Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бақ дамуына әсері

Аңдатпа

Журналистиканың трансформацияға үшырауына цифрлану, яғни технологиялық фактор мен ғаламдық интернет желісінің пайда болуы эсер етіп отыр. Коммуникацияның жаңа арнасының пайда болуы журналистика функциясына да өзгерістер экелді. Бұқаралық коммуникациядағы технологиялық жаңалық журналистиканың элеуметтік функциясына да эсер етті. Жаңа технология бүқаралық ақпарат күралдарын ғана емес, Қазақстан қоғамын да жүйелі түрде жаңа деңгейге көтергсн механизм болды.

Дегенмен, жаңа коммуникациялық технологияның әсері бір жақты емсс. Жаңа жэне дэстүрлі қүралдардың кактығысы журналистика қүндылықтарына жаңа көзқарас қалыптастырды. Материалдық, заттық тасымалға негізделген бүрынты журналистикаға қарағанда цифрлық дэуірде өзгерістердің эсері анағұрлым терец. Технологиялық төңкерістің бүрынтылардан айырмашылыты ақиқаттың виртуалды элемге көшуі, интерактивтілік пен жаһандық сипат алуы. Бүгінде ақпарат тарату эдістері ғана емес, оны қолданушы орта да ауысты. Жаңа жағдайта бейімделген Қазақстан журналистикасы ақпарат таратудың кез - келген түрлеріне эксперимент жасауда.

Мақалада цифрлық технологияның казак баспасөзіне экелген жаңалығы талданған. бүгінгі күн түрғысынан баға берілген.

Kipicne

Интернет үдайы өзгеріп отыратын құбылыс. Әлеуметтік желілер мен мобильді технологиялар интернеттің қарқынды дамуына жол ашты. Интернеттегі эволюция адамдардың қарым - қатынасына жаңа тәсілдер енгізді. 2004 жылы дүниеге келген Facebook 2230 миллион белсенді қолданушысы бар бүкіләлемдік желіге айналды. Мобильді технологиялар интернет таралымын арттырып, қолданушыларды көбейтті.

Интернет бұқаралық коммуникация құралдарының ішіндегі ең еркін ақпарат көзі болып отыр.

Цифрлық технологиялар мен интернет желісінің әсерінен бүгінгі күннің шындығы да жаңа сипат алды. Ақпарат тарату пішіні ғана емес, әлеуметтік жүйе өзгеруде. БАҚ арқылы әлеуметтік мәселелерді реттеу пішіндері өзгеріп жатыр. Ақпарат тарату мен БАҚ - тың аудиторияға эсер ету пішіндері жаңғырып, жаңа түрлері пайда болды. Қаржы көздері де жаңа ақпараттық технологияның пайдасына қайта қарастырылуда. Жоғарғы технология мен коммуникация саласындағы бизнесті үйымдастыру пішіні мен құрылымы өзгерді. Журналистердің кэсіби қызмет эдістемесі, аудитория құрылымы мен бүқаралық - ақпараттық контент жаңғыруда.

Халықаралық Internet World Stats веб - сайтында жер бетіндегі аймақтар мен элемнің 243 - тен астам елінде интернетті қолдану, элеуметтік желілердегі статистикалық деректер, интернет - нарықты зерттеу туралы ең соңғы деректер ұсынылған.

Сондай ақ, Internet World Stats сайты - халқаралық онлайн-нарық, элемдегі халық саны туралы статистикалық зерттеулер, телекоммуникация туралы ақпараттық хабарламалар мен элем елдерінің Facebookri қолдану статистикасы салынған пайдалы дерек көзі.

Мэселен, www.internetworldstats.com сайтында 1995 - 2018 жылдар аралығында элемдегі интернет қолданушылардың саны мен өсу пайызы көрсетілген.

Кесте 1 Элемдеп интернет қолданушылардың саны мен өсу пайызы

Дата

Қолданушылар саны

Элем халқының саны %

Ақпарат көзі

1995 ж. желтоқсан

16 миллион

0.4%

IDC

2005 ж. желтоқсан

1018 миллион

15.7%

Әлемдік статистика

интернет-

2015 ж. желтоқсан

3.366 миллион

46.4%

Әлемдік статистика

интернет-

2017 ж. желтоқсан

4 156 миллион

54.4%

Әлемдік статистика

интернет-

2018 ж. маусым

4 208 миллион

55.1%

Әлемдік статистика

интернет-

1 - Кесте https://www.internetworldstats.com/emarketing.htm сайтынан алынды.

Кестеде көрсетілгендей, 1995 жылдың желтоқсан айында элемдеп халықтың 0,4 пайызы интернет қолданған. Ягни 16 миллион қолданушы интернетке қосылған. 2005 жылы қолданушы 1 миллиардқа артса, 2015 жылы 3 миллиардтан асқан. Ал, 2017 жылдың желтоқсанында элемдеп халықтың 54,4 пайызына интернет қолжетімді болтан. 2018 жылдың маусым айындагы дерек бойынша бүгінде 4 миллиард 208 миллион қолданушы интернет тұтынады. Жер бетіндегі халықтың 55 пайызы интернетке қосылған.

Жаһандану процесі Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Қазақстан Орта Азияда телекоммуникация секторы бойынша алдыңғы қатарға шыққан ел. Елде 4G технологиясы кең құлаш жайған. Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда кең жолақты интернет қолжетімді, мобильді интернет белсенді қолданылуда. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2017 - 2021 жылдар аралығында үлттық цифрлану инфрақүрылымын бэсекеге қабілетті етуге бағытталған. Мүны төменде келтірілген кестедегі деректер де айғақтап тұр.

Цифрлық технология көрші Ресейдегі медиаға да өзгеріс экелді. Жаңа медианы сэтті қолданған басылымдар монетизация тэжірибесін қолданып пайда табуда. AKAP ұсынған мэлімет бойынша ресейлік баспа басылымдардың жарнамадан түсетін түсімі 2018 жылдың тоғыз айында 10 пайызға қысқарған. Ал, интернет - медиа, оның ішінде басылымдардың онлайн нұсқалары 2017 жылы жарнамадан 12 млрд рубль пайда көрген. Бұл жағдайда газет - журналдар оңтайланып, кейбіреулері жабылып, кейбіреуі басқа нұсқаға көшуде.

2018 жылы Ресейдегі ірі ақпараттық агенттік РБК аудиторияға жарнама көргіңіз келмесе төлеңіз деген ультиматум қойды. Яғни жарнаманы бұғатайтын қолданушылар үшін сайтқа кіруге тыйым салынды, ақылы жазылу үсынылды.

Ресейде танымалдылыққа ие болған бизнес жобалардың бірі краудфандинг. «Медиазона» мен «Такие дела» басылымдары оқырмандардан түскен қайырымдылық қаражат есебінен өмір сүреді. Тіпті «The New Times» пен «7><7» интернет - журнал Роскомнадзордың айыппұлын төлеуге қаражат жинап алды. Бұл бірінші жағдайда 22 млн рубльді, екінші оқиғада 840 мың рубльді құрады.

Мобильді құралдардың таралуы мен мобильді интернеттің жеделдігі медиатұтыну ісіне жаһандық өзгеріс экелді. Media Consumption Forecasts жүргізген зерттеуге сүйенсек, 2018 жылы Ресейде халық гаджеттерге уақытының 24 пайызын жүмсаған. Ал 2011 жылы ол 5 пайыз ғана болатын. 2020 жылы медиатұтынудың 28 % мобильді интернетке арналады деп болжайды Zenith.

2018 жылы мобильді құралдардағы Рунет аудиториясы тұңғыш рет десктопты аудиторияны басып озды деп мәлімдейді Mediascop зерттеу компаниясы. Мобильді аудиторияның танымал ресурстары «ВКонтакте», мессенджер Whatsapp, Google, Яндекс пен Instagram. 20 % астам ресейлік осылардың әрқайысын қолданады [1].

Ресей мемлекетіндегі ақпараттық кеңістіктің Қазақстанға ықпалы күшті екендігін ескерсек, көрші елде орын алған үрдістердің көп уақыт отпей Қазақстанда қайталану мүмкіндігі жоғары.

«Қарыштап дамып жатқан виртуалды кеңістік технологиясының журналист кәсібіне тағы қанай өзгеріс әкелетіндігін елестету мүмкін де емес. Дегенмен, кәсіптің ішкі негізі, оның әлеуметтік маңызы тұтасымен өзгерген жоқ. 2010 жылдары робот - журналистер ғылыми фантастика болып елестесе, 2015 жылы шындыққа айналды. 2010 жылы онлайн - басылымның оқырмандарының әрекетін шынайы уақытта бақылау ойға да келмесе, 2012 жылы әріптестеріммен бірге «РИА - Новостиге» Chartbeat технологиясын енгізумен айналыстым. Бұл технология ақпараттық сайт қолданушысының әрекеті туралы «тікелей эфир» жасайды. Өткен бесжылдық көрсеткендей, технология бар - жоғы қызмет корсету функциясын орындайды, әрі олар адамдар тарапынан болатын әсерді күшейтеді не әлсіретеді. Қандай технология болмасын шындыққа, шынайылыққа, түсіндіру қабілетіне, тәуелсіз талдауға, уайымдау мен оны беруге деген қарым қатынасты өзгерте алмайды. Бұл журналист кәсібіне жаңа «цифрлы шынайылық» ұсынып отырған ең басты сабақ, ең басты «алтын ереже болар», - дейді ресейлік ғалым С. Шомова [2].

Chartbeat технологиясы деректерді талдау саласындағы үздіктердің бірі. Ресейде 2012 жылы қолданысқа енген аналитикалық құралдар қолданушылардың сайт ішінде, сайттың жеке парақшасына және сайттың нақты элементтеріне қаншалықты уақыт бөлетінін қадағалауға мүмкіндік береді. Мұндағы өлшемдер негізгі екі параметр бойынша жасалады: recirculation (қайта оралу, сайт парақшаларына өту, парақшалардағы элементтермен өзара әрекеттесу) және engaged time (қолданушылардың сайтта өткізетін белсенді уақыты, сессияның ұзақтығы). Сервисті әлемнің 60 - тан аса еліндегі USA Today, CNN, The New York Times, Vox, Fox News Channel, The Washington Post, MSN, BBC, Le Monde, Ringier, The Independent, El Tiempo, Caracol Television, Nikkei America, Media Prima сынды БАЦ қолданып отыр.

Қазақстандық БАЦ - та 2018 жылы Chartbeat - тің аналитика қүралдарын қолдануға мүмкіндік беретін жоба қолға алынды.

«Жоба аясында 25 қазақстандық онлайн - басылым әлемдегі жетекші БАЦ қолданып отырған жаңа қүралдарға қол жеткізеді. Жобаның операторы - Цазақстан Баспасөз клубы. Жоба Цазақстандағы АЦШ Елшілігі арқылы Инновациялар қоры есебінен қаржыландырылады. Chartbeat - ті редакция жүмысына ендіру отандық БАЦ - қа аудиториясын дұрыс талдап, жақсырақ түсінуге, онлайн - өлшеудің барынша дәл әдістерін қолдануға және де контент сапасын көтеруге көмектеседі. Жоба редакциялық саясатта метрикалардың қолданылуын кеңінен тарату арқылы онлайн - нарықтың жалпы кәсіби деңгейін көтереді. Заманауи әдістерді қолдану отандық БАЦ - тың оқырмандар аудиториясын кеңейтіп, жарнамадан түскен табысты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоба аясындағы байқау негізінде қазақстандық 25 онлайн - басылым іріктеп алынып, олар Цазақстан нарығында бірінші болып Chartbeat құралдарын тегін қолдануға мүмкіндік алады. Сондай - ақ, жоба қатысушылары оқудан өтіп, компания өкілдерінен тегін кеңес ала алады», - деп хабарлайды қазақстандық ақпарат көзі [3].

Журналистиканың кәсіби сипаты өзгеріп жатыр. Әртүрлі медиақүралдардың топтасуы конвергенттік редакцияны дүниеге әкелді. Аудитория баспасөзде көтерілетін тақырыпқа, ақпараттық саясатты қалыптастыруға эсер ете бастады.

Ақпараттық нарыққа енген жаңа цифрлық технолгия дэстүрлі медиа тұтыну пішіндерін өзгертті, көптеген бүқаралық ақпарат құралдарын оқырманды ұстап қалу жолдарын өзгертуге итермеледі.

Ғаламтор ақпарат таратуда жедел эрі арзанға түсті. Баспа басылымдар секілді қағазға, баспаханаға, оны таратуға шығындалмайды. Бүгінде оқырман ақпаратты газеттен емес, интернеттен алуға дағдыланған. Газет оқитындар саны күрт азайды. Көптеген газет басылымдары интернетте сайттарын ашты. Алайда, сайт ашу газетті құтқарып қала алмады. Нарықтағы бэсекелестік бүл сайттарды мультимедиалық порталға айналдыру қажеттігін ұқтырды. Сайтта подкаст, видеороликтер, фотогалерея, анимация, слайд - шоу, радиосүхбат, видеорепортаж, видеоблог, инфографика, дауыс беру, рейтинг, багалау, флеш ойындар, т.б. секілді түрлі пішіндерді қолдану арқылы ғана аудиторияны ұстап қалуға болады. Аудиторияға ақпаратты эртүрлі цифрлық құралдарды біріктіре отырып беруді - медиаконвергенция деп атайды. Дигитализация - мэтіннің, дыбыстың, видеоның көмегімен мультимедиалық өнім жасау. «Жаңа интеграцияланған нарық қүрылады, онда мультимедиалық қызметтер, желілік қызмет көрсету, бағдарламалық өнімдер жасау ажырамайтын байланыстармен бекітіледі» [3]. Ғалым Е.А. Баранованың пікірінше конвергенция, бір рет дайындалған контенттің цифрлық құралдар арқылы бірнеше рет тираждалып эртүрлі медиаплатформаларға ұсынылуы [4]. Бұл ақпаратты берудің түрлі пішіндерін табуға мүмкіндік береді. Мұнда мәтіннен белек, фотолар, видерепортаж, инфографика, радиокомментарий болады. Мультимедиалық журналистикада шектеу жоқ.

«Деректер мен пікірлер жинақталғанда ақпаратты оқырманға қандай пішінде беру керектігі анықталады. Түсіндіру қажет болса сөзбен, корсету керек болса карта, диаграмма, кесте, слай - шоумен беруге болады. Ал оқырмандар пікірін білу керек болса пікір қалдыратын пішін ойлап табады. Мультимедиалық редакцияда журналист пен редактор оқырман назарын аударушы режиссер» [5].

Дегенмен, қазақстандық редакциялардың барлығы дерлік конвергенттік режимге көшуге дайын емес. Жас басылымдар жаңалықты жеңіл қабылдады, ал дэстүрі қалыптасқан, ұзақ жылдық тарихы бар басылымдарға мультимедиаға көшу оңай болған жоқ.

Бүгінде көптеген басылымдар жаңа платформаларды өз контентін таратуға қолдана бастады. Бэсекелестік басылымдардың интернет сайттарын ашуга, оларды мультимедиалық порталға айналдыруға мэжбүрледі. Баспа басылымдарға деген сүраныстың төмендеуі редакциялардың конвергенттік тэсілде жүмыс жасауына жол ашты. Республикалық «Егемен Қазақстан» жэне «Казахстанская правда» газеттерінде QR - кодты енгізу арқылы «басылым нұсқасы - электронды баспа» тізбегі құрылды, ол гаджеттің тиісті қосымшасы арқылы оқырманға газеттің электрондық нұсқасына өтуіне мүмкіндік береді.

«Егемен Қазақстан» газетінің сайты 3 нұсқада қызмет етеді, сондай - ақ PDF үлгісінде: кириллица, араб графикасы, латын нұсқасы негізінде Түркия жэне Еуропадағы қазақ диаспоралары үшін арналған. Араб графикасы бар сайттың нұсқасы Қытай Халық Республикасындағы қазақ диаспорасына бағытталған. Сондай - ақ Android, iOs, Windows Phone үшін қосымшалар қүрылған. Дегенмен елдегі сайттардың рейтингін ұсынатын ЗЕРО.кз сайтында рейтинг! жоғары алғашқы жиырмалыққа бірде бір баспа БАҚ - тың электронды нүсқасы кірмеген. Кейбір редакциялар онлайн- режимге көшті, кейбіреулері жабылып қалды. 2016 жылы «Алаш айнасы» газет нұсқасын жауып, сайтқа айналды, «Дала мен қала» мен оның орысша нұсқасы «Страна и мир» жабылды. Алайда бүл ауылда түратын оқырмандар үшін тиімсіз. Ауылдық жерлерде интернетке қолжетімділік томен екендігін ескерсек, бүл оңтайландырудың тиімсіз болғанын көреміз. Астана мен Алматыға газеттердің - 35 %, өңірлерге - 65 % келеді. Kopin отырғанымыздай, Қазақстанның өңірлерінде газеттер әлі де сүранысқа ие. Бұл дерек басылымдарды желіде танымал ету үшін редакциялардың жұмыс сапасын жетілдіруі қажеттігін байқатады.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Қазконтент» АҚ бірігіп, 2016 - 2020 жж. отандық БАҚ интернет - ресурстарын модернизациялау жоспарын әзірледі. Осылайша, «Қазконтент» АҚ интернет жобасы жаңа үлгіде жұмыс істейді. Мысалы, «е-history.kz» сайты «National Digital History» атты уникалды тарихи контентті жэне жаңа интерактивті мүмкіндігі бар, кең көлемді порталға трансформацияланды. Сайттың жаңа дизайны жэне логотипі эзірленді, жаңалықтарды шығару жэне беру жақсарды, «Қазақстаника» бөлімі қосылды.

«Казконтент» АҚ құрамына кіретін «Bnews.kz» сайты өз жұмысының сарапшылық - аналитикалық маңызын кеңейтті, «Әдебиет порталы» сайтының редизайны жүргізілді. Оның мобильдік қосымшасын қосу жоспарлануда, оның көмегімен кітаптарды офлайн режимінде оқуға, сондай - ақ адиокітаптарды тыңдауға рүқсат беріледі. Сайт мэдениетті және мемлекеттік тілді дэріптеу үшін платформа болады.

«Казинформ» халықаралық ақпараттық агенттігінің модернизациясы оның техникалық инфрақүрылымын - компьютерлік парк, бағдарламамен қамтамасыз ету жэне блэйд - серверлік құралдарды жаңартудан басталды. Сайттың аудиториясы тэулігіне 45 мың қолданушыны құрайды. Бұл санды екі есеге көбейту жоспарлануда, ол агенттікке елдің ақпараттық нарықтағы лидерлердің бірі болуға мүмкіндік береді. Ресурс мобильдік қосымшаны эзірлеуді, сондай-ақ жеке жобаларды енгізуді жоспарлауда.

«Алайда, бүған қарамастан, Қазақстандағы желілік жэне Интернет басылымдардың үлесі шамалы, БАҚ - тың жалпы санынан не бары 7 %» [6].

Газеттің тиражын көбейту үшін Д. Пулитцер бір ғасыр бұрын ұсынған формула қазақстандық журналистикада енді кеңінен қолданысқа енуде. Әйгілі журналист саяси скандал, зерттеу, түрлі сенсация, спорт, әйелдер тақырыбы, илюстрация, эзіл, жарнама үлкен тиражды қамтамасыз етеді деп есептеген. Қазақстандық ақпараттық кеңістікке баса көктеп енген интернет технология мен абсолюттік еркіндікке отандық баспасөз дайын болмады. Аудиторияның контентті қолдануы ғана емес, контент жасау еркіндігі де отандық баспасөзді тығырыққа тіреді. Цифрлық дэуірде контент мэтіні мен журналистика жанрлары өзгеріске үшырады. Этикалық нормалар сақталмады, сленгтерге басымдық берілді. Бұл аудиторияның ойлау жэне сөйлеу сипатының өзгеріске үшырағандығын көрсетеді.

Әлеуметтік желілер арқылы тілдік, моральдік нормаларды сақтамай ақ танымал болу бүқара үшін күтпеген мүмкіндікке айналды. Бұл контентті тұтыну заңдылығына да эсер етті. Бұл қазақ журналистикасы үшін күтпеген жағдай еді. Интернет дэуіріне дейін мэдени, тілдік, элеуметтік, идеологиялық, ағартушылық, т.б. нормалар БАҚ арқылы қалыптасты. Енді ақпараттың мазмұны мен қүрылымын бұқара өзі анықтайтын болды. Цифрлану Қазақстан журналистикасы үшін қоғамға деген қарым - қатынасты өзгертті. Автор мен аудитория арасындағы шекара жойылды.

Web 2.0 желісі арқылы әлеуметтік желілерден, блоггерлерден, публикацияға қалдырылған пікірлерден шексіз ақпарат құйылып жатыр. Енді ақпарат жаңалықтар агенттігінен ғана емес, аудиорияның өзінен де түсіп жатыр. Бүгінде аудиторияға бәрібір, жаңалықты кездейсоқ куәгер жариялады ма, әлде кәсіби тілші ме.

«Біздің ақпараттық ғасырда танымалдық оның жасаған ісімен емес, жәй ғана әйгілі, танымал болғандығымен анықталады» деген болатын М. Маклюен [7].

Интернет қолданушылар ақпараттық кеңістікте белсенді бола түсті. Осылайша әлеуметтік желіге деген ерекше қызығушылық аудиторияның журналистикаға деген көзқарасын өзгертті.

Азаматтық журналистика ақпарат таратуда жеделдікке ие. Алайда, ақпаратты тексеру - fact checking, оқиғаны бағалау, іріктеу кәсіби журналистердің еншісінде қалып отыр.

Жаңа медианың жеделдігі бірде бір дәстүрлі БАҚ - пен теңесе алмайды. Кез келген маңызды оқиға сол сәтте тарап, редакторлық өңдеусіз үсынылады. Газеттердің тиражын тәркілеп, басылымды жабуға болса, ал сайттарды бүғаттағанмен, тыйым салынған сайттарға кіру үшін, оларды айналып өтетін тәсілдерді де табады. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды қаласында армян ұлтының өкілі иелік ететін «Рим» мейрамханасында болған төбелес Facebook пен Ватсап арқылы Қазақстан халқына жедел тарады. Мейрамханада жаңа жылды қарсы алған қазақ жастары мен мейрамхана қызметкерлерінің арасындағы қақтығыстан бір адам қаза болды. Бұл оқиға қазақстандықтардың ашу - ызасын тудырды. Жүздеген адам көшеге шығып, кінәлілердің жазалануын талап етті. Ақпараттың әлеуметтік желі арқылы таралуының басты себебі 1, 2 қаңтар мереке болғандықтан баспасөз бен телеарна арқылы ақпарат тарату мүмкін болмады. Оқиға орнынан жасалған видетүсірілімдер, суреттер, пікірлер әлеуметтік желі арқылы үлкен резонанс тудырды.

«Елді дүрліктірген оқиға 1 қаңтарда болғанымен депуттар 9 қаңтар күні ғана мәлімдеме жасады. Осы аралықта бүл оқиға туралы ақпараттық кеңістікте 140 материал шыққан. Олардың 95 - ін қазақстандық, 45 - шетелдік БАҚ ұсынған. 108 материал тұпнұсқа болса, 32 материал сілтеме жасалып қайта жарияланған. 8 қаңтардағы IIM ресми баспасөз мәслихатына дейін бірде бір қазақстандық БАҚ - та «армян» деген сөз жарияланбады. Баспасөзде төбелеске қатысқандардың ұлттары көрсетілмеді. ҚР IIM мәлімдемесінен кейін Армения азаматтары деген термин қолданды. 6 қаңтар күні ел алдына шыққан Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың сөзінде ғана эмоция байқалды [8]. Ал әлеуметтік желілерде төбелескендердің, күдіктілердің үлты ашық жарияланып, бүл оқиғаны ұлтараздық қақтығысқа теңеп жатты. Толық әрі жан жақты ақпараттың болмауынан өсек - аяң өрбіп, асқынып кетті. Сол себепті Прокуратура жалған ақпарат таратушылардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескерту жариялады.

Бұдан шығатын қорытынды, Қарағандыда болған оқиға туралы қазақстандық БАҚ ресми мәлімдемені жариялаумен шектелді. Зардап шеккендердің, қақтығысқа қатысушылардың, эксперттердің бағасы берілмеді. Осылайша, дәстүрлі журналистика әлеуметтік желіден жеңілгенін көреміз.

Жаңа медиа кез келген оқиғаға «халықтың жеке пікірін» қалыптастырады. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста соңғы бес жылда болған «араб көктемі» секілді бассыздықтардың орын алуына бұқаралық коммуникацияның ықпалы болғаны сөзсіз.

Ақпаратың бақылаусыз таралуы елдегі түрақтылыққа қауіп төндіреді. Соңғы жылдары қоғамдық формацияға сыртқы және ішкі ықпалдың күшеюі қазақстандық биліктің ақпараттық нарық пен БАҚ - қа жаңа талап қойып, қоғам алдындағы жауапкершілікті жүктейтін жаңа заң нормаларын енгізуге мәжбүрледі. Қазақстан жаңа медиа арқылы толассыз келіп жатқан ақпараттарды шектеуді заң жолымен реттеуге күш салды. Бүл жағдайда мемлекет әлеуметтік желіні БАҚ - пен теңестіретін даулы заң нормаларын қабылдауға үрынды.

Қорытынды

Интернет туралы қабылданған жаңа заң интернет қауымдастыққа ғана емес, масс- медиаға да жаңа шектеулер енгізді. Заңда барлық иентернет сайттар, блогтар, чаттар мен форумдарды қосқанда бүқаралық ақпарат қүралдарына теңестірілді. Енді сот органдары сайт қожайындарынан заңға қайшы материалдарды алып тастауды талап ете алатын мүмкіндікке ие болды. Сот шешіміне бағынбаса сайт бүғатталады, ал оның қожайыны өз домені мен ұқсас тақырыптағы домен атауларын үш айға дейінгі мерзімге қолдану құқығынан айрылады (соттың ақпарат таратуды тоқтату туралы шешімі) бір жылға дейін (ақпарат таратуды тоқтату туралы шешім). Заң аясына интернет ресурстарға жарияланған материалдар ғана емес, оларға жазылған пікірлер де кіреді. Блогерлер де өз парақшаларында жарияланған ақпарат пен пікірлер үшін жауап береді. Ал чатта айтылған бейәдеп сөздерді модератор өшіріп отыруы тиіс. Бір қызығы сотта қазақстандық интернет ресустарына ғана емес кез келген елдің ресурсына шағымдануға болады.

Медиа қоғамға эсер ету, көзқарас қалыптастыруда түрлі PR - технологияны, маркетинг құралдарын қолдануды меңгерді. Журналистикада ақпарат деген ұғымның сипаты өзгерді. Дэстүрлі журналистикада ақпараттың шынайылығы - құндылық болып есептелетін. Бүгінде ақпараттың шынайылығы емес, эксклюзив болуы алдыңғы орынға шықты. Сол себепті фейк жаңалықтардың заманы туды. Бұл жағдайда аудитория қалауын дөп басу үшін сапасыз контентке басымдық беруі Қазақстандағы журналистиканың дағдарысқа ұшырауының көрінісі болып отыр. Дегенмен, контентті қолдану құрылымының өзгеруі жаңа эдістемелерді дүниеге экелді.

Ақпарат тарату технологиясындағы өзгерістер қоғамда, оның ішінде Қазақстан журналистикасында ғаламдық элеуметтік процестердің орын алуына жол ашты. Журналистика - қоғамның өзгеріске дайын екендігінің айқын көрінісі. Бұл өзгерістер технологиялық қана емес, элеуметтік себептерге де байланысты жүзеге асады. Жаңа ақпараттық қоғамға көшу қоғамдағы элеуметтік процесстердің, жүйелер мен қарым - қатынастардың, оның ішінде бүқаралық ақпарат құралдарының жаһандануының көрінісі болып табылады. Қазақстандық медиа жаңа цифрлық технологияға жеңіл бейімделді дей алмаймыз. Дегенмен, қазақстандық медиа үшін коммуникацияның жаңа инновациялық құралдары төңкеріс жасады.

 

Әдебиет:

  1. Медиарынок 2018: продажа Forbes, бум спортивного контента и победа мобильного трафика [Электр. ресурс] - URL: http://www.sostav.ru/publication/mediarynok-2018- 34710.IttmlVfbclid=I wAR3r6V38e3oVKdnIvwRM4c-_3W9LLeCdhF-YFoN_vbkWK6MPuCNIK- fxUPI (опубликовано в 06.12.2018).
  2. Мультимедийная журналистика [Текст]: учебник для вузов / под общ. ред. А.Г. Качкаевой, С. А. Шомовой ; Нац. исслед. ун-т «Высшая школа экономики». - M.: Изд. дом Высшей школы экономики, 2017. - (Учебники Высшей школы экономики). - с. 413.
  3. ҚР Ақпарат жэне коммуникация министрлігінің сайты http://mic.gov.kz.
  4. Вартанова Е.Л. К чему ведет конвергенция СМИ? // Развитие информационного общества в России. Т. 1: Теория и практика. - СПб.: Изд-во Санкт-Петербургского университета. 2001. - С. 157-164.
  5. Баранова Е.А. Особенности развития газетных редакций в условиях медиаконвергенции: Автореф. канд. дис. - M., 2011. С.9, 16.
  6. Мамбетова И.К. Актуальные проблемы прессы Казахстана. 1991 - 2016 гг. : диссертация ... кандидата филологических наук : 10.01.10 / Мамбетова. Индира Куанышевна: [Место защиты: Рос. ун-т дружбы народов]. - Москва, 2016. - С. 105. 106.
  7. ҚР Ақпарат жэне коммуникация министрлігінің сайты http://mic.gov.kz.
  8. Маклюэн М. Понимание Медиа: внешнее расширение человека. - M.: «Гиперборея», 2007. - С. ЗОЕ
  9. Как СМИ освещали убийство и массовую драку в Караганде? [Электр, ресурс] URL: https://newreporter.org/2019/01/ll/kak-smi-osvesliliali-ubijstvo-i-massovuyu-draku-v-karagande/ (опубликовано в 11.01.2019).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.