Құқық

Қазіргі әлемде орын алып отырған жағдайлар мен ішкі мемлекеттік жағдайлар Қазақстанның қауіпсіздік мәселелеріне басқаша қарауға міндеттейді. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері сыртқы саясат, қорғаныс, саяси тұрақтылық сұрақтары, әлеуметтік экономикалық дағдарысты құбылыстар, экологиялық және техногенді апаттар, мемлекет ішіндегі және жақын шетелдегі әлеуметтік, демографиялық, этносаралық мәселелер, қылмыс деңгейінің өсуі, есірткі саудасының ұлғаюы сияқты жаңаша қауіп қатерлермен қиындай түсті деуге болады.
2015

Қазақ хандығының қалыптасып, күшею кезеңінде дала демократиясының өкілдері белді орын алды. Жыраулардың зор әлеуметтік күшке айналуы, олардың кейде билер қызметін атқаруы қоғамның билеуші осы екі тобының арасында қайшылық туғызбауы екіталай еді. Хандықтың күшеюі билікті орталықтандыру тенденциясы болуымен бірге, саяси аренаға Жиембет секілді халық қамын ойлайтын тұлғаны шығаруы да заңдылық еді.
2015

Қазіргі айтылып та, жазылып та жүрген құқықтық мемлекет тек әділеттіліктің белгісі болып қана қоймай, сонымен бірге жеке тұлғаның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократиялық үлгідегі жаңаша мемлекет қалыптастыру. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Сонымен құқықтық мемлекет туралы ойларды қорыта келіп, оның негізгі мазмұны – халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары үстемдік етуі керек. Ондай мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші адам, қалың бұқара. Сондықтан құқықтық мемлекетке толығымен жету үшін, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыруы қажет. Ежелгі заманның тарихи деректері бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ, үйсін, ғұн және қаңлы тайпалары екенін көрсетеді.
2015

Медиацияны зерттеу кезінде Австралияның барлық алты штаты арасынан ең үлкен қызығушылықты Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты танытты. Бұл штат барлығынан бұрын тәжірибеге соттық және жеке медиацияны ендіре және қолдана бастады. Жаңа Оңтүстік Уэльстің Жоғарғы сотының актілері және он жылдықтар бойына қалыптасқан тәжірибе ерекше қызығушылық білдіреді. Жаңа Оңтүстік Уэльстің Жоғарғы Сотындағы азаматтық юрисдикция жағдайларының нақты түрлері медиация үшін қажетсіз болып табылмаған. Бірақ, бір немесе екі тараптың заңды өкілдері болмаған жағдайда мағыналы қиындықтар туындайды. Ал егер де бір тараптың ғана заңды өкілі болмай қалса одан да үлкен қиындықтар пайда болады. Мұндай жағдайларда істер медиацияға сәйкес келмейді деп пайымдауға болады. Жаңа Оңтүстік Уэльстің Жоғарғы Сотындағы жағдайлардың бір санаты міндетті сотқа дейінгі медиация үшін жарамды деп танылды [2]. Бұл мұра қалдырушылардың мүлкінен үлкен үлесті бөлу туралы өсиетхат және өтініштерге қатысты жағдайлар
2015

Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан кейін ДСҰ) «Дауды шешу уағдаластығының» (бұдан кейін ДШУ) негізгі маңызы мүше мемлекеттер арасындағы дауды ДСҰ келісімдеріне сәйкес шешу болып табылады (ДШУ 3.7 бабы). Дау туындаған жағдайда тараптар консультацияға сүйеніп, даудың реттелуі жайлы келіссөздер жүргізуі қажет. Бұл саты тараптарға сот процесіне жүгінбей, өзара тиімді шешімге келуге мүмкіндік береді. ДШУ 3.7 бабы бойынша келіссөздер нәтижесінде қол жеткізген өзара оңтайлы шешімдер ең қолайлы нәтиже болып табылады. ДСҰ-ның Бас директоры (1999-2002 жж. аралығында) Майк Мурдың пікірінше, дауды реттеу ең басты ұстаным болып табылады [1]. Бұл жүйесіз халықаралық құқықтар мен міндеттемелердің теңгерімін сақтау іс жүзінде мүмкін болмас еді [1]. Себебі онсыз даулар ұзаққа созылып, халықаралық сауда тұрақсызданып, халықаралық қатынастар ушығуы мүмкін.
2015

Эвтаназия мәселесі бүгінгі таңда әлі де шешімін таппаған медициналық-деонтологиялық, діни-этикалық және заң жағынан даулы мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты заңгерлер, философтар, әлеуметтанушылар, дәрігерлер, саясаттанушылар және дінтанушылар арасында дау мәселесі ұлғаюда. Біреулері өмір қадірлі және оған қол сұғылмауы тиіс дейді. Өмір мәнсіз, мағынасыз дүниеге айналмауы тиіс деп өзгелері қарсылық білдіруде. Бұл даудың негізгі себебі құқықтық тыйым салу мен рұқсат ету.
2009

Соттың, қорғау тарабы мен айыптау тарабының қылмыстық іс жүргізудің қазіргі заманғы теориясындағы орны осы уақытқа дейін даулы болып отыр. Қарастырылып отырған мәселенің мәні жарыспалы қылмыстық сот процесінде сот, тараптар белсенділік танытуы қажет пе, ал егер қажет болса онда ол қандай қызмет түріне ие болуы керек екендігінде.
2015

Заң әдебиеттерінде жанама дәлелдемелердің тікелей дәледемелерден ажыратудың бір белгісі ретінде жанама дәлелдемелерге қарағанда тікелей дәледемелер дәлелденетін мән-жайлардың кең шеңберін анықтайтындығы жөнінде көзқарастар айтылған. Мұндай пікірлер тек сыртқы белгілерге ғана негізделген: дәлелдеу пәніне кіретін жекелеген фактілер егер тікелей дәлелдеменің шынайылығы күмән тудырмайтын болса бір ғана тікелей дәлелдемемен анықталуы мүмкін; осы фактіні жанама дәлелдемелер арқылы дәлелдеу үшін жанама дәлелдемелердің жиынтығы қажет. Сыртқы белгілеріне қарай, шынында да, жанама дәлелдемелер тікелей дәлелдемелерге қарағанда дәлелденетін мән-жайлардың аз ғана көлемін анықтайды: бір фактіні анықтауда бір ғана тікелей дәлелдеменің орнына бірнеше жанама дәлелдемелер қолданылады. Шын мәнінде бір жанама дәлелдеме дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайлардың ешқайсысын да сөзсіз анықтай алмайды. Бұл мақсатқа жету айғақтар жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады.
2015

Ақпарат қазіргі қоғам өмірінің алғашқы негізі, қоғам қызметінің нәтижесі мен өнімі болып табылады. Ақпаратты құру, жинақтау, сақтау, беру және өңдеу оны өндіру құралдары: электронды есептеу техникасы, телекоммуникация құралдары мен байланыс жүйесі аясындағы үдерісті ынталандырады. Осы аталғандардың барлығы адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпараттық үдерістерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылатын, жаңа ақпараттық технологиялардың анықтамасының ауқымды ұғымына кіреді. Яғни, ақпарат қоғамдық қатынастардың өніміне айнала отырып, тауар қасиетіне ие болып, сатып алу сатудың заты ретінде қарастырылады.
2015

Қазақстан Республикасының Конституциясы заңнамалық негізде адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазынасы ретінде бекітті [1, 4 б.]. Қоғамның ілгерілемелі дамуының және тұрақты өмір сүруінің, қазақстандық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен лайықты шарттарын құрудың конституциялық шарты болып құқықбұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу, қылмыстылықпен күресу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету танылады. Осының барлығы мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің міндеттерін қайта қарауға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қорғаушылық және құқықты қалпына келтірушілікті жүзеге асыру бағытында құқық қорғау органдарының рөлін концептуалды өзгертудің қажеттілігіне әкеліп соқты.
2015

«Жасыл экономика» ұғымы салыстырмалы түрде беріде пайда болды. Алайда бұл бағыт постиндустриялық әлемдік шаруашылықтағы негізгі трендтердің бірі болып табылады. ЮНЕП (United Nations Environment Programme – БҰҰ Бас Ассамблеясының 15.12.1972 ж. № 2997 резолюциясы негізінде құрылған БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі Бағдарламасы) баяндамасында берілген анықтамаға сәйкес «жасыл экономика» – бұл халықтың әл-ауқатын көтеретін және әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ететін экономика [1].
2015

Компьютер сауаттылығымен қатар, ғаламтордың дамуы адами белсендiлiктiң әртүрлi салаларында плагиаттың енуiне мүмкiндiк туғызады: плагиат бiлiмде өткiр мәселе болып, өнеркәсiп және ғылыми қоғамдастықта да өршіп тұр. Плагиат (лат. plaqіo – ұрлау, ұрлық) – басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану [1].
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.