Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мультикультурализмнің мәдени-әлеуметтік негіздері

    Мақалада «мультикультурализм» түсінігіне анықтама берілген. Авторлардың пікірінше, негізінен бұл әртүрлі этникалық топтардың азаматтардың діни, мәдени, нәсілдік ерекшеліктерін сақтауға және дамытуға арналған мультимәдениеттік философия. Сонымен қатар, мультикультурализм Қазақстан қоғамын ілгері дамытуға ықпал ететіндігі айтылған. Осы тұжырымдаманың постмодерндік парадигмасының теориялық негіздеріне талдау жасалған, сонымен қатар оның анықтамалары мен негізгі сипаттамалары философиялық тұрғыда түсіндірілген.

Кіріспе

Мультикультурализм қоғамда теріс және оң қырлары бар күрделі әлеуметтік құбылыс. Мультикультурализмнің тарихи-мәдени, саяси-әлеуметтік астары тереңде, көпжақты. «Мультикультурализм» құбылысы XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап жаһандану дәуірінің постмодерндік парадигмасына айналды. Жаһандану мен ақпараттық қоғам заманында әр түрлі мәдениеттердің тоғысуы әлемдік сипатта үрдіс алып отыр. Бұл мәселе әртүрлі қырынан көрінбек, біріншіден, мәдени кемелденудің негізі болса, екінші қырынан алсақ, әртүрлі ұлттар мен халықтардың, этностардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы. Жаһандану – мәдениеттің көптүрлілігі, өзге мәдениеттермен ықпалдасу арқылы бүгінгі таңда бұрын-соңды болмаған жаңа мәдени әртүрлікті туғызып отыр. Жаһандану заманында ұлт өмірінің, ұлтаралық қатынастардың мемлекет тұрғысынан барынша өркениеттендірудің басты шарасы ретінде мультикультурализмді жатқызамыз. Кейбір ғалымдар мультикультурализмді елдің өркениетті құлдырауынан құтқаратын құбылыс ретінде сараптайды. Мультикультурализмдегі басты мәселелердің бірі ұлттық мәдениетіміздің жетістіктерін сақтау, қазақ ұлтына тән ұлттық құндылықтарымызды таза қалпында сақтап қалу. Бүгінгі таңда еліміз полиэтникалық мәдениеттегі мемлекетке айналуы, мультикультурализм мәселесін мәдени- философиялық талдауды қажет етеді. Қазақстандағы мультикультурализм мәселесін талдап, полиэтникалық мемлекет құрудың жолдарын саралау үшін философиялық зерттеулер қажет болғандықтан болашақ жастарға дұрыс жол көрсету мақсатында осы мақала жазылды. Мақала мультикультурализм мәселесінің мәндік негіздерін анықтауға арналған.

Зерттеу әдіснамасы

Мақаланың зерттеу әдіснамалық негізі ретінде антропологиялық, теориялық, герменевтикалық зерттеу әдістері қолданылады. Зерттеу барысында сипаттау, баяндау, бақылау, жіктеу, салыстыру, индукция, дедукция әдістері пайдаланылды. Ұлттық қарым-қатынас мәселесіне талдау жасалынып, сыни ойлау әдістері де жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысында философиялық зерттеу әдістері арқылы обьективті зерттеу жүргізіле отырып, сонымен қатар, құрылымдық талдау, салыстырмалы мәтіндік талдау, жүйелеу әдістері қолданылды.

Нәтижелер және оларды талқылау

Мультикультурализм қоғамда мәдени әртүрлілікпен қарым-қатынасты сипаттайтын бағыт. Мультикультурализм қоғамдағы әртүрлі мәдениеттерге әділ қарым-қатынас жасаумен айналысатын әдіс. Ғылыми болжамдарға сүйенетін болсақ әртүрлі мәдениеттердің үйлесімді өмір сүруі қоғамда әлеуметтік-саяси тәртіпке қауіп төнбейтіндігін саралайды. Ол қоғамдық ортада екі негізгі теорияда

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: rahimzhanova.82@mail.ru анықталған «балқу» және «салт ыдысы» теориясы бағытында анықталған. Балқу теориясына тоқталсақ, әртүлі иммигранттар өзінің төл мәдениетінен бас тартып, өз өмір сүріп жатқан ұлттың мәдениетімен бірігіп кетеді. Оған Канада, АҚШ елдерін жатқызуға болады. Салт ыдысы теориясында адамдар өмір сүріп жатқан ортасында өзінің дәстүрлі мәдениетінің кейбір ерекшеліктерін сақтап, біртекті емес қоғамды сипаттайтын бағытын қарастырамыз. Олардың түсінігі бойынша белгілі бір ұлт мүшесі болу үшін, ұлттық мәдени мұрадан бас тартудың қажеті жоқ деп таныған. Америка Құрама Штаттары, «Кішкентай Үндістан», «Кішкентай Одесса» және «Чинатаун» сияқты этникалық қауымдастықты осы салт ыдысы теориясына жатқыза аламыз. Мультикультурализм ол қоғамдағы әртүрлі нәсілдердің, этникалық топтардың бір қоғамдастықта бірігіп өмір сүретін адамдар тобынан жиналған ұлт өкілдері. Сонымен қатар, мультикультурализм әртүрлі мәдениетті жетілдірудің кілті ретінде танылмақ, мәдени әртүрліліктен қоғамда ойлаудың жаңа тәсілдері қалыптаспақ. Бүгінгі таңда Қазақ еліндегі мультикультурализм мәселесіне тоқталсақ, ол көне заманнан бастау алған. Қазақ жерінің геожағдайын оңайластырған «Жібек жолы» Еуропа мен Азия арасын жалғастырған дәліз жолы болғандықтан біздің елімізде көптүрлі мәдениет формалары сақталуы заңды құбылыс. Бүгінгі заманда елімізде мультикультурализмнің болуы тарихи сабақтастықтың бір көрінісі ретінде танылмақ. Әрбір халықтың мәдени құндылықтарын құрмет тұту бүгінгі таңда ел саясатында бастапқы орында және бұл құбылыс қоғамда құқықтық, демократиялық, зайырлы қоғамды нығайтудың басты жолдарының бірі ретінде болмақ. Сондықтан мультикультурализм мәселесі қазіргі кездегі заманауи Қазақстан қоғамын дамытушы фактор ретінде танылмақ.

«Мультикультурализм» термині ең алғашқыда 1957 жылы төрт тілде сөйлейтін және әртүрлі дінге сенетін Швейцария мемлекетінің саясатын сипаттау үшін қолданылды, кейіннен бұл ұғым өзінің аясын кеңейте түсті [1: 49–51]. Мультикультурализм терминінің авторы ретінде негізінен Г. Маркузе, И. Берлин, Х. Гайсселерді атап айтуымыз керек. Мультикультурализм мәселесін талдаудың мәдениеттанулық теориясын жасаған ойшылдар Н.С. Злобин, М.С. Каган, В.М. Межуев сияқты ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады.

Мультикультурализмнің семотикалық тұжырымдамаларын Ю.М. Лотман мәдениет теориясы тұрғысынан жан–жақты ашып қарастырған. Ал, мультикультурализм мәселесін әлеуметтану қырынан Б. Малиновский, Т. Персонс, П. Бергер, С. Хантингтон, Э. Гидденс өз пікірлерін білдірген. Олар мультикультурализмді қоғамдағы әртүрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімен бейбіт өмір сүру құбылысы ретінде таныды. Мультикультурализмнің посмодерндік теориясына Ж. Делез, Ф. Гваттраи, Ж. Бодийяр, С. Жижек секілді ойшылдардың туындыларын жатқызуға болады. Ойшылдар өз дүниетанымдарында мультикультурализм ұғымын толеранттылықтың аспектілерінің бірі ретінде зерделеді. С.И. Некрасов, В.В. Платошина қоғамда мультикультуралистік жіктелу мәселелерін өз дүниетанымдарында қарастырды. Н. Глейзер болса мультикультурализмнің қосымша, трансформациялық және афроцентризм сияқты формаларын ұсынды [2: 106–110]. Қоғамдағы мультикультурализмді әртүрлі ұлт өкілдеріне әділ қатынас жасаумен айналысатын тәсілдер жиынтығы ретінде талдаған. А.И. Куропятник мультикультурализмді түсінудің үш түрін: демографиялық, идеологиялық және саяси түрлерін атап көрсетеді [3: 124–125]. Ол мультикультурализмді мәдени әртүрлілікпен айналысатын әдіс ретінде анықтады. Ал В.С. Малахов, Г.Д. Дмитриев ұлтшылдық, нәсілшілдік, этноцентризм сияқты сезімдерді жою мақсатында құрылған құрылым ретінде «мультикультурализм» ұғымын саралады [4: 124–125]. Ғалымдар мультикультурализм терминінің қалыптасуын мәдениеттердің өзара ықпалдасуы, жаһандану ұғымымен тығыз байланысты деп есептейді.

Жаһандану, әлемдік ауқымдану, глобализация, ғаламдану (ағылш. Global – әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа, жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі [5: 12]. Әлемде бүгінгі таңда рухани, мәдени құндылықтардың шұғыл алмасуы көз ілеспейтін жылдамдықпен жүріп жатыр. Ғылыми прогрестің жетістігі жаһандану болып табылса, ешбір этнос жаһандық үрдістерден оқшау қала алмады.

Француз философы Жак Деррида «Жаһандануды бүгінгі әлемнің қайтаруға келмейтін заңды процесі. Сондықтан да оны, асқан байыптылықпен терең зерделей отырып, оңды және теріс қырларын ашып алған жөн. Оңды жағы, жаһандану — әлем халықтарының мәдениетін, экономикасын, саяси және ақпараттық жүйелерін барынша жақындата, кіріктіре түсетін қасиеті бар құбылыстар қатарына жатады. Сөйтіп, жаһандану елімізге жер бетіндегі интеграциялық үрдістердің нәтижелерін, әлемдік дамудың игіліктерін алып келсе, ал екінші жағынан, ол ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық мәдениетті барынша бедерсіздендіруге итермелейді және саяси, әлеуметтік тәуелсіздіктің

қағидаттарына барынша немқұрайдылықпен қарайды. Кейбір әлсіздеу мәдениет пен өркениеттерді жұтып қоюға дайын тұратын қасиетімен, этностық келбетімізді жойып жіберуге бейімдігімен қауіпті» [6: 5]. Жаһандану процестерімен ілесе келген өзімшілдік, безбүйректік, менмендік

оқшаулануға деген бейімділік көптеген ұлттың рухани құндылықтарын бедерсіздендіру үстінде. Жалпы ұлттардың мәдениеттерінің, экономикалық интеграциясы үдерісінің дамуы мультимәдени орта қалыптастыруда. Қоғамда түрлі жаңарулар орын алуда. Себебі, жаһандану үдерісі түрлі мультимәдени тоғыстарды қалайды. Мәдениеттер тоғысуынсыз жаһандану жүзеге аспайды, сондықтан қазіргі қоғамда мультикультурализм процесінің алатын орыны айрықша. Мультикультурализм процесінде қоғамда әр ұлт, этноқауымдастық мәдениеттер өзара пәрмендеседі. Бірақ мультикультурализ процесін жүзеге асыруда әр ұлт өз «менін» сақтап қалуға тырысуы заңды құбылыс. Онсыз ұлттың келбеті жоғалып кетуі де ғажап емес.

«Ұлттық өзіндік ерекшелік басқа ұлттармен салыстырғанда ғана түсінікті болады, оны басқаша айқындау мүмкін емес. Ұлтаралық қарым–қатынас болмаса, ұлттық өзіндік ерекшелік өз мәнін жоғалтады. Өзінің ұлтынан айрылған жеке адам ұзақ уақыт бойы өзінің ұлттық қасиетін сақтап қалады. Егер ол сіңісіп кететін болса, бұл процесс кемінде бір ұрпаққа жалғасады» [7: 8].

Мультикультурализм жаһандану қоғамында айрықша орын алмақ, ол қазіргі қоғам үшін маңызды процестердің бірі ретінде танылмақ. Себебі, кез келген жеке адам, этникалық қауымдастықтардан, әлеуметтік құбылыстардан, мәдени құндылықтардан оқшау өмір сүре алмайды, олар субъектімен қарым-қатынас жасауға, өзара байланыста болуға ұмтылады. М. Бахтин адамзат өміріндегі қарым- қатынас мәселесі туралы былай байыптаған болатын: «Адамның өзіндік болмысы (ішкі және сыртқы) түгелдей дерлік қарым–қатынастан тұрады. Болу дегеніміз — қатынаста болу дегенді түсіндіреді» [8: 312]. Ғалымдардың сараптаулары бойынша мультикультурализм терминінің негізінде ұлт мәселесі жатыр, сол ұлтқа тән ерекшеліктерді жоғалтпай, қарым-қатынастарды сақтап, толерантты өмір сүру кезеңінде бұл әдіс айрықша қызмет көрсетпек.

«Ұлт дегеніміз ортақ тілі бар, мәдениет пен психиканың салыстырмалы орнықты кейбір жалпы белгілері бар, өзінің аты арқылы (этноним) айқындалатын, жалпы өзіндік санасы бар белгілі бір мекендерде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы» [9: 22]. Белгілі бір ұлт өкілдерімен басқа ұлт өкілдерінің мәдениетінің тоғысуында айрықша орын алатын құбылыстардың бірі мультикультурализм. Ол әр ұлт өкілдерінің мәдениетін байыта кетпек қасиеті де бар, себебі мультикультурализм басқа ұлттың құқықтарын құрметтеуде айрықша қызмет көрсетпек. Сондықтан, мультикультурализм ұғымы қоғамда этникалық топтар арасында қақтығыстың болуына кедергі көрсетпек. Мультикультурализм ұлт пен мемлекет шеңберінде түрлі мәдениеттерді тасымалдауда үйлесімді қызмет атқармақ.

Мультикультурализм әдісіндегі басты мәселелердің бірі сан алуан мәдениеттердің өзіндік ерекшелігін сақтау және алуан түрлі дамудың үрдістері. Мультикультурализмнің негізінде бостандық, теңдік, бауырластық секілді философиялық құндылықтар бар. Бүгінгі таңда мультикультурализм мәселесі қоғамда діни, саяси, әлеуметтік, мәдени қақтығыстарды шешуде маңызы айрықша. Батыс Еуропа, Солтүстік Америка жерлерінде мультикультурализм жақсы дамыған. Демократияның жақсы дамуы мультикультурализмнің таралуына ықпал етті. Канада мемлекеті мультикультурализмді саясат негізі деп таниды, себебі мультикультуралық әдіс қоғамда шиеленістердің болуын бәсеңдетті. Мультикультурализм әдісі қоғамда алғаш қалыптаса бастаған кезеңдерде түрлі сынға ұшырай бастады. Мысалы, АҚШ–тағы егіздер мұнарасының жарылуы, Мадриттегі және Лондондағы террористік шабуылдар саяси қақтығысқа ұласты. Еуропада бұрыннан келе жатқан күрделі жағдайлар бар. Испаниядағы баскілер, Солтүстік Ирландиядағы діни жанжалдар, Бельгия еліндегі шиеленістер мәселелерін көрсетуге болады. У. Кимлика өз дүниетанымында: «...адам өз мәдениетін сақтаудың екі себебін ашып көрсетеді: біріншісі жекелік, екіншісі автаномия. Біріншіде, әрбір мәдениетке тән икемділік, дәстүр, мінез–құлық бар. Екіншіде, әрбір ұлттың өзін–өзі бағалауда мәдениеттің алатын орыны айрықша», – деп өз көзқарасын білдіреді [10: 166]. Мысалы, америкалық мультикультурализм мәселесін алатын болсақ, философиядан бастап қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды. Мультикультурализ сондықтан қоғамдық өмірге өз әсерін тигізді, түрлі этникалық ұлт өкілдері бір ұлттың іргесінде өмір сүрді. Сондықтан бүгінгі таңда Америка елі кез келген ұлт өкілінің бақытқа жетуіне айрықша әсер ететін гүлдену қоғамы ретінде танылып, әлемнің сан алуан елінен келген мигранттардың өзін қызықтыруда.

Қоғамда мультикультурализм құбылысын таза американдық әдіс ретінде танитын ойшылдар жетерліктей. Кейіннен, бұл құбылыс Австралия, Колумбия, Парагвай, Оңтүстік Африкада кеңінен тарап, қоғамдық өмірдегі маңызды әдістердің біріне айналды. Мультикультурализм терминінің астарында толеранттылық, бірегейлік, жаһандандыру, гендерлік саясат, саяси консенсус, тәжірибе алмасу секілді құндылықтар бар. Қазір әлемде 3000-ға мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүруде. Олардың 200-ден астамы бірнеше мемлекетке біріккен. Әлем бойынша көптеген мемлекеттер бірыңғай ұлтты емес, көп ұлтты мемлекет. Ұлттардың бір-бірімен қатынас жасау барысында, бір ортада өмір сүруінің салдарынан олардың мәдениеті өзара бір-бірімен кірігуде. Көп ұлтты мемлекеттерде қоғамдық ортада ұлтаралық шиеленістердің күшеюі немесе қақтығыстар, жанжалдар ол сол қоғамда өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерін алалаудан болатындығы айдан анық құбылыс. Тарихқа жүгінсек ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар, шиеленістер жер бетінен көптеген мемлекеттердің жойылып кетуіне себеп болды. Қазақ халқының бүгінгі таңда тәуелсіз ел атанып, ұлт ретіндегі бірегейліктің жойылмауында мультикультуризм құбылысының орыны айрықша. Қазақ халқының өмір сүру болмысында халықтар достығының адамзат өмірі үшін алатын орыны айрықша. Соның салдарынан қазақ елі бүгінгі таңда бірлігімен достығы жарасқан бейбіт ел атануда. 1943–1944 жылдары мыңдаған қалмақтар, қырым татарлары, қарашай-балқарлар, чешендер, ингуштар саяси жүйенің әсерінен біздің елге жер аударылды. Соғыс кезінде қазақ жеріне 2,5 миллиондай басқа ұлт өкілдері қоныс аударды. 1992 жылы қазақ халқының Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның 350–ге жуық мүшесі бар. Ассамблеядағы негізгі мәселелердің бірі ұлтаралық қатынастарды қадағалау, ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту, Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдерінің арасында достық қарым-қатынастың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясатты жүргізу ісімен айналысады. Қазақстан елінде түрлі ұлт өкілдерінің өз мәдени орталықтары бар. Ол орталықтардың негізгі міндеті өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, тарихын, салт-дәстүрін кейінгі жастарға үйрету, ұлттар мен ұлыстардың бірлігін күшейту. 2021 жылы елімізде өткен халық санағы бойынша, жалпы Қазақстандағы халықтың саны 19 милллион адамды құрайтынтындығы анықталған.

Мультикультурализмнің мәдени-әлеуметтік негізінде мынандай философиялық мәселелер бар: басқа ұлт өкілдерінің құқықтарының парасатты үйлесім табуы, ұлттар арасында ұлтаралық келісім, ізгілік, татулық, ынтымақтастық мәселелерінің жоғалмауы, жалпы адамзаттық құндылықтардың үйлесімділігін сақтай отырып, қоғамда тұрақтылық пен тұтастықты жоғалтпау, қоғамда өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың ұлттық ерекшеліктерімен мүдделерінің қорғалуы, ұлттардың әлеуметтік-экономикалық және рухани даму теңдігінің тең болуы. Ұлтаралық бірегейліктің сақталуы барысында Қазақстанда 140 этника мен 46 конфессия бейбітшілікпен өзара келісімділікте өмір сүруде. Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында шетелден инвестиция құйылып, өңірлерде өндіріс іске қосыла бастады. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында шетелдік компаниялар инвестиция құюда, сырттан көшіп келушілердің саны артты. Қазақ дүниетанымында нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне байланысты бөлінбеу тарихтан қалған әлеуметтік тәжірибе ретінде танылмақ. Бабалар өмірімен тәжірибе алмассақ, бірлігі жарасқан елдің ғана болашағы берік болмақ. Қазақ елі үшін мультикультурализм мәселесі бүгінгі күннің ғана негізінен келіп туған мәселе емес, өткен, қазіргі, болашақ өмірдің таңдаулы жобаларының бірі болып табылмақ. Ұлт мәселесін зерттеуші ғалымдардың көзқарастарына, ой-пікірлеріне тоқталсақ: «қалыптасқан әлемдегі қақтығыстар негізі қайнары идеология мен экономика емес, адамзатты айтарлықтай шекараға бөліп тастаған және қақтығыстарда басымдылыққа ие мәдениетте болады. Ұлт — мемлекеттің халықаралық қатынастарында басты әрекет етуші субъект ретінде қала береді, бірақ жаһандық қақтығыстардың маңызды деген қақтығыстары түрлі өркениеттердің өкіліне жататын ұлттар мен топтар арасында қыза түсуде. Өркениеттер қақтығысы әлемдік саясаттың жетекші факторына айналады. Өркениеттер қақтығысы әлемдік болашақ майдан алаңдары», – деп тұжырымдаған болатын [11: 166].

Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің дамыған елдер қатарына қосылуды басты мақсат ретінде қойып, жаһандану дәуірінде өркениеттік қақтығыстың алдын алудың басты бағыттарының бірі ұлттар арасындағы бірегейлікті сақтау талабын күшейту. Мультикультурализм мәселесінің адамзат өмірі үшін философиялық мәні тереңде және қоғамда бірегейлікті сақтау негізі. Мультикультурализм әдісінде қоғамда кез келген ұлт өзінің ұлттық мәдениетін сақтау ең басты мәселелердің біріне айналған. Кез келген ұлт үшін ұлттық мәдениет адамзат қоғамында айрықша орын алатын білімдер жүйесі. Оған адамзат өмірі үшін маңызды саяси, философиялық, экономикалық, діни, әлеуметтік, тарихи, эстетикалық, этикалық, мәдени құндылықтардың барлығын жатқызамыз. Бұқаралық мәдениеттің қарқынды даму салдарынан бүгінгі жаһандану қоғамында ұлттық құндылықтар мен мәдениеттер үлкен өзгеріске ұшырауда. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы — Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтауды міндеттейді: «Жаңа тұрпаттағы жаңғырудың ең басты шарты — сол ұлттың кодын сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналу оп–оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, ала бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық–рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдыреттерімен маңызды. Бұл — тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт–дәстүрлерін алдағы өркендеулердің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қараймын» [12: 2]. Елбасымыз осынау сөздер арқылы ұлтымыздың рухын көтеруге деген ниеттің сара жолын көрсетіп отыр, ұлтымызға рухани жол көрсететін озық ойлы мәлімдеме ретінде тануға да болады.

Кез келген ұлтты ұлт етіп көрсетіп отырған ол — ұлттың рухани коды. Қазақ халқының рухани кодына ұлтымызға тән тіл, дін, мәдениет, дәстүр, тарихымызды жатқызамыз. Ұлттық кодын мойындамау, сол ұлтты мүлдем мойындамауға ғана алып келмейді, ұлтты мәңгүрттендіріп, тіпті тұлғалық бейнесінен айырмақ. Бүгінгі таңда қоғам өмірінде көптүрлі мәдениеттілік адам санасының тұйықталуына, адамның адамдық түпкі негізден, яғни өз–өзінен, өзінің ұлттық тегінен жатсынуға әкеп тіреуде. Осының нәтижесінде, бүгінгі күні қоғамда адам арасында өз ұлтына тән атадан балаға мирас болып қалған ұлттық құндылықтарына өгейсіну құбылыстарыда көрініс беруде. Ал біз төл мәдениетімізді сақтау арқылы ұлттық келбетімізді сақтаймыз. Өркениетті дамыған елдерге көз жүгірте қарасақ, технологиялық дамумен қатар ұлттық руханиятымыз да дамып келе жатыр. Жапония елі технологиялық дамумен қатар, ұлттық сананың жоғарлауына айрықша мән беруде. Бүгінгі таңда әлем елдері осы саясаттың тиімділігіне көз жеткізе білді. Ресейлік ғалымдардың зерттеулеріне тоқталсақ, полиэтникалық мемлекеттерде тек бір ұлтты ғана ұлт ретінде мойындау, қоғамды тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін деген тұжырымдар айтады. Қазіргі таңда ұлттың басқа ұлт өкілдерімен қатынасын мынандай үш бағытта өрбіткен абзал.

Біріншіден, ұлттық мәдениетімізді қайта түлетіп, нығайта білу керек. Олай болмаған жағдайда тұтынушының психологиялық талаптарын орындайтын нигилистіктен прагматистік мәдениет басады.

Екіншіден, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Әрбір қазақ азаматын отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Үшіншіден, еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірегейлігімен төлтумалығы мойындалып, жалпы адамзатқа ортақ рухани байлықты дамыта түсу шарт. Көпэтникалық қоғамда толеранттылық мәселесі қоғамдағы көптеген этникалық мәселелерді орнықты шешпек. Қазіргі таңда қоғамымызда ұлтаралық кикілжіңдер жоқ, Қазақстан көп ұлтты мемлекет болсада унитарлы мемлекет. Өткенді бүгінгі күнмен, бүгінгіні болашақпен сабақтастыратын ол ұлттық мәдениет. Кез келген ұлт үшін мәдениеттің адамзат дамуында алатын орыны айрықша және ұлттың рухани дамуына негіз болатын құндылық. Мәдениет бүгінгі таңда қоғамды біріктіруші, топтастырушы, ықпалдастырушы күшке айналса, қоғам да ұлтаралық қатынаста рухани негіз қаланып, әлеуметтік иммунитет қалыптаспақ. Бір жыныстық неке мәселесі бойынша мультикультурализм арақатынасында күрделі мәселелер туындап отыр, қоғамдық ортада бұл мәселеге әртүрлі баға беріліп келеді. Ұлыбритания елінде бір жынысты некені тіркеуден бас тартқан неке тіркеуші қызметін сотқа берді. Қазіргі таңда әлем елдері бойынша құндылықтар төңкерісі болып жатыр. Жер бетінде бірнеше ұлттар жойылып кетуде және кейбір ұлттар жойылуының алдында тұр. Сондықтан мультикультурализм мәселесіне келгенде қоғамда қазақ халқының қонақжайлылық пен ізгілік қасиетін өзге ұлттар өз мүддесіне пайдаланбауы тиіс. Мультикультурализм жағдайында қазақ халқының ұлттық құндылықтары басымдылыққа ие болып отыруы шарт. Сонда мультикультурализм мәселесін бірегейлендіруде қайшылыққа келмейміз.

Қазіргі ұлттық құндылықтарымыз дамыту мен мультикультурализмді дамыту қатар жүретін және бірін-бірі байытатын үрдіс ретінде құрылуы тиіс. Өйткені полиэтикалық қоғам өзіндік мәдениетті тану, өте қиын болып табылатын қоғам. Басқа ұлттармен ұлттық бірегейлік орнату, ең бірінші әрбір ұлттың өзіндік ұлттық болмысын сақтаудан бастау алмақ. Ұлттық құндылықтардан айырылу ұлт үшін өте қауіпті құбылыс. Жаһандану жағдайындағы мультикультурализм мәселесі дегенде ол ұлтты ұлт етіп отырған құндылықтарды төмендету емес, керісінше, ұлттық құндылықтарды бағалай отырып, өзге ұлт өкілдерінің төл құндылықтарына да құрметпен қарау. Ұлтаралық қатынас біздің елімізде кенеттен, кездейсоқ орнықпаған құбылыс, ол ерекше этноәлеуметтік феномен ретінде тарихи, мәдени және рухани қайнар бастаулармен байланысты. Сондықтан, мультикультурализм қоғамдағы көп жақты құбылыстардың бірі — ол қоғамның барлық салаларын қамтиды. Р.Б. Әбсаттаров өзінің «Ұлттық қатынастардың дамуы» атты еңбегінде социализм дәуіріндегі ұлттар арасындағы қатынастарда мәдени сұхбаттың маңызы жоғары болғанын атап өтеді. Ол ақын–жазушылардың үздік шығармаларының бір тілден екінші тілге аударылуы, олардың насихатталуы сол тарихи кезеңдегі халықтар ынтымақтастығын нығайтқан маңызды рухани үрдіс болғандығын және соның арқасында қоғамда ұлыстар арасында, қарапайым ұлт өкілдері арасында мәдени сұхбат орныққанын пайымдайды [7: 85]. Мультикультурализм қоғамның мәдени салаларынан бастап рухани салаларының барлығында айрықша орын алатын құбылыс. Елімізде тарихи тұрғыдан өзін дәйектеген бір ғана ұлт — қазақ ұлты бар. Ал қалғандары этникалық топтар болып табылады, басқаша тілмен айтқанда этникалық диаспоралар.

«Қазақстандағы мультимәдени қоғамның ұйытқысы не болады?» деген философиялық және саясаттанулық дүниетанымдық сауалға «... ең алдымен мемлекет құрушы этнос — қазақтың мәдениеті, ділі, мәдениеті мен тілі дегенге келеміз. Қазақ халқының қанында бар басқа ұлтқа — адамзат баласына деген жанашырлық, толеранттық қатынас. Міне, бұл да Қазақстандағы мультимәдени қоғамның бір ерекшелігі» деген сараптауға қосылуға болады [7: 4]. Адамзат жер бетінде тіршілік ету барысында, бір-бірін құрметтеу, сыйлау және бір-біріне жанашыр болуға тиіс. Қоғамда ұлтқа бөлініп, жіктелулердің ұлттарды бір-біріне жау етіп тіресуі, адамзатқа үлкен қасіреттер әкелетіндігі тарихтан бәрімізге белгілі. Ұлтаралық қатынастарда адамзат игілігі үшін, толеранттылық таныту қажет.

Қорытынды

Жаһандану қоғамында мультикультурализм әлеуметтік үрдіс, одан шет қалу мүмкін емес. Кейбір мемлекеттерде бұл саяси қалыптасқан үрдіс болса, көптеген елдерде енді қалыптасып келе жатқан құбылыс. Мультикультурализмнің мәдени-әлеуметтік негіздеріне тоқталу арқылы, оның алғышарттары ретінде ұлтаралық ынтымақтастық, мәдени плюрализм, еркіндік қағидасы, сөз бостандығы, жеке құқықты құрметтеу, мәдени және діни толеранттылық сияқты ұстанымдарды жатқызамыз.

Мультикультурализм саналуандықтан құралған қоғамды білдіреді, түрлі мәдениеттер өзара кірігіп, тату өмір сүруі. Қазақстанда мультикультурализм мәдени–тарихи, әлеуметтік–саяси негізі бар құбылыс. Мультикультурализмнің басты мәселелерінің бірі ұлттық мәдениеттің прогрессивті жетістіктерін сақтау. Сондықтан, бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы үшін мултикультуралық қатынаста ұлтымызға тән құндылықтарды сақтау басты орында болу шарт, ол мультикультурализм құбылысына қайшы емес, керісінше үндестікте. Мультикультурализм құбылысы қазіргі таңда Қазақстан қоғамын дамытушы факторлардың бірі ретінде танылмақ.

Әдебиеттер тізімі

  1. Козлик И.В. Мультикультурализм и методологические проблемы литературоведения / И.В. Козлик // Вестн. Том. гос. ун-та. Сер. Филология. — 2009. — № 2 (6). — С. 41–58.
  2. Глейзер Н. Мультиэтнические общества: проблемы демографического, религизного и культурного разнообразия / Н. Глейзер // Этнографическое обозрение. — 1998. — № 6. — С. 106, 107.
  3. Куропятник А.И. Мультикультурализм: проблемы социальной стабильности полиэтнических обществ /А.И. Куропятник. — СПб.: СПб. гос. ун-т, 2000. — 320 с.
  4. Дмитриев Г.Д. Многокультурное образование / Г.Д. Дмитриев. — М.: Прогресс, 1999. — 208 с.
  5. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. — 720 б.
  6. Нысанбаев Ә. Тәуелсіздік философиясы / Ә. Нысанбаев // Адам әлемі. — 2006. — № 83. — Б. 9–16.
  7. Шалабаева Г.К. Евразийство сквозь призму изобразительного искусства Казахстана / Г.К. Шалабаева. — Алматы, 2010. — 251 с.
  8. Бахтин М. Эстетика словесного творчества / М. Бахтин. — М.: Мысль, 1980. — 356 с.
  9. Борисов В.А. Население мира. Демографический справочник / В.А. Борисов. — М.: Мысль, 1989. — 477 с.
  10. Гуссель Э. Кризис европейского человечества и философия / Э. Гуссель. — М.: Наука, 1995. — 430 с.
  11. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций / С. Хантингтон. Пер. Е.Д. Руткевич. — М.: Медиум, 1995. — 323 с.
  12. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. — 2017. — № 70 (29051).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.