Тарих

Қытайдан бастап Батыс Еуропа елдері арасындағы байланыста Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігі, қазіргі Атырау облысының аумағы үлкен маңызға ие. Орта ғасырда бұл арада Орта Азия мен Батыс елдерін жалғайтын құрлық жəне теңіз жолы жұмыс жасаған. Үстірт қыраты арқылы Сарайшық пен Көне Үргеніш қалаларын қосатын құрлықтың жолы бойымен Орта Азиядан алып келінген тауарлар Сарайшық қаласына жетіп, Жайық өзенінен Еділ бойындағы Алтын Орда астанасы Сарай- Бату қаласына немесе Каспийдің батыс жағалауына алып баратын желкенді кемелерге тиелетін. XIII– XIV ғғ. бұл жол Батыс пен Шығысты байланыстыратын негізгі керуен жолына айналды.
2010

Қазақстан Республикасы егемендігін жəне тəуелсіздігін жариялаған кезде 70 жыл бойы үстемдік еткен əміршіл-əкімшіл жүйенің жойылу процесі басталды. Тоталитарлық жүйеден демократияға аяқ басып отырған мемлекетте саяси, экономикалық жəне мəдени салалар бойынша үлкен бетбұрыстар мен өзгерістер жасалынды. Қазақстанда діннің қайта жандануы байқалды. Əміршіл-əкімшіл əдістерге негізделген экономикадан нарықтық қатынастарға өту барысында кеңестік идеологияның жариялаған «догмаларын» қайта қарастырып, қоғам санасында заманға сай рухани құндылықтарды қалыптастыру ұмтылыстары өте маңызды қадам болды. Адамдарға болашаққа сенім беретін, жаңа өмір сүру ортасын қалыптастырып, алға жетелейтін рухани күш қажет еді. Бұның барлығы  қоғам өмірінде діннің маңызды деңгейге шығуына əсер етті.
2010

Ежелгі заманнан-ақ Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өткен Ұлы Жібек Жолы арқылы Үнді, Қытай, Византия, тағы басқа мемлекеттермен үнемі ғылыми, мəдени, экономикалық, дипломатиялық байланыста болып, қалаларында ғылым мен мəдениеті, сауда өндіріс, далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған, қазақтың ұлт болып қалыптасқан алтын бесігі, отырықшы мəдениеттің ошағы, алғашқы адамдардың тұрағы, əлемдік мəдениеттің ірі орталықтарының бірі, дүниеде теңдесі жоқ ұлы ойшыл Əбу Насыр əл-Фарабидің туылған жері, Қ.А.Иассауидің ұлы ұстазы, бабтардың бабы Арыстанбабтың, Орта Азияны билеген ұлы Əмірші Əмір Темірдің Алла аманатын тапсырған жері, Отырар алдымен араб пен монғол шапқыншылығына, содан кейін Қазақ хандығымен Əбілхайыр əулетінің Мауреннахр билеушілерінің Сыр бойы үшін болған өзара қырқысына, жоңғар шапқыншылығына ұшырап, ақыры Отырар суландыру жүйесі талқандалып, Отырар кітапханасы жойылып, Ұлы Жібек Жолындағы қатынас үзіліп, өндіріс тоқтап, қалалары құм басқан төбелерге, далалары шөлейтті аймаққа айналды.
2010

Отандық тарих ғылымында Ұлы Отан соғысының тарихы мен республиканың жеңіске қосқан үлесіне қатысты мəселелер əлі де өзекті жəне соғыстың тарихнамасы тарих ғылымының барынша жасалған жəне басым бағыттарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы тарихы тақырыбына көптеген ғылыми жұмыстар арналған, оларда халықтың еңбектегі ерліктері, халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы жəне оның жеңіске қосқан үлесі, майдан қажеті үшін өнім шығару мен өндірістік ұжымдарда жарыстарды ұйымдастырудағы қоғамдық ұйымдар мен партиялық комитеттердің рөлі мəселесі де бар. Қазақстандағы зерттеу жұмыстары өнімді жүргізілген. Бұл салада соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман-тарихшылардың еңбектерін қоспағанда, тыл ардагерлері мен соғыс куəгерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің жəне басқа тұлғалардың да жазған еңбектері көптеп  кездеседі. Мəселен, 1945 жылдан 1977 жылға дейінгі аралықтың өзінде ғана КСРО  көлемінде жалпы көлемі 700 млн. дана болатын 16 мың кітап пен кітапша жарық көрген [1; 7]. Соғыс жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы майдан арсеналдарының бірі ретінде соғыс қажетіне қызмет етті, мұнда 356 млн. пұт нан дайындалған. Сонымен қатар Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін негізгі тасымалдаушылардың бірі болды. Республиканың жеңіл өнеркəсібі Қызыл Əскердің жүздеген дивизияларын əскери киім-кешек, қару-жарақ, қажетті заттармен қамтамасыз етті.
2010

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік ғылым орасан зор рөл атқарды. «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы жеңіс үшін!» деген белгілі ұран ғалымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтарының, институттарының, ғылыми лабораториялардың, тағы да басқа мекемелердің алдына қойған басты мақсаты болды. Соғыс басталсымен кеңес ғалымдары арнайы мəлімделерінде өздерінің барлық білімдерін жəне күштерін Отанды қорғауға арналатынын жариялады. Кеңес ғалымдарының осы кезеңдегі пікірін білдірген КСРО Ғылым академиясының президенті В.Комаров: «Фашизмды талқандауға қатысу— ғылым алдында тұрған ең маңызды жəне ұлы мақсат, сондықтан оны орындауға кеңес ғалымдарының саналы өмірі мен білімі толық арналады»,— деп ашық көрсетті [1].
2010

Қалмақтар — Сегізөзен бойын мекендеген, ХІІІ ғасырда белгілі болған ойраттар деп аталатын ежелгі монғол тайпаларының ұрпақтары. Бұл туралы «Сокровенное сказание» атты монғолдың дерегінде көрсетілген [1]. Парсы тарихшысы Рашид-ад-дин: «Олардың тілдері монғол тілі болғанына қарамастан, басқа монғол тайпаларының тілдерінен айырмашылығы бар» деп тұжырым жасайды [2;   47]. «Бірыңғай» монғол империясының құрылуы мен өмір сүру кезеңінде ойраттар бұл империяның құрамына енген. Алайда көптеген тайпалар бұл «бірыңғай» империяда өз дербестігін сақтап қалған, солардың арасында қалмақтардың аталары ойраттар да болған.
2011

Шəкəрімнің əлем, адам, жаратылыс жайындағы философиялық ой-толғамдары оның «Үш анық» атты философиялық трактатында жүйеленген. Шəкəрім Сəбит Мұқановқа жазған хатында «қырықтан соңғы ойым философия жағына салынып» деген пікір айтады. Сондағы философиясы осы «Үш анық» турасында болып отыр. Шəкəрім қырықтан асқан соң отыз жылдай «Үш анықты» жазуға көптеген ізденістер жасап, өмірінің соңында «отыз жылдай жиғаным» деп өзінің тапқан, анық деп таныған «Үш анығын» жүйелейді.
2011

Қазақстанның діни саласы бойынша жүргізіп жатқан секулярлы саясат мемлекеттің сыртқы саясатында да көрініс тапты. Қазақстан əр түрлі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Оның ішінде еуропалық (ЕҚЫҰ) жəне азиялық (ОЭС) ұйымдардың толыққұқылы мүшесі болып келеді. Тəуелсіздік алғаннан бастап, республиканың көпбағытты, көпполюсті сыртқы саясаты бекітіліп, «Батыс пен Шығысқа бағдар алыну керек» деп жарияланды. Соның ішінде Елбасы Н.Ə.Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халқына жолдауында: «Біз үшін мұсылман əлемі елдерімен халықаралық ынтымақтастық пен мəдени алмасулар құрылымдарына белсене қатысу мейлінше табиғи нəрсе. Біз сондай-ақ Ислам жəне Араб Шығысы елдерінің көпшілігімен өзара тиімді жəне өзара байытатын екі жақты қарым-қатынастарды белсене дамытып келеміз», — деп атап көрсеткен болатын [1; 200].
2011

2010 жылы азамат соғысының аяқталғанына 90 жыл толды. Қазан төңкерісінен бастау алған азамат соғысы 1918 жылдан 1920 жылға дейін жүрді. Осы аралық билікке ұмтылған қайраткерлер мен шетелдік интервенция сайысын, саяси партиялар мен олардың жетегінде жүрген халықтың күресін қамтиды. Біріншісі, саяси дағдарыс кезінде Ресейдегі билікті қолына ұстап қалуға тырысып, əр түрлі бағытта əскери жорықтар ұйымдастырды. Екіншісі, əлеуметтік дағдарысты алға тартып, халықты өздеріне тартуда саяси бағдарламалар жасады. Əрине, билікке революцияға ұзақ дайындалған жəне өкімет басына келерде елді билеу жөнінде толық түсінігі бар Ленин бастаған большевиктер партиясы келді.
2011

Тəуелсіздік тізгінін қолға алып, ел болып еңсе көтергелі халқымыздың əлеуметтік- экономикалық, рухани жағдайының тұрақталып, қарышты қарқынмен дамып келе жатқанына куə болып келеміз. Əсіресе жастардың қоғам өміріндегі рөлін арттыруда мемлекет тарапынан барынша қамқорлық көрсетіліп жатқаны ақиқат. Мемлекетіміздің өзі жігерлі, қайратты жігіттей тас шайнап, мұз бүркетін кезеңін бастан кешіруде. Елдігімізді əлем танығалы 20 жылдың жүзі ғана болды. Əлбетте, 20 жыл — тарих үшін қас-қағым сəт. Десек те, бодандықтың қамытынан құтылып, ой- сананы сіңір болып кеткен ескі сүрлеуден шығарып, əлем назарын аударып, толайым табыстарға жетіп отыр. Осы ретте тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан күні бүгінге дейін жастардың əлеуметтік- экономикалық, саяси, мəдени салаларда атқарған рөлі ерекше байқалды. Оған дəлел ретінде жас кадрлардың жаңа заманға икемделіп, тəуелсіздік алған жылдары тұралап қалған елді аяғынан тік тұрғызуын айтқан лəзім.
2011

Халқымыз ою-өрнек арқылы өз тыныс-тіршілігін, мəдениетін, өнерін, мəдени құндылықтарын көрсете білді. Жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып түсірген. Бұйым-мүліктерде, аң-құстың, малдың суреттерін өрнектеп салып, қарым-қатынас құралы ретінде белгілі бір ұғым-түсініктерді аңғарып отырғаны деректерден белгілі. Белгілі бір қажеттіліктерден туындаған ою-өрнек келе-келе сəндік, салтанат  белгілеріне айналып, əр түрлі жағдайда дамып, түрленіп отырғаны археологиялық  зерттеулер, этнографиялық мол деректер мен көне жазбалардағы мəліметтер арқылы белгілі. Оюлар мен өрнектер — ежелгі көшпелі тайпалардан келе жатқан дəстүр сабақтастығының көрінісі. Cондай-ақ ою-өрнек тарихын Ə.Х.Марғұлан, Ө.Жəнібеков, К.Ақышев, Қ.Байпақов, М.Ш.Өмірбекова, С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, Ə.Тəжімұратов сынды белгілі ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер арнады. Қазақ ою-өрнегін ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеген ғалым-академик Ə.Марғұлан. Ғұлама ғалым ою-өрнек тарихын егжей- тегжейлі зерттей келе, олардың даму тарихына тоқталады. Ал этнограф Х.Арғынбаев Республикамыздың əр өңірлерінде ғылыми экспедиция ұйымдастырып, қазақ халқының қолөнеріне байланысты көптеген деректер жинастырды. Елімізге белгілі этнограф С.Қасиманов жаңа қазақ ою- өрнектері үш түрлі ұғымды білдіреді дейді: біріншіден, мал шаруашылығын, аңшылықты; екіншіден, жер, су, көшіп-қону көріністерін; үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін əр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді дейді [1]. Ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінге дейін өз қасиетін жоғалтпай келе жатқан мəдениет үлгісі ретінде аталады. Өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркəсіпте, архитектурада əлем өмірінің дамуында қолданылмайтын жері жоқ.
2011

Сартай Байжанұлы — Кіші жүздегі Шекті руының ішіндегі ең ірі тарихи тұлғалардың бірі. Оның 1727 жылы Ұлытауды жоңғарлардан босату үшін болған негізгі шайқаста Кіші жүз сардарларының қатарында мың баланы бастап барып, үлкен ерлік көрсетіп, жауды жеңуге шексіз үлес қосқаны туралы ақын Нұрмағанбет Қосжанұлы «Сартай батыр» туралы дастанын жазып, кейіннен 1927–1953 жылдардағы елдегі тоталитарлық жүйенің салдарынан дастан жерге көміліп тасталады.  Ақынның өзін Ақтөбенің НКВД үштігі халық жауы деп айыптап, 1937 жылдың 29 тамызында ату жазасына кескен. Үкім сол жылы 4 қыркүйекте орындалған [1]. Ақын жазықсыз жаламен бұл дүниеден өтсе де, ол жазып қалдырған «Сартай батыр» дастаны халықтың Сартай батырға деген, жазған ақынға деген сүйіспеншілігінің арқасында осы кезге жетті. Ақын Нұрмағанбет Қосжанұлының дастанын ел арасынан іздестіріп тауып, туған елімен қауыштырған белгілі журналист, профессор Өмірзақ Жолымбетов. Бұл да толық нұсқасы емес, кейіннен жыршы-термешілердің айтуымен жазылған нұсқалары. Дастанды жазба күйінде сақтауға Кеңес үкіметінің сол кездегі саясатынан  қорыққан халық жасырын ауызша таратып, кейінгі ұрпаққа жеткізген. Өмірзақ ағамыз бастырып шығарған нұсқасында жер атаулары өзгертілген.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.