Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Aвстриядағы тіл мен мазмұнды кіріктіріп оқыту (CLIL) тəсілін қолдану тəжірибесі

Мақалада заманауи дəуірдің талаптары мен сұранысын қанағаттандыратын инновациялық форма ретінде пайда болған CLIL технологиясының австриялық тəжірибесіне сараптама жасалып, баяндалған. Авторлар өз ғылыми-педагогикалық тəжірибелеріне, австриялық ғалымдармен, эксперттер мен практиктермен болған тəжірибе алмасуларға сүйеніп, Австриядағы мазмұн мен тілді кіріктіріп оқыту тəжірибесіне тілдік тарихқа шолу жасай отырып, орта білім беру жүйесінде ұсынылып отырған бұл технологияның білім беру беру жүйесіне енгізілуінің алғышарттарына, мақсаты мен құрылымына сараптама жасайды. Билингвалды мектептер мен билингвалды сабақтар жекелеген мектептердің инициативасымен жүзеге асырылуы жəне оның басты алғы шарты CLIL- мұғалімнің пəндік жəне тілдік құзыреттілігі мен шетел тілінде оқу материалдарының болуына байланысты екені, мектепте қолданылатын пəн мен тіл комбинациясының алуан түрлі болу себептерінің алғышарттары сарапталып, CLIL модельдерінің мектеп типтеріне, пəн мен тілді кіріктіріп оқыту бағдарламасына, мұғалімдер мен оқу материалдарына, оқу тобы мен мектептің жағдайына қарай бейімделуі зерделенді. Кросс-куррикулум тəсілімен оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдерге педагогикалық ЖОО CLIL бойынша үздіксіз білім беру концепциясы ұсынылатындығы баяндалды. Мини-сабақтан бастап тұтас бір оқу жылына созылатын оқу курстарына дейінгі алуан түрлі шетел тілін классикалық оқыту мен шетел тілін оқыту тілі ретінде үйрету формаларын мектептегі тілдік даярлықта дұрыс қолдану арқылы лингвистикалық диверсификация қамтамасыз етілетіні артықшылық ретінде бағаланады.

Кіріспе

Бүгінде CLIL-ге деген қызығушылықтың артуы білім беру саласындағы озық тəжірибені зерттеумен түсіндіруге болады. Жаһандану мен экономиканың қарқынды дамуы, əлеуметтік конвергенция кімнің қандай тілді қай кезде жəне қандай жолмен оқуына маңызды əсерін тигізді. Тілді оқуға түрткі болатын қозғаушы күштер əр ел мен аймақта əр түрлі, алайда бəрінің көздеген мақсаты бір, ол — қысқа мерзім ішінде жақсы көрсеткішке қол жеткізу. CLIL заманауи дəуірдің талаптары мен күткеніне жауап ретінде дамытылған инновациялық форма. CLIL қарқынды дамып келе жатқан жаһанданумен байланысты талаптарға жауап беретін қолайлы жауап қана емес, қайта, əлдеқайда ауқымды əлеуметтік перспективалармен үндесетін, дер кезінде табылған шешім жəне өзінің тиімділігін дəлелдеді де, деп санайды ғалымдар.

Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйесіне үштілді оқытуды енгізу жаңадан қолға алынып жатқандықтан бұл саладағы өзге дамыған елдердің тəжірибесімен танысу маңызды. Əрине, бұл шетелдік тəжірибе қазақстандық білім беру жүйесіне тікелей көшіріліп қояды деген сөз емес, өйткені əр елдің білім беру жүйесі, оқушылары, сабақ құрылымы мен формасы өзгеше, онда билингвалды оқытуда ұсынылатын шетел тілдері де басқа. Тіпті олардың шетел тілі мен оны сөйлеушілерге деген көзқарасы мен мотивациялары да өзгеше. Билингвалды оқытуға оқушыларды қатыстыру үрдісінің өзі əр елде əр түрлі ұйымдастырылады. Еуропаның көптеген елдерінде оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша, мектеп кеңесінің шешімімен, əдетте ешқандай іріктеусіз жүзеге асырылса, Қазақстанда үштілді оқыту барлық орта-жоғары буын сынып оқушылары үшін міндетті. Оқушыларда таңдау, ал мектепте іріктеу мүмкіндігі қарастырылмайды. Демек, бұл саладағы өзге елдердің тəжірибесін сараптап таразылаудың бізге үштілді білім беру процесін ұйымдастыруда көмегі тиері анық.

Əдебиеттерге шолу

ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасында үштілді білім беру саясатын жүзеге асыру аясында орта білім беретін мектептерде пəн мен тілді кіріктіре оқыту технологиясын (CLIL) енгізу» жобасы» гранттық ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында жоспарланған Австриядағы CLIL — тағылымдама барысында зерттеу тобы Вена университетінде (University Vienna), Вена педагогикалық университетінде (PH Wien), Жоғарғы Австрия педагогикалық университетінде (PH Oberösterreich), HTL Spengergasse жоғары мектептерінде болып, CLIL практикасымен танысты. Вена университетінде CLIL айналысып жүрген зерттеуші-ғалым Кристиане Дальтон-Пуффермен əлемде CLIL-дің зерттелу жағдайына байланысты (Emperical research in CLIL), Татьяна Баковскимен CLIL енгізілуін басқару (Managing the introducing of CLIL) саласындағы зерттеулері жайлы, Филип Боллдың (Испания/Ұлыбритания) CALP, Translanguaging байланысты практикалық семинарларына қатысып, пікір алмастық. Сондай-ақ Линц қаласында өткен ғалым-зерттеушілер мен практиктердің тəжірибе бөлісу алаңына айналған CCLA-2020 «CLIL in European classroom» халықаралық конференциясына қатыстық. Тағлымдама барысында жинақталған материалдар ұсынылып отырған мақалаға арқау болды.

CLIL — оқытуда екі бағытты қамтитын тəсіл, яғни шетел тілін пəн мазмұны мен шетел тілін оқу мен оқытуда бірдей қолдану [1]. «CLIL refers to the teaching of a current subject other than foreign languages in more than one language» деп анықтама береді EURYDICE [2]. Бұл тəсіл шетел тілін немесе пəн мазмұнын оқудың жаңа формасы емес, ол бұған дейін қолданылып келген көптеген əдістердің басын құрайтын инновациялық технология. Д.Койлдың айтуынша, CLIL — билингвизм идеяларының əсерінің, шетел тілін екінші шет тілі ретінде меңгеру идеяларының, когнитивті оқыту теориясы мен конструктивизм нəтижесі [1].

CLIL мазмұнды өзге тілде оқытуды мақсат ететін кіріктірілген тəсіл, тіл мен мазмұнды қатар меңгеруді мақсат ететін жаңа педагогикалық тəсіл ретінде танылып отыр [1]. Д.Койл мен Д.Марштың еңбектерінде бұл тəсілге келесідей анықтамалар беріледі: CLIL педагогикалық парадигма, ол пəн (мысалы, химия) мазмұнымен қатар тілді бірдей үйрену дегенді білдіреді жəне екінші тілді меңгеруді жақсарту жəне екінші тілдің көмегімен тілдік емес салада, яғни тілдік емес пəн бойынша, білім мен дағдыны дамытуды мақсат етіп, оқушыларға тілді дамытуға табиғи жағдай жасай алады жəне бұл оқушыларды тіл үйренуге ынталандырады [3; 1].

Еуропада мазмұн мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) педагогикалық тəсілінің екі мақсаты бар. Біріншіден, оқушылардың оқу пəні бойынша білім алуын қамтамасыз ету; ал екіншіден, шетел тіліндегі құзыреттіліктерін арттыру. Бұл жалпылама мақсаттармен қатар Еуропа елдері келесідей жайттарға баса назар аударады: оқушыларды интернационализацияланған қоғамда өмір сүруге дайындау жəне оларға еңбек нарығында ең жақсы перспективалар ұсыну (əлеуметтік-экономикалық міндеттер); оқушылардың бойына шетел тілі арқылы өзге мəдениеттерге деген құрмет пен толеранттылық құндылықтарын сіңіру (əлеуметтік-мəдени міндеттер).

Оқушылардың келесі аспектілерді дамытуына мүмкіндік беру:

  • — шынайы практикалық мақсаттарды алға қоя отырып оқушыларды тіл үйренуге ынталандыру арқылы тиімді коммуникацияға екпін жасайтын тілдік дағдыларды дамыту (лингвистикалық міндеттер);
  • — пəнді білу жəне оқуға қабілеттілік, əр түрлі инновациялық тəсілдер арқылы пəннің мəнін ұғынуға ынталандыру (оқу міндеттері).

Австриядағы CLIL дамуы жайлы Г.Ажубаның «Windows on CLIL in Austria» мақаласында елдегі лингвистикалық жағдайдан бастап оның мақсаты мен құрылымы, CLIL мұғалімдер дайындау, бұл инновациялық тəсілдің əдіснамасы мен оны жүзеге асыруға қажетті материалдар жайын қарастырған.

К.Дальтон-Пуффер «CLIL classrooms as language learning environments: analysing classroom discourse» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, бірқатар ғылыми мақалалар жариялады. C. Mewald пəн мазмұнына негізделе отырып шетел тілін оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы, австриялық техникалық колледждердегі HTL CLIL практикасы (U.Smith, T.Finker; К.Петер), қостілді мектептер жайлы эмпирикалық зерттеулер (И.Вальнер), орта мектептің төменгі буынындағы билингвалды сабақ дидактикасы (М.Вагнер-Хазелбауэр) жайлы ауқымды зерттеу жұмыстары жасалған.

191

Негізгі бөлім

Əдіснамасы

50-ден астам тілде сөйлейтін Австриядағы көптілділік жəне билингвалды білім беру жайлы айтқанда, бұл елдің халқының этникалық құрамына тоқталмауға болмас. Мұнда мекендейтін ұлттардың тілдері де əр түрлі статусқа ие: мемлекеттік тіл, əкімшілік тіл, ресми тіл статусын ие тіл, аймақтық тіл, аз ұлт өкілдерінің тілдері жəне олардың өз статусына сəйкес өзара қолдану комбинациясы да алуан түрлі (Кесте 1).

Австрия Республикасының мемлекеттік тілі — неміс тілі [4] жəне ол §16, Abs. 1 SchUG35 сəйкес Австрияда оқыту тілі болып табылады. «Unterrichtssprache ist die deutsche Sprache, soweit nicht für Schulen, die im Besonderen für sprachliche Minderheiten bestimmt sind, durch Gesetz oder durch zwischen staatlicheVereinbarungen an der es vorgesehen ist» §16(3) SchUGUnterrichtssprache, яғни мектептегі оқыту тілі туралы тармағына сəйкес басқа шетел тілін оқыту тілі ретінде қолдануға да заңды негізде рұқсат етілген [5]. Неміс тілінің оқыту тілі ретіндегі статусына қоса оқу жоспарында Неміс тілі «міндетті пəн» ретінде барлық мектептерде оқытылуы көрсетілген. Сонымен қатар ең көп таралған шетел тілі — ағылшын тілі, екінші орында — француз тілі.

Автохтонды топтардың тілі ретінде венгр, словен, хорват тілдері əкімшілік тіл статусына ие болса, ал чех, словак жəне сыған тілдері аз ұлт өкілдерінің тілі ретінде қорғалады [6]. Жəне осы тілдер CLIL технологиясын жүзеге асыруда тілдер комбинациясын құрауда есепке алынады.

Австрияда қостілді білім берудің əр түрлі модельдері жасалған: неміс жəне ағылшын тілдеріне негізделген элитарлы бағдарламалардан бастап, автохтонды аз ұлт өкілдерінің, мигранттардың тілдерін қамтитын бағдарламалар да бар. Соңғы екі жайтты ескере отырып, қостілді білім берудің мақсаты қоғамда қостілділікті сақтап қалу ма, əлде қостілділік аясын арттыру ма деген сұрақ туындайды. Дегенмен, қостілді білім беруге деген қызығушылық артып келеді, бұл сірə, Австрияда аз ұлт өкілдірінің құқығын қорғау ниетінен туған болса керек.

Балаларға шетел тілін үйрету балабақшадан бастап қолға алынған: кішкентай кезінен тіл үйрету бала бақша тəрбиешілерінің міндетіне жатады жəне мектепке дайындық болып табылады. Жекелеген федералдық облыстарда көптілділікті қолдауға айрықша назар аударылуда. Атап айтқанда, Тиролда балалардың ана тілін дамыту жəне неміс тілін үйренуіне қолдау көрсету мақсатында ана тілді тəрбиешілермен қатар неміс тілді педагогтар бірлесіп жұмыс атқарып келеді. 2005/06 оқу жылынан бастап оқушыны бастауыш мектепке қабылдау алдында оның неміс тілін меңгеру деңгейі анықталады. Егер неміс тілін əлі де болса үйрену қажет болған жағдайда, ата-аналарға қосымша сабақ алуға кеңес беріледі жəне ол сабақтар мемлекет тарапынан қаржыландырылады.

Нəтижелері

Бүгінде австриялық бастауыш мектептің оқу бағдарламасында шетел тілін кіріктіріп оқыту бірінші сыныптан басталып отыр. Бастауыш мектептің алғашқы екі жылында шетел тілі (бұл əдетте, ағылшын тілі, ал кейбір мектептерде француз тілі немесе көршілес елдердің тілдері) кросскуррикулумдық тəсілмен, яғни, міндетті математика, жаратылыстану, өнер, музыка жəне дене шынықтыру пəндеріне кіріктіріліп оқытылады. Австрияда ағылшын тілін бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын кіріктірілген тəсіл — mini-CLIL, ағылшын тілін күнделікті оқушылармен қарым- қатынаста жəне оқушылардың өзара қарым-қатынасында кешенді қолдану басты назарда болады. Кіріктірілген тəсілді қолданатын мектептердің бəрінде 1–2-сыныптарда ағылшын тілі аптасына бір рет mini-CLIL арқылы оқытылса, бастауыш сыныптың келесі екі жылында бұл концепция ары қарай жалғасады жəне қосымша күнделікті қарым-қатынасқа да назар аударылады.

CLIL орта мектептің орта буыны мен жоғары сыныптарында жəне əсіресе, кəсіби білім беру саласында аса маңызды рөл ойнайды. Австрия Болон декларациясын, ондағы университет студенттерінің академиялық ұтқырлығын, оқудың үшінші сатысын шетел тілінде жалғастырылуын қолдайды.

Бүгінде CLIL əр түрлі ұйымдастырушылық формаларға ие. Австриялық CLIL қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізі мектепте білім беруді ұйымдастыру туралы Заң § 16/3 (Schulunterrichtsgesetz) болып табылады [5]. «… Furthermore, the Provincial Educational Board, following an application from the head of a school (…), approves the use of a modern language as the language of instruction (working language)of this (…) seems to serve the purpose of improving education in foreign languages and does not prejudice the general accessibility of the individual formats and subject directions of different types of schools. This approval may also be granted to individual classes or individual subjects taught. (…)» [7]. Бастапқыда бұл Заң аз ұлт өкілдерінің тілінде оқытуды қамтамасыз ету үшін қабылданған болатын, алайда ол CLIL-дің кез келген формасы үшін негіз болып табылады. CLIL-ді оқуға ниет білдірген оқушыларға ешқандай талап қойылмайды [8]. Бастауыш мектепке қабылданған əрбір оқушы осы бағдарламаға қосылады.

Австрияның Білім туралы Заңына енгізілген өзгеріс мектеп бағдарламасындағы CLIL позициясын бекітіп берді, осылайша жекелеген мектептерге CLIL бағдарламасын енгізуде автономия берілді. CLIL курсын құрылымдауға келгенде оқу бағдарламаларын əр мектеп өз ыңғайына қарай бейімдеуге құқылы: жалғыз шарты — егер CLIL енгізілетін болса, демек тіл мен апталық сағат саны анықталып алынуы тиіс (BMBWF 2018: Lehrpläne — allgemeinbildende höhere Schulen) [9]. Бұл тəсіл мектептердің қажеттігіне, оқушылар мен мұғалімдерге сəйкес келетін жеке CLIL бағдарламаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ бағдарламаны қолда бар ресурстар мен оқытудың жеке мақсаттарына қарай құрылымдауға мүмкіндік береді. Сондықтан да CLIL жобалар интенсивтілігі мен ауқымы, созылатын уақытына қарай əр түрлі болып келуі жəне hard CLIL бағдарламалары мен кездейсоқ CLIL бағдарламалары арасында əрқилы формаларға ие болуы мүмкін. Жергілікті мектеп жағдайына сəйкес келетін оқу бағдарламаларын құрастырудағы еркіндіктің болуын мектептерге берілген артықшылық деп қарастыруға болар еді, дегенмен, басшылыққа алатын нақты қағидалардың болмауынан, директивті органдар тарапынан басшылықтың əлсіздігінен CLIL бағдарламаларының басым көпшілігі «өте төмен деңгейде» бастау алды деп топшылайды Дальтон-Пуффер.

Австрияда CLIL «Englisch als Arbeitssprache» (EAA) деген термин арқылы танымал. «EAA means using English or the foreign language in teaching situations ranging from short project to bilingual education throughout the whole school year» [10]. Мұнда тіл пəн мазмұнын оқытуда қолданылуы мүмкін құрал ретінде қарастырылады, яғни мазмұнды оқыту мен тіл үйрену қатар жүреді. «Мазмұнды оқыту» жəне «тіл үйрену» деген терминдердің қолданылуы — сабақтың осы бағытта ұйымдастырылуы пəнді саналы түрде оқытуға ықпал етіп, оқушыларды мазмұн мен шетел тілін бірдей саналы түрде оқуға жетелеуі тиіс дегенді білдіреді [10]. «Englisch als Arbeitssprache» (EAA) тілдік жəне оқыту мақсаттарына пəндік саланы қоса отырып, лингвистикалық қабілеттерді де арттыру; пəн саласында шетел тілін қолданудың пайдасы туралы түсінікті кеңейту арқылы ынтаны арттыру; болашаққа, кəсіби мансап пен əлеуметтік өзгерістерге дайындау; оқушының шетел тілі бойынша білімін жақсарту жəне коммуникациялық құзыреттілігін арттыру, сонымен қатар шетел тілінде жұмыс істеу барысында кездесетін əр түрлі қиындықтарды жеңуге қажетті дағдыларды қалыптастыру жатады.

Австрияда CLIL концепциясы орта білім беретін техникалық мектептердің оқу жоспарынан берік орын алғанын айрықша атап кеткіміз келеді. «2011 жылы қабылданған техникалық кəсіптік мектептердің жаңа оқу жоспарларында CLIL оқу мен оқытудың міндетті элементі болып табылады. Осылайша Австрия еуропалық CLIL қауымдастығы арасында жеке дара ерекшеленген позицияны иемденіп тұр, себебі Еуропаның көптеген елдерінде бұл тəсіл оқушылар өз еркімен таңдай алатын билингвалды оқытудың бөлігі ретінде қолданылып отыр». «Mit dem Inkrafttreten der neuesten Generation von HTL-Lehrplänen im Jahr 2011 wurde CLIL als ein verpflichtendes Element des Lehrens und Lernens an technischen Schulen verankert. Österreichbefindetsichdamit in einervorersteinzigartigen Position innerhalb der europäischen CLIL Community, da in vielen anderen europäischen Staaten CLIL meist ausschließlich als Teil bilingualer Lehrgänge, die von Schüler/innen auf freiwilliger Basis gewählt wеrden können, zum Einsatz kommt» [11]. CLIL-дің HTL үшін артықшылығы: мамандыққа дайындауда: HTL бітірушілері өз мамандықтарында ағылшын тілін жиі қолданады. Шетел тілін үйренуде: шетел тілінде ауызекі коммуникация іскерлігінің жақсаруы, сөйлеу кедергілерін жеңу. Мектеп саясатында: оқушылар үшін тартымдылықтың артуы, оқушылардың ұтқырлығы. Мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптың күшеюі: мұғалімдердің ішкі ынтасы мен қызығушылығының артуында.

HTL мектептерде CLIL бағдарламаларын ендіру тəжірибесін сараптай келе келесідей Good CLIL Practice мысалдарын ұсынуға болады:

  • — CLIL бағдарламасын оқу процесіне енгізуден алдында Teambilding, яғни пəн мұғалімі мен тіл мұғалімінің тандемі құрылуы тиіс.
  • — Жергілікті педагогикалық ЖОО (РН) пəн мұғалімдеріне арнап ағылшын тілі курстарын ұйымдастырады жəне Cambridge 1st Certificate алу мүмкіндігі қарастырылады; жергілікті ағылшын тілі мұғалімдері пəн мұғалімдеріне арнап тілдік біліктілікті арттыру курстарын ұсынады.
  • — CLIL-ді саралап қолдану: яғни неміс тілінде оқытқан дұрыс деп табылатын тақырыптар мен салаларды анықтау (мысалы, өлшем мен нормалар ағылшын жəне неміс тілдерінде бір-бірінен қатты ерекшеленеді).
  • — Кім-нені-қашан-қаншалықты ауқымда CLIL бағдарламасы аясында оқытылуы керек екені алдын ала келісіледі.
  • — CLIL сыныпта оқушы саны 20-дан аспайды; оқушыларға күнделікті ағылшын тілінде «бірнəрсе» ұсынылып тұрады.
  • — Team Teaching: жыл сайын тандемде жұмыс жасайтын пəн мен тіл мұғалімі жəне олардың міндеттері анықталады.
  • — Сабақта тақырып бойынша кездесетін глоссарий алдын ала дайындалады; ағылшын тілі сабағында пəн сабағы үшін маңызды болып табылатын, мысалы, лабораториялық жұмыс есебі, презентация, т.б. мəтін сорттары қарастырылады; сабақта қос тілді сөздік, онлайн сөздік қолжетімді; мұғалімдер екі тілді араластыруға рұқсат береді, тек шетел тілін белсенді қолдану басымдылыққа ие.

Бүгінде CLIL австриялық мектептің құрамдас бір бөлігіне айналды, оқу материалдары жəне мұғалім даярлау концепциясымен қамтамасыз етілген, үздіксіз білім беру семинарлары жұмыс істейді [12]. Кіріктірілген сабақтардың 90 % ағылшын тілінде жүргізіледі, алайда оқыту француз тілінде немесе Австриямен шекаралас көршілес елдердің тілдерінде жүргізілетін мектептер де бар. Сұраныс төмен тілдер де кездеседі, оның себебі — олардағы қажетті оқу материалдарының тапшылығы. Сонымен қатар шетел тілін классикалық оқыту мен шетел тілін оқыту тілі ретінде үйрету формаларын мектептегі тілдік даярлықта дұрыс қолдану арқылы лингвистикалық диверсификация қамтамасыз етіледі. Осылайша «дəстүрлі» шетел тілі ретінде оқылатын кез келген тілді оқыту тілі ретінде қолдана отырып үйренуге болады. Австрияда CLIL-дің өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда шетел тілі ретінде кей жағдайда неміс тілінің де қолданылуы мүмкін. Бұл елдегі көптілділік пен автохтонды тілдердің əкімшілік статусына байланысты. Еуроодақта бүгінде CLILiG (Content and Language Learning in German) жобасы, оны мигранттарға неміс тілін үйретуде қалай қолдану мəселесі зерттелуде.

Негізгі оқыту тілінен (неміс) басқа тілдерде оқытылатын пəндер туралы ешқандай ұлттық статистикалық мəлімет таба алмадық. Алайда, австриялық тəжірибені сараптай келе, география, тарих жəне биология ең кең тараған CLIL-пəн деп топшыладық. Мұнда пəн таңдау едəуір дəрежеде білікті мұғалімдер мен оқу материалына байланысты. Соңғы жылдары Төменгі Австрияның білім беру кеңесі академиялық орта мектептерде мұғалімдерді математика, физика жəне химия сабақтарында CLIL тəсілін қолдануға ынталандыру керек деген ұсыныс жасаған болатын. Мұғалімдерге дидактикалық жəне тілдік дайындықтан өту үшін өндірістен қол үзбей кəсіби біліктілікті арттыру жолдары ұсынылды.

Австрияда бастауыш мектеп пен орталау мектепте мұғалім болу үшін педагогикалық жоғарғы оқу орнын тəмамдау керек. Ал академиялық орта мектеп (Allgemeinbildende Höhere Schule) мұғалімінің өз пəні бойынша австриялық университеттің магистрі деген дəрежесі болуы керек. Австрияда орта мектеп мұғалімдерінің басым бөлігі екі пəн бойынша маманданады. CLIL сабақта тіл мұғалімдері көбінесе екінші пəндерін шетел тілінде береді. Мұғалім өз пəнін неміс тілінен басқа тілде оқыту мəселесін мектеп басшылығы келесідей жайттарды есепке ала отырып шешеді: мұғалім CLIL қолданылатын тілдің мұғалімі ме? CLIL сабақ жүргізілетін тілде сөйлейтін елде болған ба, дəлірек айтсақ, сонда оқып немесе жұмыс істеген ба? CLIL сабақ жүргізуге қажетті лингвистикалық жəне əдіснамалық дайындықтан өткен бе? Мұғалім CLIL тілінің сөйлеушісі ме? CLIL тілін меңгеру дəрежесін растайтын тілдік емтихан тапсырған ба? Келесі шешім – Team-teaching, яғни пəн мұғалімі мен тіл мұғалімінің тандемі, мұнда əдетте тіл мұғалімі ана тілді (native speaker) болып келеді.

Бүгінде австриялық педагогикалық ЖОО басым бөлігі əдістемелік курста CLIL бағдарламасын қоса ұсынады. Оған бөлінетін сағат саны бірнеше сағаттан бір немесе екі семестрге дейін болуы мүмкін. Жəне курстың соңынан студенттерге сертификат беріледі. Австриялық университеттер əлі де болса кіріктірілген оқыту бойынша мұғалімдерге арналған интенсивті оқыту курстарын ұсына қоймаған, бұл тақырып əдіснамалық курсқа кіріктірілген.

Шетел тілін 1–сыныптан бастап кросс-куррикулум тəсілімен оқыту оқу бағдарламасына енгізілгеннен кейін мұғалімдерді алдын ала жəне жұмыс барысында үздіксіз білім алу бағдарламасы аясында дайындау жүзеге асырылып келеді. Кейбір педагогикалық ЖОО CLIL бойынша екі-төрт семестрге созылатын үздіксіз білім беру семинарларын (Akademielehrgänge) ұсынады. Ұлттық деңгейде координация жоқ. Ауқымды семинарлар үшін оқу бағдарламаларын педагогикалық ЖОО өздері əзірлейді. Мысалы, Грац-Эггенберг педагогика Орталығы ағылшын тілін жетік меңгерген барлық пəн мұғалімдеріне арналған үш айлық дайындық курсында CLIL əдіснамалық негіздері, практикалық зерттеулер (action research) сараптамаларын жəне құқықтық аспектілерді ұсынды. Осы жылы Клагенфурт университеті Австрия тілдік құзыреттіліктер орталығымен (Österreichisches Sprachen-Kompetenz-Zentrum/ ÖSZ) ынтымақтастықта төрт семестрлік курс ұйымдастырды. Мақсатты нысаны — педагогикалық тəжірибесі үш жылдан кем орта мектеп мұғалімдерін оқыту. Бұған қосымша тағы да Professionalität im Lehrberuf (ProFiL) төрт семестрлік университеттік оқу бағдарламасына қатысқан мұғалімдер педагогика магистрі дəрежесін алуына болады. [13]. Вена қалалық білім беру кеңесі Вена педагогикалық ЖОО бірлесе отырып үздіксіз оқыту семинарлары аясында екінші пəндерін ағылшын тілінде оқытқысы келетін орталау мектеп мұғалімдеріне арнап екі семестрлік Dual Language Programme (DLP) ұсынады.

Мұғалім даярлау курсының алғашқы сатысында, кіріктірілген оқыту əдістемесімен қатар шетел тілінде ауызекі сөйлеу іскерліктерін дамытуға екпін жасалып, аптасына 8 сағат шетел тілін оқытуды қарастырады.

Осы орайда гранттық ғылыми-зерттеу жобасы аясында мектеп мұғалімдеріне арналған жəне үштілді оқыту жүйесіне ауысуға пəн мұғалімдерін жаңа инновациялық тəсілге дайындауды мақсат еткен «Орта мектептегі CLIL технологиясы» атты кешенді кəсіби біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы құрастырылып, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде қолданысқа енгізілді. Бағдарлама тек пəн мұғалімдері ғана емес, шетел тілі пəнінің мұғалімдеріне арналған контентті жəне CLIL сабақта АКТ қолданылуы сынды салаларды қамтыды [14].

Сонымен, CLIL қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізі мектепте білім беру туралы Заңмен § 16/3 (Schulunterrichtsgesetz) реттелген. Мұның бəрі ерікті түрде жүзеге асырылады, өйткені Австрияда шетел тілін оқыту тілі ретінде қолдануға байланысты ешқандай заңды міндеттеу жоқ. Билингвалды мектептер мен билингвалды сабақтар жекелеген мектептердің инициативасымен жүзеге асырылады, мұның басты алғы шарты CLIL-мұғалімнің пəндік жəне тілдік құзыреттілігі жəне оқу материалының болуы. Сонымен қатар ынталы мұғалімдерге дидактикалық жəне тілдік дайындықтан өту үшін өндірістен қол үзбей кəсіби біліктілікті арттыру жолдары қарастырылған. Атап айтқанда, кросс- куррикулум тəсілімен оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдерге педагогикалық ЖОО CLIL бойынша екі-төрт семестрге созылатын үздіксіз білім беру семинарларынұсынады. Ал ауқымды семинарлар үшін оқу бағдарламаларын педагогикалық ЖОО өздері əзірлейді.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Австрия мектептерінде CLIL бағдарламасын қалай құрылымдау керек, қалай жүзеге асыру қажеттігін реттейтін ресми басшылық қағидалар жоқ деуге болады, сол себепті бағдарламаның инициаторлары CLIL əдіснамасын жəне онымен байланысты əкімшілік мəселелерді терең түсінуі қажет.

Австриялық педагогикалық білім беру жүйесі əзірлеген мектеп мұғалімдері қос мамандық меңгеріп шығатын болғандықтан, егер CLIL-сабақ тілі ағылшын тілі болатын болса, қосымша əдіснамалық білім алу мүмкіндігін пайдалана отырып мұғалімдер бұл əдісті жүзеге асыра алатынына күмəн жоқ. Тек мектеп əкімшілігінің қолдауы болса болғаны, өйткені Австрияда оқытудың инновациялық əдістерін, инновацияялық жобаларды ендіру мəселесінде мектеп директоры мен мектеп əкімшілігі үлкен автономияға ие. Австриялық ғалымдардың айтуынша, CLIL-курстардың оқу материалдарымен қамтамасыз етілуі əлі де болса назардан тыс қалып отырған мəселе жəне CLIL- мұғалімдерін дайындау, олардың кəсіби біліктілігін арттыру мəселесі əлі де болса жіті көңіл бөлуді қажет етеді. Осы орайда Қазақстанның Білім жəне ғылым министрлігі тарапынан үштілді білім беру жүйесіне көшу бағытында ұйымдастырылып жүйелі түрде жүзеге асырылған жұмыс, атап айтқанда процесс іске қосылғанға дейін үш тілде оқытылатын пəндер бойынша оқулықтардың əзірленуі, пəн мұғалімдерінің тілдік (ағылшын тілі) жəне CLIL бойынша əдіснамалық даярлықтан өтуі, шетел тілі пəн мұғалімдерінің CLIL əдіснамасы бойынша біліктілігін арттыру курстарының ұйымдастырылуы, шетелдік əріптестердің назарын аударып жəне жоғары бағаланып отыр.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Coyle, D., Hood, P., & Marsh, D. CLIL: Cotnent and language integrated learning. Cambridge: Cambridge University Press. 2010.
  2. EURYDICE 2006: Content and Language Integrated Learning at Schools in Europe. Directorate-General for Education and Culture: Brüssel.
  3. Marsh D., et al.,: European Framework for CLIL Teacher Education. A framework for the professional development of CLIL teachers. European Centre for Modern Languages: Graz. 2010.
  4. B-VG §8, Abs. 1, BGBl. Nr. 1/1930. BGBl соңғы өзгеріс енгізілді. I № 81 -2005. 01.09.2005 күшіне енді.
  5. Bundesgesetz über die Ordnung von Unterricht und Erziehung in den im Schulorganisationsgesetz geregelten Schulen (Schulunterrichtsgesetz — SchUG)StF: BGBl. № 472. -1986 (WV).Gesetzestext.
  6. Minderheitensprachen in Österreich. — [Электронды ресурс]. — Қолжетімді: https://de.wikipedia.org/wiki/Minderheitensprachen_in_Österreich.
  7. Education Act, Federal Gazette no. 767/1996, 18.
  8. Englisch als Arbeitssprache: Modelle, Erfahrungen und Lehrerbildung / ред. G. Abuja — Graz: Zentrum für Schulentwicklung. [berichtereihe III, 4], 1998.
  9. Bundesministerium für Bildung, Wissenschaft und Forschung. «Gesamte Rechtsvorschrift für Lehrpläne — allgemeinbildende höhere Schulen, Fassung vom 01.09.2018». Retrieved from https://www.ris.bka.gv.at/GeltendeFassung.wxe? Abfrage=Bundesnormen&Gesetzesnummer=10008568&FassungVom=2018–09–01.
  10. Mewald C. Paradise lost and found: A case study of content based foreign language education in Lower Austria: Ph.D.Thesis / ClaudiaMewald. —- Norwich: University of East Anglia, 2004.
  11. Gierlinger E. Innovative Impulse ausdemEuropäischenFremdsprachenzentrum des Europarates: Die CLIL-Matrix in der Un- terrichtspraxis /С. Carré-Karlinger, Е.Fuchs, С. Lechner // Praxisreihe 13. EINE INITIATIVE DES Bundesministeriums für Unter- richt, Kunst und Kultur. Österreichisches Sprachen-Kompetenz-Zentrum. — 2010.
  12. Sprach- und Sprachunterrichtspolitik in Österreich. Länderprofil / ÖSZ, BMUKK, und BMWF (Eds.). — Graz/Wien: ÖSZ, 2009. — 138 S.
  13. Professionalität im Lehrberuf — Profil (MA). - [Электронды ресурс]. — Қолжетімді: https://www.aau.at/universitaetslehrgaenge/professionalitaet-im-lehrberuf/
  14. Kozhamzharova D.P. The main results of research on the CLIL project in Taraz State Pedagogical University / D.P. Kozhamzharova, G.B. Issabekova, N.T. Duisenova, A.Akhmetova, G.Eskermesova // J Adv Pharm Edu Res. — 2019. — T. 9, № 1 — Р.38–43.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.