Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін лабораториялық практикумдарда қалыптастыру əдістемесінің мазмұны

Қазіргі таңда білім беру парадигмасының біліктілік сипаттамасынан жоғары оқу орны түлегін даярлаудың негізгі критерийі ретінде құзырет пен құзыреттілікке бағдарлануы білім беру жүйесіндегі негізгі бағытты айқындап берді. Шетелдік жəне отандық зерттеулерде түйінді құзыреттіліктер қатарына жатқызылатын зерттеушілік құзыреттілік болашақ биология пəні мұғалімін даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мақала биологиялық білім берудегі зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың əдістемелік жүйесі мəселесіне арналған. Мақалада 5В011300- Биология мамандығының оқу жоспарына сəйкес білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін лабораториялық практикумдардан тұратын жəне таңдалған пəндер бойынша оқу процесін ұйымдастырудың жобасы берілген. Жобаға сəйкес білім алушылардың оқу іс- əрекетін ұйымдастыру барысы қарастырылған жəне автордың диссертациялық зерттеу жұмысы аясында биологиядан жүргізілген лабораториялық практикумдарда білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру əдістемесінің мазмұны ұсынылған. Ұсынылған əдістеменің мазмұны 4 құрамдас бөліктен: оқыту əдістері, оқу іс-əрекетін ұйымдастыру, оқыту құралдары жəне бағалау- бақылау компоненттерінен тұрады жəне əрбір құрамдас бөлікке сипаттама берілген, нақты пəн мысалында оқу процесін ұйымдастыру үлгісі келтірілген. Сонымен бірге, зерттеушілік құзыреттілік қалыптастырудың эксперименттік əдістемесінің тиімділігін тексеру үшін əдебиеттерге жүгініп, тиісті қорытындылар жасалған.

Қазіргі таңда еліміздің əлемдік білім беру кеңістігіне кіруіне байланысты жоғары білім беру жүйесіндегі басты назар мамандар дайындаудағы тар, бейінді көзқарастан үздіксіз білім алуға дайындығы бар, өзгермелі əлеуметтік, еңбек жағдайларына бейімделуге қабілетті кəсіби тұлға қалыптастыруға аударылуда. Осыған орай, бүгінгі таңда жоғары мектепте басым бағыт білім берудегі құзыреттілік тұғырды практика жүзінде жүзеге асыруға берілуде.

Құзыреттілік тұғырды жүзеге асыру барысында білім алушылардың қажетті ақпаратты өз бетінше іздеуге қабілеті мен ұмтылысы, кəсіби қызметтің теориялық негіздерін құрайтын іргелі білімді меңгеру, мінез-құлықтың жəне қызметтің жаңа стратегиясын жасау жəне іске асыру қабілеті ерекше маңызды болып табылады. Зерттеушілік іс-əрекет болашақ маманның кəсіби қызметке дайындық құрылымындағы жетекші қасиеттердің біріне айналуда. Осыған орай, зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру жəне дамыту мəселесі жоғары мектеп түлектеріне қойылатын аса маңызды талаптардың қатарына қосылады [1–5].

Мақаланың мақсаты 5В011300-Биология мамандығы бойынша білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру əдістемесінің мазмұнын ашу болып табылады. Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру əдістемесін əзірлеу кезінде біз зерттеушілік білікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін барлық оқу пəндерінің лабораториялық практикумдары үшін студенттердің зерттеу жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай жоспарын құруға бағытталған оқу үдерісін жобалауға тырыстық (сурет 1). Ол жоспарға (жобаға) сəйкес алдымен 5В011300-Биология мамандығының оқу жоспары бойынша зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру үшін оқу пəндерінің мақсат-міндеттері нақтыланды. Одан соң білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін лабораториялық практикумдар таңдалып алынды жəне таңдалған пəндер бойынша оқу процесін ұйымдастыру жоспарланды. Жоспарға (жобаға) сəйкес 2–3 курс білім алушылары қатыстырылған оқу процесі жүзеге асырылды.

97

Биология мамандығы білім алушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру əдістемесінің мазмұнын құрастыру кезінде біз:

  •  пəнаралық байланысты қолдану негізінде оқу мазмұнын кіріктіру;
  •  оқу ақпаратын ұсыну жүйелілігін арттыру мақсатында пəннің логикалық құрылымын жетілдіру;
  •  лабораториялық практикумдардың мазмұнына зерттеушілік сипатындағы тапсырмаларды енгізу;
  •  лабораториялық практикумдарды оқыту барысында студенттерді зерттеушілік іс-əрекетке тарту мəселелерін есте ұстадық.

Əрі қарай білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру əдістемесінің мазмұны қандай құрамдас бөліктерден тұруы керек деген мəселенің жауабын іздеуге кірістік жəне зерттеу мəселесіне қатысты əдебиеттер мен өз тəжірибемізге сүйене отырып ол өзара байланысты келесідей құрамдас бөліктерден тұру керек деген шешімге келдік (сурет 2).

Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру əдістемесінің бірінші компоненті — зерттеушілік құзыреттілік қалыптастыруға бағытталған оқыту əдістері мен технологияларын таңдау кезінде біз ресей ғалымы О.А. Казарова ұсынған биологиялық жəне экологиялық білім беру саласындағы адаптивті-инновациялық технологияларды [6] таңдап, оларды проблемалық оқыту, зерттеушілік əдіс, ішінара іздеу жəне ізденушілік əдістермен үйлесімділікте қолдандық.

Əрі қарай əдістемеміздің келесі құрамдас бөлігі — білім алушылардың оқу іс-əрекетін ұйымдастырудың формасына жəне тəсілдеріне тоқталайық. Біздің зерттеу жұмысымызда лабораториялық практикум биология мамандығы білім алушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың ұйымдастырушылық формасы болып табылады жəне лабораториялық сабақтарда студенттердің оқу іс-əрекетін ұйымдастыру фронтальды, топтық, жұптық жəне жеке жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Ресей ғалымы Г. К.Селевконың [7; 251] топтық оқыту əдістерінің ұйымдық құрылымы аралас болуы мүмкін, яғни топтық, жұптық, жеке жұмыс сияқты əртүрлі формаларды қамтуы мүмкін деген пікірін негізге ала отырып, біздің əдістемемізде лабораториялық практикумдарда топтық, жұптық жəне жеке жұмыстарды үйлесімді ұйымдастыруды қарастырады. Бұлардың арасында топтық оқыту басым мəнге ие.

Оқытудың топтық тəсілі кезінде оқыту процесі келесі элементтерден тұрады:

  1. Кіріспе бөлім

 танымдық міндеттерді қою (проблемалық жағдай);

 жұмыс реттілігі туралы нұсқаулық;

 топтарға бөлу;

 топтарға дидактикалық материалды тарату;

  1. Топтық жұмыстың орындалуы

 материалмен танысу, топтағы жұмысты жоспарлау;

 топ ішінде тапсырмаларды бөлу;

 тапсырманы жеке жəне топтық орындау;

 топта жеке жұмыс нəтижелерін талқылау;

 топта жалпы тапсырманы талқылау ( ескертулер, толықтырулар, нақтылау, қорыту);

  1. Қорытынды бөлім

 топтық жұмысты орындау нəтижесімен көпшілік алдында танысу;

 қойылған міндеттерге қол жеткізу туралы рефлексия.

Ал жұптық оқыту кезінде қатар отырған студенттер жалпы міндетті шешумен айналысады, оның барысында өзара белсенді əрекеттеседі, бір-бірін үйретеді. Оқытуды ұйымдастырудың жеке формасында оқытушы тапсырмалардың күрделілік дəрежесін, қиындықтарын бейімдейді, студенттердің білімін, іскерлігін жəне жеке қасиеттерін ескере отырып көмек көрсетеді. «Цитология жəне гистология негіздері» пəні бойынша жүргізілген тəжірибелік-эксперименттік жұмыс барысын мысалға келтірейік.

Лабораториялық сабақтың тақырыбы: Жасушаның органеллалары: Гольджи аппараты. Вакуоль.

Сабақтың мақсаты: Гольджи аппаратының микроскопиялық жəне ультрамикроскопиялық құрылымы мен функцияларын жəне өсімдік клеткасының вакуолін оқып үйрену.

Материалдар: микрофотографиялар, схемалар жəне электрондық фотосуреттер, тұрақты жəне уақытша препараттар, скальпель, микроскоп, сүзгіш қағаз, заттық жəне жабын шынылар, препараттық инелер.

Сабақтың барысы:

  1. Теориялық бөлім:

А) Топтық жұмыс:

1-топ-Гольджи аппаратының құрылымы мен функциялары.

2-топ-өсімдік жасушасының вакуолінің құрылысы мен функциялары.

Сабақта əртүрлі педагогикалық технологиялардың жекелеген микроқұрылымдарын біріктіру жəне олардың негізінде белгілі элементтердің жаңа комбинациясын құру немесе жаңа элементті қосудан тұратын комбинациялық адаптациялық-инновацияларды құру жүзеге асырылады. Тапсырманы орындау үшін əр топ студенттері алдымен лабораториялық нұсқаулықта көрсетілген оқулықтағы оқу материалымен өз бетінше танысады, əрі қарай жұпта талқылайды жəне кейін топта тақырыпты талқылайды, бір-бірін толықтырады, егжей-тегжейлі нақтылайды, оқу материалын қорытады. Топтық жұмыс топтардың өз тапсырмаларының презентациясымен аяқталады.

Б) лабораториялық жұмыстың мақсатын анықтау.

В) лабораториялық жұмысты орындау реттілігін анықтау.

Практикалық бөлім: жұппен жұмыс.

Тапсырма:

А) микрофотографияны, электрондық фотосуреттерді жəне дайын препаратты пайдалана отырып Гольджи аппаратының құрылысын зерттеу.

Б) пияз қабыршағы клеткаларынан уақытша препарат дайындау жəне вакуольді жəне олардың əр жастағы клеткалардағы орналасуын қарау.

В) тірі жəне өлі жасушалардың тонопластарының өткізгіштігінің айырмашылығын анықтау жəне осы айырмашылықтардың себептері туралы қорытынды жасау.

Г) жасуша органеллаларының негізгі құрылымын белгілеп, препаратты суреттеу жəне сипаттау.

Рефлексия: «3Қ» (қызықты, қиын, құнды) əдісі бойынша сабақты қорытындылау.

Біздің əзірлеген əдістемеміздің маңызды компоненті оқыту құралдары болып табылады, олардың көмегімен лабораториялық сабақтың мазмұны ашылады жəне мақсатына қол жеткізіледі.

Қазіргі педагогика ғылымында оқыту құралдарының қатаң жіктелуі жоқ. Оқыту құралдарын таңдау кезінде біз П.И. Пидкасистый берген анықтамаға сүйендік, ол оқыту құралдарын педагог пен білім алушы білімді меңгеру үшін пайдаланатын материалдық немесе идеалды нысандар ретінде түсінеді жəне оларды екі үлкен топқа бөледі: ақпарат көздері жəне оқу материалын игеру құралдары [8].

Зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында біздің əдістемемізде ақпарат көздері ретінде келесі құралдар қолданылды:

  •  оқу жəне ғылыми əдебиет (оқулықтар, анықтамалықтар, əдістемелік құралдар, реферативтік жəне басқа да ғылыми журналдар);
  •  əртүрлі көрнекі құралдар (кестелер, графиктер, суреттер, схемалар, үлгілер, табиғи нысандар мен құбылыстар жəне т. б.);
  •  оқытудың техникалық құралдары (слайдтар, презентациялар, бейнефильмдер).

Біз пайдаланатын оқу материалын игерудің құралдарына:

  •  оқу-жағдаяттық тапсырмалар;
  •  лабораториялық құрал-жабдықтар жатады.

Зерттеу жұмысы барысында білім алушылардың оқу іс-əрекетін бақылау жəне бағалау да жүзеге асырылды. Əдістеменің бақылау-бағалау құрамдас бөлігінде:

  •  оқытушы тарапынан білім алушылардың оқу іс-əрекетін бақылау жəне түзету;
  •  оқытушы тарапынан бағалау;
  •  студент тарапынан өзін-өзі бағалау қарастырылды.

Педагогикалық əдебиеттерде бақылау бір нəрсені ауқымды тексеру ретінде анықталады жəне диагностикалық, оқыту, тəрбиелеуші, дамытушы, бақылау-түзетуші, болжаушы, тіркеуші сияқты бақылау функцияларын орындайды.

Əдебиеттерде бақылау түрлерінің əртүрлі жіктелуі бар. Мысалы, егер Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин ағымдық, мерзімдік жəне қорытынды бақылауды ұсынса, Г.И. Щукинаның классификациясында бақылаудың ағымдық, тақырыптық, аралық, қорытынды жəне емтихан сияқты түрлері көрсетілген [9]. «Педагогика» оқулығында авторлар тақырыптық, бөлімдік, мерзімдік жəне қорытынды бақылау түрлерін көрсетеді [10]. Біз тақырыптық бақылауды ағымдық бақылаумен біріктіруге болады, ал бөлімдік бақылау аралық бақылау құрамына кіреді деп есептейміз.

Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі болып табылады жəне білім алушылардың оқыту процесінің міндеттерін меңгеру дəрежесін, дайындық жəне даму деңгейін, білім сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал болып табылады. Еліміздегі білім мазмұнын жаңарту жағдайында білімді, білікті жəне дағдыларды меңгеру деңгейін анықтау үшін критериалды бағалау қолданылуда.

Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдық қалыптасқан, процестің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім беру мақсаттары мен мазмұнына сəйкес келетін критерийлермен салыстыруға негізделген процесс ретінде анықталады [11]. Критериалды бағалау əрбір білім алушымен жұмыс істеуге, жетістікті анықтауға жəне дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтауға, сондай-ақ əрбір білім алушының жетістіктерін нақты жəне объективті бағалауға мүмкіндік беретін білім алушылардың білім беру прогресін жүйелі түрде өлшеуге бағытталған.

Біздің əдістемемізде студенттердің зерттеушілік біліктерін қалыптастыру барысында критериалды бағалаумен өзара байланысқан бақылаудың келесі түрлері мен формалары жүзеге асырылды:

  1. өткізілу мерзіміне байланысты бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды. Ағымдық бақылау студентпен кері байланысқа негізделген оқыту функциясы мен түзету функциясын болжайды, оның барысында жіберілген қателер анықталады жəне жойылады, аралық бақылау оқу процесінің белгілі бір бөлігін болжау үшін қолданылады: əдіснамалық білімдер мен зерттеушілік біліктері жеткілікті қалыптасты ма деген сұраққа жауап берсе, қорытынды бақылау тіркеу функциясын орындайды.
  2. қатысушы саны бойынша бақылау түрлері: жеке жəне жаппай.
  3. бақылау нысандары бойынша: ауызша жəне жазбаша. Жеке бақылау сабақ кезінде ауызша түрде, студенттер сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындаған кезде жазбаша түрде жүзеге асырылады. Жаппай бақылау аралық жəне қорытынды бақылау кезінде қолданылды.
  4. бақылаудың барлық түрлері үшін бағалау критерийлері əзірленді. Елімізде қазір орта білім беру жүйесінде формативті жəне жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау табысты жүзеге асырылуда. Ал жоғары оқу орындары критериалды бағалауды толық мойындамайды. Сондықтан біз биолог-бакалаврлардың лабораториялық сабақтардағы оқу-зерттеушілік жəне ғылыми-зерттеушілік іс-əрекетінің қалыптасуын бағалау құралы ретінде критериалды бағалауды енгізуге əрекет жасадық.

Критериалды бағалау білім алушылардың танымдық іс-əрекеті деңгейлеріне негізделген жəне студенттердің білімін ғана емес, сонымен қатар оларды тəжірибеде қолдана білу, ақпаратпен жұмыс істей білу деңгейін бағалауға бағытталған. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, зерттеушілік құзыреттілік стандартты емес жағдайларда білімді қолдануды көздейді. Тəжірибелік-эксперименталды жұмыс барысында критериалды бағалау студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекетін бағалау үшін қолданылды (1-кесте).

Кесте-1 Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік іс-əрекетін критериалды бағалау

Бағалау компоненттері

Көрсеткіштердің сипаттамасы

Өзектілік

Зерттеу жұмысының тақырыбын осы тақырып бойынша қазіргі уақытта бар қайшылықтарды шешу үшін өзектендіру.

Хабардарлық

Осы тақырып бойынша қолда бар көздерді (кемінде 30–40) жеткілікті пайдалану жəне материалды еркін меңгеру.

Ғылымилық

Зерттеу жұмысында зерттелген жəне ұсынылған материалдың, сондай-ақ зерттелетін тақырып жəне мəселе бойынша осы ғылыми саладағы ұқсас жұмыс əдістерінің арақатынасы.

Дербестік

Ғылыми-зерттеушілік іс-əрекетінің барлық кезеңдерін өз бетінше оқытушының тікелей қатысуынсыз орындау.

Маңыздылық

Теориялық жəне (немесе) практикалық қолдану үшін автор орындаған зерттеу жұмысының мəнін тану.

Құрылымдалғандық

Студенттің зерттеу жұмысын теориялық ұғыну дəрежесі жəне онда биология ғылымына тəн жүйе құраушы байланыстардың болуы, сондай-ақ зерттеу жұмысын орындау жəне рəсімдеу кезіндегі əрекеттердің реттілігі мен мақсаттылығы.

Шығармашылық

Автордың зерттеу контекстіне енгізген жаңа бірегей идеялары мен шешу жолдары.

Көпшілік алдына ұсыну

Өзінің ғылыми жобасының нəтижелерін нақты, стилистикалық сауатты жəне тезис түрінде ұсыну қабілеті.

Рефлексивтілік

Студенттің зерттеу процесіне жəне өзінің іс-əрекетінің нəтижесіне жеке қатынасы.

Критериалды бағалау кезінде студент өз мүмкіндіктерін өзі бағалайды, оның барысында зерттеуші үшін қажет қабілет — шешім қабылдау білігі қалыптасады жəне бекиді.

Осылайша, біз əзірлеген білім алушылардың зерттеушілік құзыретілігін қалыптастыру əдістемесі келесі құрамдас бөліктерден құралған:

  •  адаптивті-инновациялық технологиялар мен дəстүрлі əдістерді ұштастыру жүйесі;
  •  оқытудың топтық тəсілінің басымдығымен сипатталатын студенттердің сабақтағы оқу іс- əрекетін ұйымдастырудың аралас əдістемесі;
  •  ақпарат көздерінен жəне оқу материалын игеру құралдарынан тұратын оқыту құралдарының жиынтығы;
  •  жеке жəне фронтальды түрде ағымдық, аралық, қорытынды бақылаудан тұратын, ауызша жəне жазбаша бақылау формасымен жəне олармен өзара байланысты критериалды бағалаумен сипатталатын бақылау-бағалау бөлімі.

Зерттеушілік құзыреттілік қалыптастырудың эксперименттік əдістемесінің тиімділігін тексеру үшін біз əдебиеттерге жүгіндік, онда зерттеушілік біліктерінің қалыптасуы бірден бола қоймайтыны расталады. Бұл бірнеше рет қайталауды қажет етеді. G. Di.Trapani, F. Clarke өз жұмысында студенттердің кейбіреулері лабораториялық сабақтарда бірінші сабақтардан кейін-ақ құзыреттілікке қол жеткізгенін, ал басқаларына сол нəтижеге жету үшін көп уақыт пен қайталау керек болғанын атап көрсетеді [12]. Біздің зерттеулеріміз осы пікірлерді растады: кейбір студенттерге алғашқы сабақтардан-ақ оңай жəне ыңғайлы болды, кейбіреулері зерттеушілік біліктерді үлкен күшпен жəне оқытушының көмегімен меңгерді.

Білім алушылардың зерттеушілік біліктерін қалыптастыру процесі сабақта оқытушылардың үнемі бақылауында болды, сонымен қатар əр сабақтан кейін ұйымдастырылған студенттердің кері байланыс қорытындысы бойынша жəне аралық бақылау қорытындысы бойынша талданып отырды. Біздің бақылауымызша семестр соңында студенттердің көпшілігі зерттеу тапсырмаларын орындау үшін теориялық білімді өз бетінше қолдануға дайын жəне қабілетті болды.

Қорыта келе, лабораториялық практикумда білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру əдістемесінің мазмұнын жаратылыстану-ғылыми бейіндегі басқа да мамандықтар бойынша білім беру процесінде қолданылуға ұсынуға болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сыздыкбаева А.Д. Формирование исследовательской компетентности будущего учителя начальных классов: дис. ... д-ра филос. (PhD) спец. 6D010200 – «Педагогика и методика начального обучения» / А.Д. Сыздыкбаева. — Алматы, 2016. — 143 с .
  2. Жексембинова А. К. Университеттік білім беру жүйесінде болашақ əлеуметтік педагогтардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру: филос. д-р (PhD) дис. ... / А.К. Жексембинова. — А, 2017. — 171 б.
  3. Жұмағұлова Қ.Ə. «Биологияны оқыту əдістемесі» курсын оқыту үдерісінде болашақ мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру / Қ.Ə. Жұмағұлова // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы. — 2013, № 3(37). — 70–72 б.
  4. Рамазанова А. А. Биолог студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруда зертханалық жұмыстың маңызы / А. А. Рамазанова, Г. И. Ерназарова, С. К. Турашева, М. А. Каракуш // Қарағанды ун- нiң Хабаршысы. Педагогика сер. — 2019, 4(96). — 86–89 б.
  5. Darling-Hammond L. Constructing 21st-century teacher education / L. Darling-Hammond// Journal of teacher education. — 2006. — Vol. 57(3). — P. 300–314. Doi:10.1177/0022487105285962
  6. Казарова О. А. Система адаптивно-инновационных технологий подготовки бакалавров биологии: моногр. / О.А. Казарова. — Великий Новгород, 2013. — 145 с.
  7. Селевко Г.К. Энциклопедия образовательных технологий: [В 2-х т.]. — Т. 1 / Г.К. Селевко. — М.: Народное образование, 2005. — 556 с.
  8. Педагогика: учеб. / под ред. П.И. Пидкасистого. — М ., 2006. — 608 с.
  9. Оңалбек Ж.К. Оқыту теориясының негіздері: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық / Ж. К . Оңалбек, Г . Ғ . Еркебаева, Ə. М . Оңғарбай. — Алматы: Гига- Трейд, 2010. — 162 б .
  10. Қоянбаев Ж. Педагогика: оқу құралы / Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. — Алматы, 2002. — 384 б.
  11. Красноборова А.А. Критериальное оценивание как технология формирования учебно-познавательной компетентности учащихся: автореф. дис. ... канд. пед. наук / А.А. Красноборова. — Нижний Новгород, 2010. — 23 с.
  12. Trapani G.Di. Biotechniques Laboratory: an enabling course in the biological / G.Di. Trapani, F. Clarke / Biochemistry and molecular biology education. — 2012. — Vol. 40, No. 1. — P. 29–36.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.