Тарих

«Славяндар өздерінің тарихи территориясына кайдан жəне қашан келді?» деген сұраққа алғашқы жауап беруге талаптанған, XII ғ. өмір сүрген «Повесть временных лет» жылнамалар жинағының авторы Нестор болатын. Нестордың айтуынша, славяндардың ең көне территориясы төменгі Дунай мен Паннония болған көрінеді [1]. Славяндардың Дунайдан қоныс аударғаны туралы жылнама əңгімесі, славяндардың шығу тегін түсіндіретін Дунай (немесе Балқан) теориясының қалыптасуына негіз болады. Бұл көзқарасты ортағасырдағы авторлар (XIII–XV ғғ. поляк жəне чех хронистері) [2] жəне XVIII–XX ғасыр басында өмір сүрген дворян ғалымдары (С.М.Соловьев, В.О.Ключевский жəне т.б.) қолдайды.
2011

Славян тайпаларының көне дəуірде «венед» деп аталып, кейін «склавин» жəне «ант» деп аталғанын мамандар біледі. Тарихшылар өз еңбектерінде «склавиндерді» ешбір түсіндірусіз «славян» деп атай береді. Гот тарихшысы Йордан венед, склавин жəне ант деген  тайпаларды суреттегені белгілі [1]. VI ғ. аяғы – VII ғ. басында өмір сүрген император Маврикий мен Прокопий Кесарийский (VI ғ.) де «склавин жəне ант» деп өмір қалпы, салт-дəстүрлі, əдет-ғұрпы ұқсас тайпаларды атапты. Мəселен, император Маврийкийдің «склавин» деген сөзін кейінгі уақыттағы өмір сүрген тарихшылар өз еркінше «славян» деп атап кеткені байқалады [2]. «Славян» деген терминнің шығуы төңірегінде талас баршылық деп айтуға болады.
2011

2011   жылдың   16   қыркүйегінде   Л.Н.Гумилев   атындағы   Еуразия   ұлттық   университетінде «Тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі: қалыптасуы мен даму көкжиегі» атты Қазақстан тарихшыларының I-ші Конгресi өтті. Конгресс жұмысына мемлекеттік орган өкілдері, отандық жетекші оқу орындарынан, ғылыми- зерттеу институттары жəне сараптама-талдау орталықтарының ғалымдары: тарихшылар, философтар, саясаттанушылар, этнологтар жəне т.б. қатысты. Конгресс барысында «Тəуелсіздіктің 20 жылында Қазақстан тарих ғылымының жеткен жетістіктері» атты тарихи шығармалардың көрмесі ұйымдастырылды.
2011

Мəдениет пен өркениет арасындағы арақатынастың даму логикасы мен тарихын қарастыру үшін бірнеше кезеңдерді бөліп алып қарастырамыз. «Өркениет» ұғымы тұңғыш рет алғашқы қауымдық қоғамның орнына келген тарихи кезеңге қатысты қолданылған болатын. Мəдениет пен өркениет арақатынасы алғаш рет мəдениетті адамның индивидуалдық-тұлғалық шығармашылық мүмкіндігімен, ал өркениетті азаматтық қоғамның тарихи процесімен байланыстыра бастаған Қайта өрлеу кезеңінен көрініс тапты. Ағартушылық кезеңде мəдениет өмірдің индивидуалдық-тұлғалық жəне азаматтық қоғандың құрылымы деп қаралып, осыдан мəдениет пен өркениеттік даму процесі бір-бірімен сəйкестендірілген болатын. «Өркениет» терминін еркіндік, əділдік, құқықтық тəртіп орнаған азаматтық қоғамды, яғни қоғамның белгілі бір сапалық көрсеткіштерін, оның дамуының дəрежесін белгілеу үшін француз ағартушылары енгізген болатын. Кейін Л.Морган мен Ф.Энгельс өркениетті варварлықтан кейін келген, қоғамдық құрылыстың реттелуімен сипатталатын, сондықтан да оны қоғамның жоғары сапалы даму сатысы деп қарастырды. Бірте-бірте мəдениет жайлы өркениеттің рухани мазмұны, өркениеттің рухы деген ой қалыптасуда, мəдениет пен өркениеттің бір- біріне келіспейтіндігі айқындалды. Мысалы, Ю.В.Яковец өркениетті «адамның өзінің, қоғамның технологиялық жəне экономикалық базасының, əлеуметтік-саяси қатынастар мен рухани əлемнің белгілі бір даму деңгейімен анықталатын қоғам тарихының сапалы кезеңі» деп түсінді [1].
2011

Ұлытау өңірінің XVIII ғасырдағы тарихи географиясының толық сипаттамасын жасау қиын. Бұл тарихи деректердің аздығынан. Осы кезеңге байланысты Ұлытау аумағында болған оқиғалардың ең белгілері: Бұланты шайқасы жəне Барақ пен Абылай сұлтандардың іс-əрекеттері. XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасының елеулі оқиғаларының бірі — 1727 жылғы Бұланты шайқасы. Қазақ халқының осы шайқастан бастау алған жеңістері аз уақыт болса да Жоңғар мемлекетіне деген тəуелділіктен азат етті. Бұланты шайқасы туралы деректер аз, тіпті жоқтың қасы. Бұл туралы тек қазақтардың ауызекі аңыз-əңгімелері сақталған.
2011

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Онда Қазақстан Республикасы тəуелсіз, демократиялық жəне құқықтық мемлекет екендігі, ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленетіндігі, өзінің ішкі жəне сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізетіндігі, Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас бөлінбейтін жəне қол сұғуға болмайтын территория болып табылатындығы, Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігін атап көрсетті. Сонымен, ол дүниежүзілік қоғамдастыққа жəне экономикаға дербес енуге мүмкіндік алды.
2011

Сонау 70-жылдардың басында студенттік өміріміздің қызығы мен қуанышы мол күндерін қабырғасында өткізген алтын ұя, білім ордасы — Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылғанына да, міне, 40 жылдың жүзі болып қалыпты. Уақыт, шіркін, жүйрік қой. Сол бір күндерді еске алсам, кеше ғана болған сияқты. 1972 жылы орта мектепті тəмамдап, қайда барып оқимыз, қандай мамандық иесі боламыз деп толғанып, толқып жүргенімізде, біздің бағымызға қарай Қарағанды қаласында мемлекеттік университет ашылды. Бұлай дейтінім — ол кезде қазіргі уақыттағыдай қаптаған университеттер жоқ болатын. Тек Алматыда ғана С.М.Киров атындағы (сонау 1934 жылы ашылған) университет қана бар еді. Сондықтан 1972 жылғы мектеп түлектері үшін Қарағандыдағы университеттің ашылуы қуанышты жағдай болды.
2011


Еліміз тəуелсіздігін алған жиырма жылда асқан асуымыз да, шыққан белестер мен биіктеріміз де, қол жеткізген табыстарымызда көңіл қуантарлық десек, қателеспейміз. Мұның баршамыз үшін маңызы зор. Қазіргі таңда білім беру мен тəрбиелеу ісіне байланысты қойылатын талаптар да арта түсуде. Бүгінгі таңда қоғамның жаңаруында 2030 бағытына сəйкес əрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тəрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан қазіргі заманның педагогика ғылымында адамның ұлттық қасиетін қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу басты мəселе болып отыр.
2012

Білімі мен мəдениеті төмен, ой-өрісі тар адамдар қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайтыны белгілі. Ондай қарабайыр тобырға арқа сүйеген мемлекеттің өзге өркениетті елдердің қатарына қосыла алмайтыны да ежелден мемлекет болып келе жатқан басқа ұлттардың тарихынан бəрімізге мəлім. Осындай тарихи жауапты кезеңдерде қоғам мүшелерінің сапалық деңгейінің жоғары болуының қажеттілігі туындап отыр. Ал, ол сапа көкірегі ояу, көзі ашық адамдардың молдығынан тұрады. Үздіксіз білім беру жүйесінде жоғары оқу орындарында білім беру мəселесі оның басқа сатыларындағы сияқты өзгерістер мен жаңартулар, байытулар мен толықтырулар үнемі жүріп отырады. Қазіргі жаңа педагогикалық прадигма білім беруді жеке тұлғаның таңдауына бұруды жəне оның жеке интеллектуалды талаптарын қанағаттандырып отыруды талап етеді. Ал болашақ мамандарды даярлауда бұл мəселе аса өзектілікті болып табылады.
2012

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Республика Білім жəне ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде отбасын сақтау ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі — отбасы қарым-қатынастардың жаңа үлгісін ұсыну қажеттілігі өзекті мəселе болып отыратындығын ерекше атап көрсетті. Мемлекет қызметкерлері осыған байланысты барлық шараларды қабылдады. Мысалы: əйел мен ер адамның əлеуметтік, мəдени тəртіптерінің өзгеруі, жойылған жансақ нанымдарды жəне дəстүрлерді қысқарту барлық қалған тəжірибелер, яғни, əйел мен ер адамның таптаурынды рөлдері немесе жыныстардың біреуінің аса басымдылық пен толық емес құндылық идеясын негіздеді.
2012

Тəуелсіз қазақ елі əлемдегі аса дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға ұмтылуда. Ал сол дамыған, өркениетті елдердің қатарына қандай құндылығымызбен барамыз деген мəселе туындайды. Ұлттық салт-дəстүр, əдеп-ғұрып, ана тілімізді Батыс мəдениетіне айырбастап, дамыған елдердің қатарына қосыламыз деу бос əурешілік. Қашанда өз тілін менсінбейтін «Мен қазақпын» деп айтуға намыстанатын жастардан қорқуымыз керек. Өз ұлтын қадірлемейтін — нағыз мəдениетсіздер. Ал мəдениетті жоғары біліммен өлшеуге əсте болмайтынын əлдеқашан ұғатын кез болды. Қолында дипломы бар, бірақ мəдениеті төмен деңгейдегі жастар қаншама! Оларды «надандығын қағаз жүзінде бекітіп алғандар» деп айтуға болады.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.