Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ғ. Мүсірепов шығармаларында түрақты тіркестердің көршіс табуы

Аңдатпа

Мақала жазушы Ғабит Мүсіреповтің шығармалары тіліндсгі фразеологизмдердің стильдік қызметін анықтауға арналган. Жазушының «Жеңілген Есрафил», «Ананың анасы» әңгімелері сондай-ақ. «Ұлпан» романындағы фразеологизмдерге талдау жүргізіліп, мағыналары ашылды. Фразеологизмдердің мағыналық топтарының яғни, эмотивті және этнографиялық түрлсрінің қолданылу ерекшелігі айқындалады. Фразеологизм жайлы ғылыми тұжырымдар. зсрттсу нәтижелері көрініс тапты. Фразеологиялық тіркестер ойды бейнелі жеткізу жағынан жазушы шығармалары тілінің мол қабатын қүрайды. Қаламгерді өзгеден ажыратар. өзіндік қолтаңбасын. өзіндік бст бсдерін айқындайтын қасиетін. яғни оның өзіндік стилін нақты мысалдар арқылы айқындап бсрсді.

Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «Ер адам». «Әйсл». «Қайғы», «Махаббат», «Кедейлік» концептілерін қалыптастыратын фразеологизмдер. сонымсн қатар үлттык салт-дәстүрлерімізге байланысты фразеологизмдер анықталып, зертгелді. Тілімізді байыту. көркемдеу тәсілі жалғасы тауып отырғандығы Ғабит Мүсірепов туындыларындағы тұрақты тірксстср қолданысынан байқауымызға болады. Қаламгер өз шығармаларында халық тілінің бай қазынасын. көркем сөздің әр алуан өрнегін шебер қолданған.

Kipicne

Ана тіліміздің сөз айдынының тереңінде халықтың ғасырлар бойғы іс тәжірибесінен, өмірді тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөз - мақал - мәтелдер мен тұрақты тіркестер тұнып жатыр. Олар халықтың қаншама ғасырлар бойында әртүрлі құбылысты өзара салыстыра, бейнелеу, суреттеу, бір - біріне теңей сөйлеу мақсатында, экспрессивті - эмоционалдық қызметте қолданылатын бейнелегіш тілдік құрал ретінде жиі жүмсалады. Шын мәнінде адамдардың көңіл - күйін, эмоциясын, сезімдік қатыстарын жеке сөзбен ғана беру мүмкін емес. Әрбір жеке адамдардың өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік «әлем бейнесі» әсерінің көрінісі лексикаға қарағанда, тұрақты тіркестердегі эмоция мен экспрессияда анағұрлым көбірек қамтылады. Халықтың әдет - ғұрпы, салт - санасы, күнделікті өміріне байланысты туындаған коннотациялық сипаттағы фразеологиялық бірліктер халықтың ассоциативті - образцы ойлауы нәтижесінде пайда болып, ұлттық - мәдени ақпарат мазмұнын танытатын нышандар болып есептеледі. Бұлар жазушы көзқарасын, ерекшелігін таныту, айтар ойын ерекше әсерлі етіп, белгілі бір бейне сомдау мақсатында ұтымды пайдаланылған. F. Мүсірепов қолданған фразеологиялық тіркестер, әдетте, сол мәтінге үйлесімділік беріп, нанымды жүмсалады. Осы орайда Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы тұрақты тіркестерді анықтап, талдау жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Зерттеу жүмыстың мсщсаты - F. Мүсірепов шығармаларындағы тұрақты тіркестердің көркемдік стильдік қызметін талдап, сонымен қатар көркемдік құрал қызметіндегі фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігі мен тілдік табиғатын анықтау. Қаламгер туындыларындағы дәстүр жалғастығы мен жаңашылдықты көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:

  • Ғалымдардың тұрақты тіркестер жайлы пікірлерін саралау;
  • F. Мүсіреповтің шығармаларындағы тұрақты тіркестердің қолданыс ерекшелігін айқындау;
  • Қаламгердің стильдік ерекшелігін көрсететін лексика-семантикалық тәсілдерін анықтау;
  • F. Мүсірепов шығармаларындағы салт-дәстүрге байланысты тұрақты тіркестерді, сонымен қатар «Ер адам», «Әйел», «Махаббат», «Қайғы», «Кедейлік» концептілерін қалыптастыратын фразеологизмдерді анықтап, когнитивтік тұрғыда талдау жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері

Зерттеу жүмысында F. Мүсірепов шығармаларындағы тұрақты тіркестер анықталып, когнитивтік тұрғыда зерттеліп дәйектелді. Осыған байланысты қаламгер туындыларындағы концептілердің сипатталуындағы тұрақты тіркестер айқындалды.

Осы мәселе төңірегінде жүргізілген зерттеулерге сүйене отыра, мынандай өзекті мәселелер ғылыми жағалық ретінде өз шешімін тапты:

  • F. Мүсірепов шығармаларындағы тұрақты тіркестер анықталып, когнитивтік құрылымын саралап зерделеу арқылы қаламгердің көркемдік әлемінің концептологиялық негізі айқындалды;
  • Жазушы шығармаларындағы салт-дәстүрге байланысты тұрақты тіркестер, «Ер адам», «Әйел», «Махаббат», «Қайғы», «Кедейлік» концептілерінің сипатталуындағы тұрақты тіркестер жүйеленіп, талдауға түсті.

Негізгі бөлім

Фразеологизмдер - көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап, бейнелеп суреттеудің тілдегі дайын құралы болып табылатыны белгілі. Халық тілінің осы бір байлығын жазушылар шығармаларында пайдаланады. Фразеологизмдерді қаламгердің өз қажетіне сай талғап, жаңғыртып қолданылуы, оның ой пікіріне, эстетикалық талғамына, пәлсапалық көзқарасына сәйкес болады. Осыған байланысты зерттеуші X. Қожахметова: «Көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдерді таңдап қарастыру - автордың өзіндік стиль жасаудағы тілдік тәсілдерінің бояу өрнегін айқындау болып табылады. Фразеологизмдердің стильдік бояуы жеке сөзбен салыстырғанда әлдеқайда күшті, экспрессивті мүмкіншіліктері анағұрлым мол. Осы қасиетгеріне орай фразеологизмдер белгілі бір баяндауға, не сөйленген сөзге стильдік әр береді. Қалыптасқан бүл тұрақты тіркестердің көркем әдебиет тілінде атқаратын қызметі алуан түрлі. Бұлар шығарманың идеясын беруде, образ, характер жасауда, кейіпкерлердің «өзін - өзі әшкерлеу» сияқты тілдік тәсіл болып келеді. Осылар арқылы қоғам өмірінің сан құбылыстарын, табиғат көрінісін бейнелі түрде бағалай, суреттей беруге болады» [1, 53 б.]. Ал ғалым М.Серғалиев: «Тұрақты тіркестер - әдеби тілдің ілгері даму барысында қалам қайраткерлерінің әрекеті арқылы жанданған әсем кестелер. Олар - сөз зергерлерінің ой - түйінін ықшамдап аңғартатын жинақтылықтың үлгісін көрсететін көркемдік құрал. Тұрақты тіркестерді қай жазушы болса да өз шығармасында қажетіне қарай қолданады» [2, 264 б.], - дейді.

Әрбір жазушының өзіндік стильдік өрнектері, өздері сүйіп қолданатын тәсілдері, жазу машығы болады. Жазушы сонысымен дара, сонысымен ерекше, сонысымен өзгеше. Ғ.Мүсірепов өзіндік қолтаңбасы қалыптасып орныққан, әдеби тілді байытуда өзіндік шығармашылық сара жолы айқындалған, өзгеге шығармашылық үйрену мектебі боларлықтай жазушы. Қаламгер өзі өмір сүрген кезеңдегі әртүрлі қоғамдық құбылыстар, өзгерістерді шығармаларына өзек ете, дәуір тынысына құлақ түріп отырған. Сондықтан да кез келген шығармасынан қоғам үні айқын байқалады. Жазушы тілдің лексика - семантикалық қабаттарының мағыналық қырларын айқындайды, стильдік қызметін арттыра отырып, ұтымды қолданады. Шығарманың тілдік бейнелілігін танытуда тұрақты тіркестердің озық үлгісін корсете алған шебер жазушы.

F. Мүсірепов фразеологизмдерді өз шығармаларында белгілі бір көркемдік нақыш беру қызметінде жүмсайды. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айту үшін, фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқаратыны белгілі. Туындыларындағы кейіпкерлердің шаттық, қуаныш сезімдерін беруде, кейіпкердің ішкі сезімдерін айқындау, кейіпкерге портрет жасап, мінездеме беруде, бейнелілікті күшейту мақсатында тұрақты тіркестер зор қызмет атқарады. F. Мүсіреповтің шығармаларындағы фразеологизмдерді қарастыру барысында олардың мәтіндегі қолданысына зер саламыз.

Қаламгердің «Ананың анасы» әңгімесінде елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі жайлы баяндалған. Жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.

Мысалы: Өмірінде әйелден мүндай сөз естпімеген гумесер Кейкі былай депті сонда: - Әйел еркекке қатыпоыққа жаралган. Іярак, жер жүзінде күңдік пен қүлоык жоқ ел бар дегенді естігенім жоц еді, сондықтан өзіме еріңдер: қанаттыга цацтырмайын, түмсъщтыга шоқтырмаііыіі' - дейді [3, 162 б.]. «Қанаттыга цацтырмайын, тү.мсықтыга шоцтырмайын» тұрақты тіркесі ғалым І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» еш жәбір жапа көрсеттірмеді, қиянат жасатпады, қорғаштады [4, 408 б.] дегенді білдіреді. Яғни жоғарыда көрсетілген фразеологизмнің «Махаббат» концептісін қалыптастыратын байқаймыз.

Қаламгердің аталмыш әңгімесіне зер салсақ: Аққан жүлдыз ба дерсің, көзді аіиыпжүмганша келіп, араласып та кетеді [3, 161 б.]. Бұл сөйлемде жазушы тұрақты тіркестерді қолданудың басқаша тәсілін пайдаланады. «Аққан жүлдыздай араласът та кетеді» десек те келіп араласқан көпті көрген көне жылқышының өте жылдам, тез қосылғанын, араласқанын білеміз. «Көзді ашът - жүмганша араласты» десек те араласушы адамнын жылдамдығынан хабардар боламыз. Ал, «аққан жүлдыздай, көзді ашът-жүмганша араласуы» ерекше әсерлі, экспрессивтік өңі айқын, бояуы қанық.

Қаламгердің «Ана кесімі айнымайды» әңгімесінде «Қайғы» концептісін қалыптастыратын фразеологизмді кездестірдік: Қара жамылган міелдің түрі, қайгыдан бүгілген белі, үнсіз ауыр цозгалуы - кала басына орнаган бақытсыздъщтың бейнесі сияқты еді.

Ол зүлымды таіщан бакытсыз ана осы келе лсаткан Мария еді. Ана жүрегін осы қайгы жеп келе жатқан [3, 66 б.]. «Қайгы жеп» тұрақты тіркесі арқылы Мария ананың қатты уайымға түскенін автор көз алдымызға әкеледі.

Жоғарыда келтірілген үзіндіде «қара жамылган» деген тұрақты тіркесі әдетте «Қайғы», «Өлім» концептісін беруде «қара» түсі жиі қолданылады. «Қара» лексикалық бірлігі қазақ халқының үғымында өлімді, қайғы - қасіретті, азаны білдіреді. «Қара жамылды», «қаралы үй» түрақты тіркестері осындай салт - дәстүр, ұғым - түсініктерден қалыптасқан. Сондай - ақ аталмыш әңгімеде «қайғы жеп» тұрақты тіркесінің мағынасы уайымга түсті, қаіігы азабын көп көрді мағынасында жұмсалып түр.

F. Мүсіреповтің «¥лпан» романында да «кара жамылган» түрақты тіркесін кездестірдік: Үлпан бүл кезде цари жамылган каралы лйел [5, 200 б.]. Мүнда Есеней қайтыс болғалы Ұлпанның біраз жүмысы тоқтап қалып, үйінен шыға алмай қайғы азабын тартып жатқандығын аңғаруымызға болады. Сонымен қатар жесір қалған әйелдердің жағдайы баяндалады: Epi өліп, жесір қалып, қайгы жүтып отырган зйелге агайындык; жәрдем ете отырудың орнына, оның мал - мүлкімен бірге өзін де иемденіп алар күнді күтеміз [5, 187 б.]. Бұл мысалдағы «қаіігы жүтып» фразеологизм! уайымга түсті, қаіігы азабын көп көрді мағынасында жүмсалған. Осы фразеологизм арқылы ерінен айрылған жесір, жетім әйелдердің жағдайын аңғарамыз.

Ғ. Мүсірепов романда жесір әйелдердің психологиялық сезім күйін, уайымға түсіп, қайғы азабын көп көргендерін «Қайғы» концептісін қалыптастыратын «қайгы жүтып» тұрақты тіркесі арқылы береді. Мысалы: Epi өліп, жесір қалын, қайгы жүтып отырган әйелге агайындъщ жзрдем ете отырудың орнына, оның мал - мүлкімен бірге өзін де иемденіп алар күнді күтеміз [5,187 б.].

«¥лпан» романында: Ұлпанды алып қашуға келген жігіттерден Есеней мен Мүсіреп көмектесіп, ендігі кезекте Есенейдің нұсқауымен Мүсіреп оны жүбата бастады: - Қарагым Үлнанжан, басына түскен бір бзледен цүтылдың [5, 44 б.]. Мұндағы «басына түскен бір бзледен цүтылдың» фразеологизм! зор азап, ауыртпалықтан қүтылдың деген мағынада жүмсалып тұр.

Қазақ тіліндегі «Ер адам», «Әйел» концептілерін қалыптастыратын түрақты тіркестер образ жасауда, ұлттық танымның ерекшелігін көрсетуде, ұлттық дүниетанымды беру мақсат түсінігін әр қырынан көрсетуде мол ақпарат береді. Мүнда ер адамның, әйел адамның жеңіл мінез, мінез-қүлықтары, әлеуметтік, мәдени өмірдегі алар орындары т.б. сипатталады. Оны «¥лпан» романынан көруге болады: Мен бул әйелді алты дуанга атагы жайылган ханыша бар еді гой, сондай өркөкірек, ойына келгенніц бәрі де бойыма жараса береоі деп ойлайтын ала қүйын тұргысында көретін іиыгармып деп қауіптепіп келіп еді.м [5, 179 б.]. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» «ала қүйын» тұрақты тіркесінің екі мағынасы көрсетілген: Ала құйын - 1. Ұйықтап соққан боран. 2. Жеңілтек мінезді, үшып қонған адам [4, 288 б.], туралы айтылады. Бүл сөйлемде «ала қүйын» тұрақты тіркестің екінші мағынасы жүмсалып түр. Қаламгер шығармаларында түрақты тіркестердің қолданылуы шығарма тілін одан әрі ерекшелендіріп, көркейтіп тұр.

¥лпан - сол кездегі өмірдің жаңалығын түсіне қабылдап, болашағын дүрыс аңғара білген қайраткер. Елді отырықшылыққа бастайды. Жүртқа қыстау салғыздырып, егін ектіреді. Тынбастан үй ішінің күйкі жүмысымен айналысқандығын да байқауға болады. Мысалы: - Есеней--ау, - деді Үлпан түра беріп, - Есеней - ау, негие күннен бері мен осы үйдіц отынымен кіріп, күлімен шыгып. қара жумысында жүрмін гой! [5, 168 б.]. ¥лпан еңбекқорлығы осындай ауыл өміріндегі күнкөріс мәселелерімен де шектеліп қалмай, ірі-ірі әлеуметтік мәселелерге дейін көтеріледі.

Аталмыш романнан мысал: Бул күнге Oeiiiii егикім бетіне қарсы келіп көрмеген, ерке өскен Үлпап малга сатылып кете беретін көп қызоыц бірі екен - ау! [5, 43 б.]. Келтірілген мысалда «бетіпе қарсы келіп көрмеген» тұрақты тіркесі арқылы Ұлпанның бала кезден еркін өскендігін аңғаруға болады.

Жазушының «Оянған өлке» романында Игілік бидің бай бола түра, кедей халыққа көмек көрсететін, кең пейіл, бауырмал жан екендігін «кец қолтық» түрақты тіркесі арқылы аңғаруға болады. Мысалы: Игіліктіц иіойындай күрец қошқыл бетінен еишәрсеніц елесі баііқалмаііоы. Баягы бір кецдік, еишәрсені елемеугиілік, кең қо.ітық. беіігамоық сияқты белгілі қалыптан басш тук із жоқ [6, 13 б.]. Сонымен қатар романда Байжанның бай ағайындарының үйіне еркін кіретін, ешкімге істейтін зияны да жоқ, өтірік айтпайтыны, осек тасымайтыны, өз сөз үлесін жібермейтіні баяндалады. Мысалы: Дуалы ауыз болмаса да, реті келген жерде сөз үлесін де жібермейді [6, 25 б.]. Келтірілген мысалда «дуалы ауыз» түрақты тіркесінің мағынасы ғалым I. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздігінде» беделді кісі туралы айтылады деп көрсетілген.

Тіл байлығын ұштауда, мәнерлі де бейнелі тіркестермен сөйлеуде фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілге өткірлік сипат береді. Ұлпанның өжет, батыл екендігін, қажет кезде ұтымды жауап бере білетін қайсарлығын мына мысалдан байқаймыз. Есенейдің құдалық жөніндегі қатал да кесімді тілегін алып келген Мүсірепке Ұлпанның айтқан сөзі: Агацныц есіңде болсын - Үлпап арзанга туспейтін қыз - демеп пе еді ол?. Есеней таба алмай жүрген жумбагын Үлпан өзі айтуга бел байлады [5, 69 б.]. «Бел байлады» тұрақты тіркестің мағынасы тәуекел етті деген мағынада жүмсалып тұр. Ұлпанны бұл айтқан сөзінен қайсарлығын, батылдығын аңғарамыз.

Мүсіреп енді абайласа, садак, осы арага жеткенше елу қаОа.мОаіі жер бауырлапты [5, 50 б.]. Бұл келтірілген мысалда «жер бауырлапты» тұрақты тіркесінің мағынасы - уайымдады, қайғырды. Аталмыш түрақты тіркес «Қайғы» концептісін қалыптастырады. Сөз зергері кейіпкерлерінің жан дүниесін бейнелі тілмен, қуатты сөзбен ашады. Тұрақты тіркестер кейіпкерді мінездеуде және кейіпкердің психологиялық сезім күйлерін суреттеуде ұтымды қолданылған.

Түрақты тіркестің сыңарын өзге еркін тіркесте қайталаудың эмоциялық- экспрессиялық күшейтпелі әсері кейіпкердің сыртқы портреті арқылы ішкі сезімін құбылыстарын «Атақты әнші Майра» әңгімесінен көрінеді: Бүганга дейін Майраныц жүзінде қуацоық бар еді. Қара көздері түныр қара судай тым түнъщ еді, енді сол түнъщтыц бетін самал лебі сипап өткендей, кара көздері жарцырап, жүзіне ыстъщ кан жүгіріп сала берді [3, 58 б.]. Мысалда шра түр-түсті білдіріп қана қоймай, «әсем, әдемі» деген мағынада жүмсалып түр. Түнық сөзінде «ойлы», «ақылды» деген мағынаның жатқандығын байқауға болады.

Жазушының «¥лпан» романында «Кедейлік» концептісін қалыптастыратын фразеологизмдерге зер салсақ: Байлъщ деген ішуге, жеуге, кнінуге, адам сияқты түруга жарамаса баска неменеңе кере!.. Биыл бай болсаң, ендігі жылы такыр кедей болып қалуыц da on оцай.

Үлпан үндеген жок,. Үлпанның өз аулы да шыр бітпеген кедей болатын. Жоғарыда келтірілген «тақыр кедей», «гиыр бітпеген» тұрақты тіркестері маңдайында түгі жоқ жарлы, жүдеді, арықтаоы деген мағынада жүмсалып тұр. Яғни романда Үлпан ауылының кедей екендігін осы тұрақты тіркестері арқылы байқауымызға болады.

F. Мүсіреповтің «Үлпан» романында салт-дәстүрге байланысты фразеологизмдер кеңінен қолданылған және мәтіндегі олардың қызметі айрықшаланып берілген. Солардың бір қатарына тоқталар болсақ, Артыкбайга куда түсіп қайт [5, 54 б.]. Содан кейін өзінің Есеней жіберген елшілігін «қызды айттыргалы» келгенін айтты\5, 64 б.]. Мәтіндегі қүда түсу, қыз айттыру сынды фразалар ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан, жарасымды дәстүрлердің бірі. Жігіттің әкесі не жақын туыстары қызы бар үйге құда түсетін болған. Яғни романда Есеней Мүсірепті Артықбайдың қызы Үлпанға құда түсуге жіберген. Ал қыз айттыру салты - әр ата- ананың өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластыру, өзінің теңін іздеу мақсатында жасалады. Анасын көріп, қызын ал деген қағиданы қатаң ұстайды, яғни болашақ құдасын орынды жерден, жақсы таныс, аталы, іргелі ауылдардан қарайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып балаларының болашағы туралы әңгіме құрайды, өздерінің құда болу ниетін білдіретін мәнді де сәнді дәстүр. Сонымен қатар романда сүр бойоак деген тұрақты тіркеске мысал келтірер болсақ: -Мен де өзіңдей сүр бойоақ. Ceн цатыны жок сүр бойоақ, мен цапіыным болса да он жылдан бері сүр бойдакпын [5, 54 б.]. І.Кеңесбаевтың еңбегінде «сүр боііоак» тұрақты тіркестің мағынасы көбіне ұзақ уақыт үйленбеген жігітке айтылады [4, 641 б.] деп көрсетілген. Қаламгердің «Үлпан» романында «үлкен үй» деген тұрақты тіркесі кездесті. Үлкен үй - үлкен ата, кәрі әже отырган үйге қатысты айтылады. Осы тұрақты тіркестің романда көрініс табуын Есеней мен Үлпанның диалогынан байқауға болады: - Сіз мені қай үйіцізге кіргізбексіз? - деді. - Omay үйге кірем оесец отау бар. Үлкен үйге кірем десец үлкен үй бар. Қалаганыц болсын. - Жоқ, маган оңаша отау - ойнак үй керек емес. Мен үлкен үйге кіремін де төрінде отырамын [5, 69 б.]. Келтірілген мысалдағы «үлкен үй» тұрақты тіркестің мағынасы «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» бәйбіше отырган үйді де «үлкен үй» деп атаған [4, 739 б.]. Келтірілген мысалдарымыздың негізінде, қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты қолданылатын фразеологизмдерінің өзіндік орны, маңыздылығы бар екеніне көз жеткіздік.

Қорытынды

F. Мүсірепов ұлттық тілдің бай қазынасы - сөздік құрамын шебер пайдаланып, әр сөзін, сөйлемін, тұтас мәтінін мәнерлі, өткір, шебер тілмен өрнектеген және оларды белгілі бір стильдік мақсатпен ұтымды қолданған. Жалпы қаламгер шығармаларында фразеологизмдер кейіпкер тілінде де, автор сөзінде де, қисынын тауып, орынды пайдалана білген.Мұндай тіркестер қаламгер шығармаларында әртүрлі стильдік мақсаттарға орай орын табады. Олар кейіпкер бейнесін жасауда, портретін беруде, сондай - ақ қаһарманның басындағы психологиялық жай - күйді аңғартуда сәтті қолданылған. Стильдік жағынан қарапайым фразеологизмдер кейіпкердің мінез - құлқын ашуда таптырмас құрал болып табылады. Тіпті кей жағдайда мұндай тіркестердің даяр тіркестер екендігін бірден байқай бермейміз де, алайда оқиғаны шындыққа жанасымды етіп шебер үйлестіруде қажет екендігін мойындаймыз.

 

Әдебнет:

  1. Қожахметова X. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. -Алматы: Жазушы, 1972. -53 б.
  2. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. - Алматы: Атамура, 1995. - 264 б.
  3. Мүсірепов F. Көп томдық шығармалар жинағы. 1-том. Әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 2002. - 288 6.
  4. Кеңесбаев I. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: Арыс, 2007. - 800 б.
  5. Мүсірепов F. Үлпан. Роман. - Алматы: Атамура, 2003. - 264 б.
  6. Мүсірепов F. Бес томдық шығармалар жинағы. Үпгінші том. Оянған өлке. Роман. - Алматы: Жазушы, 1974. - 483 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.