Құқық

Қазақ халқы өзінің көне дәуірлерден басталатын тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық, әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршіліктен бас көтерген кездерде бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бір-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркіндікті, бостандықты жоқ қылып жатқан кездің өзінде- ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, теңдік, бостандық, әділеттік, адамгершілік секілді категорияларды ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп  алып барып, өмір сүріп жатты. Бұл дәріптеу емес шындық.
2009

 Қаржылық бақылауды жүзеге асыру мемлекеттік органдармен ұйымдастырылады. Қаржылық бақылаудың негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясынан бастау алады. Мұнда Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, мәслихаттардың бақылау функциялары туралы айтылған. Қазақстан Республикасының Конституциясында қаржылық бақылаудың негізгі нормалары мен принициптері орын алады. Мысалы, құқықтық мемлекетті құру туралы қағиданы қаржылық бақылаумен де байланыстыруға болады. Парламент республикалық бюджеттi бекiтеді және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi деп Ата Заңда жазылған [1.54-бап].
2009

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қызметін жетілдіру арқылы ауылды, селоны дамыту қажеттілігі жер реформалары арқылы жүзеге асырылды. Жер реформасының басты мақсаты жер учаскелерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалану мүмкіндігін кеңейту еді. Осы тұрғыда, қазақстанда жер құқық қатынастары нарық заңдылықтарына бейімделе бастады. Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жер мемлекеттік меншікте, сонымен қатар, жеке меншікте болады деп көрсетіліп, алғаш рет жерге меншік құқығы бекітілген болатын[1]. Жерге меншік құқығы жер қатынастарын реттейтін арнайы жер туралы Жарлықта, жер туралы Заңда баяндалып, Жер туралы кодекстің қабылдануына негіз болды.
2009

Интеллектуалды талдаудың әрқайсымызға таныс көрінетінін атап өткім келеді, ал кейбіреулер оны өте жай түсінік деп есептейді. Мұндай ойлардың қалыптасу себебі, күн сайын біз түсініп немесе түсінбей кең көлемде әртүрлі шешім қабылдаймыз, яғни біз талдаудың қызметін атқарып және ақпаратты өңдейміз. Егер мәселе өте маңызды қатысты және өте мәнді немесе құнды болса, шешім қабылдау айтарлықтай қиынға түседі. Осындай жағдайларда талдау әдісіне сүйеніп, тек кәсіби қызметте ғана емес өмірлік жағдайларда да тиімді. Одан басқа бұл процесс әрдайым үздіксіз  даму негізінде болды  және ары қарай дамуда. Әлеуметтік мәдени факторлардың өзгерісін жаңа техникалық жетістіктерге жете отырып ұйымдастыру қажеттігін өзгерту, талдаушылардың барлық шеберлігінің өсуін көрсетеді.
2009

Сот талқылауында іс бойынша барлық дәлелдер тікелей зерттелуге тиіс. Сот сотталушы адамның, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарын тыңдауы, сарапшылардың қорытындыларын жария етуі және зерттеуі, заттай дәлелдемелерді тексеруі, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуы, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де көзделген жағдайларды қоспағанда, дәлелдемелерді зерттеу жөнінде басқа да сот іс-әрекеттерінін жүргізуі тиіс.
2009

Шынында да, күннен - күнге алға қарай қадам басып, дамып отырған қоғамда жат қылықтың орын алып, көбейіп келе жатқандығы баршаға мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  өзінің  2007  жылы  28  ақпанда  Қазақстан  халқына  арнаған жолдауында «Мемлекет те, қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейді. Қоғам қаншалықты мейірбанды, адамгершілігі болса да, қылмыстық іс-қимылға, әсіресе, жоғарыда аталған адамдардың қылмыстық әрекетіне жайбарақат қарап отыра алмайды, қайта оларға қатысты мемлекеттік  мәжбүрлеудің ең қатал шараларын қолдануы тиіс» , - деп, қылмыстың алдын-алу шараларының маңызына тоқтала кеткен болатын.
2009

Өзінің құқықтық табиғатында жәбірленушінің жауап беруі куәгердің жауап беруіне өте жақын келеді. Куәгердің жауап беруі тәрізді, оның да азаматтың өзіне белгілі болған іске байланысты дерек пен іс-әрекет туралы ауызша түрде заңмен белгіленген процессуалдық тәртіпте тергеу мекемесіне, тергеушіге, прокурорға немесе сотқа жауап береді және жәбірленушінің жауап беруі, оның өкілі адвокаттың қатысуымен болғаны дұрыс. Себебі, жәбірленуші өзі таңдаған сенімді өкілінің көзінше өзін еркін сезініп, шындықты айтуға ұмтылады.
2009

Құқық теориясының, оның ішінде еңбек құқығы теориясының қазіргі даму деңгейінде құқық қағидасына деген жалпы, өзара келісілген, бір ортақ көзқарас әлі де қалыптаспаған. Кездесетін тұжырымдамаларды негізгі үш топқа бөлуге болады: біріншілері, құқық қағидасының құқық нормаларында белгіленгеніне немесе белгіленбегеніне қарамастан негізгі бастапқы идея болып қала береді дейді[1]. Екіншілері, құқық қағидасының идея арқылы анықталуына, белгіленуіне қарсы екенін білдіреді[2]. Ал үшінші топ зерттеушілерінің көзқарасына сәйкес, құқық қағидасы – бұл қоғамдық қатынастарды реттеудің жалпы бағыты мен мазмұнын анықтайтын, заңнамада бекітілген негізгі бастама, идея[3].
2009

Талап және онымен байланысты талапқа құқық ұғымдары азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында  ең  күрделі ұғымдардың  бірі болып  саналады.  «Талап» рим  құқығында белгілі болған «actio» терминінен шыққан, латын тіліндегі бұдан өзге атауы – «petitio». Орыс тілінде «иск» деген терминмен белгіленген. Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша әдебиеттерде талаптың түсінігіне қатысты әртүрлі көзқарастар айтылады және олар белгілі бір дәрежеде осы құқық саласындағы ғалымдардың әртүрлі топтарының ой - пікірлерін, ұстанымдарын білдіреді.
2009

Қазақстан Республикасының 13 шілде 1999 жылы қабылданған азаматтық іс жүргізу кодексінің екінші тарауында азаматтық іс жүргізудің міндеттері мен қағидалары көрініс тапқан болатын. Азаматтық іс жүргізудің негізгі қағидаларының қатарына заңдылық қағидасы жатады. Заңдылық қағидасы аталған кодекстің 6 - бабында былай деп көрсетілген: “Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме - дәл сақтауға міндетті, соттардың, адам мен азаматтың конституцияда баянды етілген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ.
2009

Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілді билік органы ретіндегі ерекшелігіне келетін болсақ, Парламенттің өкілді сипаты негізінен, оның тұтастай қызметінен көрінеді. Конституция талабына сәйкес, Парламенттің негізгі қызметі заң шығару екендігі бізге белгілі. Қазақстан Рсепубликасы Конституциясының 40-бабында Парламент заң шығару және өкілді орган екендігі белгіленген. Парламенттің өкілді орган ретіндегі қызметін осы нормадан алады.
2009

Қазіргі азамат өркениетінің алдыңғы қатарлы құндылықтарының және әлемдік саяси ойдың даму сатылары мен бүгінгі бағыттарын білу қазақ жұртшылығына аса қажет. Қазіргі таңда мемлекеттің өзі түбірлі, күрделі өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына сот жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары. Демек, Қазақстан Республикасындағы сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады,» - деп Ата заңымызда бекітілген. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев Судьялардың IV съезінде сөйлеген сөзінде сот - құқықтық реформа «сот жүйесінің тиімділігіне байланысты түбегейлі проблемаларды шешуді көздейді, бұл мемлекеттің әрі қоғамның басты назарында болуы керек деп атап көрсеткен».
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.