Тарих

Қазақ қоғамындағы қоңсылар - дербес шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылған әлеуметтік топ атауы.
2016
Мәскеуді қорғаған қазақ қызы – Шәмшия Сәдуақасова

Биылғы жылы Ұлы Жеңіс күніне 71 жыл толмақ. Жеңіс Кеңес халықтарына оңайлықпен келген жоқ. Қаншама боздақтар майдан даласында туған жердің топырағы бұйырмастан, қаза тапты. Соғыс жарасы қаншама жылдар өтсе де, жазылмақ емес.
2016

Aтaлмыш макала Отандық тapиxтa қазақ хандығының қальштасу кезені,оның ішінде жүмбақ тұсы Алаша ханға байланысты фольклорлық материалдар карастырады
2015

Мақалада Орталық Азия Республикалары арасында су бөлінісі сұрақтарының тактикалық шешімдер қабылдау мəселелері қарастырылған. Осы жағдайларда мəселені шешуде даулы тұстар бар. Механизмдердің келісілмегендігі жəне мемлекеттер арасындағы жер-су қатынастарындағы территориялық қақтығыстар, көрсетілген саладағы шешімдердің қабылдануындағы олқылықтарды ушықтыра түсуде. Осыған орай автор қақтығыссыз шешу деңгейіндегі келісімді қамтамасыз етуде мəмілелесу үшін мемлекеттер арасында тактикалық шешімдерді тұжырымдау талпыныстарын, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінде аймақтық су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тактикалық шешімдердің нұсқаларын ұсынды.
2016

Мақалада АҚШ пен Қытай сияқты халықаралық қатынастарда жетекші орын алатын елдердің сыртқы саясатындағы Орталық Азия аймағының алатын орны қарастырылды. Аталған мемлекеттердің қатынастарының даму тарихы мен аймақтағы мүдделердің эволюциясы талданған. АҚШ пен Қытайдың аймақ елдеріне қатысты сыртқы саясатындағы басым бағыттары анықталды. Мемлекетаралық қатынастардың экономикалық, энергетикалық салаларына айрықша көңіл бөлінді. АҚШ-тың Жаңа Жібек жолы мен Қытайдың Жібек жолы экономикалық белдеуі тұжырымдамалары қарастырылды. 
2016

Соғыстан кейінгі ширек ғасырда металлургия өнеркəсібі жоғары қарқынмен дамыды. Кейінірек білікті мамандар даярлауға көңіл бөлінді, мол тəжірибе жинақталды. Ал сол тəжірибе қазіргі күннің өзінде маңызды, яғни көптеген жағдайда өндіріс орындарының түпкүлікті жұмыс қорытындысы, мамандар мен өндіріс басшыларының ұйымдастыру үшін саяси жəне іскерлік қасиеттеріне байланысты екендігін мойындатады. Металлургия саласындағы инженер кадрларының өндірісті дамытудағы, жаңа технологияны игерудегі белсенділігі, өндіріс басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсету тəуелсіз Қазақстанның жаңа инженер отрядтарын тəрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар. Инженер қызметінің ерекшелігі, біріншіден, бұл қызмет практикалық болып табылады; екіншіден, ол техникалық міндеттерді шешумен тікелей байланысты, үшіншіден, ғылыми білімді талап етеді. Инженерлік өнер арқылы ғылым өндіргіш күшіне айналады.
2009