизация процестерінің өзара тəуелділігінің жоғарылығына байланысты қауіпсіздік мəселелерін бір-бірінен бөлек талдауға немесе шешуге болмайтын акторлардың жиынтығы ретінде анықтайды».

Қауіпсіздік кешені ұлттық қауіпсіздікке байланысты мүдделері ортақ болып келетін, ұлттық қауіпсіздіктерін бір-бірінен бөлек қарастыру мүмкін емес екендігіне көздері жеткен мемлекеттер тобы ретінде анықталады. Қауіпсіздік кешені бəсекелестік пен өзара мүдделіліктің өзара тəуелділігін айрықша көрсетеді.

Мемлекет қауіпсіздіктің тірек нысаны болып табылады, ал мемлекеттік емес субъектілер өңірдің қауіпсіздік жүйесін айқындауда, өзгертуде, ықпалдауда жəне күйзелісте өзінің маңызды рөлін атқарады. Енді халықаралық қауіпсіздіктің күн тəртібі кеңейтілді жəне экономикалық, экологиялық, коммерциялық, энергетикалық қауіпсіздікті жəне т.б. қамтиды.

АҚКТ-нің негізгі тұжырымдамалары келесілерді қамтиды: сарапшылар мен мамандарға қарастырылып жатқан аймақты талдауға көмектесетін аналитикалық құрылғы, аймақтың орналасуы мен қалыптасуын толық түсінуге көмектеседі, оған эмпирикалық құбылыс береді, АҚКТ əртүрлі өңірлердің аймақтық қауіпсіздігін талдау жəне салыстыру үшін негіз береді. Бұл əдіс аймақтық қауіпсіздік динамикасының салыстырмалы тəуелсіздігі жергілікті жəне жүйелі түрде бөлінетіндей етіп жасалады.

АҚКТ аймақтық интеграцияға қатысты 1970-ші жылдардан бастап халықаралық қатынастарда қарастырылып келе жатқан регионализммен шатастырылмауы керек. «Аймақтар мен державалар» еңбегінде Бузан мен Вэвер бұрын халықаралық аймақтарды тұжырымдамалау əрекеттерін сəтсіз деп санайды.

АҚКТ өңірлік кешендердің əр қилы түрлері мен нысандарын ұсынады. Ең жалпы типологияға сəйкес мұнда стандартты жəне «концентрацияланған» АҚК-лар ерекшеленеді. Б. Бузан мен О. Ви- вердің айтуынша екеуінің негізгі айырмашылығы біреуінде осы аймақтағы қауіпсіздік қатынас- тарының серпіні оның орталығында орналасқан бір державамен анықталады жəне осы «орталық актордың» ерекшелігіне байланысты авторлар көрініс табуы мүмкін үш нысанды атап өтеді: қуатты мемлекетке — Ресей посткеңестік кеңістіктегі «концентрацияланған» кешеннің түрі; ұлы держа- ваға — АҚШ — Солтүстік Америкада; ақырында институтқа негізделген (институционалдық АҚК) — Еуропалық Одақ сияқты «концентрацияланған» кешендер түрлері бар [4, 159].

АҚК екі түрінде де анархиялық қарым-қатынастар сақталады, бірақ ол қатынастардың деңгейі əртүрлі. Стандартты АҚК-ларда құрылымдарындағы теңгерімге байланысты кешен құраушы- ларының егемендігі жоғары, ал «концентрацияланған» АҚК-ларда қатысушылар арасындағы қарым- қатынас «орталық актордың» іс-əрекеті арқылы, инстуционалды механизмдер көмегімен немесе классикалық күш көрсету саясаты арқылы реттеледі, бірақ қатысушылардың де-юре тəуелсіздігі сақталады.

Қауіпсіздіктің негізгі мүдделерін оқшаулау тұрақты сипатта болуы тиіс. Державаның тарихи жадымен жəне қалыптасқан қарым-қатынас практикасына негізделген оның қауіпсіздігі мүдделері тұрғысынан өңірді бағалау кезінде орнықты түрде аймақтық құрылымға тартылуы туралы айтуға мүмкіндік береді [3, 186].

АҚКТ конструктивистік жəне реалистік тəсілдерді кеңінен қолданады. АҚКТ-нің конструк- тивистік компоненті оның секьюритизация теориясына сүйенуіне, яғни сол немесе басқа проблемалар қауіпсіздік мəселелері мəртебесін алатын қоғамдық саяси процестерді талдауына байланысты. АҚКТ- да айқын геосаяси құрамдас бөлігінің болуы, негізгі халықаралық акторлардың (мемлекеттердің) аумақтылығына жəне олардың арасындағы күштерді бөлудегі полярлыққа екпіні оны реализммен жақындастырады. Алайда, жаһандық жүйе деңгейіне басты назар аударатын заманауи реалистік парадигманың ең ықпалды бағыты неореализмге қарағанда, АҚКТ халықаралық саясаттың аймақтық өлшеміне баса назар аударады. Бузан мен Вивер неореализмді халықаралық қатынастардың реалистік теориясын «геосаяси жəне тарихи нақтылықтан акторларды бір-біріне сəйкес жəне локалданбаған етіп анықтайтын, абстрактілі жүйелік теорияға қарай бұрып кетті» деп сынға алады. Олардың пікірінше, сол арқылы мемлекеттердің табиғи сипаты бойынша аумақтылығы жəне географиялық орналасу тұрақтылығы туралы халықаралық саясаттың базалық аксиомасы ескерілмейді.

Бузан мен Вивер аймақтық қауіпсіздік кешендері 1500 жылдан кейін, яғни əлемдік саясаттың жаһандық жүйесі пайда болғаннан кейін ғана қалыптаса бастағанын атап өтті. Осы кезеңге дейін қауіпсіздік динамикасы көптеген жергілікті жəне жеке жүйелер аясында өрбіді. Жаһандық жүйелік деңгей əлі болмағандықтан, бұл жеке жүйелер əлі де аймақтық ішкі кішігірім жүйелер болған жоқ, бірақ іс жүзінде олар тəуелсіз «əлемдер» болды.

Ғаламдық жүйенің пайда болуымен оған кірген АҚК өзінің дамуында үш сатыдан өтті: 1) модерн дəуірі — 1500–1945 жж. 2) қырғи қабақ соғыс жəне деколонизация — 1945–1989 жж. 3) қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейінгі кезең — 1990 жылдан қазіргі уақытқа дейін. Осы бес ғасыр ішінде жаһандық халықаралық жүйенің пайда болуымен қатар, үстемдік етуші саяси форма ретінде еуропалық типтегі егемен аумақтық мемлекет пайда болды жəне таралды. Сонымен қатар, ең қуатты бірнеше мемлекет шынымен де жаһандық ойын өткізіп, тіпті өзінің шалғай аймақтарға да өздерінің қуатын көрсетіп жатыр. Бірақ мемлекеттердің көпшілігі үшін халықаралық қауіпсіздік саясаты жақын көршілер шеңберімен, яғни аймақтық өлшеммен шектеледі.

Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін халықаралық саясаттағы аймақтық қауіпсіздік деңгейінің маңыздылығы арта түсті. Қазіргі заманғы аймақтық қауіпсіздік кешендерінің салыстырмалы дербестігі қырғи қабақ соғыс кезіндегі супер державалардың биполярлылығының қатаң құрылымынан түбегейлі ерекшеленеді. Сонымен қатар, қырғи қабақ соғыстың аяқталуы 1970 жылдардан бері байқалып келе жатқан қауіпсіздік мəселелерін əскери емес проблемалар мен акторлардың маңыздылығын арттыру бағытында өзгерту процесін жеделдетті [2, 9].

ХХІ ғасырдың басында халықаралық қауіпсіздікке сипаты жағынан жаңа қауіптердің жиынтығы қалыптасты. Тікелей бəсекелестіктен туындайтын, ең алдымен, ең қуатты əскери күштер мен олардың одақтары арасындағы «ескі» қауіп-қатерлер (мемлекетаралық ядролық қақтығысқа жəне кең көлемді соғысқа алып келу мүмкіндігі) артта қалды. Бүгінгі күні «ескі» қауіп-қатерлердің көпшілігі аса маңызды емес күйде деп айтуға болады.

Бүгінгі «жаңа» қауіп-қатерлерге халықаралық терроризм, жаппай қырып жою қаруларын тарату жəне оларды жеткізу құралдары, сондай-ақ ішкі қарулы қақтығыстар кіретін үштік кіреді. Оларға жақын орналасқан — «халықаралық қарулы интервенциялар» феномені, ол кейбір жағдайларда пайда болатын қатерлерді бейтараптандырушы рөлін атқара алады, бірақ басқа жағдайларда қауіпке айналады. Бұл қауіптер бұрын да болған. Бірақ ол кезде «ескі» қатерлердің өзектілігі жоғары болды. Соңғы жылдары «жаңа қауіптердің» басымдықтарының едəуір артуы ішкі потенциалдың дамуымен жəне осы қатерлердің əрқайсысының қауіптілігімен жəне олардың үйлесімімен түсіндіріледі.

Халықаралық қауіпсіздіктің жаһандық мəселелері аймақтық қауіпсіздік кешендерінде көбірек көрініс табуда. Бірақ олардың əлемнің əртүрлі аймақтарындағы көрінісі бірдей емес. Аймақтық процестерге сырттан əлемнің жетекші державаларының жоспарланған саясаты əсер етеді. Бірақ əлемнің белгілі бір аймағында негізінен немесе тек белгілі бір аймаққа тəн жергілікті проблемалар ерекше мəнге ие.

Тарих қарулы қақтығыстардың ықтималдығын олардың арасындағы қашықтыққа кері пропорционал екенін көрсетеді, қауіп-қатерлер көбінесе жақын аймақтарға тез тарайды. Жаһандану жəне ғылыми-техникалық революция бұл тұжырымның маңыздылығын едəуір төмендетіп жіберді, бірақ оны толығымен жойған жоқ.

Жетекші мемлекеттердің негізінен «жаңа» қауіп-қатерлерге қарсы тұруы үшін жеке аймақ істеріне араласу немесе оларға қатысу жүйесі əлі де өзінің қарқындылығына жеткен жоқ. Сондықтан аймақтардағы əлемдік саясаттың көптеген қатысушылары автономды болып келеді, бұл əртүрлі аймақтардағы процестерді біркелкі етеді. Сондықтан жаһандық қауіпсіздік мəселелерін (негізгі қауіптер, оларға қарсы тұру жолдары, кəдімгі қару-жарақтың орны мен рөлі, жаппай қырып-жою құралдары жəне т.б.) талдаумен қатар нақты аймақтардағы үдерістердің бірегейлігін назардан тыс қалдырмауы керек [1, 63].

Қорытынды

Қауіпсіздік саласындағы жаңа аймақтық үрдістерге деген жаһандық жəне жеке тəсілдердің арасындағы алшақтықтың орнын толтыру қажеттілігі аймақтық деңгейдегі қауіпсіздіктің жаңа концепцияларының пайда болуына себепші болды. Мұның ең құрылымдалған талпынысы Б. Бузан жəне О. Вивердің еңбектерінде өңделген қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясы болды. Бірақ аталған теория қауіпсіздікті қабылдаудың конструктивистік элементін ескергенімен, аймақтағы əскери стратегиялық үрдістерді талдауға бағытталып, əлемдік жүйенің трансформациялануы контекстінде пайда болған аймақты қалыптастыратын қауіпсіздік үрдістерінің толық жиынтығын көрсетпеді.

Қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясын жеке аймақ мысалында (талдаудың басқа батыстық емес аймақтарға экстраполяциялану мүмкіндігін ескере отырып) дəстүрлі емес қауіп–қатерлер тұрғысынан қайта ойластыру мүмкіндігіне ие. Бірақ, Б. Бузан жəне О. Вивердің қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясы аймақтық қауіпсіздік үрдістеріне талдау жасаудың бірден–бір ғана тұжырымдамалық құрылымдық талпынысы болып саналады.

Сондықтан, бұл теорияны жекелеген аймақтың шеңберіндегі жəне қауіпсіздіктің динамикасын жəне аймақаралық үрдістерді талдау үшін қолдануға болады. Демек, қауіпсіздіктің аймақтық кешені теориясына сүйеніп, белгілі бір аймақтағы аймақтық үрдістерді, қауіпсіздіктің қосымша аспектілеріне талдау жасау теорияның одан əрі қайта ойластыруын ескере отырып тұжырымдамалық түрде негізделген жəне дəлелденген деп айтуға болады.

Б. Бузан мен О. Вивердің аймақтық қауіпсіздік кешендерінің теориясы кейбір түзетулерді ескере отырып, аймақтық халықаралық саяси процестерді жəне олардың жаһандық контекстпен байланысын талдауға көмектесетін қуатты əдіснамалық құрал болып табылады деген тұжырым шығаруға болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Современная международная безопасность: учеб. пос. / В. М. Кулагин. — М.: КНОРУС, 2012. — 432 с.
  2. Лукин А. Л. Теория комплексов региональной безопасности и Восточная Азия / А.Л. Лукин // Ойкумена. Регионоведческие исследования. — 2011. — № 2(17). — С. 7–19.
  3. Эйвазов Дж.А. Теория региональных комплексов безопасности в изучении политической системы постсоветского пространства / Дж.А. Эйвазов // Национальная безопасность России в глобализированном мире: состояние, вызовы, риски и механизмы устойчивого развития: Сб. тр. междунар. науч. конф.:[B 2 ч.]. / под общ. ред. проф. В.П. Шалаева. — Йошкар- Ола: Поволж. гос. технол. ун-т, 2015. — Ч. 1. — 410 с.
  4. Эйвазов Дж.А. Секьюритизация и региональная активность держав на примере политики России в Украинском кризисе / Дж.А. Эйвазов // Международные процессы. — 2017. — № 4. — С. 156–173.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.