Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды пайдалану əдістері

Білім берудегі цифрлық технологиялар — бұл цифрлық технологияларға негізделген заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру тəсілі болып саналады. Қарқынды дамып келе жатқан цифрлық техно- логиялар білім беру процесі үшін дəстүрлі құралдарды тиімді түрде толықтыратын жаңа құралдарды ұсынады, оларды көптеген педагогтер өздерінің əдістемелік жүйесіне тезірек енгізіп, қарқынды жұмыс істеуде. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін түбегейлі жаңа мүмкіндіктер береді. Цифрлық білім беру ресурстары — оқудағы көрнекіліктің жедел құралы, педагогтердің практикалық дағдыларын пысықтаудағы көмекші, студенттердің сауалнамасын жəне бақылауын ұйымдастыру жəне өткізу, сондай-ақ үй тапсырмала- рын бақылау жəне бағалау, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, шартты белгілермен жəне жұмыста, мəтіндерді редакциялауда жəне студенттердің шығармашылық жұмыстарындағы қателерді түзетуде орны зор. Мақаланың зерттеу мақсаты: білім беру жүйесінде цифрлық техноло- гияларын пайдалану əдістерінің қолдану ерекшеліктерін талдау. Осы мақсатқа жету мына міндеттерді қоюды жəне шешуді қажет етті: білім беру жүйесінде цифрлық технологияларының мəнін қарастыру, білім беру процесінде тиімді цифрлық технологиялардың рөлі мен маңыздылығын анықтау, тиімді цифрлық технологияларды қолдану практикасын зерттеу, білім беру жүйесінде тиімді цифрлық технологияларын қолдануды əдістемелік жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар əзірлеу. Зерттеу объектісі білім беру жүйесінде цифрлық технологияларын қолдану үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Зерттеу пəні білім беру жүйесінде цифрлық технологияларын құрайды. Зерттеу əдістері: əдебиеттерді зерттеу, жалпылау, логикалық, сауалнама, салыстырмалы жəне тағы басқа зерттеу əдістері.

Кіріспе

Қазіргі уақытта адами капиталдың сапасы елдердің жаһандық бəсекеге қабілеттілігінің негізіне айналуда. Дəл осы себепті бүкіл əлемде оқу орындары тиімді оқыту технологияларын дамыту зерттеудің өзекті мəселесі болып отыр.

Бұл ретте студенттерді белсендендіруге негізделген оқытудың тиімді цифрлық технологияла- ры педагогтің жəне студенттердің рөлін айтарлықтай өзгертеді (ақпарат мақсат ретінде емес, іс- əрекеттерді, кəсіби қызмет операцияларын меңгеру құралы ретінде əрекет етеді), яғни педагогтің қызметі білім алушының білім берудегі белсенділігіне жол береді, педагогтің міндеті білім алушылардың бастамасына жағдай жасау болып табылады. Негізгі сұрақ: «Қалай оқыту керек?», содан кейін ғана — «Нені үйрету керек?» деген сұрақ туындайды. Демек, мемлекеттік білім беру стандарттары жағдайында білім алушылар білім беру процесінің орталық тұлғаларына айналады, олар осы уақытқа дейін дəстүрлі оқытуға сəйкес білім емес, керісінше жоғары оқу орындары мен кəсіптік білім беруде цифрлық процесін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады [1, 45].

Сондықтан, бүгінде жаһандану заманында жоғары оқу орындары мен мектеп түлектерінің қызметінің шарттары мен сипатын трансформациялау — цифрлық технологияларды қолдана оты- рып, оларды оқыту процестерін жетілдіру қажеттігіне сөзсіз алып келеді. Бұл, əрине жоғары оқу орнының түлегін кəсіби жағдайдағы жүйелі іс-қимылдарға дайындауға, ақпараттың үнемі өсіп келе жатқан ағымымен жұмысты жүзеге асыруға, өз қызметін талдау мен жоспарлауға, белгісіздік жағдайындағы іс-əрекеттерге, өзін-өзі жетілдіруге (өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу жəне өзін-өзі дамыту), сондай-ақ шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тəжірибелік бөлім

Мақаланың зерттеу материалы ретінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ба- сым дамуын анықтайтын нормативтік-құқықтық құжаттар, білім беру жəне мемлекеттік ұйымдардың ақпараттық ресурстары мен технологиялары, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің жұмыс тəжірибесі. Зерттеу əдістері ретінде нормативтік-құқықтық құжаттаманы, қалыптасқан тəжірибені зерделеу жəне тал- дау, жоғары жəне кəсіптік білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу бойынша ғылыми негізделген тəсілді қалыптастыру үшін өзекті тұжырымдар құруда жүйелеу жəне қорыту сөз болды.

Əзірге болашақ өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айту қиын, бірақ қазір ол өзгереді деп айтуға болады. Еңбек нарығы түлектерді даярлаудың сапалық жағынан өзгеше мазмұнын талап етеді. Цифрландыру білім беру мазмұнын ғана емес, оның ұйымдастырылуын да қозғайды. Бұл процестер университеттердің де, педагогтер құрамының да орналасуына аралас əсер етеді. Қажетті құзыреттер көбінесе оқу орындарының қабырғасынан тыс жерде алынады, өйткені білім беру бағдарламалары көбінесе технологияның даму динамикасына сəйкес келмейді [2, 93].

Нəтижелер жəне талқылау

Оқу материалдары, жоспарлар, сабақтар, журналдар мен күнделіктер — мұның бəрі онлайн нұсқаларға көшуде. Білім алушы сабақты үйден шықпай-ақ, Интернет арқылы өткізе алады.

Осыған сəйкес, тəжірибе Павлодар педагогикалық университеті студенттеріне жүргізілді. Цифрлық технологияны қолданып, əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану пəні бойынша арнайы сабақтар əзірленді. Осы білім беру технологиясының тиімділігі мен мүмкіндіктері үш кезеңде жүргізілген: тəжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексерілді, яғни: анықтаушы, қалыптастырушы жəне бақылау — бағалау кезеңдері. Экспериментті жүзеге асыруға СпС-21 тобының II-ші топ студенттері (15 студент) қатысты.

Қалыптастырушы кезеңді өткізу барысында студенттер екі топқа бөлінді (əр топта 7 жəне 8 адамнан). Бірінші топқа арнайы цифрлық технологияларды пайдалану барысында дайындаған презентацияларды көру жəне оларға нақты уақыт режимінде тапсырмаларды орындау үшін сабақтарда өздерінің смартфондары мен планшеттік компьютерлерін пайдалану ұсынылды.

Екінші топқа мынадай тапсырма берілді: берілген тапсырмаларды дəстүрлі түрде орындау, содан кейін оларға тапсырмаларды орындау (жазбаша немесе ауызша). Айта кету керек, бірінші топтағы студенттердің мотивациясының бастапқы деңгейі əлдеқайда жоғары болды, өйткені оларға жаңа жұмыс түрі ұсынылды, сонымен қатар олардың қолында өз гаджеттері болды. Екінші топта студенттер тапсырмаға ынта-жігерсіз жауап берді, өйткені жаңа ақпаратты игерудің бұл əдісі əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тануда жиі қайталанады. Студенттердің бірінші айдағы өзіндік жұмысының нəтижелерін, оларды бағалауды талдай отырып, студенттердің оқудағы жетістіктері туралы келесі мəліметтерді бөліп көрсетуге болады (1, 2 кесте).

Кесте 1

2020 жылғы қыркүйек айындағы студенттердің өзіндік жұмысының нəтижелері

Тапсырмаларды орындау нəтижелері

Көрсеткіштер

1 топ

(7 студент)

2 топ

(8 студент)

1

Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау (10 ұпай)

7 ұпай

6 ұпай

2

Анализ, талдау жасау (10 ұпай)

8 ұпай

6 ұпай

3

Өткен бөлім бойынша қосымша материалды өз бетінше іздеу нəтижелері (10 ұпай)

9 ұпай

5 ұпай

4

Топтық талқылаулардың нəтижелері (10 балл)

10 ұпай

6 ұпай

5

Өткен бөлім бойынша презентация жасау (10 ұпай)

10 ұпай

6 ұпай

6

Тақырып бойынша топтық жоба қорғау (10 ұпай)

9 ұпай

7 ұпай

Қорытынды

53 ұпай

36 ұпай

Бір айдан кейін студенттерге жаңа материал берілді, тақырыпты қалай игергені анықталды. Енді цифрлық технология бойынша екінші топ студенттері (8 адам) жұмыс істеді. Студенттердің өзіндік жұмысының салыстырмалы нəтижелері бойынша екінші топ студенттерінің қорытынды ұпайлары 36дан 51-ге дейін жоғарылаған (3, 4 кесте).

Тапсырмаларды орындау нəтижелері

Көрсеткіштер

1 топ (7 студент)

2 топ (8 студент)

1

Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау (10 ұпай)

7 ұпай

9 ұпай

2

Анализ, талдау жасау (10 ұпай)

7 ұпай

9 ұпай

3

Өткен бөлім бойынша қосымша материалды өз бетінше іздеу нəтижелері (10 ұпай)

6 ұпай

8 ұпай

4

Топтық талқылаулардың нəтижелері (10 балл)

7 ұпай

8 ұпай

5

Өткен бөлім бойынша презентация жасау (10 ұпай)

7 ұпай

8 ұпай

6

Тақырып бойынша топтық жоба қорғау (10 ұпай)

6 ұпай

9 ұпай

Қорытынды

40 ұпай

51 ұпай

Кесте 3

2020 жылғы қазан айындағы студенттердің өзіндік жұмысының нəтижелері

Дəcтүpлі технoлoгиямен өткен caбaқ мəні ептілік, дaғдыны, білімді меңгеpту бoлca, мaқcaты білімділікті, ептілікті, дaғдыны дapыту бoлып oтыp. Бұл жoлмен өткізілген caбaқтa педагог pөлінің бacымдылығы бaйқaлaды, яғни педагог pөлі берілген білімді жеткізуші, түcіндіpуші, бaқылaушы, білімді нacихaттaушы, бaғaлaушы, тəpтіпті қaдaғaлaушы. Яғни мұндa педaгoгтың тaлaбы «мен сияқты істе».

Білім беру стандарттары бізді оқу процесін ұйымдастыруды қайта құруға бағыттайды. Бұл көбінесе педагогтар мен студенттердің эксперименттік қызметіне қатысты. Неліктен? Мəселе

 

мынада, студенттер нақты практикалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беру дағдыларын да игеруі керек: оқу процесін жаратылыстану-ғылыми таным əдісі игерілуі үшін ұйымдастыру керек. Педагогпен мен студенттер бірлесіп зерттеу технологиясын, əрине, оқытудағы проблемалық-іздеу тəсілін жүзеге асырады жəне белгілі ғылыми таным циклын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: фактілер — модель — нəтиже — эксперимент фактілері.

Басында педагог бақылауды ұйымдастырды жəне демонстрациялық тəжірибелер қойды, фактілерді ұсынды, соның негізінде білім алушылармен бірге белгілі бір құбылыс бойынша қорытынды жасалады. Алынған фактілерге сүйене отырып, мұғалім мен студенттер байқалған құбылыстарды түсіндіруге жəне заңдылықтарды анықтауға (гипотезалар не үшін ұсынылады), салдарды шығаруға, себептерін анықтауға тырысады. Осыдан кейін студенттер мен мұғалім қандай сынақ эксперименттерін қоюға болатынын, олардың идеялары мен мақсаттары қандай болатынын, оларды қалай жүзеге асыру керектігін ойлайды. Оқушылар өз жоспарларын тəуелсіз зертханалық экспериментте жүзеге асырады, оның нəтижелері (жаңа фактілер) теориялық болжамдармен салыстырылады жəне қорытынды жасалады.

Сонымен аталмыш технология білім беру жүйесінде мүмкіндік береді:

  • білім алушыларды таным процесімен таныстыру;
  • білім алушыларды əртүрлі оқу іс-қимылдарына тарту: практикалық жəне ақыл-ой, осылайша танымдық іс-əрекеттің кең спектрін, олардың психологиялық дамуы мен тəуелсіздігін қамтамасыз етеді;
  • жаңа білім беру стандарттары талап ететін жүйелі-əрекеттік тəсіл негізінде оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан да, білім беру мекемесінде барлық оқу пəндері бойынша интерактивті электронды мазмұн болуы керек, оның ішінде басқаруға болатын оқу нысандары мен араласатын процестер ұсынатын пəндік кешен болуы керек. Бұл кешен мыналарды қамтиды:

  • мəтіндік қолтаңбалар, түсініктемелер, формулалары бар толық экранды иллюстрациялар;
  • қажетті позицияны таңдай отырып, айналдыруға болатын интерактивті 3d модельдер;
  • əртүрлі құбылыстар мен зерттелетін процестерді суреттейтін анимациялар;
  • өлшемдер мен параметрлердің интерактивті кестелері;

 құбылыстардың, эксперименттердің интерактивті модельдері;

 интерактивті есептер кітабы [3, 7–19].

Жоғарыда айтылғандардың негізінде цифрлық технологияларды қолдану жоғары жəне кəсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін өте маңызды екенін атап өткен жөн, бірақ сонымен бірге оларды енгізуге ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыру қажет.

Білім жүйесіндегі цифрлық технология — біртұтас жүйе ретінде оқыту поцесіндегі студенттер мен педагогтің субъект-субъект қатынасын іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Сондықтан цифрлық технологияның табысты болуы, негізінен студенттердің цифрлық негізде оқуға көзқарасы мен дайындығына байланысты [4].

Тəжірибеде қолданылған цифрлық технология жүйесінің тиімділігі мен нəтижелілігі қолданылатын ресурстардың сапасына байланысты болды.

Цифрлық технология басқа оқыту технологияларына қарағанда студент пен педагогтің еңбегін жетілдіруге жəне оның үнемділігіне баса көңіл бөледі. Себебі аталмыш бағдарлама педагогтің міндетін азайтады, жеңілтеді, ол енді тек кеңесші рөлінде болады, студенттермен өзіндік жұмыс жасауға уақыты көп болады. Студенттер өздеріне ыңғайлы қарқынмен өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Мұндағы уақытты үнемдеу де маңызды фактор болып табылады. Себебі, бұл бағдарламаның арқасында педагог немесе мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жазудан босайды, оның орнына артық қалған уақытын шығармашылығын көтерумен айналысуға арнай алады. Сонымен қатар, барлық студенттердің бірдей алдын-ала жоспарланған деңгейге жетілуі көзделді [5].

Қорытынды

Проблеманы теориялық тұрғыдан зерттеу мен тəжірибе жұмыстың нəтижесі мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

 білім беру үрдісін оңтайландыруға бағытталған педагогикалық, психологиялық көзқарастар зерделеніп, білім алушылардың білімдерін дамытуды цифрлық технологиясы арқылы жүзеге асыру жүйелілік жəне кешендік, құзыреттілік, іс-əрекеттік келу теориялары арқылы негізделеді.

 педагог пен студенттің білім беру үрдісіне дайындығы дəрежесінің есепке алынуы, студенттердің өз бетінше қорыту жəне шығармашылық деңгейінің көтерілу шарттарына негізделді;

Зерттеу жұмысының негізінде қорытындылар жасай отырып, мынадай ұсыныстар беріледі:

 кəсіби мамандарды дайындауда қазіргі жағдайында оларды нақты оқу аймағында мамандан- дырылуымен қатар, цифрлық технологияны кəсіби салада қолдану даярлығына жеткілікті көңіл бөлу керек;

 жоғарғы оқу орнында шағын құрамды топтардың оқу тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияға сүйеніп, ұйымдастыру қолға алу қажет;

 студенттердің кəсіптік шеберлігін арттыру мақсатында арнайы курстық мамандықтар шеңберінде жүргізу тиімділігін қолдау керек.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Козлова Н.Ш. Актуальные вопросы кадрового обеспечения IT-специалистов в период цифровой трансформации /Н.Ш. Козлова // Цифровая экономика: новая реальность: сб. ст. по итогам Междунар. науч.-практ. видеоконф., посвящ. 25- летию вуза. — Майкоп, 2018. — С. 45.
  2. Козлова Н.Ш. Современные технологии в сетевой безопасности / Н.Ш. Козлова // Цифровая экономика: новая реальность: сб. ст. по итогам Междунар. науч.-практ. видеоконф., посвящ. 25-летию вуза. — Майкоп, 2018. — С. 93.
  3. Каракозов С.Д. Успешная информатизация — трансформация учебного процесса в цифровой образовательной среде / С.Д. Каракозов, А.Ю. Уваров // Проблемы современного образования. — 2016. — № 2. — С. 7–19.
  4. Шаронин Ю.В. Цифровые технологии в высшем и профессиональном образовании: от личностно-ориентированной smart-дидактики к блокчейну в целевой подготовке специалистов [Электронный ресурс] / Ю.В. Шаронин // Современные проблемы науки и образования. — 2019. — № 1. — Режим доступа: http://science-education.ru/ru/article/view? id=28507 (Дата обращения: 02.03.2021).
  5. Краевский В.В. Инновации и традиции — два полюса мира образования / В.В. Краевский // Интернет-журн. «Эй- дос». — 2003. — 2 дек. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.eidos.ru/journal/2003/0711–01.htm

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.