Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларының информатиканы оқытуда когнитивті қабілеттерін арттыру

Мақалада информатиканы оқыту процесінде негізгі сабақпен қатар, сабақтан тыс уақытта оқушының өз қабілетін мүмкіндігінше толық ашуға көмектесетін шығармашылық ізденіс атмосферасын құру мəселесі талқыланды. Оқыту формасының түрлеріне сипаттама берілді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға бағытталған отандық нормативтік-құқықтық базасына кіретін құжаттар көрсетілді. Еліміздегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар туралы сандық көрсеткіш аталып өтілді. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың оқу процесінде жан-жақты қабілеттерін арттыруға, оларды қолдау мен танымдық қабілеттерін жақсарту үшін қолданылатын əртүрлі көмекші технологиялар сипатталған. Сонымен қатар, мақалада шетелдік ғалымдардың есту қабілеті нашар оқушыларға информатика пəнін оқыту үшін жасаған жұмыстарына шолу жасалды. Оқыту түрлерінің ішіндегі факультатив сабақтар арқылы оқушының когнитивті қабілеттерін арттыру үшін мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде есту қабілеті нашар оқушылардың когнитивті қабілеттерін арттыру, оқушының психологиялық ерекшеліктеріне негізделе отырып, бейімделген қосымша оқыту бағдарламаларын 4 модуль бойынша құрастырып, оның ішкі құрылымын сипаттау мақаланың негізгі талданатын мақсаты болып табылады. Авторлар мақалада информатика пəні бойынша құрастырылған факультативті курсты оқыту кезіндегі заманауи инновациялық оқыту технологиялары мен əдістерін баяндаған.

Кіріспе

Мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларын қоғамға бейімдеу, олардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасау, шығармашылық қабілетін шыңдауға жол ашу, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде кіріктіру мəселесі қазіргі кезде дүниежүзінің көптеген елдерінде қарқынды жасалынып отырған маңызды жұмыстардың бірі ретінде санауға болады

Біздің елімізде осы маңызды мəселе бойынша да мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөліп келе жатыр. Оған дəлел ретінде: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің жəне қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл əлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы кəсіпорындарында жұмыс істей алады», - деп мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп, олардың оқып-білім алуына, еңбек етуіне мүмкіндік туғызу керек екендігіне баса назар аударады [1].

«Білім туралы» ҚР Заңының 3-бабының 1, 2-тармақтары: Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; əрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық жəне жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады [2].

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң;
  • Кемтар балаларды əлеуметтiк жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заң, 2002 жыл, 11 шілде;
  • Қазақстан Республикасында мүгедектердi əлеуметтiк қорғау туралы Заң;
  • Арнаулы əлеуметтік қызметтер туралы Заң;
  • Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тəрбие қызметін ұйымдастыру. Көрсетілген заңнама мен құжатта мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары туралы айтылған.

Негізгі бөлім

Инклюзивті білім беру процесінде орын алатын бірнеше проблемаларды атап өткен жөн. Оларға оқыту əдістері мен техникалық базаның жеткіліксіздігі, педагог кадрлардың дайындығын арттыру мəселелері, қоғамдық көзқарастың кері тұстарыда жатады. Дамуында ерекшеліктері жоқ балалардың ата-аналарының көбісі мұндай оқытудың нəтижесінде өз балаларының бағдарламаны қабылдауында артта қалушылық болады деп қорқады. Ал мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары өздерінің балалары басынан кешіретін психологиялық ыңғайсыздықтан, əлеуметтік острацизмнен (мазақ ету, қорлау) қорқады. Сондықтан мектеп оқушыларының екеуінің де ата-аналары əлеуметтік психологтардың қосымша жұмысын талап етеді, олар балалардың бірлескен біліміне қолдау көрсететін жəне бірлескен қатынасты қалыптастыратын болады. Яғни, ата-аналарды қоғамды дамытудың ұқсас гуманистік стратегиясын жүзеге асыруға ынталандыру қажеттілігі туындайды.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды орта мектептерде бейімдеу мамандандырылған мекемелерге қарағанда жақсырақ, өйткені балалар сол жерде əлеуметтік тəжірибе алады. Сонымен қатар, дені сау балалар ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге оқи отырып, толеранттылық пен жауапкершілікті дамытады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 139 887 адам ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар болып табылады. Оның ішінде 37970-і - мектепке дейінгі балалар, 95497-і - орта білім беру ұйымдарының студенттері, 2900-і - ТжКБ-де білім алушылар, 3520-і - жоғары оқу орындарында оқуда [3]. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар үшін елімізде мына түрлерге байланысты оқыту бағдарламалары жасалынған:

  1. мүлде естімейтіндер
  2. нашар еститіндер
  3. көру қабілеті бұзылған
  4. тірек-қимыл аппараты бұзылған
  5. сөйлеу қабілеті бұзылған
  6. интеллект бұзылған

Мақалада есту қабілеті бұзылған балаларға информатиканы оқыту проблемаларын қарастырамыз. Есту функциясының бұзылуы кейбір маңызды ақпараттарды қабылдау деңгейін төмендетеді. Есту қабілеті нашар оқушыларда деректерді өз бетінше қабылдау жылдамдығы азаяды, жаңа сабақтағы күрделі материалдарды баяу қабылдайды, бұл есте сақтау процестерінің нашарлауына, түсініксіз қабылдаудың, фрагментацияның, схематизмнің, жалпылаудың жəне вербализмнің төмен деңгейіне, зерттелетін материалды жеткіліксіз түсінуге əкеледі жəне сөйлеу əрекетіндегі ақауларға əсерін береді. Компьютерлік технологиялар дамыған сайын, есту қабілеті бұзылған білім алушыларға ақпарат берудің электронды түрі қолжетімді болады, осылайша адаптивті компьютерлік программалардың маңыздылығы артады.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға информатика пəнін оқыту бойынша шетелдік ғалымдардың еңбектеріне тоқталатын болсақ, Meenakshi Das Daniela, Marghitu Fatemeh Jamshidi, АҚШ Auburn University ғалымдарының «К-12 есту қабілеті бұзылған білім алушыларға арналған қолжетімді информатика» атты мақаласында естімейтін жəне нашар еститін оқушылар үшін блокқа негізделген кодтау арқылы роботтарды құрастыруға баулу жолдары көрсетілген. Мұнда оқушыларға ASL (American Sign Language), яғни америкалық ым-ишара тілін қолдану негізінде веб қосымша даярланған. Түсіндіру кезінде веб-қосымша субтитрленген бейне мазмұнынан, баламалы мəтінмен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, нашар еститін оқушыларда қалдық есту қабілеті болғандықтан аудиоконтент орналасқан. Кері байланыс үшін веб-қосымшада визуалды негізделген кері байланыс алу қарастырылған [4].

Ал Сауд Арабиясының King Abdulaziz университетінің ғалымдары Nihal Esam Abuzinadah жəне Areej Abbas Malibari «Towards Empowering Hearing Impaired Students' Skills in Computing and Technology» «Есту қабілеті нашар білім алушылардың есептеуіш техникадағы дағдыларын күшейту жолы» атты еңбектерінде оқушылар қолданбалы ғылымдар саласында, оның ішінде компьютерлік ғылымдар саласында өздерінің мүмкіншіліктерін арттыру бойынша жұмыстар атқарған. Бұл еңбекте авторлар аватарға негізделген табиғи араб ым-ишара тілі жүйесін қолдану арқылы білім алушыларға компьютер ғылымдарына бағытталған білім алуға мүмкіндік беретінін атап өткен. Яғни, оқытушылар Learning Content Management System (LCMS) жүйесін қолдану арқылы ым-ишара тілін білмесе де есту қабілеті нашар оқушыларға курстар құра алатынын сипаттаған [5].

Енді мүмкіншілігі шектеулі білім алушыларға арналған көмекші технологиялар туралы айтып өтсек. Көмекші технология – мүмкіндігі шектеулі оқушының қабілеттерін арттыру, қолдау немесе жақсарту үшін қолданылатын құрылғылар мен қызметтерге қатысты жəне арнайы білім беруші мамандар жетіспеген жағдайда да қолданылады. "Көмекші технологиялар" тіркесі бізді компьютерлер мен компьютерленген құрылғылар туралы ойлауға мəжбүр етуі мүмкін, бірақ көмекші технологиялар да төмен технология болуы мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға көмектесетін көмекші технологияларға мəтінді сөйлеуге түрлендіруді қамтамасыз ететін компьютерлік бағдарламалар мен планшеттік қосымшалар кіреді (мысалы, Kurzweil 3000) жəне керісінше сөйлеуді мəтінге айналдыру (Dragon Naturally Speaking), сөздерді болжау мүмкіндігі (WordQ) мен графикалық ұйымдастырушыларды (Inspiration) жатқызамыз. Басқа технологиялармен салыстырғанда, көмекші технологиялар мүмкіндігі шектеулі оқушыларға жеке оқу жоспарларында көрсетілген мақсаттарға жетуге көмектесу арқылы айтарлықтай əсер етеді.

Графикалық ұйымдастырушылар оқушыларға жазу процесінде өз ойларын жүйелеуге көмектесуде тиімді бола алады. Көмекші технология ретінде графикалық ұйымдастырушылар дисграфиясы немесе жазбаша сөйлеу қабілеті бұзылған оқушылар үшін, əсіресе жазудың тұжырымдамалық аспектілері үшін жақсы таңдау бола алады. Мысал ретінде, Drаft: Buіldеr технологиясын атауға болады. Draft: Builder — бұл жазу процесін үш кезеңге бөлу үшін эскиздер, жазбалар жəне жобалар жасау функцияларын біріктіретін жазу құралы. Графикалық ұйымдастырушыны қолдана отырып, бағдарлама оқушыға жобаны елестетуге жəне ақпаратты бүкіл процесті тұжырымдамай-ақ, қажетті жерге енгізуге көмектеседі. Содан кейін ол мақала құру процесін автоматтандырады, онда білім алушы əр жазбада жазылғандарды жобаға апара алады. Басқа функцияларға сөйлеу кезінде мəтін технологиясын, библиография құралын, сөздікті жəне мұғалімдерге қосымша нұсқаулар алу үшін бағдарламаға бұғатталған мəтінді қосу мүмкіндігін қолданатын сөйлеу емлесін тексеру кіреді. Осыған ұқсас Ginger технологиясы дислексиямен қиындығы бар білім алушыларға жəне жазуды үйренудің басқа да бұзылыстарына көмектесетін бірнеше мүмкіндіктерді ұсынады. Мүмкіндіктерге мыналар кіреді:

  • кез келген қателерді немесе емле қателерін анықтау үшін контексті талдайтын грамматикалық тексеру құралы. Сөздерді болжау жəне сөйлемдерді қайта жазу құралдары;
  • функционалдығы жағынан оқушылар не жазғанын ести алады;
  • терушінің өткен қателіктері негізінде практикалық сабақтар өткізетін жеке жаттықтырушыда бола алады.

Есту қабілетінің əртүрлі жүйелері немесе есту қабілетінің қосалқы технологиялары мүлде естімейтін немесе есту қабілеті нашар оқушыларға, сондай-ақ есту мен оқуда басқа проблемалары бар оқушыларға көмектесе алады. Есту аппараттары мен кохлеарлық импланттардың немесе осы құралдарды қажет етпейтін, бірақ əлі де есту көмегіне мұқтаж балалардың қолжетімділігін арттыру жəне тиімділігін арттыру үшін көмекші есту жүйелерін қолдануға болады. Көмекші тыңдау жүйелері дыбысты құлаққа түсіру жəне беру үшін микрофон, тарату технологиясы жəне құрылғыны пайдаланады. Жүйеде қолданылатын нақты тарату технологиясы, əдетте, көмекші тыңдау жүйесінің бір түрін екіншісінен ажыратады. Мүлде естімейтін жəне қалдық есту қабілеті бар адамдарға өз құрылғыларынан барынша пайда алуға мүмкіндік беретін смартфондарға арналған көптеген қосымшалар жасалуда. Бұл қосымшалар бейне роликтерге, кино фильмдерге субтитрлер беру арқылы жұмыс істейді, олар естуінде проблемасы жоқ тұлғалар мен қалдық есту қабілеті бар жəне мүлде естімейтін адамдар арасындағы коммуникацияға ықпалын бере алады.

Əртүрлі технологиялар мен құралдар қатарында есептеуден қиыншылықтары бар оқушыларға дискалькулия деп аталатын оқу қабілеті бұзылған кезде жиі көмектеседі. Дискалькулия сандарды түсінудің қиындауы жəне есептеу саласында жалпы түсініктің болмауымен сипатталады. Осындай қиыншылықтарға көмекші технологиялар қатарына: Маth Tооls, МаthTаlk секілді технологияларды жатқызамыз. Мaтемaтикадағы көмекші технологиялар тек дискaлькулиясы бар адамдарға ғана арналмаған. Сондай-ақ, ол соқырлықпен, ұсақ моторикамен немесе мүгедектіктің басқа түрімен ауыратын адамдарға есептеумен байланысты жұмысты орындауға көмектеседі.

Келесі технология Videо Relаy Sеrvicе қосымшасы нашар еститіндерге теру қажеттілігінсіз сөйлесуге мүмкіндік береді. Оның орнына қоңыраулар смартфонның бейне мүмкіндіктері мен ымдау тілін қолдана отырып жасалуы немесе қабылдануы мүмкін. Қажет болса, кейбір бағдарламалар пайдаланушыны ымдау тілін білетін жəне олармен өзара əрекеттесе алатын аудармашыға қосуы мүмкін.

Информатиканы оқытудың дəстүрлі əдістемесі аясында мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларын оның ішінде есту қабілеті нашар оқушылардың негізгі білім беру бағдарламаларынан бөлек когнитивті ойлауын дамыту мақсатында факультативті курстар арқылы жаңа материалдарды меңгеру мен оны болашақ өмірінде пайдалы болатындай қолдана алуға баулу өте маңызды.

Когнитивті ойлауды дамыту бұл – ойлау процесінің барлық түрін дамыту, атап айтқанда:

  • қабылдау;
  • есте сақтау;
  • түсініктерін қалыптастыру;
  • тапсырмаларды шешу;
  • қиялдау, елестету;
  • логика.

Когнитивті ойлау жаңа бейнелерді құру мен көру нысандарын құруға бағытталған визуалды дүниелермен тікелей байланысты [6].

Біздің жұмыстағы есту қабілеті нашар мектеп оқушыларының когнитивті ойлауын дамытуға бағытталған информатика пəні бойынша факультативті курстың мазмұнына тоқталсақ. Ең алдымен курсты құру кезіндегі қолданылатын инновациялық оқыту əдістері туралы баяндасақ. Жалпы инновациялық оқыту əдістерінің жіктелуі төмендегідей:

  1. Оқу-танымдық іс-əрекеттері тұрғысынан: имитациялық жəне имитациялық емес деп екіге бөліп ажыратамыз. Имитациялыққа:
  • Case-study;
  • ШЗДТ (ТРИЗ);
  • Оқу ойындары;
  • Іс-əрекет ойындары;

Ал имитациялық емес оқыту түріне:

  • проблемалық дəріс, жұптық дəріс, пресс-конференция дəрісі, алдын ала жоспарланған қателіктері бар дəріс;
  • зертханалық жұмыс;
  • семинарлар, пікірталас;
  1. Интерактивті оқыту технологияларының негізгі түрлері:
  • шағын топта жұмыс жасау;
  • жобалық технология;
  • арнайы жағдаяттарға талдау;
  • рольдік жəне іс-əрекеттік ойындар;
  • модульдік оқыту;
  • контекстік оқыту;
  • сыни ойлауын дамыту;
  • проблемалық оқыту;
  • жеке оқыту;
  • пəнаралық байланыс;
  • тəжірибе негізінде оқыту.

Дамуында ерекшеліктері бар оқушылардың тұлғалық дамуын арттыруға ықпалын тигізетін жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту технологиясын ерекше атауға болады. Дамыта оқытудың теориясының бастауында Ж. Пиаже, Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьев жəне т.б. ғалымдар бар жəне басқа ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапқан. Дамыта оқыту – оқушының оқу, білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.

Факультативті курсымызда қолданылатын оқыту технологиясы ретінде – модульдік оқытуды алдық. Модульдік оқыту – оқытудың мазмұны мен оқушылардың танымдық іс-əрекетін ұйымдастыруды қамтитын оқу бағдарламасының құрылымдық бөлігі.

Модульдік технологияға негізделген принциптер:

  • белсенділік;
  • икемділік;
  • мұғалім мен оқушылардың үнемі кері байланысы;
  • оқушының белсенді рөлі;
  • мұғалімнің жаңа рөлі.

Модульді оқытуда бағдарламаларды құру кезінде бірнеше модульдерге бөлінеді, əр модульдің өзінің оқу элементтері болады (кесте 1). Барлық модульдік оқу материалдарына мыналар кіреді:

  • бағдарлау бөлімі (мақсат, міндет, қолданылатын ресурстар жəне т.б.);
  • мазмұны бөлігі (əр тақырып бойынша);
  • диагностикалық бөлім (үлгерімді тексеру қалай жүзеге асырылады);
  • рефлексиялық бөлім (оқу материалдарымен жұмыс нəтижелері арқылы оқушының өзін-өзі бағалауы).

Кесте 1

Модульдік бағдарламаны құру принципі

Біздің жағдайда факультативті курсымыз төрт модульден тұрады (1-кесте):

  • Модуль 1. Компьютерлік графика жəне 3D модельдеу;
  • Модуль 2. Мобильді қосымша құру;
  • Модуль 3. Программалау;
  • Модуль 4. IT жобалар.

Компьютерлік графика жəне 3D модельдеу модулінде оқушылар: компьютерлік графика ұғымына түсініктеме алады, түрлері, қолданыс аймақтары, маңызы, компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программалармен танысып, 3D модельдеуге мүмкіндік алады. Sweet Home 3D модельдеу ортасында үйдің моделін құрастырып, программаның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, шығармашылық қабілеттерін арттыра алады.

Sweet Home 3D-интерьерді модельдеуге, тұрғын үй кеңістігін сəулеттік визуализациялауға жəне үй жоспарына арналған тегін компьютерлік бағдарлама. Мүмкіншіліктері:

  • екі жəне үшөлшемді жоспарлар;
  • фондық суреттердің BMP, GIF, PNG, JPEG форматын импорттау;
  • жоспарды SVG жəне PDF форматында экспорттау;
  • жобаның интерьерін графикалық жəне видео файл түрінде демонстрациялау;
  • дайын жиһаздардың каталогтары кіріктірілген;

Графикалық редакторлармен жұмысты қолдану нəтижесінде оқушылардың тек шығармашылық даму деңгейі ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық даму деңгейі мен өзін-өзі бағалау деңгейі жоғарылайды. Жаңа əдістерді қолдану жəне графикалық редакторлармен дамытушылық жұмыс балалардың шығармашылық жəне интеллектуалды даму деңгейін жоғарылатады, сонымен қатар жеке өзін-өзі бағалауды, өзін-өзі құрметтеуі артады.

Мобильді қосымшаларды құру модулінде: мобильді технологиялар мен қосымшалардың бастауы мен тарихына шолу жасап, əртүрлі қызықты фактілер мен мобильді қосымшалардың құрастырылу жолдарымен танысады. Сонымен қатар, мектеп жасындағы оқушыларға арналған Thunkable мобильді қосымша құру ортасын пайдала отырып, мобильді операциялық жүйелердің кең таралған түрлері Android пен iOS-қа арналған шағын қосымшаларды өз бетінше құруға мүмкіндік алады.

Thunkable ортасында блоктарды қолдана отырып, визуалды бағдарламалау жасалынады, егерде қолданушы қалауы бойынша, мəтіндік бағдарламалауды да қолдануға болады, мысалы, əсіресе Web Viewer жəне URI деректер компонентімен жұмыс жасау кезінде. Қосымшаны құрудан, атын өзгертуден, көшіруден, жоюдан жəне тірі көруден басқа, оны App Store-да жариялауға болады.

Программалау модулінде: оқушылар алгоритмдік ойлау дағдыларын арттырады. Бұл модульде Python программалау тілінде жұмыс жасайды. Программалау тілінің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, өздерінің шағын жобаларын құрастырады.

Ең соңғы IT жобалар модулінде: оқушылар мультимедиялық презентация жасауға мұмкіндік беретін программалар арқылы жұппен, топпен бірлесе отырып: өздерінің қиялындағы смарт құрылғылардың моделін, өзінің тұрғылықты жерінің смарт жобасын құрастырып, оны таныстырады. Осы модульде оқушылар: сөйлеу қабілетін, когнитивті дамытудың бір негізі қиялын арттыруға, бір- бірімен тығыз жұмыс жасауға үлкен мүмкіншілік алады.

Осы құрастырылған факультативті курсты қашықтықтан оқуға мүмкіншілік беру мақсатында ақпараттық білім беру ортасы ретінде жүйе құрастырылды. Бұл ортада мұғалімдер мен оқушылар үшін барлық дидактикалық, оқу-əдістемелік материалдар орналасқан (сурет 1). «Мұғалімге» деген бөлімде əр модуль бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспар, əдістемелік нұсқаулықтар, дайын сабақ жоспарлары жəне қосымша тапсырмалар жиынтықтарымен қамтамасыз етіледі. Ал «оқушылар» бөлімінде барлық модульдер бойынша теориялық жəне практикалық түсіндірмелер, оқушы ерекшелігіне байланысты бейімделген бейне сабақтар жəне қызықты тапсырмалар жиынтығынан тұрады. «Қызықты ақпарат» бөлімінде оқушыларға IT саласындағы əртүрлі қызықты мəліметтерге толы мақалалар ұсынылады. «Анықтама» бөлімінде глоссарийлер, сабаққа қажетті программаларды орнату үшін керекті сілтемелер мен информатика терминдерінің қазақ тіліндегі ым-ишара түріндегі түсіндірмелі сөздігі орналасқан.

Сурет 1. Ақпараттық білім беру ортасы

Қорытынды

Қорыта келгенде, осы факультативті курс арқылы оқушылар нақты өнімдерді жасауға бағытталады. Оқушылардың сабақта қызығушылықтарын арттыру үшін сабақ кезінде мадақтаудың əртүрлі түрлері кең қолданылады: шағын мадақтау қағаздары, ашық хаттар, дипломдар, эмоционалды ауызша мақтау жəне т.б.

Осы құрастырылған факультативті курс нəтижесінде мына нəтижелерді аламыз:

  • шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • стандартты емес ойлауды дамыту;
  • заманауи компьютерлік программалармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру;
  • оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, білімін одан əрі жалғастыруға дайындау.
  • топтық жəне жеке оқыту формаларын тиімді ұйымдастырылады.

Мектептегі информатика пəнінен факультативті курсты ұйымдастыру арқылы компьютерлік графиканы, программалауды жəне қазіргі кездегі ең маңызды сала мобильді қосымшаларды құру жолдарын оқытуда есту қабілеті нашар оқушыларға арналған оқыту процесінің ерекшеліктерін зерттеу мен информатиканы оқыту əдістемесіне талдау жасауға мүмкіндік беретін технологиялардың формаларын, əдістерін жəне құралдарын анықтауға мүмкіндік беріп, оқытудың қажетті нəтижелеріне жетуді толығымен қамтамасыз етеді.

Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (Грант №AP09057872).

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400002014
  2. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
  3. Инклюзивное образование — вклад в будущее страны [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://bilimdinews.kz/? p=128542
  4. Das M. Accessible Computer Science for K-12 Students with Hearing Impairments. In: Antona M., Stephanidis C. (eds) Universal Access in Human-Computer Interaction [Electronic resource] / M. Das, D. Marghitu, F. Jamshidi, M. Mandala, A. Howard // Applications and Practice. HCII 2020. Lecture Notes in Computer Science. — 2020. — Vol 12189. — Springer, Cham. — Access mode: https://doi.org/10.1007/978–3-030–49108–6_13.
  5. Nihal E.A., Areej A. M., Paul K., «Towards Empowering Hearing Impaired Students' Skills in Computing and Technology» [Electronic resource] / E.A. Nihal, A.M.Areej, K. Paul // International Journal of Advanced Computer Science and Applications (IJACSA). — 2017. — 8(1). — Access mode: http://dx.doi.org/10.14569/IJACSA.2017.080116.
  6. Uma G. Soman Cognitive Development [Electronic resource] / Uma G. Soman. — 2017. — Access mode: https://infanthearing.org/ebook-educating-children-dhh/chapters/Chapter%203 %202018.pdf

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.