Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының туристік кәсіпорындарында экскурсиялық қызметтің ұйымдастырылуын «Казтрип» туристік фирмасы негізінде талдау

Аңдатпа

Мақсаты: Елімізді шет елге таныстыру мақсатында түрлі экскурсиялық маршруттар әзірлену керек. Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық қызметтердің қызмет көрсету аясын, сапасын және жағдайын талдай отырып, оның даму болашағын анықтау.

Әдіcі: Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге теориялық шолу.

Қорытынды: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан туризмі туралы статистикалық жинағына және Нұр–Сұлтан қаласындағы «Казтрип» ЖШС туристік фирмасы негізінде талдау жасалып, экскурсиялық қызметтің ұйымдастырылуына тұтынушылардың ой–пікірін білу мақсатында сауалнама жүргізілген, нәтижесі сараланған.

Тұжырымдама: Сауалнама негізінде Нұр–Сұлтан қаласында экскурсиялық маршрут ұйымдастырылған. Маршруттың ерекшелігі ретінде «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады» тақырыптық экскурсия; Елорданың экскурсиялық қызмет нарығындағы инновациялық өнім көлік құралы ретінде «Segway» қолданылды; оның қол жетімділігі; кеткен шығын тез қайтарылады; ерекшелігі – барлық адамдарға арналған. Мақалада қаржылай есептеме жасалған, яғни, оның тиімділігі есептелді. Алынған нәтижелер эксурсиялық қызметтің ұйымдастыруын дамытудың өңірлік бағдарламасын негіздеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Кіріспе

Мақалада қазіргі туризм саласындағы өзекті сұрақтар ретінде қарастырылатын Қазақстандағы экскурсиялық қызметті дамытуға арналған. Кез келген экскурсия ерекше қызмет үрдісі, оның мәні нақты заңдылықтарға (тақырыпқа сайлығы, мақсаттылығы, әсерлілік, белсенділік) сай ашылады. Ол қосымша қаржы көзі, көптеген шет елдің туризм саласы осы қызметті дамытуға аса назар аударуда, осы үрдісті біздің елімізде орынды пайдалану керек, себебі қарқынды дамитын туризм саласының жаңа мүмкіндіктері елге келуші туристердің легіне әсер етеді. Көптеген адамдар өз көліктерімен саяхаттай бастайды. Сыртқы туризм азайып, ішкі туризмді дамытуды қолға алу керек, олай болса, осындай кіру туризмінің азайып, ішкі туризмді дамыту кезінде ел ішіндегі туристік өнімді дамыту қолға алыну керек.

Кез келген қазақстандықтан көрікті жерлерімізді сұрасақ, олар Шымбұлақ, Бурабай, Алакөл, Түркістан, Алматы немесе Нұр-Сұлтан қаласы деп бірден айтары сөзсіз, бірақ олардың барлығы бірдей ол орындарға барып көргендіктен емес, тек оларды білетіндіктен, оқыған не теледидардан көргендіктен, немесе тіпті, таныстарынан естігендіктен айтары анық. Нұр–Сұлтан қаласын іскерлік туризмнің ошағы ретінде дамыту етек алуда (Атикеева және т.б., 2021, 12–17). Ал бірақ мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар әзірленіп, оларды дамыту бойынша қомақты қаржы бөлінуде, десекте соңғы келген нүктеден біздің қолымызда не бар дегенде, әсіресе, экскурсиялар тақырыбын қозғаған кезде күмілжіп қалатынымыз анық. Олай болса Қазақстандағы экскурсиялық қызметті дамыту, оны жарнамалау, елге ұнамды экскурсиялар ұсыну, оның себебі сырттан келген туристерге қала ішінде де, қала маңы мен бір күндік, бірнеше күндік экскурсияларды ұйымдастыру нарығын қолға алу керек. Экскурсиялық қызмет ― туризмнің түрі, жүрегі десек, ол мәдени, археологиялық, ботаникалық,

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: jakypov-alt@mail.ru ғылыми, экологиялық, діни, конгрестік, танымдық және басқа туризмнің қалған басқа түрлерін ұйымдастыру кезінде экскурсиялық қызметтер міндетті түрде сапар бағдарламаларына кіреді.

Қазіргі шектеу шаралары осы нарықтың құлдыруына әсер етті, енді нарықта виртуалды турларды дамыту қолға алынды. Иа, ол бізге келушілер легін арттыруға көп септігін тигізеді, олай болса, нысанаға алған «Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы мен даму болашағы» атты тақырымыз өзекті болып отыр, ол нақты тың идеяларды ұсынуды талап етеді.

Әдебиетке шолу

Экскурсия ісінің дамуынан бастап теоретиктер мен практиктер басылымдарда (сөздіктер, анықтамалықтар, оқу құралдары) «экскурсия» түсінігіне шамамен 20 түрлі түсіндіру берген. Экскурсияның анықтамасын 1882 жылы В. Даль, 1895 жылы В.А. Герд, 1940 жылы Д.Н. Ушаков ұсынған. Экскурсия ісі ― халық арасындағы мәдени–ағарту жұмыстарының маңызды бөлігі. Экскурсия ісінің дамуы жүз жылдан асып кетті, бірақ оның дамуы өткен ғасырдың 70-80- жылдарында ғана қарқынды дами бастады. ХХ ғасырдың 70–жылдарынан бастап, экскурсия теориясы дамуына үлкен үлесті Кеңес Одағында экскурсиялық істі бастаушылардың, құрушылардың бірі ― Борис Васильевич Емельянов (1918-2001 жж.) зор үлес қосты деуге болады. 2021 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университететінің оқытушылары Е.Э. Галиакбаров, А.А. Жакуповтың әзірлеуімен «Экскурсиятану» атты оқу құралы жарыққа шықты. Осы оқу құралында экскурсия жайлы толық жақсы ақпарат берілген (Галиакбаров, Жакупов, 2021, 244 б.).

Зерттеу әдіcтері

Мақалада эмпирикалық және зерттеудің теориялық әдістері қарастырылған. Деректерді жинау және өңдеу үшін құбылыстар мен үдерістерді жүйелі көзқарас, топтастыру және салыстыру, қаржылық талдау, оңтайландыру және болжау әдістері қолданылды.

Нәтижелер және талқылаулар

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында сырттан келетін туристік көрсеткіштердің артуы туризм саласын дамытуға қол жеткізетін негізгі міндеттердің бірі деуге болады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы). Қазақстанда қаншама фирма туристік нарықта өзінің қызметін сәтті жүргізіп келеді, бірақ оның саны анықталмаған. Сондай фирмалардың бірі ― «Казтрип» туристік фирмасы. Өз қызметін Нұр-Сұлтан қаласынан бастады, туристік нарықта 6 жыл қызмет атқарған фирма қызметті тұтынушыларға сапалы қызмет ұсынуды ұстанады: брондау қызметі; әуе, теміржол билеттерін сату; Қазақстан бойынша экскурсиялық бағдарламалар; қонақ үйлерді брондау (алдын- ала); туристерді сақтандыру (шет елдік сақтандыру, автосақтандыру); виза рәсімдеу.

Жыл сайын 500-ден астам адам компанияның қызметтерін пайдаланады. Компанияның нарықта тәжірибесі бар, барлық қажетті инфрақұрылымдар мен жүйеленген туризмді ұйымдастыру үрдісіне ие. Туристiк фирма қызметкерлерi жұмыстарының негiзгi бағыттары: клиенттерге мәлiмет беру, клиен- ттермен жұмыс, билеттердi брондау және рәсiмдеу, турды сату, маркетинг және жарнама, әкiмшілік мiндеттердi орындау.

Кәсіпорынның қаржылық есебі. «Казтрип» ЖШС есеп беру мерзімінде «Казтрип» мекемесінің жарғысына сәйкес өзінің қаржы–шаруашылық қызметін атқарды. Ұжымның барлық ұйымдастыру жұмыстары республикада болып жатқан процестерді, туризмді дамыту саласындағы үкіметтің бағдарламалық құжаттарын ескере отырып, алға қойылған міндеттерді орындауға бағытталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы белгілеген бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді. 2018 жылдың өткен кезеңінде қызмет көрсетудің жалпы көлемі 20 708,15 мың теңгені құрап, жоспар 17 607,32 мың теңгені құрады. Бұл 117,6 пайызды құрайды. Оның ішінде қонақүй – 16288,11 мың теңге, сауда – 1326,47 мың теңге. Бұл жоспарланған көрсеткіштермен салыстырғанда 12%, 10% және 10% құрады. Айта кету керек, өткен кезеңде бүкіл ұжымның жұмысына байланысты шығындар көрсетілген қызметтердің сапасына қатысты ескертулер болмаған. Алдағы уақытта алға қойылған міндеттерді түсініп, мақсатты жұмысқа ұмтылу қажет.

«Казтрип» фирмасы Қазақстанның бар аймақтарына экскурсиялық турлар ұсынады, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласын ерекшелеп атап кетсе болады, соның ішінде Алматы қаласы бойынша 11 экскурсия ұйымдастырады, ал қала сыртына 12 экскурсиялық бағыт дайындалған: Алматы – Қазақстанның астанасы (сити-тур); тәкаппар Тянь-Шаньмен кездесу; «Медеу–Шымбұлақ» спорт кешені; кешкі Алматы; ескі Верный бойымен; қазақтың дастарханына; Алматы – архитектуралық; Алматы отты сынақ жылдарында; Алматы – спорттық; «Сұңқар» тәлім бағы (питомник); Алматы құс ұшу биіктігінен; ботаникалық бақ.

Қала сыртындағы экскурсиялар: Есік дендрарийі және страус фермасы; Есік көліне; Түрген шатқалдары; Тамғалы–ландшафтық ескерткіш (бронза дәуіріндегі петроглифтер); Жамбыл мұражайы; Үлкен Алматы көліне; Шарын шатқалдарына; Іледегі Буддалар (Тамғалы –Тас); Ағып өткен метеор; Әнші Бархандар қорығы, Бес шатыр жұмбақтары; Хон–Пик шедеврлары; Талғар қорығының табиғат мұражайына. Жалпы барлық ұсынылған экскурсиялар қызықты және қазіргі кездегі туристердің қызығушылығын тудырады. Фирма сайты жақсы рәсімдеуді қажет етеді, ол кейінгі кезде мүлде халықпен жұмыс жасау жұмыстарын азайтты, десекте фирма сайтында және Facebook парақшасында Қазақстан бойынша қызықты мәліметтер келтіріп, оны миф ретінде сипаттап қызушылығын арттыруға тырысады, өзінің атқарған істерін фото арқылы жағымды бейнеде ұсынады. Бірақ бір байқағанымыз, фирма сайтына қарағанда әлеуметтік желідегі мәліметтері көбірек (Кумар, Рахимкуль, 2020).

«Казтрип» туристік фирмасының қызметі қазіргі туризм нарығындағы ұсыныстарға сай келеді, фирма өз қызметтерін ұсынуда тұрақты клиенттермен жұмыс жасауға талпынады, бірақ фирмада статистикалық мәліметтерді ұсынбауы, фирма туралы ақпаратты алу қиындығы, талдау жасауға кедергі болып табылады. «Казтрип» ЖШС туристік фирмасы нарықта қалыптасу жолына түсе бастады, өзінің тұтынушы клиенттері бар. Десекте, фирма өз қызметтерін нақты, түсінікті және бірнеше тілде, жаңартылған ақпаратпен сайттарына салуы керек, сол сияқты, әлеуемттік желіде ұсынған ақпараттарды жаңарту керек, фирма туралы мәліметті бірден табу қиын, әсіресе, экскурсиялар туралы ақпаратты. Олай болса, жалпы Қазақстандағы ұйымдастырылатын экскурсиялық қызметтің ұйымдастырылуына назар аударуымыз керек (Отешова және т.б., 2021, 229-237).

Шектеу шараларының елдегі туризм саласына әсері және экскурсиялық қызметке тұтынушылардың қанағаттануын бағалау

Әлемдік туристер ағыны шамамен төрт есеге қысқарды. Қазақстанның көрсеткіштері де төмендеді: басқа елдерден келетін туристер саны 3,6 есеге азайды. Мәселен, егер 2020 жылдың бірінші тоқсанында келу туризмінің жаһандық көрсеткіштері өткен жылғы деректерден 28,6% –ға төмен болса, екінші тоқсанда шетелдік туристердің әлемдік ағыны бірден 18,4 есеге қысқарды (ал Қазақстан Республикасында осыған ұқсас кезең – 16,7 есе), бүкіл әлем бойынша құлыптаудың ең қатаң шектеулеріне дейін толығымен тоқтайды. Жалпы, 2020 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша шетелдік туристердің жаһандық ағыны 3,8 есеге қысқарды. Қазақстанда 2020 жылғы «коронавирустың» төрттен үш бөлігінде елге келген туристер саны бірден 3,6 есеге азайып, 1,8 миллионды құрады. Қазақстаннан кеткен туристер саны небәрі 2,4 миллион адамды құрады, яғни 3 адам. 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе аз. Ішкі туризм ― 60,3% –ға, 3,1 млн адамға азайды (Лим, То, 2021, 1-12).

Пандемия кезінде Қазақстандағы қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарының төрттен үш бөлігіне қызмет көрсеткен келушілер саны небәрі 2,6 миллион адамды құрады, бұл өткен жылдың жартысына жуығы. Бұл ретте келушілердің жалпы санынан тек шетелдік туристер ғана бар ― 7,5%, ал бір жыл бұрынғы осы кезеңде 15,5% болды. Қонақ үйлер, хостелдер, санаторийлер және басқа да орналастыру орындарының саны бір жылда 3,9% –ға азайып, 2020 жылдың үшінші тоқсанының соңында 3,5 мыңға жетті. Қазақстанның әлемдік туристік индустриясы елеулі залал болған жағдайда саланы қолдау үшін Qazakhstan Travel and Tourism Council ресурстық орталығы құрылды.

Қазіргі шектеулі шаралар туристік кәсіпорындардың қызметін әбден тығырыққа тіреді, бір жылдан аса уақытта адамдардың саяхаттауы немесе экскурсиялық қызметті пайдалануы тоқтады деуге болады. Саяхатшы, туристік блогер, QazaqGeography экспедициясының ұйымдастырушысы Нұржан Алгашов: «Туристік агенттіктер өздерінің білімі мен технологияларын ішкі туризмді дамыту үшін қолданатын болса, қазақстандық туристер бұдан тек ұтады», – деп көрсеткен.

Пандемияға дейін де көптеген компаниялар Қазақстанды қызықтырмады. British Airways, Austrian Airlines, Lufthansa бізден кетті, сонымен қатар, кейбір туристерде фобия түрінде психологиялық проблемалар пайда болды. Мысалы, басқа адамдарға жақын болудан қорқу. Көбісі өз көліктерімен саяхаттай бастайды. Мүмкін экотуристер саны көбейетін шығар. Қазақстандағы экотуризмнің әлеуеті зор. Қазір барлық күшті отандық туристерге бағыттайтын уақыт туындады (Сейдахметова, 2020).

Осындай кіру туризмінің азайып, ішкі туризмді дамыту кезінде ел ішіндегі туристік өнімді дамыту қолға алыну керек. Жаңа ұсыныстар беру керек, яғни, келушілерге демалыс орындарындайындау мақсатында экскурсиялық қызметті де дамыту керек. Жалпы еліміздегі экскурсиялық қызметке тұтынушылардың көзқарасын анықтау мақсатында Қазақстандағы «Казтрип» ЖШС туристік фирмасы негізінде экскурсиялық қызмет туралы бірнеше сауалнама алынды. Сауалнамаға барлығы 161 адам қатысты. Сауалнаманы google.com еркін қолжетімділікте өтуге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdtncz5iB_Arbl90aGvzVT0u2-CkdwFxupOY4OMKcXEHwH- w/viewform?usp=sf_link

Негізгі сауалнамаға барлығы 61 адам, 17-18 жас аралығындағы, қыздар, студент жастар жауап берген. Сұрақтар экскурсиялық қызметке байланысты қойылды, соның бірі Қазақстандағы экскурсиялық қызмет туралы білесіз бе? Жауаптардың 90,7% қанағаттарлық жауап берсе, 8,7% білмейтіндігін көрсеткен және соның 69% адам Қазақстанның қалаларындағы ұйымдастырылатын экскурсиялардан хабардар екендігін көрсеткен (1-сурет).

220

Вестник Карагандинского университета

221

Адамдардың экскурсияларға қызығушылықтары бар, олар туралы біледі және көпшілігі қолданған да, десекте экскурсияларды басқалай ұйымдастыруға, инновация ұйымдастыруға қарсы емес (3-сурет).

Сауалнама нәтижесінде адамдардың қызығушылық танытып, біршама ұсыныстар бергендігін суреттен көруге болады, негізгі ұсыныс экскурсия кезінде көлікті пайдалану, тақырыптық экскурсиялар ұйымдастыру, квест ұйымдастыру, аудиогидтер қолдану, экскурсия жүргізетін аймақтың инфрақұрылымын жақсарту, инновация қолдану, жарнама жасау сияқты өзекті ұсыныстар берді.

Осы сауалнама нәтижесінде келесідей қорытынды жасауға болады: елімізде экскурсиялық қызмет ұйымдастырылады және оны елдің халқы біледі, бірақ оларды естігені болмаса, көбі қолданбаған, десекте осы экскурсиялық қызметті дамыту керектігін және ол үшін инновация керек екендігін атап көрсеткен.

Елімізде «Арман–тур» туристік фирмасының гид–экскурсоводтарды дайындау бойынша мектебі 2009 жылдан бері нарықта өз қызметін жүзеге асыруда, ол мектеп тәжірибесі бойынша теория мен практика бірге орын алып, мектепті аяқтаған соң мемлекеттік реестрге енгізіледі, халықаралық практикадан өтуге мүмкіндік алады («Арман–тур» халықаралық туристік фирмасының сайты).

Сол сияқты осы шектеу шаралары кезінде оқыту семинарлары өтуде:

– «Kazakh tourism» мен «Ішкі туризмнің онлайн академиясы» гид (гид–аудармашыларды), экскурсоводтарды гидтерді дайындау ерекшеліктері бойынша онлайн курс әзірлеген болатын.

– «Өз еліңді біл» акциясы аясында 2019 жылдың тамыз айында 13–16 жас аралығындағы балаларға Маңғыстау облысының тарихи, мәдени, туристік жерлеріне, көрікті жерлеріне Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан 40 адамға экскурсия өткізілді. 2019 жылы Алматы халықаралық әуежайының 100 қызметкері үшін жеңілдету курстары, сондай-ақ, 100 экскурсоводқа арналған курстар өткізілді. Ақтөбе облысының қазақ-орыс халықаралық университеті жергілікті «Qazaqtourism» туроператорымен бірлесіп, 2019 жылы туризмді дамыту мақсатында Ақтөбе қаласында студенттерге жаяу экскурсиялар ұйымдастырылды (Отчет о реализации Государственной программы развития туристской отрасли Республики Казахстан на 2019-2025 годы, 2019).

Сол сияқты осы гид–аудармашыларды, экскурсоводтарды дайындау бойынша Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті «Экскурсиялық қызмет және жеке турларды ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандығы бойынша елімізде дайындауды қолға алды («Экскурсиялық қызмет және жеке турларды ұйымдастыру» бойынша мамандық дайындау).

Экскурсиялық қызметті ұйымдастыру бойынша қазіргі нарық тек фирмалардың өз өнімдерін сайтта орналастырумен шектеледі, ал оны жылжыту жаңа кейіпте таныту бойынша жұмыстар жүргізу керек жаңа талпыныс керек, жаңаша экскурсиялық қызмет, түрлі тақырыптық экскурсиялар ұйымдастыру қажет.

Нарыққа жаңа экскурсияларды енгізу арқылы шет елдер өзінің брендін құруда, сырттан келушілер легін арттыруда, осы экскурсиялық қызметті дамыту қолға алу керек, тіпті Нұр-Сұлтан қаласының өзінде экскурсиялық қызметті дамытуды қолға алу керек. Олай болса, инновациялық экскурсияларды қалалық экскурсияға енгізіп көрейік (Дамежан Юцель, 2021, 1-13).

Елорданың экскурсиялық қызмет нарығындағы инновациялық өнім ― «Тур –SEGWAY». Елімізді шет елге таныстыру мақсатында түрлі экскурсиялық маршруттар әзірлену керек. Қазір туристік фирмалар бәсекеге қабілетті фирма ретінде ерекше ұсыныстар беруге бейімделуі керек, бірақ қазіргі пандемия туристердің легін азайтты. Осы жағдайдың біраз уақытта аяқталатыны белгілі, сондықтан фирмаларға жаңа типтегі пост пандемиядаен кейінгі дайындық қажет. Жүргізген талдау нәтижесінде экскурсиялардың бір мәнді екендігін байқауға болады. Жақсы ұсыныстар экскурсиялардың мәнін арттырып, қызықты өткізуді талап етеді, әрине ұлттық калоритті ұмытуға болмайды. Сондықтан, экскурсиялық туризмнің қала ішіндегі түріне «Тур–SEGWAY» экскурсиясын ұсынуға болады. Экскурсияның негізгі ерекшелігі «Segway» көлік құралын пайдаланамыз. Біздің елімізде қала экскурсияларын жаяу, автобус, велосипед сияқты құралдарды пайдаланып көруге болады. Еліміздің ірі қалаларында көптеген маршруттар бар, оларға келушілер қызығады. Олай болса, бар маршруттарға «Segway» көлігін қолдануды ұсынуға болады. Себебі, «Segway» көлік американдықтар мен еуропалықтар үшін үйреншікті құрал болып табылады. Роликтер, самокаттар, гидроскутерлерді балалар аса қызығушылықпен қолданады. Аттар, иттер, велосипедтер шет елдерде экскурсиялардың қолданыс құралдары болып табылады. Қазір экскурсияларға Нұр-Сұлтан қаласындағы екіқабатты автобустар мен Түркістан қаласында электрокарларды қолданылуда. Сол сияқты енді Түркістан қаласы туризм орталығы болса, онда ашылған керуен сарайды пайдаланып, экскурсияларға жаңаша кейіп таныту керек.

Қазақстандағы экскурсияларға жаңа рең беру үшін «Segway» көлік құралын экскурсия көлігі ретінде пайдалану. «Segway» ― «segue» ― бір жағдайдан екінші жағдайға жайлап ауысу, «way» ― жол деген мағынаны білдірсе, осы құрал жайлап, бірқалыпты қозғалуға мүмкіндік береді (Описание Segway). Осы құрылғы авторы Дин Кеймен он жылдан кейін, 2001 жылы нарыққа алғашқы құрылғыларын шығарды.

2002 жылдан бастап туристік нарықта Segway PT турлары үлкен белең алды, әсіресе, шет елдерде, Америкада, Еуропада өте тез қолданысқа ие болып, бүкіл нарықты жаулап алды, турлар саны мыңдаған деңгейге жетті. 2011 жылы «Segway тәжірибесі» бағдарламасы жүргізілді.

Скутер Segway турлары экскурсоводтарды шаршатпайтын, тез қозғалатын және біршама алыс маршруттарды қамтуға рұқсат беретін турларға айналды. Экскурсиялардың өзіндік ерекшелігі ол біріншіден, адамдарда үлкен қызығушылық туындайды, екіншіден, адамдарда осы құрылғыны игеруге деген құлшыныс пайда болады, себебі, ішкі баланс сезімі болуы керек, құрылғыға алғаш мінгенде өте абай болуы керек, себебі жылдамдық 50 км/сағ.

Бірден артып, адамдардың құлап қалу қаупі бар. Құрылғының сабын артқа қарай тартса ― жылдамдық төмендейді немесе тоқтайды. Құрылғыны дұрыс басқарған кезде оның жылдамдығы 20 км/сағ. Segway–ді қолдана отырып, жүргізілетін экскурсия түрін ұсынуға болады.

Segway турларын ұйымдастыру үшін қалалық экскурсия ұйымдастыруға тоқталып өтейік, себебі Segway-ді пайдалану арқылы экскурсияларды қалада жүргізген ыңғайлы. Сол сияқты «Казтрип» туристік фирмасына қала бойынша жаңа тур ұсынуға болады. Оны «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай» деп ұйымдастыруға болады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірнеше нысандар таңдалған, онда осы еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін бой көтерген ғимараттарға «Тур -SEGWAY» туристік маршрутын ұсынуға болады.

Біз экскурсиямызды «Думан» ойын–сауық орталығынан бастаймыз, себебі біздің «SEGWAY»–ді осы ғимаратқа жалға орын алып орналастырамыз. Оның өзіндік есебі бар, ғимарат сол және оң жағалауды орналастырып тұр, экскурсант басқа маршрутты оң жағалауда көргісі келсе, осы жерден қозғалу өте ыңғайлы. Осы ғимарат орталықта, онда кісі көп болады.

Маршруттың бірнеше ерекшелігі бар:

– онда Segway–ді қолданамыз, оны қала ішіндегі және қала маңындағы басқа да экскурсияларға қолдануға болады;

– тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған, бір жағынан тақырыптық экскурсия;

– қымбат емес, мөлшермен 4000–5000 теңге аралығында;

– «Казтрип» туристік фирмасына жарнамаға инновациялық өнім.

Ұсынылған «Тур–SEGWAY» маршрутында Segway-ді пайдалану шын мәнінде көптеген адамдардың қызығушылығын тудырады, себебі бұл нарықта басқа ұсыныс жоқ. Ұсынылған көліктерді нарыққа енгізу тек туристер үшін ғана емес, қала тұрғындары үшін де қызықты, себебі, оны пайдаланушылар жасөспірімдер мен жастар аз болмасы белгілі. Осы тур арқылы экскурсия ұйымдастыратындығын нарықта «KAZTRIP» туристік фирмасына жақсы жарнама мен осы көлікті жүргізіп, оны үйрете алатын білікті персонал керек.

Экскурсияға ұсынған Segway-дің гидроскутер, мини-сегвей, смартвей түрлері (қосымша) бар. Қазір көптеген шет елдіктердің жұмысқа бару құралы, тіпті кейде жұмысқа АҚШ, New York Electric & Gas пошталары, Michelin, GE Plastics, Delphi Automative Systems корпорация және т.б. Segway скутерлері бәрі үшін жарамды. Олардың түрлеріне байланысты адамның салмағына байланысты 45 кг, 96 кг, 133 кг, 118 кг дейін түрлері бар және 16 жастан артық болуы керек.

Segway екі дөңгелекті, білікті құрылғы болып табылады, онда гироскопиялық, сұйық датчиктерден микропроцессорларға беріледі, олар двигательдерді басқаратын әсерді өндіреді, дөңгелек құрылғыны тепе–теңдікте ұстауға жауапты. Segway адамның қимылына орай қозғалады, жылдамдық алдыға және артқа иілуіне байланысты үдеп немесе кемиді. Жалпы жылдамдығы сағатына 20 км. Аккумулятормен жүру көзделеді, жалпы ұзақтығы ― 39 км, 4―5 сағат зарядтамай қолдануға болады.

Қала ішіндегі шағын топтар үшін 5 Segway қажет, оның үшеуін Segway Ninebot Elite және үшеуін электросамокат Ninebot KickScooter MAX G30 түрін қолдануға болады. Электросамокаттар скутерлерге қарағанда орнықты тұруға мүмкіндік береді және құламаудың кепілі. Қазақстанда осы скутерлерді арнаулы Xiaomi компаниясының Қазақстандағы дилері Ninebot by Segway ресми дистрибьютерінен алуға болады.

Segway Ninebot Elite–тің бағасы, одан 3 штук аламыз:

799 000 тг. * 3 = 2 397 000 тг. Ninebot KickScooter MAX G30–тің бағасы, одан 3 штук аламыз:

300 000 тг. * 3 = 900 000 тг. Барлығы: 3 297 000 тг.

Жаз уақытында 1 қызметкерді жұмысқа алуға болады, жалақысы 70000 тг. Айына скутерлерді сол сияқты 5-10 минутқа жалға беруге болады (700 тг.). Экскурсия құны 3 академиялық сағатқа 4000 теңге.

Күніне 1 рет экскурсия ұйымдастырылса, ол айына 120000 тг. Сәуір–қыркүйек айларын есептегенде 6 ай, барлық 720000 тг. құрайды, ал жаз айларында мөлшермен 2 рет экскурсия ұйымдастырылады десек, тағы да қосымша 360000 тг. Ақша, сонша экскурсия бойынша барлығы 1 080 000 тг.

Және скутерлерді жалға беру бойынша күніне 10 скутер берілді деп есептесек, онда күні 7000 тг. айына 210000 тг. Сәуір–қыркүйек айларын есептегенде 6 ай, барлық 1 260 000 тг. құрайды және жаз айларында жалға алу көбірек десек (15 рет) қосымша 630000 тг. қоссақ, барлық түсетін ақша 1 890 000 тг. болып отыр. Айта кетерлігі, бұл есептеулер ең төменгі есептеулер, сонда бір маусымда мөлшермен 2 970 000 тг., яғни, скутерлерге кеткен ақшаны бірінші маусымда қайтаруға болады.

Экскурсия бойынша:

4 000 тг. * 30 күн = 120 000 тг.

120 000 тг. * 6 ай = 720 000 тг.

720 000 тг. + 360 000 тг. = 1 080 000 тг.

Скутерлерді жалға беру бойынша:

7 000 тг. * 30 күн = 210 000 тг.

210 000 тг. * 6 ай = 1 260 000 тг.

1 260 000 тг. + 630000 тг. = 1 890 000 тг.

Барлығы 2 970 000 тг.

Біздің құралдарымызды жаз айларында қалалық экскурсия мен 5–10 минутқа жалға беру құны өзін ақтайды деп айтуға болады, Segway Ninebot Elite пен электрокарлардың сыртқы бейнесі келесі 1– кестеде бейнеленген.

Жалпы нарықта Segway мен электросамокаттардың бірнеше түрі бар, біз кестеде өзіміз сатып алуға ниеттенген түрлері бойынша талдау жүргізіп отырмыз. Дүкеннің сайтында құралдар бойынша жылы лебіздер берілген, көпшілігіне тауардың сапасы ұнаған.

Segway кемшіліктері ретінде: оның қымбаттығын, маусымдылығын, көтеруге ыңғайсыздығын және адамның қимылына байланысты қозғалысын айтуға болады. Мына бір ғана көлік құралдарын енгізу арқылы фирма өзіне қаншама пайда табады, олай болса, елімізде қаншама фирма бар, олардың барлығы дерлік өз өнімдерін дұрыс ойластырса, еліміздің экскурсиялық қызмет саласы дамиды деуге болады. Себебі инновацияларды енгізу арқылы экскурсиялық қызметті дамытуға керекпіз, оның болашағы бар себебі елімізде 2019–2025 жылдарға қарай ЖІӨ 8% дейін арттыру, туристер ретінде келушілердің санын 8 млн. дейін жеткізу мақсаты тұр, яғни, «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» дайындалды (Ninebot by Segway).

Қазақстанның кез келген аймағын дамыту экскурсиялық қызметпен қоса жүреді, сондықтан елімізге инновациялық экскурсиялық қызметті дамытуды қолға алуға керек, түрлі қызметті ұсынатын объектілердің қызметтері 10–15% жыл сайын артуы көрінуде. Иә, қазіргі шектеулі режимі осы мақсатты жүзеге асыруға қол байлау болатыны белгілі, бірақ жоспар қойылды, сондықтан біршама жұмыстар атқарылуда, әсіресе, туристік фирмалардың өз әлеуметтік желілерінде Қазақстанның әсем жерлерін дәріптеуі, «Kazakh Tourism» АҚ елдің имиджін арттыру бойынша түрлі іс-шаралары мен бейнефильмдері, семинарлары, түрлі зерттеулері елімізге туристерді шақыруға, өз ел ішіміздегі ішкі туризмнің дамуына үлкен серпіліс беруде. Олай болса, келушілер саны артса, міндетті түрде экскурсиялық қызметтің дамуын талап, етеді, ал ол үшін қазірдің өзінде туристік нарық түрлі ұсыныс беруге дайын болуы керек, оның бірі инновациялық экскурсияларды ұсыну, қала ішіндегі және қала маңындағы, бірнеше күндік экскурсиялар санымен, ұсыну ерекшелігімен, мәнділігімен, дұрыс ойластырылғандығымен, қатысушылардың санына байланысты да, экскурсовод, гидтеріміз, гид-нұсқаушылардың заман талабына сай, бірнеше тілді еркін меңгерген, өздері ұсынып отырған экскурсияны толық және қызықты өткізе алатындай әлеуеті болуы керек деген ой түйіндеуге болады (Липкова және т.б., 2020).

224

Вестник Карагандинского университета

Қорытынды

Қазақстанда экскурсиялық қызметті ұйымдастырудың негізі ерекше табиғат пен ерекше әлеует деуге болады, негізгі басымдылық адамдардың ― туризммен айналыса отырып, экскурсияға баруы деуге болады. Қазақстанның экскурсиялық қызметі бойынша жалпы статистика жоқ, мысалы, елімізде қандай экскурсиялар бар, олардан қандай ақша түседі, т.б. сұрақтар жауаптарын табу мүмкін болмады, десек те, экскурсовод мамандығы бүгінде, қоршаған ортаны танудың демократиялық формасы болып табыла отырып, имиджді мамандық ретінде жаңа бағыт алды. Гид–аудармашылар мен экскурсоводтар елдің «айнасы», үнемі біліктілікті арттыру курстары қажет, сол сияқты мамандыққа бірнеше шет тілін білетін жас мамандарды тарту керек. Экскурсовод курстары бар, олардың көбісі жергілікті орындарда және коммерциялық негізде болып отыр және мамандықтың бірыңғай стандарттары әлі жасалмаған.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының ақпараты бойынша, бүгінгі күні тек бірнеше фирмалар ғана гид қызметін ұсынады, олардың өздері атақты, белгілі объектілерді көрсетеді, ал негізгі туристік мүмкіндік көбіне ашылмай қалады. Оны не білмейді, не оған қызықпайды. Елімізде турагенттердің мемлекеттік электронды реестрін жүргізудің гидтер, гид–аудармашылар, экскурсоводтар мен туризм инструкторлары қызметіне қатысты нормалары бар, олар осы қызметті жүргізуге өтініш білдірді және аккредитация алады. Реестрге 2018 жылдан бастап тіркелгендердің саны 135 адам ғана (Каленова, 2020).

Қазақстандағы экотуризмнің әлеуеті зор. Қазір барлық күшті отандық туристерге бағыттайтын уақыт туындады. Осындай кіру туризмінің азайып, ішкі туризмді дамыту кезінде ел ішіндегі туристік өнімді дамыту қолға алыну керек. Жалпы еліміздегі экскурсиялық қызметке тұтынушылардың көзқарасын анықтау мақсатында Қазақстандағы «Казтрип» ЖШС туристік фирмасы негізінде экскурсиялық қызмет туралы бірнеше сауалнама алынды. Сауалнамаға барлығы 161 адам қатысты. Осы сауалнама нәтижесінде келесідей қорытынды жасауға болады: елімізде экскурсиялық қызмет ұйымдастырылады және оны елдің халқы біледі, бірақ оларды естігені болмаса, көбі қолданбаған, десекте осы экскурсиялық қызметті дамыту керектігін және ол үшін инновация керек екендігін атап көрсеткен.

Нарыққа жаңа экскурсияларды енгізу арқылы шет елдер өзінің брендін құруда, сырттан келушілер легін арттыруда, осы экскурсиялық қызметті дамыту қолға алу керек, тіпті Нұр-Сұлтан қаласының өзінде экскурсиялық қызметті дамытуды қолға алу керек. Сол себепті авторлар инновациялық қалалық экскурсияларды енгізу қажеттігін анықтады. Бұл экскурсияның негізгі ерекшелігі «Segway» көлік құралы пайдаланылды. Роликтер, самокаттар, гидроскутерлерді балалар аса қызығушылықпен қолданады. Segway–ді пайдалану арқылы экскурсияларды қалада жүргізген ыңғайлы. Сол сияқты «Казтрип» туристік фирмасына авторлар қала бойынша жаңа тур «Тур – SEGWAY» ұсынылды, ол «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай» ұйымдастырылды. Онда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірнеше нысандар таңдалған, оларға еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін бой көтерген ғимараттар енген. Экскурсияның ерекшелігі: Segway–ді қолдану, қымбат емес, мөлшермен 4000–5000 теңге, «Казтрип» туристік фирмасына жарнамаға инновациялық өнім. Segway адамның қимылына орай қозғалады, жылдамдық алдыға және артқа иілуіне байланысты үдейді немесе кемиді. Жалпы жылдамдығы сағатына 20 км. Аккумулятормен жүру көзделеді, жалпы ұзақтығы – 39 км, 4–5 сағат зарядтамай қолдануға болады.

Бір ғана көлік құралдарын енгізу арқылы фирма өзіне қаншама пайда табады, олай болса, елімізде қаншама фирма бар, олардың барлығы дерлік өз өнімдерін дұрыс ойластырса, еліміздің экскурсиялық қызмет саласы дамиды деуге болады. Себебі инновацияларды енгізу арқылы экскурсиялық қызметті дамыту керекпіз, оның болашағы бар себебі елімізде 2019–2025 жылдарға қарай ЖІӨ 8% дейін арттыру, туристер ретінде келушілердің санын 8 млн. дейін жеткізу мақсаты тұр. Иә, қазіргі шектеулі режимі осы мақсатты жүзеге асыруға қол байлау болатыны белгілі, бірақ жоспар қойылды, сондықтан біршама жұмыстар атқарылуда, келушілер саны артса, міндетті түрде экскурсиялық қызметтің дамуын талап, етеді, ал ол үшін қазірдің өзінде туристік нарық түрлі ұсыныс беруге дайын болуы керек деген ой түйіндеуге болады.

Әдебиеттер тізімі

Atikeyeva S. The modern state and the development of business tourism in the Nur-Sultan / S. Atikeyeva, Z. Kabysheva, B. Mukanova, M. Karazhanova, Z. Nauryzova, E. Pak. // EurasianUnionScientists. — 2021. — Vol. 6, No. 1 (82). — P. 12–17.

Damezhan S. Analysis of the planning strategy of astana as a» brand city» in the development of the economic zone North Kazakhstan / S. Damezhan, F. Yücel //Academy of Strategic Management Journal. — 2021. — Vol. 20. — P. 1–13.

Kalenova S.A. Directions and practical tools for professional education quality increase (the case of tourism industry of the Republic of Kazakhstan) / S.A. Kalenova, G.K. Yerubayeva, D.I. Razakova, B.M. Demeuova, D. Ushakov. // E3S Web of Conferences. — EDP Sciences, 2020. — Vol. 210. — P. 22007.

Kumar Y. Using the Web Quality Index (WQI) Assessment Model to Analyze Kazakhstani National Tourism Portals / Y. Kumar, Y. Rakhymkul. — 2020.

Lim W.M. The economic impact of a global pandemic on the tourism economy: the case of COVID-19 and Macao’s destination-and gambling-dependent economy / W.M. Lim, W.M. To //Current Issues in Tourism. — 2021. — P. 1– 12.

Lipkova L. Importance of state regulation of the tourism industry In the Republic of Kazakhstan / L. Lipkova, A. Madiyarova, A. Blembayeva //E3S Web of Conferences. — EDP Sciences, 2020. — Vol. 159. — P. 04007.

Ninebot by Segway. URL: https://giroskuter.kz/g1958084-segway-ninebot-elite

Oteshova A. The market of tourist services in the republic of Kazakhstan and its development prospects / A. Oteshova, A. Niyazbayeva, L.V. Goloshchapova, A.P. Bashkirev, L.A. Ivanova, S.N. Sychanina. // Laplage em Revista. — 2021. — Vol. 7, No. 1. — P. 229–237.

«Арман –тур» халықаралық туристік фирмасының сайты — Сайт Международной туристской фирмы "Арман – тур" [Электрондық ресурс]. Қол жетімділігі: http://www.arman-tour.com.

Галиакбаров Е.Э. Экскурсиятану: оқу құралы / Е.Э. Галиакбаров, А.А. Жакупов. — Нұр–Сұлтан: «Булатов» ЖК, 2020. — 244 б.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019—2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы. //hppt//adilet.zan.kz/rus/search

Описание Segway. — (http://ru.wikipedia.org/wiki/Segway).

Отчет о реализации Государственной программы развития туристской отрасли Республики Казахстан на 2019– 2025 годы — 2019.

Сейдахметова Б. Мировая пандемия дает шанс для развития внутреннего туризма — эксперт 2020. / Б. Сейдахметова // https://365info.kz/2020/05/mirovaya-pandemiya-daet-shans-dlya-razvi-tiya-vnutrennego-turizma- ekspert

«Экскурсиялық қызмет және жеке турларды ұйымдастыру» бойынша мамандар дайындау //https://iuth.edu.kz/fakultety-i-kafedry/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.