Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

COVID-19 пандемиясы кезінде қашықтықтан оқыту: қазақстандық контекстегі академиялық талдау

COVID-19 пандемиясының алғашқы толқыны кезінде Қазақстан қатаң жалпы әлемдік процедураларды ұстанды. Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға көшіру туралы үкіметтің маңызды шешімі қабылданды. Дәстүрлі оқытудан қашықтан оқыту форматына күрт көшу педагогикалық практиканың алдына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу туралы ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа форматының параметрлерін өзгерту және құру туралы мәселе қойды. Осыған байланысты пандемияның бірінші толқыны кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қарау маңызды да мәнді болып табылады. Демек, қазіргі уақытта дағдарыс жағдайында (пандемия, табиғи апат және т.б.) әртүрлі бағдарламалық іс- шаралардың нақты тиімділігін түсіну үшін ғылыми зерттеулерге шұғыл қажеттілік туындайды. Алайда, Қазақстанда пандемия кезінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері туралы ғылыми негізделген зерттеулердің әртүрлі елдер ғалымдарының зерттеулерімен салыстырғанда, шектеулілігі байқалады. Зерттеудің жаңалығы: пандемия басталған кезеңде қазақстандық контексте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру процесі қаралған, дағдарыстық жағдайда оқытудың жаңа тәсіліне лайықты баға беру үшін оқыту процесінде анықталған проблемалар тұжырымдалған. Практикалық маңыздылығы: бұл зерттеу қазақстандық контексте қашықтықтан оқытудың дағдарыстық жағдайларда білім беру қызметтерін қолдаудағы рөлін көрсете отырып, қолданыстағы әдебиетті толықтырады.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі COVID-19 пандемиясының барлық білім беру жүйелері жұмысының бұзылуына әкелуіне байланысты. Мектептердің жабылуы әлемдегі оқушылардың 94 пайызына әсер етті, олардың 99 пайызы табысы төмен және орташа елдердің үлесінде [1].

COVID-19 пандемиясының салдарынан оқушылардың білім алудағы шығындары, егер әдеттегі мектеп жылымен салыстырсақ, өткен жылы алған білімдерінің орташа есеппен 30–50 % -ын құрайды. Сондай-ақ, жазғы демалыстан болған шығындарды да ескеру қажет, яғни орташа алғанда, жаз бойы білімнің жетіспеуі оқу жылының 0,25-іне тең.

Қашықтықтан оқытуға мәжбүрлі көшудің оқушылардың білім деңгейіне әсері жинақтаушы сипатта болады, онда жаз бойы білім деңгейінің объективті төмендеуі тіпті екі жылдық оқытуға дейін ұлғаяды.

Компьютері де, интернетке қолжетімділігі де, кей жағдайларда ата-аналар тарапынан қолдауы да жоқ аз қамтылған отбасылардан немесе шалғайдағы ауылдық аудандардан шыққан балалардың білім деңгейінің төмендеуі одан да жоғары.

Білім беру саласының мамандары болашақ талапкерлердің алдағы уақыттағы қиындықтарын болжайды, бірақ төменгі сынып оқушыларын ең осал санат деп санайды.

Авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқу жылын бос өткізіп жіберумен салыстырылатын шығындарды болжайды.

Пандемияға дейін жүргізілген халықаралық зерттеулерге сәйкес, мектептің 20 күнге жабылуы тест тапсыра алмайтын оқушылардың санын 10 %-ға арттырады, ал оқушының 10 күн сабақтан қалуы 5–10 %-ға дейін бір жылдағы нәтижедегі шығындарды анықтай алады.

COVID-19-дың білім беру жүйелеріне және адами капиталға тигізген соққысының барлық салдарын қысқа мерзімді (біз оларды осы жылдың соңына дейін көреміз) және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады.

Қысқа мерзімді сипаттағы салдарға оқу процесінің баяулауы, оқушылардың оқуға деген ықыласының әлсіреуін жатқызады. Мектептердің жабылуына байланысты оқушылардың тамақтануы (мектептерде тегін тамақтанғандар), олардың психикалық жағдайы нашарлайды, оқушылардың зорлық-зомбылыққа және басқа да қауіп-қатерлерге қарсы тұру осалдығы жоғарылайды, сондай-ақ қауіпті мінез-құлық өріс алып, жасөспірімдердің жүкті болуы жағдайлары орын алады.

Оқушылардың мектептен біршама көп кету жағдайлары байқалуы мүмкін. Бұл әсіресе аз қамтылған/жағдайы нашар отбасылардан шыққан балаларға, балалар еңбегінің өсуіне, кәмелетке толмағандардың некелеріне, коммерциялық секске, балаларды оқытуға ата-аналық инвестициялардың қысқаруына қатысты. Ковидке дейінгі мысал: Румыниядағы әлемдік эконо- микалық дағдарысқа байланысты 2009–2018 жылдары мектепке бармаған балалардың саны демографиялық көрсеткіштер төмендегеннің өзінде, 192 мыңнан 378 мыңға дейін екі есе өсті.

Мемлекеттің білім беруге жұмсалатын шығыстарының қысқаруы, оқыту сапасының төмендеуі, жекеменшік мектептердің жабылуы орын алуда.

Оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үлгерімінің төмендеу қаупі жоғары; көптеген оқушылар мектепке оралмаулары мүмкін, бұл «білім беру кедейлігін» арттырады және бүкіл ұрпақтың болашақтағы өнімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Табыс деңгейі жоғары елдердегі (ТДЖЕ) 104 млн оқушы мен табыс деңгейі орташа елдердегі (ТДОЕ) 59 млн оқушы арасындағы оқыту нәтижесіндегі алшақтық ұлғайтылатын болады. Əзірге ТДЖЕ мен ТДОЕ адами капиталының орташа индексі арасындағы алшақтық 13 %-ды құрайды.

Мектепте оқытуды тоқтату және білім сапасының төмендеуі өмір бойы өнімділіктің және кірістің төмендеуіне әкеледі, бұл макродеңгейде көрінеді. Егер қосымша оқу жылы табысты шамамен 8–10 %-ға арттырса, ал оқушылар жылына орта есеппен оқу сағаттарының төрттен бірін өткізіп алса, онда оқу орындарының жабылуы табыстың 2–2,5 %-ға тұрақты қысқаруына соқтыруы мүмкін.

COVID-19 пандемиясының алғашқы толқыны кезінде Қазақстан қатаң жалпы әлемдік рәсімдерді ұстанды. Осыған байланысты білім беру ұйымдарын жабу және қашықтықтан оқыту форматына көшу туралы үкімет маңызды шешім қабылдады. Алайда, қашықтықтан оқыту форматы және оны ұйымдастыру қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жаңа оқыту әдісінің параметрлерін жобалау бойынша да көптеген сұрақтар туғызады.

Осыған байланысты Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов қашықтықтан оқытуды онлайн-оқытумен теңестіруге болмайтынын атап өтті [2].

Өз кезегінде, Дүниежүзілік банктің білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маманы Айша Вауда Орталық Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстанда пандемия кезінде қашықтықтан оқыту емес, білім алуға шұғыл қолжетімділік жүзеге асырылды деп санайды [3; 4].

Демек, мынадай сұрақ туындайды: қазіргі жағдайда қашықтықтан оқыту процесінде анықталған проблемалар жүйеленді ме және бұл мәселелер дағдарыс жағдайында қашықтықтан оқытуды нақты бағалау мақсатында ғылыми ортада байыпты талқыланып отыр ма? Осы мәселе бойынша қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерге, медиа және әлеуметтік желілерге жасалған шолуда қазақстандық ғылымда бұл мәселе аз зерттелгенін, оған әртүрлі ғылыми мақалалар [5; 6] мен дөңгелек үстелдер және т.б. шеңберінде ұсынылған тар зерттеулер арналғанын көрсетеді.

Осы жұмыс авторларының пікірінше, мынадай бұрын-соңды болмаған жағдайларда пандемияның алғашқы толқыны кезеңінде қазақстандық контексте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қараудың шұғыл қажеттілігі туындайды.

Зерттеудің мақсаты — дағдарыс жағдайында қашықтықтан оқытуды шынайы көру және қашықтықтан оқыту форматы әдістерінің тиімділігі үшін анықталған проблемаларды одан әрі жүйелеу мақсатында COVID-19 жағдайындағы Қазақстан мектептеріндегі қашықтықтан оқыту мәселелерін талдау.

Негізгі бөлім

Қазақстан мектептерінде COVID-19 жағдайында қашықтықтан оқытуды талдау және зерттелетін саладағы негізгі проблемаларды анықтау үшін пандемияның бірінші толқыны кезінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы әртүрлі елдердің тәсілдерін зерделеу және қашықтықтан оқыту форматына қазақстандық тәсілді анықтау мақсатында салыстырмалы талдау жүргізілуі қажет.

Орталықтандырылған тәсіл.

103

Орталықтандырылған тәсіл аудиторияның кең бөлігін қамтуға ықпал етеді және қашықтықтан оқытуға неғұрлым жүйелеп өтуге әсер етеді. Мысалы, мұндай тәсіл Финляндия, Франция, Қытай сияқты елдерде қолданылды.

Фин мектептері қашықтықтан оқыту кезінде әртүрлі провайдерлердің сынып-менеджменттің құралдарын қолдана отырып, әдеттегі кестені қолданды. Бұл сервистерді мұғалімдер мен оқушылар пандемияға дейін қолданғандықтан, ауысу ешбір қиындықтарсыз өтті.

Францияда қашықтықтан білім берудің CNED жүйесі іске асырылуда. Дағдарыс жағдайында оқыту үшін Ma classe à la maison платформасы жұмыс істеді.

Қытай мемлекетінде қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін ірі компаниялар, атап айтқанда Alibaba, Baidu және Huawei атсалысты. Қысқа мерзімде жеті мың серверден тұратын бірыңғай ұлттық онлайн-платформа әзірленіп, іске қосылды.

Орталықтандырылмаған тәсіл.

Орталықтандырылмаған тәсіл көптеген сервистерінің болуымен сипатталады. Алайда, пайдалану кезінде көптеген пайдаланушылар қолайлы платформаларды табуда қиындықтарға кездеседі. Бұл кемшілік қашықтықтан оқытуға көшу процесін созады. Мысалы, Ұлыбританияда көптеген білім беру мекемелері өздерінің жеке онлайн-платформаларын қолдана бастады [7].

Қазақстандағы жағдай

2020 жылдың 6 сәуірінен бастап орта білім беру ұйымдарында 1–11 (12) сыныптарда оқыту қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып жүргізілді [8].

Жұмыста осы бұйрыққа қоса берілген әдістемелік ұсынымдар қолданылды.

Kundelik, Daryn Online және Bilim Land сияқты отандық білім беру платформалары ұсынылды. «Балапан» және «Ел арна» арналарында оқу пәндері мен сабақтардың арнайы кестесі ұйымдастырылды, ал сабақтардың өзі 10 минуттық бейнеролик форматында өтті.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қашықтықтан оқытуда 20 мыңнан астам оқушы «Қазпошта» қызметін пайдаланған.

Қазақстан мұғалімдері WhatsApp арқылы сабақ берді және COVID-19 дағдарысына қарсы шұғыл іс-қимыл ретінде Zoom, Cisco WebEx немесе Google Classroom, Moodle және Microsoft Teams сияқты қосымшаларда кездесулер өткізді.

Осылайша, салыстырмалы талдау мен түрлі елдерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың жоғарыда айтылған тәсілдеріне сүйене отырып, Қазақстанда қашықтықтан оқытудың орталықтандырылмаған тәсілі таңдалған деп тұжырымдаймыз.

Нәтижелер және талқылау

«PaperLab» зерттеу орталығының нәтижелерін талдаудан [9] орта мектептерді қашықтықтан оқыту форматына көшіру кезінде мынадай негізгі проблемалар анықталды (1-сурет).

1-cуреттің деректеріне сүйене отырып, негізгі проблемалар кең жолақты интернеттің жеткіліксіз болуы және интернеттің нашар сапасы екенін атап өту керек; мектеп оқушылары технологиялық жабдықтармен және басқа байланыс құралдарымен қамтамасыз етілмеген; платформа Kundelik.kz өзінің дәрменсіздігін көрсетті.

Қашықтықтан оқыту форматына қатысты респонденттермен пікіртерім жүргізу нәтижелері (2- сурет).

2-суреттің деректері бойынша респонденттердің 43 %-ы қашықтықтан оқыту форматына қарсы болғанын, респонденттердің 38 %-ы қашықтықтан оқыту форматына түсіністікпен қарайтынын және 16 %-ы онлайн оқытуды қолдайтынын атап өткен жөн.

Зерттеу мәселелері бойынша жүргізілген талдау нәтижелері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) негізінде сапалы қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етудегі қолжетімділік пен теңдік еліміз үшін әлі де үлкен проблема болып қалатыны туралы дәлелді қорытынды жасауға мүмкіндік береді [10].

Білім және ғылым министрінің бұйрығына қарамастан, жер-жерлерде білім беру процесіне қатысушыларға жағдай жасау бойынша қажетті шаралар қабылданбады. Уақыт пен орынның икемділігі оқытудың ең басты ерекшелігі болып саналғанымен, нашар желілік байланыс ең үлкен кедергілердің бірі болды.

Сонымен қатар, білім беру мақсатында интернетке қосылудың төмен деңгейіне байланысты баршаға тең негізде толық интерактивті немесе синхронды оқыту құралдарына қол жеткізу мүмкін емес екендігі анықталды.

Мектеп әкімшілігі көпбалалы отбасылар мен басқа да әлеуметтік осал топтардың оқушыларын дербес компьютерлермен, флеш-тасымалдаушылармен және SIM-карталармен толық көлемде қамтамасыз ете алмады. Бұл олқылықтар көбінесе студенттер, мұғалімдер, ата-аналар арасында стресс тудырды.

Біздің нәтижелеріміз әртүрлі елдердің басқа зерттеушілерінің еңбектерінде дәлелденген. Мысалы, О.А. Корба (Ресей) негізінен аз дамыған елдердің студенттері WhatsApp немесе электрондық пошта арқылы тапсырмалар алып отырғанын айтады. Техас штатындағы Форт-Уэрттегі All Saints Эпископ мектебінің технологиялық интеграция жөніндегі маманы Дженна Конан көптеген отбасыларда бір адамға бір компьютер жоқ екенін айтады. Көптеген мектептерде мұғалімдер қашықтықтан оқыту әдістерін өздері ойластырып, әзірлегені анықталды. Алайда бұл мәселе тек қазақстандық мұғалімдерге ғана қатысты емес.

«Білім беру саласындағы мұғалімдер бойынша халықаралық нысаналы топ 2030» есебінде бүкіл әлемдегі оқытушылар негізінен оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге және оқытудың жаңа әдістеріне көшуге дайын емес екендігі көрсетілген. Тиісті инфрақұрылым мен интернетке қолжетімділік жағдайында да көптеген мұғалімдер АКТ-мен жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын игермеген, сондықтан қашықтықтан сапалы оқытуды айтпағанда, оларға кәсіби дамуды жалғастыру

 

қиынға соғады. COVID-19 дағдарысы мұғалімдердің оқытудың жаңа әдістерін қолдану дағдыларын тиімді дамыту үшін ұстаздарды бастапқы оқыту кезеңінде де, жұмыс барысында да оқыту жүйесін реформалау қажет екенін көрсетті.

Қорытынды

Пандемияның алғашқы толқыны кезеңінде қазақстандық контексте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру проблемаларын қарау нәтижелері бойынша мынадай қорытындылар тұжырымдалды:

Дәстүрлі білім беру ортасын қашықтықтан оқытудың инновациялық ортасына қарапайым түрлендіру Қазақстан үшін күрделі міндет болып шықты.

Қашықтықтан оқыту Қазақстанның білім беру жүйесіндегі дағдарыстық құбылыстардың катализаторына айналды (нормативтік-құқықтық базаның, инфрақұрылымның, әдіснамалық дайындықтың жетілмегендігі).

Қазақстанда дағдарыс жағдайында (пандемия, зілзала және т.б.) әртүрлі бағдарламалық іс- шаралардың іс жүзіндегі тиімділігін түсіну үшін әртүрлі елдер ғалымдарының зерттеулерімен салыстырғанда, пандемия кезінде онлайн-оқытуды ұйымдастыру проблемалары туралы ғылыми негізделген зерттеулердің тапшылығы байқалады.

Зерттеу дағдарыс жағдайында қашықтықтан оқыту процестері мен нәтижелері туралы қолданыстағы әдебиетті сәтті тәсілдерді және жетілдіруді қажет ететін аспектілерді анықтау үшін толықтырады. Бұл Орталық Азия елдерінің алдында тұрған проблемаларды жақсы түсінуге және Қазақстан жағдайында қашықтықтан оқытуды жақсарту жөнінде шаралар ұсынуға көмектесді.

Əдебиеттер тізімі

  1. Концептуальная записка: Образование в эпоху COVID–19 и в последующий период [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.un.org.
  2. Аймагамбетов о дистанционном обучении: Не все так просто [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.zakon.kz.
  3. Толеуханова А. Как пандемия повлияет на образование в Казахстане и других странах Центральной Азии? [Электронный ресурс] / А. Толеуханова. — Режим доступа: https://rus.azattyq.org/.
  4. Казистаев Е. Учителям трудно удержать внимание детей — Аймагамбетов о проблемах дистанционного обучения [Электронный ресурс] / Е. Казистаев. — Режим доступа: https://liter.kz/.
  5. Мовкебаева З.А. Предпосылки создания образовательного контента для системы дистанционного образования / З.А. Мовкебаева, Г.Н. Жолтаева, И.А. Оралканова, С.Т. Исалиева, Д.С. Хамитова // Педагогика и психология. — 2018. — Т. 2, № 35. — С. 89–96.
  6. Кобдикова Ж. Проблемы дистанционного обучения школьников / Ж. Кобдикова, Т. Дуйсенов, Р. Дуйсенова, Е. Караев // Педагогика и психология. — 2020. — Т. 3, № 44. — С. 144–153. 10.51889/2020–3.2077–6861.18.
  7. Залесский И. От Zoom до телевизора: как разные страны справились с дистанционным обучением школьников во время пандемии [Электронный ресурс] / И. Залесский. — Режим доступа: https://rb.ru.
  8. Приказ министра образования и науки Республики Казахстан от 1 апреля 2020 года № 123 «Об усилении мер по недопущению распространения коронавирусной инфекции COVID–19 в организациях образования на период пандемии» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://online.zakon.kz.
  9. Ковязина К. Дистанционное образование в условиях коронакризиса. 10 уроков для Казахстана. [Электронный ресурс] / К. Ковязина. — Режим доступа: http://paperlab.kz/ru.
  10. Иформационно-аналитический портал EL! TAR. Дистанционная форма обучения крайне негативно сказывается на системе образования страны. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://elitar.kz/ru/materialy.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.