Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілдік білім берудегі педагогикалық дизайн мүмкіндіктері

Мақалада цифрлық технологиялар арқылы оқыту үдерісін дамыту мәселелері баяндалған. «Педагогикалық дизайн» түсінігіне талдау жасалып, аталған терминге берілген анықтамалар сараланып, негізгі принциптері сипатталған. Педагогикалық дизайн жасауға қажетті бірнеше шетелдік модель үлгілері берілген. Оның ішінде ADDIE моделінің өзіндік ерекшеліктері мен білім берудегі тиімділігі талданған. ADDIE моделіне негізделген 4 модульден тұратын курстың педагогикалық дизайн үлгісі көрсетілген. Бірінші модуль бойынша цифрлық дәуірдегі педагог моделі, екінші модульде жаңа сабақты ұйымдастыруға қажетті онлайн платформалар түсіндіріледі. 3-модульде тілдік білім берудегі тапсырмаларды түрлендірудің бірнеше техникалары баяндалады. Ал соңғы 4-модульде мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін арттыру жолдары сөз болады. Мақалада аталған курсты жасауға негіз болған сауалнама сұрақтары және нәтижелер талданған. Алынған статистикалық мәліметтер арқылы мәселе анықталып, шешу жолдары ұсынылған. Сонымен қатар, мақала мазмұнында курс мазмұны, мазмұнды құрайтын модуль мақсаттары баяндалып, күтілетін нәтижелері сарапталған. Тілдік білім беруде педагогикалық дизайн тиімділігін таныту мақсатында тәжірибеден өткізілген «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы цифрлық трансформация» тақырыбындағы семинар мазмұны мен барысы сипатталған. Жалпы алғанда, мақала оқытуда цифрлық технологиялардың тиімді тұстарын талдап көрсетуді мақсат еткен.

Кіріспе

Цифрлық дәуір қоғамның әр саласына тың өзгерістер мен жаңа серпіліс әкелуде. Оған цифрлық технологияларды қолдану арқылы түрлі сала өкілдерінің, жалпы халықтың тұрмыс деңгейін дамытуды мақсат еткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы дәлел бола алады. Цифрландыру экономика, бизнес, басқару салаларынан бөлек білім беру жүйесінде де қолға алынып жатыр. Әсіресе, әлемдік пандемия жағдайына байланысты оқыту қашықтан ұйымдастырылған тұста білім беруді цифрландырудың қажеттілігі де арта түсті.

Оқытуда цифрлық технологиялар мен құралдарды қолданумен бірге «педагогикалық дизайн» түсінігі енді. Жалпы «дизайн» термині ағылшын тілінен «design» — жоспар, мақсат, жобалау, сызу, итальян тілінен «мен жобалаймын», ал латын тілінен «мен тағайындаймын» деген мағынаға саяды.

Дизайн — көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі — әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу [1]. Берілген анықтамадан байқайтынымыз үлгілер жасау және жаңа үлгілерін ойлап табу. Яғни, заман ағымы мен қоғам сұранысына сай дамуды талап етеді. Дизайнның түрі өте көп: сәулет дизайны, интерьер дизайны, веб-дизайн, т.б.

Ал педагогикалық дизайн дегеніміз — заманауи ақпараттық технологияларды енгізу арқылы қашықтан оқыту әдістерін жасауға бағытталған ғылыми пән. Педагогикалық дизайн оқу мақсатынан, оқу материалдарынан және цифрлық құралдардан тұрады. Cондай-ақ, «Педагогиканы қайта зерделеу» кітабында педагогикалық дизайнға төмендегідей анықтамалар берілген:

 Педагогика сияқты, дизайн да — теория мен практиканы біріктіретін термин. Ол нақты бір тұғырмен қатар, қоршаған жағдайларға үнемі бейімделіп отыратын контекске сай келетін тәжірибелердің жиынтығын қамтиды.

 Екіншіден, «дизайн» дегеніміз — жаңа цифрлық экономикадағы өте құнды іс-әрекет және барған сайын біздің өзара маңызды қарым-қатынасымыздың көбі дизайндалған кеңістіктер немесе интерфейстер негізінде жүзеге асатындықтан, мәні артып отырған пәнаралық қабілеттілік.

 Үшіншіден, оқыту курстарының сапасын жақсарту мен білім беруді кәсібилендіру бұл курстарды әзірлеуде шартты тұғырларды ұстануды білдіреді. Сабақ жоспары, бақылаушы құжаттар мен оқу құралдары сияқты «жобалаулар» әдетте жеке немесе кәсіби шолу мен сапа артуының дәлелі ретінде жасалады [2: 28].

Осылайша, дизайн — білім берудегі кәсіби тәжірибенің маңызды аспектісі және оқыту әдістерінің орасан өзгерісі. Кәсіби қызметтің басқа салалары сияқты, білім берудегі дизайн процесі де мыналарды қамтиды:

Педагогикалық дизайн принциптерін Роберт Ганье анықтаған. Ганьерге сәйкес педагогикалық дизайн принциптері:

 білім алушылардың назарын аудару;

 оқытудың міндеттері мен мақсаттарын түсіндіру;

 оқу материалын ұсыну;

 білім алушыларға оқылған материалды есте сақтауға мүмкіндік беретін нұсқау беру;

 білімді тәжірибеде бекіту;

 оқытудың тиімділік деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін кері байланыс ұйымдастыру;

 білім алушылардың үлгерімін бағалау [3].

Педагогикалық дизайн ережелерін қолдана отырып, оқу курстарын модельдеудің бірнеше түрлері бар. Олар: ADDIE, SAM, SMART, ALD және т.б. SAM моделі бойынша жоба кішігірім және үнемі қайталанатын даму циклдерінің орындалуымен ерекшеленеді. Бұл модель дайындау, циклдік әзірлеу, циклдік даму және әрекет картасынан тұрады. Ал SMART моделі — нақты тұжырымдалған және өлшенетін мақсаттарға негізделген жобаны басқару жүйесі. Оның мәні атаудың өзінде тұр, яғни Specific — арнайы, Measurable — өлшенетін, Attainable — қолжетімді, Relevant — қазіргі және Timebound — уақытпен шектелген. Яғни, мақсат нақты, қолжетімді және белгілі бір мерзімге байланысты болуы керек. Analysis — талдау, Design — жобалау, Development — жасау, Implementation — жүзеге асыру және Evaluation [4] — бағалау құрайтын ADDIE моделі бүгінде жиі қолданыста. Оқытудың жүйелілік ұстаныма сай құрылған модель тәжірибеде де тиімділігін байқатты.

Әдістер мен материалдар

Аталған модельдер ішінен ADDIE-ді басшылыққа алып, «Заманауи білім берудегі цифрлық трансформация» тақырыбындағы курстың педагогикалық дизайны жасалды. Аталған тақырыптағы курстың негізгі мақсаты — заманауи білім беруде цифрлық технологияларды кешенді қолдану, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру. ADDIE моделінің алғашқы кезеңі — Analysis — талдауға сәйкес алдымен, мектеп мұғалімдерінен сауалнама алынып, негізгі мәселелер анықталды.

Бірінші «Цифрлық технологияларды қаншалықты жиі қолданасыз?» деген сұраққа 18 жауап берушінің сегізі — «үнемі», қалғаны — «жағдайға байланысты», «сирек», «кейде» жауаптарын таңдаған. «Мүлде қолданбаймын» деген жауап жоқ (1-сурет). Бұл — күнделікті өмірде болсын, оқытуда болсын цифрлық технологияларды қолдануға деген қажеттіліктің бар екендігін көрсетеді.

144

Вестник Карагандинского университета

145

Екінші «Баяндама жасауда немесе тақырыпты түсіндіруде нені жиі пайдаланасыз?» деген сұраққа 88,9 пайызы презентацияны, 11,1 пайызы тақтамен жұмысты деп көрсеткен (сурет 2). Презентацияны қолданамын деушілердің саны көп, дегенмен «Қалай пайдаланасыз?», «Қандай платформалар көмегімен жасайсыз?» деген сұраққа Power Point бағдарламасымен ғана шектелген. Бұл презентация жасауға байланысты онлайн платформамен жұмыс жүргізу қажеттігін де анықтап көрсетті.

Сонымен қатар, онлайн платформаларды білу деңгейлеріне байланысты берілген сұраққа басым көпшілігі «білмеймін», «толық білмеймін», «мүлде естімедім» деген жауаптарды таңдаған.

Сауалнама бойынша анықталған мәселелер ADDIE моделі «Design — жобалау» процесін ұйымдастыруға негіз болды. Яғни, мектеп мұғалімдері үшін сабақты түсіндіруде және тапсырмаларды түрлендіруде онлайн платформалармен таныстыру жұмыстарын көбірек ұсыну маңызды екені белгілі болды. Аталған модельдің «Development — жасау» процесіне сәйкес курстың педагогикалық дизайнының өзегін құрайтын жұмыс мазмұны жасалды. Курс мазмұны 4 модульді қамтиды. 1-модуль атауы — «Цифрлық дәуірдегі педагог». Модуль заманауи мұғалім моделі,

Серия «Педагогика». № 2(106)/2022

құзыреттілігі, цифрлық сауаттылығы, білім берудегі Google өнімдерінің мүмкіндіктерін қамтиды.

Модуль мазмұнындағы тақырыптар мен күтілетін нәтижелер төмендегі кестеде берілді (1-кесте):

Кесте 1

1-модуль мазмұны

Тақырыбы

Күтілетін нәтиже

Заманауи ұстаз моделі

Заманауи білім берудегі педагогтерге қойылатын талаптар және мұғалім моделінің ерекшелігін түсінеді.

Білім берудегі Google мүмкіндіктері: Google Disk, Google Doc, Google Sheet, Google Slides

Бір ғана Google аккаунттың бірнеше қызметімен танысады. Жалпы оқытуда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында Google Disk, Google Doc, Google Sheet, Google Slides арқылы бір мезгілде бірнеше адаммен бірлесе жұмыс жасауды, дайын шаблондарды өңдеуді, т.б. меңгереді.

Білім берудегі Google мүмкіндіктері: Google Classroom, Google Jamboard, Google Forms

Оқытуды қашықтан ұйымдастыруда немесе дәстүрлі форматта да Google Classroom-да сынып жұмыстарын ұйымдастыруды, Google Jamboard-ты интерактивті тақта ретінде пайдалануды, сонымен қатар Google Forms арқылы бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын, сауалнамаларды құрастырудың ұтымды тұстарын игереді.

Практикалық жұмыстар

Google Classroom-да модуль мазмұнында айтылған онлайн платформалармен практикалық жұмыстар орындайды.

Курстың педагогикалық дизайнының 2-модулі — «Жаңа сабақты ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» деп аталды. Модуль мазмұнында кез келген пәнді оқытуда, жаңа тақырыпты түсіндіруде презентация, инфографика, бейнематериалдардың тиімділігі және жасауға қажетті компьютерлік платформалар қамтылады (2-кесте).

Кесте 2

2-модуль мазмұны

Тақырыбы

Күтілетін нәтиже

Жаңа сабақты ұйымдастыруды трансфор- мациялау жолдары

Дәстүрлі оқытуда жаңа сабақты түсіндірудің әдістеріне бір шолу жасап, цифрлық технологиялар көмегімен

трансформациялаудың тиімділіктерін түсінеді.

Тілдік білім беруде инфографиканы қолдану жолдары

Теориялық мәліметті, жаңа сабақты түсіндіруде және сөйлесім әрекеттеріне тапсырма түрлерін ұсынуға қажет инфографиканы бірнеше онлайн платформаларда жасап үйренеді.

Мультимедиялық презентациялардың

оқытудағы тиімділігі және жасалу жолдары

Сабақты ұйымдастыру кезеңдеріндегі презентацияның тиімділігі және презентацияға қойылатын талаптар (мазмұны, көлемі, дизайн, т.б) жан–жақты түсіне алады. Мультимедиялық презентациялар жасауға қажетті (Мысалы, Canva, Emaze, т.б) платаформалармен танысып, анимациялық, 3d шаблондағы презентациялар жасай алады.

Бейнематериалдар оқытудың тиімді құралы ретінде

Ақпараттық, танымдық және сюжеттік бейнежазбалар жасауға қажетті платформалармен танысып, сабақ мазмұнын қамтитын бейнематериалдарды жасайды.

Практикалық жұмыстар

Google Classroom-да модуль мазмұнында айтылған онлайн платформалармен практикалық жұмыстар орындайды.

«Цифрлық технологиялар арқылы тапсырмаларды түрлендіру техникалары» деп аталатын 3- модуль мазмұны сабақ барысында онлайн платформалар арқылы тапсырмаларды түрлендірудің, оқушылардың қызығушылығын оятудың, уақытты ұтымды пайдаланудың, смартфонды тиімді пайдаланудың жолдары туралы айтады. «Тапсырмаларды түрлендіруді трансформациялау негіздері» деп аталатын бөлік бойынша білім алушылар дәстүрлі оқытуда ұсынылатын тапсырмалар жүйесіне шолу жасап, заманауи білім беруде тапсырмаларды трансформациялауға қажетті цифрлық технологиялармен танысады. Сонымен қатар, тапсырма жасауға арналған платформалар техникалар түрінде ұсынылып, мысалы, 1-техника — «Quizlet, Quizizz арқылы тест жасау», 2-техника — «QR арқылы тапсырмаларды түрлендіру» және 3-техника — «Class Dojo-мен цифрлық сыныпқа» деп аталды. Әр техника бойынша білім алушы белгілі бір дағдылар қалыптастырады. Атап айтатын болсақ, Quizlet, Quizizz платформаларында тест, дұрыс\дұрыс, бірнеше таңдау, бос орынды толтыру, т.б. тапсырмаларды, сондай-ақ кешенді сабақ үлгісін жасауды үйренеді. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру мен тапсырманы үй жұмысы ретінде ұсынудың ең оңай тәсілін меңгереді. QR код арқылы тапсырмаларды түрлендіру, QR код арқылы жаңа сабақ материалын ұсыну, тіпті QR код арқылы бағалау, тест жұмыстарын жүргізудің ұтымды әдістерін меңгеріп, сабақта қолдана алады. Цифрлық сыныптың алғышарттарымен танысып, Class Dojo-да оқушыларды топқа бөлу, сыныптағы дауысты басқару, ата-аналармен байланыс орнату, т.б. ең ұтымды қызметтерін қолдана алады.

Курстың педагогикалық дизайнын құрайтын 4-модуль атауы — «Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін арттыру жолдары». Модуль мазмұнында ақпараттық сайттармен жұмыс жасау жолдары мен сайт, электронды оқулық жасаудың қарапайым тәсілдері қамтылады (3-кесте).

Кесте 3

3-модуль мазмұны

Тақырыбы

Күтілетін нәтиже

Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі: қалыптастыру мен дамыту

Мұғалімнің «ақпараттық құзыреттілігі» түсінігі, оны құрайтын компоненттер жүйесін түсінеді. Сұрақ-жауап, арнайы сауалнамалар нәтижесінде ақпараттық құзыреттілік деңгейін анықтай алады.

Оқытуда қажетті таңдаулы ақпараттық- танымдық сайттар

Ғаламтордан кез келген ақпаратты іздеуде Интернет браузерлерінен бөлек, белгілі бір сайттардың ерекшелігімен танысады. Ең үздік ақпараттық-танымдық сайттардың тізімі ұсынылып, әдістемелік жұмыстарына пайдалана алады.

Сайт жасаудың қарапайым тәсілдері

Google Site-та өз портфолиосын немесе курсын, күнделікті сабақ мазмұнын қамтып, кешенді сайт жасай алады.

Электрондық оқулық жасау жолдары

Электрондық оқулық жасауға қажетті компьютерлік бағдарламалармен танысып, өз пәні аясында электрондық оқулық жасай алады.

Практикалық жұмыстар

Google Classroom-да модуль мазмұнында айтылған онлайн платформалармен практикалық жұмыстар орындайды.

Нәтижелер және оларды талдау

Педагогикалық дизайнның ADDIE моделі бойынша «Implementation — жүзеге асыру» барысын орындау мақсатында Сүлейман Демирель атындағы университетте 2021 жылдың 29 наурызы мен 2 сәуірі аралығында «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы цифрлық трансформация» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілген. Семинар мазмұны жоғарыда аталған модульдерді толық қамтыды. Сонымен қатар, ADDIE моделі негізіндегі «Evaluation — бағалау» бойынша қатысушылармен әр модульді пысықтау мақсатында Google Classroom-да практикалық жұмыстар ұйымдастырылды. 5 күн бойы бес модуль бойынша тапсырмалар беріліп, кері байланыс жасалды. Мәселен, бірінші күні «Семинарда айтылған Google сервистерімен (Google Slides, Google Forms, т.б) жұмыс жасаңыз. Кемінде екі сервисте жасалған жұмысыңызды жіберіңіз» деген сынды тапсырмалар беріліп, жіберілген жұмыстар белгіленген критерийлер бойынша бағаланды. Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Қорытынды

Қорыта келгенде білім беру үдерісі үздіксіз дамуды қажет ететіні белгілі. Педагогтерге да қоғамның сұранысына сай дамып отыруды талап етеді. Жаңа буын, жаңа ұрпақты оқытуда цифрлық құралдардың қолданысын, сабақ процесіндегі тиімділігін түсіну, қолдану маңызды. Осы орайда ақпараттық құзыреттілікті дамытуға байланысты ұсынылған кез келген курстың берері мол. «Жаңа формация мұғалімі — рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деп Н.Ә. Назарбаев айтқандай жаңа формациядағы мұғалім әрдайым ізденісте болуы қажет. Ұсынылған курстың педагогикалық дизайнының мақсаты, міндеті жаңа формациядағы мұғалім болып қалыптасуға септігін тигізеді.

Әдебиеттер тізімі

  1. Ковешникова Н.А. Дизайн: история и теория / Н.А. Ковешникова. — М.: Омега-Л, 2005. — 224 с.
  2. Битэм Э. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны / Э.Битэм, Р.Шарп. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. — 328 б.
  3. Gagné R.M. Principles of instructional design / R.M. Gagné. — Thomson/Wadsworth, 2005. — 416 p.
  4. Курносова С.А. Педагогический дизайн: эксплицирование понятия / С.А. Курносова // Междунар. журн. эксперимент. обр. — 2012. — № 8. — С. 36–42.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.