Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Антоним компонентті фразеологизмдер құрамындағы антоним түрлері (ағылшын жəне қазақ тілдері материалында)

Мақалада екі əр түрлі құрылымды тілдердегі антоним компонентті фразеологизмдер қарастырылды. Фразеологиядағы антонимдерді талдау лексикалық антонимдердің классификациясы негізінде жүзеге асырылды. Жүргізілген зерттеуде фразеологизмдер құрамындағы антоним-компоненттердің құрылымдық түрлері, сонымен қатар қарама-қарсылық категориясына негізделген семантикалық түрлері айқындалған. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің құрамындағы антоним компоненттерді талдаудың алғаш рет жүргізілуінде жатыр. Мақалада компоненттік талдау жəне салғастырмалы талдау əдістері қолданылған. Зерттеу нəтижесінде ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі қарастырылып жатқан фразеологизмдердің құрамындағы антонимдерге лексикада кездесетін барлық антоним түрлері тəн екендігі, сондай-ақ ол антонимдердің қызметі бейнелі қарама-қарсылық қызметін атқарумен қатар, қоршаған əлемдегі объектілерді үнемі салыстыруымен анықталған. Антонимдер фразеологизмнің құрамында келіп олардың экспрессивтік мағынасын арттыруға ықпалын тигізеді.

Кіріспе

Фразеологизмдер əр тілдің ажыратылмас бөлшегі болып табылады. Олар қандай да бір затты, белгіні атап қана қоймай, сондай-ақ оларға баға, сипаттама береді. Қазіргі таңда ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де фразеологизмдер əр түрлі тұрғыдан зерттелінуде, сондай-ақ екі тілдің фразеологиялық жүйесін салыстыра талдау зерттеушілердің қызығушылықтарын тудыруда. Соның ішінде фразеологизмдерді олардың құрамындағы белгілі бір компонент арқылы зерттеу көптеп орын алуда. Айта кетсек, сан есім – компонентті фразеологизмдер, соматикалық компоненттері бар фразеологизмдер, түс компонентті фразеологизмдер жəне т.б. Бұл фразеологизмдерді құрамындағы компоненттері бойынша талдау олардың семантикалық, құрылымдық ерекшеліктерін анықтау барысында өзекті мəселе екенін көрсетеді.

Антоним компонентті фразеологизмдер ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де кездеседі, бұл олардың екі тілге тəн универсалды құбылыс екенін көрсетеді. Антонимдерді зерттеу қазіргі кезде көптеген зерттеушілерді қызықтырады, өйткені қарама-қарсылық ұғымы өте күрделі жəне зерттеуге жан-жақты қарауды қажет етеді. Ағылшын тілінде антонимдерді, қарама-қарсылықтар категорияларын жіктеу бойынша жұмыстар өте көп (Д. А. Круз, Дж. Лайонз, С. Джонс, Ф. Р. Палмер, М. Л. Мерфи). Антоним түрлерін анықтауда зерттеушілердің пікірлері əр түрлі, өйткені кейбіреулер антонимдерді тар мағынада қарастырады, яғни олар антонимдерді қарама-қарсылық категориясы түрлерінің бірі деп санайды, ал басқалары кең мағынада қарастырады, яғни тілде кездесетін барлық қарама-қарсылықтарды антоним ретінде анықтайды.

Антоним мағынасы жағынан басқа сөзге қарама-қарсы сөз. Мысалы, ағылшын тілінде alive жəне dead, ал big мен small антоним болып табылады. Кейде alive – dead жұптары жəне big – small жұптары арасында айырмашылық олардың градуалды немесе градуалды емес екендігіне байланысты ажыратылады [1; 27]. С. Джонс антонимдер мағыналық жағынан қарама-қарсы сөздер екенін, бірақ мағыналық жағынан қарама-қарсы сөздердің барлығы бірдей антоним емес екенін атап өтті. Мысалы, rich (бай) - poor (кедей) сөздер жұбы əл-ауқат шкаласында əрекет етеді, affluent (көл-көсір, мол, бай) жəне broke (жүдеубас, ақшасыз) сөздері де осы шкала бойынша əрекет етеді, бірақ біз оларды интуитивті түрде антоним деп айтпаймыз [2; 10].

Қазақ тілінде К. Аханов антонимдерді мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер ретінде анықтайды. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде, сондай-ақ ойды дəл жеткізуде антонимдер ерекше қызмет атқаратынын алға тартады [3; 140]. Сонымен қатар, Ж. Мусин қазақ тілінде антонимдерді зерттеуге үлкен үлес қосты. Ж. Мусин өзінің «Қазақ тіліндегі антоним сөздер» атты диссертациялық жұмысында жан-жақты зерттеулер жүргізді, оның үстіне ғылыми қызметінің нəтижесінде қазақ тіліндегі антонимдер сөздігін құрастырды. Ол антонимдерді ерекше лингвистикалық құбылыс ретінде анықтап, оларды «мағынасы жағынан біртектес, өзара эквивалентті жəне тілде үнемі біртекті сапалық ұғымдарды білдіретін қарама-қарсы мағынада қолданылатын сөздер» деп анықтама берген [4; 52].

Зерттеудің деректері мен əдістері

Фразеологизмдерге белгілі бір өзіндік компоненттік құрам тəн келеді. Антонимдер лексикологиямен қоса, фразеология ғылымына тəн. Көптеген зерттеушілер фразеология саласындағы антонимияны анықтау барысында антоним фразеологизмдерді (фразеологиялық антоним) талдаған болатын. Солардың ішінде айта кетсек, Г.Т. Сырлыбаева бір фразеологизмнің құрамында антоним компоненттері ұшырасатынын атап өтіп, оларды антоним фразеологизмдерге жатқызу дұрыс па деген мəселені көтерді. Алайда нəтижесінде ол антоним компоненттер фразеологизмдердің өз ішінде антоним қасиетке иеленгендігімен, фразеологизмдердің құрамында олардың мағынасы бірігіп келіп тұтас бір ғана мағынаның орнына жұмсалады деп тұжырымдай келе, оларды антоним фразеологизмдер қатарына қоспайды [5; 34]. Біздің зерттеудің нысаны антоним компонентті фразеологизмдер болып табылады, яғни бір ғана фразеологизмнің құрамында қарама-қарсы мəндес компоненттердің ұшырасуы. Зерттеудің деректері ағылшын жəне қазақ тілдерінің фразеологиялық сөздіктерінен алынған антоним компонентті фразеологизмдер болып табылады. Фразеологизмдер құрамындағы антоним компоненттердің қарама-қарсылық категориясы жəне құрылымдық ерекшеліктері бойынша түрлері қарастырылатын болады. Зерттеуде жаппай іріктеу, компоненттік талдау жəне салғастырмалы талдау əдістері қолданылды. Зерттеудің теориялық негізі болып М.Л. Мерфидің, С. Джонстың, Л.А. Новиковтың, Г.М. Полькинаның, І. Кеңесбаевтың, Ж. Мусиннің, К. Ахановтың, Г.Т. Сырлыбаеваның жəне басқаларының еңбектері алынды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нəтижелерін антонимия теориясын əрі қарай зерттеуде, туыс емес тілдерді, ағылшын жəне қазақ тілдерін салыстырмалы түрде зерттеуде қолдану мүмкіндігінде жатыр.

Нəтижелер мен олардың талқылануы

Зерттеу жұмысында фразеологизмдер құрамындағы антонимдік қатынастарды анықтау мақсатында лексикалық антонимдерге сүйенеміз. Ағылшын тілінде антонимия құбылысын анықтауда шетелдік зерттеушілер қарама-қарсылық категориясына жүгінеді. Ағылшын тілінде Дж. Лайонз, С. Джонс, М.Л. Мерфи сияқты көптеген зерттеушілер антонимдерді қарама-қарсылық табиғаты бойынша контрарлық, комплементарлық, векторлық, конверсивтік қарама-қарсылықтар деп ажыратады. Сонымен қатар, қарама-қарсылық түрлерін жіктей отырып, басқа зерттеушілер комплементарлық, антонимдер, векторлық (directional) реляциялық қарама-қарсылықтарды ажыратады (Д.А. Круз). Осыған орай, кейбір зерттеушілер контрарлық (немесе градуалдық) қарама- қарсылықты нағыз антоним ретінде жіктейтіндігін де ескерген жөн.

Жұмыста контрарлық, комплементарлық, векторлық жəне конверсивтік қарама-қарсылық түрлері қарастырылды.

Контрарлық немесе градуалдық қарама-қарсылық бір белгінің əр түрлі дəрежелерімен сипатталады. Олар белгінің, сапаның біртіндеп өзгеруі туралы түсінік береді [6; 181]. Біреуін жоққа шығару екіншісінің ақиқаттығына кепілдік бермейді, яғни басқа күйдің болу мүмкіндігі бар. Себебі контрарлық қарама-қарсылықтарға аралық мəндері бар шкалалар жатады. Мысалы, hot - warm - cool – cold/ ыстық - жылы - салқын - суық, big - medium - small/ үлкен - орташа - кіші.

Дж. Лайонзбен келісе келе, көптеген зерттеушілер контрарлық қарама-қарсылықтарды нағыз антонимдер деп санайды, өйткені олар бинарлық лексикалық контраст құбылысына əсіресе тəн көрінеді [7; 189].

Қарастырылып жатырған фразеологизмдер құрамында контрарлық қарама-қарсылықтар көрініс табады:

blow hot and cold – өз пікірін, көзқарасын үнемі өзгертіп отыру [8; 93];

high and low – қоғамның барлық таптары [8; 386];

бетегеден биік, жусаннан аласа – тым аласа, төмен [9; 114];

ыстық-суықты көрген – дүниенің қиыншылығын бастан кешкен [9; 577].

Келтірілген мысалдардағы антонимдер заттың немесе құбылыстың бір белгісін, сапасын екіншісімен салыстыру, бір күйден келесі күйге ауысу қасиеттерін білдіріп тұр.

Комплементарлық қарама-қарсылық қарама-қарсы қойылған жəне бір-бірін толықтырушы мүшелер арасында орталық, аралық мүшенің болмауымен сипатталады [10; 245]. Қарама- қарсылықтың бұл түрі бір нəрсені немесе құбылысты мойындау, екінші нəрсені немесе құбылысты жоққа шығару дегенді білдіреді. Мысалы, Arman is single/ Арман жалғыз басты дегеніміз Arman is not married/ Арман үйленбеген дегенге алып келеді. Немесе керісінше Arman is married/ Арман үйленген дегеніміз Arman is not single/ Арман жалғыз басты емес дегенді білдіреді. Яғни бұдан байқайтынымыз бұл жерде тек қана екі мүмкін жағдай бар болуында. Егер біз бұл теорияны контрарлық қарама-қарсылыққа қолданатын болсақ, бұдан нəтижесі болмайтындығы көрінеді. Мысалы, It is not hot/ Ол ыстық емес дегеніміз It is cold/ Ол суық дегенді білдірмейді, өйткені It is warm/ Ол жылы немесе It is cool/ Ол салқын болуы мүмкін. Яғни, бірдеңе ыстық болмаған жағдайда, оны суық деп есептей алмаймыз, өйткені ыстық та, суық та болмау мүмкіндігі бар. Контрарлық жəне комплементарлық қарама-қарсылық арасындағы айырмашылық контрарлық қарама-қарсылықта тағы бір аралық мүшенің болуында.

Зерттеу үстіндегі фразеологизм құрамында комплементарлық қарама-қарсылықты кездестіруге болады:

between life and death – өмір мен өлім ортасында [8; 452];

the lull before the storm – дауыл алдындағы тыныштық [11; 278];

өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай қылды – жалған сөзге сендірді [9; 440]; өлі мен тірінің арасында – əл үстінде [9; 432].

Векторлық қарама-қарсылық əр бағытты іс-əрекет, қимылдың, белгінің қарама-қарсылығын білдіреді. Қарама-қарсылықтың бұл түрі ағылшын жəне қазақ тілдерінде де кездеседі: up-down (жоғары-төмен), come-go (келу-бару), кіру-шығу, оң-сол. Қарама-қарсылықтың бұл түрін Д.А. Круз, Дж. Лайонз жəне басқалары «directional opposites» деп те атайды. Дж. Лайонз бұл қарама-қарсылық түрін бірнеше подтиптерге, ортогональды жəне антиподальдыларға бөледі. Сонымен қатар, басқа зерттеушілермен «reversive» термині ұсынылған болатын. Алайда, біз осы типтегі қарама- қарсылықтарды ішкі түрлерге бөлмей, оларды векторлық қарама-қарсылық ретінде жіктеу орынды деп санаймыз. Əр түрлі термин атауларына қарамастан, олар ортақ түсінікті қамтиды, олардың барлығы белгілердің, əрекеттердің, қасиеттердің, қозғалыстардың қарама-қарсы əр түрлі бағыттылығын білдіреді.

Құрамында векторлық қарама-қарсылықтары ұшырасатын фразеологизмдерге келесілер мысал бола алады:

right up and down - əділ, тікелей [8; 634];

be backward in coming forward – ілгері басқан аяғы кейін тарту [8; 59];

оң мен солына қарады – төңірекке назар салу [9; 418];

күле кіріп, күңірене шығады – арам ниетін білдірмеу, екі жүзді болу [9; 289].

Конверсивтік қарама-қарсылық бірдей іс-əрекетті немесе қатынасты оған қатысушылардың əр түрлі көзқарастары бойынша сипатталады. Қарама-қарсылықтың бұл түрін зерттелген екі тілде, яғни ағылшын жəне қазақ тілдерінде де байқауға болады. Мысалы, Peter won Jack / Питер Джекті жеңді. – Jack lost to Peter / Джек Питерден ұтылдыЕрмек оған құжаттарды берді. – Ол Ермектен құжаттарды алды. Бұл мысалдарда won-lost / жеңді-ұтылды, берді-алды конверсивтік қарама- қарсы мəндерді білдіреді.

Фразеологизмдердің құрамында қарама-қарсылықтың бұл түрін де кездестіруге болады: win the battle, lose the war – қалаған нəрсені алу, бірақ маңызды мақсатқа жете алмау [12; 22]; give and take – ымыра; ауыспалы (қолайлы жəне қолайсыз жағдай туралы) [8; 24];

бұлсыз берді, құнсыз алды – құнын төлеп алған жоқ [9; 130];

атадан балаға жеткізу – передавать из рода в род [13; 120].

Д.М. Кумыкова конверсивтік қарама-қарсылық антонимияның логикалық-семантикалық негізінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын векторлық қарама-қарсылықпен тығыз байланысты екенін атап өтеді [14; 140]. Айта кету керек, кейбір қарама-қарсылықтар векторлық та, конверсивтік те болуы мүмкін. Мысалы, win (жеңу) – lose (ұту), үсті-асты. Бұл жағдайда, егер олар екі адамның арасындағы қатынасты білдірсе, олар конверсивтік болып саналады, ал егер олар осьтің белгілі бір нүктесіне қатысты кеңістікте адамның немесе заттың бар екенін көрсетсе [15; 173], онда олар векторлық қарама-қарсылық болады. Көптеген жағдайларда конверсивтік қарама-қарсылық іс- əрекетте екі адам қатысқан кезде пайда болады, егер сіз Arman bought the flowers / Арман гүлдерді сатып алды десеңіз, онда кері əрекет Seller sold the flowers / Сатушы гүлдерді сатты болады, яғни іс-əрекетке Arman/ Арман (яғни, сатып алушы) да, seller / сатушы да қатысады. Бұл мысалда bought – sold, сатып алды – сатты конверсивтік қарама-қарсы мағынаны білдіреді. Векторлық қарама- қарсылықта іс-əрекетке бір адам қатыса алады, яғни Ол ішінен кіріп, сыртына шықты (Ол жағымпазданды) дегенді мысалға келтірсек, мұнда кіріп-шықты векторлық қарама-қарсылық болып табылады, бір адамның іс-əрекеті.

Фразеологизмдер құрамындағы антоним компоненттердің құрылымдық жағына келетін болсақ, онда бір түбірлі (түбірлі) жəне əр түбірлі (аффикстік) антонимдер кездеседі. Ағылшын тілінде қарастырылып жатқан фраазеологизмдер құрамында əр түбірлі антонимдер басым бөлігін құрайды: blow hot and cold – өз пікірін, көзқарасын үнемі өзгертіп отыру [8; 93]; high and low – қоғамның барлық таптары [8; 386]. Ал бір түбірлі антонимдерге келетін болсақ, олар антоним компонентті фразеологизмдер құрамында бірен-саран. Олар un-, re-, dis- префикстері арқылы жасалған: quoteunquote – цитата, дəйексөз [12; 315]; likes and dislikes – ұнату мен жаратпаушылық [8; 458]; flux and reflux – (судый) көтерілуі мен қайтуы [8; 287].

Қазақ тіліндегі антоним компонентті фразеологизмдер құрамында да көбінесе əр түбірлі антонимдерді кездестіреміз: оң мен солына қарады – төңірекке назар салу [9; 418]; күле кіріп, күңірене шығады – арам ниетін білдірмеу, екі жүзді болу [9; 289]. Қазақ тілінде бір түбірлі антонимдерге қатысты əр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Яғни кейбір зерттеушілер қосымшалар (-ма, -ма, -ба, -бе, -па, -пе, -сыз, -сіз, -лы, -лі,- ды, -ді, т.б.) арқылы жасалған бір түбірлі сөздерді антоним қатарына жатқызса, енді біреулері сөз түрлендіруші емес, тек сөз тудырушы жұрнақтардан жасалған сөздерді антоним ретінде қарастыруды жөн деп санайды. Бұл зерттеуде –ма, -ме қосымшалары арқылы жасалған сөздерді антоним сөздер деп қарастырылмады. Мысалы, бер – берме дегендегі берме сөзі бер сөзінің болымсыз формасы болып табылады да, ол сөзге жаңа баға бермейді, яғни іс-əрекетке жай ғана тыйым салып тұр.

Жоғарыда айтылғандардан, ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі қарастырылып жатқан антоним компонентті фразеологизмдер қарама-қарсылық категориясының барлық түрлерін қамтитынын атап өтуге болады, сонымен қатар екі тілде барлық қарама-қарсылықтар ұқсас белгілерімен сипатталады. Бұл жұмыста антонимияның кең түсіндірмесін ұстандық, сондықтан біздің түсінігімізде осы келтірген қарама-қарсылықтардың барлық түрлерін антоним деп қабылдаймыз. Фразеологизмдер құрамындағы антонимдер лексикалық антонимдердің қасиеттерін жоғалтпайды жəне фразеологизмдердің белсенді құрылыс материалы болып табылады [16; 24]. Антоним компоненттердің болуы фразеологизмнің тұтас мағынасында белгілі із қалдырады, көбінесе фразеологиялық мағына антонимдік компоненттердің мағыналарын біріктіру негізінде қалыптасады. Олар фразеологизм мағынасының экспрессивтілігін арттыруға ықпалын тигізеді. Сондай-ақ антонимдердің рөлі мен функциялары олардың мағыналарын біріктіруінен оларға ортақ жаңа мағына туындауымен қатар, бейнелі қарама-қарсылықты білдіру арқылы қызмет ететіндігінде көрінеді. Осы орайда келесі фразеологизмдерді мысал ретінде алуға болады: ағылшын тілінде «throw sprat to catch herring - үлкен пайда табу үшін кішігірім тəуекел жасау [8; 710]» фразеологизміндегі sprat (кішкентай майшабақ, килька) – herring (майшабақ) жұбы тікелей мағыналарында көрсетілген белгілерден алшақтап, «кішігірім пайда – үлкен пайда» деген мағынада жұмсалып тұр. Яғни, осы мысалда антонимдердің мағыналары ассоциативті байланыспен байланысып, олардың үлкен жəне кіші деген қарама-қарсы жақтарын білдіреді. Қазақ тілінде «суға да батты, отқа да жанды – барлық қиыншылықты басынан өткізді [9; 470]» фразеологизміндегі су-от жұбының мағынасы бірігіп «қиыншылық» мағынасын білдіріп тұр. Бұнда тіркес мағынасын қайта қарау нəтижесінде жаңа фразеологиялық мағына туындайды.

Қорытынды

Сонымен, қорыта келгенде, фразеологизм құрамындағы антоним-компоненттерде лексикалық антонимдерге тəн антонимдік байланыстар байқалды. Екі тілдің қарастырылған фразеологизмдерінде бірдей антонимдік байланыс түрлері белгіленді. Яғни контрарлық, комплементарлық, конверсивтік жəне векторлық қарама-қарсылық түрлері кездесетіндігі анықталды. Бұл қарама-қарсылық түрлерінің лексикалық антонимдерге сəйкес қасиеттері фразеологизмдердің құрамындағы антонимдерден де көрінеді, айта кетсек, бір-бірінің мағынасын жоққа шығару, қарама-қарсы бағытты білдіру жəне т.б.

Құрылымдық қасиеттеріне келсек, ағылшын тілінде əр түрлі түбірлі антонимдер өнімді болып табылады, ал бір түбірлі (туынды) антонимдер қарастырылған антоним компонентті фразеологизмнің өте аз бөлігін құрайды. Бір түбірлі антонимдер dis-, un-, re- префикстерінің түбірге жалғануы арқылы жасалынған. Қазақ тіліне келетін болсақ, мұнда да əр түбірлі антонимдер басым болды. –ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалынған сөздерді антоним деп қарастырмадық, өйткені олар жалғанған сөзге жаңа баға бермейді. Ағылшын тілінің қазақ тілінен айырмашылығы ағылшын тілінде префикстердің болуында.

Фразеологизмдердің тұтас мағынасы құрамындағы антоним компоненттердің мағыналарының бірігуі жəне фразеологизм мағынасына қайта мəн берілуі арқылы пайда болады. Антоним компоненттер фразеологизмнің бейнелілік қасиетін арттырып, бір фразеологизм құрамында белгілі бір нəрсені, сапаны, я құбылысты салыстыру қызметін атқарады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Richards J. C., Schmidt R. Longman dictionary of Language Teaching and Applied Linguistics / J.C. Richards, R. Schmidt. – Routledge, 2010. — 656 p.
  2. Jones S. Antonymy. A corpus-based perspective / S. Jones. – Routledge, 2004. — 193 p.
  3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері: оқу құралы / К. Аханов. — Алматы: Өлке, 2010. — 560 б.
  4. Мусин Ж. Қазақ тіліндегі антоним сөздер: филол. ғыл. канд дис.: 10.02.02 — «Қазақ тілі» / Жағыпар Мусин. — Көкшетау,1970. — 253 б.
  5. Сырлыбаева Г.Т. Қазақ тіліндегі қарсы мəнді фразеологизмдердің парадигмалары: филол. ғыл. канд дис.: 10.02.02 — «Қазақ тілі» / Гульнара Торебековна Сырлыбаева. — Алматы, 2006. — 124 б.
  6. Соловьева Н.В. Оппозиция как объект теоретического исследования (на материале английского языка) / Н.В. Соловьева // Филологические науки. Вопросы теории и практики. – 2015. – № 4 (46). – С. 179-185.
  7. Murphy M. L. Semantic Relations and the Lexicon: Antonymy, Synonymy, and other paradigms / M.L. Murphy. – Cambridge University Press, 2003. – 292 p.
  8. Кунин А. В. Англо-русский фразеологический словарь / А.В. Кунин. — М.: Русс. яз., 1984. — 944 с.
  9. Кенесбаев С.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі / С.К. Кенесбаев. — Алматы: Ғылым, 1977. — 712 б.
  10. Новиков Л. А. Семантика русского языка / Л.А. Новиков. — М.: Высш. шк., 1982. — 272 с.
  11. Oxford dictionary of idioms / edit. by J. Siefring. — Oxford University Press, 2004. — 340 p.
  12. Collins COBUILD dictionary of idioms / edit. by J. Sinclair. — HarperCollins Publishers, 1997. — 493 p.
  13. Смагулова Г. Мағыналас фразелогизмдер сөздігі / Г. Смагулова. — Алматы: Елтаным, 2010. – 252 б.
  14. Кумыкова Д. М. Антонимические отношения в кабардино-черкесском языке: опыт семантической классификации / Д.М. Кумыкова, Э.Т. Кумыкова // Вестн. Кабард.-Балкар. ин-та гум. исслед. — 2019. — № 3 (42). — С. 136-142.
  15. Хисамова В. Н. Области пересечения разных типов антонимов (на примере английского и татарского языков) / В.Н. Хисамова, Д.Р. Сафина // Казан. вестн. молодых ученых. — 2017. — Т. 1. № 1 (1). — С. 169-174.
  16. Полькина Г.М. Сопоставительный анализ фразеологических единиц с антонимичными компонентами в английском и татарском языках: дис. … канд. филол. наук : 10.02.20 — «Сравнительно-историческое, типологическое и сопоставительное языкознание» / Гульнур Маннуровна Полькина. – Казань, 2002. – 241 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.