Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инклюзивті білім беру жағдайында информатиканы оқытудың интерактивті əдістері

Бүгінгі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пəнін оқытуда жаңа педагогикалық əдістер мен тəсілдер, оқытудың интерактивті əдістері мен құралдарын енгізу қажеттілігі практика жүзінде айқын сезіледі. Соның өзінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тəрбиелеу процесінде интерактивті əдістерді қолдануды жүзеге асыру сирек кездеседі. Жалпы жəне əлеуметтік педагогиканың тығыз байланысы интерактивті əдістерді қолдану ерекшеліктері мен қолдану қажеттілігін меңгеруді барлық пəн мұғалімдерінің алдында тұрған үлкен мақсат деп біледі. Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пəнін оқытуда практика жүзінде интерактивті əдістердің қандай деңгейде қолданылатындығын анықтау нəтижесінде алынған сипаттамалар келтірілген. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде пəн мұғалімдері оқыту процесіне интерактивті оқыту əдіс-тəсілдері мен құралдарын енгізу қажеттігі бүгінде өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда интерактивті əдістер мен құралдар кеңінен қолданылатын болса, білімді қабылдау салыстырмалы түрде жеңіл түрде жүзеге асады. Автор инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға информатика пəнін оқытуда интерактивті əдістерді қолдануды жүзеге асыру нəтижелерін сипаттаған.

Кіріспе

Интерактивтілік ұғымы қазіргі əлеуметтік психологияның ғылыми бағыттарынан алынған. Интерактивтілікті адамдар бақылай алатын, бір-бірінің ойларын түсінетін жəне оларға жауап беретін процесте өзара əрекеттесуді қарым-қатынас ретінде қарастыруға болады. Австриялық психолог Пол Вацлавиктің айтуынша «Басқа адамның қатысуымен кез келген мінез-құлық коммуникация болып табылады. Байланыс бірлігі болып табылатын мінез-құлық хабарлама немесе қарапайым байланыс деп аталады. Хабар алмасу интеракция деп аталады». Бұл тəсілді білім беру тəжірибесінде қолданудың мəні — адам мен машина арасындағы немесе адам мен адам арасындағы нақты уақыттағы жедел кері байланыстың болуын анықтау болып табылады.

Интерактивті технологияны қазіргі педагогика ғылымы өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде оқытудың тиімді формаларының бірі ретінде қарастырады [1]. Оның жақтаушылары келесі артықшылықтарды атап өтеді: «дайын емес» білім алу, жалпы даму бағыты, студенттерде тəуелсіз, сыни ойлауды қалыптастыру мүмкіндігі; топта жұмыс істей білу, оқу процесінде стандартты емес əдістер мен тəсілдерді қолдану [2].

Инклюзивті немесе арнайы сыныптар (топтар) үшін информатика пəні бойынша оқыту процесіне интерактивті тəсілді ендіруді бағалау параметрлері 1-суретте келтірілген.

  1. Интерактивті технологияларды жүзеге асыру деңгейлері:
  • Жалпы педагогикалық — мектепте, жоғары оқу орындарында, арнайы мекемелерде оқытудың тұтас педагогикалық процесі;
  • Жеке əдістемелік — педагогтың жеке оқыту əдістемесі, арнайы мекемелерде жеке оқыту, бір тақырыпты оқытуға арналған жеке педагогикалық технология;
  • Жергілікті — оқу процесінің белгілі бір буынына арналған оқыту, ол жаңа материалды меңгеру немесе білімді бақылау мен бағалау кезінде қолданылуы мүмкін [3].

Сурет 1. Интерактивті тəсілді ендіруді бағалау параметрлері

  1. Оқытудың интерактивті формалары:
  • Жеке — алдына қойылған міндетті шешу мақсатында өз бетінше шешім қабылдайтын педагогтің бір білім алушымен қарым-қатынасы;
  • Жұптық — жұппен орындауға берілетін тапсырмаларды орындауда қолданылады, білім алушы оқып қана қоймай, бірін-бірі оқыту, бірін-бірі бақылау əрекеттерін жүзеге асырады;
  • Топтық — білім алушыларды топқа бөліп оқытуда қолданылады, нəтижесінде білім алушылар қойылған міндетті ортақ шешеді;
  • Жалпылама — педагог барлық білім алушылармен қатар жұмыс істейді, бір уақытта барлық білім алушы тапсырманы бір деңгейде, ортақ тапсырманы орындайды;
  • Ұжымдық — жеке көшбасшы тағайындап, берілген тапсырманы тұтас ұжым болып орындау кезінде қолданылады [4].
  1. Оқытудың интерактивті əдістері:
  • жағымды ахуал тудыру əдісі — қарым-қатынасты ұйымдастыруда қолданылады;
  • шығармашылық тұрғыдан ойлауды ұйымдастыру əдісі — оқу процесінің жаңа мазмұнын құруға əсер етеді, соның нəтижесінде білім алушыларда жеке ойлар туындап, басқа білім алушылармен белсенді ой алмасу жүреді;
  • əрекетпен алмасуды ұйымдастыру əдісі — білім алушылардың шығармашылық топтарға бірігіп, ұжымдық шешім қабылдауды үйренеді;
  • ойлау əрекетін алмасуды ұйымдастыру əдісі — білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, оқуға деген жағымды мотивация қалыптасуына себеп болады, белсенді ойлау əрекетін дамытады;
  • кері байланысты ұйымдастыру əдісі — оқушының өзін-өзі талдау мен бағалауға бағытталған;

 кіріктірілген əдіс — білім алушыны кешенді тұрғыдан дамыту мақсатында интерактивті əдістердің барлық белсенді функцияларын кіріктіруде қолданылады [5].

  1. Оқытудың интерактивті құралдары (интерактивті тақта, планшет, мультимедиа жəне тағы басқалар).
  2. Оқытудың интерактивті құралдарын қолдану деңгейі:
  • Үйретуші — білім алушының бойындағы бар білімдері негізінде жеке қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытуға бағыттайтын оқу ақпараты;
  • Диагностикалық — білім алушының дайындық деңгейі мен қабілеттерін бақылау;
  • Инструменталды — оқу-əдістемелік материалдарды дайындауда программалық құралдарды құру;
  • Пəндік-бағытталған — түрлі процестерді имитациялық модельдеуде қолданылады;
  • Басқарушылық — берілген жұмысты орындауда білім алушылардың əрекетін басқару;
  • Əкімшілік — іс-қағаз жұмыстарын автоматтандыру, оқытуды ұйымдастыру процесін автоматтандыру;
  • Ойындық — ойын, оқу-ойындық əрекеттердің барлық түрлерін қамтамасыз етеді [6].
  • Интерактивті оқыту əдістерін жүзеге асырудың да өзіндік деңгейлері болады. Олар:
  • Пассивті — мұғалім сабақта басшы, білім алушылардың шығармашылық белсенділігі төмен, бір-бірімен қарым-қатынасқа түспейді, тек қана тыңдаушы рөлін атқарады;
  • Активті — мұғалім екінші орында, ол балалардың бір-бірімен араласуына, бірлесіп тапсырманы орындауына ықпал етеді. Білім алушылар бұл жағдайда орындалған əрекеттің субъектілері болып табылады;
  • Интерактивті — оқу процесіне барлық қатысушылардың белсенді қатысуын білдіреді. Мұғалім оқушылардың білімді меңгеру процесін ұйымдастырады. Бұл процесте балалар бір-бірімен байланысқа түсіп, қарым-қатыс жасайды, жеке тəжірибелерін ортаға салып, қолданады [7].
  • Интерактивті оқу процесін бағалаудың тəсілдеріне мыналар жатады:
  • Тест;
  • Сауалнама;
  • Кеңейтілген сауалнама;
  • Бақылау — мұғалім бақылау көрсеткіштері мен бағалайтын бақыланушыны белгілеп алады. Бұл тəсілде бақылау мен бағалау парақтарын қолдану маңызды рөл атқарады;
  • Өзін-өзі бағалау — білім алушы өз жұмысы мен жалпы сабақ барысын өзі бағалайды;
  • Сұрақ-жауап əдісі — білім алушы сыныптастарына баға қойып, оларды жігерлендіреді;
  • Дельта-плюс əдісі — алдымен сабақтың жағымды қырлары туралы сұрақтар қойылып, артынан өзгерту немесе түзету енгізу керек бөліктері талқыланады [8, 9].

Зерттеу əдістері

Инклюзивті немесе арнайы сыныптар (топтар) үшін информатика пəні бойынша оқыту процесіне интерактивті тəсілді ендіруді бағалау параметрлері туралы толық сипатталды.

Енді осы аталғандар бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға Алматы қаласының үш ірі Алмалы (9 мектеп), Жетісу (12 мектеп), Медеу (7 мектеп) аудандарының сауалнамаға қатысуға келісім берген инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептерінің информатика пəні мұғалімдері қатысты. Жалпы саны 28.

Бұл аудандардағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балалар қатарына есту жəне көру қабілеті төмен, тіл дамуында кемістігі бар балалар кіреді.

Нəтижелер мен оларды талдау

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқыту практикасында қолданылатын интерактивті технологиялар жалпы педагогикалық мақсаттағы, жеке-əдістемелік мақсаттағы немесе жергілікті болуы мүмкін. Сауалнамаға қатысқан 28 мұғалімнің 15-сі жалпы педагогикалық мақсаттағы интерактивті технологияларды таңдады. Жалпы педагогикалық деңгей қатарына нақты бір білім беру мекемесіндегі, жеке топтағы немесе сыныптағы, нақты бір сабақтағы интерактивті технологияларды қолдану жатады. Мысалы, 3-сыныпта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пəні, есту қабілеті төмен білім алушы, мəтін мен тапсырмаларда дыбыспен сүйемелденген интерактивті құралдарды қолдану. 3 мұғалім жеке- əдістемелік деңгейді таңдағанымен, бұл жағдайда интерактивті қолдану мазмұнын (ерекше білім беруді қажет ететін бала тобы, сыныбы, сабақ) толық ашып сипаттамаған. Бұл деңгей көп жағдайда арнайы мамандармен бірлесіп жұмыс істеу немесе нақты бір мұғалімнің жеке баламен əрекеті секілді сипатталады.

Жергілікті деңгейді сауалнамаға қатысушылардың 10-ы таңдаған. Соның ішінде қатысушылардың 1-і аталған деңгейді жаңа материалды меңгерумен байланыстырған (7-сынып, информатика пəні, көру қабілеті нашар ерекше білім беруді қажет ететін бала, мультимедиялық интерактивті құрал).

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда жеке-əдістемелік деңгейді барлық практикалық тапсырмаларды орындауда қолданылатын оқыту процесінің ажырамас бөлігі ретінде атап көрсеткен. Алайда бұл жауаптар жалпылама түрде, нақты сипаттама берілместен белгіленген.

Сауалнама қатысушыларының ішінде 2-і барлық деңгейде интерактивті оқыту əдістерінің кейбір элементтері ғана қолданылады деп көрсеткен.

Оқытудың интерактивті формаларының қолданылуына қатысты түрлі жауаптар бар. Интерактивті оқытудың жалпылама формасын қолдануды 10 қатысушы белгілеген. Оқытудың жеке формасын қатысушылар арасынан 7-і қолданады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде 1–4 сыныптарда оқытудың жеке формасын қолдану тиімді. Арнайы білім беру мекемелерінде оқытудың жеке формасы толығымен қолданылады. Сауалнамаға қатысушылардың 8-і оқытудың жұптық формасын қолданудың артықшылықтары өте жоғары деп санайды. Интерактивті оқытудың топтық формасын қолданудың ерекшеліктерін қатысушылардың 2- і, ұжымдық формасын 1 ғана қатысушы таңдаған (2-сурет).

Сурет 2. Оқытудың интерактивті формаларының қолданылуы

Оқытудың интерактивті əдістерінің ішінде жағымды ахуал тудыру əдісі алдыңғы қатарда. Барлық қатысушылар аталған əдісті қолданатындықтарын көрсеткен. Кейінгі орында кему реті бойынша шығармашылық тұрғыдан ойлауды ұйымдастыру, кері байланысты ұйымдастыру, кіріктірілген əдіс, əрекетпен алмасуды ұйымдастыру əдісі, ойлау əрекетін алмасуды ұйымдастыру əдісі орналасқан (3-сурет).

Оқытудың интерактивті құралдарын қолдануда қатысушылардың барлығы интерактивті тақта мен мультимедия құралдарын қолдануды белгілеген. Мобильді құрылғыларды қолдану жағдайы аз кездеседі. Басқа да құралдар өрісіне қатысушылар ноутбук, кітаптар, оқытудың басқа да құралдарын келтірген.

Сурет 3. Оқытудың интерактивті əдістері

Сипатталған интерактивті оқыту əдістерін жүзеге асыру деңгейі бойынша жауаптар түрі де əртүрлі. Тек пассивті əдісті таңдағандар — 5, пассивті жəне активті əдістер — 2, тек қана активті əдіс — 7, интерактивті əдіс — 7, активті, пассивті жəне интерактивті əдістер — 4, пассивті жəне интерактивті əдістер — 3.

Сауалнамада интерактивті сабақта білім алушыларды бағалау əдістері туралы сұрақтар болды. Бағалау əдістерінің ішінде педагогтар тарапынан ең көп қолданылатындары — тест (9 қатысушы), бақылау (4 қатысушы), сауалнама (5 қатысушы), кеңейтілген сауалнама мен өзін-өзі бағалау (3 қатысушы), сұрақ-жауап əдісі мен Дельта əдісі (2 қатысушы).

Қорытынды

Сауалнама нəтижесіне сəйкес қатысушылар білім беру процесіне жаңа əдіс-тəсілдер мен оқыту құралдарын ендіру қажеттілігін түсінеді. Қатысушылар арасында интерактивті оқыту əдіс-тəсілдері мен құралдарын қолданушылар саны практикалық тұрғыдан мүлдем қолданбайтындар санынан əлдеқайда кем екендігін байқауға болады. Бұл ең алдымен инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеуімен жəне ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың өзіндік қиындығымен тікелей байланысты.

Сондықтан, интерактивті оқыту — ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің (көп жағдайда ойынға негізделген), ашық белсенді сұқбат құрудың, баламен, балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың ұйымдастырылған түрі ретінде қолдануға ыңғайлы оқыту түрі. Заманауи оқытудың əдістемелік жүйесінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану құзыреттілігі тұрғысынан алғанда, инклюзивті білім беру жағдайында информатиканы интерактивті оқыту — ерекше білім беруді қажет ететін білім алушының құзыреттілігін дамыту үшін алғышарттар жасайтын педагогикалық процестің барлық қатысушыларының қарқынды, мақсатты өзара əрекеттесуі жағдайында оқу іс-əрекетін ұйымдастыру əдісі ретінде қолдануға болады.

Қорытындылай келе, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде информатика пəні мұғалімдері оқыту процесіне интерактивті оқыту əдіс-тəсілдері мен құралдарын ендіруге жоғары қызығушылық танытады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда интерактивті əдістер мен құралдарды кеңінен қолдану керек. Жоғарыда аталған əдістер де, құралдарда да толыққанды талдау жұмыстарын жүргізіп, таңдау мүмкіндіктерін кеңейту арқылы ары қарай дамыту жұмыстарын қолға алуды қажет етеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Психолого-педагогическое сопровождение и оказание поддержки учащимся с особыми образовательными потребностями в школах на краткосрочной, среднесрочной и долгосрочной основе. метод. реком. — [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/education/inclusive/metod/21 %D0 %9A.pdf
  2. Назарова Н.М. Феноменология совместного обучения: интеграция и инклюзия [Текст] / Н.М. Назарова. — М.: Перо, 2018. — 239 с.
  3. Kenesbayev, S.M., Salgarayeva, G.I., Makhmetova, A.A., Idrissov, S.N., Sabit, B.Management of information software systems in the corrective work with children with disabilities // Espacios, 2017, 38(46),
  4. Жигорева М.В. Технологии обследования речи детей с особыми образовательными потребностями: моногр. / М.В. Жигорева, С.А. Кузьминова, Л.А. Пантелеева. — М.: Спутник+, 2019. — 122 с.
  5. Речицкая Е.Г. Формирование универсальных учебных действий у младших школьников с нарушением слуха [Текст]: моногр. / Е.Г. Речицкая. — 2-е изд. — М: МПГУ, 2017. — 186 c.
  6. Хитрюк В.В. Инклюзивная готовность педагогов: педагогическая система формирования: моногр. / В.В. Хитрюк. — Барановичи: БарГУ, 2015. —176 с.
  7. Азевич А.И. Мультимедийные лонгриды как средство формирования коммуникативных умений школьников / А.И. Азевич. // Вестн. Рос. ун-та дружбы народов. Сер. Информатизация образования. — 2018. — Т. 15, № 2. — С. 190–196.
  8. Kaреш Г. Исследование развивающих игр и эффекта игрушек во время обучения детей дошкольного возраста / Г. Кареш, Е. Тезель // Сиб. пед. журн. — 2015. № 2. — С. 130–134.
  9. Маняйкина Н.В. Цифровое повествование: от теории к практике / Н.В. Маняйкина, Е.С. Надточева // Педагогическое образование в России. — 2015. — № 10. — С. 60–64.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.