Мұғалімнің кәсіби стандарты қазіргі мұғалімді ҚР мемлекеттік білім беру стандарттары мен негізгі жалпы білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес және ең бастысы — зерттелетін ғылымның әлемдік мәдениеттегі орнын ескере отырып, пәнді оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыттайды. Биология мұғаліміне гуманистік білім беруде отандық педагогиканың қазіргі талаптарға негізделуімен байла- нысты. Білімді маман дайындауда өлкелік мазмұндағы ақпараттың маңызы зор, осы мәселе соңғы кезде әр түрлі қырынан қарастырылуда. Биолог–мұғалімдердің әдістемелік дайындығын жетілдірудің ерекше өзектілігі қазіргі әлемдегі биологияның маңыздылығымен байланысты қатар жүріп отырады. Жалпы биология – бұл қазіргі заманғы мәдениетте жаңа реттеуші қағидаттарды қалыптастыруда үлкен рөл ат- қаратын ғылым болып табылады. Биология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылым арасында аралық орын алады, жаратылыс-ғылыми және педагогикалық пәндермен кіріге отырып, басқа жараты- лыстану ғылымдарының гуманизмге бағытталуына бастама болады. Болашақ биолог-мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлауды уақытылы жетілдіру практиканың қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар табиғи білім беру саласындағы педагогтің дайындық мәселелерін шешудегі ғылыми жетістікте- рімен де байланысты. Биологияны оқытудағы білім беру іс–әрекеттің табиғат пен мәдениеттің құнды- лықтарымен байланысы, студенттердің биологиялық заңдылықтарды білуіне және оларға жеке мағына беруге жағдай жасау – бұл биология мұғалімінің іс-әрекеті, ол өзінің субъективті ұстанымының белсен- ділігін оқушының субъективті қасиеттерін дамыту жағдайында көрсете білу керек. Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамытудың ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеуде жергілікті материалды пайдалану болып табылады. Биологиялық пәндерін оқыту үрдісінде болашақ мұғалімдерді даярлауда өлкелік компонент- терді пайдаланудың құрылымдық-мазмұндық моделі тұлғалық-іс-әрекеттік әдіс-тәсілдерге негізделген біліктерді және олардың мазмұндық, практикалық және іс-әрекеттік компоненттерін, оларды қалыптас- тыру деңгейлерін және олардың қалыптасу өлшемдерін анықтауды қамтиды. Мақалада жоғары оку ор- нындағы өлкелік компонентті оқыту ерекшеліктері қарастырылған.
Кіріспе
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды, мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты.
Тәуелсіз еліміздің әрбір оқушы және студент жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Солардың бірі — биологиялық өлкетану жұмыстарын пайдалану арқылы тәрбиелеу екен- дігі белгілі.
«Туған жер» бағдарламасының мәнін түсіндіре келіп, білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Жоғары оқу орындарында және орта мектеп- терде туған жердің табиғатын оқытуға баса назар аударады [1, 2].
Мысалы, үлкен энциклопедиялық сөздікте «Өлкетану – белгілі бір елдің, әкімшілік немесе табиғи аудандардың, елді мекендердің табиғатын, халқын, шаруашылығын, мәдениетін жергілікті халықтың күшімен оқып үйрену», – деп келтірген. Өлкетану бірнеше, атап айтсақ, тарихи, экономикалық, этнографиялық, географиялық, әдебиеттік және биологиялық пәндерді біріктіреді. Осы аталған әрбір пән белгілі бір білім салаларын оқытады. Ал, біздің зерттеу нысанымыз биологиялық өлкетану.
Биологиялық өлкетану — туған өлкенің тірі табиғатын зерттейтін пән. Биологиялық өлкетану мына міндеттерді қамтиды:
- жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық құбылыстарды жүйелі түрде бақылау;
- зерттелетін аумақ бойынша жануарлар мен өсімдіктердің таралу заңдылықтарын анықтау;
- туған өлкенің жануарлары мен өсімдіктер дүниесінің биоәртүрлілігімен танысу, табиғи құбы- лыстарға фенологиялық бақылау жүргізуге және олардың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерін анықтауға үйрету;
- табиғи қауымдастықтарды зерттеу және оларды қорғау, экологиялық дүниетанымды қалыптас- тыру болып табылады [3].
Білім беруді модернизациялаудағы өткір мәселе педагог кадрларды даярлау жүйесіндегі өзгеріс- тер болып табылады, оның ішіндегі маңызды аспектілерінің бірі болашақ мамандарды әдістемелік тұр- ғыдан даярлауды жетілдіру болып табылады.
Биология мұғалімін гуманистік бағдарланған білім беруді жүзеге асыруға дайындау мүмкіндігі оның отандық педагогикадағы негіздерін әзірлеумен байланысты. Кәсіби даярлық ұғымын әр қырынан қарастырудың нәтижесінде, әлі де болса тұтас анықтамасының жоқ екендігін байқауға болады, деген- мен осы ұғымға мақсат негізінде сипаттама беріледі, яғни, кәсіби даярлық мақсаты кәсіби міндеттерді шешу үшін кәсіби іс-әрекеттерді орындауға дайындық болып табылады.
Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау қазіргі білім беру жағдайында заманауи жағ- дайларға тез бейімделе алатын, жоғары кәсіпқойлыққа және еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау мәселесінің туындап отырғанын көрдік. Осыған байланысты ЖОО-да оқу үрдісінде кәсіби және жеке өзін-өзі жетілдірудің құрылымы мен заңдылықтарының ерекшеліктерін ма- мандарды кәсібилендіруді ерте кезеңдерден басату керек [5, 6].
Сондықтан да ЖОО оқып жүрген болашақ мұғалімдердің даярлығына әсер ететін кәсіби-тұлғалық ерекшеліктерінің көріну міндеттері ең өзекті болып табылады. Бұл міндеттер мектеп кезеңінде жеткі- лікті түрде жолға қойылған, ал бұл мәселе студенттік кезең үшін ашық қалып отыр.
Пән мазмұндарының мүмкіндіктерін қолданып, замануи болашақ мамандарды кәсіби даярлау мә- селесін неғұрлым толық ашу үшін, қандай сапаларын, тұлғалық қасиеттерін қалай дамыту керек де- генге көңіл бөле отырып, мына басты бағыттарын айқындадық:
- болашақ мамандарды білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендіруді қамтама- сыз ететін сабақты ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін шығармашылықпен іздеуге, та- нымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға да- йындау;
- білім алушыларда оқу және ғылыми әдебиеттермен, оқу еңбегінің мәдениетін, ұтымды таным- дық іс-ірекет тәсілдерімен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру;
- білім алушыларды жалпы мәдениет пен педагогикалық еңбек мәдениетіне тәрбиелеу;
- болашақ мамандарға экологиялық тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу пәндерінің мүмкіндікте- рін барынша пайдалануды айқындау;
- жаратылыстану циклындағы пәндерден алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану, оқытуды өмірмен байланыстыру сұрақтарына көңіл бөлуді күшейту, яғни, дәріс және зертханалық, практикалық сабақтар мазмұнына өлкелік материалдарды қосу [6].
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау және жеке тәжірибеде педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мамандарды, соның ішінде биолог–мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесіне сапалы өзгеріс керектігін дәлелдеп берді. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің негізгі даму ба- ғыттарын талдай келе, біз келесідей өзгерістер болу керек деген қорытындыға келдік:
- әдістемелік білім беру мазмұны саласында (аймақтық, өлкелік компоненттерді ескере отырып, варитативтілік, бағдарлы дайындық);
- оқыту технологиясы саласында (оқытудың заманауи тұжырымдамасын, ақпараттық технология- ларды, оқу пәндеріне кіріктіру элементтерін ендіру);
- тәрбие саласы (психологиялық қызмет пен орталықтар, диагностикалық тәсілдер, жеке жұмыс әдістері).
Зерттеу әдістері
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдары туралы білім беру жеткілікті түрде байқаудан өткізілген, ал табиғат пен қоғамның өзара байланысы және олардың бір- бірімен үйлесімділік заңдылықтары туралы білім беру әлi де болса жете зерттелмегендігiн көрсетiп отыр. Өйткені бүгінгі күнгі табиғат туралы білімді талдауға негізделген экологиялық білім беру халық- тың көзқарасын табиғаттың бүлінушілік тенденцияға қарай кетіп бара жатқандығын түсіндіруге жет- кіліксіз болды. Бұл экологиялық білім мен тәрбие берудің философиясы мен әдіснамасын дүние және ондағы адамның орны туралы жаңа, біртұтас түсінікке негіздеп қайта құруды қажет етіп отыр. Мұндай білім мен тәрбие беру оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың өзара әсерінің негізгі ұстанымдары мен заңдылықтары туралы білімді кеңейтіп беруді талап етеді.
ЖОО курстарға арналған биология пәндерінің мазмұнын таңдап алу үшiн бұл пәндердің мазмұ- нын бағдарлы саралау мүмкіндіктері зерттелу қажет.
Өлкелік компонент жалпы адамзаттық мәдениеттiң маңызды құраушысы ретiнде ауқымды гума- нитарлық потенциалының болуы арқасында олардың білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы мүмкiндiктерi бұл ерекше элективті пән ретiнде оқытылуы тиiс екендiгiн де көрсетедi [7, 8].
Биология пәндерінен бiлiм беру мақсаттарын талдау барысында олардың құрамы мен иерархиясы уақыт өтуiмен өзгерiп отырғандығын, жеке тұлғаның алдыңғы буын тәжiрибесiн меңгеруiне басты назар аударылғанын көрсеттi, алайда бұл мақсаттар білім алушылардың қабiлеттiлiгi мен қызығушылы- ғына байланысты сараланбағаны анықталды [9, 10]. Сондықтан зерттеуде әлеуметтiк-тұлғалық тұрғы- дан қарау негiзiнде биология пәндерін оқытудың жалпы мақсаттары нақтылану қажет. Әр түрлi бағыт- тағы болашақ биолог-мұғалімдердің кәсiби бағдарлануын ескеру арқылы бұл пәндерді негізгі және не- гізгі емес пәндер арқылы оқытудың арнайы мақсаттарының толық зерттелуі қажеттілігі анықталды.
Әр түрлі бағыттағы топтарға арналған биология пәндерінің мазмұнын таңдап алуға ықпал ететін басты факторларға оқытудың жалпы және арнайы мақсаттары, оқу материалы деңгейінде білім маз- мұны құраушыларының ара қатысы мен ұсынылу реті, оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері жататындығы, ілім алушыларға арналған биология пәндерінің мазмұны білім беру стандарты талаптарын, ұлттық дәстүрлер мен пәнаралық байланысты, үздіксіздік пен сабақтастықты ескеру арқылы құрылатындығы көрсетілді.
Биология пәнінің мазмұнын таңдап алуда іргелілік, ізгілендіру, мәдени үйлесімділік, білім алу- шылардың жалпы және арнайы қабілеттіліктерін дамытуға бағдарлану; әлеуметтік тиімділік, қолдан- балы бағытталғандық, бағдарлы сала ерекшеліктерінің көрініс табуы, ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану принциптеріне басымдық беріледі [11, 12].
Жоғары оқу орындарында биолог–мұғалімдерді даярлаудың білім мазмұнына өлкелік компо- нентті ендіру жолдарын айқындау үшін, жоғары оқу орындарындағы білім мазмұнына талдау жасалды.
Нәтижелері мен олардың талқылау
Жалпы жоғары оқу орындарында өсімдіктердің алуан түрлілігі, олар туралы жалпы сипаттамалар «Өсімдіктер систематикасы», «Органикалық әлемнің биоалуанүрлілігі» атты пәндер арқылы оқыты- лады. Алайда, ол пәндерде жалпы мәліметтер берілгенмен, нақты өлкелік материалдар аса оқытыл- майды. Сондықтанда біз, «Silk way» университеті және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Жаратылыстану институтының 4 курсында оқытылатын «Қазақстан биоресурсы» таңдау пәнінің маз- мұнына талдау жасадық. Жалпы пәннің мақсат міндеттеріне тоқталатын болсақ.
«Қазақстан биоресурсы» таңдау пәнінің мақсаты: Студенттерді өсімдіктер бірлестіктері (фитоце- ноздар) мен олардың мекен ететін ортасы аралығындағы негізгі қарым-қатынас заңдылықтарымен, фи- тоценоздардың құрылысы, тіршілігі, кеңістікте таралуымен, сондай-ақ классификациясымен таныс- тыра отырып келесі міндеттерді жүзеге асырады.
Міндеттері: теориялық және практикалық курсты оқу кезінде студенттер:
- өсімдік бірлестіктерінің (фитоценоздардың) түзілуі, құрылымы және құрамының ерекшеліктері;
- фитоценоздар мен ортаның қарым–қатынасы туралы;
- фитоценоздардағы биологиялық үрдістердің ерекшеліктерін;
- фитоценоздағы өсімдіктердің арасындағы қарым–қатынас туралы;
- фитоценоздар және биоценоздар тіршілігіндегі жануарлар мен адамдар ролі;
- фитоценоздардың флоралық құрамын, фитоценоздар тіршілігіне түрлер популяциясының, тір- шілік формаларының және синузиялардың ролін білуге міндетті.
– геоботаникалық тәсілдерді іс жүзінде дұрыс әрі тиімді пайдалануға;
– өсімдіктер бірлестігін жан-жақты талдап, сипаттама беруге;
– зерттеу материалдары бойынша нақтылы, бағалы қорытындылар мен түйіндер алып, оларды іс жүзінде пайдалану дағдылары болу керек.
– курсты оқу үрдісінде өсімдіктер жамылғысына қатысты алған білімдерін олардың жақсы да- муына мүмкіндік туғызатын экологиялық-практикалық міндеттерді шешуді игеру керек.
Осыған сәйкес, біз ғылыми зерттеу бағытымызға байланысты, 5В01517 – «Биология» мамандығы студенттеріне 4-куpcта oқытылaтын элективті курстардың бірі КВ 4308 «Қазақстан биоресурсы» пәні- нің бағдарламасында өлкелік компонентке байланысты материал енгізу басты мақсатымыз болды. Бұл пән бойынша 5 кредит берілген, жалпы сағат саны 150, оның ішінде 30 лекция, 15 практикалық жұ- мысты құрайды.
Білім мазмұнына өлкелік компонентті ендірмес бұрын, жоғары оқу орындарының білім алушыла- рымен сауалнама жүргізілді. Зерттеу жұмысында ғылыми-педагогикалық зерттеулердің көптеген әдіс- тері: яғни, бақылау және тәжірибе, білім алушылармен және мұғалімдермен жеке әңгімелесу, сауал- нама жүргізу, тестілеу, бақылау тексерулері және т.б. қолданылды. Тәжірибелік материалдарды өңдеу, абсолютті сандық деректерді есептеу және оларды салыстырмалы бірліктерде — пайызбен және бүтін бөліктерде біріктіру түрінде жүргізілді. Сандық өңдеу нәтижелері кестемен және диаграмма түрінде көрсетілген.
Педагогикалық эксперимент жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң жоғары сыныптарында және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің биология, география және химия кафедрасында және Silkway Халықаралық университетінде жүргiзiлдi. Зерттеулерден статистикасы есептелетiн бас- тапқы мәлiметтер нақты болған жағдайда ғана статистикалық болжамдар тексерiлетiн өлшемдер жет- кiлiктi түрде негiзделген қорытынды жасауға мүмкiндiк беретiнi белгiлi. Алынған нәтижелердiң объ- ективтiлiгi педагогикалық эксперименттi жоспарлаудың нәтижесіне байланысты.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Silkway Халықаралық универси- тетінің «5В011300 — Биология» мамандығының 129 студенті қатысты.
Тәжірибелік—эксперимент жұмысын бастамас бұрын студенттерді екі топқа бөліп алдық: экспе- рименттік (ЭТ) топ — 69 студент және бақылау (БТ) тобында — 60 студент.
Бiлiм деңгейлерiн анықтау өлшемi (параметр) ретiнде бiз В.П. Беспалько ұсынған [170] — мең- геру коэфицентi формуласын пайдаландық:
a
K = a .100%
p (1)
Білім мазмұнына өлкелік компонентті ендірмес бұрын, ЖОО білім алушыларымен сауалнама жүргізілді. Төменде зерттеу барысында алынған сауалнама нәтижелері берілген.
«Жоғарғы оқу орындарында өлкелік компонентті енгізуіне көзқарасыңыз» деген сауалға 65 % бі- лім алушы өлкелік компонентті енгізудің маңыздылығын аса қажет емес екенін көрсетті, ал қалған білім алушылар өлкелік компоненттің енгізуге қарсы еместігін білдірді. Бұл дегеніміз білім алушылар- дың басым бөлігінің әлі де болса өлкелік компонент туралы мағлұматтарға аса қызықпайтынтығын көрсетті (сурет 1).
«Өлкелік компонентті қандай мақсатпен оқыр едіңіз?» деген сұраққа 10 білім алушы жәй сабақ ретінде, 6 білім алушы дүниетанымымды кеңейту үшін, 6 білім алушы оқығанды ұнатамын, ал қалған 18 білім алушы жергілікті (өлкелік) жаңалықтардан хабардар болу үшін деп жауап берді (сурет 2).
104
Вестник Карагандинского университета
Серия «Педагогика». № 1(105)/2022
105
Сонымен, болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану ти- імділігін нақты көрсетуге мүмкіндік беретін көрсеткіштер: мақсаттық, мазмұндық және іс-әрекеттік компоненттер деңгейінің анықтау үшін жүргізілген тәжірибелік экспериментінің нәтижелеріне байла- нысты, қорытынды ұсынылған әдістемені оқу үдерісінде пайдаланудың мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетті.
Болашақ биолог мамандар жоғары оқу орнында енгізілген өлкелік компоненттер нәтижесінде ал- ған білімдерін жүзеге асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық практика ба- рысында қолданды. Болашақ мамандар мектептегі өлкелік принциптердің жүзеге асуын зерттеу мақ- сатында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Алайда, зерттеу көрсеткендей, мектепте өлкелік компоненттің оқытылуында бірнеше көріністер байкалды.
Атап айтатын болсақ:
– өлкетану білімін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс сабақтарда сирек кездеседі, олар эпизод түрінде ғана беріледі;
– көбінесе өлкетану мәліметтері бір жақты қарастырылады, негізінен – аймақта белгілі бір нысан- дардың бар екендігіне ғана көңіл бөлініп, олардың сапалық сипаттамаларын қарастырмайды;
– өлкетану білімін нақты экологиялық аспектілермен байыту үшін өте маңызды болып табылатын табиғатты ұтымды пайдалану мен аймақтың табиғи ортасын өзгерту мәселелері қаралмайды немесе өте үстірт қаралады.
– өлкенің табиғат компоненттері мен адам іс-әрекетінің түрлері өзара байланыста қарастырылмай оқшау зерттеледі.
Жоғарыда айтылған қағидаларға сүйене отырып, Қызылорда облысы Арал маңындағы өлкелік ма- териалдардың мектеп және жоғары оқу орындарында оқытылу жағдайын зерттеу қажеттілігі айқын- далды. Оқытушыларға жүргізілген сауалнамалар мен әртүрлі оқу іс-әрекеттерді ұйымдастыру форма- лары мен білім бағдарламаларын талдау бірнеше мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қа- тар, білім алушылар педагогикалық практика кезінде кейбір ұстаздар өз сабақтарында Арал маңындағы өлкелік мәліметтерді әдістемелік тұрғыдан енгізіп отырғанын байқаған. Жоғарыдағы сауалнама нәти- желері көрсеткендей өлкелік компонент оқытылуы қажетті деңгейде емес. Осыған орай бірқатар білім мекемелерінің тәжірибелерін зерттеу нәтижесінде, біз өлкелік сипаттағы сабақтарды құрудың екі не- гізгі тәсілін бөліп көрсеттік:
Биологиялық өлкетанудың жеке мазмұндарын ашуға мүмкіндік беретін типтік бағдарламалардың маз- мұнына сабақтар енгізу;
- . Білім алушылардың өлкелік білімдерін жалпылауға арналған арнайы өлкелік материалдарға не- гізделген қолданбалы бағдарламалар құру.
Жоғары оқу орындары практикасында бірінші тәсілді қолданған ұтымды, себебі, онда сабақ мазмұ- нының бір компонеті ретінде өлкелік ақпараттарды қосуға болады. Егер мына дидактикалық шарттар сақ- талса:
- өлкелік білім мазмұнын ескере отырып білімдік және тәрбиелік міндеттер мен сабақтың мақсаты нақты белгіленеді;
- сабақ барысында қойылған мақсаттар дәйекті түрде жүзеге асырылады, өлкетану білімі мен дағды- ларының элементтері қалыптасады, білім алушылардың патриоттық сезімдері мен өз өлкесінің табиғи ор- тасына жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді;
106
Вестник Карагандинского университета
– сабақта өлкетану мәліметтерін меңгеру үрдісінде білім алушылардың танымдық іс-әрекетін белсен- дірудің түрлі құралдары ұтымды пайдаланылады.
Қорытынды
Болашақ биолог-мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компонентті пайдаланудың теориялық не- гіздері толық анықталса, өлкелік компонентті пайдалану мәселесінің педагогикалық және әдістемелік негіздері толық зерттелсе, білім алушылардың білім деңгейінің көтерілетініне сенім артуға болады.
- Скоркина О.В. Использование элементов регионального компонента на уроках биологии / О.В. Скоркина // Преподавание биологии. — 2013. — № 1. — С. 16, 17.
- Уманов Г.А. История создания и тенденции развития профессионально–технического образования в Казахстане. / Г.А. Уманов. — Алма-Ата, — 1970. — 57 с.
- Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования / Ш.Т. Таубаева. — Алматы: Алем, — 2000. — 381 с.
- Торманов Н.Т. Биологияны оқыту әдістері / Н.Т. Торманов, Л.Ү. Абшенова. — Алматы: Қазақ университеті, 2004. — 196 б.
- Каймулдинова К.Д. Географиялық елтанудың әдістемелік мәселелері / К.Д. Каймулдинова // География және табиғат. — 2013. — № 1. — Б. 5–8.
- Каймулдинова К.Д. Топонимические аспекты традиций природопользования и охраны природы казахского народа: автореф. дис канд. геогр. наук: спец.11.00.11. «Охрана окружающей среды и рациональное использование ресурсов» /
К.Д. Каймулдинова. — Алматы, 1998. — 13 с.
- Аманбаева М.Б. Болашақ биолог мұғалімдердің зерттеушілік іс—әрекетін қалыптастыру әдістемесі: филос. док. (PhD)... дис.: мамандығы: 6D011300–Биология. / М.Б. Аманбаева. — Алматы, 2016. — 161 б.
- Азизова И.Ю. Формирование ценностных ориентаций у учащихся при обучении биологии в курсе «Человек и его здоровье»: автореф. дис кан. пед. наук. / И.Ю. Азизова. — СПб., 2002. — 22 с.
- Гладкий Ю.Н. Регионоведение: учеб. / Ю.Н. Гладкий, А.И. Чистобаев. — М.: Гардарики, 2000. — 384 с.
- Новичков В.Б. Концепция создания регионального учебного курса / В.Б. Новичков //Педагогика, —2000. — № 4. — С. 8.
- Жукова Т.Д. Познаем свою малую Родину [Текст] / Т.Д. Жукова // Юный краевед. — 2007. — № 1. — С. 28–31.
- Савинова Е.В. История становления принципа краеведения в методике школьного естествознания [Текст] / Е.В. Савинова, Н.М. Семчук // Успехи современного естествознания. — 2008. — № 6. — С. 121, 122.