Құқық

Махамбет Өтемісұлы қазақ тарихында белді орын алатын дарын иесі: ақын, қоғам қайраткері, халықтың мұңын жоқтаған ойшыл, ұлттың азаттығын аңсаған батыр. Ол туралы «… его стихи звали к борьбе против алчных ханов, султанов, обиравших народ, как волчьи стаи» [1, 58 б.] деп жазылған да болатын. Махамбеттің саяси-құқықтық ойлары Бөкей ордасында болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістермен тығыз байланысты туындағаны хақ. Жәңгір хан реформалары қарапайым халыққа оңай тимеді. Жердің жеке меншікке үлестіріліп берілуі, жаңа феодалдық қатынастардың орнығуы халықтың тұрмысын ауырлатты. Бұл жағдайда жастайынан либералды ойларымен белгілі ақын ондай мәселелерге жәй қарап тұра алмады. «В период восстания казахских шаруа Внутренней (Букеевской) орды интересы народа совпадали с интересами старшин, возглавляемых Исатаем и Махамбетом, так как борьба была направлена против высшей феодальной знати (ханов, султанов)» [2, 87 б.].
2015

Құқықтық мемлекеттің теориясы заңның үстемдігі мен оның әлеуметтік өмірді реттеуші ретінде тануға негізделеді. Бұл рөл заңға жай ғана құрметтен гөрі маңыздырақ және жанжақты. Адамдардың заңға қатысты қатынасы қандай болса да, соңғысы олар үшін кез келген істің бастауы болып табылады. Бұл заңның түрлі құқықтық қатынастардың барлығына түрлі жағдайлар мен реттеу ережелерін қоятындықтан ғана емес, ол рұқсат береді және бермейді, осы арқылы «жалпы ойынның ережелерін» жасақтайды.
2015

Тарихы 1801 жылдан бастау алатын Бөкей ордасы өзіндік орны бар, маңызды саяси құрылым болды. Хандық негізін қалаушы Бөкей хан Еділ мен Жайық аралығындағы шүйгін жерлерді халық шаруашылығы үшін пайдалануды көздеді. Бөкей ордасы Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында белді орын алды. Бөкейден кейін Жәңгір 1824 ж. ортасында император І Александрдың арнайы жарлығына сәйкес хандық билікке ие болды. Ол Ресей империясымен тығыз қатынастар құра отырып, бірқатар прогрессивті реформаларға жол ашады. «Жәңгір хан билігін кеңейтіп, Ордадағы басқару жүйесін орталықтандыру арқылы далалық хан билігін күшейтуде Ресей самодержавиелік басқару үлгісін ұстанды» [1, 109 б.].
2015

XX ғасырдың басы қазақ үшін өте ауыр кезең болды. Себебі қазақтың мемлекеттілігі, елдігі таразы басына түскен қилы заман XX ғасырдың басында саяси-құқықтық өмірде шынайы сезілгенін баршамыз жақсы білеміз.
2015

Қоғамды жүйелік-құрылымдық жағынан қайта жасақтау жағдайында кезек күттірмейтін мәселе – азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, сонымен қатар заң шығару қызметін жаңғырту мен жетілдіруде құқықтың жаңашыл рөлін айқындау. Осы ретте Қазақстандағы қайта жасақтау, жалпыға ортақ әрі тиімді заң шығару қызметімен қамтамасыз еткенде ғана алға жылжуы мүмкін. Заң шығарушының қоғам алдындағы рөлі құқықты жүзеге асырушы нақты актілердің қызметімен немесе заң шығару қызметімен шектелмейді, сонымен қатар ең жоғары деңгейдегі қоғамға ықпал ету арқылы танылады. Құқықтық мәдениет, ол да мәдениеттің басқа салалары секілді ұдайы бағаланып отырады.
2015

Құқықтық сана дегеніміз қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Құқықтық сананы ғалымдар Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева былай деп тұжырымдайды: «Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға, құқықтық сезімдердің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі» [1].
2015

Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің қауіп-қатердің алдын-алу бойынша міндеттерді шешуде маңызды орынға ие және қылмыстылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріндегі жағдай, біздің мемлекетіміздегі ұлттық қауіпсіздіктің жалпы жағдайына тікелей ықпал етеді. Қоғам мен тұлғаның мүдделерінің қауіпсіздігін, қылмыстықатқару жүйесінің мекемелеріне барып тұратын тұлғалар мен сотталғандардың қауіпсіздігін, түзету мекемелерінің қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері орындалады.
2015

Сот құрылысында барлық деңгейдегі судьялар айрықша орын алады, өйткені судья – бұл Қазақстан Республикасындағы сот билігінің өкілі. Ол конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде орындау өкілеттіктеріне ие. Обьективті және байыпты сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында судьяларға белгілі бір талаптар қойылады.
2015

Автокөлік тарихының басталғанына бірнеше ғасыр болғанына қарамастан, автокөлік индустриясының даму қарқыны жыл сайын өсуде. Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Бұл үдеріс біздің елімізде де байқалады. 1991 жылы Қазақстанда жалпы алғанда 1,4 млн.-ға жуық автомобиль, соның ішінде 372 мың жүк автомобилі, 54 мың автобус, 849 мың жеңіл және 119 мың арнайы автомобиль болды [1]. 20 жыл өткеннен кейін жолдағы шетелдік өндірістегі жоғары жылдамдықты көліктер қатары көбейіп, ол 3553,8 млн. құрады [2]. Барлық көлік құралдарын пайдалану арқылы жүк тасымалы 2011 ж. 2974,9 млн. тонна болса, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 22% тоннаға артық.
2015

Қылмыстық іске араласқаннан кейін адвокат өзінің қорғау жоспарларын құрып, содан кейін тергеу процесінің кез келген сатысынан тыс қалмауға тырысады. Адвокат өзінен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегін көрсетіп, құқығын қалпына келтіруі тиіс. Осындай міндеттерін орындауға өз жоспарын қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жәй, күрделі, қысқа, ұзақ болуы мүмкін. Адвокат алдын ала тергеу сатысында айып тағылған, не адам сезікті деп танылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі. 
2015

Бас бостандығынан айыру орындарында тыйым салу құралдарына қатысты халықаралық құқық нормаларын талдауда адамдардың құқықтарын сақтаудың жалпы мәселесін қозғамауға болмайды.
2015

Ұлттық құқықтық жүйеміздің қалыптасуына байланысты қоғамда қалыптасқан саяси, экономикалық, қылмыстық қатынастарды реттеуде жаңа заңнамаларды қабылдау қажеттілігі айқындалды. Осы мәселелерді шешу үшін көптеген заңдарды қабылдап, қолданысқа енгізу осы қажеттілікті қанағаттандыру тұрғысынан қажет еді. Тәуелсіздік алғаннан соң елімізде қалыптасқан ауыр криминогендік жағдай, қылмыстың өршуі, сыбайлас жемқорлықтың ерекше қарқынмен дамуы – экономикалық дамуды кенжелетіп қана қоймай, мемлекеттің халықаралық қауымдастықтағы саяси беделінің дұрыс дәрежеде қалыптаспауына да әсер еткендігі ақиқат. Елбасы Н. Назарбаевтың қылмысқа қарсы күресте табанды позицияны ұстануы бірінші кезекте қылмыстың ауыздықталуына, сонымен қатар экономикалық өсуді бірқалыпты деңгейге қоюға қол жеткізгендігін қамтамасыз еткендігін айта кету керек. Қылмыстық саясат – бұл арнайы белгі мен айрықша реттеу тәсіліне ие, ерекше қауіпті қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін мемлекеттің саясатының заңды бөлігі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен салдарында әлеуметтік-саяси саланың дұрыс дамымауының белгілері бар.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.