Түйін
Мақалада Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тегін медицина саласық көмек алуға құқылы екендігі, сол себепті медицина саласындағы білуімді жоғарылату, сапасын арттыру мәселелері қарастырылған. Автор қорытындылай келе, мұғалімдердің студенттердің болашақ дәрігер болып қалыптасуына маңызы зор екенін көрсеткен.
Кілт сөздер: білім сапасы, медицина, болашақ дәрігер.
Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен-деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технология- сын күнделікті жұмысында қолдана бі ле тін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгеріс- тер болып жатыр. Соның бірі - білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолын- дағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласынада өз әсерін тигізуде. Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс -оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау - әр оқытушының борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы-педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы оқытушыларға қойы- латын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби біліктілігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Бiлiм беру қызметтерiнiң рыногын дамыту жалпыға бiрдей сапа менеджментiнде және 9000:2000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарында белгiленген сапа менеджментi қағидаттары негiзiне алынған басқарудың жаңа тетiктерiн енгiзудi болжайды. Бiлiм беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу мен мамандарды сертифи-каттаудың жүйелерiн құраушы танымал халықаралық агенттіктер берген сапа менеджментi жүйесiнiң (СМЖ) сертификатын ала отырып, жоғары оқу орындарының сапа менеджментiн сертификаттау болды. СМЖ- ны енгiзу үшiн жоғары оқу орны: бiлiм мазмұнының сапасын, талапкерлер мен студенттердi даярлаудың сапа- сын, қызметкерлер мен студенттердiң оңды уәждемесiн, әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз ету сапасын, профессор-оқытушылар құрамы мен басқа да қызметкерлердiң құзыреттiлiгін, оқыту технологиялары-ның сапасын, бағалау технологияларының сапасын, жоғары оқу орындарының басқару үдерiстерiнiң сапасын қамтамасыз етуi тиiс.
Бұл мiндеттердi iске асыру үшiн: 1) медициналық бiлiм беру ұйымдарының оқу-әдiстемелiк үдерiсiн басқару мен үйлестiру құрылымы қайта қаралады; 2) сапа менеджментi жүйесiн енгiзу үшiн кадрлар оқытылады; 3) сапа менеджментiн енгiзу және сапа менеджментi сертификатын алу бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады. Тұжырымдаманы iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: медициналық және фармацев- тикалық бiлiм берудiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру; медициналық бiлiм беру ұйымдарына азамат- тарды iрiктеуге және қабылдауға жаңа тәсiлдер енгiзу; медициналық бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту; медициналық бiлiм берудi басқаруды жетілдiру, сапа менеджментi жүйесiн енгiзу; халықаралық талаптарды ескере отырып, медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың, сапаны бағалаудың және кәсiби құзыреттiлiгi деңгейiнiң жаңа жүйесiн құру; оқыту процесiнiң жоғары нәтижелерiне жетуде студенттер мен оқытушылардың уәждемесiн көтеру.
Медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру. Денсаулық сақтау мамандарының кәсiби құзыретiне қойылатын талаптарды көтеру жағдайында басқару органдарынан бастап бiлiм алушыларға дейiнгi бiлiм беру үдерiсiне барлық қатысушыларының жауапкершiлігін артады. Қазiргі кезде маман-медицина қызметкерлерiн даярлауға медициналық бiлiм берудiң ерекшелiгi ескерiлмейтiн жалпы талаптар мен көзқарастар қойылады. Осыған байланысты республиканың денсаулық сақтау iсiн кадрлық қамтамасыз етуге жауапты Денсаулық сақтау министрлiгiнiң медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында мемлекеттiк басқару, медициналық бiлiм берудiң ерекшелiгiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу (оқу үдерiсiн регламенттеу, оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарды жасау, медициналық бiлiм берудiң сапасын бағалау, медициналық бiлiм беру ұйымда-рын аттестаттау, аккредиттеу, лицензиялау мәселелерi және басқалары) мәселелерiндегi рөлiн айқындау қажет.
Бұл бағытта: 1) медициналық ерекшелiктер ескерiле отырып, медициналық бiлiм берудiң нормативтiк құқықтық базасы қалыптасты - медицина кадрларын даярлау, лицензиялауды жүзеге асыру, мемлекеттiк аттестаттау және бiлiм берудiң халықаралық стандарттарына жақындау мақсатында - меншiк нысанына қарамастан, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредиттеу жүйесiне тиiстi өзгерiстер енгiзiледi; 2) медициналық және фармацевти-калық бiлiм берудi басқару және үйлестiру мәселелерi заңнамамен бекiтiледi; 3) медициналық бiлім беру ұйымдарына клиникалық базаларды беру жөнiндегi практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мiндеттемесi заңнамамен белгiленетiн болады.
Ел болашағы — білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру — ұстаздар қауымы на ортақ іс. Ал таяудағы перспективада әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық оқытуды бастау күн тәртібінде тұрған келелі мәселе. Осының бәрі ұстаздар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Қандай істі-де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегі мен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс- тәжірибемізді әрі қарай қалай ұш тастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор -адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі білім жолында жүрген ұстаздардың басты борышы.
Ел экономикасын өркендету, бәсекеге қабілетті болу тек қана кемел біліммен келетіні анық. Ұлттық білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне шығуы, әлемдік стандарттарға сай қызмет етуде елімізде жоғары оқу орындары көптеген іргелі өзгерістерді бастан кешуде. Жалпы отандық жоғары оқу орындарын әлемдік- деңгейге шығару — Президенттің Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда анық көрсетілген. Сол себепті бәсекеге қабілетті маман даярлау еліміздің алдың ғы қатарлы жоғары оқу орындарының мақсаты мен міндетіне айналып отыр. Бүгінгі таңда әлемдік университеттердің арасында лайықтыорын ға ие болу мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан бері халыққа білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткізілді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылды. «Қазақстан тарихы», «Ана тілі» және 1–5 сыныптар үшін басқа да пәндер бойынша жаңа оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан оқу мекемелерінде тек бұрын- ғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді. Республика- мыздың жоғары білікті медицина кадрларын даярлау ісіне қомақты үлесін біздің Астана Медицина университеті- де қосуда. Биылғы жылғы күзде оның құрылғанына 50 жыл болады. Соңғы жылдары бұл университет елімізде медицина кадрларын даярлайтын ең жақсы үш жоғары оқу орындарының қатарына қосылды. Қазіргі кезде университетте 5500-ден астам студент білім алуда. Олардың саны жылдан жылға артуда. Университетіміз өзі құрылғаннан бері 14 мыңнан астам медицина кадрларын даярлады, қазір олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шет елдерде-де (АҚШ, Канада, Израиль, Германия, Греция, ТМД елдері және т.б.) жемісті еңбек етуде. Қазіргі ғылым мен өндіріс бір мезгілде мамандану мен интеграциялану бағытында дамиды. Кәсібімен байланыс- ты іс-әрекет түрінде әр түр лі ғылым салаларынан алған білімдерін жұмылдыра пайдалана алуға қабілетті кең салалы мамандарға қажетсіну артады. Мұндай мамандарды даярлауда жүйелі ойлауды, объектіні көпжақты байланыстар мен қатынастардың бірлігінде көре білу іскерлігін дамыту бірінші дәрежелі мәнге ие болады. Интеграцияланған таным нәтижелерінің, жалпы ғылыми идеялардың, әдістемелік принциптердің, жүйелік талдау әдісінің мәнділігінің қазіргі қоғамда артқандығы сондай — студенттерге ғылыми интеграция өнімдерін үйрету жоғары оқу орындарының негізгі міндеттерінің біріне айналды. Осы тұрғыдан алғанда білім беру жүйесінде пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру көкейтесті проблема болып табылады. Өйткені ол оқу үрдісінің барлық құрылымдық элементтерін — білім берудің мазмұнын, формаларын, технологиясын бір тұтастыққа біріктіре отырып, оның тиімділігінің артуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграция білімнің игерілуін, іскерліктер мен дағдылардың белгілі бір жүйеде қалыптасуын қамтамасыз етеді, ойлау іс-әрекетінің белсенді болуына, студенттердің теориялық білімінің оқу-өндірістік іс-әрекеттерімен ұштасуына ықпал етеді. Пәнаралық интеграцияның жүзе ге асуы білікті мамандардың кәсіби даярлығын кеңейтуді және олардың өзара байланысты кәсіптердің тобына даярлауға мүмкіндік бе реді. Елбасының откен жылғы Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясын нақты жүзеге асыру міндеттері қойылған. Онда халықты жұмыс пен қамтуда мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізуде кәсіптік білімді тегін алуға, өмір бойы сапалы білім алуға жағдай жасау және барлық мүмкіндікті туғызу, шетелдік жұмысшыларды қазақстандық мамандардың күшімен алмастыру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының ең негізгі бағыты болатындығы атап көрсетілген. Ал Президентіміздің бұдан бұрын ұсынған тарихи бағдарламасында былай делінген болатын: «Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт».
Қорытып айтқанда, жоғарыда баяндалған маңызды шаралардың барлығы мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтауға, республика халқының бірлігін нығайтуға, оның әлеуметтік-тұрмыс жағдайын, денсаулығын, тіршілік сапасы мен-деңгейін арттыруға бағытталғанын жан-жақты ашып көрсетеді. Осының барлығына біздің қолымыз Ата Заңымызда көзделген тарихи ережелерге сүйене отырып, Президентіміз белгілеп берген басымдықтарды жүзеге асыру, атап айтқанда: ғылым мен білімнің инновациялық жүйесін дамыту, денсаулық сақтау саласының қазіргі заманғы стандарттарына өтуін, ұлттың мәдени және рухани әлеуетін өркендеуін қамтамасыз ету арқылы жетіп отыр.
Әдебиеттер
- Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. Алматы, «Өнер» баспасы, 2003.