Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары білім беру саласындағы оқытушылық қызметтің кейбір мəселелері

Мақалада жоғары білім беру жүйесіндегі экономикалық құрылымы мен əлеуметтік-экономикалық қатынастары сипатындағы өзгерістер қарастырылған. Қабылданған білім беру басымдықтары, білім берудегі нарықтық қатынастар, ғылыми-зерттеу жұмысы мен оқу үрдісінің өзара қарым-қатынасы талданып, жоғары оқу орны оқытушысының жұмыс уақытын жоспарлау мəселелеріне ерекше назар аударылған. Оқыту сапасына, технологиялық инновациялар, жоғары білім беру жүйесіндегі ғылыми жəне білім беру жетістіктері мəселелеріне қойылатын талаптар зерттелген. Жаңашылдық, зияткерлік мəдениет жəне шығармашылық түріндегі даму деңгейлері арқылы оқу үрдісінде қолданылатын оқытушының педагогикалық жəне ғылыми-зерттеу жұмысының өзара байланысы қарастырылды. Сонымен қатар, оқытушының ғылыми жетістіктерін өз қызметін ұйымдастыруда əдістемелік құрал ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы сөз етіледі. Студенттерді оқыту үрдісінде ғылыми əдістерге негізделген логикалық ойлау, талдау, қорытынды, мəліметтер жинау сияқты ғылыми үрдістерді тиімді пайдалану тиіс. Оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, шет елдердің жоғары оқу орындарындағы инновациялық жетістіктер туралы талданды. Университеттің ұйымдастырушылық жұмысының оқытушының ғылыми-зерттеу жəне педагогикалық қызметінің тиімділігі мен нəтижелігіне əсері туралы ой қозғалды. Сауалнама негізінде университет оқытушысының ғылыми-педагогикалық қызметіндегі шет тілінің маңызы мен рөлі анықталады. Жүргізілген сауалнама оқу жүктемесінің диспропорциясының күрделі өзара байланыстылығын анықтады. Бұл өз кезегінде оқытушыға өзінің ғылыми мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндігі туралы айтылды. Мақала авторлары университет оқытушысының ғылыми- зерттеу əлеуетін арттыру үшін университетте оқытушының қызметін ұйымдастырудың жаңа тəсілдері қажет деген қорытындыға келген.

Кіріспе

Бүгінгі күні əлемнің кейбір елдері бір жағынан жаһандық экономикаға интеграцияланудың серпінді көрінісін бейнелесе, екінші жағынан өздерінің мəдениетін, тілін, ұлттық ерекшеліктерін дүниежүзіне паш етуде. ХХ ғасырдың бас кезінде бұл елдердің кейбіреулері кедей елдердің қатарына жатқызылса, осы күні өнеркəсібі дамыған, өмір сүру деңгейі мен сапасы жағынан экономикасы озық əлемнің алдыңғы қатардағы мемлекеттердің қатарына таяп қалғандығын көрсетіп отыр. Бұл үрдістер білім беру жүйесіне де өз ықпалын тигізіп елдер арасындағы өзара ынтымақтастықтың мазмұнын, білім құндылықтарының артуы, ғылымның өндіріске тартылуы, шаруашылықты ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа үлгілерінің пайда болуы, коммуникация мен байланыс мəселесінің бірінші орынға шығуы секілді көптеген өзгерістерге əкелді.

Осыған орай, экономикалық құрылыс пен əлеуметтік-экономикалық қатынастардың да сипаттарының өзгеруі бұған дейінгі қабылданған білім беру басымдылықтарды түбегейлі өзгертіп, білім беру саласына нарықтық қатынастардың енуі, зерттеу мен оқытушылықтың байланысының мазмұнын өзгертті [1]. Жоғары оқу орны оқытушысының педагогикалық қызметі күннен-күнге ұлғайып əрі күрделеніп, ақпарат пен еңбек нарығының талаптарына сай үнемі жаңартылып отыратын білім беру бағдарламалары мен оқытушылардың инновациялық технологияларды пайдалануға деген талпынысымен ерекшеленіп отыр. Қазіргі таңда оқытушының қызметі ғылыми-зерттеу мен жарияланымдық белсенділікке бағытталуда. Сондықтан да бұл салада оқытушының қызметінде уақыт факторын ескере отырып, оқытушылық пен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда оңтайлы үйлесімділікті қажет етеді.

Зерттеу əдістері

Тақырыпты зерттеудің теориялық жəне əдіснамалық негізінде авторлар оқу жұмысының сапасын бағалаудың заманауи əдістемелерінің жетістіктеріне негізделген шетелдік жəне отандық жоғары оқу орындарындағы педагогикалық зерттеулердің қорытындыларын басшылыққа алады. Зерттеу барысында зерттеу мəселесі бойынша ғылыми-əдістемелік əдебиеттерді зерттеу, сауалнама жүргізу, бақылау, сұхбаттасу, алынған нəтижелерді талдау, салыстыру, оқытушылар жұмысының тиімділігін бағалау технологиялары сияқты жалпы ғылыми зерттеу əдістері қолданылды. Авторлар шетелдік ЖОО оқытушыларының ұйымдастыру мен жұмыс жүктемесін, соған байланысты оқытушылар жұмысының тиімділігі мен нəтижелілігін қарастырды. Зерттеуде жоғары оқу орындарының оқытушысының оқу қызметін ғылыми талдаудың негізгі объектілері кəсіби құзыреттілік, оқытушы шеберлігінің көрсеткіштері, ғалым жəне кəсіпқой ретінде оқытушыға қойылатын талаптардың жиынтығы, педагогикалық ғылымның əдістері пайдаланылды.

Нəтижелері мен оларды талқылау

Жоо оқытушысының ғылыми-зерттеу жұмысы жаңа білімдерді алу мақсатында ғылыми ізденіс пен зерттеулерді жүргізумен байланысты. Ғылыми-зерттеу жұмысы оқытушының жиналған кəсіби тəжірибесі негізінде білімді жүйелендіру мен талдау қабілеттілігін арттырады. Жоғары білім берудің сапасы мен оқытушылардың ғылымға тартылуы жəне ғылыми жұмыстарға қатысу белсенділігі ұлт деңгейіндегі қоғамымыздың өркениетті болашағының қалыптасуына мультипликативті əсер ететінін көпшілік күні бүгінге дейін ұғынамай отыр. Осы бағыттағы шет елдердегі жоғары оқу орындары оқытушыларының жұмысын ұйымдастыру мен оқу жүктемесі жəне сонымен байланысты оқытушылардың жұмысының тиімділігі мен нəтижелігі біз үшін қызығарлықтай болып отыр (сурет 1, кесте 1.)

Ұлыбританияда ЖОО оқытушысының аудиториялық жүктемесі орта есеппен 720 сағат көлемін құрайды, алайда «аудиториялық жүктеме» түсінігіне оқытушының сабаққа дайындалуға, студенттерге жеке кеңес беру (офистік сағаттар), студенттердің жұмыстарын рецензиялау мен бағалау жұмыстарына кеткен уақытта кіреді. Нəтижесінде аудиториялық жүктеме, яғни аудиторияда сабақ беру уақыты аптасына 3-4 сағатты құрайды.

Францияда, əдетте, ЖОО оқытушылары оқу жылында 192 сағат көлемінде тəжірибелік (семинар) сабақтарын немесе 128 сағат көлемінде дəріс сабақтарын жүргізуі тиіс [2].

Азия елдері

Оқу жүктемесінің төменгі мөлшері/сағат саны

Оқу жүктемесінің жоғарғы мөлшері/сағат саны

Сурет 1. Қазақстан жəне əлемнің кейбір елдеріндегі ЖОО-ның оқытушыларының
жылдық оқу жүктемесінің төменгі/жоғарғы мөлшері (сағат саны)

Америка Құрама Штаттарында университет профессорының жылдық оқу жүктемесі орта есеппен 240 сағатты немесе аптасына 9 сағат аудиториялық сабақтардан тұрады. Сабақтарға дайындалу үшін аптасына 9-12 сағат жəне 4 сағат мөлшерінде кеңес беру сағаттары қарастырылған. Осыншама сағат мөлшерінде кафедра жиналыстары мен əртүрлі комиссия жұмыстарына қатысу үшін беріледі [3].

Кесте 1

Əлем елдері арасында ғылыми-зерттеу белсенділігінің көрсеткіштері*

 

Елдер[1]

Ғылыми-зерттеу басылымдардың (мақалалардың) саны

Елдегі бір ПОҚ-қа шаққандағы ғылыми мақалалардың орташа саны

Əлем елдері тұрғысынан ғылыми мақалалардың пайыздық үлесі (%)[2]

Қытай жəне Азия елдері

Қытай

528 263

0,3

21,76

Индия

135 788

0,1

5,59

Жапония

98793

0,1

4,07

Оңтүстік Корея

66 376

0,2

2,73

Индонезия

26 948

0,1

1,11

Малайзия

23 661

0,2

0,97

Таиланд

12 514

0,1

0,52

Сингапур

11 459

0,6

0,47

Австралия

53 610

1,05

2,21

АҚШ, Канада

АҚШ

422 808

0,2

17,42

Канада

59 968

0,4

2,47

Бразилия

60 148

0,1

2,48

Таяу Шығыс елдері

Түркия

33 536

0,2

1,38

Иран

48 306

0,1

1,99

Египет

13 327

0,1

0,55

Пакистан

12 904

0,1

0,53

Сауд Аравиясы

10 898

0,1

0,45

Европа елдері

Германия

104 396

0,2

4,30

Ұлыбритания

97 681

0,6

4,02

Италия

71 240

0,7

2,93

Франция

66 352

0,6

2,73

Испания

54 537

0,3

2,25

Польша

35 663

0,3

1,47

Чехия

15 577

0,9

0,64

Финляндия

10 599

0,6

0,44

Венгрия

6 701

0,3

0,28

Словакия

5 231

0,4

0,22

Литва

2 267

0,1

0,09

ТМД елдері

Ресей

81 579

0,3

3,36

Украина

10 380

0,06

0,43

Қазақстан

2 367

0,06

0,10

Беларусь

1 180

0,03

0,05

*Дерек көзі: National Science Foundation: Science and Engineering Indicators 2019. https://gtmarket.ru/ratings/scientific- and-technical-activity. Мəліметтер 2018 жылдың негізінде (2019 жылы басылып шықты).

Əдетте Қытай университеттерінің оқытушылары міндетті түрде апта бойы дəріс оқуға тиіс. Оқу жүктемесі аптасына 12-18 сағат, сонымен қоса студенттердің орындаған жұмыстарын тексерумен бағалауға жəне студенттердің академиялық қарыздарын қабылдау үшін қосымша жұмыс сағаттары беріледі. Кейбір университеттер оқытушылардан əртүрлі үйірмелер мен орталықтарда инструктор болуды талап етеді. Оқытушылар аптасына 3-4 күн сабақ береді, бұның нəтижесінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналасуға мүмкіндігі болады [4].

Бүгінгі таңда жоғары білім берудегі көріп отырған проблемаларды келесідей топтастыруға болады:

  1. Маман даярлауда құзыреттілік тəсілді түсіну жəне іске асыру;
  2. Құжаттамалық айналымға қойылатын талаптардың жоғарлауы;
  3. ЖОО білім беру кеңістігінің мониторингі жүргізілуі;
  4. Жоғары оқу орнының "табыстылығының" индикативтік көрсеткіштері;
  5. ЖОО мен түлектердің рейтингісі;
  6. Профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілік деңгейі [5].

Сонымен қоса, еліміздің жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың жұмыс уақытысын жоспарлау өзекті мəселенің бірі болып отыр. Өйткені қағазбастылық, алуан түрлі есептер, оқу жүктемесінің жоғары болуы мен білім беру сапасына қойылатын талаптардың күшеюі оқытушылық қызметті қиындататыны сөзсіз. Осының нəтижесінде оқытушының дамуы мен шығармашылық өсуі, дəлірек айтқанда, кəсіби біліктілігін арттыру мен ғылыми-зерттеу жұмыстары секілді аса маңызды істерге уақыттың жетіспеушілігі оқытушылар қауымдастығын алаңдатып отыр.

Ресейдің жоғары оқу орындарында жұмысты ұйымдастыру саласындағы зерттеушілердің бірі Е.В.Балацкийдің пікірі бойынша, оқытушының 2-3 пəнді бір оқу семестрінде жүргізуі қалыпты əрі дұрыс жағдай деп санайды, ал пəндер санының 5-6-ға ұлғайуы міндетті түрде оқытушылықтың сапасын мүлдем жоққа шығарады деген тұжырымды келтіріп отыр [6].

Шыны керек, еліміздегі университеттердің көпшілігінде оқытушылар өзінің жылдық жүктемесін толтыру үшін бір оқу кезеңінде 6-7 түрлі пəндерді жүргізуге мəжбүр. Осындай жағдайда оқытушылықтың сапасы туралы айтудың өзі өте күрделі мəселе.

Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындары академиялық революциясымен негізделіп отырған екі іргелі əрі құрамдас бөліктермен сипатталатын, яғни 1) студенттер санының өсуіне алып келетін білім берудің жаппайландырылуы; 2) талантты мамандарға ғаламдық білім экономикасының жаңа талаптарды қоюы, білім берудің ғаламдық нарық трендтерінің ырқына қарай бейімделіп қайта бағдарлану үрдістерін көруге болады [7].

Əлем елдерінің жоғары білім беру жүйелерінің басым бөлігі көптеген өзгерістермен жаңашылдықтарды бастан кешіруде. Дəлірек айтсақ, онлайн білім беруді жаппай енгізу, университет кітапханаларының сандық жүйеге көшуі, ғылым мен зерттеу саласында оқытушылардың ізденістерін коммерциялизациялауға талпынысы, əртүрлі білім беру орталықтары тарапынан бəсекенің күшеюі секілді үрдістер мен іс-əрекеттерді айтуға болады.

Осы күнгі университет оқытушысының кəсіби қызметі: оқытушылық, ғылыми-зерттеу жəне факультет тарапынан əкімшілік жұмыстарынан тұрады.

Əлемнің білім беру қауымдастығы тарапынан бəсекенің күшеюі мен заманауи өзгерістер жəне одан туындап отырған жаңа талаптар, біздің ойымызша, жоғары білім беру орындарынан өзге нəрселерге алаңдамай, бар зейін мен күш жігерді оқытушылық пен ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмылдыруды талап етеді. Əрине, бір жағынан, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқытушының жаңа білім мен ақпараттануына, шығармашылық өсуіне жəне оқыту үрдісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, оқытушылық жұмыс оқытушы уақытының негізгі бөлігін алатыны сөзсіз. Соңғы кездері еліміздің кейбір жоғары оқу орындары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналасуға бет бұруды жөн көрсе, кейбіреулері үшін білім алушылардың оқу ақысы негізгі қаржы көзі болуына байланысты тек студенттерді оқытумен шектеліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын екінші, кейде үшінші кезектегі орынға қойып отыр. Əрине, жоғары оқу орны үшін оқытушылық қызмет негізгі əрі басты мəселе, бірақта ғаламдық деңгейдегі болып жатқан технологиялық жаңашылдықтар, ғылым мен білім жетістіктерінің өндіріс пен бизнес үрдістеріне тез енуі, университеттер тарапынан ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарды елемеуге болмайды. Осыған байланысты, əлемнің танымал жоғары оқу орындарында университеттің мамандануы мен профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми ізденіс бағыттарының ырқына қарай ғылыми-зерттеу орталықтары мен ғылыми мектептердің ашылуын құптап, олардың жұмыс істеуіне барынша ерік беріп, қолдап отыр.

Ақпараттық алмасу саласындағы технологиялық жетістіктер əлемнің түпкір-түпкірінде орналасқан университет оқытушыларымен байланысқа шығып, өзара пікір алмасып, халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп отыр. Сондықтанда, бүгінгі оқытушы ғылыми ақпарат пен білімді таратушы мен түсіндіруші ретінде ғана емес, сонымен қоса студенттің білім алуы мен оқу ісін шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырушы ұстаз болуы тиіс.

Оқытушының кəсіби біліктілігі, оның педагогикалық қызметінің деңгейімен жəне даярлаған білім алушының дамуының деңгейімен анықталады. Яғни, білім алушының оқу барысында жеткен жетістіктері оқытушының кəсіби қызметінің нəтижесі болып табылады.

Əртүрлі жоғарғы оқу орындары оқытушыларының құзыреттіліктерінің көптігіне қарамастан бəріне ортақ басты əрі негізгі құзыреттіліктер бар. Жəне де бұл құзыреттіліктерге кез келген оқытушының кəсіби біліктілігі мен қасиеті сəйкес болуы тиіс. Өйткені осы құзіреттіліктердің негізінде қосымша жаңа құзыреттіліктер туындайды. Жоғары оқу орыны оқытушысының ғылыми- зерттеу, кəсіби, басқарушылық жəне қоғамдық қызметінің деңгейін бағалаудың критериялары ретінде төмендегілерді келтіруге болады:

  • репродуктивті, бұл оқытушының өзі білетін жəне түсінетін нəрсені басқаларға түсіндіре алуы;
  • адаптивті, бұл оқытушының өзінің хабарламасын аудиторияның ерекшеліктеріне бейімдей алуы;
  • студенттердің білімін локальді-модельдеу, бұл оқытушының оқытылатын курс бойынша студенттердің оқу-танымдық қызметінде мақсатты анықтауға, міндеттерді қоюға, оларды шешу алгоритмін жасауға мүмкіндік беретін оқыту стратегияларын, білімдерді, дағдылар мен біліктіліктерге ие бола алуы;
  • студенттердің мінез-құлқы мен қызметін жүйелі-модельдеу, бұл оқытушының өзінің пəні арқылы студентті тұлға ретінде тəрбиелеу, өзін-өзі көрсете алу жəне студенттің өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыра біле алуы [8].

Бүгінгі күні еліміздің болашағы мен дамуына оқытушының оқытушылық пен ғылыми-зерттеу қызметтерінің қайсысы маңыздырақ, қайсысы басым болуы керек деген сұрақ жоғары білім беру жүйесінің ең маңыздыларының бірі болып отыр. Өйткені оқытушылық қызмет білікті мамандарды дайындау мен тəрбиелеу арқылы еліміздің экономикалық өсуін қалыптастырса, оқытушының ғылыми-зерттеу қызметі мемлекет пен қоғамымыздың даму əлеуетін қалыптастырады.

Соңғы жылдары ЖОО басшылықтары оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына аса көңіл бөлуін талап етіп отыр, өйткені университет оқытушыларының ғылыми басылымдары ЖОО-ның басылым рейтингісінің белсенділігін көрсетіп, əртүрлі «QS», «Times Higher Education», «Ұлттық рейтингтер», «ЖОО-ның бейінді рейтингі», «ARWU» секілді агенттіктер мен ұйымдардың жасайтын рейтингтеріне ілінуге мүмкіндік береді. «Халықаралық университеттер ассоциациясының» (WHED - World Higher Education Database) мəліметтер жинағы бойынша əлемде 18400 университет бар. Бірақ олардың ішінен 1000 университет ғана əртүрлі рейтингтерге кіреді. Сондықтанда еліміздің қатардағы ЖОО-ның бұл тізімінің бірінші жүздігіне кіруін былай қойғанда, жалпы тізімге ілінуінің өзі осал нəрсе емес. Өйткені рейтингтің мəселесі жоғары оқу орындарынан жан-жақты дамуын талап етеді. Оның ішінде университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары, университеттің инфрақұрылымының деңгейі, бітірушілердің жұмысбастылығы мен оларға деген жұмыс берушінің сұранысы, шет елдік білім алушылардың саны, оқытушылармен қызметкерлердің ғылыми еңбектеріне сілтеме мен дəйексөз алу көрсеткіштері бар. Ал бұның бəрін ЖОО-да жүзеге асыру көп күш-қуатты қажет етеді, турасын айтсақ, қомақты қаражат пен мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді.

Осыған қарамастан, бүгінгі күні оқытушының қызметін ғылыми-зерттеу жұмыстарынсыз қарастыруға болмайды. Өйткені оқытушының оқу жұмысы мен ғылыми-зерттеу жұмыстары өзара байланысты жəне де оқытушының зияткерлік мəдениетін, білімін, инновациялық жаңашылдықтарды шығармашылық тұрғыдан игеру секілді кешенді іс-шараларды өзінің ұстаздық қасиеттері арқылы оқыту үрдісі барысында ендіру мен жүзеге асыруды көздейді.

Оқытушы, ең алдымен ғылымды оқу ісін ұйымдастыру үрдісінде əдістемелік құрал ретінде пайдаланып, зерттеу нəтижелерін өзінің жеке көзқарас тұрғысынан білім алушыларға ұсынуы тиіс. Ал білім алушылар білім алу үрдісі барысында өздерінің бастапқы əлеуетін біртіндеп ұлғайтып сол арқылы жаңа білім мен дағдыларды иемденеді [9].

Мұндай тəсіл оқытушыдан қолданатын ғылыми материалдарды жүйелендіріп, негізгі ойларды егжей-тежейіне дейін мұқият қарастырып ұсынылған жағдайда, міндетті түрде жаңа идеяның тууына əкелетіні сөзсіз. Өйткені, оқытушы білім алушыларды оқыту барысында ғылыми əдістемелерге

сүйене отырып, логикалық ойлау, талдау, тұжырымдар мен деректерді жиынтықтау секілді үрдістерін қолдану қажеттіліктерімен жиі кездеседі.

Адамның мінез-құлығын орта қалыптастыратынын ескерсек, оқытушының мінез-құлығын университеттік орта қалыптастырады. Ал оқытушы өзінің ортасында нені көрсе соны өзінің оқытушылық қызметі мен ұстаздық тəжірибесінде тыңнан жасайды. Содықтанда оқытушының белсенді ғылыми жұмыспен айналысуы жəне соның нəтижесінде жаңа ғылыми білімді университеттік ортаға əкелуі оқытушының санасында ғылыми сананың қалыптасуын талап етеді. Ұстаздық кəсіби қызметте мұндай шығармашылық көзқарас оқытушының ғылыми жəне педагогикалық қызметін жақындататыны сөзсіз.

Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми шығармашылықтың формасы болып табылады жəне оның ерекшелігі оқытушы əртүрлі ғылыми-педагогикалық əдістер мен еңбектерге сүйене отырып, өзінің қайталанбас жеке стилін қалыптастыруға мүмкіндігі бар. Мұндай да оқытушының түйсігі жəне оның жеке қасиеттері ғылыми қауымдастықпен талқыланып отырған, мəселелерді шешудің жаңа жолдарын табуда маңызды рөл атқарады.

ЖОО-ның оқытушылары шетелдік, дəлірек айтқанда ағылшын тілінде ғылыми басылымдар мен ғылыми-зерттеу нəтижелерімен таныспай, қандай да бір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, соның нəтижесінде жаңалық ашуды елестету мүмкін емес. Мəселен, Ульрихс (Ulrich’s Periodicals Directory) мəліметтері бойынша əлемде 61 727 ғылыми журналдар қағаз баспа форматында жарық көреді, соның 36 983-і (60%) ағылшын тілінде [10].

Сондықтан да жоғары оқу орындарының оқытушыларына өздерінің ғылыми жəне педагогикалық қызметтін кəсіби тұрғыдан заманауи жаңашылдықтардың нəтижесі туралы жан-жақты ақпараттандырылып, жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін бір немесе бірнеше шет тілдерін үйрену міндет болып отыр.

Осыған орай, ЖОО оқытушылары арасында ағылшын тілін білу деңгейі туралы жəне сонымен қатысты кейбір ақпараттарды алу үшін сауалнама жүргізілді.

Сурет 2. ЖОО оқытушыларының ағылшын тілін білуінің деңгейі

Сауалнаманың нəтижелері бойынша ЖОО оқытушыларының 8,5% ағылшын тілін жоғары деңгейде, 40,5% орта деңгейде, ал 32,4% бастауыш деңгейде білетіндігін көрсетсе, 18,6% ағылшын тілін білмейтіндігін белгілеп отыр (сурет 2). Біздің ойымызша, ағылшын тілін жоғары білім беру саласында орта деңгейде білу өте төмен көрсеткіш. Өйткені елімізде шет тілін орта деңгейде меңгеру орта мектеп пен университеттің бірінші курс студенттері үшін шет тілдерін оқыту бағдарламасының базалық көлемімен шектелетіндігін көріп отырмыз. Ал бұл оқытушылардың əлемдік білім беру саласына интеграциялануына, ғылыми-зерттеу жұмыстары бағытындағы халықаралық жобаларға қатысуға мүлдем жеткіліксіз. Сонымен қатар, жоғарыда айтылғанның дəйегі ретінде жоғары оқу орындарының оқытушыларының ғылыми жұмыстарды шет тілінде жазуға деген бейімділігінің төмендігін 3 суреттен көруге болады.

Сурет 3. Оқытушылардың ғылыми жұмыстарды жазудың тілдік бейімділігі

Респонденттердің жауабына сүйенсек ғылыми жұмыстардың басым бөлігі, яғни, 56,8% орыс, ал 41,2% қазақ, 1,7% ағылшын тілінде жазуға бейім екендігін көрсетіп отыр. Ғылыми зерттеу жұмыстарының басым бөлігі орыс тілінде жазылуы ЖОО оқытушыларының көбісі КСРО кезеңінде білім алған орыс тілді, орта жəне одан жоғары жастағы оқытушылармен түсіндіріледі. Ал 41,2% соңғы он жылда қазақ тілінде магистратура мен доктурантураны бітірушілердің саны артып, жоғары білім беру саласына қосылғандығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, еліміздің жоғары оқу саласында шет елдерде білім алған оқытушылардың үлесі жоқ емес, ондай оқытушылардың көбісі «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасымен шет ел университеттерінде білім алғандар, олардың үлесі сауалнамада не бары 1,7% жəне 0,3% пайыздарды ғана құрап отыр. Əрине білім беру саласында университеттер арасында халықаралық бəсекенің күшеюі, «Scopus» жəне «Web of Science» базаларында индекстелетін жорналдарында басылымдардың артуы, халықаралық ғылыми- зерттеу гранттар санының ұлғайуына байланысты мұндай көрсеткіштер алаңдаушылық тудыратыны сөзсіз.

Осыған байланысты ЖОО оқытушыларының шет тілін үйрену мен жетілдіру мəселесі бірінші орынға шығып отыр. Қазіргі таңда ғаламдану мен ақпараттық технологиялардың ақпаратты тарату мүмкіндігінің артуына байланысты шет тілін үйреніп, жетілдірем деушілерге техникалық тұрғыдан ешбір кедергі жоқ. Алайда сауалнамаға қатысқан жоғарғы оқу орны оқытушыларының басым бөлігі, яғни 80,6%-ы бірінші кезекте шет тілін үйрену үшін бос уақыттың жетіспеушілігін көрсетіп отыр. Əрине, оқытушыларға оқу үрдісімен қатар, университет тарапынан əртүрлі тапсырмалардың берілуі бұл жағдайға түсіністікпен қарауды қажет етеді. Ал сауалнамада шет тілін үйренудің қажеттілігі бар деп санамайтындар 4,7% жəне шет тілін үйренуге құлшыныстың болмауы 1,1% пайызды белгілеп отырған оқытушылар өзінің ұстаздық тəжірибесінде қазақ жəне орыс тілінде білім алатын топтарды оқытумен шектелетіндер жəне орта жастан асқан үлкен оқытушыларды жатқызуға болады (сурет 4).

Шет тілін білемін жəне білу деңгейім жоғары - 13,6 %

Шет тілін үйренудің қажеттілігі бар деп санаймын - 4,7 %

Шет тілін үйрену үшін бос уақыттың жетіспеушілігі - 80,6 %

Шет тілін үйренуге құлшыныстың болмауы -1,1 %

Сурет 4. Шет тілін (ағылшын) үйренбеудің (оқымаудың) себебі

Білім беру үрдісіндегі ең маңызды мəселелердің бірі университет оқытушыларының оқу жүктемесінің көлемі болып отыр. Өйткені оқытушы қызметінің еңбек өнімділігі мен нəтижелігі осы оқу жүктемесінің көлемімен анықталады. Сонымен қатар, осы күнгі ЖОО басшылары оқытушылардың оқу жүктемесінің көлемін білім беру үрдісінің экономикалық тиімділігін арттырудың көзі ретінде қарастырып отыр. Алайда, мұндай көзқарас ақылға қонымды емес, себебі оқытушының оқу жүктемесі: оқу, оқу-əдістемелік, ғылыми-зерттеу, тəрбие жəне ұйымдастырушылық жұмыстарының жиынтығын құрайтын өзара байланысты күрделі жүйе болып табылады.

Еліміздің жоғары білім жүйесіндегі оқытушы қызметінің шынайы жағдайымен жұмысының өзектілігін анықтау мақсатында жоғары оқу орнының оқытушылары арасында сауалнама жүргіздік. Оқытушылардың университет қабырғаларында атқаратын қызметінің əртүрлігіне қарамастан жүргізілген сауалнама сəйкес оқытушылар үшін жұмыстардың маңыздылығы бойынша реттілігі мынадай:

  • Біріншісі, оқу жұмысы (дəріс, семинар/тəжірибе, лабораториялық сабақтарын жүргізу);
  • Екіншісі, оқу-əдістемелік жұмысы (дəріс, семинар/тəжірибе, лабораториялық сабақтарына дайындық жүргізу, оқу жəне əдістемелік материалдарды дайындау);
  • Үшіншісі, ғылыми-зерттеу жұмысы (ғылыми мақалаларды жазу, ғылыми конферецияларға, ғылыми-зерттеу гранттарына қатысу);
  • Төртіншісі, тəрбие жəне ұйымдастыру жұмыстары.

Сонымен қатар, жоғарғы оқу орында оқытушыларының сауалнамасы бойынша 1 сағат аудиториялық сабақ жүргізу үшін орта есеппен 1 сағат пен 4 сағат аралығында оқу-əдістемелік дайындық жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Оның ішіне дəрістерді дайындау, семинар/тəжірибелік немесе лабораториялық сабақтарға арналған тапсырмаларды əзірлеу мен жаңарту, аралық бақылау жəне семестрлік атестатция тапсырмаларын дайындау, əр сабақты əдістемелік қамтамасыз ету, тақырып бойынша көрнекі құралдар мен материалдарды əзірлеу, оқыту үрдісіне техникалық құралдармен ақпараттық технологияларды пайдалануды ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу нəтижелерін тақырыппен ұштастыру жұмыстарын жүргізу, білім алушының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен тексеру, сабақтан тыс уақытында СҒЗЖ/МҒЗЖ-ны ұйымдастыру мен жетекшілік ету іс-шаралары кіріп отыр.

Еліміздегі ЖОО-да қалыптасқан дəстүрлі жұмыс күні 8 сағаттық жұмыс уақытына сəйкес оқытушы университетте аптасына 40 сағат өткізуі тиіс. Оқыту үрдісіндегі аптасына 40 сағат жəне 30 апта оқыту үрдісі жылына 1200 сағатқа тең. Оқытушылық қызметтің ерекшеліктері мен зияткерлік-шығармашылық бағытын ескере отырып, оқытушының оқу жылы уақытысын 1200 сағатты негізге ала отырып, уақыт пропорциясы мынадай түрде ұсынылады: оқу жұмысы жүктеменің 40%-нан артық емес немесе 450 сағат, оқу-əдістемелік жұмыс жүктеменің 40%-нан кем емес немесе 450 сағат, ғылыми жұмыс жүктеменің 20 %-дан кем емес немесе 240 сағат, тəрбие жəне ұйымдастырушылық жұмыс жүктеменің 5 %-дан артық емес немесе 60 сағаты құрауы керек.

Осыған орай, ЖОО оқытушыларынан күнделікті жұмыс уақыттарының жұмсалуы туралы сауалнама жүргізілді (сурет 5). Сауалнамаға сəйкес оқу жəне оқу-əдістемелік жұмыстарға өз уақытысының 40%-нан артық емес жəне сəйкесінше 40 % кем емес жұмсайтын оқытушылар 11,1 % жəне 8,6 % құрады. Ал, жұмыс уақытысының 20 %-дан кем емес уақытысын ғылыми- зерттеу жұмысына 16,7 % жəне 5 %-дан артық емес уақытысын тəрбие жəне ұйымдастырушылық жұмысына жұмсайтындар құрады. Бұл көрсеткіштер оқытушы уақытысын тиімді пропорцияда пайдаланатындардың санының аздығын көрсетіп отыр. Жоғарыда айтылғандай, оқытушының сапалы əрі жоғары деңгейде сабақ беруі оның сабаққа дайындалу яғни оқу-əдістемелік жұмыстарына жұмсайтын уақытымен анықталады. Əрине оқытушының уақытын пайдаланудағы мұндай диспропорция жағдайында оқыту үрдісінде қандайда бір инновациялық əдістерді немесе жаңашылдықтарды өңдеп дайындап, білім алушыға ұсынудың өзі ақылға қонатын нəрсе емес.

Айта кетсек, университет үшін тəрбие жəне ұйымдастырушылық жұмыстары маңызды болса да, университеттің мəртебесін анықтайтын осы күнгі көрсеткіш – оқытушының ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы болып табылады. Бұл бағыттағы оқытушының жұмысы туралы объективті баға беру де күрделі мəселе. Өйткені сауалнамаға қатысқан оқытушылардың орта есеппен 5/1 ғана өздерінің ғылыми əлеуетін толығымен пайдалануға мүмкіндігі бар екенін көрсетіп отыр.

Жұмыс уақытысының 5 %-дан артық емес уақытысын тəрбие жəне ұйымдастырушылық жұмысына…

0 5 10 15 20

Жұмыс уақытысының 40 %-дан кем емес уақытысын əдістемелік жұмысына жұмсайтындар

Жұмыс уақытысының 20 %-дан кем емес уақытысын ғылыми-зерттеу жұмысына жұмсайтындар

Жұмыс уақытысының 40 %-нан артық емес уақытысын оқу жұмысына жұмсайтындар

Сурет 5. ЖОО оқытушыларының жұмыс уақытысының
жұмсалуының пайыздық (%) үлес көрсеткіші

Тұжырым

Қорыта келгенде, оқытушының оқу-əдістемелік жəне ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін бағалау барысында, біздің ойымызша, оқытушылардың жұмыс істеу ортасы мен қазіргі жағдайы назардан тыс қалмауы тиіс.

Сонымен қатар, отандық білім беруді модернизациялау жағдайында оқытушының жұмысы аудиториялық оқытудан білім алушының өз бетімен дамуына жəне ізденісіне мүмкіндік беретін білім алу элементтерін оқыту жүйесіне ендірудің негізінде білім берудегі қалыптасып отырған жаңа бағыттылықты ескерсек, оқытушының қызметін ұйымдастыруда жаңа көзқарас пен жаңа тəсілдемені қажет етеді.

Өйткені білім алушының өз бетімен білім алуы, оқытушыдан оқу-əдістемелік, дидактикалық жəне рефлексивті материалдарды үнемі жаңартып отыруды жəне де ақпараттық технологиялар саласында білім мен дағдыларды талап етіп отыр.

Жоғары оқу орны оқытушысының кəсіби қызметінің ұйымдастырылуы жағынан, күрделі əрі өзара байланысы бар, əртүрлі бағыттағы жұмыстарды орындаумен ерекшеленеді. Сондықтан да, оқытушылық бұл бірінші кезекте əртүрлі бағыттағы жұмыстарды ұштастыра біліп, бірнеше жұмыстарды қатарынан орындай отырып, сонымен қоса оқыту үрдісінде теориялық жəне практикалық кəсіби білімнің үйлесімдігін қамтамасыз етіп, ұстаз ретінде өзін-өзі дамыту əрі кемелдендіру қабілеттеріне ие болу.

Əдебиеттер тізімі

  1. Сенашенко В.С. О некоторых проблемах жизни современного университета / В.С. Сенашенко // Университетское управление: практика и анализ. — 2012. — № 2. — С. 43–47.
  2. Francis Riesa, Cristina Yanes Cabrerab, Ricardo González Carriedo. (2016). A Study of Teacher Training in the United States and Europe // The European Journal of Social and Behavioural Sciences EJSBS, Vol. XVII (eISSN: 2301–2218), 2031–2045.
  3. Спасибо В. Как и за что платят американскому профессору / В. Спасибо // Проза.ру. — 2009. — С. 1–3.
  4. Gulbahar Beckett, Juanjuan Zhao. (2013). Overworked and Stressed Teachers Under the Market Economy. // Spotlight on China. Changes in Education under China’s Market Economy. Vol. 41, 2, 137–152.
  5. Шибанова Е.К. Преподаватель высшей школы: герой нашего времени / Е.К. Шибанова // Преподаватель XXI века. — 2015. — № 2. — С. 35–38.
  6. Балацкий Е. В. Как из высшего образования в России раздули пузырь. [Электронный ресурс] / Е.В. Балацкий. // Капитал страны: Федер. интерн.-изд., 2014. Режим доступа: http://kapital-rus.ru/articles/article/266318
  7. Бурковская Т.В. Трансформация университетов: образовательный процесс. Проблемы и пути развития / Т.В. Бурковская, Е.Н. Грибанов, М.И. Прокохина // Сб. Междунар. конф. «Решетневские чтения». — 2017. — С. 724, 725.
  8. Бессонова А.Н. К вопросу о профессиональной компетентности преподавателя высшей школы / А.Н. Бессонова // Достижения вузовской науки. — 2013. — № 4. — С. 55–59.
  9. Садыров Ғ.Ə. Бизнес үрдістерді дайындаудың концептуалды негіздері. / Ғ.Ə.Садыров, Г.Ə.Садырова, Г.Ə.Садыр, Н.О.Макашева // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. — 2019. — № 5/3. — Б. 292–296.
  10. Кириллова О. В. О влиянии языка статей на показатели научных журналов в международных наукометрических базах данных / О.В. Кириллова // Научный редактор и издатель. – 2019. — Т.4. — № 1, 2. — С. 21–33.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.