Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ мұғалімдердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін Интернет-ресурстары негізінде қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Мәдениетке байланысты барлық сұрақтардың өзектілігі қазіргі уақытта кең етек алды. Шетел тілінің әрбір сабағы — мәдениеттер торабы, бұл мәдениетаралық қатынастың тәжірибесі, себебі әр сөз — өзге мәдениеттің, өзге әлемнің көрінісі: әр сөздің астарында сол халықтың ұлттық болмысы жатыр. Сондықтан, ағылшын тілі сабағында болашақ мұғалімдердің бойына мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілікті қалыптастыру оларды мәдениеттер диалогында мәдениетаралық қатынасқа дайындауға, яғни бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді. Осыған орай, қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігін алға тартады. Мақала болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мәдениетаралық қарым- қатынас құзыреттілігін Интернет-ресурстар негізінде қалыптастырудың әдістемелік негіздері мәселесіне арналған. Соңғы уақытта шетел тілін оқыту үрдісінде қолданылып жүрген ақпараттық коммуникативтік технологиялардың (АКТ) түрлеріне тоқталған, сипаттама берілген. Интернет- ресурстың шетел тілі сабағында қолданылуындағы артықшылықтары да айтылған. Сонымен қатар, Интернет-ресурстарын коммуникативті қатысымда қолданудың жолдары көрсетілген. Мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттіліктің әдістемелік үлгісі сызбаланып, осы үлгінің тиімділігін көрсететін әдістемелік нұсқаулар мен Интернет-ресурстар арқылы мәдениетаралық қарым- қатынас құзыреттілікті дамытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар топтамасы ұсынылған.

Кіріспе

Бүгінгі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігін алға тартады.

Қазіргі қоғам білім беру мекемелерінің қабырғаларымен (кеңістікте), жалпы білім берудің аяқталуымен (уақытпен) шектелмейтін білім алушы қоғам ретінде сипатталады. Адам баласы білім алу мен білім берудің тұрақты процесінің жүрегінде орналасқан. Білім алушы қоғамда білім алу процесі өзі құндылық болып табылады [1: 126]. Aл әрбір адамның әл-ауқаты ақпаратқа қол жеткізумен және АКТ негізінде онымен жұмыс істей білумен анықталады. Сол себептен, білім беретін мекемелердегі барлық оқу процесі — мақсаттан нәтижеге жету жолында ақпараттық- коммуникативтік технологиялармен қамтамасыз етілуі тиіс [2: 183].

Шеттілдік ақпараттық — білім беру ортасы мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру тиімділігінің шарты болып табылады және білім беру процесі субъектілерінің педагогикалық ұйымдастырылған өзара іс-қимылы процесінде электрондық білім беру ресурстарымен ұсынылатын мәдениет пен диалог нәтижесінде жүзеге асырылатын тұлғаны дамытуға ғана емес, оқытуға бағытталған, жеке тұлғаға бағытталған электрондық білім беру ресурстарының реттелген жиынтығын білдіреді [3: 187].

Дүние жүзіндегі алдыңғы қатардың баспалдығына шығу үшін халықаралық қатынас тілдерін меңгеру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Н. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың үш тілді меңгеруінің маңыздылығын айтып өтеді. Бұлар: «Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Қазақстанның болашағы үшін жаңа технология мен ғылымның тілі болып есептелетін халықаралық тілдерді меңгеру мамандардың коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейте түседі, - деп атап көрсетті. «Қазақстан — 2050» стратегиясы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін нақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі, – деп айтылған. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға жастарға білім берудің маңызы ерекше [4].

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген кейін, шетел тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шетел тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі.

Ағылшын тілі — бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған халықтың мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.

Ағылшын тілін білу — ол тек қана сөздікпен оқу емес, сондай-ақ ағылшын тілінде сөйлеуді тыңдау арқылы қабылдау, өз ойыңызды ағылшынша еркін білдіру және дұрыс акцентпен сөйлеу. Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында, ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: «компьютерлік техниканы, Интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы — жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек» [5].

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі — педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі [6].

Жолдаудағы білім саласына қатысты және ҚР «Білім туралы» заңына сүйене отырып, студенттердің «әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерін жоғары деңгейде меңгеру мақсатында шетел тілі сабақтары барысында тың педагогикалық әдістер мен ақпараттық-қатысымдық технологиялардың білім беру жүйесінде кеңінен қолданылуын қажет етеді. Олай болса инновациялық әдіс-тәсілдердің кеңінен қолдану шеттілдік білім берудің бірден-бір шарты». Жоғары оқу орындары саласын ақпараттандыру мәселесі бүгінде көптеген отандық ғалымдар мен әдіскерлердің қызығушылығын арттыруда. Ақпараттық технологиялар оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылатынына байланысты түбегейлі зерттеулер жүргізілуде. Атап айтсақ, академик С.С. Құнанбаеваның ғылыми мектебі шетел тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ақпараттандыру мәселелерін зерттейді [7]. Мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруды А.Т. Чакликова; студенттердің елтанымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелесімен Ж.А. Түселбаева; студенттерге АКТ-ты пайдаланудың әдістемесін Д.Е. Сағымбаева; шетел тілін ара қашықтықтан оқыту және Moodle технологиясын іске асыруды Н.С. Асматтулаева, ағылшын тілін электрондық оқулықтар арқылы оқыту әдістемесімен Ұ.Т. Нұрманалиева айналысып жүр. Ақпараттық технологиялардың коммуникациялық үрдістерді ұйымдастыру құралы ретіндегі рөлін Д.М. Джусубалиева, А.Ю. Уварова, Г.З. Адильгазинов т.б. қарастырған.

Әдістер мен материалдар

Интернет технологияларын шеттілдік білім беру саласында пайдаланудың бірнеше бағыттары анықталады, атап айтсақ: Интернет-ресурстарын оқу бағдарламасына сай өзгерте алу, веб-жобалар үшін де Интернет желілерін пайдалану, мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру үшін электрондық құралдарды қолдану, білімгерлердің қызығушылығымен тілді білу деңгейлерін ескере отырып, берілген жұмыстарды ұйымдастыру сынды болып келеді. Ал технологиялардың қарқынды дамуы өмірге жаңа әдістемелік шешімдерді алып келді. Мұғалімнің алдында оқыту материалдарын құруға, оқытылып жатқан тілде қатысымдық іскерлікке жағдай жасау, тьютордың көмегімен немесе өз бетімен шетел тілін үйренуге арналған, әр түрлі бағдарламалық құралдар пайда болды [8: 13]

Шетел тілін оқыту барысында студенттер Интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындауға болады [9].

  • Оқу дағдыларын қалыптастыру;
  • Жазу дағдыларын қалыптастыру;
  • Студенттің сөздік қорын көбейту;
  • Студенттің шетел тілін оқып, үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілікті қалыптастырудағы Интернеттің ең басты артықшылығы оны түсіне отырып қолдануда, яғни, шекара мен арақашықтыққа қарамастан адамдарды байланыстыратын интербелсенді орта болып табылады. Әлемдік желінің коммуникативтік мүмкіндігі білімгерлерге кез келген тіл мен мәдениет өкілімен шынайы еркін қатысымға түсуге зор жағдайлар жасайды.

Ендігі кезекте, жаттығулар мен тапсырмалар топтамасын құрмастан бұрын, осы кешенді құрастыруға арналған талаптарға тоқталып өткеніміз жөн болар. Ресейлік ғалым В.А. Ситаровтың еңбегінде жаттығулар жүйесіне қойылатын талаптар мынадай:

  1. Жаттығу жүйесі меңгерілуге тиісті материалдардың көлемін қамтуы тиіс;
  2. Жаттығулар тұрақты түрде жүргізіліп, коммуникациялық жаттығулар үнемі қайталанып отыруы тиіс;
  3. Жаттығуларды қажеттілікке байланысты түрлендіріп, көрнекіліктерді сабақ тақырыбына сай қолдана білу керек;
  4. Жаттығулар қатысымға бағытталған болуы шарт;
  5. Жаттығулардың әдістемелік талапқа сай қолданылып отыруын ескеру қажет [10: 31].

Шетел тілін оқытуда білімгерлердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру барысында жаттығулар мен тапсырмалардың маңызы ерекше болатынын атап кеткен жөн болар. Ақпараттық коммуникативтік технологиялар, Интернет негізінде ақпараттық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруды үлгілеуде, келесідей Интернет технологиялар қолданылады:

 Ақпараттық коммуникативтік Интернет-ресурстары (Твиттер, podcasts және тағы басқа);

 Түпнұсқалы (аутенттік) мәтіндер, онлайн видео және аудио материалдар, графикалық суреттер.

Ендігі кезекте, тәжірибе дегеніміз не, анықтамасы қандай деген сұраққа жауап берейік. Тәжірибе — ұйымдастырылған оқу-тәрбиелік процесінің және зерттеу жұмысының зерттеу нысанының тиімділігін, студенттердің бойында қалыптасқан білім, білік және дағдыладың деңгейін, не болмаса нәтижесін тексеру мақсатында жүргізілген жұмыс [2: 63].

Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізу үшін ресейлік әдіскер-ғалымдар Э.А. Штульман, А.Н. Щукиннің және А.М. Иванованың [11: 63] еңбектерін зерттеп, сол еңбектерге сүйене отырып, жұмысты орындадық.

Тәжірибелік-экспериментке қатысты Э.А. Штульманның пікірі мынадай: Әдістемелік эксперимент оқу үрдісінің негізгі параметрлерінің үлгісін жасайды. Онда барлық объективтік факторлар жүзеге асырылады. Яғни, үйретуші мен үйренушінің болуы, үйренушілердің психофизиологиялық жас ерекшеліктерін ескеру, оқыту әдістерінің оқыту мақсатымен тығыз байланыстылығы, оқыту материалының болуы, оқыту жағдайын ұйымдастыруы, сонымен қатар, білім алушылардың үлгерімін бақылау және т.б. [3: 165].

Әдістемелік эксперимент күрделі процесс және ол белгілі бір реттілікпен жүзеге асырылады. Яғни:

Зерттеудің өзектілігін анықтау;

Берілген мәселеге байланысты әдебиеттер тізімін талдау.

Зерттеп отырған мәселенің іс-жүзінде жүзеге асуын тексеру үшін эксперимент жүргізетін орынды анықтау;

Әдістемедегі зерттеу әдістерін қолдану:

  1. Эксперименттің мақсаты мен міндетін анықтау;
  2. Эксперименттің ғылыми болжамын анықтау;
  3. Эксперименттің сатыларын анықтау;
  4. Экспериментті жоспарлау;
  5. Экспериментке қатысушыларды анықтау;
  6. Эксперимент алдында өткізетін бақылауды белгілеу;
  7. Эксперименттік оқытуды ұйымдастыру;
  8. Қорытынды тексеру іс-шарасын өткізу;
  9. Алынған нәтижені өңдеу және оған түсініктеме беру;
  10. Қажет болған жағдайда қосымша тексеру немесе оқыту өткізу;
  11. Қорытындылау [12: 154].

Сол себепті, осы бөлімде шетел тілі сабағында Интернет-ресурстарды студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыруда қолданудың жолдарын қарастырайық.

Осыған байланысты ұйымдастырылып отырған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың жалпы мақсаты:

  1. Оқытудың Интернет көмегі негізінде шетел тілі сабағында білімгерлердің мамандыққа бағытталған мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін теориялық негіздеу;
  2. Білімгерлердің Интернет-ресурстарын пайдалануы арқылы мамандыққа бағытталған мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігінің ағымдағы жағдайын көрсету;
  3. Шетел тілі сабағында студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыруды әдістемелік тұрғыдан жетілдіру және тәжірибелік оқытуда тексеру;
  4. Шетел тілі сабақтарында студенттердің тілдік қарым-қатынасын, қызығушылығын, ойлау қабілетін, білім деңгейін сонымен қатар іскерлік дағдыларын арттыру;
  5. Интeрнет–ресурстарын қолдану барысында білімгердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру тиімділігін анықтау;
  6. Тәжірибелік-эксперименттік оқыту арнайы әдістемелік үлгі арқылы орындалады [9].

Ол үлгінің қысқаша мазмұны мынадай:

Атқарылатын тәжірибелік-эксперименттік оқытуды жүзеге асыру бірнеше міндеттердің орындалуын талап етеді. Атап айтсақ:

  1. Тәжірибелік жұмыстың өткізілу мерзімін қарастыру;
  2. Тәжірибе өткізу мақсатында аталған екі топтың бағдарламасымен таныс болу;
  3. Жоғарғы курс, яғни 4 курс білімгерлерінің арасында бақылаушы мен экспериментті топты белгілеп алу;
  4. Білімгерлердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыратын әдістемелерді қарастыру;
  5. Aқпараттық-коммуникативтік құзыреттілігінің қаншалықты қалыптасқанын анықтау;
  6. Ұсынылып отырған әдістемелік үлгі бойынша арнайы жаттығулармен тапсырмалар құрастыру;

Тәжірибелік-эксперименттік оқытудың болжамы: егер, тілдік жоғары оқу орындары оқу үрдісінде студенттердің болашақ мұғалімдердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыруда Интернет-ресурстарын қолдану теориялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жүйелі қарастырылса, мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін көрсететін әдістемелік амалдар айқындалып, олардың мазмұны негізделсе, онда студенттердің тілді үйренуге қызығушылығы артады, болашақ мұғалімдердің мамандыққа бағытталған мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігі жоғары нәтижелі қалыптасады, себебі Интернет-ресурстарын қолдану негізінде тиімді жағдай туындайды, тіл білімі деңгейі көтеріледі, шетел тілін үйренуге ынтасы жаңғырып, мамандыққа бағытталған мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігі теориялық және практикалық мақсатына сәйкес арнайы зерттеліп, ұсынылып отырған әдістеме бойынша іске асады.

Яғни, осы тәжірибелік-эксперименттік оқытуда мынадай тәжірибелік әдістер қолданылады:

  1. Сабақты ұйымдастыруға арналған материалдарды жан-жақты қарастырып, талдау;
  2. Интернет-ресурстар қолданылған тәжірибелерді талдау;
  3. Шетел тілі сабағында Интернет ресурстары арқылы оқыту барысында білімгерлерге тигізетін психологиялық ықпалына да бақылау жасау;
  4. Интернет-ресурс арқылы оқытуда, сабақ барысында кеңінен қолдануда студенттерге тиімді жағын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу;
  5. Тәжірибелік-эксперимент қорытындысына сандық және сапалық талдау жасау [13: 258].

Нәтижелер және оларды талқылау

Сабақ — мұғалімнің ізденісінің нәтижесі болып табылады. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқыту — білімгердің пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Білім алушының қызығушылығы мен ынтасының жоғалуы дегеннің мұғалім үшін үлкен бір мәселе. Осы мәселені шешу үшін және мұндай мәселені болдырмау үшін, мұғалім бар күш-жігерін, ынтасын және шеберлігін салып сабақ өткізіп қана қоймай, түрлі тиімді, озат әдістер мен тәсілдерді кеңінен пайдалануы тиіс.

Қазіргі жаңа заманауи технологияларды шетел тілін оқыту сабақтарында ұдайы қолдану мұғалімдерге көп ізденіп, ұтымды, әрі тиімді деген әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен кәсіби жолмен қолдана отырып, заман талабына сай оқытуды міндеттейді.

Сонымен, тәжірибелік-эксперименттік оқыту үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру және бақылау) жүргізілді. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс магистранттарымен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын жүргізген болатынбыз.

Кез келген ғылыми әдістемелік зерттеу жұмысының мақсаты — көтеріліп отырған мәселенің шешімін табу болып табылады. Яғни, зерттеу мәселесіне орай көзделетін ғылыми болжамның дұрыстығын анықтау.

Яғни, біз тәжірибелік-эксперименттік оқыту жүргізу барысында, шетел тілін оқытуда, Интернет- ресурстары негізінде болашақ мұғалімдердің сабаққа деген ынта-жігерін, шығармашылығын, сонымен қатар интеллектуалды іскерлігін дамыта отырып, олардың мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыруды көздейміз.

Тәжірибелік-эксперименттік оқытуға Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының эксперименталды тобы мен бақылаушы тобының білімгерлері тартылды. Білімгерлердің жалпы саны — 25.

Тәжірибелік-эксперименттік оқыту төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  • — кезең. Анықтау кезеңі: сауалнама алу және тест жүргізу;
  • І — кезең. Қалыптастыру кезеңі: қажетті біліктілікті үздіксіз оқыту практикасы кезінде білімгерлерде сапалы қалыптастыру;
  • ІІ — кезең. Қорытындылау кезеңі: бақылау жұмыстарын жүргізу, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін нақты көрсеткіштер арқылы тексеру, салыстыру және қорытындылау.

Сабақтардың алғашқы кезеңі білімгерлердің тіл білімі деңгейін анықтау үшін сауалнама мен тест тапсырмалары алынды. Сауалнаманың негізгі мақсаты — сабақ барысында Интернет- ресурстарын қолдануға деген студенттердің қарым-қатынасын, кәсіби меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.

Яғни, алғашқы кезең бойынша төмендегі міндеттерді орындау қажет:

  • Ең алдымен, білімгерлердің шетел тілін меңгеруге деген қызығушылығы мен ынта-жігерін анықтау мақсатында тест жүргізу;
  • Интернет–ресурстары негізінде оқытудың білімгерлерге тиімді тұстарын анықтау мақсатында және технологияларды шетел тілі сабағында қолданылуы жайлы сауалнама жүргізу;
  • Студенттің тіл білімі деңгейін анықтау;
  • Студенттердің мамандыққа бағытталған мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігінің қалыптасу жолдарын, олардың шетел тілін үйрену үдерісінде тіл мен мәдениетті байланыстыра отырып, Интернет–ресурстарды пайдалану арқылы оқыту мәселесіне деген өз ойларын білдіру;
  • Студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыруда тіл үйренудің қатысымдық деңгейін арнайы құрастырылған сұрақтар мен тест тапсырмалары негізінде анықтау.

Біз осы алғашқы кезең бойынша студенттердің білімін тексеру барысында отандық әдіскер- ғалым С.С. Құнанбаеваның еңбегіне сүйендік, онда жалпы 4 курс білімгерлерінің жоғары-базалық стандарттық деңгейі жалпы еуропалық біліктілік мөлшеріндегі С1 деңгейіне сәйкес деп көрсетілген.

Жоғары-базалық стандарттық деңгейін қалыптастыру кезеңінде төмендегідей біліктілік түрлері қалыптасады: лингво-мәдени, әлеуметтік мәдени, кәсіби-бағдарлы және контентті-кәсіби [5: 311].

Демек, білімгерлердің жоғары-базалық стандарттық деңгейін қалыптастыру кезеңінде сөйлеудің үлгілік типтері мен қатысым түрлері мынадай болады: сұхбат, пікірталас және пікірсайыс.

Ауызша және жазбаша қатысым түрлері: сипаттау, баяндау, пайымдау және хабарлау.

Ал тілдік сөйлеу, оқу және жазу түрлері: сұхбат, пікірталас, пікірсайыс, дәлелді бағалау, интерпретация, комментарий және резюме жазу.

Сонымен қатар, мәдениетаралық коммуникативтік қатысымның жазбаша туындылар түрлері: жеке және ресми хат, реферат, баяндама және эссе болып табылады.

Осы деңгейде білімгерлер мәдениетаралық қатысымға еркін түсе алатын мүмкіндікте, сонымен қатар:

  • қатысымға түскенде сөз іріктеуде қиналмастан, өз ойын білдіру, ой-пікірлердің өзара байланысын анық көрсете отырып, жалпы, оқу және кәсіптік тақырыптарға ойын анық жеткізіп, мүдірмей сөйлей алу;
  • таныс емес сөздерін перифраздармен алмастыра отырып, өз ойын еркін жеткізу;
  • дайындықсыз, грамматикалық қате жібермей, серіктесімен әртүрлі әлеуметтік рөлді сақтай отырып, байқалмайтын шектеулікте қарым-қатынас жасау;
  • қандай да бір оқиғаға немесе іске өз қызығушылығын айқын айқын білдіру, өз пікірін қажетті дәлелдермен түсіндіру және нақтылау.

Қатысымның жазбаша және ауызша түрлері саласында білімгерлер төмендегідей дайындық пен қабілеттілікті көрсетеді:

  • ақпарат алу;
  • ҚР-дағы өзекті саяси, экономикалық, мәдени және басқа оқиғалар туралы хабардар екенін білдіру;
  • өз көзқарасын білдіру және салыстыру;
  • тұрақты сөз тіркестерін пайдалана отырып, вербалды және вербалды емес деңгейде қатысымды жүзеге асыру ерекшелігін меңгеру;
  • қандай да бір көзқараспен келіспеуді/келісуді дәлелдеу;
  • қорытынды шығару және түйіндеме жасау;
  • әңгіменің жалғасуына септігін тигізу;
  • сендіру;
  • дегеніне көндіру;
  • ескерту және талап ету;
  • ұсыныс жасау және ақыл беру;
  • түрлі іс-шараларды жүргізу және пікірталасты қажетті арнаға бұру;
  • қолайлы жағдай туғызу;
  • сипатталған тәжірибедегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыру;
  • ақтау, айыптау және жазғыру;
  • көтермелеу және мадақтау;
  • ұсыныс пен ақыл-кеңес беру [5: 312].

Сонымен, жоғарыда көрсетілген білімгерлердің мәдениетаралық қатысымға еркін түсе алу мақсатында игеруге тиіс дайындық пен қабілет түрлерін ескере отырып, тәжірибелік-эксперименттік оқыту (ТЭО) алдындағы кезеңін жүргіземіз. Мұнда А.Н. Щукин ұсынып отырған әдістеменің зерттеу әдістерін қолдана отырып, түрлі тест пен сауалнама жүргізу арқылы, яғни эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, тәжірибелік-экспериментке қатысушы топ студенттеріне тексеру ұйымдастырдық. Яғни, ТЭО алдындағы кезеңде тест сұрақтарын дайындадық. Осы сұрақтарға жауап беруі негізінде студенттердің шетел тілін меңгеруге деген қызығушылықтарын анықтап, мамандыққа бағытталған мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін Интернет-ресурсы негізінде қалыптастырудың жолын қарастырдық.

Яғни, осы бірінші кезең негізінде сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, біздің анықтағанымыз: білімгерлер Интернет–ресурстарының шетел тілін меңгеруде алатын орны ерекше екенін көрсеткен болатын.

Тест нәтижесін анықтауға арналған нұсқаулықтар.

Берілген сауалнаманың, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстан кейінгі студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін дамытуда Интернет–ресурстарын пайдалануын тексеруге арналған тест сұрақтары 4 балдық жүйе бойынша анықталады.

Тест сұрақтары: 7 жабық тест сұрақтары және 3 ашық тест сұрақтарынан тұрады. Барлығы — 10 тест сұрақтарын қамтиды.

Жабық тест сұрақтарының нәтижесі төмендегі шкала бойынша анықталады:

  • . Жауаптың «а» нұсқасы белгіленсе — 4 балл;
  • . Жауаптың «ә» нұсқасы белгіленсе — 3 балл;
  • . Жауаптың «б» нұсқасы белгіленсе — 2 балл;
  • . Жауаптың «в» нұсқасы белгіленсе — 1 балл.

Ал ашық тест сұрақтарының нәтижесі келесі шкала бойынша анықталады:

  1. Берілген жауап толық болған жағдайда — 4 балл;
  2. Берілген жауап жартылай толық болған жағдайда — 2 балл;
  3. Берілген жауап толық емес болған жағдайда — 1 балл;
  4. Берілген тест сұрағына жауап берілмеген жағдайда — 0 балл.

Тест қорытынды нәтижесі келесі шкала бойынша анықталады:

  1. Жоғары деңгей — 40–32 балл аралығында болса;
  2. Орташа деңгей — 31–26 балл аралығында болса;
  3. Қанағаттанарлық деңгей — 25–15 балл аралығында болса;
  4. Төменгі деңгей — 14 балдан төмен болған жағдайда.

Ендігі кезекте мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігі және Интернет туралы білім деңгейін анықтауға арналған сауалнама нәтижесіне салыстырмалы түрде тоқталайық (кесте 1).

Кесте 1

Aқпараттық-коммуникативтік құзыреттілігі және Интернет туралы білім деңгейін анықтауға арналған сауалнама нәтижесі (сауалнама № 1)

Топ түрі

Студент саны

Ең жоғары балдық көрсеткіш (TN)

Студенттер берген жауаптың орташа балдық көрсеткіші (CA)

АКҚ қалыптасу деңгейінің пайыздық көрсеткіші (X)

1

111 — БТ

14

40

28

65,5 %

2

111 — ЭТ

11

40

30

71 %

Тәжіpибелік–экспеpименттік oқыту жұмысынан кейінгі ЭТ және БТ студенттеpінің шетел тіліндегі білім, іскеpлік және дағдылаpының тестілеу әдісі негізінде жетілдіpу деңгейі екі тoп студенттеpінде де жақсаpғандығын байқадық (кестe 2).

Кесте 2

ЭТ пен БТ-тың экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі көрсеткіштері

Тoптаp

Экспеpиментке дейінгі көpсеткіш

Экспеpименттен кейінгі көpсеткіш

ЭТ

63 %

71 %

БТ

62,5 %

65,5 %

13

Экспеpименттік тoп пен бақылаушы тoптың екеуінде тәжіpибелік–экспеpименттік oқыту жұмысы жүpгізілгеннен кейінгі қopытынды нәтижелеpді мына диагpаммадан көpуге бoлады (Суpет 1).

Жоғарыдағы берілген көрсеткіштер бақылау және эксперименттік топтардан тәжірибелік- эксперименталды АКТ және АКҚ білім деңгейін сауалнама, білімгерлермен әңгімелесу барысында алынған нәтижелер болып табылады. Берілген нәтижелерге қарап (сурет 1), біз болашақ мұғалімдердің ақпараттық-қатысымдық технология және мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігі туралы жалпы білімдерінің жете қалыптасқандығын байқaдық.

Ендігі сәтте қорытындылайтын болсақ, болашақ мұғалімдердің Интернет-ресурстарын пайдалануы арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған осы жоғарыда көрсетілген жаттығулар ұсынылды. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының болжамы мен міндеттері дұрыс ұйымдастырылса, онда тәжірибелік оқыту жұмысы да нәтижелі болмақ.

Қорытынды

Зеpттеу жұмысымыздағы тәжіpибелік-экспеpименттік oқытудың мақсаты — шеттілдік білім беpуде тестілеу әдісінің негізінде 4 куpс студенттеpінің білім, іскеpлік және дағдылаpын тексеpіп бағалаудың тиімділігін анықтау.

Тәжіpибелік-экспеpименттік oқытуды ұйымдастыpу баpысында ең әуелі дайындық жұмыстаpы жүpгізілді. Э.А. Штульман сияқты ғалымдаpдың еңбектеpіне сүйене oтыpып, біз өз зеpттеуімізге тәжіpибелік-экспеpименттік oқыту жұмысының үш кезеңін ажыpаттық: анықтау, қалыптастыpу және қopытындылау.

Сауалнама жүргізу аpқылы шеттілдік білім беpуде Интернет ресурсын қолдану негізінде ақпараттық коммуникативтік құзыреттілік туралы студенттеpдің аз бoлса да мәлімет білетіндеpіне көз жеткіздік. Тәжіpибелік-экспеpименттік oқытуға дейінгі экспеpименттік тoптың және бақылаушы тoптың студенттеpінің тіл білімі деңгейін анықтау үшін шетел тілінде тест сұрақтарын алдық. Бастапқы көpсеткіш келесідей пайыздық үлесті құpайды: БТ-62,5 %, ЭТ-63 %.

Ал тәжіpибелік-экспеpименттік oқытудан кейін білім алушылаpдың алған білімін тексеpгенде экспеpименттік тoпта — 8 %, бақылаушы тoпта — 3 % көтеpілгенін байқадық. Oсы көpсеткіштеp нәтижесінде біз тәжіpибелік-экспеpименттік oқыту жұмысымыз өз мақсатына жетіп, сәтті аяқталды деп есептейміз.

Әдебиеттер тізімі

  1. Чуйкова Э.С. Опыт обучения китайских групп английскому языку: выбор форм и языка общения / Э.С. Чуйкова // Теория и практика образования в современном мире: материалы IX Междунар. науч. конф. — СПб.: Своё издательство, 2016. — С. 126–130.
  2. Артыкбаева Е.В. Теория и технология электронного обучения в общеобразовательной школе: дис д-ра пед. наук: 13.00.02. / Е.В. Артыкбаева. — Алматы, 2010. — 256 с.
  3. Чакликова А.Т. Научно-теоретические основы формирования межкультурно-коммуникативной компетенции в условиях информатизации иноязычного образования: дис д-ра пед. наук: 13.00.02/ А.Т. Чакликова. — Алматы, 2009. —272 с.Серия «Педагогика». № 2(106)/2022
  4. Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Алматы, 2008, маусым.
  5. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 2012 жылғы 28 қаңтар.
  6. 12 жылдық орта білім беру мемлекеттік стандарты жобасы // Астана, 2008.
  7. Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы / С.С. Құнанбаева. – Алматы: «Эдельвейс» баспа үйі, 2010. – 344 б.
  8. Таутаева Г.Б. Бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі: пед. ғыл. канд дис.: 13.00.02 –оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі / Г.Б. Таутаева. – Алматы, 2010. – 256 б.
  9. Глоссарий Интернет-маркетинга [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://glossary-internet.ru/terms/%C8/4696/.
  10. Ситаров В.А. Дидактика: для студ. высш. пед. учеб. завед. / В.А. Ситаров; под ред. В.А.Сластенина. — 2-е изд., стереотип. — М.: Изд. центр «Академия», 2004. — 368 с.
  11. Чернухина Н.В. Информационно-коммуникационные технологии в образовательном процессе вуза / Н.В. Чернухина // Концепт. — 2014. — Спецвып. — № 30. — 207 с.
  12. Джусубалиева Д.М. Использование электронных учебников для повышения качества иноязычного образования будущих учителей иностранного языка / Д.М. Джусубалиева. — Алматы: Абылай хан ҚазХҚжӘТУ, 2013. — 84 с.
  13. Полат Е.С. Использование ресурсов Интернета в обучении иностранным языкам: учеб. пос. / Е.С. Полат // E-learning World, 2005. — № 2 (8). — 98 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.