Құқық

Қоғамдық қатынастың белгілі даму кезеңінде жерге меншік құқығы тәжірибеде шектелмеген (illimitato) болатын. Оның әрекет ету аймағы жер қабатының ортасына дейін, жер учаскесінің бетінде орналасқан бүкіл аумағына дейін алатын. Римдік заңгерлер, оны: dominus soli est dominus coeli et inferiorum (жерге меншік құқығы бұл аспан мен жер қойнауына құқығы) [1, 9 б.] деп айтатын. Жер учаскесіне деген меншік құқығының мұндай конструкциясы азаматтық айналым қатысушыларын жер қойнауы айналымға енгенге дейін қанағаттандырған болатын. Соған қарамастан, Көне Римде меншік құқығы абсолютті болған емес. Көне Рим құқығында жеке меншік құқығын шектеу қарастырылған болатын, оның мақсаты әртүрлі меншік иелерінің арасында соқтығысты болдырмау болып табылды
2009

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Экологиялық заңдарын жетілдіру мәселелері, оның ішінде рекреациялық табиғатты пайдалану құқығы туралы нормаларды жетілдіру, оларды халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестендіруді талап етеді. Ол үшін бірқатар халықаралық нормативтік құжаттарға назар салу қажет, әсіресе үлгідегі (модельді) заңдарға, себебі нақ солар ғана ұмтылуды мақсат тұтатын идеалдарды танытса керек.
2009

Қазақстанда қылмыстық процестің қылмыстың iс жүргізу сатысы басты институттарының бiрi болып табылады. Аталған инстанция бiрқатар объективтi факторларға байланысты қалыптасады. Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-нiң қабылдануы, оны қолдану тәжірибесінің болмауы, оның жетістіктерін бара-бар бағалаудың мүмкін еместiн. Мұндай факторларға жататын жағдайлар: 1997 жылғы қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-нiң қабылданылып, енгізілуі қылмыстық iс жүргізу мiндеттерiн айқындай түстi.
2009

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге бағытталған шаралар Қазақстанда XVIII-XIX ғасырларда өз ерекшеліктерімен сипатталды. Жерге орналастыру заңнамасының қалыптасуы мен құқықтық реттелуінің ерекшелігін революцияға дейінгі кезең және Кеңес дәуіріндегі кезең деп қарастыруға болады.
2009

Каспий теңізінің су ресурстары қазіргі таңда Каспийдің коммерциялық байлықтарының ішіндегі маұнайдан кейінгі екінші орынды алады. Соңғы жылдары теңіз ортасына лас ағынды сулардың төгілуіне байланысты, тірі табиғаттың экологиялық тепе-теңдігінің нашарлауына және биологиялық сан алуандықтың сақтауына қауіп төндіру секілді жаңа экологиялық мәселе алып келіп отыр.
2009

Түркістан өлкесінде кеңес өкіметінің орнап, оның одан әрі қарай дамуында республиканың Халық Комиссарлары Кеңесінің рөлі ерекше болды. Түркістан республикасының басқару жүйесінде Халық Комиссарлар Кеңесі жоғары атқарушы билік тармағын қалыптастырды. Түркістан республикасы 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені көпшілікке мәлім. Осы уақыт аралығында Халық Комиссарлары Кеңесінің даму тарихын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.
2009

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл (омбудсман) өз құзыры шегінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне келтірілген адамдардың шағымдарын тексеретін тәуелсіз лауазымды тұлға болып табылады. Омбудсманның қызметке тек мемлекет басшысымен тағайындалып, осындай жолмен қызметінің тоқтатылуы, сондай-ақ омбудсман қызметінің толығымен республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуы оның тәуелсіздігінің негізгі кепілі болып табылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес «Ережеде көзделмеген функцияларды Уәкілге жүктеуге ешкімнің құқығы жоқ. Уәкілдің қызметіне қандай да бір заңсыз араласуға жол берілмейді» (5-бап) [1]. Уәкілдің қызметі: заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, объективтілік, жариялылық принциптеріне негізделеді.
2009

“Қазақстан халқы Ассамблеясы” тарихына тоқталатын болсақ, сонау 1992 жылы Қазақстан халықтарының 1-ші форумында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан халықтары Ассамблеясын” құру туралы тың идея ұсынған болатын. Сол идея 1995 жылы 1 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен ел тарихында тұңғыш рет “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” құрылды.
2009

Парламенттің бақылау функциялары белігілі-бір заңиландырылған формаларда іске асады. Парламенттік бақылаудың формалары сандық және сапалық көрсеткіштері тұрғысынан алғанда әр мемлекетте әр түрлі. Бұлай болуы заңды құбылыс, себебі мемлекеттің тұрпаты, әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуындағы ерекшеліктер парламенттік процедураларға тікелей әсер етеді. Керісінше аталған жәйттердегі ұқсастықтар парламенттік бақылаудың формалары туралы ұғымды жинақтауға, жүйелеуге, сұрыптауға мүмкіндік береді және мұндай логикалық операциялардың практикалық маңызы жоғары.
2009

Прецедент дегеніміз – осыған ұқсас, келесі болатын жағдайларға үлгі боларлық жағдай. Яғни, өткен нәрсеге ұқсас нәрсені табу [1, 573]. Ал сот прецеденті (латын тілінен аударғанда ргаесеdens, praecedentis – алдында болған) – нақты істер бойынша сот арқылы қабылданған шешімдер. Оның негізі көрсетілген істерді талқылау барысында барлық немесе төменгі инстанциядағы соттарға үлгі ретінде міндетті болып табылады.
2009

«Құқықтың қайнар көзі» ұғымы тек мемлекет және құқық теориясымен ғана зерттеліп қоймай, сонымен қатар құқық шығармашылық, құқықты қолдану, құқықты жүзеге асыру сияқты мемлекеттің тәжірибелік қызметіне қатысты болғандықтан, құқықтың қайнар көзі мәселелері құқықтық ғылымда едәуір қызығушылық тудырады. Сондықтан құқықтың қайнар көздерін жете қарастырып зерттеу, оларға ғылыми талдау жасау қазіргі құқықтық мемлекет қалыптастыру кезеңіндегі қажеттілік.
2009

Ноғай Ордасы өз кезінде дәуірлеген, дамыған көшпелі мемлекеттердің бірі болып табылады. Ноғай Ордасы да мемлекеттік басқару жүйесінің дамыған қоғам талабына сәйкес құрылымдарын өмірге әкелді. Ноғай ордасындағы сондай ерекше жоғарғы басқару органдарының қатарына Ноғай Ордасының кеңестері жатады. Біз бұл жерде Ноғай Ордасындағы кеңестер деп атауымыздың себебі, Ноғай Ордасында кеңестердің бірнеше нысандары өмір сүрген болатын.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.