Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім беру ортасындағы адам құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетіктері

Мақалада білім беру ортасындағы адам құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетіктері ашылған және осы институттың негізгі ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің жалпы және арнайы әдістерін қолдана отырып, теориялық және эмпирикалық материалдарды талдау және жалпылау жүзеге асырылған. Зерттеу нәтижесі білім беру ортасында жеке тұлға құқықтарының даму үрдістерін анықтау және білім беру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру перспективалары болып табылады. Білім беру саласындағы адам құқығы оқыту мен тәрбие берудің кез келген нысанымен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адам құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетіктерін қалыптастырады. Зерттеудің мақсаты –– білім беру ортасындағы адам құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетіктерін зерттеу және адам құқықтарының білім беру ортасындағы қорғалуы мен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктерін саралау. Мақалада адамның және азаматтың білім алу құқығын жүзеге асыру контексіндегі құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері институтының талдауы мен қазіргі жағдайы көрсетілген. Азаматтардың білім алу құқығының маңыздылығы мен практикалық жүзеге асырылу мәселелері зерделенген және мемлекеттіліктің қалыптасуы мен демократиялық қоғамның дамуы жағдайында азаматтардың білім алуға конституциялық құқығын толыққанды және сапалы қамтамасыз ету мәселелерінің шешу жолдары ұсынылған.

Кіріспе

Қазіргі қоғамды жалпы білім беру жүйесінсіз елестету мүмкін емес, ол көбінесе адамның әлеуметтенуінің негізі, ал кейде іс жүзінде оның өмір сүруінің кепілі болып табылады.

Жалпы білім беру ортасы терең мағынаға ие және жеке тұлғаны дамытуға, оның қоғамдағы өміріне қажетті білімнің, дағдылардың негізін қалыптастырып, мамандықты саналы түрде таңдауға және кәсіби білім алуға бағытталған білім берудің түрлі кезеңдерінен құралады. Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтардың білім алу құқығын асыру асыру қоғам мен мемлекет дамуының маңызды және қажетті шарты болып табылады. Жеке адамның қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес білім алу құқығы — бұл адам мен азаматтың іргелі конституциялық құқықтарының бірі. Білім алудың жалпы маңыздылығы, оның ішінде қоғамның мәдениеті мен адамгершілік бағыттарын зерттеу білім алу процесін жеке адамның ғана емес, сонымен қатар білім беру жүйесіне белсенді әсер ететін, белгілі бір білім беру институттары мен педагогикалық процестің белгілі бір модельдерін қолдайтын қоғам мен мемлекеттің де қызығушылығын тудырады. Білім алу құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында «азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік берілетіні және орта білім алу міндетті екендігі, сонымен қатар, азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар» екендігі бекітілген [1]. Осылайша, білім алу құқығы қоғамның және тұтастай мемлекеттің жұмыс істеу жүйесінде нормативтік негізі бар азаматтың негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.

27.07.2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 1–бабына сәйкес білім беру деп имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі деп түсініледі [2]. Бұл ретте, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 3–бабының 1-тармағында бекітілген және келесідей қағидалардан тұрады:

  1. баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
  2. білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
  3. әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
  4. білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
  5. адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
  6. жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
  7. білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
  8. оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
  9. білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
  10. білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

Білім алу ортасындағы адам құқығы адам құқықтары теориясының дербес санаты ретінде ерекше орын алады және адам құқықтарының халықаралық стандарттарына кіреді. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі бола отырып, азаматтардың білім алу құқықтарын жүзеге асыру саласында азаматтық қоғам мен демократияны дамыту мақсатында халықаралық құқық нормаларына адалдығын айқын көрсете отырып, халықаралық міндеттемелерді де қабылдайды. Білім алу ортасындағы адам құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі экономикалық және ғылыми-техникалық прогреске қол жеткізудің шарты мен кепілі болып табылады. Білім алу ортасындағы адам құқықтары қоғамдық қатынастардың саяси-құқықтық сипаттамасына айналып, шын мәнінде ортақ игілікке айналуы қажет. Азаматтың білім алу құқығы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының бүкіл жүйесінің шешуші теориялық және эмпирикалық элементі болып табылатындығын және білім алу үшін тиімді тетіктер мен тиісті жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етілетінін түсіну керек. Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік құқықтық жүйелер мен қоғамдық институттар қызметінің тиімділігінің индикаторы болып табылады.

Әдістер мен материалдар

Зерттеуде әмбебап ғылыми әдістер — диалектика және аксиология, жалпы ғылыми әдістер — талдау, синтез, салыстыру, болжау әдісі, сондай-ақ құқықтық зерттеулердің жеке әдістері де қолданылды. Талдау мен жалпылаудың көмегімен жеке ғалымдардың құқықтық көзқарастары мен теориялық тұжырымдары қарастырылады, қазіргі жағдайда білім беру саласындағы жеке тұлғаның құқықтарын жүзеге асыру мәселелерін ашатын жеке пікірлер мен ережелер зерделенді. Зерттеудің негізі құқықтық нормалар мен қоғамдық қатынастардың динамикалық дамуын және өзгергіштігін көрсететін диалектикалық тәсіл болып табылады.

Нәтижелер

Бүгінгі таңда көптеген қоғамдық үрдістер мен құбылыстар адам құқықтарымен байланысты, оларды саясаттанушылар, заңгерлер, әлеуметтанушылар және басқа мамандар зерттейді. Адам құқықтарын жүзеге асыру және қорғау тетіктерінің табиғаты бір ғасырдан астам уақыт бойы әртүрлі ғылыми бағыттағы ойшылдардың зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Адам құқықтары туралы ұғымдар, адамдар арасындағы теңдік, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, бұл қазіргі қоғамдағы адамның әлеуметтік-құқықтық мәртебесін қорғау идеяларының айқын көрінісі болып табылады. Сондықтан да кез келген қоғамда адам құқықтарының жүзеге асырудың құқықтық тетіктері теориялық тұжырымдалудың тақырыбына айналып отыр. Зерттеу барысында адам құқықтарының жүзеге асырылу мәселелерін қарастырған авторлардың әртүрлі көзқарастарын зерделей келе, адам құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетіктеріне келесідей тұжырым жасалды. Адам және азамат құқықтарын жүзеге асыру тетіктері деп қолданыстағы заңнама негізінде функционалдық және хронологиялық тұрғыдан ұйымдастырылған белгілі бір құқықты жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жүйесін түсінеміз.

Құқықтың кез келген саласы сияқты, білім беру ортасындағы адам құқықтары – бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады. Бұл құқықтық нормалар ішкі бірлікпен сипатталады, тек оларға тән белгілермен анықталады және құқықтың басқа салаларының нормаларынан оқшаулануымен ерекшеленеді. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат азаматтардың білім алу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталғаны сөзсіз, бірақ бұл салада осы құқықтың толық жүзеге асырылу мүмкіндігіне теріс әсер ететін және тежейтін кейбір мәселелердің бар екендігін жоққа шығара алмаймыз. Мемлекеттіліктің қалыптасуы кезеңінде құқықтық институттардың дамуы жағдайында сөзсіз туындайтын жүйелі мәселелерге байланысты азаматтардың конституциялық құқықтары азаматтардың және мемлекеттің тепе-тең мүдделерін ескере отырып, толық көлемде жүзеге асырыла алмағанын және әлі күнге дейін бұл сұрақтардың толық шешімінің табылмауы байқалады. Еліміздегі білім беру ортасындағы адам құқықтарының толыққанды жүзеге асырылуы келесідей тежеуші факторлармен шектелген:

  1. білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
  2. педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі және педагог кадрларды даярлау сапасы, ал соның салдарынан — біліктілігі жоғары педагог кадрлардың тапшылығы;
  3. білім берудегі менеджменттің нашар дамуы және білім беруді ақпараттандырудың төмендігі;
  4. білім беру ортасындағы стандарттардың халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;
  5. білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының төменгі деңгейде қамтамасыз етілуі;
  6. инклюзивті білім берудің жеткіліксіз дамуы және т.б.

Сондай-ақ, азаматтардың мүдделерін ескере отырып, құқық нормаларының тиімділігі мен ұтымдылығын қамтамасыз ету, білім беру саласында қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді халықаралық стандарттарға енгізу мәселесін шешу де маңызды болмақ. Азаматтың білім алу құқығын жүзеге асыруда осы мәселелерді кешенді және сапалы шешу, білім беру саласындағы құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың уақтылы тетіктерін іздеу және енгізу азаматтық қоғамды дамытуға ғана емес, халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін артыра түсуіне мүмкіндік береді.

Білім беру ортасындағы көптеген байланыстар моральдық нормалардың қарқынды әсеріне ұшырайды және моральдық нормалармен реттеледі.

В.М. Сырых «Білім беру құқығы теориясына кіріспе» жұмысында білім беру құқығы пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың екі тобын атап көрсетеді, атап айтқанда:

1) білім беру қатынастары;

2) білім беру қатынастарының нақты әрекеті үшін жағдай жасауға, білім алушылардың, педагог қызметкерлердің және олардың білім беру мекемелерінің өз міндеттерін тиісінше орындауын қамтамасыз етуге арналған қатынастар [3].

Мұндай қатынастар қызметтік, қамтамасыз ету сипатында болады және өз кезегінде үш түрге бөлінеді: 1) алдыңғы білім беру; 2) олармен бір мезгілде бірге жүзеге асырылатын қатынастар; 3) білім беру қатынастарынан туындайтын қатынастар.

Осы жіктеуді басшылыққа ала отырып, білім беру саласындағы қоғамдық қатынастардың әр түріне сипаттама беру керек. Бірінші топқа білім алушыны оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық процесс шеңберінде білім беру ұйымы, педагог қызметкерлер, білім алушылар, кәмелетке толмаған білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) арасында туындайтын білім беру қатынастарының өзі кіреді. Екінші топ білім беру қатынастарының нақты әрекеті үшін жағдай жасауға арналған қатынастардан тұрады. Оларға мыналар жатады:

  1. білім беру қатынастарына дейінгі қатынастар:
  • білім беру ұйымдарын құру жөніндегі қатынастар;
  • білім беру қызметін лицензиялаумен байланысты қатынастар.
  1. білім беру қатынастарымен байланысты қатынастар:
  • білім беру ұйымы құрылтайшысының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері;
  • білім беру ұйымының заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесі;
  • білім алушыларды әлеуметтік қорғау;
  • білім алушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі;
  • білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың педагог қызметкерлерінің, басшы және өзге де қызметкерлерінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері;
  • қосымша білім беру саласындағы қатынастар;
  • білім алушылардың жекелеген санаттарының білім алу ерекшеліктері;
  • білім беру жүйесін басқару саласындағы қатынастар;
  • білім беру саласындағы экономикалық қызмет және қаржылық қамтамасыз ету;
  • білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
  1. білім беру қатынастарынан туындайтын қатынастар:

– жұмысшылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша кәсіптік оқыту саласындағы қатынастар.

Осылайша, білім беру құқығының пәні күрделі құрылымдалған, көп функциялы және білім беру құқығын жүзеге асыруға байланысты туындайтын білім беру саласындағы білім беру қатынастары мен қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Қазақстанда азаматтардың білім алу құқығын жүзеге асыру мәселесі мемлекеттік реттеу және оны тиімді ресурстық қамтамасыз ету тұрғысынан кешенді шешуді талап етеді деп санаймын. Экономика мен қоғамның қажеттілігін, озық практикалық халықаралық және қалыптасқан қазақстандық тәжірибені теңгерімді есепке алуды ескере отырып, мемлекеттік-құқықтық реттеу және заңнаманы жетілдіру азаматтардың білім алуға конституциялық құқығын сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және елдің құқықтық жүйесінде жинақталған мәселелерді кешенді шешуге мүмкіндік береді.

Білім алу құқығы адам құқықтары жүйесінде ерекше орын алады және адам құқықтарының халықаралық стандарттарына кіреді. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі бола отырып, азаматтардың білім алу құқықтарын жүзеге асыру саласында азаматтық қоғам мен демократияны дамыту мақсатында халықаралық құқық нормаларына адалдығын айқын көрсете отырып, халықаралық міндеттемелерді де қабылдайды. Мәселен, 2016 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан «Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы» конвенцияны ратификациялады. Аталған Конвенцияның мақсаты адам құқықтарының жаппай сақталуын және баршаға бірдей білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру саласындағы кез келген кемсітушілікті жою және осы саладағы мүмкіндіктердің жалпыға бірдей теңдігі мен барлығына тең қарым-қатынасты көтермелеу болып табылады. Бұдан басқа, Қазақстан білім беру және адам құқықтарын қорғау саласындағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясы және Болон декларациясы сияқты халықаралық құжаттардың қатысушысы болып табылады [4: 250].

Талқылау

Білім – бұл қоғам мен мемлекет өмірінің ерекше саласы, онда ұрпақтардың білімін, дағдылары мен мәдени тәжірибесін ғана емес, сонымен бірге ойлау, дүниетанымдық көзқарастарын, рухани құндылықтарды, ұлттың тарихи және адамгершілік, өзіндік сана-сезімін беру және көбейтуді жетілдіреді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі білім жеке тұлғаны әлеуметтендірудің, оның мәдениетін қалыптастырудың, дәстүрлер мен тарихи тәжірибені игерудің негізгі көзі болып табылады. Адам өзінің мәдени мұрасын сіңіру арқылы қоғамның бір бөлігіне айналады. Сонымен қатар, білім беру ортасы жеке қасиеттерді дамытып қана қоймай, әлеуметтену, өзін-өзі растау және кәсіби даму платформасын жасайды. Білім адамның қоғам өміріне саналы және нәтижелі қатысуы үшін жеткілікті моральдық және мәдени нұсқаулықтардың, білімнің, дағдылардың жиынтығы деп айтуға болады. С.И. Ожеговтың сөздігінде білім беру «адамзаттың білімге, дағдыларға, шығармашылық қызметке және әлемге эмоционалды-құндылық қатынастарында көрініс тапқан әлеуметтік маңызды тәжірибесін игерумен байланысты тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі; материалдық және рухани мәдениетті сақтау мен дамытудың қажетті шарты» ретінде анықталған [5: 626].

Н.Г. Агапова білім беруді және оның парадигмаларын мына аспектілерде зерттейді: жалпы феномен — мәдениеттің жалпы біртұтас жүйелік функциялары контекстінде (тұтастай алғанда әлеуметтік-мәдени жүйенің құрамындағы ішкі жүйе), адам іс-әрекеті әлемінде жеке сала ретінде, адамның мәдени болмыс ретінде қалыптасуының процесі және нәтижесі, оның мәдениетпен өзара әрекеттесуінің барлық негізгі аспектілерін қамтиды. Нәтижесінде, «білім беру процесінің өзінде мәдениетті игеруге, оны практикалық қолдануға және, сайып келгенде, оның шығармашылығына байланысты әртүрлі жеке қасиеттер мен қабілеттердің көрінісі мен қалыптасуын толық қамтамасыз ете алатын жағдайлар жасалуы керек», – деп тұжырымдайды [6: 42].

Білім беру процесінде тұлғаны сапалы қайта құру білім алушының өзінің белсенді білім беру позициясымен ғана мүмкін болатындығын түсіну қажет. Білім берудің құндылығын түсіну адам құқықтары жүйесіндегі білім алу құқығының орнын анықтайды.

Қазіргі кезде мемлекетіміздің білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі жастардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі, мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Осыған сәйкес мемлекетімізде жастардың құқықтық білім алуы да мемлекет пен қоғам үшін маңызды және ол көбінесе құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, сондай-ақ өз құқықтарын білетін және оларды қорғауға қабілетті ұрпақтың құрылуына ықпал етеді.

Мемлекетіміздегі құқықтық білім берудегі перспективалық даму азаматтардың өз құқықтары мен міндеттеріне деген қызығушылығына байланысты туындайды. Қазіргі уақытта бұл қызығушылық өте жоғары деңгейге ие.

Қазіргі қоғамды жалпы білім беру жүйесінсіз елестету мүмкін емес, ол көбінесе адамның әлеуметтенуінің негізі болып табылады, кейде іс жүзінде оның өмір сүруінің кепілі болады. «Жалпы білім беру» терминінің өзі терең мағынаға ие. Жалпы білім беру дегеніміз – жеке тұлғаны дамытуға және адамның қоғамдағы өміріне қажетті білімнің, дағдылардың және құзыреттіліктің негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын игеру мен меңгеруге, мамандықты саналы түрде таңдауға және кәсіби білім алуға бағытталған білім беру түрі [7: 11]. Білім беру саласы қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды салаларының бірі болып табылады, осыған байланысты білім беру саласындағы субъектілердің қатынастары нормативтік құқықтық актілермен егжей-тегжейлі реттеледі. Жалпыға бірдей танылған бостандықтар мен адам құқықтары жүйесінде білім алу құқығы ерекше маңызды болып табылады. Бұл – барлық азаматтардың негізгі құқығы. Ешбір адам (бала, жасөспірім, ересек адам) ақыл-ой немесе дене кемістігі себебінен, сондай-ақ жынысы немесе этникалық азшылыққа тиесілігі бойынша оны ешкім шектеп, одан айыра алмайды.

Қорытынды

Жоғарыда айтылған және қарастырылған мәселелерді тұжырымдай келе келесідей қорытындылар жасауға болады. Азаматтардың білім алу құқығы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының бүкіл жүйесінің шешуші теориялық және эмпирикалық элементі болып табылатындығын және білім алу үшін тиімді тетіктер мен тиісті жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етілетінін түсіну керек. Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік құқықтық жүйелер мен қоғамдық институттар қызметінің тиімділігінің индикаторы болып табылады. Азаматтардың білім алуға конституциялық құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі экономикалық және ғылыми-техникалық прогреске қол жеткізудің шарты мен кепілі болып табылады. Білім алу құқығы қоғамдық қатынастардың саяси-құқықтық сипаттамасына айналып, шын мәнінде ортақ игілікке айналуы қажет.

Қазақстанда азаматтардың білім алу құқығын жүзеге асыру мәселесі мемлекеттік реттеу және оны тиімді ресурстық қамтамасыз ету тұрғысынан кешенді шешуді талап етеді деп санаймын.

Экономика мен қоғамның қажеттілігін, озық практикалық халықаралық және қалыптасқан қазақстандық тәжірибені, теңгерімді есепке алуды ескере отырып, мемлекеттік–құқықтық реттеу және заңнаманы жетілдіру азаматтардың білім алуға конституциялық құқығын сапалы іске асыруды қамтамасыз етуге және елдің құқықтық жүйесінде жинақталған мәселелерді кешенді шешуге мүмкіндік береді.

Білім алу құқығы қандай да бір нақты елге жататынына қарамастан, адамның және азаматтың бөлінбейтін құқықтарына жатады және мемлекеттің негізгі заңдарында көрініс табады. Әр түрлі елдердің конституцияларында білім алу мәселесіне мұқият назар аударылғанына қарамастан, Конституцияда тек ең негізгі нормалар ғана бекітіліп, білім беру ортасындағы өзгеде мәселелер осы саланың жүзеге асырылу нысанын қарастыратын заңдар мен заңға бағынышты актілерге негізделеді.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Конституция Республики Казахстан 1995 г. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.akorda.kz/ru /official_documents/constitution
  2. Закон Республики Казахстан «Об образовании» от 27 июля 2007 года № 319 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.akorda.kz/ru /official_documents/constitution
  3. Сырых В.М. Введение в теорию образовательного права / В.М. Сырых. — М.: Центр образовательного законодательства Министерства образования России, 2002. — С. 215, 216.
  4. Васильева Н.В. Образование сегодня и завтра: пути преодоления кризиса / Н.В. Васильева. — М.: Экономика, 2011. — 250 c.
  5. Ожегов С.И. Лексикология. Лексикография. Культура речи: учеб. пос. для вузов / С.И. Ожегов. Вступит. ст. и коммент. Л.И. Скворцова. — М.: Высш. шк., 1974. — 626 c.
  6. Агапова Н.Г. Парадигмальные ориентации и модели современного образования в контексте философии культуры: автореф. дис д-ра филос. наук / Наталья Геннадьевна Агапова. — СПб., 2009. — 42 с.
  7. Смирнова М.В. Становление конституционного права на образование в негосударственных общеобразовательных учреждениях России / М.В. Смирнова // Юрист вуза. — 2007. — № 5. — С. 10–13.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.