Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет: өзара əрекеттестік жəне өзара ықпал шектері

Мақалада əртүрлі елдердегі дамудың жалпы заңдылықтарының болуын негіздейтін, жаһандану үдерістерін дамытушы жағдайындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара əрекеттестігі мен ықпалдасу мəселелері қарастырылған. Билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара əрекеттесу ымыраға қол жеткiзуге бағытталады. Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершілігiн бөлiседi. Мақалада өз өмірін өз бетімен қалыптастыратын, саяси жəне əлеуметтік реформаларға белсенді атсалысатын тұлғаның қалыптасуына ықпал етуші азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өзара əрекеттестік жəне ықпал шектерін белгілеу мəселелері ашылған. Бұл мəселені қарастыру қажеттілігі азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өзара ықпалының жəне өзара əрекеттестігінің шекараларын ғылыми-теориялық жəне ғылыми-тəжірибелік тұрғыдан қарау болып табылады. Жаһандану үрдістерін зерттеу мемлекет жəне құқық теориясының жалпы ғылыми жəне жеке ғылыми əдістерін, арнайы құқықтық əдістерді, функционалдық-құқықтық, тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, тұжырымдамалық əдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу нəтижесінде мемлекет пен азаматтық қоғам өкілдерінің ашық диалогына, азаматтық қоғам институттары мен құқықтық мемлекеттің белсенділігіне, олардың өзара əрекеттесуінің мақсаттары мен міндеттерін анықтауға қатысты қорытындылар жасалған. Бүгінгі күні Қазақстандағы азаматтық қоғам институттары үшін өзін-өзі ұйымдастыру, қоғамдық бақылаудың механизмдерін қалыптастыру жəне дамыту, билік органдарымен мазмұнды өзара əрекет ету диалогын жүзеге асыру қажет.

Кіріспе

Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі əлемнің жаһандану дəуірінде мемлекеттің өмір сүруінің басты мақсаты халықтың сұранысын қанағаттандыру десек, ал оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптасу ісіне қазақ ұлтының тарихи ой-санасымен саяси мəдениетінің озық үлгілері қызмет етуі шарт. Азаматтық қоғам бір мезетте өздігінен қалыптасатын қоғам емес. Кейде азаматтық қоғам кез-келген адам қоғамымен немесе мемлекетпен анықталады. Нəтижесінде бұл құрылымдардың ерекшелігі жоғалады. Бұл азаматтық қоғамның өзін, оның қалыптасу жолдары мен мүмкіндіктерін түсінудің қажеттілігін айқын көрсетеді. Осы тақырыпты ашу теориялық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да маңызды. Бізді бұл тақырып теориялық тұрғыдан көбірек қызықтырды, өйткені болашақ заңгер үшін заңның үстемдігін жүзеге асыру мүмкіндіктерінің негізделген базасын білу қажет. Бүгінгі таңда мемлекет, қоғам жəне жеке тұлға арасындағы құқықтық қатынастардың сипатын түбегейлі өзгерту туралы мəселе туындап отыр. Бұл сұрақ көптеген проблемалар тудырды. Кез-келген қоғам нақты белгіленген жəне нақты мақсаттарға, өмір сүрудің ғылыми негізделген моделіне сүйене отырып, сəтті дами алатындығы белгілі.

Азаматтық қоғам — бұл қоғамдық-саяси өмірдің мемлекеттік емес бөлігі; бұл адамның саяси белсенділігі, жеке адамның жəне əлеуметтік топтар мен бірлестіктердің əртүрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру жəне іске асыру жағдайларын қамтамасыз ететін əлеуметтік қатынастардың, ресми жəне бейресми құрылымдардың жиынтығы. Адам тұлға ретінде, бостандыққа жəне өзінің табиғи құқықтарын жүзеге асыруға ұмтылады. Бірақ адам əлеуметтік болмыс ретінде қоғамнан тыс, əсіресе мемлекеттен тыс жерде өмір сүре алмайды, сондықтан мемлекет пен үкімет оның табиғи құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Азаматтық қоғам дегеніміз, адамның бір жағынан мемлекетке өз құқықтарын өз еркімен беруін, екінші жағынан, өз билігін жүзеге асыратын азаматтардың мүдделеріне мемлекеттік биліктің шектелуін білдіреді.

Еуропа елдерінің тарихына үңілер болсақ, азаматтық қоғам екі жолмен қалыптасқан: мемлекеттің қатысуымен жəне мемлекеттің қатысуынсыз. Мемлекеттің қатысуымен заңдар қабылданады жəне жарияланып, демократиялық жүйе дамиды. Мемлекеттің қатысуынсыз қоғамдық- саяси қозғалыстар мен бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғам қалыптастыру ісіне жұмыла кіріседі. Қазіргі кезеңде елімізде əртүрлі əлеуметтік институттар өмір сүргенімен, олардың барлығы бірдей мемлекет институттарына тиімді əрекет ете алмайды. Азаматтық қоғамда жеке тұлғалар өзін- өзі таныту мүмкіндігіне ие болып, «адам — қоғам — мемлекет» үштігінің пропорционалды түрде даму үрдісін жылдамдата түседі. Мұндай үрдіс елдің экономикалық-саяси дамуы мен халықтың əл- ауқатының, мəдениеті мен сана-сезім деңгейінің артуымен бірге орнайтын құбылыс болып табылады. «Адам — қоғам — мемлекет» үштігінің дамуы азаматтардың өз жүріс-тұрысын жеке мүдделеріне негіздеп, əрбір əрекетіне жауапкершілікпен қарау санасын жетілдіре түседі.

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам ұғымы заң ғылымдарында тұтастықта, жұп құбылыстар ретінде, пайда болуы мен қалыптасуы барысында бірін-бірі өзара анықтай отырып жəне өзара негіздей отырып қарастырылады. Қызмет етуі мен дамуы барысында олар тығыз байланыста жəне өзара əрекеттестікте болады, өзара қарым-қатынастар бірлігімен көрініп отырады. Олардың арасындағы перманентті қайшылықтар кейбір жағдайларда дау туғызуы да мүмкін, ол дамыған құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам арасында бейбіт, мəдени, құқықтық механизмдер мен құралдар арқылы шешімін табады [1; 31].

Мақаланың негізгі мақсаты азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы өзара толықтыратын байланыс, яғни билік құрылымдарының шексіз күштілігі саяси-құқықтық жағынан белсенді, өз өмірін өз бетімен қалыптастыратын, саяси жəне əлеуметтік реформаларға белсенді атсалысатын қазақстандық тұлғаның қалыптасуына ықпал етуші азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өзара əрекеттестік жəне ықпал шектерін белгілеу болып табылады. Аталған мақсатты қарастырудағы қажеттілік заманауи жаһандану үрдістеріндегі азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің əрекеттесуі жəне ықпал шектерін ғылыми теориялық тұрғыдан да қарастыру болып отыр. Азаматтық қоғамды өзі қалыптастырған жəне оның өмір сүруін қамтамасыз ететіні мемлекет, іс-əрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өз уысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам ықпалы бəсеңдесе, мемлекет атынан əрекет етуші мемлекеттік аппарат басып жаншитын, жыртқышқа айналатындығында айта кету керек. Қоғамның барлық саласына араласып, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін баратындығы кəміл. Сондықтан да, олардың өзара əрекеттестік пен өзара ықпал шектерін қарастыру оқырман қауымның қызығушылығын туғызады жəне зерттеуіміздің объектісі ретінде қарастыруды ұсынамыз. Зерттеу пəні болып отырған құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның ықпалдасу мен əрекеттесу шектерін айқындауда келесідей міндеттерді орындау керек:

  •  азаматтық қоғамға саяси- құқықтық талдау жасау;
  •  құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның ұйымдасқан нысаны ретінде қарастыру;
  •  азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің əрекеттесуі мен ықпалдасу шектерін айқындау.

Теориялық негіздер мен əдістер

Мақаламыздағы зерттеу бағытының əдістемесінің негізін салыстырмалық үрдістер тəжірибесіне сүйене отырып қарастыратын, мемлекет жəне құқық теориясының жалпы ғылыми жəне жеке ғылыми əдістерінің жүйесі құрайды. Сонымен қатар, жалпы философиялық, танымдық-ақпараттық, мазмұнды-анықтамалық, тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, нəтижелеу əдістері қолданылды. Зерттеудің теориялық негізіне З.М. Черниловский, К.С. Гаджиев, Г.Г. Ақмамбетов, А.А. Матюхин, М.Т. Баймаханов, В.С. Нерсесянц, Л.С. Мамут, Е.М. Смагуловтардың ғылыми еңбектері мен мақала авторларының ғылыми жұмыстары алынды.

Нəтижелер

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара əрекеттестігі қоғамның əлеуметтік өмірінің дамуындағы маңызды фактор болып табылады. Мемлекет пен қоғам өзара тығыз қарым-қатынаста болады, бір-бірінсіз жүйе болып саналуы да мүмкін болмайды. Мемлекеттің арқасында халық бірлестігі өркениетке кіріп, қоғамға айналады. Мемлекет қазіргі қоғам өмірінде маңызды рөлді атқарады. Қазақстан демократиялық жəне құқықтық мемлекет, сонымен қатар дамыған азаматтық қоғамның өтпелі кезеңін бастан кешіруде. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізгі атрибуты десек те болады. Ең алдымен азаматтық сана-сезімнің жоғарғы деңгейінің қалыптасуы жəне тұлғаның еркін танымының алғышарттары демократиялық қоғамды шынайы негіздейді, ол мемлекет пен қоғам қарым-қатынасын өзгертеді. Бұл ұмтылыс құқықтық түрде бекітіледі, соның негізінде мемлекет қоғамның бір жүйесі ретінде анықталады. Заң күші мемлекеттен жоғары болғанда ғана мемлекет құқықтық болып табылады. Мемлекет феноменін, оның жүйесі мен құндылығын, құрылымының қағидалары мен тиімді функцияларының механизмін, даму сатылары мен рөлін зерттеу қазіргі таңда адамзаттық қоғамды ұғынумен, оны басқаруда, əлеуметтік субъектілердің құқықтық өмірі мен саяси жетілу мəселесінің өзара байланысы мен өзара түсіністігі, сондай-ақ, билікті кешенді зерттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Азаматтық қоғам қызметінің тиімділігінің басты шарты азаматтар мен мемлекет арасындағы осындай келісімнің еріктілігі жəне өзара түсінушілігі болып табылады. Қазіргі саяси ғылымда қоғам саяси биліктің негізгі институты ретінде азаматтық қоғам мен мемлекеттің үйлесімі ретінде қарастырылады.

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам — бір əлеуметтік-тарихи құбылыстың екі жағы — дамыған индустриалды жəне постиндустриалды қоғам деуге болады.

Біріншісі нысанды, ал екіншісі мазмұнды білдіреді. Нысан ретінде мемлекет азаматтық қоғамның мүдделерін көрсетеді; оның əрі қарай дамуы мен жұмыс істеуі үшін құқықтық жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, бұл азаматтық қоғам мүдделеріне жауап береді, оларды заңды тəртіппен қорғауға кепілдік беріледі. Мемлекет, сайып келгенде, азаматтардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру құралы болып табылады, онсыз азаматтық қоғамның болуы мүмкін емес.

Көптеген өркениетті елдерде азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет түсінігі мен олардың өзара ықпалдасу шектері жайлы ресми доктриналар мен заңнамаларда кеңінен қолданылып келеді. Құқықтық жəне саяси ғылымдардың ең басты жетістігі құқықтық мемлекет концепциясында көрініс тапқан азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамытудың басты қадамдары жайлы болып отыр. Азаматтық қоғам ұғымы құқықтық мемлекет ұғымына қарағанда əлде қайда кейін қалыптасқан түсінік. Негізінен азаматтық қоғам ұғымы ХІХ ғасырда қоғамдық өмірге мемлекеттің араласуына жəне жаңа əлеуметтік қатынастар жағдайындағы биліктің өзімшілдігіне қарсы салмақ ретінде қалыптасты. Жаһандық даму бастамасында жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңа саяси ойлау аясында біріктіре отырып, Қазақстан қоғамы заманауи демократиялық құқықтық мемлекет құруды оның дамуының негізгі мəселелерінің бірі ретінде азаматтық қоғамды қалыптастыру қажеттілігін жариялаған болатын.

Осыған байланысты азаматтық қоғамның қалыптасуы мемлекеттің бүкіл қоғамдық өмірін демократияландыру жəне заңдастыру жолындағы реформалардың сəттілігінің алғашқы жəне маңызды шарты болып табылады.

Толыққанды азаматтық қоғам болмаса, құқықтық мемлекет идеяларын қалыптастырып дамыту сəттілігі болмайтындығын жəне біздің ел үшін адамдар бұл жаңа идеялардың мəнін түсінбейді немесе түсіндірудің өзіндік қиындықтарына ұласатындығын ескеру керек болды.

Мемлекет жəне қоғам — бұл өз өмірінде болмыстың екі үлгісі ретінде, яғни бір-бірінсіз өмір сүрмейтін немесе бір-біріне ықпал ету арқылы ғана өмір сүре алатын құбылыс.

Бұл азаматтық қоғамның туындысы жəне оның мақсаты — оған жұмыс істеу қажет. Мемлекеттің мəні қоғамға үстемдік етуде оның өзгеріссіз тартылуына мемлекеттің теңгерімі болып табылады. Елдің демократиялық деңгейі азаматтық қоғам дамуының дəрежесіне байланысты.

Құқықтық мемлекет — адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, мемлекеттік билікті құқық көмегімен шектейтін, құқық қағидаларға негізделген саяси ұйым. Ата-бабамыз аңсаған еркіндік-гуманистік бастауларды, əділеттілікті бекітуге арналған əлеуметтік құндылық, сонымен бірге жеке тұлға бостандығын, ар- ожданы мен намысын қамтамасыз етудің құралы, халықтық биліктің өмір сүруі нысаны десек қателеспейміз.

Адамдардың құқықтарын жəне бостандықтарын толық қамтамасыз ету, құқықтық мемлекеттің басты мақсаты, ал осы мақсатқа жетудегі басты құрал — мемлекеттік билікті құқықпен байланыстыру əрекеттері болып табылады. Осы əрекеттер құқықтық мемлекеттің қағидалары арқылы жүзеге асады. Құқықтық мемлекет қағидалары:

  •  құқықтың үстемдігі;
  •  биліктің бөлінуі;
  •  адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарының барынша толық қамтамасыз етілуі;
  •  азаматтық қоғамның болуы;
  •  мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.

Құқықтық мемлекет мазмұнында жатқан құқық құндылығы азаматтық қоғам арқылы анықталады. Аталған құқықтық құндылық, азаматтық қоғамның жағдайына, өмір салтына, азаматтық қоғамды құрайтын жеке тұлғалардың табиғи құқықтарына сəйкес келген жағдайда ғана, əділетті деп танылады. Сондықтан да, құқықтық мемлекетке бағытталған жолды заңның əділдігінен, құқықтық заңнан бастаған жөн. Құқықтық мемлекет қоғам қалауындағы əділеттілік мемлекеті болуы тиіс.

Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның саяси нысанда ұйымдасқан көрінісі ретінде қалыптасып қолдау табуы қажет. Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам бір-бірін толықтыратын, бір-бірін анықтайтын ұғымдар жəне бір-бірінің қалыптасып, дамуының алғышарты болады. Олардың мəні ортақтастығымен сипатталады. Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам идеяларының өзегінде адамның өмірі тұрады. Себебі, адамның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерінің жүзеге асуын қамтамасыз ету жəне оларды қорғау — құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның мақсаты.

«Азаматтық қоғам — табиғи жəне жеке құқықты реттеудің кеңістігі, объектісі, аймағы болуы керек. Құқықтық мемлекетте позитивті жəне көпшілік құқығының басымдылығы танылады. Бұндай бөліністің шарттылығын да ескерген жөн. Азаматтық қоғам позитивті құқықты, мемлекетпен қабылданған заңдарды елемеуі мүмкін емес, өйткені заң шығару органдарына өздерінің өкілдерін жібереді, олар жеке құқық заңдарын да қабылдайды» [2; 285].

Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекеттің өзара қатынасы белгілі бір дəрежеде көпшілік құқығы нормаларымен реттеледі. Олардың көмегімен мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, азаматтық қоғамның көптеген институттарын қорғауды жүзеге асырады.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет идеялары салыстырмалы негізде бір мезгілде пайда болады. Олардың ара қатынасын анықтау барысында заңгер-ғалым З.М. Черниловскийдің көзқарасы бойынша мынадай шарттарға назар аудару қажет:

  1. азаматтық қоғам мемлекетке дейін жəне одан тыс өмір сүрмейді;
  2. мемлекет азаматтардың əл-ауқатына жəне олардың мақсатын жүзеге асыруына қажетті қамқорлық көрсетеді;
  3. азаматтық қоғам мемлекеттен өмірді, денсаулықты, қауіпсіздікті талап етуге құқылы;
  4. мемлекетке топтардың арасындағы қайшылықтарды шешуге қажетті əлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру міндеті жүктеледі;
  5. мемлекеттің сыртқы саясаты мен қорғаныс қуаты қоғамның өмір сүруіне жəне өзге халықтармен материалдық жəне рухани жақындасуын қамтамасыз етеді [3;129].

Аталған көзқарасты қарастыра отырып, бұл идеядағы мемлекеттің басымдылығы орын алғанына жəне азаматтық қоғамға жеткілікті құқықтық баға берілмегенін айтуымызға болады. Дəл осы тұжырымды жоққа шығарғысы келгендей автор мынандай түсіндірме жасайды: «Қоғам мен мемлекет өзара əрекеттестікте болуға, мемлекетке жəне оның мекемелеріне... қатысты жоғарғы егеменділігін сақтай отырып, оның саясатына əсер етуге тиісті», — деп жазады [4; 11]. Мұндағы көзқарас бойынша азаматтық қоғамның мемлекетке қатысты қарастырғанда «жоғарылық тəуелсіздігі» барлығы танылады жəне бұл біздің көзқарасымыз бойынша дұрыс деп түсінеміз.

Азаматтық қоғам «жоғарыда» отырғандардың нұсқауымен немесе белгілі бір саяси шешім қабылдау арқылы құрыла салатын ұйым емес. Оның қалыптасуы мен дамуы керісінше, азаматтардың саяси белсенділігі негізінде ортақ мүдделерді ұйымдастырып, бірлестіктер мен ұйымдарға бірігуі негізінде «төменнен жоғары» қарай жүретін күрделі саяси үрдіс. Қазақстандағы азаматтық қоғамның пісіп-жетілмеу немесе дамымай отырғанының себебін біреулер, əлеуметтік-мəдени алғышарттарының толық қалыптаспағанында десе, екіншілері батысқа еліктеушіліктің əсерінен деп пайымдайды. Заманауи Қазақстанда тіке байланыстар мен қатынастар көлбеу азаматтық байланыстар мен қатынастарға қарағанда басым жатқанын байқауға болады. Азаматтық қоғам негізінен көлбеу байланыстар тіке байланыстардан басым болған жерде дамитындығын əлемдік тəжірибе көрсетіп берді. Қоғамның саяси жүйесіндегі тіке байланыстар, мемлекеттік билік органдары мен халық бұқарасына дейінгі аралықты қамтып, иерархиялық сатылы сипатта жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай өрбіп отырады. Нəтижесінде азаматтар өздерінің мəселелерін ұжымдық тұрғыда өзара ынтымақтасып шешуге жүгінбейді, жоғарыдан қабылданатын шешімдерге алақан жайып, мойын ұсынады. Көлбеу байланыстар болса, мүдделес əлеуметтік қабаттар ауқымында өрбитіндіктен, азаматтарды белгілі бір қауымдастықтарға ұйыстыруға ықпал етеді. Бұл түрлі ассоциациялар, қоғамдық қорлар мен ұйымдар, үкіметтік емес құрылымдар түрінде көрініс табады.

Азаматтық қоғам институттарының дамуы үшін мемлекет бұл үрдістің жасампаздық сипатта жетілуіне, азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар, қолдаулар жасап отыруы қажет. Яғни, үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің мемлекеттік тұжырымдамасы жасалып қана қоймай, Президент жанындағы демократия жəне азаматтық қоғам мəселелері жөніндегі ұлттық комиссияның өкілеттігін кеңейтіп, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен оның институттарын шынайы дамыту мемлекеттік саясаттың бір тармағына айналуы тиіс. Мұндай кешенді іс-шаралар Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген мұратқа сай құқықтық мемлекет жолында дамуына игі ықпалын тигізетініне сенімдіміз.

Азаматтық қоғамның атқару билігімен өзара əрекеттестігі кейбір қиындықтар тудырады. Сыбайлас жемқорлықтың теріс ықпалын атамағанда, өзге де бюрократиялық сорақылықтар жеткілікті десек болады. Оның теріс ықпалын тіпті жоққа шығару мүмкін емес, дегенмен де оны тежеулетудің мүмкіндігі бар. Аталған мүмкіндіктер қатарына азаматтық қоғамның құқықтық жүйесін жəне құқықтық мемлекетті, құқықтық сана мен құқықтық мəдениетті, құқықтық білім беруді дамытуды алуымызға болады. Академик М.Т. Баймаханов былай деп атап көрсетеді: «этатистік мемлекет диктатқа, қоғамды қатаң бақылауға алуға жүгіне отырып, оның ісіне араласады да, азаматтық қоғамға айналуына кедергі келтіреді. Этатизмнің тамырын жою жəне мемлекеттіліктің құқықтық бастауларының пайда болуы азаматтық қоғам құруға ықпал етеді, ол өз алдына құқықтық мемлекет құрудың жеделдетілген процесінің маңызды материалдық алғы шарты болып табылады» [5; 49]. Аталған екі факторды (азаматтық қоғамның қалыптасуы мен құқықтық мемлекет құруды) бір-бірінен ажыратуға болмайды, себебі олар органикалық байланыста, бір-біріне жағымды жағдай тудырады [6; 98]. Демократиялық қоғам қағидасына қайшы келмейтін этатизм қағидасын елімізде дұрыс қолдану мемлекетке барынша тиімді түрде қоғаммен əрекеттесуіне мүмкіндік береді.

Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың басты қадамы алдымен адамдардың сауаттылықтарын арттыру қажет. Себебі азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің əлқиссасы адам мен азамат ұғымдары жəне оның түп қазығы болып табылады. Билікті ұсыну демократиялық қоғамның басты өлшемі, өз өмірін шынайы басқаруға мүмкіндік алған халық уақыт өте келе өзара қатынас нормаларын қалыптастырып санасына сіңіреді. Құқықтық мемлекет шынайы азаматтық қоғамды қалыптастырудың екінші түбегейлі болашақ фундаменті болып табылады.

Нағыз дала демократиясының негізін қалыптастыруымен ерекшеленетін елімізді өзгерістерге жетелеудің қайнар көзі жəне бастаушысы мемлекеттік билік болып отыр. Бұндай жағдайда мемлекеттік емес институттардың өзін-өзі шектеуі, мемлекеттің басым рөліне мойынсұнуы орын алады. Сондықтан қоғамдық мүддені жоғарғы билікке жеткізудің нысандарын, механизмін, анықтау маңызды жəне оны шешу оңай болмай отырған мəселелер қатарында тұр.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет туралы əлеуметтік, саяси, құқықтық жəне философиялық ой–пікірлер ұзақ эволюциядан өтті. Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекет туралы тарихта көптеген ойшылдардың құнды теоретикалық мұрасы да қалғаны бəрімізге аян. Осы ойларды қорыту арқылы адамдар қоғамының белгілі бір идеалды бейнесі ретінде дүниеге келеді. Осы идеалды бейнені ғылыми тұрғыдан терең жəне жан-жақты зерттеп, нақты болмыста жүзеге асыру қажет.

А. Матюхиннің көзқарасы бойынша, «батыс мемлекеттерінде заң мемлекет пен саяси институттардың күрделі өзара əрекеттестігінің нəтижесінде пайда болса, Қазақстанға легизм немесе мемлекеттің автолегитимділігі арқасында яғни, автолегитимділік тəн деп қарастырады. Əлеуметтік əділеттілік талаптарына сүйене отырып, қабылданған заңдардың құқықтық сипатын даулаудың ешбір мысалы жоқ» [7; 150].

Жоғарыда куə болғанымыздай, азаматтық қоғам сүйенетін табиғи құқық презумпциясы туралы тұжырымдар дамып Қазақстанда да өз жақтастарын табуда. Құқық — бостандық өлшемі болса, азаматтық қоғам əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне құқықтық құндылық болып табылады.

Азаматтық қоғамның болуы құқықтық мемлекеттің келесі бір белгісі екенін баршамыз да түсінеміз. Құқықтық мемлекет заңдылық арқылы азаматтық қоғамның қалыптасуы жəне тіршілік етуі үшін қолайлы жағдайлар жасайтын қоғамның саяси ұйымы. Ал, азаматтық қоғам — əрбір азаматтың жəне олардың бірлестіктерінің шығармашылық, еңбектік жəне рухани əлеуеттерін еркін түрде жүзеге асырулары үшін қалыптасқан, əлеуметтік институттар мен қоғамдық байланыстар жүйесі. Құқықтық мемлекет, өзінің азаматтарына халықтың көбісі қалайтын қоғамды таңдауға жəне оны құруға мүмкіндікті толық қамтамасыз етуге міндетті.

Азаматтық қоғам — рухани жəне материалдық қажеттіліктермен мүдделерді қанағаттандыру үшін түрлі ассоциацияларға, одақтарға жəне бірлестіктерге еркін түрде біріккен еркін субъектілердің арасындағы экономикалық, рухани, мəдени, өнегелік, діни жəне т.б. алуан түрлі қарым-қатынастардың жүйесін білдіреді. Азаматтық қоғам өзін-өзі басқару жəне реттеу қағидасына негізделіп, өзінің салттары, адамгершілік нормалары жəне құқықтық нормалар арқылы қорғалады.

Азаматтық қоғамды теоретикалық зерттеу барысында оның мəнінің екі негізгі түсініктемесі берілген. Біреулері оны социумның белгілі бір жағдайын суреттейді дейді. Онда азаматтық қоғам мемлекеттің ерекше типімен сəйкестендіріледі, бұнда жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары заңдылық қамтамасыз етілген жəне саяси қорғалған, сондықтан ол «өркениетті» азаматтық қоғам деп саналады.

«Азаматтық қоғам» термині ерекше мазмұнға ие жəне қазіргі мағынасында қоғамның нақты бір тұрпатын, қалпын, сипатын, оның əлеуметтік–экономикалық, саяси жəне құқықтық табиғатын, даму жəне кемелдену дəрежесін білдіреді. Басқаша айтқанда, осы түсінік арқылы тарих тəжірибиесімен қалыптастырылған өлшемге сəйкес келетін өркениетті қоғам анықталады.

Азаматтық қоғамға құқықтық əдебиетте жəне баспада берілетін анықтамалар сан алуан түрлі. Ресейлік философ К.С. Гаджиев келесідей анықтаманы жəне түсініктемені ұсынады: «Азаматтық қоғам дегеніміз əлеуметтік, мəдени жəне рухани салалардың əрекет етуін, олардың қайта өндірілуін, ұрпақтан ұрпаққа өтуін жəне өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйе, жеке индивидтердің жəне олардың ұжымдарының жеке жəне ұжымдық мүдделері мен қажеттіліктерінің жүзеге асуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекетке тəуелсіз, жеке дербес қоғамдық институттар жəне қатынастар жүйесі. Осы мүдделер мен қажеттіліктер жанұя, шіркеу, білім беру жүйесі, ғылыми, кəсіби бірлестіктер, ассоциациялар, ұйымдар жəне т.б. арқылы көрінісін тауып жүзеге асады. Жалпы, азаматтық қоғам жеке индивидтердің жеке мүдделері, қажеттіліктері жəне т.б. саласымен теңестіріледі» [8; 28]. «Азаматтық қоғам — меншік иелері болып табылатын еркін субъектілердің жəне олардың бірлестіктерінің өзіндік мүдделерінің ерекше саласын құрайтын мемлекеттен жəне саясаттан тыс қатынастардың (экономикалық, əлеуметтік, мəдени, өнегелік, рухани, корпоративті, жанұялық, діни) жиынтығы» [9; 77].

Баспада жəне құқықтық əдебиетте тарихи қалыптасқан «азаматтық қоғам» түсінігі өзінің мағынасына сай келмейтіндігі туралы пікірлер айтылады. Қоғам мен мемлекеттің айырмашылығын жəне сəйкестігін қарастырғанда оны «азаматтық қоғам» деп түсіну қашанда теріс ұғым болмақшы.

В.С. Нерсесянцтың пікірінше, «азаматтық қоғам — азаматтардың (саяси субъектілердің) қоғамы емес, керісінше жеке мақсаттардың жəне мүдделердің иегерлері болып табылатын жеке тұлғалардың қауымдастығы. Азаматтардың қауымдастығы дегеніміз, саяси қауымдастық, яғни мемлекет (саяси мемлекет) болып табылады, ол қоғамнан (азаматтық қоғамнан) өзгеше» [10; 56].

Сонымен қатар, азаматтық қоғамды мемлекеттен тысқары, бөлек өмір сүретін адамдар ұйымы деп түсінудің де бар екенін айтуымыз керек. Қалай болса да, азаматтық жəне мемлекеттік бір-біріне қарсы түсініктер емес, керісінше осы екеуі мəні бойынша бір мағынаны — яғни, əлеуметтік сипаты қоғамның көпшілік билікпен реттелгендігін білдіреді. Азаматтық түсінігінің өзі, мемлекеттік түсініктен басталады жəне оны мемлекеттен бөлектеп қарастыру мүмкін емес.

Ресейлік құқықтанушы Л.С. Мамуттың ойынша, «социумның ұйымдасу жəне тіршілік ету тəртібін нақты түсіну үшін ғылыми айналымнан азаматтық қоғам түсінігін бірте-бірте алып тастап, қоғам болмысының мемлекеттік емес модусын шынайы табиғатына сəйкес анықтайтын түсінікті қалыптастыру қажет» [1; 129]. Бұл жерде автор, мемлекетті көпшілік билік сипатында біріккен, ұйымдасқан қоғам ретінде түсіндіріп, оны əлеуметтік стратталған қоғамның мемлекеттік модусы деп атайды. Ал, азаматтық қоғамды белгілеу үшін, əлеуметтік стратталған қоғамның мемлекеттік емес модусы терминін қолданады.

Қазіргі уақытта түсініктерді осылайша шартты анықтау өте ұтымды көрінеді, өйткені мемлекет те, азаматтық қоғам да, қоғамның индивидтер қауымының бір көрінісі болып табылады.

Азаматтық қоғамның ең радикалды концепциясын «Адам құқықтары» атты атақты памфлеттің авторы Т. Пейн қалыптастырды. Мемлекетке қарсы тұратын азаматтық қоғам мəселесі Т. Пейн еңбектерінде негізгі идеяға алынған болатын. Пейн мемлекетті қажетті зұлымдық деп атады: «ол неғұрлым аз болса, соғұрлым қоғамға тиімді болады» [11; 248]. Осыған орай, мемлекеттің билігі азаматтық қоғам пайдасына шектелген болуы керек, өйткені, əрбір индивид, өз ішінде қоғамға бағытталады. Мемлекеттен бұрын пайда болған осындай əлеуметтілік, ортақ мүддеге жəне өзара көмек тұрпатына негізделген, бəсеке жəне сабақтастықтың бейбіт қатынастарын қалыптастыруға жағдай жасайды. Азаматтық қоғам неғұрлым кемелденген болса, соғұрлым өз істерін өзі реттеп, үкіметке деген қажеттілігі азаяды.

Азаматтық қоғам жəне мемлекет өзара əрекеттесуші институттар болып табылады. Гегельдің ойынша, «отбасы мемлекеттің түп-тамыры болып табылады, оның мүшелері бір-бірімен бəсекеге түспейді, отбасы мəнді біртұтас жүйе болып қалыптасады. Азаматтық қоғам болса, оның көп санды құрамдас бөліктері, бір-біріне сəйкес келмейтін тұрақсыз жəне кикілжіңдерге толы қарым-қатынаста болады. Онда əрдайым, жеке мүдделер басқа бір жеке мүдделермен қақтығысып тұрады. Оған қоса, азаматтық қоғамның бір бөлігінің немесе жүйесінің күрт дамуы, басқа бөлігінің басылып қалуына алып келеді. Азаматтық қоғам мемлекет бақылауымен басқарылмаса, ол «азаматтық» болудан алыстайды. Өйткені, тек жоғарғы көпшілік билік, яғни, тек конституциялық мемлекет осы қоғамның əділетсіздіктерін жойып, нақты мүдделерді əмбебап саяси қауымдастыққа топтастыра алады. Осы тұрғыдан Гегель, табиғи құқық теориясын сынға алады, өйткені, осы теория мемлекетті өз қол астындағыларының серігі ретінде қарастырып, осы арқылы «мемлекеттің абсолюттік құдайшыл қағидасына» күмəн келтіреді» [12; 148]

Мемлекет — азаматтық қоғамның элементі, біртұтастықты толықтыратын, оған нысан беретін, қоғамның жеке дербес бөлігі. Мемлекет белгілі бір қатынастар тұрғысынан азаматтық қоғамға қарсы қойылған элемент ретінде көрініс табады. Мемлекет қоғамның қалыптасқан, тұрақты элементі десек, азаматтық қоғам — əлеуметтік қозғалыстар жəне үрдістер ықпалына көбірек əсерлі болатын өзгермелі, тұрақтамайтын, қозғалмалы элемент болып табылады.

Мемлекет пен азаматтық қоғамды салыстырғанда, кейбір авторлар азаматтық қоғамның мемлекеттен тəуелсіздігін алға тартады жəне мемлекеттің азаматтық қоғам істеріне қолсұғатындығы туралы өкініш білдіреді. Осы тұжырымдарда, мемлекетті, көптеген ғалымдар көпшілік биліктік сипатта біріккен жəне ұйымдасқан қоғам ретінде емес, мемлекеттік аппарат, яғни, мемлекеттік органдар жəне мекемелер жүйесі мен ондағы қызмет ететін адамдар ретінде түсіндіреді. Азаматтық қоғаммен мемлекетті салыстыру барысында, ұғымдарды осылайша бұрмалау дұрыс емес.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет ықпалдасуы мен əрекеттесуі тепе-теңдігін сақтаудың мынадай шарттарын атауға болады:

  •  биліктің легитимділігі;
  •  азаматтық қоғам элементтерінің дамығандық деңгейі;
  •  билік пен қоғамның заңға тəуелділігі;
  •  жеке адамның бұлжымайтын жəне дербес құқықтарының жиынтығы арқылы мемлекет билігінің шектелуі;

Мемлекет пайда болғаннан бері, мемлекеттік реттеусіз болған нақты бір қоғамды елестету мүмкін емес, мемлекет қоғамда əрқашан реттеуші рөлін атқарған. Осында мемлекеттің қоғамға қолсұғуының нысандары жəне дəрежесі туралы ғана сөз қозғалуы мүмкін. Осыған орай, қолсұғу сөзін реттеу сөзіне алмастыру жөн болмақ, себебі қолсұғу десек мемлекет қызметінің азаматтық қоғамға теріс əсер ететіндей ұғым береді.

Азаматтық қоғаммен мемлекет үйлесімді тіршілік етулері үшін, осындай ықпал оң сипатта болу керек, яғни, азаматтық қоғамның қатынастары мен институттарының ерекшеліктеріне, оның өзін реттеу жəне əлеуметтік мəдениет механизмдеріне, оның тарихи кемелденуіне сəйкес келуі керек. Жоғарыда айтып өткеніміздей бұл ықпалды «қолсұғушылық» емес, «азаматтық қоғам өміріне қатысу» деп түсінген жөн.

Азаматтық қоғам кез-келген өркениетті адамдар қоғамының көрінісі. Ол əрқашан болған, қазір бар жəне болады. Тек, əркез анықталған нақты — тарихи нысанда əрекет етеді.

Азаматтық қоғам — батыс өркениетінің феномені. Сондықтан батыстан (еуропалық, солтүстік америкалық) тыс мəдени — өркениеттік тұрғыдан осы феноменді қарастырғанда, шамамен алынған батыс моделіне сəйкес қалыптастырылған өлшемдерге жəне сипаттамаларға теңестіру алынады.

Бірақ, осы сұрақ бойынша батыс ғалымдарының зерттеулерінің нəтижелерін біздің жағдайға қатысты, байқап, шамадан тыс арттырмай қолдану керек. Өйткені, оларда жəне бізде азаматтық қоғамның қалыптасуының жағдайлары өзгеше болып келеді. Батыста азаматтық қоғамның қалыптасуы эволюциялық даму, демократиялық дəстүрлердің, экономикалық жəне саяси бостандықтардың қалыптасуы негізінде жүрді. Бізде болса, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін аз ғана уақыт берілген. Сонымен қатар осы үрдістің жүзеге асуы, өткенде адамға қатысты қоғамдық ұйымдастырылуы қағидаларының қайшы болуыменен күрделенеді. Батыс елдерінде болған, азаматтық қоғамның институттарын біздің елге механикалық түрде, «үстінен» енгізілуі, күтілетін нəтижеге əкелмейді.

Азаматтық қоғам — əлеуметтік, мəдени, рухани жəне ғылыми құндылықтарды сақтап, оларды дамыту үшін тағайындалған мемлекеттік емес институттардың жəне байланыстардың жүйесі.

Азаматтық қоғам мемлекеттен тыс жəне оның араласуынсыз дамитын, жеке тұлғалар арасындағы бүкіл қатынастарының жиынтығын құрайды. Сонымен қатар, ол, күнделікті жеке жəне ұжымдық қажеттіліктерді жүзеге асыратын мемлекеттен тəуелсіз қоғамдық институттардың жан- жақты тараған жүйесін қамтиды. Азаматтардың күнделікті мүдделері бір-біріне шамалас болмағандықтан, азаматтық қоғамның салалары өзара бағыныштылықта болып, белгілі бір деңгейлерді қалыптастырады. Осы қалыпты келесідей бейнелеуге болады.

Жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстардың бірінші деңгейін, индивидтердің өмір сүруін қамтамасыз ететін жəне өндірістік қатынастарды қанағаттандыратын, адамның тамақтану, киім, тұрғын үй жəне т.б. негізгі қажеттіліктер құрайды. Осы қажеттіліктер кəсіби, тұтыну жəне басқада бірлестіктермен ассоциациялар сияқты қоғамдық институттар арқылы қамтамасыз етіледі.

Ұрпақты жалғастыру, денсаулықты сақтау, баланы тəрбиелеу, рухани кемелдену жəне сенім– наным, ақпарат алу, араласу жəне т.б. қажеттіліктер отбасылық-некелік, діни, ұлттық жəне басқада өзара əрекеттесуді қамтитын əлеуметтік-мəдени қатынастардың кешені арқылы жүзеге асырылады. Осылардың барлығы, жеке өзара байланыстардың екінші деңгейін құрайды.

Жеке тұлғалар арасындағы қатынастардың үшінші деңгейін саяси–мəдени қатынастар құрайды. Осы қатынастар арқылы индивид, саяси таңдауларына жəне құндылықтық бағыттарына негізделген, өзінің жеке таңдауымен байланысты болатын, саяси өмірге қатысу қажеттілігін қанағаттандырады. Осы деңгейде жеке индивидте нақты саяси ұстанымдар қалыптасады жəне құқықтық санасы қалыптасып, өзінің əлеуметтік бастамасын білдіре алады. Индивидтердің жəне олардың топтарының саяси ұстанымдары мүдделестердің топтары, саяси партия — қозғалыстар жəне т.б. арқылы жүзеге асады. Азаматтық қоғамды, адамдар бір-бірінен жəне мемлекеттен тəуелсіз түрде өзара əрекеттесетін əлеуметтік кеңістік ретінде, елестетуге болады.

Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптасу ісінде елеулі олқылықтар мен қайшылықтар бар.

Бірінші қайшылық — елде азаматтық қоғамның толық орнамауы.

Екінші қайшылық — құқықтық мемлекет қағидаларының өмірде толықтай көрініс таппауы. Қазақстан қоғамының тарихи тəжірибесі мен саяси дүниетанымының түп-тамырлары ескерілмейді.

Үшінші қайшылық, қазақстандықтардың саяси-құқықтық мəдениетінің ұлттық дəстүрлерден, ең алдымен қазақ этносының танымдық кеңістігінен қол үзуіне байланысты.

Төртінші қайшылық — қазақстандықтардың құқықтық мəдениетінің төмендігі.

Талқылау

Зерттеуімізде қарастырып отырған мəселеміз бойынша құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара ықпалдасуы мен əрекеттестігі шектерін айқындауда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі маңыздылыққа ие. Сонда үкіметтік емес ұйымдар қандай жəне олардан не күтеміз деген сұрақ туындайды... Ия, аталған үкіметтік емес ұйымдар туралы көп айтуға болады, бірақ біз өзімізше түсіндіре кетейік. Үкіметтік емес ұйымдар — бұл еліміздің барлық дерлік əлеуметтік саласы бойынша маңызды мəселелерін жүзеге асырумен айналысатын ұйымды танимыз ал, кейде біз оны «үшінші сектор» деп те атаймыз. Міне, осы үкіметтік емес ұйымдар немесе үшінші сектор азаматтық қоғамның негізі десек болады. Мемлекет жəне азаматтық қоғам — бұл екеуі де бірдей əлеуметтік- тарихи құбылыстың екі жағы — дамыған индустриалды, постиндустриалды қоғам. Біріншісі нысанды, екіншісі мазмұнды білдіреді. Нысан ретінде мемлекет азаматтық қоғамның мүдделерін көрсетсе, ал мазмұны ретінде, оның əрі қарай дамуы мен жұмыс істеуі үшін құқықтық жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, бұл тұста мемлекет азаматтық қоғам мүдделеріне жауап береді жəне оларды заңды түрде қорғауға кепілдік беретіндігін де айтсақ болады. Егер мемлекет қоғам өмірін ұйымдастыруда маңызды десек, азаматтық қоғам мемлекетте қандай рөл атқарады деген заңды сауал туындайды. Осы мəселеде, яғни азаматтық қоғам мен мемлекеттің мүдделері арасындағы тепе- теңдікті орнату арқылы құқықтық мемлекеттің дамуы мен өзара əрекеттесуі үшін тиімді қағидаттар құрудың қажеттілігі артып келеді.

Азаматтық қоғам — жан-жақты, демек, көптеген адамдар мен қауымдастықтар, мүдделер мен оларды көрсетудің көптеген тəсілдері. Оның құрылымында мемлекеттің еркінен тыс өмір сүретін, бірақ қоғамдық жəне көпшілік саясат саласына бағытталған, қоғамдық өмірмен еркін ассоциациялар болады. Осы салаларды құрайтын іс-əрекет түрлерінің жəне əлеуметтік секторлардың шеңбері жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін, көбінесе ол, еркін ассоциациялардан, қоғамдық қозғалыстардан, нарықтан жəне аралық институттардан құралады. Азаматтық қоғамды құрайтын түрлі қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық институттар, жеке жəне ұжымдық мүдделердің жүзеге асуларына жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттік билікке, ол қоғамға қызмет етуі үшін «қысым жасау» мүмкіндіктері бар.

Азаматтық қоғамның экономикалық жүйені құқықтық негізде құру жағдайында ғана мүмкін болатынын айтар болсақ, қазіргі кезеңде экономикалық қатынастардың дамуында нарықтық орта тек еркін субъектілердің — меншік иелерінің қатысуымен жүреді, демек бұл иелердің əрқайсысы мемлекеттің ықпалынан жəне жеткізушінің диктатурасынан қорғалуы керек.

Азаматтық қоғам мемлекеттен абсолютті түрде емес, салыстырмалы түрде тəуелсіз болады. Мемлекеттілік қоғам өмірінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін қалыптастыру үшін керек деп ұғынуымыз қажет. Мысалы, нарық — өздігінен ұйымдасушы жүйе. Бірақ, мемлекет осы жүйе механизмін жұмыс істетуге жəне дамытуға атсалысуға міндетті. Мемлекет, бəсекелесуші субъектілердің мүдделерінің тепе-теңдігін қалыптастыруы керек. Нарықты тек экономикалық ынта мен мүдделер ғана басқармайды, сонымен қатар, осы механизмді керекті арнаға бұрып отыратын нормаларды қалыптастыратын мемлекеттің қатысуы қажет. Нарық бəсекелeстіксіз мүмкін емес, бірақ бəсекелестік — бейберекеттік емес, ол заңмен орнатылған «ережелерге сəйкес ойын». Стихиялы, басқарылмайтын нарық еш жерде жоқ — нарық барлық жерде қайтседе, мемлекетпен жəне оның заңдары арқылы реттеліп отырады.

Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы жəне əлеуметтік қамсыздандыру мемлекет араласуын қажет ететін нақты салалар болып табылады.

Тұрақты экономиканы жəне тұрақты саяси тəртіпті тұрақсыз қоғамда құру мүмкін емес. Адамдар өздерінің потенциалдарын толық жүзеге асыру үшін, өздерінің мақсаттарын анықтауға белсенді қатысуға тиіс жəне олардың дауыстары өкімді органдарда естілуі керек.

Бұл азаматтық қоғамның бірлігі мен қоғамдық қатынастарды мемлекеттік-құқықтық реттеудің айқын көрінісі. Онда азаматтық қоғам мемлекетпен əлеуметтік тұрғысынан алғанда қоян-қолтық байланыста болатындығы тағы да өз дəлелін тауып отыр.

Уақыт өте келе, мемлекет пен азаматтық қоғам тұжырымдамалары қазіргі əлемдегі өзгерістердің практикалық бағыттаушысы ретінде қоғамдық санаға көбірек еніп келеді.

Еліміздің ғалымдарының зерттеулерінде азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптасуы, дамуы, əрекеттесу мəселелері жөніндегі ой-тұжырымдар бір-біріне қайшы келмейтін, керісінше толықтыру мен құптаулардан тұратын көзқарастармен баяндалады. Ғалымдарымыздың арасындағы талқылаудағы жүрген азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қағидаларының өмірдегі көрініс табуымен шектелетіндігін де айта кеткен жөн. Сондай-ақ, азаматтық қоғамның баяу дамуына себеп ретінде айтылатын қазақстандықтардың құқықтық мəдениетінің төмендігін тілге тиек етеді. Ал, жақын алыс шетелдік ғалымдардың еңбектерінде азаматтық қоғам теориясы мен қазіргі кезең тəжірибесіндегі əлемдік жəне еуропалық өлшемдерімен танысуға болады. Олардың еңбектерінде қарастырылатын азаматтық қоғам теориясы, ұлттық мемлекет шеңберінде дамитын азаматтық қоғамның анықтаушы факторы ретінде көрініс табатын əлеуметтік келісім шарттарға көп көңіл бөлінеді.

Соның бірі неміс сарапшысы Дж.Кокидің пікірінше, «азаматтық қоғам бүгінгі күнге дейін үлкен дəрежеде ұлттық мемлекеттерде қалуда, біз жалпы еуропалықтан, тіпті жаһандық азаматтық қоғамнан алшақпыз. Бұған көптеген себептер бар, олардың бірі ретінде, өзара байланысты айтар едім. Азаматтық қоғам қоғамдық кеңістікпен, жариялылықпен тығыз байланысты. Жариялылық əрқашан байланыс болып табылады. Байланыс қажеттілігі ортақ тілдің болуын керек етеді. Осы тұста еуропаның көптілділігі өте алмайтын жалпы еуропалық азаматтық қоғамның жолында тұрған тосқауыл», — деп тұжырымдайды [13].

Ал бұған қарсы пікірді атақты еуропалық саясаттанушы З.Лайди айтады:

«Еуропаның саяси өмірі шынымен бар» деп дəлелдеп, ұлттық саяси институттардың қалыптасу процесінің мемлекеттік саясат саласына ауысуының дəлелі ретінде 2009 жылы Еуропалық Парламенттің қорытындылары шығарылған қоғамдық наразылық» болғандығын тілге тиек етеді [14].

«Азаматтық қоғам жағдайындағы байланыс мəселесі ортақ тілдегі байланысы емес сенім проблемасымен ұштасатындығында: тұлға аралық сенім жəне билік институттарына сенімнің болуымен» деп түсіндіреді [13]. Салыстырмалы саясаттану институтының зерттеуіне сəйкес, еуропа елдерінде тұлғааралық сенім деңгейі біздерге қарағанда жоғары. Əлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан əлеуметтік еуропалықтардың əл-ауқаты, еуропалық билікке деген сенім деңгейі өзгерген жоқ. Оны дамыту үшін бірқатар мақсаттар бар, оның алғы шарттары ретінде, əлеуметтік келісім шарттың көлденең түрі, пайда болған «қауымдастық сезімі», «еуропалық азаматтығы» ұғымының нақты қанықтылығы, тұлғааралық сенім мен мемлекеттік органдарға деген жоғары деңгей деп атап көрсетеді [15; 109]. Сонымен бірге жалпы еуропалық азаматтық қоғамның даму жолында бірқатар кедергілер бар: коммуникация проблемасы жəне еуропалық саяси ортаның еуропалық мемлекеттік саясаттың толыққанды саласына айналуы.

Этатистік мемлекет идеясына сəйкес, мемлекет біртұтас əлеуметтік организм ретінде саяси жəне моральдық тұтастық ретінде, саяси механизм мен жеке адамдардың жұмыс істеуі мен өзара əрекеттесуінің негізі ретінде əрекет етеді. Саяси дамудың осы «еуропалық» моделінің жақтаушылары, олардың ілімдерінің едəуір біртектілігіне қарамастан, қоғамдағы адамдарды тек мемлекеттік билік механизмі арқылы біріктіреді деп санайды.

Қорытынды

Жоғарыда айтылған жəне қарастырылған негіздерге сəйкес келесідей қорытындылар жасауға болады:

Қазақстандық қоғамның жаңару жəне кемелдену үрдісінің кепілі — азаматтық қоғамның жəне құқықтық мемлекеттің қалыптасуы болып табылады.

Мемлекетімізде азаматтық қоғамның жəне құқықтық мемлекеттің қалыптасу үрдісінің өту барысы тоталитарлы режимнен мұраға қалған бірқатар кедергілермен күрделенеді. Олардың ішінде — адам құқықсыздығын, биліктің күштілігін, деспотизмнің көпжылдық дəстүрін, құқықтық нигилизм, бостандықтың, құқықтың, өзін-өзі басқарудың, демократияның, конституционализмнің, саяси жəне құқықтық мəдениеттің тиісті тəжірибесінің болмауын азаматтық қоғамның көптеген экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени алғышарттарын қабылдауға кедергі болатын, коммунисттік режиммен қалыптастырылған тұрақты стереотиптер жəне құндылықтар жүйесін атауға болады.

Əрине, халықтың көбісінің өмір деңгейінің төмендігі жағдайында, азаматтық қоғамның бəсекелестік жəне нарық сияқты құндылықтарын енгізу ауыртпалықпен өтеді.

  1. Азаматтық қоғам — бұл белгілі бір мемлекеттің шекарасымен, жекелеген халықтардың ұлттық ерекшеліктері мен мəдениетімен анықталмайтын құбылыс. Азаматтық қоғам белгілі бір мағынада өркениет процестерін көрсететін ғаламдық категория. Азаматтық қоғамның жұмыс істеуі мен даму тенденциялары ұлттықтан жоғары сипатқа ие, олар экономикалық дамудың объективті заңдары мен жалпыға бірдей, жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік қағидаларының талаптарына сəйкес келеді. Сондықтан, азаматтық қоғамның даму процесі саяси-құқықтық жүйенің интеграциясымен, экономикалық дамуға кедергі келтіретін құқықтық базаны əмбебаптандырудың жəне мемлекеттік шекараларды тегістеудің жаһандық трендімен тығыз байланысты.
  2. Мемлекеттің əсер етуінің теріс салдарларын мемлекет пен азаматтық қоғам өкілдерінің ашық диалогы, сонымен бірге елімізде азаматтық қоғамды дамытуға мүдделі екі жақтың да белсенділік танытуы арқылы төмендетуге болады. Бүгінгі күні Қазақстандағы азаматтық қоғам институттары үшін өзін-өзі ұйымдастыру, қоғамдық бақылаудың механизмдерін қалыптастыру жəне дамыту, билік органдарымен мазмұнды өзара əрекет ету диалогын жүзеге асыру қажет.

Дегенмен, мемлекетімізде азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекет қалыптасуы үшін қажетті алғышарттардың орын алуы бірте-бірте жүзеге асуда.

  1. Азаматтардың құқықтық санасын жəне құқықтық сауаттылығын дамытудың мемлекеттік саясаты тек мемлекеттік биліктің барлық органдары мен жергілікті атқару органдары ғана емес, сонымен бірге мамандандырылған заңгерлік қоғамдастықтар, заңгерлердің қоғамдық бірлестіктері, азаматтық қоғамның барлық құрылымдары қатысатын күрделі де ауқымды жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жəне жүргізу керек.
  2. Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғамның қалыптасуы бірдей болуы өте маңызды. Бірақ азаматтық қоғам «біршама алда» қалыптасуы қажет деп ұйғарым жасауға негіз бар, өйткені құқықтық мемлекет құруды билік институты емес, азаматтық қоғам институты күн тəртібіне қояды.

 

Əдебиеттер тізімі:

  1. Мамут Л.С. Гражданское общество и государство: проблема соотношения / Л.С. Мамут // Общественные науки и современность. — 2002. — № 5. — С. 31–36.
  2. Матузов И. М. Теория государства и права / И. М. Матузов. — М .: Пpогресс, 2000. — 285 с.
  3. Черниловский З. М. Гражданское общество: опыт исследования / З. М. Черниловский // Государство и право. — 1992. — № 6. — С. 129–135.
  4. Смагулов Е. М. Основы граждановедения / Е. М. Смагулов, Ж.М. Смагулова. — Алматы: Білім, 1999. — 236 с.
  5. Баймаханов М.Т. Становление правового государства и конституцонный процесс в Республике Казахстан / М.Т. Баймаханов. — Алматы: КазГЮА, 2001. — 286 с.
  6. Баймаханов М. Т . Проблема этатизма / М. Т . Баймаханов. — Алматы: Данекер, 2001. — 335 с .
  7. Матюхин А. Гражданское общество в Казахстане / А. Матюхин // Мысль. — 1993. — № 12. — С. 150–156.
  8. Гаджиев К.С. Концепция гражданского общества: идейные истоки и основные вехи формирования / К. С. Гаджиев // Вопросы философии. — 1991. — № 7. — С. 28–31.
  9. Дюсенова М.М. Проблемы формирования гражданского общества в Республике / М.М. Дюсенова // Вестн. АГУ. — 2009 — № 1. — С. 77–83.
  10. Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства: учеб. для вузов / В.С. Нерсесянц. — М.: Пpогресс, 1999. — 256 с.
  11. Пейн Т. Права человека: избр. соч. / Т. Пейн. — М.: Сов. энцикл., 1959. — 356 с.
  12. Ибраева А.С. Идея правового государства как новая парадигма цивилизованного общества / А.С. Ибраева // Вестн. КазНУ им. аль-Фараби. — 2000. — № 2. — С. 148–156.
  13. Кока Ю. Европейское гражданское общество: исторические корни и современные перспективы на Востоке и Западе / Ю. Кока // Неприкосновенный запас. — 2003. — № 2 (28). — C. 56–63.
  14. Лайди З. Выступление на Международном круглом столе «Нормативная сила» ЕС на мировой арене» / З. Лайди. — М.: ГУ «ВШЭ», 2009. — 156 с.
  15. Казаринова Д.Б. Европейское гражданское общество: проблема становления / Д.Б. Казаринова // Вестн. РУДН. Сер. Политология. — 2009. — № 4. — С. 109–115.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.