Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ЖОО студенттерінің бұқаралық спортқа қызығушылығы мен салауатты өмір салты арасындағы қатынасты анықтау

Адамның ең басты байлығы – денсаулық. Кез келген мемлекеттің келешегі – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дəлелдеуді қажет етпейтін шындық. Адамның физиологиялық жағдайы жақсы деңгейде болу үшін сонымен қатар өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында салауатты өмір салтын ұстанып, дене жаттығуларымен айналысудың маңызы зор. «Бұқаралық спорт» ұғымын алғаш рет 1919 жылы Халықаралық олимпиада қозғалысының негізін қалаушы барон Пьер Де Кубертен ұсынды. Бұрынғы кезде спортпен бай жəне бос жүрген саяхатшылар айналысқан болатын. Буржуазиялықтар тарапынан қалыптасқан спортты, Кубертен əлемдік деңгейде айналысуды енгізуге 30 жыл бойы күш салды. Мақалада бұқаралық спорт федерациясы əзірлеген «Бұқаралық спорт сауалнамасы» (БС-2008), сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы(1999) тарапынан дайындалған «Салауатты өмір салты» шкаласының қысқартылған түрікше нұсқасы (WHOQOL-BREF-TR) қолданылды. Ғылыми зерттеу жұмысына Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласынан Гази университеті, əлемдік қала саналатын Түркияның аса ірі, басты портты қаласы, Ыстанбұл қаласынан Ыстанбұл университеті жəне экономикалық жағынан орташа-төмен саналатын Гүмүшхане қаласынан Гүмүшхане университетінің студенттері қатысты. Респонденттік мағлұмат формасы: Ғылыми зерттеу жұмысына қатысушы респонденттің жынысы, жасы, отбасы табысы, жеке кірісі жəне күнделікті бос уақыты сияқты мəліметтерінен құралған форма. Сауалнамаға арнайы іріктелмеген мамандықтар бойынша, жалпы саны 450 0ыз бала, 695 ер бала қатысты.

Кіріспе

Бұқаралық спорт – жалпы халықтық спорт түрі. Бұқара халықтың спортпен шұғылдануы, дене жаттығуларымен айналысуы халықтың денсаулығын жақсартып, өмір сүру деңгейінің жоғары болуына əсер етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет жəне жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту жəне типтік жобадағы дене шынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет», - деп айтқан болатын [1].

Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болғаннан кейін Еуропадағы жетекші спорттық газеттердің бірі «L'Auto»-да жарияланған мақалада: «Ататүрік əлемде бірінші рет дене тəрбиесін міндетті еткен мемлекет қайраткері болды. Ол мұны тек қағазбен сөйлеген сөзінде ғана емес, шын мəнінде де жасады. Бұқара халықтың спортпен шұғылдануы үшін стадиондар мен түрлі спорт орталықтарын тұрғызды. Ол мемлекеттік басқаруды өз қолына алған сəттен бастап, қоғамдық орындар мен халыққа арналған үйлерде спортпен айналысуға мүмкіндік жасала бастады. Түркияда спорттың маңызы артып, халқының спортқа деген бет бұрысы жоғарылай бастады...», - деп жазды [2].

Жоғарыда аттары аталған лидерлер, бауырлас халықтардың мемлекет ретінде дамуының негізін қалаған тұлғалар спорттың адам ағзасына тигізер пайдасын ескере отырып, бұқара халықтың спортпен шұғылдануына мемлекеттік қолдаудың маңызына ерекше мəн бергендіктерін байқауға болады.

Салауатты өмір салты (Quality of life, QOL) тұжырымдамасы – адам өмір сүретін мəдениет пен құндылықтар жүйесінде, олардың мақсаттары, үміттері, шарттары жəне мүдделерімен байланысты өмірдегі ұстанымдарын айқындайды. Бұл адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына, сеніміне, əлеуметтік жағдайына əсер ететін, қоғаммен байланысынан туындаған мəселелердің кең ауқымды жиынтығы [3].

Басқа бір анықтамада салауатты өмір салты, өмір сүру жағдайында адамның өмірінде кездесетін түрлі ауруларға жəне күнделікті жағдайда орын алатын физикалық, психикалық жəне əлеуметтік қиындықтардың əсерінен туындаған жағдай [4].

Салауатты өмір салты – өмірдегі талаптар мен адамдардың өмірлік ұстанымдарына сəйкес келе бермейтін, дегенмен де өмір сүруіне əсер етуші жағдайлардың көрсеткіші. Қандай да бір адамның өмір сүру сапасын жақсы деңгейге келтіру үшін, өмірдегі қажеттіліктерге барынша қол жеткізуіне мүмкіндік жасалу қажет. Адам өзі де уақытын дұрыс жоспарлап, үнемі бағалап отыруы да өте маңызды. Моральдық жəне мəдени құндылықтарын ескеріп, жаңа жетістіктерге ұмтылу қажет. Сонымен қатар өмірдегі келеңсіздіктерге мойымастан, қоғам жайлы жағымды пікір қалыптастыруға тырысу керек. Сондай-ақ, адамдар өзін-өзі жетілдіруді баста назарда ұстауы қажет, алайда өзінің жəне жақындарының психологиялық жəне физикалық денсаулығына мұқият назар аударуы өте маңызды [5].

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы түрлі жағдайларды тізбектей келе, негізгі екі факторға бөліп қарастыруға болады. Олар салауатты өмір салтын төмендететін жəне жоғарылататын факторлар.

1 Салауатты өмір салтын төмендететін факторлар:

  • Физикалық өзгеріс;
  • Жеке күтімнің жəне күнделікті айналысатын түрлі шаралардың болмауы;
  • Жыныстық жағдайдың бұзылуы;
  • Негізгі қажеттіліктердің жеткіліксіздігі;
  • Үнемі шаршау;
  • Болашаққа үнемі алаңдаушылық;
  • Созылмалы емес денсаулыққа қатысты проблемалар;
  • Созылмалы денсаулық мəселелері жəне өмірдегі келеңсіздіктер;
  • Қолдау механизмінің болмауы.

2 Салауатты өмір салтын арттыратын факторлар:

Бұл үшін жеке тұлға:

  • Айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынаста болу;
  • Экономикалық жəне əлеуметтік кепілдік;
  • Бас бостандығының болуы;
  • Жеке басының қажеттіліктеріне қол жетімділігінің болуы;
  • Басқалардың құрметіне ие болу;
  • Өмірді мəнді де белсенді өткізу;
  • Жеке өмірінің құпиялығына назар аудару;
  • Өзін-өзі түсіндіре білу;
  • Əр түрлі жағдаяттарға шығармашылық тұлға ретінде қарау;
  • Өзіне деген сенімсіздіктің болмауы;
  • Бейбіт, сеніммен өмір сүруге қабілетті жəне жеке құндылықтарды құрметтеу керек [6].

Зерттеу əдістері

Салауатты өмір салты шкаласы (өлшем) (СӨС): Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан əзірленген 100 сұрақтан (WHOQOL-100) құралған болатын. Аталмыш шкаланың түрік тіліндегі қысқаша 27 сұрақтық нұсқасын (СӨС-27) Фиданер жəне Бехчед (1999) əзірледі [7]. Осы шкала салауатты өмір салтын айқындайтын төрт түрлі фактордан тұрады. Бұл факторлар: денсаулық жағдайы, психологиялық жағдай, əлеуметтік қатынастар, қоғамдық орта. Төрт бағыттағы ұпайлар 420 аралығында есептеледі. Ұпай неғұрлым жоғары болса, қатысушының салуатты өмір салты деңгейі соғұрлым жоғары деген статистикаға қол жеткізе аламыз [8].

Бұқаралық спорт сауалнамасы (БС-2008): Бұқаралық спорт федерациясының əзірлеген сауалнамасы. Сауалнама жалпы саны 10 сұрақтан құралған. Жауаптары 1-толығымен келісемін, 5- мүлдем келіспеймін аралығында дайындалған.

Респонденттердің демографиялық сипаттамаларына сəйкес, салауатты өмір салты мен бұқаралық спортқа қызығу деңгейлері арасындағы ерекшеліктерді анықтау мақсатында t-Test-і, ал салауатты өмір салты мен бұқаралық спортқа қызығу деңгейлері арасындағы байланысты зерттеу үшін кореляция анализі қолданылды.

Ғылыми зерттеу жұмысына қатысушылардан жиналған мағлұматтар SPSS бағдарламасында талданып, кестелер түрінде енгізілді жəне талдау жасалынды.

Зерттеу нəтижелері мен талқылау

Мəліметтерді талқылау кезінде, деректер жиілігін жеке ақпараттың сипаттамалық статистикалық əдістері (n), пайыз (%), орташа арифметикалық (х) жəне орташа ауытқу (Ss) мəндері алынды.

Респонденттердің бұқаралық спортқа қызығушылығы мен салауатты өмір салты факторларының орташа көрсеткіші, жыныстық ерекшеліктері тұрғысынан талдау кезінде статистикалық мəнді айырмашылық анықталмады [T(437)= ,982: ,650: ,382: ,258: ,730: ,262; p>0.05] (Кесте 1).

Кесте 1

Респонденттердің жыныстық ерекшеліктері бойынша бұқаралық спортқа қызығушылығы мен салауатты өмір салты арасындағы тəуелсіз t-Test-і сынамасының нəтижелері

 

Жынысы

N

X

Ss

t

sd

p

Бұқаралық спорт

Əйел

450

3,5733

,67262

1,242

437

,982

Ер

695

3,4899

,67165

               

Денсаулық жағдайы

Əйел

450

3,5516

,73231

-,104

437

,650

Ер

695

3,5599

,82685

               

Физикалық жағдай

Əйел

450

3,1946

,82685

,727

437

,382

Ер

695

3,1526

,58763

               

Психологиялық жағдай

Əйел

450

3,1526

,60478

,672

437

,258

Ер

695

3,4056

,63998

               

Қоғамдық орта

Əйел

450

3,3498

,56991

-,527

437

,730

Ер

695

3,3803

,58308

               

Əлеуметтік қатынастар

Əйел

450

3,5613

,90434

,727

437

,262

Ер

695

3,4930

,96073

Төмендегі кестеде көрсетілгендей, респонденттердің жас ерекшелігі мен салауатты өмір салты факторлары арасындағы қатынасты талдау кезінде, мəнді байланыс анықталмады [r = -,058: -,055: - ,033: -,033: -,043; p>0,00] (Кесте 2).

Кесте 2

Респонденттердің жас ерекшелігі мен салауатты өмір салты факторлары арасындағы қатынастың нəтижелері

 

Денсаулық жағдайы

Физикалық жағдай

Психологиялық жағдай

Қоғамдық орта

Əлеуметтік қатынастар

Жас ерекшелігі

-,058

-,055

-,033

-,033

-,043

Респонденттердің отбасы табысы мен салауатты өмір салты факторлары арасындағы қатынасты талдау кезінде, тек қана денсаулық жағдайы [r = ,118; p<0,00] төменгі көрсеткішінде статистикалық оң мəнді қатынастардың төмен деңгейі анықталды (Кесте 3).

Кесте 3

Респонденттердің отбасы табысы ерекшелігі мен салауатты өмір салты
факторлары арасындағы қатынастың нəтижелері

 

Денсаулық жағдайы

Физикалық жағдай

Психология- лық жағдай

Қоғам- дық орта

Əлеуметтік қатынастар

Отбасы табысы

Денсаулық жағдайы

1

         

Физикалық жағдай

-,443**

1

       

Психологиялық жағдай

-,483**

-,571**

1

     

Қоғамдық орта

-,545**

-,641**

-,638**

1

   

Əлеуметтік қатынастар

-,228**

-,172**

-,225**

-,195**

1

 

Отбасы табысы

-,118*

-,008

-,029

-,052

-,016

1

Респонденттердің жеке табысы мен салауатты өмір салты факторлары арасындағы қатынасты талдау кезінде, статистикалық мəнді қатынас анықталмады [r = -,067: -,013: -,074: -,056: -,023; p>0,00] (Кесте 4).

Кесте 4

Респонденттердің жеке табысы ерекшелігі мен салауатты өмір салты
факторлары арасындағы қатынастың нəтижелері

 

Денсаулық жағдайы

Физикалық жағдай

Психология- лық жағдай

Қоғамдық орта

Əлеуметтік қатынастар

Жеке табысы

Денсаулық жағдайы

1

         

Физикалық жағдай

-,443**

1

       

Психологиялық жағдай

-,483**

-,571**

1

     

Қоғамдық орта

-,545**

-,641**

-,638**

1

   

Əлеуметтік қатынастар

-,228**

-,172**

-,225**

-,195**

1

 

Жеке табысы

-,067

-,013

-,074

-,056

-,023

1

Респонденттердің жасы, отбасы табысы, жеке табысы жəне күндік бос уақыты ерекшеліктері мен бұқаралық спортқа қызығушылығы арасындағы қатынасты талдау кезінде, статистикалық мəнді қатынас анықталмады [r = -,061: -,041: -,071: -,039; p>0,00] (Кесте 5).

Кесте 5

Респонденттердің жасы, отбасы табысы, жеке табысы жəне күндік бос уақыты ерекшеліктері мен
бұқаралық спортқа қызығушылығы арасындағы қатынастың нəтижелері

 

Бұқаралық спортқа қызығушылығы

Жасы

-,061

Отбасы табысы

-,041

Жеке табысы

-,071

Күндік бос уақыты

-,039

Төмендегі кестеде көрсетілгендей, салауатты өмір салты факторларының төменгі көрсеткіштері мен бұқаралық спортқа қызығушылығы арасындағы қатынасты талдау кезінде респонденттердің физикалық жағдайының [r = ,260; p<0,00] төменгі көрсеткішінде, төменгі деңгейдегі оң мəнді байланыс, денсаулық жағдайы [r = ,327; p<0,00], психологиялық жағдай [r = ,315; p<0,00], қоғамдық орта [r = ,327; p<0,00] жəне əлеуметтік қатынастар [r = ,381; p<0,00] төменгі көрсеткіштерінде статистикалық тұрғыда орта деңгейдегі оң мəнді қатынас анықталды (Кесте 6).

Кесте 6

Респонденттердің салауатты өмір салты факторлары мен бұқаралық
спортқа қызығушылығы арасындағы байланыстың нəтижелері

 

Бұқаралық спортқа қызығу

Денсаулық жағдайы

Физикалық жағдай

Психологиялық жағдай

Қоғам- дық орта

Əлеуметтік қатынастар

Бұқаралық спортқа қызығу

1

         

Денсаулық жағдайы

-,327**

1

       

Физикалық жағдай

-,260**

-,443**

1

     

Психология-лық жағдай

-,315**

-,483**

-,571**

1

   

Қоғамдық орта

-,327**

-,545**

-,641**

-,638**

1

 

Əлеуметтік қатынастар

-,381**

-,228**

-,172**

-,225**

-,195**

1

Қорытынды

Анализдік талдау нəтижесінде Гази, Ыстанбұл, Гүмүшхане университеті студенттерінің қатысуымен өткізілген зерттеуде салауатты өмір салты жəне бұқаралық спорт терминдерінің өзара тығыз байланысы анықталды. Респонденттердің бұқаралық спортпен айналысу көрсеткіші жоғары болған сайын, салауатты өмір салты деңгейі де соғұрлым жоғарылайтындығы анықталды. Шын мəнінде де бұқара халықтың спортпен шұғылдануы жəне дене жаттығуымен айналысуы адамның өмір сүру сапасының артуына, денсаулығының жақсы болуына əсер етеді.

Соңғы кездерде «семіздік», «өмір сапасы», «адамның өмір сүру жасы» сияқты тақырыптарға əлем назарын аударып отыр. Осыған сəйкес, ғылыми зерттеу институттары мен ғалымдар аталмыш тақырыптар төңірегінде көптеген зерттеулер жүргізуде. Бірақ кез келген адам салауатты өмір салтын қалыптасыруды өзінен, отбасынан жəне қоғамдық ортасынан бастау керек.

Бүгінгі қоғамда, əсіресе жастар арасында зорлық-зомбылық, кісі өлтіру, ұрлық, мектептен алыстау, жалқаулық, семіздік, бақытсыздық, темекіге əуестік, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау сынды т.б. тұлғаның дамуы мен өмір сүру сапасына кері əсерін тигізетін зардаптар көбейіп барады. Аталмыш зиянды əдеттерден арылудың тиімді жолы спортпен шұғылдану жəне тұрақты дене жаттығуымен айналысу.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауы / Н.Ə. Назарбаев. — Астана. — 2012. — желтоқсан.
  2. Bora, S. Şehir ve köydeki yaşam kalitesinin farklığı / Gençlik spor dergisi. — 2014. — № 11. — S. 10.
  3. World Health Organization. The world health organızatıon qualıty of lıfe ınstruments (The whoqol-100 and the whoqol-bref). (1997). Whoqol Measuring Quality of Life, Programme on Mental Health Division of Mental Health and Prevention of Substance Abuse.
  4. Güler, D. Mastalji, Yaşam Kalitesi ve Depresyon. Uzmanlık Tezi, Sağlık Bakanlığı Şişli Etfal ve Araştırma Hastanesi, Aile Hekimliği / Güler, D. — İstanbul, 2006. — 64–65 s.
  5. İlker, B. Üniversite Öğrencilerinde Fiziksel Aktivite ve Kalp Atım Hızı Değişkenliği ile Sağlıklı Yaşam Davranışı ve Yaşam Kalitesinin İncelenmesi // B. İlker. — Manisa, Türkiye, 2017. — 17 s.
  6. Erkıral C. Hemşirelerin Yaşam Kalitesini Etkileyen Faktörlerin Belirlenmesi / Haliç Üniversitesi Sağlık Bilimleri Enstitüsü Yüksek Lisans Tezi / C. Erkıral. — İstanbul, 2014. — 16 s.
  7. Fidaner H. Psychometric properties of WHOQOL-100 and WHOQOL-BREF / H. Fidaner / 3Р Journal. — 1999. — 2, № 7. — 23–40.
  8. Oliver M. WHOQOL-Bref. University of Washington Seattle, United States of America / M. Oliver // United States Version. — 1997. — 5–31.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.