Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке даярлаудың педагогикалық шарттары

Мақала Қазақстандағы студенттердің еріктілер қозғалысын дамыту мəселесіне жəне зерттеу үдерісінің педагогикалық шарттарына арналған. Қазақстанда жəне шетелде волонтерлікті дамытудың тарихи алғышарттары қаралды, сондай-ақ кəсіптік оқыту үдерісінде инклюзивті білім беру жағдайында жоғары оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке даярлаудың тұжырымдамалық негіздері айқындалды. Ешқандай қоғам жақсылық пен мейірімділіктің моральдық мұраттарынсыз тиімді дами алмайтыны анық. Инклюзивті білім беру шеңберінде университет студенттерін волонтерлік қызметке даярлау үдерісін сəтті қамтамасыз ететін педагогикалық факторлар анықталды. Мақалада болашақ маманның жеке қалыптасуы, волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде оқытушылардың тұлғаға бағытталған қызметі, волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде қолайлы психологиялық ахуал жасау сияқты факторларды анықтайды. Бұл жағдайда зерттелетін үдерістің педагогикалық шарттары анықталады. Студенттерді волонтерлік қызметке даярлаудың тиімділігі барлық анықталған факторларды көрсететін жағдай жасауға байланысты деп тұжырымдалған. Философиялық жəне педагогикалық əдебиетке шолу жасап, еріктілер қозғалысының қалыптасу тарихын зерттей отырып, авторлар мейірімділік пен жақсылық, «ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар» сияқты ұғымдардың мəнін нақтылайды. Мақалада авторлар жинақталған тəжірибені жүйелеуге, алынған мəліметтерді жинақтауға жəне инклюзивті білім беру жағдайында студенттерді волонтерлік қызметке даярлаудың тиімділігі барлық анықталған факторларды көрсететін жағдай жасауға байланысты деген қорытынды жасауға əрекет жасады.

Кіріспе

Жалпы қоғамның əр саласында болып жатқан тың өзгерістер Қазақстандағы білім саласына да жоғары талаптар қойып отыр. Осы талаптар тұрғысынан келсек, болашақ мамандар – қазіргі жастар өздігінен батыл да шапшаң шешім қабылдай алатын, ынтымақтастық тұрғыдан қарым-қатынасқа түсетін, ұтқыр, өзгерістерге тез бейімделетін, өз елі үшін, оның əлеуметтік-экономикалық жағынан гүлденіп, өркендеуі үшін жоғары жауапкершілікті мойнына алатын, бастамашыл болуы қажет. Сол себепті бүгінгі жастардың əлеуметтік белсенділігін дамыту проблемасы өзекті əрі ерекше маңызға ие.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті былай деген болатын: «Волонтерлік – патриотизмнің бір көрінісі. Еріктілер, ең алдымен, елдің игілігіне қызмет етеді. Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан əрі дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік – «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» əрекет ету. Волонтерлік – халқымыздың шынайы болмысы. Бұл бастама ұлтты ұйыстырып, мемлекеттілікті нығайту үшін қажет» [1].

Жастардың əлеуметтік белсенділігін дамытудың бірден-бір жолы – еріктілер бастамалары болып табылады. Қазіргі уақытта елдегі еріктілер дамудың жаңа кезеңіне өтті. Қазақстандықтарға, əсіресе жас ұрпаққа, қоғам игілігі үшін ерікті еңбек ету қажет жəне бүкіл елдің табысты өмір сүру шарттарының бірі болып табылатындығы туралы түсінік пайда болды.

Бүгінгі күні волонтерлік қызмет танымалдық шыңында: белсенді азаматтар бастамашыл топтарға жиналып немесе жұмыс істеп тұрған үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қосылып, балалар үйлеріне, мамандандырылған медициналық мекемелерге жəне қандай да бір көмекке мұқтаж балаларға ерікті жəне өтеусіз көмек көрсетеді. Білім алушыларда адами əлеуетті ашудың, адамгершілікті тəрбиелеудің жəне əлеуметтік тəжірибені дамытудың ең тиімді жəне орынды құралдарының бірі оқыту мен тəрбиелеудегі инновациялық тəрбиелеу тəсілі – волонтерлік болып табылады.

«Волонтерлік» дегеніміз не? «Волонтер» деген кім? Бұл ұғымдар volontair – ерікті жəне ол өз кезегінде voluntarius, voluntas – жақсы ерік мағынасын білдіреді.

Еріктілер (volontaire) өз еркімен қызмет атқарып, оған ақша алмайтын адам [2].

Еріктілер – бұл əлеуметтік маңызы бар қызметті өз еркімен жүзеге асыратын, ол үшін ешқандай ақшалай сыйақы талап етпейтін адамдар.

С.И.Ожеговтың сөздігінде «волонтерлік» деп қайтарымсыз əлеуметтік көмек, қызметтер көрсету бойынша міндеттерді ерікті орындау, мүгедектерге, науқастар мен қарттарға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдар мен халықтың əлеуметтік топтарына ерікті патронаж жатады [3].

Сонымен, «еріктілік» ұғымы адамдар ешкімнің мəжбүрлеуінсіз жүзеге асыратын жəне əлеуметтік маңызы бар мақсаттарды іске асыруға бағытталған, сыйақыны көздемейтін қызметті белгілеу үшін қолданылады.

Еріктілік немесе волонтерлік – бұл адамдардың басқалардың игілігі үшін ақы төленбейтін сана- лы қызметі. Бұл қоғамдық мəселелерді шешу мақсатымен əлеуметтік, мəдени, экономикалық, экологиялық жəне басқа да түрлі іс-шараларға адамдардың қатысуы.

Еріктілік қызмет əлеуметтік құбылыс ретінде адам құндылықтарының спектрі бар адамның жеке басына мақсатты назар аударумен сипатталады, онда адам өзінің қабілеттерін көрсете отырып, құндылықтың символы ретінде əрекет етеді. Сол себепті қайырымдылыққа жанашырлық таныту адамның басты құндылықтарының бірі болуы керек.

Волонтерлік қызметтің жетекші субъектілері еріктілер мен ерікті ұйымдар болып табылады, тұрмысы төмен жəне əлеуметтік əлсіз қорғалған азаматтар санатына жататын адамдар ғана емес, сондай-ақ əлеуметтік мəртебесі мен материалдық жағдайына қарамастан, көмекке объективті мұқтаж адамдар да волонтерлердің көмек объектілері болып табылады. Волонтерлік қызметтің мақсаттары «вертикалды» (бастапқы, аралық жəне түпкілікті болып бөлу), сондай-ақ «горизонталды» (мамандануына, қызмет көрсетілетін адамдардың контингентіне жəне т.б. байланысты) нақтылануы тиіс. Демек, нақты мақсат – бұл белгілі бір қызмет өнімінің идеалды бейнесі жəне еріктіліктің жетекші міндеттерінің бірі перспективалық, стратегиялық міндеттерді де, нақты мақсаттарды да анықтау. Сонымен қатар, мақсат қою кезеңінде волонтер еріктіліктің жетекші қағидаттарын – ізгілендіру мен демократияландыруды жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету міндетіне тап болады [4]. Біз мақаламызда сөз болып отырған жастар - болашақ мамандарды волонтерлік қызметке даярлаудың педагогикалық шарттарын қарастырып, оның тиімділігін көрсетуді мақсат тұттық.

Зерттеу əдістері

Зерттеу проблемасының теориялық-əдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, педагогика ғылымындағы соңғы жетістіктер мен іргелі зерттеулердің тұжырымдарын, əдіснамалық негіздері басшылыққа алынды. Зерттеу барысында волонтерлік əлеуметтік қызмет ретінде қарастырылып, жүйелілік, құрылымдық, тұтас педагогикалық үдеріс, жеке тұлғалық, іс-əрекеттік т.б. жалпы ғылыми таным тұғырлары тұжырымдалды.

Волонтерлік салада жұмыс істейтін мамандарды кəсіби даярлаудың заманауи тұғырлары университеттің оқу-тəрбие үдерісі əлеуметтік-психологиялық оқытудың қарқынды əдістерімен интеграцияға негізделуі керек жəне олар бір уақытта жəне кəсіби қызмет технологияларын меңгеру жəне студенттің жеке басының дамуына септігін тигізеді. Зерттеу жұмысына педагогикалық мамандық студенттері алынды. Эксперименттік жұмыс екі кезеңде жүргізілді: диагностикалық жəне қалыптастырушы. Қалыптастырушы экспериментке «Инклюзивті білім беру жағдайында студенттердің волонтерлік қызметін ұйымдастыру» атты арнайы курсты сынақтан өткізу жəне олардың тəжірибелік сабақтарға, ерікті акцияларға жəне т.б. тікелей қатысуы барысында түрлі оқу орындарынан 130 білім алушылар қатысты.

Тəжірибелік-эксперимент жұмысының диагностикалық кезеңі волонтерлік қызметтің тəрбиелік əлеуетін, оның студентке жағымды əсерін анықтауға, студент-волонтерлердің қажеттіліктері мен себептерін зерттеуге бағытталды. Ол үшін студенттерден сауалнамалар алынып, студенттердің волонтерлік қызметке дайындық деңгейі жəне олардың еріктілікке қатысу дəрежесі айқындалды.

Зерттеу жүргізу үшін болашақ еріктілердің қажеттіліктерін, еріктінің мінсіз бейнесін жəне оның жеке қасиеттерін анықтауға, еріктілік үдерісінде студенттердің өзін-өзі жүзеге асыру, жеке тұлғасын қалыптасу жəне т.б. диагностикалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін диагностикалық əдістемелер пакеті əзірленді.

Сауалнама, тестілеу мен əңгімелесу нəтижелері бойынша болашақ еріктіге қажетті кейбір жеке қасиеттер университет студенттерінде нашар дамығандығы, олардың еріктілер жұмысындағы құндылықтар толық түсіндірілмегені анықталды. Диагностикалық эксперименттің нəтижелері студенттерді біртұтас кəсіби білім беру контексінде волонтерлік қызметке дайындаудың мақсатты жүйесінің жоқтығын көрсетті. Анықтаушы эксперименттің мəліметтерін қорытындылай келе, біз студенттерді университетте волонтерлік қызметке даярлау үдерісі студенттердің жеке əлеуетін дамытудың негізгі міндеттерінің бірін шешуге бағытталуы керек деп санаймыз. Қалыптастырушы эксперимент студенттерді кəсіби оқыту үдерісінде волонтерлік қызметке даярлаудың болжаммен анықталған педагогикалық шарттарын сынақтан өткізуді, олардың тиімділігін тексеруді, волонтерлік қызметке сəтті дайындықтың алғышарттарын анықтауды мақсат етті.

Педагогикалық шарттардың тиімділігін дəлірек анықтау үшін қалыптастырушы эксперимент бақылау жəне эксперименттік топтарды қамтамасыз ететін кезеңдер бойынша жүргізілді.

Нəтижелері мен оларды талқылау

Студенттік еріктіліктің əлеуетіне теориялық қызығушылық əртүрлі елдердің зерттеушілері тарапынан өте жоғары. Іс жүзінде ол өзінің ресурсын мемлекеттік басқаруда пайдалану қажеттілігімен ынталандырылады. Көптеген мемлекеттердің үкіметтері «қоғамды үйлестіру тетіктерінің» бірі ретінде волонтерлікті насихаттайтын бағдарламаларға мектеп, колледж жəне университет деңгейінде инвестиция салады [5]. Ғылыми зерттеулерде студенттік еріктілік студенттердің əл-ауқатының субъективті жəне объективті сипаттамаларына əсер ететін білім беру қызметі [6], студенттік жастардың өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі ұйымдастыруын ынталандыратын əлеуметтік технология [7], жас буын өкілдерінің бос уақытын ұйымдастырудың бір түрі [8], бос уақытты мəдени капиталдың əртүрлі түрлеріне айналдыру əдісі ретінде [9] қарастырылған. Бірқатар зерттеушілер еріктілік қызметті студент тұлғасының кəсіби қалыптасуының белгілі бір кезеңі жəне [10] жастардың шығармашылық бастамасын жандандыратын ресурс ретінде [11] қарастырған. Еріктілік, сонымен қатар, студенттердің азаматтық əлеуметтік рөлін жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыратын педагогикалық үдеріс ретінде зерттеледі [12].

Еріктілік саласында жұмыс істейтін мамандарды кəсіби даярлаудың заманауи тұғырлары университеттің оқу-тəрбие үдерісіне кəсіби қызмет технологияларын игеруге жəне студент тұлғасын дамытуға ықпал ететін əлеуметтік-психологиялық оқытудың қарқынды əдістерін біріктіруге негізделуі керек [13]. Олардың кəсіби əдістер мен технологияларды пайдалануға негізделген еріктілікке қатысуы басқа адамды түсінуге жəне қабылдауға ықпал етеді, волонтерлік қызметке дайындық барысында студенттер серіктестердің рөлдік позициялары туралы үлгілік (стереотиптік) идеяларды жеңуге, жеке жəне кəсіби жетілдірудің ресурстарын іздеуге жəне табуға үйренеді. Студенттерді волонтерлік қызметке табысты дайындау үшін, ең алдымен, олардың ізгілікті еркі, тілегі, бастапқы даярлығы жəне өз жұмысының мəн-мағынасының қажеттілігін түсінуі қажет. Ерікті өзінің нақты мүмкіндіктерін, өз қызметінің мүмкіндіктерін түсініп, онымен жұмыс істейтіндерді өз жағына тартуға дайын болуы үшін қосымша дайындық қажет.

Оқытушы мен студент (волонтер) арасындағы өзара іс-қимыл қоғамның ізгілік құндылықтарын ескеріп, рухани-адамгершілік түрге ие болуы тиіс. Бұл халық құндылықтарын, жеке тұлғаның қадірін, бір-біріне деген құрметке, өзара түсіністік пен жанашырлыққа, бірлесіп құру мен ынтымақтастыққа негізделуі керек. Жоғары оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке даярлау үдерісін табысты педагогикалық қамтамасыз ету үшін мынадай факторлар айқындалды: болашақ маманның тұлғалық қалыптасуы, волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде жоғары оқу орны ұстаздарының тұлғалық бағдарланған қызметі, волонтерлік қызметке дайындық үдерісінде білім алушыларға тиімді, қолайлы, өзін еркін ұстауға мүмкіндік психологиялық жағдай жасау.

Болашақ мамандарды инклюзивті білім беру жағдайында волонтерлік қызметке даярлауда біз «ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар» ұғымының мəніне ерекше назар аударуымыз керек. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар» ұғымы əр елдің заңнамалық негіздері мен тиісті терминдеріне сəйкес өзіндік сипаттамаларға ие. Қазақстан Республикасында бұл ұғымға дене дaмуындa өзіндік мəселелері бaр, яғни физикaлық мүмкіндігі шектеулі, мүгедек бaлaлaр; əлеуметтік ортaғa бейімделу қиындықтaры бaр девиaнтты мінез-құлықты бaлaлaр; тұрмыстық-экономикaлық жəне əлеуметтік-психологиялық мəселелері бaр отбaсы бaлaлaры; мигрaнт, орaлмaн жəне босқын отбaсылaрының бaлaлaры; қабілеті жоғары дaрынды бaлaлaр, сондaй-aқ мектептері жоқ елді мекендерде тұрaтын бaлaлaрды жатқызады. Сонымен біз оқыту мен тəрбиелеуде ерекше көзқарасты қажет ететін, сонымен қатар болашақ мамандар тарапынан кəсіби қолдауды қажет ететін балалардың барлық топтарын қарастыра аламыз. Студенттерді волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде біз «ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар» ұғымына берілген осы сипаттаманы басшылыққа алдық.

Студенттерді волонтерлік қызметке даярлаудың тиімділігі барлық ерекшеленген факторлар көрініс табатын шарттардың жасалуына байланысты.

Білім алушыларды аталмыш іс-əрекетке даярлаудың бірінші шарты ретінде біз білім берудің маңызды қызметтерінің функцияларының бірі—волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде олардың өзін-өзі жүзеге асыруына жəрдемдесуді қарастырдық. Кəсіптік білім беру үдерісінде студенттерді еріктілік қызметке даярлау кезінде оқытушы, егер ол «жоғары» құндылық ретінде танылса, студенттің өзін-өзі тануына, өзін-өзі жаңартуына, жеке басының қадір-қасиетіне, оған деген сеніміне, сүйіспеншілігі мен шыдамдылығына негізделген өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін мақсатты, өнімді, жеке тұлғаға бағытталған даму үдерісін жүзеге асыруға көмектеседі. Мұғалім мен студенттің осындай өзара əрекеттесуінің нəтижесінде ғана соңғысы басқалардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірместен, өз іс-əрекеттері үшін жауапкершілік сезімін, басқа адамдарға төзімді бола алады. Мұғалім демократиялық жолмен белгіленген заңдарға бағыну жəне биліктегі адамдардың пікірлері мен атаққұмарлыққа (амбицияларына) емес, қоғамдағы заңның үстемдігінің қажеттілігін түсінуге көмектеседі.

Айта кету керек, біреуге немесе бір нəрсеге студентті педагог қалағандай көзбен қарауға мəжбүрлеу мүмкін емес, өйткені қарым-қатынасты таңдауды əр адам еркін түрде жасайды. Осыған орай біз бұл мүмкіндікті ескере отырып, еріктілікке даярлау үдерісінде оқытушы студенттің педагогпен қарым-қатынасынан лəззат алу қажеттіліктеріне назар аударуы керек деп ұйғардық. Бұл қазіргі уақытта оның алдында тұрған əлеуметтік мəселелердің терең эмоционалды түсіну тəжірибесіне əкелуі мүмкін. Тек гуманистік өзара əрекеттесу үдерісінде ғана студенттің өзіндік, еркін, саналы түрде таңдалып, оларға жеке мағына беретін құндылық бағдарларының қанықтылығы жүзеге асырылады. Демек, инклюзивті білім беру жағдайында жоғары оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке сəтті даярлаудың екінші шарты педагогикалық өзара іс-қимылды жеке мағыналармен қанықтыру болып табылады.

Студенттердің бойында жағымды «Мен-концепцияны» қалыптастыруға педагогикалық ықпал ету волонтерлік қызметке табысты даярлаудың үшінші шарты болып табылады. «Мен-концепциясы» – адамның өзі туралы идеяларының салыстырмалы түрде тұрақты, тəжірибелі немесе ерекше жүйесі, оның негізінде ол басқа адамдармен өзара əрекеттесуді қалыптастырады, адам дамитын ортаны, кеңістікті қарастыру маңызды көрініс табады. Басқа адамдармен нақты байланыстарға толы бұл кеңістік жеке адамның бар болуы мен дамуын тек «қоғамдастықта жəне қауымдастық арқылы» көруге мүмкіндік береді. Студенттің өз өмірінің субъектісі ретінде дамуын түсінудің бұл тəсілі сөзсіз қабылдауға, эмпатияға, заманауи адамзат қоғамының ізгілік нормаларына сəйкес келетін құрмет пен сүйіспеншілікке негізделген еріктілік қызметке даярлау үдерісінде педагогикалық өзара əрекеттесуді жүзеге асыруға көмектеседі.

Өз кезегінде, инклюзивті білім беру жағдайында кəсіптік оқыту үдерісінде студенттерді волонтерлік қызметке даярлаудың белгіленген шарттарының пəрменділігі жоғары оқу орнының білім беру үдерісінде қалыптасқан алғышарттармен қамтамасыз етіледі: студенттің жауапкершілігі, студенттер арасындағы толеранттылықтың дамуы, волонтерлік қызметке дайындық проблемасына педагогтердің белсенді құндылық қатынасы.

Жоғары оқу орны студенттерінің волонтерлік қызметке даярлау өлшемдері ретінде: еріктілік іс- əрекетте нəтижеге қол жеткізуге мотивтің қалыптасуы; біреуге қол ұшын беру құндылықтарын өмірлік маңызы бар ретінде сезіну жəне қабылдау; ерікті студенттердің гуманистік-бағдарланған өзара іс-қимылға ұмтылысы белгіленіп жəне тəжірибеде тексерілді.

Осылайша, жоғары оқу орындарының студенттерін волонтерлік қызметке тиімді даярлау барлық белгіленген факторларды, алғышарттар мен жағдайларды ескере отырып жүзеге асырылады.

Бірінші педагогикалық шарт енгізілгеннен кейін, эксперименттік топ студенттерінің жетістікке деген ынтасы артты, саналы жеке тұлға үшін өзін-өзі тану, рухани жетілудің негізі қаланды.

Екінші педагогикалық шарт енгізілген кейін зерттеу нəтижелері бойынша алынған деректерді талдау студенттердің қарым-қатынасына, іскерлік белсенділігіне бағыттылық басым болды, эксперименталды топта, ең алдымен, альтруистік құндылықтар (35% дейін) жəне кəсіби өзін-өзі тану (30 дейін%) деңгейі біршама артты.

Үшінші педагогикалық шартты енгізу студенттердің оң «Мен-концепциясын» қалыптастыруды неғұрлым толық дамыту үшін кооперативті оқыту процесінде жүзеге асырылды.

Зерттеу нəтижелеріне сəйкес, эксперименттік топ студенттерінің коммуникативтік

құзыреттіліктің жоғары деңгейінің артқандығына мəліметтерді талдау арқылы көз жеткіздік.

Тұжырым

Сонымен, еріктілік қызмет, кез келген əлеуметтік қызмет сияқты «белгілі бір құрылымның» тұтас жүйесі болып табылады, оның элементтері дербес жұмыс істейтін жəне белгілі бір қасиеттерге тəн тұтас бір жүйені құрайды.

Білім алушылардың еріктілік қызметке дайындығының негізгі өлшемдері: волонтерлік қызметте нəтижеге қол жеткізуге уəждеменің қалыптасуы; аталмыш қызметтің құндылықтарын, өмірлік маңызы бар екенін сезіну жəне қабылдау; ерікті студенттердің ізгілік-бағдарланған өзара іс-қимылға ұмтылысының барлығы тəжірибелік-эксперимент жұмыстарында оң нəтиже көрсетті.

Түрлі ғылыми əдебиеттер мен зерттеу жұмыстарының негізінде біз волонтерлік қызметке даярлау – бұл бірқатар факторлардың əсерінен қалыптасатын біріктірілген жаңа құрылым болып табылатындығына көз жеткіздік. Онда болашақ маманның қалыптасу үдерістерінің белсенділігі, волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде оқытушылардың жеке-бағдарланған қызметі, сол үдеріске даярлаудағы мұғалімнің қолайлы психологиялық ахуал жасауы жүзеге асырылды.

Волонтерлік қызметке даярлаудың нəтижелілігі біз əзірлеген педагогикалық шарттардың: волонтерлік қызметке даярлау үдерісінде студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруына жəрдемдесу, педагогикалық өзара іс-қимылды жеке мағыналармен толтыру, студенттерде жағымды «Мен- концепцияны» қалыптастыруға педагогикалық жəрдемдесу негізінде мүмкін болды.

Жүргізілген эксперименттік зерттеу волонтерлік қызметке даярлаудың біз анықтаған педагогикалық шарттардың нəтижелі екендігіне көз жеткізді. Олар: студенттің жауапкершілігінің жоғары деңгейі, студенттердің толеранттылығының дамуы, мұғалімдердің волонтерлік қызметке даярлау проблемасына құндылық қатынасын қалыптастырады.

Эксперименттік тексеру нəтижелері инклюзивті білім беру жағдайында жоғары оқу орнында студенттерді волонтерлік қызметке даярлаудың аталған педагогикалық шарттардың тиімділігіне қатысты алғашқы болжамның дəйектілігін растады. Əрбір шарттың дұрыс, тиімді екендігі дəлелденді, олар болашақ мамандардың кəсіби жəне жеке қалыптасуында бір-бірін толықтыра түспек.

Мақала материалдары ҚР БҒМ 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландырылатын жоба АР08856309 «Инклюзивті білім беру шеңберінде студенттердің волонтерлік қызметін ғылыми-əдістемелік сүйемелдеу» тақырыбы аясында дайындалды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. «Егемен Қазақстан» газетінің сайты [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://egemen.kz/article/220725- volonterlik-%E2 %80 %93-khalyqtynh-shynayy-bolmysy.
  2. Құрманбайұлы Ш. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі: 9000-ға жуық кірме сөздер / Ш.Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан, Г.Əлімбек, Г.Мамырбекова, Д.Боранбаев. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 112 б.
  3. Ожегов С.И. Толковый словарь русского языка: 80000 слов и фразеологических выражений. — 4-е изд., доп. / С.И.Ожегов, Н.Ю.Шведова. — М.: ИТИ технологии, 2003.
  4. Шакурова М.В. Методика и технология работы социального педагога: учеб. пос. для студ. высш. пед. учеб. зав. / М.В. Шакурова. — М.: Академия, 2002.
  5. Xu Y., Ngai N. (2011) Moral resources and political capital: Theorizing the relationship between voluntary service organizations and the development of civil society in China / Nonprofit and Voluntary Sector Quarterly. 40(2). Р. 247269.
  6. Wilson J. (2000) Volunteering / Annual Review of Sociology. № 26. Р. 215240.
  7. Екимова С.Г. Волонтерское движение в гуманитарном вузе / С.Г. Екимова // Высшее образование в России. — 2006. — № 12. — С. 92–97.
  8. Стеббинс Р.А. Свободное время: к оптимальному стилю досуга / Р.А. Стеббинс // Социологические исследования. — 2006. — № 7. — С. 64–72.
  9. Амбарова П.А. Управление временем в темпоральных стратегиях поведения социальных общностей: моногр. / П.А. Амбарова. — Екатеринбург: УрФУ, 2015. — 252 с.
  10. Арсеньева Т.Н. Психолого-педагогические основы разработки и внедрения инновационных проектов молодежного добровольчества / Т.Н. Арсеньева // Изв. Рос. гос. пед. ун-та им. А.И. Герцена. — 2010. — № 136. — С. 46–55.
  11. Козодаева Л.Ф. Добровольческая деятельность как основа воспитания нравственных качеств студенческой молодежи / Л.Ф. Козодаева // Вестн. Том. гос. ун-та. — 2010. — Вып. 11 (91). — С. 121–126.
  12. Черепанова Н.В. Социальное обучение в добровольческом движении: автореф. дис канд. пед. наук: 13.00.01 — «Общая педагогика, история педагогики и образования» / Н.В. Черепанова. — Ставрополь, 2006. — 31 с.
  13. Воронов В.В. Технология воспитания / В.В. Воронов. — М.: Школьная пресса, 2000. — 94 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.