Аңдатпа:
Мақсаты: Халықтың көші–қонына жүргізген зерттеу— бұл күрделі әлеуметтік–экономикалық құбылыс, ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік–саяси өмірінің әртүрлі аспектілерімен, олардың өзгеру тенденцияларының қалыптасуы мен көрінісімен тығыз байланысты, соның ішінде пандемияға жағдайындағы халықтың көші–қонының қоғамдағы өзгерісін көрсету.
Әдісі: Авторлар мақалада бірқатар әдістерді: жүйелік талдау, сауалнама, Smart PLS бағдарламасы арқылы құрылымдық модель құру, талдау және салыстыру, сонымен қатар, графикалық әдісті пайдаланған. Осы әдістерді қолдану қазіргі көші–қон тұжырымдамасының маңызды ерекшеліктерін, оны түрлендірудің құралдары мен индикаторларын объективті қабылдауға мүмкіндік береді.
Қорытынды: Жүргізілген зерттеудің қорытындысы зерттеу гипотезасын растаумен негізделді.
Сауалнама сұрақтары арқылы тәуелсіз айнымалылардың индикаторларының қысқартылған нұсқадағы түрі көрсетілген. Тәуелсіз және тәуелді айнымалыларының детерминация коэффициенті (R) 0,951 құрады. Бұл дегеніміз, халықтың көші–қонына пандемияға жағдайы әсер еткенін дәлелдеп отыр.
Тұжырымдама: Көші–қон мәселесі еліміздің экономикалық, әлеуметтің әл–ауқатымен, адами капиталдың бағасымен тікелей байланысты үлкен проблема. Осы мәселенің мән–жайын зерттеп, шешу жолын іздегеніміз дұрыс. Дамыған елдердің қатарына қосыламыз десек, білікті кадрларды дайындап оларды бағалағанымыз жөн.
Кіріспе
COVID–19 халықтың жергілікті және халықаралық қозғалыстарымен тығыз байланысты әлемде пайда болды, көп адамдар бұрынғыдан гөрі жұмыс, білім және отбасы жағдайлары, туризм және өмір сүруі үшін көшіп–қонуы үдей түсті. Халықтың, атап айтқанда туристер мен бизнес қызметкерлерінің қарқынды қозғалысы індеттің жаһандық таралуының негізгі факторына айналды Сонымен бірге, мигранттардың қозғалысы пандемияға әсер ететін жергілікті жағдайларды қалыптастыратын негізгі демографиялық, әлеуметтік, мәдени және экономикалық динамика болып табылады. Бүкіл әлемдегі қоғамдар мен қауымдастықтар үшін мигранттарды есепке алу немесе есепке алмау COVID–19–ға жауап беру және қалпына келтіру әрекеттері дағдарыстың траекториясына әсер етеді. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы инклюзивті күш–жігер індеттің алдын–алу және азайту, зардап шеккен адамдардың жалпы санын азайту және төтенше жағдайды азайту үшін өте маңызды болады. Барлық зардап шеккендер үшін індеттің экономикалық, әлеуметтік және психологиялық салдарын азайту, сондай-ақ тиісті шаралары сауығуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Халықтың көші–қоны ― бұл күрделі әлеуметтік–экономикалық құбылыс, ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік–саяси өмірінің әртүрлі аспектілерімен, олардың өзгеру тенденцияларының қалыптасуы мен көрінісімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, көші–қонды зерттеу барысында оның екі аспектісін ажырату және қарастыру қажеттілігі туындайды. Біріншіден, тар мағынада көші–қон тұрақты тұрғылықты жердің өзгеруімен байланысты аумақтық
*Хат–хабарға арналған автор:
E-mail: gulnurraihanova@mail.ru қозғалыстың толық түрі ретінде әрекет етеді, ал екіншіден, көші–қонды қоныс аудару деп сөздің кең мағынасында түсіндіруге болады.
COVID–19 пандемиясы бүкіл әлемдегі көші–қонға әртүрлі әсер етті. Шектеулер және экономикалық құлдырау сияқты жағымсыз әсерлер ұлттық шекаралармен шектелмеді. Шектеулер халықтың көші–қон үдерісіне кедергі тудырды.
Жаһандық пандемия экономикалық факторларғада әсер етеді, әдетте, мигранттардың қоныс аударуына себеп болатыны анық. Олар жұмыссыздық деңгейін, жұмыс стандарттарын немесе ел экономикасының жалпы жағдайын жақсартуға тырысады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта экономика өсу қарқыны жақсы болғанымен, кенеттен экономиканың нашарлау қаупі адамдарды да қоныс аударуға итермелеуі мүмкін.
Көші–қон бұл ― үздіксіз процесс сияқты көрінуі мүмкін, өйткені көптеген факторларды болжау мүмкін емес. Әр түрлі қозғалыстар қиылысады, дегенмен, нақты болжам жасау мүмкін болмаса да, халық қозғалысының жалпы бағыттарын болжауға болады.
Экологиялық апат немесе қарулы қақтығыс сияқты факторлар тартылған кезде бұл әлдеқайда оңай, бірақ денсаулығының нашарлауы немесе азық–түлік сапасы сияқты қайталама факторларды зерттеу ықтимал қозғалыс географиясын түсінуге көмектеседі. Қазіргі уақытта ең маңызды екі фактор ― экологиялық жағдай және пандемия жағдайы болып тұр.
Популяция қозғалысының механикасын жақсы түсіну үшін біз популяцияның қозғалысын анықтаудан бастауымыз керек. Популяция қозғалысының не екенін түсіну арқылы біз оның себептері мен қозғалыстардың ең көп таралған мысалдарын зерттей аламыз. Халықтың қозғалысы дегеніміз ― жаңа жерде уақытша немесе қоныстап қалу ниетімен адамдардың (адам саны жағдайында) бір жерден екінші жерге ауысуы. Қозғалыс ішкі, ел ішінде немесе саяси географияның басқа субъектісі немесе халықаралық болуы мүмкін.
Халықтың немесе мигранттардың қозғалыс субъектілерін екі негізгі санатқа бөлуге болады. Біріншісі ― гуманитарлық мигранттар. Олардың өміріне қауіп төндіретін қолайсыз жағдайлардан қоныс аударатын адамдар: босқындар мен пана іздеушілер. Әдетте олар қысқа қашықтыққа қоныс аударғанды жөн көреді, географиялық жағынан қоныс аударатын елдерге жақын және ешқандай артықшылықтары жоқ елдерді таңдауға тырысады.
Тағы бір категория экономикалық мигранттар деп аталады. Экономикалық мигранттар, әдетте, жақсы жұмыс жағдайлары мен үлкен байлықты іздеуге көшеді. Әдетте адамдар кедей елдерден өркендеген елдерге көшеді, бірақ қазір интернеттің дамуымен қашықтықтан жұмыс істейтін көптеген адамдар табыс табу үшін кедей елдерге көшеді. Бірақ әлдеқайда арзан елде тауарлар мен қызметтерді сатып алады.
Көбінесе көші–қон үрдісінде дамушы елдерден дамыған елдерге экономикалық мигранттардың тұрақты ағымы бар. Бірақ соның ішінде халықаралық көші–қон тек экономиканың құлдырауынан ғана туындауы мүмкін: көптеген экономикалық мигранттар жоғары жалақы, кең мүмкіндіктер және жетілдірілген заңдар мен ережелерге ұмтылады.
COVID–19 пандемиясы, оның алдындағы көптеген пандемия сияқты, денсаулыққа қауіп төндіреді және мемлекет ішінде де, одан тыс жерлерде де барлық әлеуметтік жүйелердің жұмысына әсер етеді. Пандемияның одан әрі таралуының алдын алу әсіресе халықтың кеңістіктік ұтқырлығы мен көші–қонға әсер етті. Трансшекаралық қозғалыс пен сапарларға шектеулер, сондай–ақ карантиндік шараларды енгізу халықаралық ғана емес, сонымен бірге ұлттық мемлекеттердің шекараларындағы көші–қонды да күрт тоқтатты.
Мемлекеттік шекаралардың жабылуы бүгінгі жаһандық экономиканың, сондай–ақ, жекелеген елдердің экономикасының көші–қонға, яғни жұмыс күшінің кеңістіктік ұтқырлығына қаншалықты тәуелді екенін көрсетті. Еңбекші–мигранттар ақша аударымдарын жібере отырып және еңбек дағдылары мен білім ала отырып, қабылдаушы елдердің ғана емес, шыққан елдерінің де экономикалық өсуі мен дамуына үлес қосады. Денсаулық сақтау, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және тамақ өнеркәсібі сияқты көптеген қызмет түрлері шетелдік жұмыс күшіне байланысты. Бұл секторларда «үйден жұмыс істеу» мүмкін емес болғандықтан, жұмысшылардың коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары.
Әдебиетке шолу
Көптеген елдерде мигранттар, әсіресе заңсыз жағдайда немесе қысқа мерзімді визада болған кезде, азамат ретінде медициналық көмекке бірдей қол жетімді емес және COVID–19 емделмеуі мүмкін (Collins, F.L., 2020). Тіпті олардың тиісті қызметтерге құқығы болған жағдайда да, тілдік кедергілер, қабылдаушы елдің мәнмәтінін шектеулі түрде білуі немесе азаматтардың басымдылығы медициналық қызмет көрсетуге жеткіліксіз қол жеткізуге алып келуі мүмкін.
Дамыған елдерге көші–қонның артықшылықтары «мигранттардың» көші–қонының батыстағы еңбек нарығының өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне жауап берді және өнеркәсіп экономикасының өсуіне ықпал етті. Бұл зерттеушілерді арзан және дайын жұмыс күшінің ағымын «кедей елдерден байларға бағытталған дамуға көмек» ретінде ұсынуға итермеледі. Алайда, көші–қонның мигранттар қоныс аударған елдердің дамуына әсері салыстырмалы түрде түсініксіз болып қалады. Соңғы екі онжылдықта мигранттар көшіп келетін елдерде көші–қонның дамуын ынталандыру қабілетіне деген сенімнің бұрын–соңды болмаған өсуі байқалды. Саяси және ғылыми дискурс көші–қонды шешуді қажет ететін мәселе ретінде қарастырудан оны дамушы елдерде қолдануға болатын әлеует ретінде қарастыруға көшті (Collyer,M., 2013).
Бүгінгі көші–қон бірқатар экономикалық, саяси және әлеуметтік факторларға негізделген. Мигранттар жанжалға, адам құқықтарының кеңінен бұзылуына немесе өмірге немесе қауіпсіздікке қауіп төндіретін басқа себептерге байланысты өз елінен кете алады. Лайықты жұмыстың болмауы көптеген адамдарды басқа жерде жұмыс іздеуге мәжбүр етеді. Олар сонымен бірге шетелде тұрып жатқан отбасы мүшелеріне қосылу үшін қоныс аударуы мүмкін. Иммиграция ― баратын елге кіру көбінесе көші–қонның тарихи заңдылықтарын, отбасылық байланыстар мен көші–қон желілерін көрсетеді. Жаһандану капиталдың, тауарлардың, қызметтердің және технологиялардың жаһандық айналымын кеңейтетіндіктен, көші–қон елдердегі дағдылар мен жұмыс күшіне деген сұраныстың артуына жауап болып табылады. Бұл факторлар халықтың қартаюымен және табысы жоғары елдердегі жұмыс күшінің азаюымен қатар, халықаралық көші–қонды, оның ішінде жұмыс күші мен дағдылардың ұтқырлығын арттырады (N° 24 Inter-Parliamentary Union, 2015).
Миграция адамдардың бір географиялық орыннан екінші жерге белгілі бір мақсатпен көшуі ретінде анықталады (National Geographic Society, 2005). Адамдарды жақсы өмір іздеу үшін басқа аймақтарға көшіру процесі жаңа ойлау тәсілі емес. Дегенмен, төмен дамыған ауылдық жерлерден жоғары дамыған қалалық жерлерге, сондай–ақ, біліктілігі төмен және төмен жалақы алатын жұмысшылардың немесе жоғары білікті және жоғары жалақы алатын жұмысшылардың өмір сүру сапасын іздейтін еріктілер қозғалысының өсіп келе жатқанын байқауға болады, әсіресе дамушы елдердегі тұрмысы төмен халық арасынан (Ajaero, C. K., Onokala, P. C., 2013). Банс мәліметтері бойынша, әлем халқының жартысына жуығы қалалар мен қалалық жерлерде тұрады және қала халқы жылына бір миллионға жуық болады деп болжанады. Банс бұл мигранттардың көпшілігі елдің басқа аймақтарынан, әсіресе ауылдық жерлерден қоныс аударғанын айтады (M.K. Bahns, 2005). Көптеген дамушы елдерде кездесетін демографиялық құбылыстардың бірі ― бұл қала орталықтарындағы халықтың тез өсуі, көбінесе ауылдан қалаларға көші–қонның таралуына байланысты (R. Agesa, S. Kim, 2001). Ауылдық жерлерден қалаға қоныс аударудың пайда болуы қысым тудыратын көптеген факторларға байланысты. Аджаэро мен Онокалдың айтуынша, мұндай факторларға қала мен ауыл арасындағы байлық пен басқа да мүмкіндіктер арасындағы теңсіздік жатады.
Көші–қонды басқару деп көші–қон ағындарын реттелген және болжамды түрде басқаруға негіз беру үшін халықаралық деңгейде тиісті қатысушылармен келісілген және қабылданған әртүрлі стратегиялар, саясаттар, процестер мен рәсімдер түсіндіріледі. Осылайша, бұл ұғым көші–қонды басқарумен тікелей байланысты, бірақ қолдану аясы тар (Cre´peau, F. and Atak, I., 2016). Көші– қонды басқару даулы ұғым болып табылады (Ansems de Vries, L. and Guild, E., 2019). Casls атап өткендей, саяси ерік–жігер мен көші–қон ағындарын басқарудың болжамды қабілеті шындыққа қайшы келеді, өйткені көші–қон ― бұл қиын құбылыс деп танылады, оны «жеңу» оңай емес. Алайда, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар «жоспарланған және жақсы басқарылатын көші– қон саясатын жүзеге асыру» арқылы «адамдардың жаппай қозғалысын басқарғысы келетінін» анық көрсетті. Сондықтан халықаралық көші–қонды басқарудағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың рөліне ерекше назар аударылады. Академиялық әдебиеттерде жеке делдалдар мен үкіметтік емес ұйымдар сияқты басқа да мүдделі тараптардың халықаралық көші–қонды басқаруға қосқан үлесі көрсетілген (S. Castles, 2004).
Ерікті де, мәжбүрлі де халықаралық көші-қон ғасырлар бойы адамзат пен демографиялық өзгерістердің тұрақты және айқын сипаты болды (Boghean, Carmen, 2016). Әлем адамзат
251
тарихындағы адамдардың ең үлкен қозғалысын бастан кешуде. Миллиондаған ерлер, әйелдер мен балалар Халықаралық шекараларды басқа елге қоныстандыру үшін кесіп өтті, ал егер мүмкін болса, миллиондаған адамдар қоныс аударады (Esipova, Neli, Pugliese, Anita, Ray, Julie., 2018). Жақында өткен Халықаралық көші–қонның ерекше өзгерістері адамдардың ұтқырлығын жаһандық проблемаға айналдырды, ал кейбіреулер оны ХХІ ғасырдың шешуші мәселесі деп санайды (Betts, Alexander, 2015).
Зерттеу әдісі
Бұл зерттеуде сандық зерттеу құралы ретінде деректерді жинау үшін сауалнама қолданылды. Сауалнамадағы сұрақтар үшін 5 балдық Likert шкаласы, ал мәліметтерді талдау кезінде сипаттамалық статистика қолданылды. Шкала мен қосалқы өлшемдердің сенімділігі мен негізділігі Cronbach's alpha шкаласы, AVE, талдауы арқылы тексерілді. Зерттеу үлгісі. Сауалнама барлығы 198 адамға жіберілді. Сауалнамада әрбір пікір 5 баллдық Likert шкаласы бойынша 1–ден 5-ке дейінгі аралығықтағы балдық жүйе бойынша бағаланды. Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге талдау жүргізілді.
Нәтижелері және талқылау
Халықаралық көші–қон әлемнің барлық ірі өңірлеріндегі әлеуметтік–экономикалық дамуға әсер етті. Оның салдары қоғамдық пікірталастарға, заңнаманы қабылдауға, Үкіметтің араласуына, бірқатар халықаралық келісімдерге және гуманитарлық және адам құқықтары жөніндегі ұйымдардың көптеген жауаптарына әкелді.
Көші–қон өте күрделі және қайшылықты процесс. Қабылдаушы және жіберуші елдерді дамыту үшін бірқатар оң және жағымды нәтижелерге ие бола отырып, ол жағымсыз салдарға әкеледі. Ел халқы көші–қон процестеріне неғұрлым көп тартылса, оның салдары соғұрлым айқын болады. Жалпы Қазақстан Республикасының халықаралық көші–қонының статистика комиетінің мәліметтеріне тоқталсақ. Жалпы 2020–2021 жылдың 5 айының статистикасын қарастырсақ (сурет 1).
2020 жылдың мәліметтері бойынша халық санының эммиграциясының жоғары екенін байқауға болады.
Енді 2021 жылдың мәліметтерін көрейік (сурет 2).
ECONOMY Series. № 1(105)/2022
Енді осы халықтың көші–қон жағдайына пандемия жағдайының қалай әсер еткенін гипотезаны тестілеу арқылы тест жасайық. Зерттеудің жұмыс гипотезасы: пандемия жағдайы халықтың көші– қоны жағдайына әсер етті. Сауалнама сұрақтары арқылы арқылы құрылымдық модель құруға алғашқы мәліметтер жинақталды. Кестеде сауалнама сұрақтары берілген.
Қысқартулар |
Сауалнама сұрақтары |
Y – халықтың көші–қоны жағдайы |
|
Y1 |
Егер сізде басқа елге көшуге мүмкіндігіңіз болса, сіз көшіп кетер ме едіңіз? |
Y2 |
Отбасыздан, туыстарыңыз бен достарыныздан жырақта өмір сүруге дайынсыз ба? |
X – Пандемия жағдайы |
|
X1 |
Кірістің азаюы |
X2 |
Жұмыссыздық |
X3 |
Мемлкеттік қолдау |
Сауалнама сұрақтары арқылы тәуелсіз айнымалылардың индикаторларының қысқартылған нұсқадағы түрі көрсетілген. Құрылымдық теңдеулерді моделдеу (SEM) ― бұл екінші буындағы көп өлшемді мәліметтерді талдау әдісі болып табылады.
Smart PLS 3 бағдарламасына мәліметтерді енгізгеннен кейін корреляция–регрессия моделі үшін факторлардың байланыс тығыздығын корреляция индексі (R) бойынша анықтаймыз. Факторларды таңдап және мәліметтеріне өңдеу немесе түзету енгізілгеннен кейін олардың арасындағы өзара тәуелділік барын анықтаймыз. Экономикалық теория бойынша факторлардың арасында тәуелділік болуы мүмкін, бірақ тәжірибеде зерттелетін нысанға байланысты нәтижелі көрсеткіш басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Төмендегі суретте қарастырылып отырған гипотезаның айнымалылар арасында байланыс тығыздығы көрсетілген (сурет 3).
253
Суреттен көріп отырғанымыздай тәуелсіз және тәуелді айнымалыларының детерминация коэффициенті (R) 0,951 құрады. Яғни, халықтың көші–қоны жағдайына пандемия жағдайы әсер еткенін байқауға болады.
Қорытынды
Жалпы 2014 жылы шет елге көшкендердің саны 12 000 болған және бұл көрсеткіш 2021 жылы 43 000 асқан. Шет ел асқандардың басым көпшілігі орыс ұлты 52 пайызды құраған, екінші орында немістер мен украиндар болған. Айтарлық, бұл ұлттардың көшуіне олардың тарихи отанына қайту себеп болса, қалған 37 пайызын қазақтар құраған. Жалпы зерттеуіміздің мақсаты ― халықтың көші– қонын, қоршаған ортаның әсерін, жұмыс бабымен қоныс аударушылардың және өз бетінше көшіп келушілердің ағынын зерделеу. Бұл күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси өмірінің әртүрлі аспектілерімен, олардың өзгеру тенденцияларының қалыптасуы мен көрінісімен тығыз байланысты, соның ішінде пандемияға жағдайындағы халықтың көші–қонының қоғамдағы өзгерісін көрсету. Президент Қ.-Ж.К. Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысындағы сөзінде «Көші–қон, соның ішінде, ішкі көші–қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді!», – деп мәлімдеген еді. Ол Қазақстанның өңірлері бірқалыпты дамымай отырғанын, бұл саладағы теңгерімсіздік, диспропорциялар әлеуметтік жайсыздық пен миграциялық көңіл күйлердің ушығуына алғышарт тудыратынын атап өтті. Сондықтан, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына көші-қонның әсері ерекше.
Әдебиеттер тізімі
- Agesa R. Rural to urban migration as household decision: Evidence from Kenya. Review of Development Economics, 5 (1) / R. Agesa, S. Kim, — 2001. — P. 60–75.
- Ajaero C.K. The effects of rural-urban migration on rural communities of Southeastern Nigeria. International Journal of Population Research / C.K. Ajaero, P.C. Onokala. — 2013. — Vol. 1–10.
- Ansems de Vrie’s, L. Seeking Refuge in Europe: spaces of Transit and the Violence of Migration Management. Journal of Ethnic and Migration Studies / Ansems de Vrie’s, L. Guild, E. — 2019. — Vol. 45 (12). –– P. 2156–2166.
- Bahns M.K. Rural to urban migration in developing countries: The applicability of the Harris Todaro Model with a special focus on the Chinese economy.Doctoral Dissertation. / M.K. Bahns,— Konstanz, 2005.
- Betts A. Human Migration Will Be a Defining Issue of This Century: How Best to Cope? / A. Betts. — The Guardian, 2015, September 20.
- Boghean C. The Phenomenon of Migration: Opportunities and Challenges. / C. Boghean. — USV Annals of Economics and Public Administration, 16 (special issue), — 2016. — Р. 14–20.
- Castles S. The Factors That Make and Unmake Migration Policies / S. Castles. — International Migration Review, 2004 — Р. 852–884.
- Collins F.L. Caring for 300,000 temporary migrants in New Zealand is a crucial missing link in our coronavirus response / F.L. Collins. — The Conservation, 2020, March 26.
- ECONOMY Series. № 1(105)/2022
- Collyer M. Emigration nations: Policies and ideologies of emigrant engagement / М. Collyer. — Palgrave Macmillan, 2013.
- Cre´peau F. Global Migration Governance. Avoiding Commitments on Human Rights, yet Tracing a Course for Cooperation / F. Cre´peau, I. Atak. — Netherlands Quarterly of Human Rights, 2016 — Р. 113–46.
- Esipova N. More than 750 Million Worldwide Would Migrate if They Could / N. Esipova, A. Pugliese, J. Ray. — Gallup News, 2018, December 10.
- Inter-Parliamentary Union. Migration, human rights and governance Handbook for Parliamentarians N° 24, 2015.
- National Geographic Society. Human migration guide (6–8) / National Geography Xpeditions, 2005.