Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шекараны зерттеудің теориялық тәсілдемелері

Бүгінгі күні шекарамен байланысты мәселелер көптеген адамдар үшін маңызы зор болса да қазіргі зерттеулерде шекара мен шекара үдерістерінің мәнін талдаудың теориялық аспектісіне басымдық беріледі де шекаралық мәселелердің шешу жолдарын қарастырмайды. Шекараларды зерттеудің бастапқы кезеңінде тәжірибеге бағытталған тәсілдемелер басым болғанын атап өткен жөн, сол кездегі зерттеулерде шекараларды делимитациялау, шекара қақтығыстарын реттеу және т.б. мәселелерді зерттеуге баса назар аударылды. Мақалада картографиялық, классификациялық, функционалдық, саяси–географиялық сияқты дәстүрлі тәсілдемелер мен негізінен 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында пайда болған постмодернистік тәсілдемелер қарастырылған. Автор дәстүрлі тәсілдемелер мына сұрақтарға жауап бере алмады деп есептейді: неліктен ұзақ уақыт бойы бейбіт шекара маңы аймағы болып тұратын зоналар санаулы күннің ішінде қиян—кескі қақтығысқа айналып кетеді, не себепті мемлекеттік шекараға қатысты мәселелерге үкімет пен қоғам ерекше көңіл бөледі? Осы сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда көрсетілген постмодернистік тәсілдемелер қажет болды. Аталған тәсілдемелер өкілдері де лимологияның барлық қарама-қайшылықтарының шешімін таба алмады, алайда мақала авторы дәстүрлі және постмодернистік тәсілдемелер делимитация, шекара маңы ынтымақтастығының тиімділігін арттыру, шекараны бақылау мен қауіпсіздігін нығайтудың тиімді жолдарын қарастыру, шекаралық қақтығыстарды реттеу, шекарадан өтетін адамдардың мүдделері мен құқықтарының бұзылмауы сияқты мәселелерді шешуде потенциалдары бар деген қорытындыға келеді.

Кіріспе

Шекара қоғамның саяси — территориалды ұйымдасуының іргелі негізімен байланысқан күрделі қоғамдық құбылысты білдіреді. Шекара қоғамның әртүрлі саласында әрқалай түсіндіріледі. Мемлекеттік шекара теориясының негізін географиядан қарау керек. Шекара мәселесін және оны делимитациялау — географияның іргелі мәселелерінің бірі болғандықтан мемлекеттік шекараны бірінші болып географтар зерттей бастады. Адамзат тарихы бұл көбінесе соғыстар тарихы, ал көптеген соғыстардан кейін шекаралар өзгеріп отырды. Билік пен саяси қайраткерлер территориялық наразылықтар мен аннексияларды негіздеуді қажет етті, ал шекараны өзгерту оларды делимитациялау мен демаркациялау үшін қолданбалы зерттеу қажеттігін тудырды.

Теориялық база жаңарып, ғылыми тәсілдемелер қолданылып басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыс нығайғаннан кейін өткен ғасырдың 70-жылдары пайда болған жаңа саяси географияда да шекараға көп көңіл бөліне бастады. ХІХ ғасырдың соңында географтар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, этнологтар, психологтар, антропологтар, заңгерлер, экономистер және тіпті техникалық ғылым мамандары дамыта бастаған лимология немесе шекараны зерттеу тез дамып келе жатқан білімнің пәнаралық облысына айналды. Шекараға қатысты мақалалар, атлас карталары, арнайы мамандандырылған ғылыми журналдар (Journal of Borderlands Studies және Eurasia Border Review) және зерттеу орталықтары пайда болды. Еуропада бірінші болып шекараны Ұлыбританияның Дарем университетіне қарайтын Халықаралық шекараларды зерттейтін орталық (International Boundaries Research Unit) пен Неймеген (Нидерланды) университетінің шекаралық зерттеулер орталығы айналыса бастады. Шекараны зерттейтін ғылыми бөлімдер әсіресе, АҚШ пен Мексиканың ортақ шекарасын зерттейтіндер АҚШ-та да бар [1: 35–36].

Лимология (лат. limes — «шекара») — шекаралардың табиғаты мен қызметін, шекара бойындағы территорияларды (аймақтарды), шекаралық институттарды, шекара бойындағы үдерістерді зерттейтін ғылыми пән. Лимологияның зерттеу кеңістігі қарқынды дамып жатқан пәнаралық саланы қамтиды [2: 6].

Зерттеу әдістері

Зерттеу жұмысында әдіснамалық тәсіл ретінде жүйелеу тәсілі қолданылып, бірнеше ғылыми тәсілдемелер: тарихи–картографиялық, классификациялық, функционалдық және саяси–

географиялық сияқты дәстүрлі тәсілдемелерге және әлемдік жүйе, бірегейлік және шекаралар, жаһандану, интеграция үдерістерінің саяси шекараларға әсері, шекараны қауіпсіздік тұрғысынан зерттеу сияқты постмодернистік тәсілдемелерге талдау жасалды. Бұл шекараны зерттеудегі пәнаралық кешенді зерттеу тәсілін қолдану қажеттілігін дәлелдейді. Мақалада шекараны зерттеудегі негізгі ғылыми тәсілдемелер топтастырылды.

Нәтижелері мен оларды талқылау

Лимология шеңберінде зерттеушілер шекараны зерттейтін тәсілдемелерді шартты түрде дәстүрлі және постмодернистік деп бөледі. Дәстүрлі тәсілдемелерге тарихи–картографиялық, классификациялық, функционалдық және саяси–географиялық тәсілдемелер жатады.

Тарихи–картографиялық тәсілдеменің негізі — тарихилық (историзм) қағидасы. Бұл тәсілдеменің бірнеше артықшылығы бар, біріншіден, шекараны кеңістік және уақытпен қатар зерттейді және шекара сызығының тұрақтылығы мен құрылуына ерекше көңіл бөледі, екіншіден, көрші мемлекеттердің сыртқы саясаты, шекараның қызметі және саяси режимдер арасындағы өзара байланыс талданады. Үшіншіден, шекараның қызметі мен режиміне талдау жасар кезде көрші мемлекеттердің экономикалық, саяси және әскери күштерінің ара қатынасын ескеруге тырысады және мемлекетаралық шекараның әр жағындағы табиғи ресурстар мен бедерлерге, шаруашылықтың мамандандырылуы мен құрылымына, халықтың мәдени айырмашылығы мен этностық құрамына тарихи–географиялық және картографиялық талдау жасайды. Бұл тәсілдеме бойынша күшті мемлекет өзінен әлсіз мемлекетке шекараның қай жерден өтетіндігін көрсетеді немесе мықты мемлекеттің мүддесі бойынша шекара анықталады.

Төртіншіден, тарихи–географиялық тәсілдемені қолдану мемлекетке тиімді шекаралар табиғи шекаралармен, яғни тау жоталары, ірі өзендермен сәйкес келмеу керек деген «табиғи шекаралар» теориясын жоққа шығаруға мүмкіндік берді [3: 302–304].

Мемлекеттік шекараны этностық, лингвистикалық немесе діни шекаралармен қатар алып жүру «табиғи» шекаралар теориясының әртүрлілігі болып табылады. «Табиғи шекаралар» теориясы территориалды экспансияны ақтау үшін қолданылды. Мемлекеттік территорияның нақты бір табиғи шекараға дейін кеңеюі ресми сыртқы саяси доктрина мен ұлттық идеяның бір бөлігі болғандығы туралы мысалдар көп. ХХ ғасырдың басында біріккен Италия мемлекеті солтүстік шекарасын негізгі альпілік су айырығымен жүргізуді мақсат етті. Нәтижесінде көпжылдық қақтығысқа әкеліп, ғасырдың соңында ғана реттелген герман тілді халық территориясы — Оңтүстік Тироль, қазіргі Больцано (Боцен) провинциясы Италия құрамына кірді. Югославия ыдырағаннан кейін Хорватияда Дрина өзені бойымен тарихи шекарасын қалпына келтіру идеясы туындады. Бұл Хорватияға Босния мен Герцеговинаны қосу қажеттілігін білдірді [1: 37–38].

Шекараны зерттеуде классификациялық тәсілдеменің де картографиялық тәсілдеме сияқты ұзақ тарихы бар. Аты айтып тұрғандай бұл тәсілдеме тек топтастырмайды, сонымен қатар шекараның қызметтерін қарастырады. Олардың ішінде ең негізгілері тосқауылдық, байланыс және сүзгіш қызметтері. Тосқауылдық — трансшекаралық қатынасты қиындататын факторлар мен шарттар жиынтығымен анықталынатын шекараның маңызды сипаттамасы. Түйіспе қызметі трансшекаралық қатынасты жақсартатын, өзара тиімді экономикалық, мәдени байланысты дамытатын факторлар мен шарттардың жиынтығын білдіреді. Аталған қызмет ұлттық шекарадан тауар, адам, қаржы, ақпараттардың өтуінде көрінеді. Сүзгіш қызмет аты айтып тұрғандай шекарадан өтетін ағынды реттейді.

Субаймақтық шекаралар туралы айтқанда олардың барлығы анықтамасы бойынша ашық және өткізгіш болып табылатындығын естен шығармау керек. Бұл жерде біртұтас мемлекет туралы айтылып тұр. Сондықтанда субұлттық шекаралардың тосқауылдық және сүзгіш қызметтері сыртқы шекаралармен салыстырғанда әлсіз. Алайда, тосқауылдық және сүзгіш қызметтер этносаяси тұрақсыз аймақтарда (немесе ерекше экономикалық мәртебесі бар аудандарда, мысалы еркін экономикалық зоналарда) көріне алады. Бұл мемлекеттің жоспарлы саясатымен байланысты [4: 16].

Саяси тұрғыдан алғанда шекараның тосқауылдық қызметі мемлекетте тұрақты жағдайды қамтамасыз ететін ұлттық қауіпсіздікпен тығыз байланысты. Шекараның қауіпсіздігін түсіну оның символикалық рөлі мен тарихи дәстүріне байланысты [5: 45].

Жоғарыда қарастырылған қызметтерден бөлек шекараның шағылыстырушы, реттеуші, бөлуші және салыстыру қызметтері де бар. Шағылыстырушы қызмет деп шекарада саяси құрылыс пен мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерінің және мемлекеттің мәдени, әлеуметтік, экономикалық дамуы деңгейінің көрінуін айтамыз. Тоталитарлы режимді мемлекеттерде әдетте ерекше шекаралық зонасы бар айқын тосқауылдық қызметі бар шекаралар бар. Ал демократиялық мемлекеттерде керісінше өткізгіш, түйіспе шекаралар қалыптасқан. Бөлуші қызмет ұлттық, әлеуметтік немесе мәдени топты басқа топтан бөліп, олардың әртүрлілігін сақтайды. Шекараның реттеуші қызметі мемлекеттік территорияда тепе-теңдік, экономикалық режимді қамтамасыз етеді. Салыстыру функциясы шекараның әлемдік экономикалық және саяси бәсекелестік элементін ұстап тұруға мүмкіндік беруінен көрінеді.

Шекараларды топтастыруға келетін болсақ шекараларды тарихи жағдай мен пайда болу бірізділігіне байланысты топтастыру керек. Осы топтастыру шеңберінде соғыстан кейінгі, өтемақылы, таңылмалы, отаршылдық, таласты шекаралар бөлініп шығады. Сонымен қатар, шығуына, тарихына және өмір сүру ұзақтығына байланысты да топтастыруға болады. Соңғы топтастыру халықаралық қатынастар тарихы тұрғысынан ерекше маңызға ие [6: 25].

Аталған топтастыруды пайдаланып қазіргі кездегі еуропалық шекараларды келесі категорияларға өмір сүру ұзақтығы мен тұрақтылық деңгейі бойынша бөлуге болады:

  1. ең тұрақты орта ғасырлар дәуірінде өрлегендер (испан—португал шекарасы, 1297) немесе Вестфаль жүйесі әрекет етіп тұрған кезде құрылған (франко—испан шекарасы, 1659; швед—норвеж шекарасы, 1660; норвеж—фин шекарасы, 1751);
  2. Вена конгресі кезінде белгіленген шекаралар (1815): Швейцарияның, франко—бельгийлік және швед—финдік шекарасы;
  3. Вена жүйесінің қызмет етуі шеңберінде құрылған шекаралар: Нидерланды, Бельгия және Люксембург арасындағы, нидерлан—герман және австро—герман шекаралары, франко— италиялық шекара, грек—серб (қазіргі грек — македон) және грек—албан шекарасы;
  4. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінен кейінгі және бірінші соғыс жылдарынан кейін анықталған шекаралар: Германияның Франциямен, Бельгия және Даниямен шекарасы, Австрияның оңтүстік және батыс шекарасы, Грецияның Болгариямен және Түркиямен шекарасы, ағылшын— ирландық шекара;
  5. Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесі бойынша құрылған шекаралар: герман–поляк шекарасы, италян—югослав (қазіргі кездегі италян—словениялық шекара), кеңес—фин және кеңес—норвеж шекарасы; Польша, Венгрия, Румыния, Чехословакия шекаралары;
  6. қырғи қабақ соғысы аяқталғаннан кейін құрылған шекаралар: КСРО, Югославия және Чехословакия ыдырауы нәтижесінде құрылған шекаралар [6: 25–26].

Саяси—географиялық тәсілдемені 1970–1980 жылдары американдық саясаттанушылар Г. Гёртц пен П. Диль дамытты. Бұл тәсілдеме мемлекеттік шекаралардың халықаралық қақтығыстардағы рөлін және халықаралық қатынастардың дамуына әсерін зерттейді. Сонымен бірге, мемлекет халықаралық әрекеттің маңызды субъектісі ретінде, ал шекара мемлекеттік егемендік пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шекаралық меже ретінде қарастырылады. Либералды көзқарас бойынша мемлекеттік шекараның басты қызметі көрші мемлекеттер арасында байланысты қамтамасыз ету және өзара әрекеттестігіне жағдай жасау. Сол үшін де шекаралық қақтығыстарды тез арада шешу және трансшекаралық инфрақұрылымды дамыту қажеттілігі туындайды [7: 131].

Г. Гёртц пен П. Дильдің пікірінше, қақтығыста аймақтық айырмашылық маңызды рөлге ие. Көп мемлекеттер шоғырланған аймақтарда болашақта қақтығыс болу қаупі жоғары. Қақтығысқа (жанжалға, кикілжіңге) барынша бейім (осал) аумақтар Еуропа мен Таяу Шығыста. Шекаралық таластар мен шекараны орнату таластардың жалғасуына негіз бола алады. Зерттеушілер екі мемлекет территориямен алмасқаннан кейін егерде ол территория мемлекет үшін маңызды қызмет атқарған болса қарулы қақтығысқа әкелу қаупі жоғары деп есептейді. Бұл территорияны қайта алуға талпыныс жасауға итермелейді (мысалы, Египеттің Израильге Синай түбегін қайтарып алу үшін шабуыл жасауы). Осылайша, билік бөлінісі мен заңдылығы қайта қайталанатын қақтығыстың моделін құрады.

Г. Гёртц пен П. Дильдің мәлімдеуінше заңсыз берілген территория мемлекеттің әскери күш қолдануға немесе сес көрсетуге дайындығын ұлғайтады. Ғалымдар территориалды өзгерістерді зерттеген кезде мемлекеттер арасында әскери қақтығысқа әкелуі мүмкін шарттарды анықтады. Территориалды талас бойынша қақтығыстың ықтималдығын зерттеген кезде олар территорияның маңыздылығы, территориялық айырбастың заңдылығы сияқты элементтерден тұратын өлшем моделін қолданды. Бірінші элементте айырбас кезінде оның маңыздылығын анықтау үшін облыстың көлемін және халық санын ескереді. Алмасқанда ұтылған немесе ұтқан тарап үшін территорияның географиялық жақындылығы да маңызға ие. Мемлекет үшін географиялық жағынан жақын аймақ болса алмасқан территорияның маңыздылығы жоғары болады. Сонымен бірге, зерттеушілер территория айырбасқа түспес бұрын ұтылған мемлекеттің территориясы болды ма әлде отар немесе тәуелді территория болды ма деп қарастырады. Территория айырбасының заңдылығын көп жағдайда қамтамасыз ету мүмкін бола бермейді [7: 129]. Шарттың әлеуметтік теориясында адамдар қоғамдастыққа өз еріктерімен енеді. Басқаша жүзеге асатын болса заңға қайшы болады. Осыларды территориалды өзгеріске қолдана отырып, Г. Гёртц пен П. Диль барлығы заңды болуы үшін халық өзінің келісімін плебисцит түрінде көрсетуі керек деп есептейді. Территориалды өзгеріске келісімдерін бергенде жергілікті тұрғындар алдыңғы үкіметтерінен қолдау күтпейді деп күтіледі. Сондықтан да ұлттық немесе саяси факторларға негізделген жаңа талаптар пайда болады. Тұрғындардың территорияны айырбастауға келісімдерін беруі заңдылықтың көрсеткіші болуы мүмкін, алайда, территориялық келісімдер көбінесе алмасатын территория тұрғындарының қалауы бойынша емес мемлекеттер арасында жүзеге асады. Шарттар жиі ресми түрде пайдаға асады.

Ресми келісілген шарттар мемлекетке келісімшарттың шарттарымен келуге дайындығын көрсетеді. Сондықтан да шарт жасасу арқылы жүзеге асқан территориалды өзгеріс заңды және халықаралық құқық нормаларына сәйкес деп бағаланады. Бірақ, көп келісімшарттар жеңілген тараптың еркімен келісіледі. Сонымен бірге, мемлекеттер ұйғарымға сәйкес жерді ұзақ уақыт пайдалану үшін ала алады. Территориалды өзгеріс заңға сәйкес болғандығын анықтаған кезде өзгеріске қарулы қақтығыс әсер еткендігін білу маңызды. Өлшеу моделі кезінде екі жақ тараптың мүмкіндіктері, ресурстары, яғни территориалды талас кезіндегі әскери шығындары арқылы өлшенеді. Г. Гёртц пен П. Диль территорияның мемлекетке маңыздылығы мемлекеттер арасында қақтығыстардың болашақта болу мүмкіндігіне әсер етеді деген қорытындыға келеді. Тараптар территориалды өзгерістен кейін 30 жылдың ішінде қақтығысқа тап болады, ал кейбір мемлекеттер территория айырбастай салысымен әскери күш қолданып территориялық таласқа барып жатады (Израиль, Үндістан, Пәкістан). Территориалды өзгеріс туралы заңды келісімшарттың жоқтығы қақтығыстың болу қаупін жоғарылатады, сол үшін территориямен алмасқан кезде барлығын заң тұрғысынан рәсімдеу қажет. Сонда ғана мемлекеттер арасында территориалды қақтығыстың болу қаупін төмендетуге болады [7: 132–134].

Ғалымдардың зерттеулерін қарастыра келе жыл сайын шекара маңында таластарға тап болатын Қырғызстан және Тәжікстан республикалары ортақ шекараларын анықтау үшін айырбасқа баратын болса, зерттеушілер көрсеткендей 30 жылдан кейін соғысқа немесе қақтығысқа әкелмейтіндей, қолжеткізілген шешім мемлекеттер арасындағы қарым–қатынасқа болашақта әсер етпес үшін зерттеудің барлық нәтижелерін ескерулері керек.

Функционалды тәсілдеме өкілдері үшін шекара маңы өзара әрекеттестігі мен трансшекаралық лекті зерттеудің маңыздылығы зор. Ағылшын ғалымы Дж. Хауз америка–мексикандық шекарасын зерттеп, шекара маңы өзара әрекеттестігінің келесідей сұлбасын ұсынды: жазықтық мемлекетаралық қарым–қатынастар (екі мемлекеттің орталық үкіметтерінің арасындағы қатынас); тік ұлттық қарым– қатынастар (шекара маңы аймақтары және мемлекеттің орталық үкіметі арасындағы өзара әрекеттестік); жазықтық трансшекаралық қарым–қатынастар (шектес жатқан әртүрлі мемлекеттердің шекара маңы территориялары арасындағы байланыс); горизонтальді ұлттық қатынастар (бір мемлекеттің шекара маңы аудандарының байланысы) [1: 309–310].

1980 жылдардың соңынан бастап постмодернистік тәсілдемелер дами бастады. Бұл тәсілдемелер саясаттанушылар, философтар, әлеуметтанушылар және әлеуметтік психологтар ұсынған тұжырымдарға сүйенеді. Зерттеуші В.А. Колосов постмодернистік тәсілдемелерді шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады деп көрсетеді. Солардың ішіндегі ең негізгілеріне тоқталамыз.

Әлемдік жүйе, бірегейлік және шекаралар. 1990 жылдары саяси шекараны зерттеуде әлемдік жүйе мен территориалды бірегейлік теорияларының синтезі әсер етті. Нақты бір шекараның орнын барлық әлемдік шекара жүйесінде әртүрлі кеңістік деңгейде зерттейді. Жаһандық өзара тәуелділіктің өсуі теориясы өкілдері халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне, байланыстың және байланыс құралдарының жетілуі сияқты экономикалық факторларға назарларын аударады. Бұл үдерістер жаһандық желінің құрылуымен түсіндіріледі.

Шаруашылық өмірдің интернализациялануы және адам, ақпарат, тауар, қаржы, энергияның трансшекаралық легінің ұдайы дамуы әрекеттің әртүрлі деңгейінде трансшекаралық субъектілердің әсерінің өсуімен байланысты. Нәтижесінде мемлекеттік шекаралар тосқауыл қызметінің бір бөлігінен айырылады. Мемлекеттің аймақтық және халықаралық ұйымдарға өз қызметінің жартысын беруі ұлттық мемлекеттердің Вестфаль жүйесінің дағдарысы ретінде қарастырылады. Бүгінгі күні еш мемлекет өзінің көрші мемлекеттерінен оқшаулана алмайды. Егерде екі жақты қарым–қатынас нашар болатын болса да, әдетте көрші мемлекеттер транзит, байланысты дамытуға, табиғи ресурстарды және халықаралық өзендер бассейнін бірігіп пайдалануға, қауіпті табиғи және техногенді құбылыстарды ескертіп отыруға мүдделі.

Қазіргі кездегі шекараны зерттеуде территориалды бірегейлік эволюциясы мен пайда болуына жіті назар аударылатын болды. Адамдардың өмірінде шекараның мәнін оның қоғамдық санадағы рөліне, адамның әртүрлі рангтегі территориямен (мемлекет, аймақ, төңірек) өзін-өзі анықтауына талдау жасамай білу мүмкін емес [8].

Бұл тәсілдеменің дамуына фин ғалымы А. Паасидің еңбегі хор. Ұлтшылдық — территориялық идеология мен мемлекеттік құрылыстың негізі деген гипотезаға сүйенеді. А. Пааси «байырғы тұрғын» және оның мәдениеті туралы қоғамдық түсінік, шамаланып отырған немесе шынайы қауіп кезіндегі мемлекеттің қауіпсіздігі, тарихи аңыздар мен стереотиптер, адамдар мен саяси элиталардың белгілі бір шекараға деген көзқарасына әсер ететіндігін көрсетті [9: 614].

Бұл көзқарасқа сәйкес шекараның қызметі мен өтетін жері шекараның екі жағындағы халықтың өз мемлекеттеріне адалдығымен анықталады. Көпұлтты мемлекеттің шекарасын легитимациялау үшін ортақ символ және құндылықтар негізінде қай ұлтқа тиесілігіне қарамастан барлық халықты біріктіретін саяси ұлтты құру қажет. Ережеге сәйкес саяси бірегейлікті мемлекет пен элита құрады. Мемлекет оның басты элементтерінің бірі. Бұдан қарапайым формула шығады: егерде тұрақты саяси бірегейлік болмайтын болса, тұрақты шекара да, тұрақты мемлекетте жоқ. Осылайша, шекара мәселесі мемлекеттің әрекеті мен қызметінің талдауымен тығыз байланысты.

Геосаяси тәсілдемелер: жаһандану және интеграция үдерістерінің саяси шекараларға әсері. Постмодернистік тұжырымдар сыртқы және ішкі саясаттағы, мемлекеттер арасындағы және басқа шекаралардағы олқылықты жоюға көмектесті. Ақиқатында, мемлекеттік шекара мен муниципалитеттің шекарасы қандай да бір әлеуметтік–экономикалық қоғамдастық мүшелері басқаратын кеңістікті белгілеу үшін қолданылады. Б. Андерсонның пікірінше, кез келген саяси– әкімшілік шекара әлеуметтік топты біріктіреді және сол топты көршілерінен бөледі. Жаһандану және интеграция үдерістері әсерімен әртүрлі деңгей мен түрдегі шекаралар арасындағы қызметтер бөлінеді.

Әртүрлі этностар мен басқа да топтардың араласуынан адамдардың бірегейлігі өзгеруде. Адамдардың көпшілігі өз өздерін екі немесе бірнеше этномәдени топтармен байланыстырады. Мәдени, тілдік, діни, әлеуметтік–кәсіби бірегейлік күшеюде. Және де олар нақты бір территориямен байланыспаған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік бірегейлікті әлсіретеді. Себебі, адамдар өздерін «бөтендерден» (мигрант, кедей, басқа діндегі адамдар және т.б.) қатал әкімшілік кедергілермен шектегісі келетіндіктен, нақты бір тұрғылықты жермен (елді мекен, муниципалитет, аудан) өздерін байланыстыруға тырысады.

Сыртқы қауіптен сескену адамдардың кәдуілгі санасында жақтырмайтын немесе қауіпті көршісімен мүлде байланысты үзуге итермелейді. Егерде одан құтылуға, бақылауға немесе басқа жерге көшіріп жіберуге болмайтын болса одан оқшаулануға болады. Бұндай стратегияны бірнеше мемлекеттер ұстанған. Мысалы, Ұлы Қытай қорғанын салған қытайлар, Англиядан Шотландияны бөліп тұрған Адриана қорғаны, Берлин қабырғасы және қазіргі кездегі Израиль үкіметі өзінің азаматтарын палестиндіктерден қорғағысы келіп салған таяушығыстық қабырға [9: 618–619]. Ең өкініштісі шекаралық қабырғалар қақтығысты одан ары ушықтырады. Оқшаулану білместік тудырады, ал көршіні былай тану достасу мен мәселені шешу үшін үлкен кедергі.

Осылайша, саяси, әкімшілік және мәдени шекаралар бірыңғай, біртұтас және иерархиялы ұйымдасқан әлеуметтік жүйені құрайды.

Геосаяси тәсілдемелер: шекараны қауіпсіздік тұрғысынан зерттеу. Адамдардың нақты бір территориямен өз–өздерін анықтауы территорияға символикалық мағына береді. Олар ұлттық немесе этностық бірегейліктің бөлігі болады. Ресейдегі Севастополь мен Сербиядағы Косово, көптеген мемлекеттердегі астаналар мен мемлекеттік шекаралар территория — символдар болған. Шекаралар көрші аймақтарды айқын ажыратып, территория тұрғындарын «басқалардан» ажырата алатындықтан олар туралы көпшілік пікір әртүрлі. Бұл әсіресе тоталитарлы режимдерге тән. Сталиндік кезеңде барлық шетелдік әлем соғыс қаупі, диверсия төндіретін «зұлмат территориясы» ретінде көрсетілді [8].

Сондықтанда шекара туралы түсінік ұлттық қауіпсіздікпен тығыз байланысты. Шекара — шекаралық, кедендік және басқа да қызметтердің орналасқан жері, әсіресе қоғамдық пікір бойынша қауіп төнетін аймақтарда. Қауіпсіздік — көп аспектілі түсінік: әскери, экономикалық, экологиялық және т.б. қауіпсіздіктер бар. Қауіпсіздік адамдардың өміріне және олардың әрекеттеріне қауіптің жоқтығы және олардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету деп түсіндіріледі. Лимология бойынша қауіпсіздікті кім қамтамасыз етеді және оның объектісіне (макроаудан, мемлекет немесе оның бір бөлігі) не жататындығы маңызды.

Нақты бір шекараның қауіпсіздігі оның символикалық рөліне, тарихи дәстүріне, имиджіне, қазіргі дискурсына тәуелді. Мемлекеттік шекараның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлінің дәстүрлі түсінігі біріншіден, әскери қауіптің алдын алуына негізделген. Сондықтан, шекара маңы аудандары ерекше режимдегі милитаризацияланған зонаға айналады. Екіншіден, дәстүрлі тәсіл бойынша шекара маңы зонасындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ең басты міндет — кез келген трансшекаралық лекті толығымен бақылауға алу. Шекара мемлекеттің ішіне заңға қайшы әрекеттер жасайтын адамдар, тауарлар, ақпарат және тағы да басқалардың енуіне тосқауыл болатын алдыңғы шеп ретінде қарастырылады. Шекара маңында адам саны аз болатын болса және шаруашылық әрекеттері аз болса соғұрлым сол жерлердегі трансшекаралық лекті бақылау жеңіл. Үшіншіден, бұл тәсілдеме мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген және бұл міндетті тек мемлекет шешеді [9: 621–622].

Шекараны зерттеудің постмодернистік тәсілдемелерінде шекараның қызметі басқаша қарастырылады. Сыртқы экономикалық байланысқа барлық мемлекеттік территория мен шекара маңы аудандары қатысады да, экономикалық өсім мен инновация орталығына айналады деп көрсетеді. Трансшекаралық кеңістік жүйелер — қалалық агломерациялар, кооперативтік өндірістер құрылады. Демографиялық, әлеуметтік үдерістер және аралас некенің көбеюі шекара маңы тұрғындарының этникалық құрамы мен бірегейлігін күрделендіреді. Өзара сенімділік өсіп келеді, ғасырлар бойы қалыптасқан стереотиптер жойылуда. Мұндай жағдайда шекаралық бақылауды алып тастау немесе жеңілдету қажет, ал бақыланатын болса күзеттің дистанциялық құралдарын жетілдіру керектігі көрсетіледі.

Ұлттық және аймақтық қауіпсіздік қаупі түсінігі де өзгеруде. Ол біріншіден, жаңа қауіптермен әскери күш арқылы күресуге болмайтындығына негізделеді. Ең мықты әскердің өзі заңсыз миграцияны, халықаралық лаңкестікті, заңсыз есірткі және қару тасымалын, эпидемия мен пандемия қаупін, қоршаған ортаның ластануын, жаһандық экологиялық апаттарды тоқтата алмайды.

Екіншіден, бұрынғы тәсілдермен ұлғайып келе жатқан трансшекаралық лекті бақылау тиімсіз және экономика мен қоғамға зиян. Көрші мемлекеттермен тығыз ынтымақтастыққа бару тиімді, ал ол үшін өзара сенім, шекара маңы зонасына қарусыздандыру және ашық шекара болуы керек.

Үшіншіден, постмодернизм тәсілдемелеріне сәйкес шекара қауіпсіздігі үшін екі жақ тараптың жергілікті және аймақтық деңгейдегі билік өкілдері деңгейінде трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту қажет. Сонымен бірге, орталық билік шекара маңы аудандарының мүддесін ескеріп, олардың қарым–қатынасына кедергі келтірмеулері керек. Осылайша, қауіпсіздік түсінігі маңызды аймақтық өлшемге ие болады.

Төртіншіден, шекараны қорғау үшін жалпы жүйелік тәсілдеме дайындалуда. Бұл жерде мемлекеттің қауіпсіздігін тек шекарада ғана емес бүкіл территорияда қамтамасыз ету керек керектігі айтылады. Заңсыз миграция немесе заңсыз есірткі саудасымен күресті шекарадағы бөгеуші шараларға ғана артып қоюға болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шекарада әкелінетін есірткінің әрі кетсе 5–10 % тәркіленеді [1: 53–54]. Есірткі легінің көп бөлігі ресми өткізу пунктері арқылы өтеді. Сондықтанда көрші мемлекеттермен осы лектің, яғни халықаралық қылмыстық синдикаттардың себептерімен күресу керек. Ол үшін трансшекаралық лектер туралы ақпарат ашық және қазіргі замануи технологиялар арқылы олардың халықаралық аудиті мен қашықтықтан басқару мүмкіндігі болуы тиіс.

Сондықтан шекаралық кеңістік тек шекараға жанасқан зоналарды ғана емес, ішкі аудандарды да қамтиды. Халықаралық сауданың, көлік құралы мен байланыстың дамуы шекараның мемлекеттің территориясының ішінде, мысалы, халықаралық әуежайлар, арнайы кедендік және еркін экономикалық зоналарда пайда болуына әкеледі. Мемлекеттік шекара енді тек мемлекеттік территория мен территориялық сулардың шегін белгілейтін сызықтың қызметін ғана атқармайды [8].

Қорытынды

Қорытындылай келе, дәстүрлі тәсілдемелер келесі сұрақтарға жауап бере алмады: неліктен ұзақ уақыт бойы бейбіт шекара маңы аймағы болып тұратын зоналар санаулы күннің ішінде қиян–кескі қақтығысқа айналып кетеді, не себепті мемлекеттік шекараға қатысты мәселелерге үкімет пен қоғам ерекше көңіл бөледі?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда көрсетілген постмодернистік тәсілдемелер қажет болды. Әрине, аталған тәсілдемелер өкілдері лимологияның барлық қарама–қайшылықтарының шешімін таба алмады. Алайда дәстүрлі және постмодернистік тәсілдемелердің делимитация, шекара маңы ынтымақтастығының тиімділігін арттыру, шекараны бақылау мен қауіпсіздігін нығайтудың тиімді жолдарын қарастыру, шекаралық қақтығыстарды реттеу, шекарадан өтетін адамдардың мүдделері мен құқықтарының бұзылмауы сияқты мәселелерді шешуде потенциалдары бар. Сонымен қатар, аталған тәсілдемелер ғылыми ізденіске серпін беріп, мәселелерге жаңа көзқарастың пайда болуына мүмкіндік береді.

Мақала № BR 10965282 «Қазақстан-Ресей шекарасы: Тарихи контекст және жаңа геосаяси шындық» гранттық жобасы бойынша орындалды.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Колосов В.А. Теоретические подходы в изучении границ / В.А. Колосов. — Владивосток: Дальнаука, 2016. — 426 с.
  2. Цветкова О.В. Политическая лимология: концепт границы / О.В. Цветкова // Регионология. — 2015. — № 3. — С. 5–13.
  3. Колосов В.А. Геополитика и политическая география: учеб. для вузов / В.А. Колосов, Н.С. Мироненко. — М.: Аспект-Пресс, 2001. — 479 с.
  4. Дмитриева С.И. Лимология: учеб. пос. / С.И. Дмитриева. — Воронеж: Изд.-полиграф. центр Воронеж. гос. ун-та, 2008. — 112 с.
  5. Цветкова О.В. Теоретико-методологические основы исследований государственных границ / О.В. Цветкова // Регио- нология. — 2014. — № 2. — С. 40–47.
  6. Миньяр-Белоручев К.В. Пространственный аспект изучения истории международных отношений: проблемы формирования, эволюции и функционирования государственных границ / К.В. Миньяр-Белоручев // Вестн. Южно-Урал. гос. ун-та. Сер. Соц.-гуманит. науки. — 2015. — № 4 (15). — С. 24–28.
  7. Goertz G. Territorial Changes and International Conflicts / G. Goertz, P.F. Diehl. — N.Y.: Routledge, 1992. — 192 р.
  8. Колосов В.А. Теоретическая лимология: новые подходы. [Электронный ресурс]. / В.А. Колосов. — Режим доступа:http://www.intertrends.ru/three/004.htm
  9. Kolossov V.A. Border Studies: Changing Perspectives and Theoretical Approaches / V.A. Kolossov // Geopolitics, 2005. — No. 10. — Р. 606–632.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.