Түйін
Мақалада медициналық жоғарғы оқу орындарында студенттердің коммуникативті және кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ТBL (tеам based learning) интерактивтіоқу әдісінің нәтижелілігін бағалау және қолдану тәжірибесі қарастырылады. Клиникалық жағдайлармен қолданылған интерактивтіоқу әдісі студенттердің жаңа білім мен дағдыны меңгеру үшін оқу қызметінің мотивациясын жоғарлатуға жағдай жасап, ықпал етеді.
Кілт сөздер:интерактивтіоқу әдісі, CBL (case- based learning), TBL (tеам based learning), PBL (problem-based learning), компетенция.
Өзектілігі. Бүгінгі таңда практикалық денсаулық сақтау жүйесі медициналық жоғарғы оқу орындарынан сауатты түлектерді даярлауды талап етеді. Елімізде медициналық білім мен практикалық денсаулық сақтауда халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған өзгерістер болуда және бола бермек. Практикалық денсаулық сақтаудағы тың өзгерістер отандық жоғары медициналық білім беру бағдарламалары мен әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Медициналық жоғарғы оқу орынын аяқталғаннан кейін студенттердің көпшілігі жалпы тәжірибелік дәрігер (ЖПД) болып жұмыс істейді. Жалпы тәжірибелік дәрігерге жүктелген мақсат оның кәсіби сауаттылығын, ізеттілігін, пациенттермен өзара түсіністігін, стандартты емес ойлау қабілеттілігін, коммуникация шеберлілігін, тұрақты өзін өзі жетілдіруге мотивация, медицинаның әр түрлі салаларында жоғарғы эруденттілігін белгілі деңгейге көтеруді көздейді.
Жоғарғы оқу орындарының оқыту үрдісінде болашақ мамандардың кәсіби қарым қатынасын және коммуникативті құзіреттілігін қалыптастыру, дисциплина арасындағы интеграция негізінде оқыту үрдісін ұйымдастыруын қабылдау және инновациялы педагогикалық технологияның заманауи талабына бейімделуін және жетілдірудің қолданысқа енгізудің қажеттілігін нұсқайтын, болашақ маман иесінің кәсіби бағытын қамтамасыз ететін екі тәсілдің бірі болып табылады. [1-3].
Дәстүрлі медициналық оқыту оқытушыдан студенттке білімді жеткізу үрдісінен тұрады. Аталған оқыту әдісі бүгінгі таңда медициналық білім саласында құзіретті мамандарды даярлаудың талабына сай келмейді. Медицина саласында білікті маман даярлауға мүмкіндік беретін оқытудың интерактивті әдістері көбірек қолданылуда.Отандықжоғарғы медициналық білім модернизациясы студенттің жеке тұлғасына және құзіретті тәсіліне бағытталып сипатталады. [4]
Білім берудің мұндай тәсілі дәрігерге қажет студенттің жеке тұлға есебінде қалыптастыруға, шығармашылық әлеуеттілігін оятуға, өз бетімен жұмыс жасауға жігерлендіруге, ахуалды сұрақтарды шешуге және жауабын іздеуге жетелейді. Медициналық білім жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформа оқытушының да, студенттің де өзгеруін талап етеді. Оқу үрдісін жүргізудің бір ерекшелігі аудиторияда және аудиториядан тыс уақытта да жүргізе алады. Белсенді оқыту- бұл студенттің білімі мен дағдысын меңгеруге практикалық және белсенді ойлауын ояту.Мұндай жүйе әдісін қолдану- студенттің практикалық қызметте және белсенді ойлау үрдісінде білу, істей білу және дағдылануын өз бетімен меңгеруге бағытталған. Беленді оқыту әдісі студенттің танымдық белсенділігін дамытуды үш тәсілге бөлуге болады.Бұл әдіс жоспарланған оқыту, проблеммалық оқыту, және интерактивті (коммуникативті) оқыту [5]. Біздің жоғарғы оқу орнында білім беру үрдісінде дәстүрлі оқытудың орнын алмастыратын, активті оқыту әдісі қолданылады. Интерактивті оқыту әдісінде тест жүргізіледі, студенттерді командаға бөлу, ситуациялық есептерді шешу ұйымдастырылады. Марат Оспанов атындағы батыс Қазақстан медицина университетінің оқу үрдісі активті оқу әдісі және проблемді дәрістер , CBL (case- basedlearning), TBL(сам based learning), PBL (problem-basedlearning) [6] қатар интерактивті оқыту әдісі қолданылады.
Зерттеу мақсаты Оқу үрдісінде белсенді оқыту әдісін қолданудың тиімділігін зерделеу.
Зерттеу әдісі және жабдықталуы № 1 «жалпы тәжірибелік дәрігер» кафедрасында «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттері «жалпы тәжірибелік дәрігер негізі» дисциплинасын өтеді. Аталған дисциплинаға келесі модулдер кіреді: ішкі аурулар, жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындығы балалар аурулары, жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындағы хирургиялық аурулар, жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындағы гинекология және акушерлік.
Профессор оқытушылар құрамы оқыту үрдісін жүргізу барысында CBL (case- based learning), TBL(tеам based learning) қолданады. «Ішкі аурулар», «жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындағы хирургиялық аурулар», «жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындағы гинекология және акушерлік» модулі бойынша оқитын, «Жалпы медицина» факультетінің 5 курстың 122 студенттері арасында интерактивті әдісті қолданудың нәтижелеріне талдау жүргізілді.
«Ішкі аурулар», «жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындағы хирургиялық аурулар», «жалпы тәжірибелік дәрігер жұмысындағы гинекология және акушерлік» модули бойынша ТBL (tеам based learning) әдісі қолданылды.Бұл әдістеме бойынша студенттер мұғаліммен осы пәннің эксперт маманы ретінде кері қайтарым жасап, қарапайым және күрделі мәселелерді шешуге командалық жұмыс жасап, шағын топтарға бөлініп жұмыла әрекет етеді. Тыңдаушылар біртіндеп топтың белсенді мүшелеріне айналады. Олар әртүрлі күрделі мәселелерін шешу үшін білімді қолдана білу дағдыларын дамытады.Нәтижесінде, бұл фактілерді үстірт жаттау емес, зерттелетін материалды тереңірек түсінуге ықпал етеді. Негізгі топта (n=68) оқыту үрдісі TBL (tеам based learning) интерактивті әдісті пайдаланды. Бақылау тобына (n=64) дәстүрлі әдіспен сабақ жүргізілді.
Студенттер аталған сабаққа дайындалады. Аталған тақырыпқа сәйкес оқытушы шынайы өмірге жақын клиникалық ситуациялық тапсырмалар береді.Оқытушы студенттерді сабақтың мақсатымен, оқытудың міндеттерімен, сабақтың соңында қандай дағдыны және білімді меңгеру тиіс екенін атап кетеді. Топтық-бағдарлы оқыту әдістемесі студенттердің жеке және топтық жұмыстарын қамтиды. Оқушылардың іс-әрекетінің бұл түрлері тиісті тапсырмаларды қолдана отырып, өзара байланысты күшейтеді.TBL(tеам based learning келесі кезеңдерден тұрады: жеке тестілеу (дайындықты бақылау сынағы), топтық тестілеу, тақырыптың негізгі мәселелерін талдау, жағдайлық мәселелерді шешу / клиникалық жағдайларды шешу, нәтижелерді түсіндіруден кейін практикалық жұмыстарды орындау, қорытынды жеке тестілеу.Аталған тақырып бойынша сабақтың басында және соңында тест жүргізіледі.Бір топта 10-12 студент оқиды. Студенттерді кездейсоқ таңдау әдісімен топшаларға бөледі.
Әр топта 3-4 студент болады. Сабақтың соңына дейін топ құрамы өзгермейді. Сосын оқытушы барлық топтарға ситуациялық есепті презентация күйінде таныстырады. Топшаларға бөлінген студенттер алдына келесі мақсат қойылады: 1. проблеманы анықтау, 2. емдеу мақсатын анықтау, 3. аталған патологияны емдеу барысында рациональды терапияны таңдау.Команданың шешім қабылдау үрдісін салыстыру және бағалау, және нәтижелілігін айқындау үшін, клиникалық жағдайды талқылау бір мезетте басталады және аяқталады.Содан кейін практикалық жұмысты орындау (зерттеу нәтижелерін талдау, дәрілерді тағайындаудың негіздемесі және рецепт жазу), кейін нәтижелерді екшеумен жалғасады.Қорытынды жеке тестілеуді өткізу.Студенттерді қортынды бағалау кезінде командамен жұмыс жасай білу мониторинг критериі қолданылады. TBL (tеам based learning). бойынша сабақты бағалау жинақталады:1. жеке тестілеу; 2. топтық тестілеу; 3. тақырыптың негізгі мәселелерін талдау; 4. жағдайлық есептерді шешу клиникалық жағдайларды шешу; 5. Алынған нәтижені талқылай отыра практикалық жұмысты орындау; 6. жеке тестілеу.Сабақтың соңында практикалық сабақты интерактивті оқыту әдісімен жүргізуге студенттің көзқарасын айқындау үшін анонимді анкета жүргізу қарастырылады Анкета келесі сұрақтардан тұрады: не ұнады, не ұнамады, сіздің пікіріңіз бойынша нені жақсартуға болады.
Зерттеудің нәтижесі және талқылау Жүргізілген зерттеу практикалық сабақ барысында белгілі бір құзіреттілік айқындалды: коммуникативті дағды; айқындалған синдром; науқастың алғашқы және клиникалық диагнозын негіздеу; клиникалық зерттеудің нәтижесін екшеу; клиникалық хаттаманы қолданып, дәлелді медицинаның принциптерімен келісіп, рациональды емді тағайындау;дәрігерлік еңбек сараптамасын жүргізу және назологияға сәйкес диспансерлік динамикалық бақылау, рецепт жазу.
Практикалық сабақтың басында жүргізілген тест нәтижесі барлық топта да ақырғы деңгеймен салыстыру маңыздылығын анықтады. Тақырыпты меңгеру деңгейінің бағалау шарттары: дұрыс жауап– 85,3% негізгі; 75% – бақылау тобында. Практикалық сабақтың соңында ақырғы тест нәтижесі: дұрыс жауап– 94,1% негізгі, 79,6% – бақылау тобында. Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша негізігі топта тақырыпты меңгеруі бақылау тобымен салыстырғанда 14,5 % жоғары. Сабақтың соңында практикалық сабақты TBL
(tеам based learning)интерактивті оқыту әдісімен жүргізуге студенттің көзқарасын айқындау үшін анонимді анкета жүргізу талдамасы 98,5%- ұнады, ұнамады– 1,5%. Анкета мәліметі бойынша барлық студенттер дәстүрлі емес әдіспен оқытуды ұсынды.
Қортынды Практикалық сабақтарда TBL (tеам based learning) оқыту әдісін қолдану оқушының оқуға деген ынтасын, топта жұмыс істеу қабілетін арттырады, қарым-қатынас дағдысын дамытады, оқу материалын жақсы игеруге ықпал етеді, клиникалық ойлауын дамытады. олардың танымдық белсенділігін ынталандырады, өзара сенімді қатынастар жасайды.
Әдебиеттер
- Бекмухамбетов, Е.Ж. Инновационные технологии обучения в медицинских вузах: учебное пособие / Е.Ж. Бекмухамбетов, М.К. Изтлеуов [и др.]. - Актобе, 2012. - 352 с.
- Реутова, Е.А. Применение активных и интерактивных методов обучения в образовательном про-цессе вуза / Е.А. Реутова. - Новосибирск: Изд-во НГАУ, 2012. С. 58
- Агранович Н.В., Ходжаян А.Б., Агранович О.В., Кнышова С.А., Гевандова М.Г. Инновационные технологии и интерактивны методы обучения в преподавании клинических дисциплин в медицинском вузе ННОВАЦ // Международный журнал экспериментального образования. –2016. № 12-2. С. 255-256;
- Яворская С.Д., Николаева М.Г., Болгова Т.А., Горбачева Т.И. Инновационные методы обучения студентов медицинского вуза//Современные проблемы науки и образования//2016 №4.
- Каримсакова Б.К.Инновационные методы в учебном процессе// Материалы научно-практической конференции Актуальные вопросы нейрохирургии и неврологии Актобе , 24.04-25.04.2014 г. С142-143 6.Каримсакова Б.К.Инновационные методы обучения в подготовке врача общей практики//Медицинский журнал Западного Казахстана 3(43) 2012 С.64-65