Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Гендерлік метафора — әлемнің тілдік бейнесіндегі құнды көрсеткіштерді бағалау құралы

Ұлттық мәдениеттегі ерекше белгілер және образдардың бағасын беру мен сақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі — метафоралар. Гендерлік лингвистикада қолданылатын «гендерлік метафора» термині феминдік және маскулиндік тұлғалық қасиет пен сапалардың берілу тәсілі ретінде қолданылады. Бұл зерттеуде қазақ тіліндегі гендерлік маркерленген метафораларды талдау арқылы ер мен әйел образы қарастырылған, яғни концептуалды метафора теориясына сүйеніп жүргізілген жұмыста қазақтың әлемнің тілдік бейнесінің құндылық фрагментіндегі гендерлік ерекшелік анықталады. Негізгі дереккөз ретінде «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» алынды. Зерттеудің мақсаты — гендерлік метафоралар жүйесінде көрініс табатын ерлер мен әйелдердің жүріс-тұрысындағы, мінез- құлқындағы, сыртқы келбетіндегі «еркекке тән», «әйелге тән» гендерлік белгілерді анықтау арқылы гендерлік метафоралардың маңызды мәдени тілдік категория және бағалауыш мағынаны көрсетуде әмбебап механизм екендігін дәлелдеу, оның құндылық фрагментін айқындау арқылы адамның метафоралық атаулары жүйесінде гендерлік маркерленген ассиметрияның бар-жоқтығын қарастыру. Мақалада метафоралық атаулар ер адам мен әйел адамның қасиеттерін, белгілерін көрсететіні анықталып, ондағы мағына қандай бағалауыштық мән беріп тұрғандығы айқындалған. Осының негізінде гендерлік метафораның мәдени тілдік категория ретіндегі бағалауыштық қызметіне талдау жасалады. Нәтижесінде әлемнің нормативті бейнесі материалдарына гендерлік ассиметрия аспектісінде талдау жасау арқылы ерлер мен әйелдерді сипаттауда айырмашылықтар бар екендігі байқалды: ер адамдарды бағалауда этикалық бағалауыштық көрсеткіш басым болса, әйел адамдарды сипаттауда эстетикалық бағалауыштық көрсеткіш басым. Соған сәйкес, гендерлік метафора әлемнің тілдік бейнесіндегі құнды көрсеткіштерді анықтауда маңызды тілдік құрал болып есептеледі деген қорытынды жасалған.

Кіріспе

Гендер — гендерлік лингвистиканың негізгі термині, ол қоғамдағы еркек және әйел образдарында қалыптасқан мінез-құлық пен ұстанымның мәдени айқындалған нормаларын сипаттау үшін қолданылады. Біз бұл зерттеу жұмысымызда И.В. Зыкованың «гендер — белгілі бір қоғамда, әдетте, еркек және әйел жыныс тұлғаларымен ассоцияланатын мінез-құлық пен ұстаным нормаларының жиынтығы. Гендер түсінігінің мазмұнында еркектер мен әйелдердің арасындағы биологиялық немесе физикалық айырмашылық емес, аталған айырмашылықтарға қоғамның таңатын мәдени және әлеуметтік маңызы басты мәнге ие деген идеясы жатыр» деген анықтамасын басшылыққа аламыз [1; 57]. Гендер коммуникативтік актіде көрінетін жыныстық рөлдік ұйғарымдарды жарыққа шығару құралы ретінде қызмет атқарады. Ұжымдық санадағы гендердің институционалдануы әрбір жеке тұлғаның әлеуметтенуі арқылы жүзеге асады. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі норма ретінде күтілетін дәстүрлі түрде ерлер мен әйелдерге таңылатын мінез-құлық стильдерін игеру жолынан өтеді. Осыған байланысты, А.В. Кириллинаның пікірінше, гендер еркекке және әйелге тән нақты белгілерді дамытады, сонымен қатар бұл белгілер қоғамның ерлер мен әйелдерге деген түрлі қатынасына негіз қалыптастырады [2; 6].

Гендер әлеуметтік және мәдени нормалардың жиынтығы ретінде көптеген зерттеушілердің назарына алынды. Гендерлік лингвистика гендерді екі аспектіде қарастырады: ерлер мен әйелдердің тілдік қолданысындағы, ауызша және жазбаша тіліндегі гендердің көрініс беруі және гендерлік белгілердің лексикада, синтаксисте, грамматикада көрініс табуы. Гендерлік оппозиция мен

стереотиптердің лексикалық репрезентациясы көп жағдайда лексикалық метафоралық аталымдарда анық көрінеді [3; 186].

Ұлттық мәдениеттегі ерекше белгілер мен образдардың бағасын беру мен сақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі — метафоралар. Адамзаттың шындықты тануы мен әлем туралы білімі өзінің тәжірибесін ұғынуына негіз болады. Бұл тұрғыда В.Н. Телия метафораланудың барлық түрі адамзат тәжірибесінің ассоциативті байланыстарына негізделгендіктен, метафора өз табиғатында антропометрикалы екендігін айтқан [4; 4]. С. Ульман метафораланудың үш әмбебеп түрін

көрсетеді: антропоморфизм, нақтыдан абстрактіге өту, синестезия (қосарласқан сезім) [5; 277–279]. Басқа зерттеушілер кеңістіктік, метеорологиялық, антропоморфты, зооморфты, ботаникалық, техникалық, социоморфты метафоралар деп бөледі [6]. Дж. Лакофф пен М. Джонсон метафораларды бағдарланған метафоралар (оппозициямен: жоғары-төмен, орталық-шет, алыс-жақын және т.б.), құрылымдық, онтологиялық және т.б. деп қарастыруды ұсынады [7].

Гендерлік лингвистикада қолданылатын гендерлік метафора термині феминдік және маскулиндік тұлғалық қасиет пен сапалардың берілу тәсілі ретінде қолданылады [8].

Гендерлік метафора — физикалық қасиеттерді ғана емес, жынысқа қатысты емес еркектік және əйелдік сөздерінің мәнін білдіретін рухани қасиеттер мен сапалардың жиынтығын көрсететін категория. Мысалы, кез келген әлемнің мифологиялық бейнесінде жоғары-төмен, жарық-қараңғы, оң- сол және т.б. бинарлы оппозициялардың қатары бар. Көптеген философиялық жүйелерде табиғат- мәдениет, белсенділік-әрекетсіздік, рационалдылық-иррационалдылық, логика-эмоция, рух-материя, билік-бағыну сияқты полярлы категориялар да бар. Әрбір оппозицияның сол жағы еркекке тән белгілермен атрибутталады, ал оң жағы әйелге тән белгілерді білдіреді. Және бұл белгілердің әр жұбы адамдардың белгілі бір жыныс өкіліне қатыстылығына байланысты болмайтын тәуелсіз оппозицияны құрайды. Алайда адамзат тіршілігінде бар жыныстық диморфизм еркектік/əйелдік түсініктері арқылы қаралады. Әр жыныс өкіліне қоғамдық және жеке санада еркек және әйел тұлғасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын өздеріне сәйкес сапалар белгіленеді. Бұл категориялар адамзат санасының жіктеуші қызметін көрсетеді. Адамдардың екі типінің, яғни еркек пен әйелдің болуы феминдік (әйелдік) және маскулиндік (еркектік) философиялық категорияларына негіз болды. Бұлар метафоралардың салыстыру базасын құрайды. Метафоралардың атау ретінде қолданылуы санада объектінің екі класын жасайды: салыстырылатын және салыстыратын кластар. Бұл жағдайда салыстыру базасы салыстырылып отырған объектілердің кейбір ортақ белгілері болып есептеледі. Метафоралану механизмі антропоморфизм қағидаты әрекетінің заңдылықтарына, яғни адамның мәдени және физикалық тәжірибесіне негізделеді:

1) метафорадағы салыстыру базасы шынайы еркек пен әйел тұлғасын білдіреді, табиғи белгі мәліметтерін көрсетеді: белсенділік/әрекетсіздік, интеллект-эмоция және т.б.

2) метафораның образдылығы оны жынысқа қатысты емес түрлі типтегі объектілерге қатысты қолдануға мүмкіндік береді.

Ғалым З.И. Резанованың анықтамасы бойынша, гендерлік метафора дегеніміз түрлі ұғымдық категориядағы құбылыстарды ұқсастыру негізінде «əйелге тəн» және «еркекке тəн» сапаларды маркерлеу құралы ретінде қарастыратын ерлер мен әйелдердің метафоралық атаулары [9; 48].

Біздің зерттеуіміздің мақсаты — гендерлік метафоралар жүйесінде көрініс табатын ерлер мен әйелдердің жүріс-тұрысындағы, мінез-құлқындағы, сыртқы келбетіндегі «еркекке тəн», «əйелге тəн» гендерлік белгілерді анықтау арқылы гендерлік метафоралардың маңызды мәдени тілдік категория және бағалауыш мағынаны көрсетуде әмбебап механизм екендігін дәлелдеу, оның құндылық фрагментін айқындау арқылы адамның метафоралық атаулары жүйесінде гендерлік маркерленген ассиметрияның бар-жоқтығын анықтау.

Зерттеу материалдары мен əдістері

Біз бұл зерттеуімізді Дж. Лакофф және М. Джонсонның концептуалды метафора теориясына [7] және З.И. Резанова мен О.В. Комиссарова ұсынған гендерлік оппозицияны модельдеудегі метафораны анықтау әдісіне [10] сүйене отырып жүргіздік.

Бірінші кезеңде 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» [11] адамға қатысты лексикалық метафоралық атаулардың корпусы жасалды. Келесі кезеңде сөздікте берілген атаулардың лексикалық мағыналарына талдау жасалып, жалпы адамды немесе ер адамды және әйел адамды сипаттайтын гендерлік белгілеріне қатысты топталды. Одан кейін гендерлік маркерленген әр метафоралық атаудың негізгі номинативті мағынасы мен метафоралық мағынасына терең талдау жасалды. Метафоралық атаулар ер адам мен әйел адамның қандай қасиеттерін, белгілерін көрсететіні анықталып, ондағы мағына қандай бағалауыштық мән беріп тұрғандығы айқындалды. Осының нәтижесінде гендерлік метафораның мәдени тілдік категория ретіндегі бағалауыштық қызметіне талдау жасалды.

Зерттеу нəтижелері жəне оларды талқылау

Зерттеу нәтижесінде алынған метафоралар бағалауыш-экспрессивті метафоралар тобына жатады. Мысалы, біреу туралы «ол — қыран» дегенде, айтушы ол кісінің батыр, ержүрек, алғыр жігіт екендігін, яғни оны жақсы жағынан сипаттағысы келгендігін түсінеміз. В.Н.Телияның тұжырымдамасына сүйене отырып сипаттайтын болсақ, бұл жерде үш модус көрініс табады: фиктивтілік (қыран сияқты), бағалауыштық (жақсы) және эмотивті (бұл жақсы қарым-қатынас тудырады). Осылайша, бағалауыштық экспрессивті метафора көп жағдайда тепе-теңдікке емес, ұқсастыққа негізделеді, мұндай метафораның бағалауыш компоненті белгілі бір мәдениетке тиесілі белгілі бір стереотиптің белгілерін жандандырады [12; 200].

Қазіргі когнитивті лингвистикада метафора мен бағалаудың тығыз байланысын зерттеуге аса мән берілуде. Метафора шындықты интерпретациялаудың когнитивті механизмі ретінде қарастырылса, бағалау өз кезегінде адамның когнитивті қызметінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Тілші ғалымдардың көптеген жұмыстары метафораның бағалауыш мағынаны көрсетудің әмбебап механизмі екендігін дәлелдейді (Н.Д. Арутюнова, Е.М. Вольф, Л.И. Ермоленкина, Т.В. Маркелова, Т.В. Писанова, В.Н. Телия және т.б.).

Адамның бағалауыштық қызметі барлық әлемді қамтиды: адам әлемді тани отырып, белгілі бір құбылыстар мен заттардың бар екендігін тілде көрсетіп қана қоймайды, оған өзінің көзқарасын білдіреді. Осылайша, әлемнің тілдік моделінің құрамына дискриптивтік және бағалауыштық компоненттер енеді.

Бағалау құндылық түсінігіне негізделеді. Құндылық дегеніміз нақты бір адам, әлеуметтік топ немесе халық үшін белгілі бір заттың, жағдайдың, оқиғаның, процестің оң немесе теріс жағынан маңыздылығы. Құндылық жүйесі норма (құндылық) және одан ауытқушылық (антиқұндылық) туралы түсінікті көрсетеді. Бағалау дегеніміз, өз кезегінде, объектінің нормаға қатынасы немесе нормадан оң немесе теріс жаққа қарай ауытқуы. Әдетте, норма тіл функциялары арқылы бағалаудан дербес, тәуелсіз. Алайда а.а. Ивиннің пікірі бойынша, норма — бағалаудың бір бөлшегі [13; 205].

Қазақ тіліндегі гендерлік метафораларды талдау арқылы қазақ мәдениетіндегі әлемнің құндылық бейнесінің метафоралық фрагменті анықталады. Әлемнің тілдік бейнесінің құндылық фрагменті — тіл жүйесінде көрініс тапқан адамның әлемді бағалауыштық қатынасының жүйесі. Л.Г. Ефанова әлемнің нормативті бейнесін әлемнің құндылық бейнесінің маңызды бөлігі деп санайды. Л.Г. Ефановаға сәйкес, әлемнің нормативті бейнесі — әлеуметтік субъект тарапынан оң баға алу және де теріс қарым-қатынас қалыптастырмас үшін адамның, социумның және де қоршаған әлемнің қандай болуы керек деген түсініктердің жүйесі. Олар тілдік құралдар арқылы жарыққа шығып отырады және түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің семантикасында көрініс береді [14; 103].

Әлемнің құндылық бейнесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде бағалау орталығы ретінде, көбінесе, нормадан ауытқуға байланысты жағдаяттар алынады. Нормативті бағалаудың негізгі түрлеріне, стандарт, үлгі, идеалды нормалардан басқа белгілі бір құбылыс, оның қасиеті, белгісі, пайда болу жағдайы туралы қалыптасқан стереотип жатады. Тілде стереотип туралы түсінік негізінен нормаға сәйкес келмейтін жағдаятты сипаттау арқылы көрініс табады (биік — аласа, стереотиптің мазмұны орта бойлы).

Егер де норманы әр түрлі бағалаудың негізі десек, әлемнің нормативті бейнесі әлемнің құндылық бейнесінің негізі деуге болады. Нормалар жүйесі бағалау арқылы қалыптасады.

Адамның метафоралық атауларын талдай отырып, әлемнің құндылық бейнесінен түрлі стандарттарды айқындай отырып, нормативті бейнесіне қарай өтеміз.

Бағалау әмбебап тілдік категория бола отырып, сөйлеушінің объектіге қарым-қатынасын білдіреді, аталған объектінің құндылығын анықтайды. Тілде екі түрлі бағалауыштық мағына бар: жалпыбағалауыштық және жекебағалауыштық. Мағынаның бірінші түрі жақсы және жаман сын есімдері, сонымен қатар олардың түрлі стилистикалық, экспрессивті реңдерін білдіретін синонимдер арқылы беріледі. Жекебағалауыштық мағыналар тобы әртарапты, олар объектінің белгілі бір аспектісіне баға береді, түрлі семантикалық топтағы сын есімдер арқылы көрінеді.

Біздің зерттеуімізде Н.Д. Арутюнованың жекебағалауыштық мағыналарды классификациялау жүйесін негізге аламыз. Ғалым жеке бағалауды келесі категорияларға бөледі:

  1. Сенсорлы-дәмдік немесе гедонистикалық (ұнамды — ұнамсыз);
  2. Психологиялық: а) интеллектуалдық (тайыз, шала сауатты); б) эмоционалды (қуанышты, көңілді);
  3. Эстетикалық (тамаша, әдемі);
  4. Этикалық (мейірімді-мейірімсіз, өнегелі-өнегесіз);
  5. Утилитарлық (пайдалы — зиян);
  6. Нормативті (оң-теріс, дұрыс-дұрыс емес);
  7. Теологиялық (тиімді-тиімсіз) [15; 198–200].

Біздер оң және теріс бағалауды көрсететін метафоралық атауларды талдай отырып, құндылықтар жиынтығын анықтай аламыз, яғни қандай қасиеттер оң бағаға, қандай қасиеттер теріс бағаға ие екендігін айқындаймыз. Қазақ тіліндегі әлемнің тілдік бейнесіндегі ерлер мен әйелдерді бағалау жүйесінің метафоралық үлгіленуін гендерлік метафоралар арқылы сипаттай отырып, гендерлік метафоралардың негізінде жатқан нормалар мен стереотиптер жүйесін ажыратамыз.

Метафора жеке және жалпы бағалаудың құралы бола алады. Ескеретін жайт, бағалау мотиві маңызды болмайтын жалпы бағалауды білдіретін метафоралар тобы аз мөлшерде кездеседі. Жекебағалауыштық мағынадағы метафоралар санымен де, бағалау негіздемесінің әр түрлілігімен де (норма, стереотип, идеал және т.б.) ерекшеленеді. Гендерлік метафоралардың жеке бағалауыштық түрлерін кеңірек қарастырып көрейік.

1. Этикалық бағалауыштар тобы ерлер мен әйелдердің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын, қасиетін түрлі қырынан бейнелейді. Ер адамның жүріс-тұрысы, мінез-құлқы оның мықтылығымен, ержүректілігімен, батылдығымен (арыстан «ержүрек, қайтпас, қайсар адам», сұңқар «ержүрек, батыр, қайратты ер адам», самұрық «күшті, мықты ер адам»), беделімен (жампоз «жігіттің төресі, ардақтысы», серке «соңынан жұрт ерткен ел ағасы, беделді азамат»), адамгершілікке жатпайтын әрекетімен (төбет «жексұрын, оңбаған, ұнатпайтын ер адамдарға айтылатын сөз», әңгі «əумесер, есалаң адам»), көнбістігімен (өгіз «шабан қимылдайтын, дөңкиген, көнбіс ер адам»), аңқаулығымен (қожанасыр «аңқау, аңғал, істеген ісі таңқаларлық қызық ер адам») сипатталады.

Әйел адамдар балажандылығымен (аруана «балажан ана»), инабаттылығымен (Бибатпа «асыл, ерекше, инабатты əйел»), жаман әрекетімен (қаншық «оңбаған əйел адамға айтылатын тілдеу сөз»), айлалылығымен (мыстан «айлалы, арамза əйел»), кісіге кесірін тигізуімен (сайтан «адамды азғырушы, кесірін тигізуші кісі, əйел»), мейірімсіздігімен (қаражелін «тасбауыр əйел, мейірімсіз, қатыгез əйел адам туралы») сипатталады.

2. Эстетикалық бағалау сұлулық, әдемілік идеалдарымен тығыз байланысты. Бұл топтың негізін сұлулық туралы түсінікті білдіретін эстетикалық бағалаулар құрайды. Мұндай сипаттағы бағалаулар көбінесе әйел адамдарға байланысты айтылатыны байқалады. Мысалы, құралай «сүйкімді, көрікті, тым əдемі сұлу қыз», ақторта «денесі ақ, сұлу əйел», перизат «асқан сұлу, ару», пері «əдемі, ерекше сұлу қыз», тоты «əдемі, сұлу».

Жоғарыда атап өткеніміздей, бағалау процедурасы әлемнің нормативті бейнесімен тығыз байланысты, оның негізгі ерекшелігі көп жағдайда нормадан ауытқуды белгілейтін жағдаяттар болады.

Қазақ тілінде еркек және әйел образын модельдеуде психологиялық (арлан «азулы, адуын адам»), этикалық (төбет «көбінесе жексұрын, оңбаған, парқын айырмайтын пасық деген мағынада ер адамдарға айтылатын сөз», сайтан «ұшқалақ жеңілтек кісі, қыз, əйел») және эстетикалық (арғымақ «келісті, сұлу адам», елік «көз қуантар, көз тартар, сұлу сымбатты əйел») бағалаулар басым орынға шығады.

Яғни бағалау объектісі ретінде көбірек алынатын қыры ретінде әйел адам мен ер адамның мінезі мен тәртібін (этикалық бағалар), сыртқы келбетін (эстетикалық бағалар) және психологиялық- интеллектуалдық ерекшеліктерін атауға болады.

Е.М. Вольфтың тұжырымдауынша, бағалау объектісі ретінде қандай да бір оқиға немесе зат алынады. Сөздің мазмұнындағы бағалау түрлі субъектілердің, тікелей айтушы не жазушы субъектінің көзқарасын, белгілі бір социумды білдіретін жалпы субъектінің көзқарасын, хабарлаушы кейіпкердің көзқарасын білдіруі мүмкін [16; 51]. Қандай да бір бағалауыштық сөзді таңдау айтушының

дүниетанымына, әлеуметтік статусына, жеке мүдделеріне және бағаланып отырған жағдайдың немесе затпен қатынасына байланысты болады.

Бағалау феномені туралы айтқанда тіл үшін фундаментальды болып саналатын бағалауыш мағыналардың қарама-қарсылығын, яғни дескриптивтілігін есепке алу қажет. Дескриптивтік мағына пікірдің қоршаған әлемге қатынасын білдірсе, бағалауыштық мағына нақты дүние мен идеалдандырылған модель арасындағы қатынасты білдіреді, яғни осы әлемдер арасындағы сәйкестіктің бар-жоғын көрсетеді. Субстанцияның объективті қасиетін ашатын дескриптивті анықтамалардан бағалауыштық анықтамалардың айырмашылығы, бағалауыш анықтамалар — субъективті. Н.Д. Арутюнованың пікірінше, бағалауыштық мағынаға берілген анықтамалардың ішіндегі толық әрі нормативті түрі келесі анықтама деп есептейді: «хорошее, значит соответствующее идеализированной модели макро- или микромира, осознаваемой как цель бытия человека, а следовательно, и его деятельности; плохое — значит не соответствующее этой модели по одному из присущих ей параметров» [15; 181].

Қорытынды

Осылайша, қазақ тіліндегі әлемнің тілдік бейнесіндегі құндылық фрагменттің метафоралық жолмен берілуін талдау арқылы бұл фрагменттің негізгі ядросында этикалық және эстетикалық бағалаулар жатқанын айқындадық. Әлемнің құндылық бейнесін сипаттау арқылы бағалауда қандай нормалар дұрыс деп есептелетіндігін байқауға болады. Мысалдардан көріп отырғанымыздай, қазақ тіліндегі еркек пен әйелді сипаттайтын метафоралық атаулар негізінен норманың оң жағын сипаттайды немесе тікелей норманы көрсетеді, кейбір жағдайда ғана нормадан ауытқушылықты көрсетеді.

Әлемнің нормативті бейнесі материалдарына гендерлік ассиметрия аспектісінде талдау жасау арқылы ерлер мен әйелдерді сипаттауда айырмашылықтар бар екендігі байқалды: ер адамдарды бағалауда этикалық бағалауыш көрсеткіш басым болса, әйел адамдарды сипаттауда эстетикалық бағалауыштық көрсеткіш басым.

Қазақ тіліндегі әлемнің тілдік бейнесіндегі құндылық фрагментті көрсететін метафоралар арқылы анықталған ер адам мен әйел адамға тән бұл құндылықтар гендерлік метафора мен гендерлік стереотиптердің өзара тығыз байланыстылығын көрсетеді. Оған қазақ тіліндегі гендерлік ерекшеліктерді зерттеген еңбегіміздегі «Еркек ментальды образынан келіп шығатын «батыр, жігіт, күйеу, әке, ата, аға» бейнелерін тұжырымдау арқылы халық танымында еркектің гендерлік үлгісі «батырлық, жігіттік, ағалық қасиеттеріне сәйкес тұжырымдалады», ал әйел образы «сұлулық, әдептілік, сыйластық, мейірімділік қасиеттері арқылы көрініс береді» деген тұжырымымыз дәлел [17; 112–117].

Концептуалды метафоралар білімді категориялау мен субкатегориялауға ғана қатысып қоймайды, сонымен қатар жеке адам мен жалпы қоғамның білімін жинақтауды қамтамасыз етеді. Яғни мұндай категориялаудың мәні таным процесінде күрделі, бақылауға алынбайтын қиялдағы кеңістіктік метафоралар арқылы қарапайым және нақты бақылаулар арқылы көрсетіледі.

Әлемнің құндылық бейнесін анықтауда гендерлік метафора маңызды рөл атқарады, себебі гендерлік метафора жоғарыда келтірілген мысалдар көрсеткендей, екінші атау жасау құралы бола отырып, адам ойлауының ассоциативті сипатын білдіреді, еркек және әйел образын беруде маңызды рөл атқарады. Гендерлік метафора әлемнің құндылық бейнесін анықтауда релевантты бірлік болып саналады, себебі олар тілде қалыптасқан гендерлік стереотиптерді, халық даналығын және көптеген ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені білдіреді.

Гендерлік рөлдер мен сипаттамаларға байланысты әлеуметтік-мәдени контексте қалыптасқан ұстанымдар, нормативтер, түсініктер социумның санасы мен тілінде сәйкес стереотиптер түрінде көрініс табады. Гендерлік метафора ұрпақтан ұрпаққа берілетін ұлттық-мәдени эталондар мен мәдени маңызды концептілерді береді.

Қорыта айтқанда, гендерлік метафора әлемнің тілдік бейнесіндегі құнды көрсеткіштерді анықтауда маңызды тілдік құрал болып есептеледі.

Әдебиеттер тізімі

  1. Зыкова И.В. Способы конструирования гендера в английской фразеологии / И.В. Зыкова. — М.: Едиториал УРСС, 2003. — 232 с.
  2. Кирилина А.В. Гендер. Лингвистические аспекты: моногр. / А.В. Кириллина. — М.: Ин-т социол. РАН, 1999. — 189 с.
  3. Абакумова О.Б. Метафоры в пословицах с гендерным компонентом и образ женщины в русских и английских паремиях / О.Б. Абакумова, Г.В. Кирюхина // Вестн. Нижегород. ун-та им. Н.И. Лобачевского. Филология. — 2021. — № 4. — С. 186–190.
  4. Гак В.Г. Метафора в языке и тексте / под ред. В.Н. Телия / В.Г. Гак, В.Н. Телия, Е.М. Вольф и другие. — М.: Наука, 1988. — 174 с.
  5. Ульман С. Семантические универсалии / пер. с англ. Л.Н. Йорданской / С. Ульман // Новое в лингвистике. — 1970. — Вып. 5. — С. 250–299.
  6. Гак В.Г. Метафора: универсальное и специфическое // Метафора в языке и текст / В.Г. Гак. — М.: Наука, 1988. — 174 с.
  7. Lakoff G. Metaphors We Live By / G. Lakoff, M. Johnson // Chicago: University of Chicago Press. — 256 p. –– 1980.
  8. Словарь гендерных терминов / под ред. А.А. Денисовой. — М.: Информация XXI век, 2002. — 256 с.
  9. Резанова З.И. Гендерная метафора: типология, лексикографическая интерпретация, контекстная репрезентация / З.И. Резанова // Вестн. Том. гос. ун-та. Филология. — 2011. — № 2 (14). — С. 47–57.
  10. Резанова З.И. Метафора в моделирвании гендерных оппозиций: методика анализа, типология / З.И. Резанова, О.В. Комиссарова // Язык и культура. — 2012. — № 2 (18). — С. 80–90.
  11. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық [Электрондық ресурс] / жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. — Алматы: Тіл білімі институты. — 2011. — Қол жеткізу режимі: https://sozdikqor.kz/sozdik/? id=35
  12. Серебренников Б.А. Роль человеческого фактора в языке: Язык и картина мира / Б.А. Серебренников, Е.С. Кубрякова, В.И. Постовалова, В.Н. Телия, А.А. Уфимцева. — М.: Наука, 1988. — 216 с.
  13. Ивин А.А. Оценки в процессах коммуникации [Электронный ресурс] / А.А. Ивин. — Режим доступа: http://iphras.ru/uplfile/root/biblio/ps/ps17/14.pdf
  14. Ефанова Л.Г. Субъект нормативной оценки, выражаемой семантикой языковых единиц, как носитель национальной языковой картины мира / Л.Г.Ефанова // Сиб. филол. журн. — 2013. — № 1. — С. 101–106.
  15. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека / Н.Д. Арутюнова. — М.: Языки русской культуры, 1999. — 896 с.
  16. Вольф Е.М. Функциональная семантика оценки / Е.М. Вольф. — М.: Наука, 1985. — 228 с.
  17. Шоқым Г.Т. Гендерлік лингвистика негіздері / Г.Т. Шоқым. — Алматы, Экономика, 2012. — 190 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.