Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жалпы білім беру мекемелерінде бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы

Мақалада бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жəне бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде құрастырылған «Ағылшын тілі» оқу курсының авторлық бағдарламасының үзіндісі келтірілген. Бағдарлама 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету мақсатында жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ тиісті мамандықтардың жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған. Бағдарламаға жұмыс дəптері мен интерактивті тапсырмалар жинағы қоса беріледі. Бағдарламаның ауқымы қосымша материал ретінде ағылшын тіліндегі негізгі сабақтарды да, қосымша сабақтарды да қамтуы мүмкін. Бағдарлама балаларды оқытуға қойылатын барлық заманауи талаптарға жауап береді жəне балалардың ағылшын тіліндегі комуникативті дағдыларын, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Орта білім беру мекемелерінде 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретудің авторлық бағдарламасы, 1- сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытуға арналған жұмыс дəптерінен, сондай-ақ Activinspire бағдарламасы негізінде жасалған интерактивті тапсырмаларынан тұратын дисктен құралған. Аталмыш бағдарлама балаларға өткен материалды ойын түрінде бекітуге жəне жаңа оқу материалын оңай игеруге көмектеседі. Бұл бағдарламада білім беру ұйымы жағдайында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізудің дəстүрлі жəне инновациялық нысандары ұсынылған.

Кілт сөздер: шетел тілін ерте жастан оқыту, білім берудің сабақтастығы, шетел тілінің коммуникативтік құзыреттілігі, үштілділік, бастауыш білім беру, білім беру бағдарламасы, жұмыс дəптері, интерактивті тапсырмалар.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» — «Қазақстан халықтарының рухани дамуы жəне Үштұғырлы тіл саясаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасын кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды.

Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламада қазақстандықтардың лингвистикалық капиталының негізгі компоненттерінің бірі іскерлік жəне халықаралық қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілдерін білу болып табылатыны белгіленген [1]. Осыған орай Қазақстанның білім беру жүйесінде мазмұнды да, ұйымдастырушылық жоспарларда айтарлықтай оң өзгерістер орын алды:

  1. шетел тілдерін оқыту қазіргі əлемде адамның практикалық жəне кəсіби өмірін қамтамасыз етудің кепілі ретінде əлеуметтік маңызды деп танылды;
  2. шетел тілінің орны халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тіл мен орыс тілінің жанында — ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде анықталды;
  3. оқу мекемелерінің сабақтастық құрылымында ағылшын тілін меңгеруді одан əрі жетілдіре жəне тереңдете отырып, оны ерте оқытуды енгізу қажеттілігі белгіленді.

Бұл бағдарламаның өзектілігі — шетел тілдерін білу — бұл қазіргі əлемдегі ажырамас дағды. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту жөніндегі шараларды іске асыру, атап айтқанда қазақ-орыс-ағылшын үштілділігін дамыту жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламада сипатталған жəне қолдау тапқан [1].

Осыған байланысты бастауыш мектептің төменгі сатысынан бастап білім берудің келесі сатыларында одан əрі сабақтастықпен тілдерді оқыту қажеттілігі туындайды. Қазіргі əлемде ерте жастан шетел тілдерін оқытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл бір–бірімен тығыз байланысты бірқатар себептерге байланысты. Атап айтқанда, қазіргі уақытта ағылшын тілі бүкіл əлем бойынша адамдардың қарым-қатынас құралы, сондай-ақ халықаралық бизнес, саясат, мəдениет тілі болып табылады [2].

Негізгі бөлім

Бағдарламалық талаптарға сəйкес шетел тілі бүгінде «оқушылардың бойында əлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға, əлеуметтік бейімделуге жəне лингвистикалық ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететін тұлғаның мəдени дамуының құралы» ретінде қарастырылады [2]. Тіл əлемді танудың, басқа халықтар жасаған құндылықтармен таныстырудың құралы ретінде əрекет етеді. Қазіргі уақытта шетел тілін ерте үйренуге деген қызығушылық артып келеді. Ерте жастан шетел тілін оқыту əдістемесі аясында теоретикалық зерттеулерден И.Л. Бим, М.З. Биболетова, Н.Н. Верещагина, Н.Д. Гальскова, О.В. Даниленко, В.Н. Карташова, Н.В. Кузовлева, Е.И. Негневицкая, Г.И. Панарина, JI.A. Цветкова жəне тағы басқа ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады. Шетел тілін алғашқы кезеңнен бастап оқыту сұрақтарын А.К. Сарлыбаева, Г.Н. Амандықова, Ш.Е. Мұхтарова, А.Ж. Сарсембаева сияқты қазақстандық ғалымдар қарастырған. Сонымен қатар, біз Б.А. Жетпісбаеваның, О.Т. Аринованың [3; 23] ойымен келісеміз, яғни бұл қазақстандық қоғамда болып жатқан экономикалық жəне əлеуметтік жаңғырудың маңызды аспектілерінің бірі тіл саласындағы саясат болып табылады деген ой. Елбасының мемлекеттік саясаттың осы құрамдас бөлігіне назары айқын жəне біздің тараптан мұқият зерделеуді, талдауды талап етеді, өйткені біздің республикамызда Тұңғыш Президент бастамашылық еткен бірегей жоба — Тілдердің үштұғырлығы іске асырылуда. Көптілді жəне мультимəдениетті қазіргі заманда тілдердің тоғысу мəселесі, қоғамдарды топтастыру бойынша тілдер саласында тиімді жəне өміршең бағдарламаларды іздеу бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Осыған байланысты Тұңғыш Президенттің Тілдердің үштұғырлығы туралы идеясын енгізудің нəтижесі болып табылатын шетел тілдерін ерте оқытудың маңыздылығы мен өзектілігі күмəн тудырмайды.

Республика көлемiнде мектепке дейiнгi жəне бастауыш мектеп аясында тəрбиенiң ғылыми- теориялық жəне əдiстемелiк мəселелерiн зерттеген еңбектерде атап айтарлық. Олар: В. Андросова, Р.К. Аралбаева, Б.О. Арзанбаева, Ə.С. Əмiрова, Б.Б. Баймұратова, Н.Б. Баримбеков, С.Г. Бəтiбаева, Л.А. Давиденко, М.С. Сəтiмбекова, Р.Ж. Жұмағожина, А.К. Меңжанова, Қ.М. Меңдаяқова, Г.Ж. Меңлiбекова, А.Е. Манкеш, М.Т. Тұрыскелдина, Т.Ж. Қалдыбаева, Н.Д. Храпченкова, Т.И. Иманбеков, Ж.А. Исмайлова, Ш.С. Сапарбаева, Т.А. Левченко, Ғ.З. Таубаева, С.Н. Жиенбаева, Г.М. Метербаева, А.Ж. Салиева, Н.С. Сайлауова т.б.

Ал мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептiң білім мазмұнының сабақтастығын жаңаша тұрғыда, қазiргi экономикалық, əлеуметтiк жағдайларға байланысты шешудiң бiрқатар жолдарын қарастырған ғалымдар: Н.И. Алексеева, Е.А. Аникудимова, Р. Буре, Т. Васильева, З. Грачева, Д. Гуламирян, С.И. Волкова, Т.К. Воробьева, Т.Н. Зотова, М.Х. Мизова, В. Нечаева, В. Неменский, А. Леушина, Т. Тарунтаева, В. Кравченко, А.М. Счастный, А. Усова, С. Улитко, Л. Румянцева, Т. Репина, Р. Руга, Г.К. Широкова, Л.А. Парамонова, В.Н. Просвиркин, Е.А. Конобеева, З.А. Климентьева, Т. Чепель, Р. Чумичева, Н.А. Федосова т.б. еңбектерінің маңызы зор.

Біздің қоғам дамуының осы кезеңінде шетел тілін оқыту білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады. Ағылшын тілін білу қажеттілігін сезіне отырып, ата- аналар балаларының ағылшын тілін үйренуді өз уақыттарына қарағанда ертерек бастауына ықпал етеді. Мектепте шетел тілін ерте үйрену сөйлеу дағдыларын жоғарылатады, балаларды оқытылатын тіл елінің мəдениетімен таныстырады, басқа халықтарға толерантты көзқарасты тəрбиелейді, олардың əдет-ғұрыптарына қызығушылықты дамытады.

Қорытындылай келе, мектеп білімінің бастапқы кезеңінде шетел тілдерін үйрену баланың эмоционалды дамуына ғана емес, сонымен бірге зияткерлік дамуына да оң əсер ететінін атап өткен жөн. Бұл əсердің салдары — оқуда, сондай-ақ, ана тілін үйренуде жоғары нəтижелерге қол жеткізу болып табылады. Ауызша жəне вербальды емес даму деңгейін анықтауға арналған тест нəтижелеріне сəйкес, ерте жастан шетел тілдерін үйренетін балалар жоғары нəтиже көрсетті, өйткені мұндай балалардың ойлау қабілеті мен қиялы жақсы дамыған. Бұл жаста балалар тілдік құбылыстарға ерекше сезімтал бола тұра, сонымен қатар шетел тілінің барлық қыр-сырын білуге ерекше қызығушылық танытады. Негізінен біздің ойымызша, шетел тілін білу үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін жастың барлық мүмкіндіктерін пайдалану қажет екені анық.

Зерттеу нəтижелері

Зерттеудің практикалық жəне ғылыми маңыздылығын негіздеу барысында оқу құралдарын бақылау жəне талдау мақсатында «Erfolg» ОО ҰМУ-да 1-сыныптың ағылшын тілі сабақтарына қатыстық. Сондай-ақ, 1-сынып оқушыларының Virginia Evans, Jenny Dooley «Smiles» жəне Diana Hicks, Andrew Littlejohn «Primary Colours» ағылшын тілі бойынша оқулықтарына талдау жүргізілді (1-кесте). Талдау мына критерийлер бойынша жүргізілді:

Кесте 1

Қазақстанда қолданылатын ағылшын тілі оқулықтарын салыстырмалы талдау

Оқулықтар

Патриоттық сезімді тəрбие- леу

Дəстүрлі құн- дылықтарды құрметтеу

Коммуника- тивтік құзы- реттілікті да- мыту

Сыни тұрғы- дан ойлау жə- не шығарма- шылық көзқа- рас

Интерактивті тапсырмалар- дың болуы

Шетел тілдік қарым-қаты- насқа ынталан- дыру

Primary Colours

Diana Hicks, Andrew

Littlejohn

-

-

+-

+

+

+-

Smiles

Virginia Evans, Jenny Dooley

+

-

+-

+

-

+-

Талдау нəтижесінде бұл оқулықтарда оқушылардың ағылшын тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға арналған тапсырмалар жеткіліксіз екендігі анықталды. Пандемия жағдайында қазақстандық көптеген оқушылар қашықтықтан оқуға мəжбүр, яғни балалардың өздері немесе ата-аналарының көмегімен белгілі бір материалды үйренуге тура келетіні ешкімге құпия емес. Сондықтан біздің ойымызша, қазіргі таңда авторлар оқулықтарды осы жағдайды ескере отырып, құрастыруы абзал. Жоғарыда аталған оқулықты талдай отырып, балаларға өткен тақырыптарды бекітуге арналған материал жеткіліксіз деген қорытындыға келдік. Бұл оқулықтың авторлары шетелдік ғалымдар болғандықтан, оқулықта еліміздің Тəуелсіздік күні жəне Наурыз сияқты мемлекеттік мерекелеріне қатысты тақырыптар жоқ екенін байқадық. Бұл мерекелер балаларда патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тəрбиелейді, сондықтан бұл тақырыптар қазақстандық мектеп оқушылары үшін міндетті болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз жалпы білім беру мекемелерінде 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту бағдарламасын, сондай-ақ 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен жұмыс дəптерін (1-сурет) жəне Activinspire бағдарламасын қолдана отырып, ағылшын тілінде интерактивті тапсырмалар жиынтығын жасадық (2-сурет). Аталмыш бағдарлама балаларға өткен материалды ойын түрінде бекітуге, ал жаңа материалды жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында физикалық, ойын жəне танымдық əрекеттерді қолдану оқушылардың психикалық жəне физикалық денсаулығын сақтай отырып, тиімді оқытуға мүмкіндік береді [4]. Бұл бағдарламаның мазмұнына ойын технологиялары мен интерактивті оқыту тəсілдері енгендіктен, аталмыш бағдарлама дəстүрлі сабақ кезінде де, сонымен қатар, қашықтықтан білім беру жағдайында да ағылшын тілін үйретудің икемді жүйесі ретінде қолданыс табады.

Бағдарламаның жаңалығы бастауыш мектеп жасынан бастап балалардың ағылшын тілін меңгеруі олардың коммуникативтік-танымдық құзыреттіліктерін, жалпы тілдік жəне шығармашылық қабілеттерін дамытуға, зияткерлік-эмоционалдық саланы қалыптастыруға, адамгершілік, көп мəдениетті тұлғаны тəрбиелеуге ықпал ететіндігіне байланысты. Бұл бағдарлама бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық жəне физикалық даму ерекшеліктерін толық ескереді.

Аталған бағдарламаның мақсаттары: бастауыш мектеп жасындағы балалардың ағылшын тілін ашық жəне дидактикалық ойындар, əңгімелер, мнемотехника көмегімен қарым-қатынас жəне ақпарат алмасу құралы ретінде тұрақты қызығушылығын дамыту; балаларды қолжетімді жəне олардың даму деңгейіне сəйкес лексикамен таныстыру, қарапайым тілдік құрылымдарды енгізу; ағылшын тілдіелдердің мəдениетімен таныстыру арқылы тұлғаны тəрбиелеу жəне дамыту, балалар фольклорымен танысу; шығармашылық қызметін жандандыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың лингвистикалық қабілеттерін дамыту.

Сурет 1. 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тіліндегі жұмыс дəптері

Сурет 2. 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен интерактивті тапсырмалар жинағы

Міндеттері:

Оқытушылық: ақпаратты есте сақтау (кодтау) тəсілдерін игеру арқылы балалардың есте сақтау көлемін арттыру; өз бетінше тілдік мəселені шешу дағдылары мен іскерлігін, ауызша сөйлеудегі қарапайым — коммуникативтік-танымдық міндеттерді қалыптастыру; ағылшын тілі арқылы баланың айналасындағы əлем туралы жəне тіл туралы таным мен қарым-қатынас құралы ретіндегі түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: балалардың қабылдауын, зейінін, тілдік есте сақтау қабілетін, қиялын, интуитивті жəне логикалық ойлауын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; сөйлеу мəдениетін, сондай- ақ қарым-қатынас мəдениетін дамыту; ағылшын тілін пайдалана отырып, əртүрлі салалардағы кіші мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тəрбиелік: балалардың жаңа тілді үйренуге деген тұрақты қызығушылығын тəрбиелеу; бастауыш сынып оқушыларының басқа мəдениет əлеміне енуге деген ынтасы мен қабілетін, басқа ұлт адамдарына деген толерантты көзқарасын тəрбиелеу.

Күтілетін нəтижелер: педагог бір рет айтқаннан ағылшын тіліндегі тілдесімді тыңдап түсіну; педагогтің ағылшын тіліндегі қолжетімді өтініштерін орындау; ағылшын тілінде қысқа фразаларды айту жəне белсенді сөздіктің 130–150 сөзіне дейін, пассивті сөздіктің 110–130 сөзіне дейін білу [5] жəне жекеше жəне көпше түрде зат есімдерді қолдана білу; сөйлеуде «I' ve got...», «I haven' t got...», «I can...», «I сan...», «Yes, I have», «no, I haven 't» сұрақтарына қысқаша жауап беруді; есімдіктерді қолдануды: жеке, индикативті, иелік етуші, белгісіз жəне сұрақ; реттік сандарды 20-ға дейін қолдануды; одақтар мен есімдіктерді қолдануды; мнемотаблицалардың көмегімен шағын сипаттамалық əңгімелер жасауды үйренеді [6].

Өз жұмысына қызығушылық танытқан əр мұғалім балаларға лексикалық қорды кеңейтуге, ауызекі сөйлеуді тыңдап түсініп ғана қоймай, сонымен бірге сөйлесуге, яғни шағын сипаттамалық жəне танымдық əңгімелерді өз бетінше құрастыруға, қарым-қатынастың табиғи жағдайында тілдесім жасауға көмектесетін тиімді жəне нəтижелі оқыту тəсілдерін тапқысы келеді. Ана тілінде оқытудың көптеген əдістері мен тəсілдері бар, бірақ ағылшын тілін үйрену кезінде оларды тəжірибеге енгізу туралы аз адам ойланады. Бұл əдіс мнемотаблицалар болып табылады, олар мұғалімге балаларды ағылшын тілінде шағын сипаттамалық əңгімелер құруға үйретуге көмектеседі. Бұл əдіс балаларға көмекші ғана емес, сонымен қатар сабақтың барысын түрлендіреді жəне осы жұмыстың нəтижесінде баланың жанарында қуаныш пен оқытылатын тілге қызығушылық туындайды.

6–7 жастағы балаларға арналған бағдарламаның мазмұны «Коммуникация» білім беру саласына негізделген. Негізгі қызмет түрі — ағылшын тілі. Бағдарлама жылына 36 сағаттық оқуға есептелген (3-сурет).

Сурет 3. 6–7 жастағы балаларға арналған болашақ жоспардың үзіндісі

Жоғарыда сипатталған бағдарлама мен жұмыс дəптерінің нəтижелілігін тексеру бойынша тəжірибелік эксперимент Қарағанды қаласының «Erfolg» ОО ҰМУ-да 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың мамыр айының аралығында жүзеге асырылды. Экспериментке қатысқан балалар саны — 24. Олардың ішінде 12 бала — бақылаушы топта (БТ), тағы 12 бала эксперименттік топта болды (ЭТ).

Эксперимент жұмысы 4 құрамдас кезеңдерден тұрды:

  1. кезең — дайындық кезеңі;
  2. кезең — анықтаушы кезең;
  3. кезең — қалыптастырушы кезең;
  4. кезең — қорытынды кезең.

Əр жұмыс кезеңінде белгілі міндеттер шешіліп, қажет əдістер мен жұмыс формалары қолданылып, жұмыс нəтижелері бағаланды.

Экспериментті жүзеге асыру үшін түрлі ғылыми əдістерді қолдандық. Б.Г. Ананьев жіктеуіне сай, барлық зерттеу əдістері ұйымдастырушылық, эмпирикалық, деректерді өңдеу жəне интерпретациялау əдістеріне бөлінеді. Барлық əдістердің сипаттамаларына тоқталмай, біз тек біздің эксперимент барысында қолданыс тапқан əдістерге тоқталамыз.

Ұйымдастырушылық əдістер тобынан біз түрлі оқу бағдарламалары негізінде бастауыш мектепте балаларды оқытудың педагогикалық əсерінің тиімділігін зерттеуге мүмкіндік беретін салыстырмалы əдісті қолдандық.

Зерттеудің эмпирикалық əдістері ғылыми фактілерді жинақтаумен байланысты барлық əдістерді қамтиды. Бұл байқаушы (бақылау, өзін—өзі бақылау), диагностикалық, эксперименталды, праксиметрикалық əдістер.

Біздің зерттеуімізде мына əдістер қолданылды: бақылау, диагностикалық (сауалнама, тесттер), эксперименталдық (анықтаушы жəне қалыптастырушы). Бастауыш мектепте шетел тілін оқытуда балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуды зерттеудің негізгі əдісі — бақылау. Бұл фактілерді жинақтауға бағытталған сенсорлық танымның белсенді нысаны; ол нысандар мен құбылыстарды мақсатты жəне жүйелі қабылдауды қамтиды.

Эксперименталды зерттеу əдістерінен анықтаушы жəне қалыптастырушы экспериментті қолдандық. Педагогикалық эксперименттің басты функциясы педагогикалық əсер ету жүйесінің жекелеген элементтері мен оның нəтижелері арасындағы байланыстар туралы гипотезаны тексеру болып табылады.

Қалыптастырушы эксперимент БТ жəне ЭТ-да 7 жастағы балаларды ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы жəне «1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тіліндегі жұмыс дəптерін» қолдану алдында шетел тілінде коммуникативтік дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатымен жүзеге асырылды.

Сонымен, жоғарыда айтылып кеткендей, тəжірибелік эксперименттік жұмыс 4 кезеңнен (дайындық кезеңі, анықтаушы, қалыптастырушы жəне қорытындылау кезеңі) тұрды.

Бірінші дайындық кезеңінде (қаңтар — қыркүйек, 2020) Қарағанды қаласының «Erfolg» ОО ҰМУ- да мектепке дейінгі мекемелерінде ағылшын тілін оқытудың жағдайын бақыладық. Бақылаудың нəтижесінде тəрбиешілер мен МДМ ағылшын тілі мұғалімдерінің жəне ата–аналардың арасында өткізілген сауалнаманың нəтижесінде оқыту барысының біршама кемшіліктері байқалды. Олар:

  1. Ағылшын тілі сабағы барысында ұлттық контентке сай келмейтін оқулықтардың қолданылуы.
  2. Шетел тілін оқытуда «Үштілділік» қағидасын ұстанбау.
  3. Күнделікті өмірде шетел тілін қарым–қатынас құралы ретінде қолданудың қажетсіздігі. Сонымен қатар, балалардың игерген іскерліктерін, дағдыларын жəне білімдерін күнделікті тілдесімде қолдана алмауы.
  4. Ата–аналар балаларының шетел тілін оқуына деген қызығушылығын құптайды. Алайда, олар 1 сыныптағы шетел тілін оқыту сапасымен қанағаттанбайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз жалпы білім беру мекемелерінде 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту бағдарламасын, сондай-ақ 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен жұмыс дəптерін жəне Activinspire бағдарламасын қолдана отырып, ағылшын тілінде интерактивті тапсырмалар жиынтығын жасадық. Аталмыш бағдарлама балаларға өткен материалды ойын түрінде бекітуге, ал жаңа материалды жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында физикалық, ойын жəне танымдық əрекеттерді қолдану оқушылардың психикалық жəне физикалық денсаулығын сақтай отырып, тиімді оқытуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның мазмұнына ойын технологиялары мен интерактивті оқыту тəсілдері енгендіктен, аталмыш бағдарлама дəстүрлі сабақ кезінде де, сонымен қатар, қашықтықтан білім беру жағдайында да ағылшын тілін үйретудің икемді жүйесі ретінде қолданыс табады.

Екінші кезеңде анықтаушы эксперимент жүзеге асырылды. Аталмыш кезеңнің міндеттерін шешу үшін орыс əдіскері А.Н. Утехинаның əдістемесін ескере отырып, ересек топ балаларының шетел тілін оқу нəтижелерін талдауға арналған диагностикалық əдістер мен критерийлерін құрастырдық. Сонымен қатар, балалардың ағылшын тілінен игерген материал көлемін есептеу үшін В.В. Егоров пен Э.Г. Скибицкий ұсынған математикалық–статискалық формуланы қолдандық:

1. баланың эмоционалды құндылықты дамуының деңгейі (баланың шетел тілін оқуға деген қызығушылығының деңгейін анықтау);

2. балалардың ағылшын тілінен игерген материал көлемін есептеу;

K = ^^ ^ 100
y^

Бұл жерде, Ky– материалды игеру; N1 — дұрыс жауап саны; N –қойылған сұрақ саны.

ЭТ жəне БТ балаларының эмоционалды құндықты дамуының деңгейін бағалау үшін балалармен əңгіме жүргізілді. Əңгіме барысында мына сұрақтар қойылды:

  • Қандай оқу іс–əрекетін ұнатасың? Неге?
  • Бұл оқу іс–əрекеттерде əдетте не істейсің?
  • Ағылшын тілі оқу іс–əрекетіне қатысқан ұнайды ма? Неге?
  • Бұл іс–əрекетте не істегенді ұнатасың?
  • Сен ағылшын тілінде сөйлескенді ұнатасың ба? Сенің ұнататын сөздерің бар ма? Қандай?

Əңгімені өткізгеннен кейін келесі нəтижелерге қол жеткіздік: БТ-та 12 бала ішінен 7 (58,3 %) бала ағылшын тілін оқу іс–əрекетіне қызығушылықпен қатысады, ал 5 бала (41,7 %) ағылшын тіліне қатысқаннан, топта ойнауды таңдады. ЭТ нəтижелері бойынша, 8 бала (66,7 %) қызығушылық білдірсе, 4 бала (33,3 %) қызығушылық білдірмейді.

Эмоционалды құндылықты дамудың деңгейін анықтау бойынша жалпы нəтижелер 2 кестеде берілген.

Кесте 2

БТ жəне ЭТ балаларының эмоционалды құндылықты дамудың деңгейін анықтау бойынша жалпы нəтижелер

БТ

ЭТ

58,3 %

66,7 %

Келесі міндет, В.В. Егоров пен Э.Г. Скибицкий ұсынған математикалық–статискалық формуланың негізінде балалардың ағылшын тілінен игерген материал көлемін есептеу болды. Бұл міндетке қол жеткізу үшін балаларға қағаз бетінде берілген түрлі тапсырмаларды дайындадық. Бұл тапсырмалар суретті жалғастыруға, дұрыс жауапты таңдауға, оларды белгілеуге негізделген. Барлық тапсырмалар ойын формасында өткізіледі. Əр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

БТ жəне ЭТ балаларының материалды меңгеру деңгейі келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылды:

  • түсініксіз сөздерді мимикаға, жесттерге, көрнекіліктерге сүйене отырып түсіну;
  • тілдесімге түсу, əңгімеге ат салысу (амандасады, өзін атайды, іс–əрекет жасауға ынта білдіреді);
  • сұрақтарға жауап беру қабілеті: 1) өзің туралы, 2) досың, отбасың туралы; 3) заттың сыны, сапасы туралы; 4) жануарлар туралы;
  • коммуникативтік сөздікті меңгеру деңгейі.

Экспериметтің нəтижесінде БТ 3 бала – 7 ұпай, 2 бала – 5 ұпай, 4 бала – 4 ұпай, 3 бала – 3 ұпай жинады. Топтың орташа көрсеткіші келесі формула бойынша есептейміз.

K = ^^ ^ 100
y^

Есептеудің нəтижесі 3 кестеде көрсетілген.

Кесте 3

Математикалық—статистикалық формуланың негізінде, БТ ағылшын тілінен игерген материал көлемін есептеу нəтижесі

Пайыз көрсеткіші

Бала саны

Топ бойынша орташа көрсеткіш

87,5 %

1 бала

50 %

62,5 %

2 бала

50 %

4 бала

37,5 %

5 бала

ЭТ топтың көрсеткіштері бойынша 6 бала – 7 ұпай, 3 бала – 6 ұпай, 2 бала – 5 ұпай, 1 бала – 4 ұпай жинады. Есептеудің нəтижесі 4, 5 кестеде көрсетілген.

Кесте 4

Математикалық—статистикалық формуланың негізінде, ЭТ ағылшын тілінен игерген материал көлемін есептеу нəтижесі

Пайыз көрсеткіші

Бала саны

Топ бойынша орташа көрсеткіш

87,5 %

6 бала

77 %

75 %

3 бала

62,5 %

2 бала

50 %

1 бала

Кесте 5

Балалардың эмоционалды құндықты дамуының деңгейін анықтау бойынша эксперименттің басындағы жəне аяғындағы нəтижелердің салыстырмалы кестесі

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

58,3

66,7

75

100

Алынған нəтижелер БТ жəне ЭТ балаларының ағылшын тілінен көрсеткіштері ұқсас жəне төмен екенін көруге болады. Балалардың көрнекіліктерге, жесттер мен мимикаға сүйене отырып өтілген тақырыптар бойынша лексиканы жақсы біледі, алайда тілдесімге түсер кезінде қиналып, ұялады.

Анықтаушы эксперименттің нəтижесі бойынша, БТ жəне ЭТ ағылшын тілінен білім деңгейі төмен жəне арнайы түзету жұмысын қажет етеді.

2017 жылдың қазан айынан 2018 жылдың мамыр айында «Алтын сақа» балабақшасында жүзеге асырылған эксперименттің үшінші кезеңіңде, БТ МДМ ағылшын тілінің вариативтік бөлімінің жылдық жоспарына сай жұмыс жасап, ал ЭТ біз құрастырған «With English to the future» атты ағылшын тілінің вариативтік бөліміне арналған оқу бағдарламасымен жəне «Мектепке дейінгі ересек топ балаларына ағылшын тілінің вариативтік бөлімін оқытуға арналған жұмыс дəптерімен» жұмыс жасады. Ұйымдастырылған оқу іс–əрекеті аптасына 1 рет сағат 16.00-ден 16.30 ға дейінгі уақытта өткізілді.

Оқытудың соңында (мамыр, 2018) балалардың ағылшын тілі бойынша бағдарламаны меңгеру деңгейі қайта тексерілді.

ЭТ жəне БТ балаларының эмоционалды құндылықты дамуының деңгейін бағалау үшін балалармен əңгіме жүргізілді. Əңгіме барысында қайтадан мына сұрақтар қойылды:

  • Қандай оқу іс–əрекетін ұнатасың? Неге?
  • Бұл оқу іс–əрекеттерде əдетте не істейсің?
  • Ағылшын тілі оқу іс–əрекетіне қатысқан ұнайды ма? Неге?
  • Бұл іс–əрекетте не істегенді ұнатасың?
  • Сен ағылшын тілінде сөйлескенді ұнатасың ба? Сенің ұнататын сөздерің бар ма? Қандай?

Эксперименттің нəтижесі бойынша, БТ-ның 9 (75 %) баласы ағылшын тілі оқу іс–əрекетіне қызығушылықпен қатысатынын айтты. Ал ЭТ-ның 12 баласы да (100 %) ағылшын тілін оқуға қызығушылық танытатынын айтты. Балалардың эмоционалды құндылықты дамуының деңгейін бағалаудың нəтижесі 6 кестеде көрсетілген.

Кесте 6

Балалардың эмоционалды құндылықты дамуының деңгейін бағалауға өткізілген əңгіменің нəтижесі

БТ

ЭТ

75 %

100 %

Эксперименттің басындағы жəне аяғындағы нəтижелердің салыстырмалы кестесі берілген.

Эксперименттің нəтижесі бойынша, БТ балаларының ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығы 16,7 %, ал ЭТ 33,3 % өсті. Бұл «1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен жұмыс дəптері» мен 1 сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқыту бағдарламасының тиімділігін көрсетеді. Эксперименттің жалпы нəтижесі 7 кестеде көрсетілген.

Кесте 7

БТ жəне ЭТ балаларының ағылшын тілінен игерген материал көлемін есептеудің жалпы нəтижесі

ЭТ

БТ

Бала саны

%

Бала саны

%

10 бала

100

10 бала

70

2 бала

95

2 бала

50

Топ бойынша орташа көрсеткіш

97,5 %

60 %

Экспериментке дейін жəне эксперименттен кейінгі нəтиже 8 кестеде көрсетілген.

Кесте 8

Экспериментке дейін жəне эксперименттен кейінгі балалардың ағылшын тілінен игерген материал
көлемінің есептеу нəтижесі

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Өзгеру динамикасы

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

%

%

%

%

%

%

50

77

60

97,5

+10

+20,5

Екі топта да оң өзгеріс динамикасы байқалады, алайда ЭТ көрсеткіші БТ көрсеткішінен жоғарырақ (ЭТ көрсеткіші +20,5). Ал БТ өзгеріс нəтижесі +10. Осылайша, ЭТ көрсеткіштері БТ қарағанда 10,7 % ға артық екенін көріп тұрмыз.

Эксперименттің нəтижелері мына диаграммаларда көрсетілген (4,5-суреттер).

Сурет 4. БТ эксперимент нəтижесі

Сурет 5 ЭТ эксперимент нəтижесі

Қорытынды

Қорытындылай келе, теориялық жəне практикалық зерттеулер нəтижесінде 6–7 жастағы балалардың педагогикалық жəне психологиялық талаптарына толық жауап беретін бағдарлама жасағанымызды атап өткім келеді. Ал жұмыс дəптері мен интерактивті тапсырмалар жинағы 1-сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға, сондай-ақ шетел тілін үйренуге тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға көмектеседі. Бұл бағдарлама жас мамандарға болашақ жоспар құруда жəне 6–7 жас аралығындағы балаларды жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілін оқытуда тиімді əдістер мен тəсілдерді таңдауда көмекші болып табылады.

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900001045
  2. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://online.zakon.kz/Document/? doc_id=36966825
  3. Жетписбаева Б.А. / «От идеи «триединство языков» Н.А. Назарбаева до полиязычного образования в Казахстане / Б.А. Жетписбаева, О.Т. Аринова // Вестн. Караганд. ун-та. — Сер. Педагогика. — 2012. — Вып. 4 (68). — С. 19 – 25.
  4. Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015681
  5. Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008170
  6. 2020–2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің ерекшеліктері туралы [Электронды ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://drive.google.com/file/d/1Tm25cdU-

5hepf5zncJHoiFlR7znK3jEH/view

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.