Тарих

Ұлытау өңірінің тарихи-географиялық тұрғыдан жəне топонимикасының зерттелуі жан-жақты саралау мен талдауды қажет етеді. Себебі бұл өңірдің тарихы қазақ тарихының құрамдас бөлігі бо- лып табылады жəне осы территория туралы тарихи-географиялық мəліметтер, қалыптасқан топони- микалық жүйесі өлке тарихы үшін де, отан тарихы үшін де өте мол тарихи ақпарат береді. Шын мə- нінде де, дала өлкесі кеңістігіндегі Қазақстан тарихынан ерекше орын алатын Ұлытау территориясы, яғни Сарыарқа өңірінің батыс бөлігі. Ұлытау — қазақ сахарасындағы қасиетті мекендердің бірі, отан- дық тарихшылар тарапынан «көшпелілер өркениетінің алтын бесігі» деген бағаға ие болуы да тегін емес. Шынында да, Ұлытау өңірінде қазақ тарихының барлық кезеңдері, сонау көне дəуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарих куəлары аяқ аттап басқан сайын «мен мұндалап» тұрады. Əсіресе көне дəуір мен ортағасырлар тарихынан сыр шертетін тарихи ескерткіштер барша тарихшы-ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Бұл аумақта қола дəуірінің қайталанбас ескерткіштері, тасмола мəдениеті ашылып, қазақ тарихының ұлы ескерткіштері Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі, Едіге мырза есімімен аталатын тау жəне т.б. орналасқан. Ежелгі кезден тау-кен ісі дамып, ортағасырлардағы көш- пелі тайпалардың даму деңгейінің көрсеткіші қалашықтар мен бекіністер де осы территориядан орын алған.
2009

Жаһандану қазіргі халықаралық қатынастар мəселесінде негізгі проблемалардың біріне айналып отыр. Ал жаһандану жағдайындағы күн сайынғы төңіректе болып жатқан жайттар қазіргі заманның тарихи оқиғаларының ең өзектілерінің тізбегін құрау үстінде. Олардың қатарына аймақтану, интегра- ция жəне түрлі деңгейдегі жаңа ұйымдардың құрылуы жатады. Сондай жаңа құрылымдардың бірі — Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК. — Г.С.). АӨСШК процесі — Қазақстан Республикасының превентивті дипломатиясының жемісі. Кеңесті шақыру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылы 5 қазан- да БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан үшін əмбебап құрылым құру екендігі мемлекеттің атын шығару үшін үлкен трибунада тұрып құр айта салған дақпырт емес, керісінше, айтылған идеяны іске асыру жолындағы жұмыс болып табылды.
2009
Қазақстанның мемлекеттік органдарында электрондық құжат  айналымын  ендіру тəжірибесі

ASAR журналының жəне Delphi Consulting Group зерттеулерінің мəліметтері бойынша, жыл сайын əлемде шамамен 6 млрд. құжат дайындалады. 1995 жылы құжаттардың тек он пайызы ғана цифрлы формада болса, бұл көрсеткіш 2005 жылы жетпіс пайызға өсті. Əрине, ақпарат көлемі де ұлғайып, қағаз құжаттарының үлесі екі есеге артты. Соңғы жылдары əлем қағаз құжаттардан электрондық құжаттарға көшу жұмыстарын ілгерілетуге ұмтылуда. Қазақстанда Премьер-Министр Кеңсесі Басшылығының тапсырмасымен «Электронды үкімет» бағдарламасы мақсатына сəйкес, 2001 жылы өзге мемлекеттерде электрондық құжат айналымы мен электрондық цифрлық қолтаңбаны ендіру, ақпаратты қорғау жайы зерттелді. Литва, Украина, Белоруссия жəне Ресейдің тəжірибелері сарапқа алынды. 2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-та орын алған жағдайдан кейін мұрағат мамандары электрондық құжаттар мұрағатын құрудың халықаралық тəжірибесін, соның ішінде АҚШ тəжірибесін зерттеуге айрықша көңіл бөлді. Американдық мамандардың пікірінше, бұрынғы кеңес жүйесінің партиялық жəне мемлекеттік мұрағаттары ұйымдық жəне құрылымдық жағынан ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына анағұрлым сəйкес болған. Бұрынғы кеңес мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстанның  құжаттамамен қамтамасыз ету жүйелеріне талдау жасалды. Талдау қорытындысы бойынша Қазақстанда жасалған жүйе қазіргі заманғы талаптарға сай екені жəне негізгі параметрлер бойынша  ТМД мемлекеттеріндегі мұндай жүйелерден тіпті жоғары екені белгілі болды [1; 11].
2009
ХХ ғасырдың 60–90 жж. Орал-Ембі аймағының мұнай  құбырлары  жүйесінің дамуы

Орал-Ембі мұнайлы аймағы үлкен территорияны — батыста Еділдің төменгі жағынан бастап, шығыста Мұғаджарға дейінгі аралықты алып жатыр. Батыс Қазақстанның мұнай өнеркəсібін дамытудың қазіргі кезеңнің сипатты ерекшелігі — жұмыс ауқымының едəуір ұлғаюы. 50–60 жж. аясы Батыс Қазақстандағы ірі кен орындардың ашылуымен ерекшеленеді — Кеңқияқ (1959) Ақтөбе облысы, Прорва (1961) мен Мартыши (1962) Атырау облысы, Жетібай, Өзен (1961) қазіргі Маңғыстау облысы. Аталған кен орындарды игеру Батыс Қазақстандағы  мұнай өндірудің ілгері аяқ басуының қазығына айналуға жол ашты. Аймақтағы мол байлық қоры Каспий маңы ойпатының шығыс жəне оңтүстік-шығыс бөлігінде шоғырланды. Кеңқияқ кен орнын игеру қолға алынған соң (1966) «Каспий-Орск» арнасына жалпы ұзындығы 122 шақырымға созылатын  «Кеңқияқ № 6 МАС» мұнай құбыры салынып, қосылды [1].
2009
Қазақстандағы  саяси репрессия

Сталиндік геноцидтің қасіретті жылдары туралы сөз болғанда, тарихшылар Қазақстанды сталиндік жүйе «алпауыт əлеуметтік эксперимент» жүргізген полигонмен салыстырады. Кейіннен Қазақстанға «халықтар достығының зертханасы» деген анықтама беріледі. 1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің конференциясында   И.Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50–100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет», — деп мəлімдейді. «Барлық халықтар көсемі» осы «жүгіріп өтуге» қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл мақсатқа жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И.Сталин өзінің қатігездігімен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз мақсатына жетеді. 1930 жылдардың аяғында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатігез геноцидке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткереді.
2009

Тарихи география, өз атауында көрсетілгендей, тарих пен география арасында  жəне оларды өзара байланыстырып тұрған ғылым саласы. Ғылыми білімнің дифференциациясының бастапқы кезеңінде тарихшы да, географ та бір адам болғандығы белгілі. ХІХ ғасырда француз тарихшысы Элиз Реклю «тарих — уақыт бойындағы география, география — кеңістіктегі тарих» деп жазған болатын [1; 3]. Тарихи географияның ғылым саласы ретіндегі мəнін түсіну үшін оның ғылыми анықтамасын, яғни нені зерттейтінін, білу қажет. Осыдан барып, тарихи географиялық зерттеулердің қалыптасуы мен дамуына байланысты негізгі бағыттарын анықтау керек. Əрине, бұл көтеріліп отырған мəселерді шешу үшін бірінші кезекте Ресейдегі тарихи географиялық еңбектерге сүйенеміз. Себебі ресей ғылымында XIX ғ. 30–40-жылдарынан бастап тарихи географиялық еңбектер пайда бола бастайды (Н.И.Надеждин, Н.П.Барсов). XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезінде Ресейде тарихи географиялық тақырыптағы көптеген еңбектер жарық көріп, оның тарихи ғылымындағы маңызы арта түседі. Тек Қазан төңкерісінен кейінгі 20 жыл уақытта бұл ғылым саласы біршама тоқырап, XX ғ. 40-шы жылдарынан бастап қайта жандана түседі. Бұл үрдіс бірінші кезекте ғалым В.К.Яцунскийдің есімімен тікелей байланысты. Оның еңбектері Ресейдегі тарихи географияның дамуын жаңа бір деңгейге көтерді жəне əлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Əсіресе тарихи географияның нақтылы пəні мен міндеттерін анықтауы жəне қалыптасуы мен дамуына арналған еңбегі қазіргі ресей білім жүйесіндегі «Тарихи география» оқулықтарында қолданылады.
2009

Отандық тарих ғылымында Ұлы Отан соғысының тарихы мен республиканың жеңіске қосқан үлесіне қатысты мəселелер əлі де өзекті жəне соғыстың тарихнамасы тарих ғылымының барынша жасалған жəне басым бағыттарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы тарихы тақырыбына көптеген ғылыми жұмыстар арналған, оларда халықтың еңбектегі ерліктері, халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы жəне оның Жеңіске қосқан үлесі, майдан қажеті үшін өнім шығару мен өндірістік ұжымдарда жарыстарды ұйымдастырудағы қоғамдық ұйымдар мен партиялық комитеттердің рөлі мəселесі де бар. Қазақстандағы зерттеу жұмыстары өнімді жүргізілген. Бұл салада соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман тарихшылардың еңбектерін қоспағанда, тыл ардагерлері мен соғыс куəгерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің жəне басқа тұлғалардың да жазған еңбектері көптеп кездеседі. Мəселен, 1945 жылдан 1977 жылға дейінгі аралықтың өзінде ғана КСРО көлемінде жалпы таралымы 700 млн. дана болатын 16 мың кітап пен кітапша жарық көрген [1; 7].
2009